күң ұстау немесе қолға түскен әскери тұтқындарды құл, күң
есебінде сату бар болатын. Сондай-ақ бұл сөздерде құл сөзінің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
56
құдайдың құлы тәрізді ауыспалы мәнде қолданылуы да орын
алады.
Экономикалық жағынан тәуелді топтардың бұл кезде
кездесетін атаулары – кедей, жарлы, байғұс. Бұл үшеуі де мағына
жағынан дифференцияланбаған, синоним сөздер. Үстем таптарды
бейнелейтін бай, бек, би, батыр сөздері ХVІІІ ғ. ақындарында да
бар. Бұлардың соңғысы (батыр) ХІХ ғ. екінші жартысындағыдай
емес, өзінің тура мағынасында да, жалпы билеуші үстем таптың
атауы ретінде де жұмсалғаны көрінеді. Бек сөзі бұл кезде
сиректеу ұшырасады. Онда да белгілі бір әлеуметтік топты
білдіруден гөрі «жалпы ел билеуші, хан» деген жалпы ұғым
атауы сияқты. Абылай-ау, Абылай, Момынға келіп бек болдың
(Бұқар).
Әңгіме етіп отырған әдебиетте жиі қолданылатын әлеуметтік
лексикаға жататын сөздердің бірі – алаш. Бұл сөздің о бастағы
(ауыз әдебиетіндегі) мағынасы – «халық, қазақ халқы».
Бұл хабарды Әзімбай
Алашқа тегіс жүргізді («Қамбар»).
Оның тұрақты эпитеттері де бар: он сан алаш, алты алаш.
Бұқар шығармаларында да алаш сөзі негізінен осы көрсетілген
мағынада қолданылған:
Он сан алаш баласын,
Аузыңа құдай қаратып.
Сонымен қатар бұл сөздің қазақ тілінде «жау, өзге жұрт»
деген де мәнде қолданылғандығы байқалады:
Өзіңмен бірге туысқан
Алаштан бетер жат болар (Бұқар).
Алаш сөзінің жақын синонимдері ретінде жұрт, халық, үш
жүздің баласы деген жеке сөздер мен тіркестер де кездеседі.
Бұлардан басқа Бұқар өлеңдерінде азаткер (құл сөзінің
антиподы. Мысалы: Бір көшеге сыймайды Азаткер де құлыңыз,
қызметкер – «жалшы» мағынасында. Әбілмәмбет патшаға
қызметкер болып тұр едің), бикеш (Байлар қызы бикештер),
шора (Байлар ұғлы шоралар) сөздері кездеседі. Сірә, бұл сөздер
Бұхардың өзінің туындылары болуы да ықтимал, өйткені
бұларды (оқта-текте қызметкер сөзі болмаса) Бұқар тұстас
ақындар шығармаларынан кездестіре бермейміз.
ХVІІІ ғ. екінші жартысында қазақ даласында сауда-саттық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
57
жандана түскенімен, сол тұстағы әдеби тілдік материалдарда осы
салаға қатысты жеке сөздер мен тіркестер ұшырайды (саудагер,
біреудің хақын жеу т.б.). Бұл кезде ақшаға, әр алуан өлшемдерге,
сауда-саттық бұйымдарына байланысты сөздер халықтың сөйлеу
тілінде орын алғаны сөзсіз, бірақ ол кездегі ақындар
шығармашылығындағы тақырыптың тарлығы мен мұраларының
аз сақталғандығынан, олардың әдеби тілдегі көрінісін көрсету өте
қиын.
Бұл кезде егіншілік кәсібі, отырықшылық там-тұмдап пайда
бола бастағанымен, Абылай сарайының маңында жасап өткен
ақындар тілінде бұл салаға қатысты лексика-фразеологиялық
қабат кездеспейді. Мұның да бір себебі жоғарыдағы
жағдайлармен байланысты болса керек. Керісінше, қоғам
өмірінің бұл екі саласы да ХVІІІ ғ. ақындарының тілінен гөрі
халықтық жырларда көбірек ұшырайды: Қара қасқа тұлпарға
арпа–бидай асатты («Қамбар»); Ішкендерін сұрасаң, шекер
менен шай болған (сонда). Сондай-ақ «Қыз Жібек» жырынан қара
нан, сексен аршын, қант пен шай, пұл, диқан сөздерін, деміне нан
пісу сияқты тіркестерді, «Айман–Шолпан» жырынан баға – бұл,
қант – шай, тоқаш т.б. кездестіреміз. Бұл құбылыс негізінен ХІХ
ғ. әсері. Өйткені осы жырлардың біздің қолымызға тиген
варианттары – ХІХ ғасырда жырланғандар, ал бұл кезде қазақ
тілінде сауда-саттық пен егіншілікке байланысты сөздер едәуір
орын алған болатын. Тарихи лексиканың келесі бір тобы – сот,
әкімшілік құрылысына қатысты сөздер. ХVІІІ ғ. қазақ әдебиеті
тілінен бұларды да аз табамыз. Билік системасы хандық
болғандықтан, көбінесе хан, ханзада, төре сөздері ғана бар. Ал
Бұқарда бірер жерде кездесетін патша сөзін орыс патшасы
мағынасында емес, қазақ хандарының бірі Әбілмәмбетке қарата,
хан дегеннің синонимі ретінде қолданады, ал ханның синонимі
кейде төре сөзі болып кетеді. Өйткені бір жерде «Әбілмәмбет
патшаға қызметкер болып тұр едің» болып келсе, екінші жерде
«Арқада Әбілмәмбет төренің түйесін баққан құл едің» дейді.
Билеуші, өктем топтардың атауларынан бай, қожа деген
сөздер ғана ұшырасады. Өзге әкімшілік инстанциялары, олардың
басындағы адамдардың атаулары жоқ. Сот, билікке қатысты
сөздер де шағын, олар: би, дау, төре (төрелік бер мағынасында).
Төрде отырған қарт бабаң, Төресінен жаңылар малдан соң
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
58
(Бұқар), пара сөздері. Бірер жерде ғана қазыға салу (қазы) сөзі
Бұқарда кездеседі, бірақ оның мұсылманның діни заңы –
шариғатпен төрелік айтатын адам деген терминдік мәнде емес,
«әділдігін, түзулігін айту» мағынасын береді. Бұл кезде әлі сот,
судья сөздері жоқ. Осы күнгі заңға қатысты сөздердің бірі – арыз
ХVІІІ ғ. әдебиетінде де, ауыз әдебиетінде де бар, бірақ бұл әділет
орнына берілетін арыз деген мәнде емес, жалпы кімге де болса
айтатын шағым, өтініш деген мағынада:
Арызға келді балаңыз
Рұхсат бата бер ата («Қыз Жібек»).
Халық ауыз әдебиетінде де сот-билік саласындағы сөздердің
саны мен түрі осылар ғана ( би, билік, төрелік, дау, арыз).
Фольклорлық шығармалар тілінде де, ХVІІІ ғ. ақындарының
тілінде де қазақтың төл сөздерінің ішінде оқу-ағартуға қатысты
сөздер жоққа тән. Бұлардағы оқу-білім саласын қамтитын сөздер
бірен-саран араб-парсы сөздері ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |