Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет40/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87
Байланысты:
реферат

4.4. Физиканы оқыту құралдары 
Оқыту құралдары - деп оның көмегімен мұғалім оқытатын
ал оқушы оқитын ақпарат көзін айтады. 
Оқыту құралдарына: мұғалімнің сөзін, оқулықтарды, оқу 
құралдарын, 
хрестоматияларды, 
анықтамаларды 
үлестіріп 
берілетін дидактикалық материалдар; оқытудың техникалық 
құралдары; аспаптар жатқызылады. 
Техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) - деп техникалық 
құрылғылардың жиынтығы мен оларға арналған арнайы 
дидактикалық материалдарды айтамыз. Дәстүрлі ТОҚ-ның 
әртүрлі топтамалары бар. ТОҚ-қа енеді: 
-дыбыстық (аудио); 
-экрандық (визуальды); 
-экрандық-дыбыстық (аудиовизуальды). 
Дыбыстық құралдар – бұл ақпараттың дыбыс каналдары 
арқылы берілетін техникалық оқыту құралдары. Оған радио
магнитофон т.б. жатады. 
Экрандық құралдарға – ақпаратты көзбен көру каналдары 
арқылы берілетін ТОҚ-ы жатады. Олар: кодоскоп немесе 
графопроектор; эпидиаскоп, диапроекторлар т.б.
Экрандық-дыбыстық құралдар – бұл ақпараттың бірмезгілде 
көзбен көру және дыбыстық каналдар бойынша берілетін ТОҚ-н 
айтады. Оларға: кинопроектор, теледидар т.б. жатады. 
Қазіргі заманғы ТОҚ. Қазіргі заманғы ТОҚ-на жатады: 
- бейнепроекторлар; 
- күңгірт немесе шамалы жарықта да жұмыс істей беретін 
көлемі үлкен экрандар; 
- бейнекамера және бейнемагнитофон; 
- фреймграбер т.б. 
Осы ТОҚ-н нақты бір жүйеде қолдану перспективалы болып 
табылады. 
Сынып тақтасымен жұмыс істеу.


100 
Тақта сынып бөлмесінің алдыңғы қабырғасында, оған 
жазылатын жазулар көрінетіндей жоғарырақ орналастырылады. 
Мұғалім жаңа материалды түсіндіру кезде тақтада материалды 
тиісті жазулармен, формулалармен, суреттермен, сұлбалармен, 
сызбалармен сүйемелдейді. Мұғалім бормен тақтада жақсы жаза 
және сурет салуды білуі керек. Бос уақытта қолды жаттықтырып, 
келесі әдістерді сақтау керек: 
- жазу жақсы көріну үшін борды басыңқырауды; 
- жазу көлемі жақсы көріну үшін әріптердің ірі болуы
- тақтадағы жазулардың көлденеңнен болуын; 
- тақтадағы керек еместерді кетіру үшін шүберекпен және 
жұмсақ ысқышпен жұмыс істеуді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет