Әкімшілікке қатысты лексика
Махамбет, Шернияз, Алмажан шығармаларында әкімшілікке
байланысты сөздерден сол тұстың ел басқару жүйесі мен
әлеуметтік құрылысын білдіретін хан, ханзада, ханым, ханшы,
төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қараша, қара қазақ,
қара жұрт сөздері бар. Бұларда, әсіресе, Шерниязда, билеуші
топ пен тәуелді қалың бұқараны қарама-қарсы қойып ажырата
көрсету тенденциясы күшті.
Мысалы Махамбетте:
Ақ сүйектің баласын
Қара ұлына теңгердік т.т.
XIX ғасыр орта тұсынан бастап қазақ даласына ене
бастаған жаңа ел билеу системасына байланысты туған жаңа
атауларды Махамбет, Шернияз тілдерінен молынан кездестіреміз.
Олар майор (-майыр), аға сұлтан, болыс, старшын, елу басы, он
басы т.б.
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен...
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
75
Майырдың алса бұйрығын
Ел пысығы жортады (Дулат)
Ендігі байға мал бітсе
Елубасы, онбасы...
Старшын, болыс болам деп.
Әкімшілік системасында пайда болған өзгерістермен
байланысты осы кезде атқа мінер, ел пысығы, парақор, пара
сөздері шығады.
Сот істеріне қатысты сөздерден бұрынғысынша би, қазы,
шариғат, атшапан айып, ақ, қара, жүгініс, төре беру, даулы
болу, даугер сөздерімен қатар, жар салу, абақты сияқты бірен-
саран жаңа сөздер қолданылған.
Сауда-саттық пен шаруашылыққа қатысты лексика
Бұл кезде қазақ тіліне сауданың, оның ішінде орыс
саудасының күшеюіне байланысты бұрыннан бар сауда,
саудагер, базар сөздерінің үстіне теңге, сом, тиын, қарыз, бұл,
несие, өсім, кір, жабағы жүн сату, пайдаға мал бақтыру,
піркәшік сияқты сөз тіркестері жиі қолданылады. Базардан сатып
алынатын шай, қант, өрік, мейіз сияқты тағамдардың үстіне осы
дәуірде арақ келгені әдеби тілде көрінеді.
Арақ ішкен маспен тең (Дулат)
Егіншіліктің тілдегі көрінісі егінші, арық қазу, масақ теру,
нан жеу, өгіз айдау, егін салу, шығыр айдау тіркестерінің әдеби
тілде қолданылуынан байқалады.
Ылау міну, ат жалдау, кіре тарту сықылды жаңа сөз
орамдары осы тұста пайда болады.
XVII ғасырдың 2–ширегінен былай қарайғы кезеңде қазақ
даласының экономикалық өмірінде болған үлкен жаңалықтың
біреуі алым-салық төлеу болды. Сол кездің тілінде бұған қатысты
қара шығын, алым, салық, шаңырақ немесе түтін салығы,
шығын, зекет, хайыр, қағаздату сөздері пайда болады.
Қара шығын алымы
Бай, кедейге бірден боп
Шаңыраққа салығы (Дулат).
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
76
Оқу-білімге қатысты лексика
Көркем әдебиетке жататын нұсқаларда бұл салаға жататын
сөздер тым аз. Барларының өзі араб-парсы тілдерінен енгендер:
хат, қалам, сия, молда.
Ал 50-70-жылдардағы әдеби үлгілерде оқу ағартуға
байланысты сөздер мен тіркестер айтарлықтай көбейеді. Олар
туралы XIX ғасырдың елуінші жылдарындағы әдеби тілді
әңгімелегенде әдейі тоқталамыз.
Араб-парсы элементтері
XIX ғасырдың І жартысындағы көркем әдебиет тілінде араб
және парсы сөздері едәуір орын алады. Олар, ең алдымен,
абстракт ұғымдарды білдіретін арман, ақыл, көңіл, зейін, мұң,
дәулет, пайда, қайрат, сабыр, қадір, мағына, күнә, уағда, хал,
қасиет, дәурен, залал, рұқсат, талап сияқты сөздер тобы. Бұлар
– жалпыхалықтық тілге ертеден сіңісіп, қалыптасқан элементтер.
Ислам дініне қатысты арабизмдер мен парсизмдер Махамбет,
Шернияз, Алмажан тілдерінде аса көп емес және олар да халық
тілінде қалыптасқандар: молда, дұға, құрбан, әруақ, періште,
садаға, құдай. XIX ғасырдың І жартысында патша үкіметінің
қолдауымен ислам дінінің қазақ жерінде кең тарауына
қарамастан,
жоғарғы
қаламгерлер
тілінде
араб-парсы
элементтерінің көп көрінбеуі – олардың тақырыбына да
байланысты болса керек. Мысалы, Махамбеттің «Ереуіл атқа ер
салмай» шығармасында бірде-бір араб-парсы сөзі жоқ.
XIX ғасырдағы Абай, Ыбырайға дейінгі қазақ әдеби тілінде
араб-парсы элементтерінің қаншалықты орын алуы кейбір жеке
қаламгерлердің жырлаған тақырыбы мен ұстанған идеологиясына
тікелей байланысты. Араб-парсы сөздері, әсіресе, Шортанбай,
Дулат тәрізді ақындар тілінде молынан қолданылған. Бұлардың
қаламынан шыққан әдеби нұсқаларда араб және парсы сөздерінің
жоғарыда көрсетілген жалпыхалықтық тілге еніп кеткендерінен
басқа, таза діни ұғымдарды білдіретін, халық тілінде сирек
немесе мүлде қолданылмайтын қыруар сөздер бар. Мысалы,
Шортанбайда: ғасима, муһмин, раббы, хатым, ғайбат, жаббар,
тәкбір, кәмірһе, биқапа т.б. Дулатта: шафағат, кәмәл, фүрқан,
ғаран, ғафыл т.б. Қазақ тіліне бұрынырақ еніп, фонетикалық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
77
жағынан қазақыланып кеткен сөздердің өзі Дулат, Шортанбай
шығармаларында өздерінің бастапқы тұлғасында кездеседі.
Мысалы , ғазап (азап), ғақыл (ақыл), ғаділ (әділ), харам (арам),
руза (ораза) т.с.с.
Орыс тілі элементтері
Бұлар XIX ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің 1-
тобында талданған нұсқаларда өте аз. Махамбет өздеріне патша
үкіметі тарапынан қарсы жіберілген орыс әскерін солдат деп
атайды. Сол сияқты бірер жерде срок сөзі кездеседі. Мысалы:
Хан сөзіне сенгенім
Он күн срок бергенім (М.Өтемісов, 1962).
Шерниязда да орыс сөздері бірен-саран. Мәселен,
Мойнында Исатайдың болып тұрды.
Ұстаған қысы-жазы расхотым деген сияқты.
40-50-жылдардан бері қарай қазақ әдеби тілінің лексикалық
құрамына орыс сөздері кіре бастайды. Олар хандық өкімет
жойылғаннан кейінгі Орталық Қазақстандағы жаңа ел билеу
системасына байланысты жаңа самауыр, кір, піркәшік,
шаруашылықта тарантас тәрізді сөздер. Бірақ орыс сөздері сан
жағынан әлі аз. Қалыптасуы ауызекі сөйлеу нормасы бойынша,
XIX ғасырдың ІІ жартысына дейін қазақтың сөйлеу тілінде
комендант, саха, борана, пикет, хутор, чашка, стакан, поднос,
кристал, солдат, поштабай, сот, атпекет сөздері болды, бірақ
олар әлі әдеби тілге енбеген болатын.
Бақылау сұрақтары:
1.ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тіліндегі қоғам
жаңалықтарының көрінісін атаңыз?
Реферат тақырыбы:
1. Махамбет тіліндегі тарихи сөздер
2. ХІХ ғ. І жартысындағы әдеби тіл дамуына әсер еткен
экстралингвистикалық факторлар
Достарыңызбен бөлісу: |