Қам көңілім болсын жай».
«Шалқиды шар тарапқа сорлы көңіл»
«Суытты кейбірінің жылы көңілін».
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
111
Бұлар
жоғарыда
айтқанымыздай,
біздіңше,
Абайға
еліктеуден, Абай дәстүрін меңгеруден туған.
Сонымен бірге Сұлтанмахмұт шығармаларында халық
тілінің мағыналары кеңейтілген сөздері, жаңа атаулар мен
сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер де кездеседі.
Мысалы, таза көңіл, қара жүрек, нұрлы жүз, бұзық
жол, жылы жауап, ащы қайғы, сәулелі кісі, уыз қойын, суық
дауыс, сасық дау, ыстық жан, тұщы еті т.б.
Көркем шығарма тілінің көпшілік мойындаған бір
құндылығы – автордың онда мақал-мәтелдерді өз орнымен
қолдануы.
Сұлтанмахмұт шығармаларында ақынның өз ойынан туған
не өзгеріске түсіріп қолданған мақал-мәтелдері көптеп кездеседі.
Б.Кенжебаев бұларды тек төркіндеріне қарай үш топқа бөледі:
1. Қазақтың халық мақал-мәтелдері мен шешен, кесек сөздері;
2. Абайдың мақал-мәтелдері мен мақал сөз болып кеткен
өлеңдері; 3. Орыс әдебиетінен келген мысал, мақал сөздер.
Теңеу арқылы С.Торайғыров кейіпкердің әдетін, қимылын,
іс әрекетін, қалыпты күйін шебер суреттейді: аш қасқырдай
жалаңдайтын әдеті, қыз айттыра келген сыпайы құдадай, сең
бұзғандай болып, бүйідей тиіп, қарақшыдай шоқиып, ағаш
арбаша салдыратып азан айтып. Табиғат көріністерін,
тұрмыстық жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқырман
қауымға әсер етерліктей етіп беру мақсатымен: сексендегі кемпір-
шалдай тіс біткені қираған... қара абдыра, кесек байлаған қойша
мойнындағы қылышы салбырап, мойнындағы қылышын
әлдилеген баладай алдына өңгеріп т.б.
Б.Майлин осы сияқты халық тілінде қалыптасқан теңеу,
эпитеттерді, әсіреулер мен литоталар (сексендегі шал, сегіздегі
баласына дейін, жүн қылып жібергендей, аяқ-бас, бас-аяқ болу,
кебісін тастаған жерге бара алмайтындар), метонимиялар
(дорба ауыз, қара бұжыр, бурыл сақал, сүйіскен жүректер,
тік аяқтар) жиі әрі ұтымды жұмсауымен ерекшеленеді.
Автор кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкердің ішкі сезімдерін
бейнелеу үшін де эпитеттерді жиі әрі ұтымды жұмсайды: теке
көз, шалбар бет, жамаулы күпі, жамаулы терезе, түлкі көз,
оқты (оқсыз) көз, отты (отсыз) көз, сіріңке қара жігіт,
ноқталы бет, өмірінде су тимеген саусақ, шатпа тіл,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
112
қанталаған көз, тасыған көңіл, секіртпе күлкі, ынтыққан тілек,
сыпылдаған саусақ, ашулы сөз т.б.
XX ғасырдың басында шыққан көркем әдебиет тілінде араб
және парсы сөздері, диалектизмдер, терминдер, көне түркі және
орыс тілдерінің, татар және өзбек тілдерінің элементтері
кездеседі. Сөз болып отырған жылдардағы көркем әдебиет
шығармаларында Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде еніп, байырғы
болып кеткендерін санамағанда, ауызекі тілде сирек ұшырайтын
кітаби тіл элементтері кездеседі: таусылмас түказзибан (түпсіз
өтірік), хикмет, шаһбаз, сақалды перғауын, рисаласы, шәриф
(қадірлі), тәкбір, рушді сыныф (араб сөзі -5-7 көлеміндегі класс),
иғдади сыныф (араб сөзі – 10 класс көлеміндегі оқу), хатта,
мехнат, шәһәр, дару, ғайры, жамиғат, мәтбүғат, бихисап,
һәмән, марһәмәт, илаһим, жаһан, һеш т.т.
Жазушылар фразеологизмдерді әр түрлі жолмен жұмсап
пайдаланады. Соның бірі – тілімізде фразеологизмдерді авторлық
өңдеумен өзгертіп қолдану. Оларды бұлай қолдануда арнайы
мақсат болады. Осындай жолдармен әр жазушы тұрақты сөз
тіркестерін жасап, фразеологиялық қорды дамытуға да ат
салысады.
Б.Майлин теңеуді, ең алдымен, кейіпкерлердің бет-пішінін,
сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін пайдаланады: жайылып
біткен шырпыдай бет-аузы, тамшыда қатқан сүмбідей болып
мұрты сорайып, бұқаның мойнынша қыржиып. Жазушы теңеуді
адам сезімдерін көңіл-күйлерін, психологиялық халін, әсерлері
мен ойларын нақтыландыру амалы ретінде қолданады: етіне біз
сұгып алғандай, денесіне суық су құйып жібергендей т.б.
29
Сонымен бірге, көркем әдебиет шығармаларында кеңсе, іс
қағаздары стилінің элементтері де кездеседі. Бұл сол кездегі іс
қағаздарының атаулары, бір жағынан, тілімізде бар сөздерден
жасалынса, екінші жағынан, орыс тілінен дайын күйінде
алынған: куәлік, копиа, кнеге, песір, ғарыз, қарсы ғарыз, түрмеге
отырық қағаз (отношение деген мағынада), рапорт, өмірбаян,
протокол, шабарман, крестьянский начальник, төре. болыс,
сайлау, шарға түсу, расход шығу, мәжіліс, метрический книга,
29
Каримов Х. Бейімбет Майлин әңгімелеріндегі эпитет, теңеу және
троп//Тіл және әдебиет мәселелері. Алматы, 1963. –Б.69-70.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
113
маслихат ету, ауылнай, дауысқа салу, қол көтеру, сөз берілу,
кабинет, хатшы, анықталсын, тыңдалсын, тексерілсін,
мәжіліске салынсын, революция, параграф, квартал, дәптер,
баяндама, материал, бюро, агент, мелітсе (милиция), мекеме,
жоспар т.б.
С. Торайғыров пен Ш. Құдайбердиев, С.Көбеев т.б. өз
шығармаларында әр түрлі термин сөздерді қолданған. Мысалы,
жазушының көркем шығармаларынан әдебиеттануға байланысты
роман, фельетон, басня, журнал, газета, редакция т.б, ал
өнеркәсіп пеи техникаға байланысты: атом, бомба, телеграф,
телефон, пароход, аэроплан. электричество, машин, планета,
пулемет, снаряд, поезд, завод, магнит т.б., ғылым мен
мәдениетке байланысты: агроном, география, университет,
стипендия, семинария, доктор, больница, автономия, уез, полиция,
милиция,
миссионер,
офицер
т.б.,
әлеуметтік-қоғамдық
ғылымдарға
байланысты:
революция,
идея,
идеалист,
капиталист, капитал, социализм, дух т.б. көптеген орыс
тілінен енген сөздерді кездестіруге болады.
Халық
тіліндегі
мақал-мәтелдер
С.Торайғыров
шығармаларында кездеседі. Мысалы, «Тоғыз қырлы, тоқсан
сырлы жігіт», «Сегіздегі бала, сексендегі шал», «Жалғыз қаздың
үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», «Арсызға алты күн мейрам
аз» т.б.
Қазан төңкерісіне дейінгі көркем әдебиет стилінде қазіргі
әдеби тілімізден ерекше кейбір синтаксистік конструкциялар,
жалғаулықтар кездеседі.
Ілік жалғаулы сілтеу есімдіктері (сол, ол) үшін шылауымен
тіркесіп, соның үшін, оның үшін конструкциялары түрінде
қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |