Оралбекова алия курбановна


Зерттеудің жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Зерттеудің жетекші идеясы: инклюзивті білім беру жағдайында болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану даярлығы жалпы білім беру мен оқыту үдерісінің 
тиімді ұйымдастырылуына ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:құзіреттілік тұғыр 
(В.М.Авдеев, Н.А.Бессмертная), тұлғалық-бағдарлық тұғыр (В.А.Сластенин, 
Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко), аксиологиялық тұғыр (Б.С. Гершунский, Ш.А. 
Амонашвили), 
іс-әрекеттік 
тұғыр 
(П.Я.Гальперин, 
А.И.Леонтьев, 
С.Я.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Г.В.Бабина, Н.А.Чевелева, Л.А.Черкасова, 
С.Н.Шаховская, А.Г.Шембель),контекстік тұғыр А.А.Вербицкий, модульды 
тұғыр (Т.И.Шамова, Г.В.Селевко), жүйелілік тұғыры (А.Т.Куракин, 
Л.И.Новикова, В.Н.Садовский); сонымен қатар инклюзивті білім беру жайлы 
еңбектер, АКТ-ны болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлығына 
қатысты психологиялық, педагогикалық зерттеулер мен тұжырымдамалар. 
Зерттеу көздері:ҚР Үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым 
министрлігінің ЖОО білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив) 
құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу 
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы 
міндетті білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру 
тұжырымдамасы мен бағдарламасы; зерттеу мәселесібойынша философтардың, 
педагогтардың, 
психологтардың, 
ғалымдардың 
зерттеу 
еңбектері; 
педагогтердың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды білім беру үдерісінде қолдджану туралы 
ғылыми зерттеулер мен еңбектер. 
Зерттеу кезеңдері: 
1 кезең (2014-2015 жж.)теориялық-ізденушілік: зерттеу мәселесі 
анықталып, оның мақсаттары мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми 
аппараты дайындалды, зерттеудің теориялық негізі жасалды. Зерттеу 
мәселесіне 
байланысты 
философиялық, 
әлеуметтік, 
психологиялық, 
педагогикалық және әдістемелік еңбектерге шолу және талдаулар жасалынды; 
зерттеу мәселесіне сәйкес,мұғалімдердің озық тәжірибелері жинақталып, 
арнайы осы мақсатқа лайықталған дидактикалық материалдар іріктелінді
педагогикалық эксперименттің анықтаушы кезеңі орындалды. Отандық, 
шетелдік іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау барысында 
қарастырылып отырған мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды, 
ғылыми мақалалар жарияланды. Зерттеудің теориялық және әдістемелік 
бөлімдерін сипаттауға қажетті материалдар іріктелініп, диссертацияның 
мақсаты мен міндеттері, құрылымы анықталды. 
2 кезең (2015-2016 жж.) – тәжірибелік эксперименттің қалыптастырушы 
кезеңі орындалды. Эксперимент барысында зерттеудің ғылымилығы негізделіп, 


14 
жоғары оқу орны жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануының құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалды. Инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының әдістемесі 
әзірленіп, тәжірибе жүзінде оның тиімділігі тексерілді. 
3 кезең (2016-2017жж.) – эксперименттің жұмыс барысында алынған 
мәліметтерінің қорытындысы шығарылды. Зерттеу нәтижелері талқыланып
статистикалық-математикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді, диссертацияны 
талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет