Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

ғарызахуал, ғарызхал деп берген, тіпті олардың өзіне тән 
всеподданейшее, всенизайшее тәріздес эпитеттердің де баламасы 
сияқты 
сөздер 
қолданылған: 
табиғна 
ғарызнаме 
- 
всеподданейшее прошение. Бірдеңені білдіру үшін жазылған 
қағаздар (донесение, уведомление) иғлам наме деп аталған. 
Бұлардан басқа хат (письмо) деген термин осы күнгідей хат 
түрінде әлі қалыптасып болмағаны байқалады. Мұның мағынасы 
жоғарғы документтерде үш-төрт сөзбен берілген: мәктәбә, 
күтәбту, китәб және хат. Әкімшілік орындарының түрліше 
бұйрық-жарлықтары (повеления, приказы, указы) ярлұқ, әмір 
ярлұқ, фарман түрінде кездеседі, қазақша бұйрық сөзі әлі жоқ. 
Мұның біріншісі түркі тілдерінде ежелден келе жатқан ярұқ-
ярлұқ-жарығ (жеті жарғы), жарлық сөзі де, екіншісі осы 
мағынаны білдіретін араб сөзі, бұл көбінесе хан, сұлтан, қазылар 
тарапынан берілетін указ дегенге сай келеді. Фарман сөзі пәрмен 
түрінде халық тіліне де енсе керек: Патшадан пәрмен болған соң 
(«Қамбар»), бұл сөзді Н.И.Ильминский де сөздігіне (1861) 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


67 
пәрмен-повеление деп енгізген
21

Кейбір әлеуметтік-әскери терминдерді араб-парсы сөздері 
арқылы білдіріп, бір ізді қолдану тенденциясы бар. Мысалы, 
қазақтың хан-сұлтандары мен патша үкіметінің жергілікті 
администрациясына қарсы әрекет етушілерге харамилер 
(разбойники) деген ат қалыптастырған. Бұл сөзді осы мағынада 
бірнеше документтен табамыз. Жазбаларда «көпшілік халық» 
дегенді білдіретін бірнеше сөз қолданылған: иұрт, халық, қара 
халық, ел (ауыл мағынасында), жамағат. Мұндағы иұрт – 
этникалық тұтастық ретінде біріккен топ мағынасында
жұмсалғанға ұқсайды: қырғыз-қазақ иұрты, күллі иұртымыздың 
жамағатлары т.т. «Жамағат» сөзі община дегенге дәл келеді. 
Билеуші топтың антиподы ретінде қара халық (простой народ) 
дегенді қолданылған. Осындай терминделген сөздердің қатарына 
харакат-поведение, поступки, ғаскер (кейде ласкер)-войско, 
саудагер-купец, мал-товар, шабуыл-набеги, елші-посланец, 
депутат, 
сахара-степь, 
баж-налог, мехкеме-учреждение, 
бастық, 
хакім-начальник, 
тұтқын-пленные, 
астрахат-
спокойство, қияпат-предательство сөздері жатады. Бұлардың 
көпшілігі араб-парсы сөздері болса, елші, мал, кеңес, бастық, 
тұтқын дегендер – түркі сөздері.
Қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты 
көптеген жаң ұғымдарды атау қажеттігі туады, бұлардың да 
бірқатарына араб-парсы сөздері алынып, тұрақтана бастағаны 
байқалады. Мысалы, подданство, подданый деген ұғымдар 
рағаятлік, рағаят сөздерімен беріліп отырған. Сондай-ақ патша 
үкіметі тарапынан салынған пограничная линия, қала атаулары да 
шама келгенше аударылып аталған. Мәселен, жоғарыдағы 
пограничная линияны барлық документтерде де сархад деп беріп 
отырған. Ал кішкене қаланы (городок) қала, кәдімгі үлкен қаланы 
(город) шаһар, крепосты бірде қала (Ор қаласы – Орская 
крепость) деп, бірде крепос, крепиш деп орысша атаған. Форпост 
аударылмай форбос түрінде қолданылған.
Өткен ғасырлардағы кеңсе-қатынас қағаздары тілінің 
лексикалық құрамындағы тағы бір ерекшелік, жоғарыда 
21
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1987. 

Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


68 
көрсетілгендей, тек зат, құбылыс, атаулары ғана емес, түрліше 
көңіл-күй, амал-әрекетті білдіретін сын есім, үстеу, етістіктердің 
бірқатары жат тілдік (араб-парсы) сөздермен берілгендігінде: 
атақ-единодушно, ғаяндур-аян, бәңә асыд болынды-мною 
получено, махзун қылдыңыз-огорчили меня, ғадаулік қылу-
действовать враждебно, офат олынды-скончался. Мұндай 
етістіктер көбінесе аналитикалық жолмен негізгісі араб-иран сөзі, 
көмекшісі түркі етістігі арқылы жасалған. Кеңсе қағаздары 
тіліндегі лексикалық ерекшеліктің бірі – ондағы көптеген 
номинативтік атаулар мен сын-амал, іс-әрекетті білдіретін 
сөздердің араб-парсы элементтері болып келетіндігінде. 
Сөз жоқ, бұлардың лексикасының негізгісі – түркі 
элементтері Бұлардағы түркі тіліндік лексика негізінен сол 
кездегі қазақтың жалпыхалықтық тілі мен көркем әдебиет тілінікі
(ауыз әдебиеті мен ақындар шығармалары) емес, басым көпшілігі 
орта азиялық әдеби тіл (шағатай) мен татар тілдерінікі. Мысалы, 
қазақша е етістігі ербол етістігі ол түрінде оғыз тілдеріндегінше 
берілген: хайран олдым (болдым), иазған ердім (едім), кіріфтар 
олынмыш, ада қылу, үшбу, иүздендіру (отвернутся), ұғланларым, 
өфкә (өкпе), дост кібік (сияқты). Сонымен қатар таза қазақ тілі 
элементтері мүлде жоқ деп айтуға және де болмайтын тәрізді. 
Мұндағы біраз жеке сөздер мен сөз тіркестері татарша-
шағатайша орфографиямен жазылғаны болмаса, қазақ тіліне тән 
немесе ортақ элементтер. Мысалы, йұрт, кіші жүз, ақсақал, қара 
халық болып, төре, шабуыл, атыстырып-шабыстырып, қабыл 
көру, елші қылып, сізге қандай дұшман болса, бізге сондай 
дұшман, көріп оқұб мазмұнын аңғардық, бұрынғы болып өткен 
т.б. документтің бір жерлерінде ерді, олды, олмұш болып келсе, 
келесі бір жерлерінде және көбірегі еді, болды түрінде қыпшақ 
тілдерінше келеді.
Бұл стильдегі өзге түркі тілдік элементтер лексика 
саласынан гөрі грамматика (әсіресе морфология) саласында 
көбірек орын алады. Есімдіктердің септелген түрлері бәңә, бенім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет