гүлқайыр, шырқұйрық пен шәйқұрай деп өсімдік аттарын
бейнелеп беретінімізді... Ш.Мұртаза еңбектерін оқи отырып
зерделедік” дегендей бақылауларын ортаға салады.
Біз жазушы қолданған көне тұлғалы сөздердің жергілікті
атаулардың, авторлық сөз қолданыстардың кейбір ерекшеліктерін
байқау үшін роман-эпопеяның Т. Рысқұловтың төңкеріске
дейінгі өмір жолын бейнелейтін алғашқы екі кітабын таңдадық.
Жартпаш: “Ізбайша жартпаш Түмейтайды қолынан
жетектеп ауылдас отырған ахат қарияның үйіне кетіп еді”
(“Қызыл жебе”, 1978, 28-б.). Диалектологиялық сөздікте “Жүгіріп
жүрен 3-4 жасар бала” мағынасында жортпашақ (Шымкент) сөзі
бар. Жазушы осы мағынада қолданып отыр деп ойлаймыз.
Мардан: “Осыдан осы жолы тірі шығып Саймасайға
сәлемдессем, Ақсу-Жабағылы асып кетер едім, - деп армандады
тұтқын қамыс марданның үстіне көсіліп жатып” (“Қызыл жебе”,
63-б.). Диалектологиялық сөздікте “бойра, тоқыған қамыс”
мағынасында төсеніш атауы бар. Романда да осы мағынада.
Дамбаз: Кесекті ала бергенде домбаз дуалдың түбін тесіп
шыққан итқызғалдақты көзі шалды (“Қызыл жебе”, 147-б.).
Диалектологиялық
сөздікте
көрсетілгендей,
“балшықтан
домбаздап созылған” дуал туралы сөз болып отыр.
Қуыр: Төбедегі түтін тартар жалғыз қуырдың аузынан
сүңгілер салбырайды (“Қызыл жебе”, 11-б.). Диалектологиялық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
179
сөздікте “пештің түтін шығатын жері” мағынасында берілген “
қуыр” осы болар.
Атырылу, атырыла қарау: Босағада қотыр қабырғаға сүйеп,
жүресінен отырған алпамса кісі мазасыз көк шыбын жаққа
атырыла бір қарап қалды (Ш.Мұртаза, “Қызыл жебе”, 11-б.).
Диалектологиялық сөздіктегі атырылу сөзіне Ш. Мұртазаның
басқа бір еңбегінен мысал келтірілді: “Үстіне Бадырақ көз мінсе,
атырылып ала жөнелейін деп тұр” (Ш.Мұрт. Интерн.наны, 1974,
24-б.). “Қызыл жебе” романында шапшаң, шалт қараған өткір
көзқарас туралы сөз болып отыр деп шамалаймыз.
Дуайпат: “Бұрын да айлы түндегі арық қояндай қорқақтап,
дуайпат өгей шешенің қолына қараған жетім баладай
жаутаңдауық болған Алсалай-Сараның ендігі күні халі мүлде
мүшкіл” (Ш.Мұрт. Инт.наны, 47-б.). Диалектологиялық сөздікте
бұл сөздің Жамбыл облысы Жуалы ауданында қолданылатыны
тіркелген. Мағынасы – дөрекі, дүлей (адамның мінезі туралы).
Романда осы мағынада қолданып отыр.
Бадашы: Қашқынды қырда отырған бадашы байқаған жоқ
(69-б.). Диалектологиялық сөздікте бұл сөз осы мағынада
(сиыршы). Шу маңында тіркелген. “Сәлем бердім отырған
жылқышы, қойшы, түйеші, бадашы шаруа жалпыға” (қазақ
тілінің диалектологиялық сөздігі, 1 кітап, 1996, 106-б.). Бұл
сөздің кірме сөз екендігі көпшілікке белгілі. Парсы сөзі. Қазақ,
қырғыз тілдеріне өзбек тілі арқылы енген болу керек.
Зау: Ол кешегі өткен Әлімбек батыр жағасын жауға
жырттырмаған, қанша сұрапыл соқса да басы жерге иілмеген зау
бәйтерек (160-б.). Түсіндірме сөздікте “зәулім, биік” деген
мағынасы көрсетілген: “Көз ұшында, зәу биікте бұлдырап, баяу
қылқып қырандар жүрді” (Ш.Мұртазаев., Табыл. Теңіз) .
Қатыбас:“Күніне кіретін тоқсан тоғыз бәленің бір түрі және
мылтықсыз, қылышсыз, ал бірақ ең қатыбас түрі – осы аштық,
атасына нәлет” (Қызыл жебе, 2-кітап, 1982, 321-б.). Түсіндірме
сөздікте енген “қатыгез, мейірімсіз” мағынасындағы сөз.
Шилеуіт жан: “Биылғыдай шөбі шая құрғақшылықтың
өзінде шөлге шыдамды шилеуіт жандарын шүберекке түйіп
жауға жалаңтөс аттанып бара жатқан мына жасақтың аттарының
бауырынан сипап қалып жатыр” (Қызыл жебе, 2-кітап, 396-б.).
Ши көп өскен жердің шилеуіт аталатыны түсіндірме сөздікте
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
180
жазылған. Жазушы адам жанын шөлге төзімді шиге теңеп отыр.
Ботана: “Шілдеден кейін өзен едәуір тартылып қалса да,
ботана суы әлі де әулетті”(Қызыл жебе, 2-кітап, 422-б.).
Диалектологиялық
сөздікте
Шымкент
жақта
“лайлы”
мағынасында қолданылатындығы көрсетілген: “Арыстың суы
ботана боп ағып отыр” (ДС., 1-кітап, 1996, 132-б.). Түсіндірме
сөздікте де “тұнық емес, лай” мағынасында берілген. Ондағы
мысалдарда өзен суы ботана, ботана суы түрінде беріледі. Бұл
жерде дағдарыс жазушының ботана суы түріндегі қолданысынан
туып отыр. Автор жоғарыдан, таудан ағатын лай су туралы айтып
отырған болу керек.
Суды жығып алу: “Аламан-тасыр ашумен келген бойда
тоғанды тас-талқанын шығарып бұзып, суды жығып алмақшы
болды”. (Қызыл жебе, 2-кітап, 137-б.). “Суды жығып алу”
жергілікті сөзқолданыс болуы керек.
Ішіне без байлану: “Ішіне без байланды да қалды” (Қызыл
жебе, 213-б.). Бұл да сөзсіз жергілікті өз қоланыс. “Қырсығып
қалды” мағынасында қолданып отыр. Романда бұлардан басқа
көптеген шипая болу (тарының дән салмауы), тауыс-тамам болу
( біту, құру), үрей болу (үрейлену), тәрізді тіркестер; дәу
(үлкен), жай (үй) сияқты лексикалық, өлегізу (елегізу), әсіл (асыл),
нариза (наразы) секілді дыбыстық ерекшеліктер кездеседі. Ал
“арқасынан аяз тескен”, “соры қайнап, сорпасы төгілген бишара”,
“бай баласы байға ұқсайды”, “із қалмайды” тәрізді авторлық
қолданыстар романда жиі ұшырасады.
Жазушы шеберлігі туралы айта келіп, Р. Сыздық: “Әр
өңірдегі халықтың күнкөріс салтына, әдет-ғұрпына, көршілермен
қарым-қатынасына қарай жергілікті мақал-мәтелдер, фразеоло-
гизмдер де болатынын ескерсек, “жеті күн жауған жауыннан
желдіріп өткен су жақсы” деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны
дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да
мүмкін ” – дейді
38
.
Жалпы байырғы сөздік қорға енетін көне сөздер мен бұрын
оқырмандарға да, мамандарға да белгісіз болып келген, алайда
қолданысқа жарамды жергілікті сөздерді көпшілікке ұсыну ісіне
жазушылардың тындырып отырған шаруалары ұлан-ғайыр.
38
Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 2005. –Б.
67.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
181
Әдеби тілде баламасы жоқ жергілікті сөздер бірден қатарға
еніп жатса, баламасы барларының да әлі сұрыпталудан өтері
сөзсіз. Көптеген көркем, айшықты сөз қолданыстардың
синонимдік қатарды байытары сөзсіз. Тілдегі сөздің қажетсізі
болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |