Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет69/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

абызындағы адам (Ымырт, 1966, 56-б.). Түсіндірме сөздікте 
“ырық, билік” мағынасындағы жергілікті сөз екендігі көрсетіліп, 
“Қан мен тер” трилогиясынан мысал келтіреді. 
“Сергелдең” романында “Осы жігіттің өзінен мүшелі жас 
үлкен екенін білді” деген сөйлем бар. Осындағы мүшелі 
тұлғасының толымды қалыбы мүшел сөзіне қарағанда жөнді 
көрінеді. Яғни, мүшелі жас деп сөйлеген дұрыс тәрізді. 
“Ымырт” романында сақ құлақ саһада шалдар тіркесі бар: 
“Шай үстінде сақ құлақ саһада шалдар әңгіме айтып, баласын оң 
босағаға қойып отырған ата-ананың көңілін аулады” Осы 
тіркестегі саһада “күйдірілген, шыныққан” мағынасындағы араб 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


177 
сөзі деп ойлаймыз.
Ырдуан арба тіркесі “Ымырт” романында “тері-терсек 
тиеген алқа бел ырдуан  өткелден өтер жерде батпаққа батып, бір 
жағына жанбастап жатып қалыпты” деген жолдарда кездеседі. 
Диалектологиялық сөздікте ырдуан арба (сатылы арба және 
ірдабады арба (үлкен мажар арба) түрінде берілген. “Үлкен арба” 
– Қызылорда облысында тіркелген. Демек, бұл жерде әңгіме арба 
жөнінде болар деп ойлаймыз.
Басат. “Қайта, басат-басат ұстасып абыройыңды жауып тұр 
ғой” “Былтырдан бері Темірке балығы мол көлдер мен босат 
басаттарды бір өзінің меншігіне дербес қаратып ап, бұларды 
ашық теңізге айдап салған еді.” “су астында жүргенмен, балық та 
басқа мақлұқтай ық іздеп, жайылым таңдап, теңіз түбінің 
толқымайтын тыныш жерлерінде қамысты басаттар мен 
қопақты көлдерінде жүреді”. 
Диалектологиялық 
сөздікте 
басат 
сөзінің 
Аралда 
қолданылатыны көрсетілген. Анықтамасы: “Басат – теңіздің кең 
қолтығы, қойнауы (теңіздің құрлық жерге қарай сұғынып, бөлініп 
шыққан кең қойнауы). Теңіз суы кеміген кезде кейбір жерлердің 
суы басат-басат болып қалады”. 
Иек атпа. “Жаз айларында суы тартылып қалатын 
кішкентай өзеннің көлге құяр сағасына тақап келе бергенде, 
алдынан иек атпадан дауыс шықты” (Ымырт, 218-б.). Түсіндірме 
сөздікте “таяу, жақын жер” мағынасында иек артпа тіркесі бар. 
Иек атпа –жергілікті қолданыс болар деп ойлаймыз.
Салқын сабат. “Бұрын көктем шыға қалың елмен қаптай 
көшіп, кең жайлау, салқын сабатқа үй тігетін” (Ымырт, 11-б.). 
Диалектологиялық сөздіктегі “өзен судың жиегіндегі 2-3 метр 
жатқан сыз жер ”, “салқын” мағынасындағы сабат сөзіне жақын 
көктем салқыны туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда Ә.Кекілбаев романдағы сөз қолданыс жайында 
әңгіме еткен кезде сыралғы туралы сөз болған еді. Сол сөз “Қан 
мен тер”де кездеседі. Бұл жолы ауланған балықтан сыралғы 
сұралады. Түсіндірме сөздікте сыралқы түріндегі қатаң 
қосарынан осы ұяң қосар (сыралғы) қолданысқа жайлы тәрізді.
“Қан мен тер” трилогиясында келтірілген мысалдардан да 
басқа жаркемер, доласуандық, абыржын тәрізді жергілікті 
қолданыстар мол ұшырайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


178 
60-жылдардың өзінде “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз 
күнгі найзағай” (1964), “Белгісіз солдаттың баласы”(1965), 
“Мылтықсыз майдан” (1967) жинақтарын шығарған көрнекті
жазушы Ш. Мұртаза 70-жылдардың аяғында қазақ халқының 
ұлы перзенті Т. Рысқұловтың өмір жолын суреттеуге арналған 
шын мәніндегі роман-эпопеяны жазуға кірісті. Лирикалық-
философиялық стильде жазылған шығарманың алғашқы кітабы 
“Қызыл жебе” 1978 жылы жарық көрген болса, “Тамұқ” 1991 
жылы басылып шықты.
Жазушы шығармасын арнайы зерттеген Р.Сыздықова оның 
көне, сирек, жергілікті сөздерді “әдеби айналымға” түсірудегі 
ерекше еңбегін атап өтеді. Ғалым “таулы өлке тұрғындары ғана 
білетін еңлік (эдельвейс) гүлінің қаргүл деген де синонимі бар 
екенін, ұлар деген құстың қақылықтайтынын, барыстың 
сипаттама бір атауы сұлтан–шері болатыны, атқұлақ пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет