Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§9. Мерзімді баспасөз беттеріндегі кейбір грамматикалық



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
§9. Мерзімді баспасөз беттеріндегі кейбір грамматикалық
ерекшеліктер 
 
Тілдің грамматикалық құрылысы жетіледі, өзгереді дегенде, 
негізінен, сөз тудырушы, сөз байланыстырушы амалдардың 
активтенуін не жетілуін түсінеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ХІХ 
ғасырдағы жазба әдеби тілде қолданған жалғау-жұрнақтардың 
біраз өзгеріске ұшырағанын айтуымыз керек. 
XIX ғасырдың екінші жартысында шығып түрған «Түркістан 
уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газеті» беттерінде көмектес 
септіктің 
жалғауы 
дыбыс 
үндестігіне 
қарай 
құбылып 
отырмағандықтан, басқа варианттары жоқ болды да, тек бір ғана -
менен түрінде қолданылды. 
«Айқап» журналында қазіргі қазақ тіліндегі көмектес 
септіктің қосымшасы және ыңғайластық мағына беретін 
меп/бен/пен шылауының орнына барлық жерде оның толық түрі 
менен/бенен/менен қолданылған. 
Жиырма сегіз хәріппенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын
соныменен жазылып шығып жатқан кітаптар оқуға қолайлы-ақ 
болсын, бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу, алға басу, ілгері басу 
керек дейсіз ба?! 
Ал «Қазақ» газеті беттерінде мен /пенен тұлғалары жарыса 
қолданылған. 
Өзіміздің қазақтың нағыз қара тілімен жазып тұрса, «Қазақ» 
газеті қалың жұртымыздың оқып тұруына оңай түсінікті болар 
еді (Қазақ, 1913, 18 февраль). 
Қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылатын келетін, баратын 
тұлғалы есімшелер «Айқап» журналында көбінде келетұғын, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


121 
баратұғын түрінде қолданылады да, тын/тін қосымшасымен 
сирек кездеседі, ал «Қазақ» газетінде керісінше, тұгын тұлғалы 
есімше өте сирек кездеседі де, көбінесе тын/тін қосымшасымен 
қолданылады. 
Мал-мүлкі түгіл, жан-жамағатына ие бола алмайтұғын 
жамандар дүниеде аз ба? (Айқап, 1913. №20). Жалғыз-ақ түрлі 
айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір-ақ түрінде кіріседі. 
(Қазақ, 1913, 18 февраль). 
Қазіргі әдеби тілдің нормасынан шығып қалған үшбу, һәм, 
мыш, дүр, ләкин уа сияқты бір кездегі көне түркі әдеби тіліне тән 
формалар «Айқап» журналында жиі қолданылып отырады, ал 
«Қазақ» газетінде осылардың ішінен тек һәм жалғауын ғана 
кездестірдік. 
Әбілхайыр хан, баласы Ералы һәм ру басылары үшбу 
Татишев алдында ант бергендер (Айқап, 1913, № 17). .. әуелгі екі 
хәрпі бүтін ғаламға бірдей қараңгы түнді жарық етуші «Ай» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет