§2 Тілдегі жаңа қолданыстар
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер
ұлттық тілімізге әсер етпей қоймады. Бұл әсер, ең алдымен, қазақ
тілінің лексикасынан көрінуде.
Соңғы жылдары тіліміздің лексикасында жаңа, соны
сөздердің толассыз тасқыны пайда болды. Жаңа сөздердің
бірқатары қоғамдық өмірімізде болып жатқан әр түрлі
әлеуметтік-саяси жағдайға, шаруашылық, ғылым мен техника
саласындағы жаңалықтарға орай пайда болуда. Мәселен,
жекешелендіру (приватизация), баж (пошлина), ғарышнама
(космонавтика), жал (аренда), кепіл, кепілдік (гарантия),
мәртебе (статус), құнды қағаз (ценные бумаги), делдал (брокер,
маклер), мұрат ( идеал), бағам (курс), жарғы (устав), т.т.
39
Енді бірсыпыра қолданыстар бұрын аударылмай алынған
шет тілдік сөздерге балама іздеу барысында өмірге еніп жатыр.
39
Екі тілде іс жүргізу. –Алматы, 1998.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
196
Мысалы:
әнұран
(гимн),
көлік
(транспорт),
өркениет
(цивилизация),
саралау (анализ), егемендік (суверенитет),
бағдарлама
(программа),
жолсерік
(проводник)
сияқты
қолданыстар да неологизмдер қатарын толықтыруда.
1930 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың соңына
дейін көптеген ұғымдарды атауда оларға тілімізден балама іздеп
жатпай-ақ шетел тілдерінен сол күйінде (әрине, орыс тілі
арқылы) қабылдау әдетке айналды.
Өз тілінде баламасы бола тұра, басқа тілден сөз алу тілдің
сөзжасам жүйесінің дамуына кері әсер ететіні жайында белгілі
терминолог Д.С.Лоттенің өте орынды айтылған мына төмендегі
пікірін келтіруге болады: “...массовое заимствование, в свою
очередь, может оказывать тормозящее действие на
функционирование и развитие словообразовательных средств
своего языка”.
Көптеген зерттеушілердің көрсетуінше, түркі тілдес
халықтардың лексикасында орыс тілінен сол күйінде
қабылданған шет тілдік ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси,
оқу-педагогикалық және т.б. салаларға байланысты терминдердің
көлемі 70-80 пайызға жетіпті
40
. Әсіресе, дәл ғылым, техника
салаларында аударуға болмайды, аударуға мүмкін емес деген
сөздер терминологиямыздың қомақты бөлігін қамтиды. Бұл
туралы Ш. Құрманбайұлының: “Терминологиялық сөздіктерге,
ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарға еніп, қалыптасып қалған
мыңдаған терминдердің тағдырын қалай шешетініміз қосымша
қиындықтар туғызып отырған мәселенің бірі”- деуі негізсіз емес.
Ал қазіргі уақытта баспасөз бетінде шетелдік терминдерді жаппай
аудару бағыты байқалады. Мәселен: диафрагма - көкет, диета -
емдәм, интервью/ диалог - сұхбат, арбитр - төреші/араби,
бартер - баспа-бас, брокер - делдал, гимн - әнұран, компетенция
- құзырет, коэффициент - еселік, курс - бағам, прогноз - болжам,
компенсация - өтем, паталогия - зорығу, анализ -
саралау/талдау, финансы - қаржы, гипотеза - болжал, баланс -
теңдестік, асцит - іш шемені, гарантия - кепілдік/кепілдеме,
устав - жарғы, конвой - айдауыл, протокол - хаттама,
40
Қайдаров Ә. Тіл тағдыры өз қолымызда // Халық кеңесі. 1990, 7-13
тамыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
197
конституция - негізгі заң, юридическое лицо - заңды тұлға /
ұйым, экспертиза - сараптау, эйфория - масаттану/тоқмейілсу,
резюме - түйін, дизайн - әрлендіру/ аббаттандыру/көркейту,
легализация - ресмилендіру т.б.
Құлаққа алғаш тосын естілгенімен, кейіннен күнделікті
тұрмыста қолданыла келе үйреншікті болып кеткен сөздерге
сынып, мәтін, пайыз, тікұшақ. ұшақ, сүдігер (зябь), кешен,
мердігерлік, бағдарлама, тұғырнама, айқындама (позиция),
гүлзар сияқты сөздер жатады.
Кейде бұрыннан қолданылып жүрген, жалпы халыққа түсінікті де
үйреншікті сөздерді жаппай аударуға салынып, құлаққа тосын жасанды
сөздер алушылық орын алуда: редактор - мұхартир, республика -
жұмхұрият, стол - жозы, мавзолей - кесене (сағана), материал
- жадығат, конспект - мұхтасар, волейбол - тоспадоп, блузка -
нымша, юбка - белшалғы, белдемше, канализация - кәріс, капуста
- орамкөк, картофель - ақтүйнек, душ - себезгі, аграрий - шаруа,
цитадель - рабат, лаборатория - зертхана, клуб - сауықжай,
климат - ықылым, конституция - низам, функция - уәзипа,
ресторан - сыйхана /мейрамхана, сервант - асадал, гардероб -
адалбақан, газета - үнқағаз, телефон - үнсандық, хоккей - салма
таяқ, сателлит - итаршы, притча - тәмсіл т.б. Осы сияқты
көптеген танымал сөздерді жасанды аудару принципін немен
түсіндіруге болады?
Соңғы он жылдың ішінде қоғамымыздағы болып жатқан
мәдени, саяси, әлеуметтік, ғылыми-техникалық жаңалықтарды
белгілеу үшін соны атаулар - жеке сөздер мен сөз тіркестері
пайда болды: салық (налог), нарықтық экономика (рыночная
экономика), жал (аренда), мәртебе (статус), кепіл, кепілдік
(гарантия), үрдіс (тенденция), заңды және жеке тұлғалар
(юридические и физические лица), сұхбат (интервью), делдал
(маклер) т.б.
Тіліміздегі
Достарыңызбен бөлісу: |