105
Мәрия бірлән көрістім түрінде кездеседі.
Сол тұстағы поэзиялық шығармаларда аталған тұлға
кездеспейді.
Ал енді
ләкин, һәм, уа шылауларына келсек, олар, негізінен,
прозалық шығармаларда, олардың өзінде де тым сирек кездеседі,
автордың көне жазу дәстүрін сақтау тәжірибесінің нәтижесінде
қолданылып кеткен тәрізді.
Бұл тұстағы көркем туындыларда бүгінгі әдеби тіл
нормасымен салыстырғанда оғаштау
көрінетін синтаксистік
ерекшеліктер де кездеседі, олар сөйлем құрауда да, сөз
тіркестіру жүйесінде де байқалады.
XX ғасыр басындағы поэзиялық,
прозалық шығармаларға
тән лексикалық ерекшеліктер – олардағы араб, парсы және орыс
сөздерінің көбірек кездесуі, сондай-ақ автордың шыққан жеріне
қарай диалектілік ерекшеліктер, кейде бірен-саран көршілес
түркі тілдері элементтерінің ұшырасуы.
Араб, парсы,
кейде орыс сөздерінің кездесуі, көбіне, діни
ұғымға, рухани өмірге байланысты болып келеді. Олардың өзін
қазіргі тілімізге мүлдем кездеспейтін, қазір тұлғасын өзгерткен
және қазірде актив қолданылып жүрген деп 3-ке
бөліп қарауға
болады.
1) Қазіргі тілімізде кездеспейтін, тек мұсылманша оқыған
қожа, молдалардың сөйлеу тілінде ұшырасып қалатын сөздер:
ниғмет (бақыт), сияқлық (қаралық), матлық (міндеттілік),
саһуат (қателік), шариғат (жол), сахып (қожайын), мұтлақ
(еркін), хурият (бостандық) т.т.
2) Кейбір араб, парсы сөздері ол
тұста қазіргідей тұлғасын
өзгертпей, сол тілдегі тұлғасында қолданылған. Мысалы,
фәнде,
ынсаф, меһір, халал, ұжмах, харыф, һөнер т.т.
Орыс тілінен енген сездер көбіне-көп қазақ тілінше айтылу
тұлғасы сақталып жазылған. Мысалы,
болоснай, нашандік,
мирауай, содия, приканшік, песір т.б.
Қорыта айтқанда, ғасыр
басындағы көркем әдебиет
туындылары өз кезеңінің өмір шындығын суреттеуде, жаңа-жаңа
қалыптасып келе жатқан әдеби тіл нормаларын бір жүйеге
түсіруде, сондай-ақ қазақ тілінің лексикалық байлығын қағазға
түсіріп, кейін олардың тіліміздің сөздік қорын молайтуына
тигізген пайдасы үлкен болды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ