Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
78
ІҮ. XIX ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени
өмірінде XIX ғасырдың ІІ жартысының орны ерекше. Бұл кезде,
яғни XIX ғасырдың 60–жылдарында қазақ жерін Ресейдің
отарлауы толықтай аяқталады. Ресейдің қол астына қараған қазақ
даласында жергілікті халықтың патриархалдық тұрмыс-күйі
бірте-бірте өзгеріп, көшпенді ел там-тұмдап отырықшылыққа
ауысып, егін шаруашылығымен шұғылдана бастайды. Ресеймен
сауда-саттық әрі қарай ұлғаяды. Қалалар саны көбейеді. Әр
жерден кен көздері ашылып, некен-саяқ өндіріс орындары пайда
болады. Қазақ қоғамының құрылысы өзгереді. Жаңа әлеуметтік
топтар пайда болып, кейбір көнелері тарих төрін босатады.
Қазақ өлкесіндегі бұл әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
мәдени-рухани өмірінде де өзгерістер туғызады. Ең алдымен,
қазақ
халқы
орыс
мәдениетімен
және
оқу-білімімен
жақындасады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда
100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық
мектептер болып, оларда 4000-ға жуық бала оқиды. Қазақ тілінде
тұңғыш баспасөз органдары мен кітап шығару ісі де осы кезеңде
пайда болды. Орыс ғалымдары тарапынан қазақ тілінің
грамматикалық құрылысы зерттеліп екі тілді сөздіктер көптеп
шығарылды. Ауыз әдебиеті мұралары жинастырылып, баспа
бетін көре бастады. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті пайда болды.
Сонымен қатар XIX ғасырдың екінші жартысы ислам дінін қазақ
даласында уағыздаудың өте-мөте етек жайып күшейген тұсы
болды. Осыған байланысты бұл кезеңде ислам дініне қатысты,
соны уағыздайтын әдебиет қауырт дамып кетті, мұсылманша оқу
да (ауыл молдалары мен медреселерде) бұл тұста едәуір
жанданды.
Бұл кезеңдегі басты жаңалық – көркем әдебиеттің жазба түрі
бой көтерді. Шығыс және орыс әдебиетінің туындылары қазақ
тіліне аударылып, баспа бетін көрді. Бұл дәуірді ерекшелейтін
оқиға Ыбырай, Абай тәрізді ағартушыларымыздың дүниеге келіп,
өз халқының ғылым-білімге деген талпынысына жол көрсетіп, өз
шығармаларында қазақ тілін қалайша ұстартып, қалай
пайдаланудың жолын салып берді.
Талданып отырған кезеңде қазақ тілінің хал-жағдайын
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
79
көрсететін төмендегідей әдебиет нұсқалары бар еді:
1) Халықтың сан ғасырлық ауыз әдебиеті шығармалары.
Бұлардың басым бөлігі бұрынннан ауызша сақталып келе жатса,
осы кезеңде хатқа түсіп, баспа бетін көргендіктен, көп жағдайда
осы дәуірдегі тілдің ізі сақталып отырды. Бірқатары осы кезде
туды. («Бекет батыр», «Айман-Шолпан», т.б.)
2) Қазақтың тарихи көркем әдебиет дәстүрін әрі қарай
жалғастырған жеке ақындар шығармалары. Бұлар идеологиялық
жағынан әр түрлі болып келеді. Мәселен, Майлықожа, молда
Мұса, Нұрым, Арыстан, Орынбай, Бала Ораз шығармаларында
заман қайшылықтары сыналып, халық мүддесі сөз болады. Ал
Дулат, Шортанбай, Мұрат, Нысанбай, Әбубәкір Кердері,
Досқожа, Базар шығармаларында капитализмнің қазақ жеріне
кіргізген өзгерістерін сынға алып, халқының болашағына
алаңдаушылық мотивтері басым болып келеді. Сонымен қатар
Сүйінбай, Жамбыл, Шөже, Біржан, Ахан, Жаяу Мұса, Мұхит
сияқты халықтың демократиялық мүдделерін сөз еткен ақындар
шығармалары халық арасына кең тарады.
3) Ыбырай, Абайдан басталған жаңа демократиялық жазба
әдебиет өкілдері - Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Шәкәрім,
Әріп, Көктай шығармалары болды.
4) Бұл кезеңде шығыс әдебиетінің озық үлгілерін
(«Шахнаме, «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-
Зарлық», «Бозжігіт» т.б.) жырлайтын, ислам дінін уағыздайтын
(«Сал-сал», «Зарқұм», «Жұм-жұма», «Қырық қадис») қисса
аталатын әдебиет күрт дамыды.
5) Қазақ тілінде тұңғыш мерзімді баспасөз «Түркістан
уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті» және облыстық
ведомостылар (ондағы қазақша материалдар) шығып тұрды.
6) Патша үкіметінің әкімшілік орындарының жергілікті
әкімдермен жазысқан ресми құжаттары мен хат-хабарлары
болды.
7) XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс ғалымдары
тарапынан басылған ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ тілінің
грамматикаларындағы екі тілді сөздіктердегі материалдар.
8) Медицина, ветеринария, шаруашылық тақырыптарына
арналған көпшілік қолды кітапшалар мен христиан дінін
насихаттайтын әдебиеттер.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
80
Бұл нұсқаларды тілдік жағынан 3 топқа бөлуге болар еді.
а) Қазақтың жалпыхалықтық тілінде жазылған нұсқалар.
Бұған ауыз әдебиеті, жеке ақындар шығармалары, хрестоматия,
сөздіктер, баспасөз бен азаматтық тақырыптағы кітапшалар тілі
жатады. Мұны ескі қазақ әдеби тілі деп атауға болады.
ә) Жалпыхалықтық тіл мен көркем әдебиет тілін одан әрі
дамытып, жаңа сапаға көтерген Ыбырай, Абай шығармаларының
тілі. Мұны жаңа қазақ әдеби тілі деп атауға болады.
б) Негізі жалпыхалықтық тіл болғанымен, онда түркі әдеби
тіл дәстүрі сақталған әр түрлі әдебиет тілі. Бұған діни қиссалар,
кейбір аударма әдебиет, ресми іс қағаздары тілі жатады. Бұларды
«кітаби тіл» үлгілері деп жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: |