63
көрінеді.
Ханның жақсы
болмағы
Қарашаның елдігі (Бұқар)
ХVІІІ ғ. әдебиетінде бұл күнде аналитикалық тәсілмен
немесе жұрнақтар арқылы жасалатын кейбір етістіктер өзгешелеу
тұлғада жұмсалған. Мысалы, Бұхарда: «Даусы қандай
саңқыған»
(саңқылдаған), Айтқан сөзге
түспеген (түсінбеген). Шалда:
«Жатудан жамбастарың
жауырады» (жауыр болады).
Халық ауыз әдебиетіндегі сияқты да шылау грамматикалық
тіркестердің арасында келіп, ерекше экспрессивтік реңк беретін
тәсіл түзейді, мысалы, Бұхарда:
Қынайы
да белін буынған
Жылай
да жесір қалмасқа
Толғай
да дәурен сүрмес пе?
Салыстыр: Қызыл
да жібек қырмызы,
Баян
да қылып айтайын. (Қамбар).
Бұқар шығармаларында бірді-екілі жерде ұшырасатын
бергіл, ойлағыл тұлғаларын түсіндіру қиын. Бұлар бұл күнде
оңтүстік говорына тән формалар. Бұқардың Абылайға «Сен мен
көргенде Түркістанда жүр едің» дегеніне қарағанда, ол
Қазақстанның оңтүстік аудандарында болғанға ұқсайды, жоғарғы
элементтер, мүмкін осы жағдайға байланысты болар немесе сол
кезде етістіктің бұйрық, тілек формалары қазақ жерінің қай
түкпірінде де осы тұлғаларда берілген болуы мүмкін. Ауыз
әдебиеті нұсқаларынан бұл тұлғалар «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан» жырларында жиі кездеседі. Бақытын
ашқыл баламның;
Мәдеткер
болғыл балама, Іздеп
келгіл ағаңды, Көке болмай жерге
кіргіл («Қыз Жібек»). Бір құдай жәрдем
бергіл тіл жағыма
(«Айман-Шолпан»). Ал «
айтар сөзім осы дүр» дегендегі
дүр
форманты Бұқар тұсында да қолданылудан қалмаған тәсілдің
көрінісі. Бұл ХІХ ғ. жырлаған ауыз әдебиеті нұсқаларында да бар:
Құдіретіңе алланың
Бенденің жоқ
дүр көнбісі («Қыз Жібек»).
Кім бай
дүр,
Кім жарлы
дүр, тәңірге аян («Айман-Шолпан»).
Достарыңызбен бөлісу: