84
Бұған «Жүсіп-Зылиха», «Қисса-и Рүстем», «Қисса-и Қожа Ғафан
уа Һәм Сәдуақас», «Таһир», «Үш қыз», «Қисса-и Серғазы» т.б.
жатады. Бұлардың тілінің өзінде де шығарушының кім екендігіне
қарай аз-кем ерекшеліктер байқалады.
3.XIX ғасырдың екінші жартысында «қисса» деген грифпен
басылған ауыз әдебиеті үлгілері мен кейбір ақындардың
шығармаларын шартты түрде 3 топқа жатқызуға болады. Бұл
топқа «Ер тарғын», «Қисса-и Қыз Жібек», «Қисса-и Рүстем»,
«Қисса-и
Алпамыс»,
«Қисса-Айман-Шолпан»,
«Қисса-и
Шортанбай», «Шортанбайдың бала зары», «Өсиетнама» т.б.
жатады. Бұлардың лексикасы түгелдей қазақ сөздері мен қалыпты
тіркестерінен, образды сөз қолданыстарынан тұрады, тек
орфографиясы сол кезеңдегі жазба дәстүрді сақтаған.
Бұлардан басқа сол тұстағы қазақтың жазба әдебиетке деген
құштарлығын пайдаланып, көр-жерді «қисса» деген атпен
бастырып, ел арасына таратып пайда таппақ болған «қарап
тұрғанша бір қисса жаза салдым» дейтін ақынсымақтар да
болған. Оларда не сюжеттік мазмұн, не өлеңдік қасиет болмайды,
әншейін құр насихат, бос сөз болып келеді. Ондайларға
«Мақулат», «Әдеблі бала», «Егіз бала, көп кеңеш» тәрізді
кітапшаларды мысал етуге болады.
Қиссалық әдебиет «қазақ әдебиетінің тақырыптық, сюжеттік
арнасын кеңейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен
молықтыру ісіне себін тигізді». Сондай-ақ қиссалардың қазақ
әдеби тілін дамытуға да қосқан үлесі мол.
Достарыңызбен бөлісу: