Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§ 2. Қазақ әдеби тілінің лексикалық байлығын



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
§ 2. Қазақ әдеби тілінің лексикалық байлығын 
толықтырудағы көркем әдебиеттің қосқан үлесі 
 
Қазіргі қазақ әдеби тілінің, әсіресе, оның басты тармағы 
көркем әдебиет тілінің кемелдене дамып отырғандығы әдебиет 
тарихын зерттеушілер тарапынан айтылып келеді. Сонау 
пролетарлық 
әдебиет 
дәуірінің 
өзінде 
Кеңес 
Одағы 
әдебиетшілерінің алғы сапында болған қазақтың көркем сөз 
шеберлері 50-60 жылдардан бастап одақтық әдебиет керуенінің
көш бастаушылары қатарына қосылды. Әлем әдебиеттерінің 
інжу-маржандарын оқыған, тарихи зердеден сабақ алып, аға 
ұрпақтан тағылым көрген, әдеби тәсілдер мен тіл құралын жетік 
меңгерген қаламгерлер өз туындыларында халықтың тіл 
байлығын сарқа пайдалануға ұмтылды. Сол арқылы үнемі дамып, 
екшелеп, сұрыпталып отыратын тіл қазынасын қозғалысқа 
түсірді. Тіл қойнауындағы бар асылды жарқырата көрсетті. Бұл 
істе көркем әдебиеттің байсалды саласы – прозаның қосқан үлесі 
зор болды. Осы тұрғыдан қарастырғанда проза шеберлерінің өте-
мөте өнімді еңбек еткен саласы – тарихи тақырып еді.
Ә. Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ш. Мұртазаев тәрізді 
шығармашылық жолы 60-жылдарда басталған қаламгерлердің 
туындылары Р.Сыздық бастаған бірқатар маман тілшілер 
тарапынан жан-жақты талдау жасалды. Аталған жазушылардың 
тарихи тақырыпқа жазылған туындыларында байырғы сөздер, 
жергілікті тіл ерекшеліктері, ауызекі сөз саптау үлгілері, 
қарапайым сөздер жиі ұшырасады. Мұндай сөздер, әсіресе, 
халқымыздың арғы тарихына қалам тартқан Ә.Кекілбаев 
шығармаларында (“Үркер”, “Елең-алаң”) мол. Мәселен, жазушы 
“Үркер” романында аламан сөзін қолданады. Шапқыншылар, 
шапқыншылық, қалың қол, әскер мағыналарындағы аламан, 
аламаншылық – өткен тарихымыздағы белгілі құбылыс. Бұрынғы 
ноғайлы дәуіріндегі жырлар мен қазақтың жауынгер ақын-
жырауларының толғауларында, ортаазиялық түркі (шағатай) 
тіліндегі ортағасырлық жазбаларда жиі кездесетін сөз. Бүгінгі 
күннің талабы тұрғысынан қарағанда жағымды құбылыс болып 
саналмайды. Ә.Кекілбаев та “Қырқында жау түсірмеген неме 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


175 
алпысында аламан бастап кімді қырар дейсің” дегенде, бұл сөзді 
Қайыпқа қатысты солақай ыңғайда қолданып отыр. Дегенмен 
қазір бұл сөз “аламан бәйге”, “аламан жұрт” деген тіркестерде 
қолданысқа еніп отыр.
Романда 
жауынгер, 
қатардағы 
әскер 
мағынасында 
қолданылатын сарбаз сөзі бар. Жоңғар шапқыншылығы кезінде 
қазақ жасақтарының жауынгерлері сарбаз аталғаны белгілі. 
Жазушы бұл сөзді осы мағынада туындысында қолданған.
Сөз мағынасының қайта жаңғыруы арқылы қолданысқа 
түскен сөздердің қатарында сарбаз бар. Сол сияқты романда “бас 
сардар” сөз тіркесі кездеседі. Оны жазушы Әбілқайыр ханға 
қатысты қолданады. Сардар сөзі бүкіл әскердің бас қолбасшысы 
мағынасында орта ғасырда түркі тілдерінде қолданылған. Қазіргі 
тілімізде осы мағынада қоданып жүрген “бас қолбасшы” тіркесі 
орыс тілінен калька жолымен аударылған атау, оны жоғарыда 
сардар сөзімен аударсақ, одан ұтылған болар едік.
Сыралғы да – қазақ дәстүрінде бұрыннан бар нәрсе. 
Диалектологиялық 
сөздік 
“сыралғы 
– 
аңшыдан, 
т.б. 
кәсіпшілерден алынатын үлес, олжа” деген түсінік береді.
Сөздің реті келгенде жазушы қолданатын сойыл дос, қамшы 
дос тіркестерінің тілімізде жасалу мүмкіндігі бар екенін 
айтқымыз келеді. Сыралғы дос тіркесі де сол секілді. Жалпы 
сыралғы, жоралғы, бастаңғы тәрізді тұрмыс-салтқа қатысты сөз 
тұлғаларының қазіргі қазақ әдеби тілінде өзіміздің байырғы 
сөздік қорымыз негізінде жасалатын жаңа сөз қолданыстарға үлгі 
болары сөзсіз.
Романда ұшырасатын алапа, сияпа сөздеріне қатысты да 
осыны айтуға болатын тәрізді. Бұрынғы әдет-ғұрып бойынша 
берілетін кәделі сыйлықтардың түрін білдіретін сөздеріміздің дәл 
осы, өзімізге қажетті мағынасын активтендіріп, қайтадан 
жаңғыртуға немесе тұлғасын пайдалануға болады. 
Алапа сөзінің романда келтірілген мағыналарының бірі – 
“дауда жеңілген жақтан алынатын кесімді мал, дүние мүлік”. 
Батыс өлкесінде бұл сөз көп уақыт “зарплата” сөзінің орнына да 
қолданылып келеді. Ал сияпа сөзі романда “қонақ күту кәдесіне” 
қатысты қолданылады.
Тарихи шығарма жазып отырғандықтан жазушының оқиға 
болып жатқан ортаның әдет-ғұрпын, салтын, адамдардың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


176 
жергілікті сөйлеу ерекшеліктерін беруі – қажет нәрсе.
Осы тұрғыдан қарастырған кезде жазушы жергілікті 
ерекшеліктерді жөнді жерінде ұтырлы пайдаланғандықтан, ол 
ерекшеліктердің мен мұндалап көзге ұрмай, қалың оқырманға 
ұғыныңқы, түсінікті контекстерде берілгендігін айтуымыз керек. 
Жергілікті сөздер мен сөз тіркестерінің басым көпшілігі жазушы 
құрған контекстерде қолданысқа өзінен-өзі сұранып тұрады. Сол 
себепті де олардың әдеби тілдік қолданысқа түсу мүмкіншілігі 
мол. 
50-60-жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін, 
оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын 
алады.
Жалпы біздің халқымыз үшін іштен түлеу қаншалықты
маңызды болса, әдебиетіміздегі “сондай іштей түлеу арнасының 
кеңейе түсуіне мейлінше табандылықпен үлес қосып келе жатқан 
азғантай тұлғаларымыздың бірі - Ә.Нұрпейісов. Әдебиеттегі 
сонылықты біреулер ешкім жазбаған тақырыпты жазу деп 
түсінсе, біреулер қай тақырыпта жазсаң да, өзінше жазып, 
өзгелер бармаған астарларды ашып, өзгелер байқамаған 
құпияларды паш ету деп біледі. Ә.Нұрпейісов соңғы топқа 
жататын қаламгер. “Қан мен тер” трилогиясындағы сөз 
қолданыстардың көпшілігі жергілікті қолданысқа жатады. 
Олардың ішінде, әрине, әдеби тілде қолданылып жүргендері де, 
қолданысқа жарамды, ендігі жерде әдеби тілге енгізу керектері де 
бар. Жергілікті қолданыстағы сөздер арасында байырғы 
лексикалық қабатқа жататын көне сөздер де кездеседі. Мәселен, 
“Қан мен терде” абыз сөзі бар: Итжемес Сүйеу қарттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет