195
мекендердегі 3900 бастауыш мектепті қосуға болады, өйткені
олардың бәрі дерлік – қазақ мектептері. Мемлекеттік және
мемлекеттік емес оқу орындарында қазақ тілі міндетті оқу пәні
ретінде оқытылуда.
Бағдарлама бойынша мемлекеттік органдардағы іс
қағаздарын жүргізу бірте-бірте мемлекеттік тілге көшірілуі керек.
Алайда бағдарламаның бұл бабының орындалуы күні бүгін көңіл
көншітпейді. 1999 жылдың маусымындағы мәлімет бойынша
республиканың 10 облысында, 4 қаласы мен 78 ауданында кеңсе
ісі мемлекеттік тілде жүргізіле бастаған. Әзірге мәдениет, өнер,
білім беру және баспасөз салаларында мемлекеттік тілдің үлес
салмағы қанағаттанарлық дәрежеде болса, мемлекетті басқару
жүйесіндегі, басқа министрліктегі жағдай көңілден шықпайды.
Тіл туралы алғашқы заңның шыққанына жиырма бес
жылдай уақыт өтсе де, мемлекеттік тілді үйрену әлі ойдағыдай
емес. Қазақ тілін жеделдетіп үйрету курстарында ғана емес,
мектептер мен жоғары оқу орындарындағы басқа мамандық
иелерінің қазақ тілін меңгерулері сын көтермейді. Сондықтан
оқыту сапасына сын айтушылар көп.
Достарыңызбен бөлісу: