Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

Зерттеу әдістері. Алға қойылған мәселелерді шешу үшін келесі зерттеу 
әдістері қолданылды: 
1. Теориялық әдістер: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелікзерттеулер мен әдебиеттердішолу 
және талдау, білім беру стандарттарын, білім беру бағдарламаларын, басқа 
нормативтік құжаттарды және педагогикалық озық іс-тәжірибелерді талдау, 
индуктивті-дедуктивті талдау, жинақтау, салыстыру, модельдеу. 
2. Эмпирикалық 
әдістері: бақылау, әңгімелесу, сұрау, тестілеу, 
педагогикалық 
эксперимент, 
эксперимент 
мәліметтерін 
өңдеудің 
статистикалық әдістері, математикалық статистика әдістері.
Зерттеу базасы: зерттеудің педагогикалық эксперименті бөліміне120-
дан астам студент қатысты. Оның ішіндеАлматы қаласындағы Абай 
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен 5В010200-
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 60студенті, 
Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық 
институтынан 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
мамандығының 60 студент қатысты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы: 
– «инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану даярлығы» ұғымына 
анықтама берілді; 
–инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
даярлығының 
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері айқындалды; 
–инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің АКТ-ны қолдану даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі 
жасалды; 
–инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің АКТ-ды қолдану даярлығының әдістемесі жасалып, оны жоғары 
оқу орындарына оқу үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет