қосымшалар
арқылы
көптеген
жаңа
қолданыстар жасалынды: байқаушы (наблюдатель), орауыш
(катушка), отырыс (заседание), кепілдеме (рекомендация), контакт
(түйіспе), орама (обмотка), әрлеу (отделка), айырғыш (разъединитель),
ынталандыру (стимулирование), біріккен сөздер арқылы:
жеделхат - телеграмма, үнсандық - телефон, үнқағаз - газета,
әнұран - гимн, ғаламшар - планета, дәмқосар - приправа, сыйақы -
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
198
премия, шағынаудан - микрорайон, тоқбасар - дессерт/закусочная т.б.;
сөздердің тіркесуі арқылы : нарықтық экономика - рыночная экономика,
қума толқын - бегущая волна, лездік жылдамдық - мгновенная скорость,
жантәсілім
сатысы
-
терминальная
стадия,
валюта
тұрлаулылығы - устойчивость валюты, сөздердің қосарлануы
арқылы: тәлім-тәрбие - воспитание, арыз-шағымдар - жалобы,
қуғын-сүргін - репрессия, іс-әрекет - акт, тамыр-таныстық -
протекционизм т.б.
Жаңа ұғымдарға балама іздеуде кейбір қосымшалардың
активтенгендігін байқауға болады: -ым/-ім ( түсім - поступление,
сұраным - спрос / заявка, тізілім - реестр, тіркелім - прописка,
түсім - профит, жарылым - разлом, салым - вклад, жарияланым
- публикация, шағым - кассация, ұстаным - позиция, жеткізілім -
поставка т.б.); -ғыш/-гіш, -қыш/-кіш ( ажыратқыш -
выключатель,
қозғағыш
–
двигатель,
асқорытқыш
-
пищеварительный, талдағыш - анализатор, қоздырғыш -
возбудитель, реттегіш - регулятор, қойылтқыш - сгуститель,
анықтағыш - определитель, тұрақтандырғыш - стабилизатор,
т.б.); -ма/-ме ( мазмұндама - коммюнике, тізімдеме - опись,
топтама - подборка, айқындама - позиция, аяқтама - концовка,
лездеме - летучка, сынама - проба, түсініктеме - комментарий,
дәлелдеме - аргументация, сауалдама - вопросник, жүктеме -
нагрузка т.б.); -нама ( тұғырнама/ мақсатнама - платформа,
қасіретнама - трагедия т.б.), -лық/-лік ( дәйектілік – после-
довательность,
өкілеттік
–
полномочие,
делдалдық
–
посредничество, басымдылық – пререгатива, мәмілегерлік –
дипломатия, қауымдастық – ассоциация, даурықпалық -
демагогия, төрешілік - арбитраж, т.б.); -ландыру/-лендіру
( газсыздандыру - дегазация, жекешелендіру - приватизация,
тұрақтандыру - стабилизировать); -хана ( дәмхана - кафе, қабылхана -
приемная, зертхана - лаборатория, сүтхана - молочная кухня, төрхана -
усыпальница, расытхана - обсерватория, дыбысхана - фонотека,
мәжілісхана /мәслихатхана - конференцзал, мәйітхана/ өлікхана - морг,
ойынхана - игротека, т.б.); -жай сөзінің қосылуы арқылы ( киімжай -
гардероб, сауықжай - клуб, шешінбежай - раздевалка, сұхбатжай -
сторожка, ойынжай - стадион, жылыжай –теплица, шипажай –
санаторий т.б.).
"Ана тілі мүмкіншілігін пайдаланудың тағы бір жолы калька
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
199
тәсілі" -деп Ә.Қайдаров көрсеткендей, кейінгі кезде калькалау
тәсілі арқылы тілімізге енген сөздердің саны күннен-күнге өсуде:
Достарыңызбен бөлісу: |