74
Ал
садақ, садақтың кіріс, сүңгі, жебе, қорамсақ, адырна,
сауыт, күдіре бау сияқты ертедегі
қару-жарақ атаулары
Махамбет ақында тек өзі араласқан жорықтар картинасын беру
үшін емес, жалпы образ жасау үшін де қолданылады.
Көтеріліске қатысушылардың атаулары әскер, ауыр әскер,
қол, найза ұстаған ерлер, қасыма ерген жолдастар, аламан сияқты
сөздер болып келеді. Мұнда қалың бұқараны халық, астана жұрт,
алты сана алаш, аса жұрт, қара
қазақ баласы деп атау жиі
кездеседі.
Жауынгерлік лексика Махамбеттен басқаларында, әсіресе,
XIX ғасыр орта тұсынан әрі асатын әдеби тіл нұсқаларында,
бірте-бірте кеми береді. Бұл саладағы біраз сөздерді Дулаттан
кездестіреміз. Оның көбі де Дулаттың «Еспембет» атты батыр
туралы дастанында қолданылған. Бұл атаулар жоғарыда
келтірілген
ертедегі қару-жарақ аттары: кіреуке, жеңсіз берен,
адырна, бадана көзді тоғыз тор сауыт, сапы, сары ырғай, садақ,
толғаулы найза, алмас семсер, тұтамдап жанған оқ, білтелі
мылтық, барабан.
Достарыңызбен бөлісу: