Зерттеудің жетекші идеясы: инклюзивті білім беру жағдайында болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану даярлығы жалпы білім беру мен оқыту үдерісінің
тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:құзіреттілік тұғыр
(В.М.Авдеев, Н.А.Бессмертная), тұлғалық-бағдарлық тұғыр (В.А.Сластенин,
Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко), аксиологиялық тұғыр (Б.С. Гершунский, Ш.А.
Амонашвили),
іс-әрекеттік
тұғыр
(П.Я.Гальперин,
А.И.Леонтьев,
С.Я.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Г.В.Бабина, Н.А.Чевелева, Л.А.Черкасова,
С.Н.Шаховская, А.Г.Шембель),контекстік тұғыр А.А.Вербицкий, модульды
тұғыр (Т.И.Шамова, Г.В.Селевко), жүйелілік тұғыры (А.Т.Куракин,
Л.И.Новикова, В.Н.Садовский); сонымен қатар инклюзивті білім беру жайлы
еңбектер, АКТ-ны болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығына
қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер мен тұжырымдамалар. Зерттеу көздері:ҚР Үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым
министрлігінің ЖОО білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив)
құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы
міндетті білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру
тұжырымдамасы мен бағдарламасы; зерттеу мәселесібойынша философтардың,
педагогтардың,
психологтардың,
ғалымдардың
зерттеу
еңбектері;
педагогтердың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білім беру үдерісінде қолдджану туралы
ғылыми зерттеулер мен еңбектер. Зерттеу кезеңдері: 1 кезең (2014-2015 жж.) – теориялық-ізденушілік: зерттеу мәселесі
анықталып, оның мақсаттары мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми
аппараты дайындалды, зерттеудің теориялық негізі жасалды. Зерттеу
мәселесіне
байланысты
философиялық,
әлеуметтік,
психологиялық,
педагогикалық және әдістемелік еңбектерге шолу және талдаулар жасалынды;
зерттеу мәселесіне сәйкес,мұғалімдердің озық тәжірибелері жинақталып,
арнайы осы мақсатқа лайықталған дидактикалық материалдар іріктелінді,
педагогикалық эксперименттің анықтаушы кезеңі орындалды. Отандық,
шетелдік іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау барысында
қарастырылып отырған мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды,
ғылыми мақалалар жарияланды. Зерттеудің теориялық және әдістемелік
бөлімдерін сипаттауға қажетті материалдар іріктелініп, диссертацияның
мақсаты мен міндеттері, құрылымы анықталды.
2 кезең (2015-2016 жж.) – тәжірибелік эксперименттің қалыптастырушы
кезеңі орындалды. Эксперимент барысында зерттеудің ғылымилығы негізделіп,
14
жоғары оқу орны жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануының құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалды. Инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының әдістемесі
әзірленіп, тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді.
3 кезең (2016-2017жж.) – эксперименттің жұмыс барысында алынған
мәліметтерінің қорытындысы шығарылды. Зерттеу нәтижелері талқыланып,
статистикалық-математикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді, диссертацияны
талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды.