Болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімінің
инклюзивті білім беру
жағдайында
кәсібидаярлықмәселесі
Болашақ бастауыш
сынып
мұғалімінің
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдануғадаярлау
мәселесі
Инклюзивті
білім
беру
жағдайында
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдануға
даярлау мәселесі
Психологиялық
дайындығы (эмпатия,
мотивация, адаптация,
оптимизм,
толеранттылық)
Ақпараттық
сауаттылығы
(ақпараттық
мәдениет, ақпараттық
қауіпсіздік
ақпарат
көздерін
қолдануда
этикалық-
эстетикалық
аспектілері (ақпарат
дереккөздерін,
сілтемелерін
дұрыс
қолдану).
Инклюзивті
білім
беру
жағдайында болашақ бастауыш
сынып мұғалімінің АКТ-ны
қолдану барысында ерекше
білім беруге қажеттіліктері бар
балаларға
рухани-
адамгершілік, толеранттылық,
оптимистік,
ынталандырушылық сипатына
ие қарым-қатынас жасау, АКТ
құралдарымен жұмыс жасау
барысындағы
ақпарат
сауаттылық,
мәдениет,
қауіпсіздік
этикалық-
эстетикалық шарттарын сақтау
іскерліктері.
Кестеде көрсетілгендей,
болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инклюзивті
білім беру жағдайында кәсіби даярлауда эмпатия, мотивация, адаптация,
оптимизм, толеранттылықты қалыптастырудың маңыздылығы алдыңғы орында
болады
Эмпатия – педагогикалық маңызды құбылыс ретінде көптеген өзіндік
ерекшеліктерге ие. Мұғалімдерде де, оқушыларда да эмпатияның дамуына
59
тежеу беретін - адамдармен көп араласпауды қалайтын, басқаның жан
күйзелісіне бейжай қарай алатын ішкі ойдың туындысы. Мұғалім оқушыға
өзінің эмпатиялық қарым-қатынасын көрсетуде өзінің ғана көзқарасын
міндеттейтін болса, эмпатияоқушының ішкі жан-дүниесінің тура көрсете
алмайды. Бала есейе келе эмпатиялық қасиеті де азайып, тіпті, жойылып кетуі
мүмкін. Сондықтан бастауыш сыныптағы әр сабақта мұғалім оқушының
шығармашыл тұлға ретінде дамуына керекті бағытты көрсетіп отыруы керек.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлаудың педагогикалық негіздері өзіндік ерекше дидактикалық жүйенің
болмысын,
құраушы
компоненттерін,
қызмет
ету
ерекшеліктерін,
қолданылатын әдістер мен тәсілдерін, оқыту мен тәрбиелеу формаларын
қарастырады.
Зерттеу нысанасы болып отырған бастауыш мектеп мұғалімдерін
инклюзивті білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындау саласына қатысты,
осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен арнайы еңбектерді, жоғары
оқу орындарындағы білім беру формаларын, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды шолу және талдау барысында
инклюзивті білім беретін педагогтің профессиограммасы әзірленбегені,
болашақ педагогтерді жаңа кәсіби қызметке даярлаудың тиімді түрлері мен
мерзімдерінің әлі де нақтыланбағанын, педагогтерді инклюзивті білім беруге,
оның ішінде атап айтар болсақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияны
пайдалануға
дайындаудың
мазмұны
мен
арнайы
оқу-әдістемелік
материалдарының әзірленбегені анықталды.
Ал ҚР МЖББС «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандық түлектеріне қойылатын талаптарға коммуникативтік, ақпараттық;
ғылыми-шығармашылық; рефлексивтік, диагностикалық; жобаларды жүзеге
асыру мен модельдеу; жағдаяттарды шешу мен анықтау, өзін-өзі жүзеге асыру;
өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту интегративті құзіреттері кәсіби
құзіреттердің қалыптасуына кіріктірілген.
Көріп тұрғанымыздай бұл мамандықтың өзіндік күрделілігі мен өзіндік
ерекшелігі болып бастауыш сынып мұғалімі тек мұғалім ретінде ғана емес,
сонымен қатар педагог-кеңесші, педагог-ақпарат жіберуші мен қабылдаушы
педагог-ғалым,
педагог-жетекші,
әдіскер-зерттеуші
т.б.
қызметтерін
біріктіретінін көрсетті. Сонымен қатар бітіруші түлектер нақты педагогикалық
іс-әрекеттегі жағдаятты және кәсіби міндеттерді шығармашылықпен шешу
біліктіліктерінің дамытуын қажет етеді. Осыған байланысты инклюзивті білім
беру ортасында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық
даярлығының ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр[144].
Осы күнге дейінгі бұл бағытта, көп жағдайда, көп ретте, қана ерекшелігі
бар балалар мен дамуында ауытқуы бар балалар туралы білім беру және
педагогикалық
үдерісте
ол
ерекшеліктерді
ескерумен
ғана
байланыстымәселелер ғана қарастырылып келген. Ал қолда бар зерттеулер мен
еңбектерді талдауда теориялық және практикалық негіздері арнайы
60
жүйеленбесе де, қарастырылып отырған мәселенің түрлі қырлары
қарастырылған.
Кадирбаева Р.І. болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуға кәсіби даярлау дегеніміз білім беру үдерісінің аясында
студенттердің
кәсіби-педагогикалық
қызметке
бағдарлануына
және
педагогикалық
шығармашылық
шешімдер
қабылдауына,
оқушылар
тұлғасының өзіндік және шығармашылық шешімдер қабылдауына қол
жеткізуде ұйымдастырушылық формаларды құру дағдыларын меңгерулеріне
жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзара
ықпалдастық байланысын құруды көздейтін күрделі үдеріс деп өзінің
анықтамасын ұсынады. М.Сұлтанбек жоғары оқу орнын бітірген
мамандардыңкәсіби дайындығында бірнеше тенденцияны бөліп көрсетеді:–
жеке
тұлғаның
кәсіби
әлеуеті
және
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың мүмкіндігін өзінің тұлғалық сапаларын жүзеге асыруға
жалпыадамзаттық құндылықтарды, болашақ мамандар өзінің дамуы үшін білім
саласында жаңа ізденістер, жолдарды гуманизациялық тұрғыда қарастырады;
болашақ мамандар даярлауға қойылатын талаптар оның кәсіби білімі мен
жалпы дайындық деңгейіне ғана емес, оның шығармашылық қабілетінің дамуы
мен интеллектуалдық әлеуетіне де байланысты; нарықтық экономика
жағдайында адам еңбек нарығын еркін таңдауға ие болып, өмірде үлкен
сұранымға ие болады; нарықтық экономика жағдайында адам үнемі өзгерістегі
жағдаяттарға байланысты кей жағдайда қысқа мерзім ішінде жаңа мамандықты
меңгереді; басқа мамандықтарға қарағанда ақпараттандыру аясындағы
мамандар саны күн сайын өсіп келеді [145].Ғалымболашақ мамандардың
ізгіліктік жолдары арқылы бүкіл адамзатқа тән құндылықтардың мәнісін түсінуі
мен шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіре отырып, ақпарат қоғамындағы
болашақ педагогтың кейпін сипаттап берді.
Л.Ташимованың пікірінше болашақ мұғалімді кәсіби даярлауда жаңа
сатыға көтеру, жетілдіру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана
емес, ақпараттық-компьютерлік технологияларды кеңінен пайдалану арқылы
оқытуды ұймдастыру формаларын жетілдіру керек. Бұл мәселе болса өз
кезегінде оқу үрдісін дербестендіру (бұл нақты көмпьютерлік бағдарлама
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін); нақты іс-әрекетке негізделгенкері
байланысты қамтамасыз ету (компьютердің көмегімен білі алушы өзінің білімін
бақылауға, тексеруге мүмкіндік алады); материалды меңгеру жылдамдығын
арттыру сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі[146].
С.Т.Сиргебаева өзінің зерттеу жұмысында жоғары оқу орындарындағы
студент білім алу үдерісінде заманауи бағдарламалық-техникалық оқу
құралдарын үйлесімді қолдана отырып, оқу материалын дәл, нақты баяндап
бере алуы керек. Сонымен бірге, білім беру технологияларын қолдануға
бейімділігіі болып, оқу үдерісін ұйымдастыруда және өз білімін тексеруде
және бақылауда ақпараттық технологияларды пайдалана алатын дағдысы
болуы керек. Болашақ мұғалім ретінде студент алынған нәтижелерді талдап
және өңдеп, ғылыми және педагогикалық эксперименттер жүргізе алуды
61
үйреніп, өзін қызықтырған ақпараттарды жүйелі түрде жинақтап, өңдеп іс-
тәжірибесінде орнымен пайдалана алатындай болуы тиіс. Оған қоса, ол өз
әрекетін жоспарлап, бағдарлама жасап, жобалай отырып, бағдарлама арқылы
тиісті эксперименттер жасай алуға дағдылануы тиіс. Ғалым басшылыққа
алынған талаптарды жоғары оқу орындарының әлемдік кеңістігіне кірігуінің
алғышарты болып табылады дейді[147].
В.В.Хитрюктің пікіріне сүйене отырып, инклюзивті білім беру шарттары
педагогтің кәсіби дайындығының мазмұнын анықтайды және оның
функцияларын өзгертеді: педагог әрекеттерінің көпнұсқалы және көпвекторлы
болуы, көпсубъектілігімен детерминденген инклюзивтік білім беру кеңістігі
және шешілуі тиіс педагогикалық міндеттердің көпфункционалды болып келуі;
коммуникативтік құзірет шегінің кеңеюі; білім беру нәтижесінің сараланған
көпдеңгейлі анықтамасы және нақтылануы; балалар ұжымын сан түрлі
айырмашылықтар мен «өзгешліктерге» деген төзімділікке, сыйластыққа
тәрбиелеуге дайындау. Осы ерекшеліктерді қабылдау тек арнайы даярланған
мұғалімдердің ұйымдасқан әрекетінің негізінде ғана жүзеге асырылады деген
ойды қостау керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері М.И.Дьяченко, Л.А.
Кандыбович,
С.И.Волкова,
Г.М.Коджаспирова,
Ш.А.Амонашвили,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков еңбектерінде зерделенсе, қазақстандық ғалымдардан
бастауыш білім берудің әдіснамалық, дидактикалық, әдістемелік мәселелерімен
Қ.А.Аймағамбетова, С.Р.Рахметова, Ә.С.Әмірова, Ә.Е.Жұмабаева және
т.б.,ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
аясында
болашақ
мұғалімдерді кәсіби дайындаудың жетілдіру мәселелерін Б.Т.Барсай,
А.К.Мынбаева,
Л.В.Нефедова,
Г.А.Абдулкаримова,
Н.Е.Исабек
С.К.Абдибекова, К.Т.Мулдабекова, А.Қ.Мошқалов, Э.Уайдуллақызыжәне тағы
басқа зерттеулер бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау сапасын арттыруға
қосылған үлес болып табылады.
Сонымен, инклюзивті білім беруге жоғары оқу орындарында болашақ
мұғалімдерді дайындау туралыжалпы түрде мынадай пікірге келуге болады.
Болашақта бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруге дайындалатын
педагог өзінің кәсібіи-құндылық бағдарын келесідей жүйеде құруды үйренеді:
- баланың жеке тұлғасының қаншалықты дәрежеде ақауланғанына
қарамастан, оны құндылық ретінде мойындауды;
- балаға тек білім беріп қана қоюды емес, денсаулығының ақаулығына
қарамастан, толық дамытуға бағдар ұстануды;
- адамзат жинақтаған білім мен мәдени қазынаны денсаулығында ақауы
бар балаларға жеткізуші ретінде де, сол қазынаның иесі ретінде де өзінің үлкен
жауапкершілікте болатынын сезінуді;
- осы салада жұмыс істейтін педагог қызметінің шығармашылық мәнін, көп
рухани күші менбойындағы қуатын жұмсауды қажет ететін болғандықтан,
денсаулығының мәнін айқын түсінуді үйренеді.
Ендігі ретте бастауыш сыныпта және осы деңгейде инклюзивті білім
беруде жаңа педагогикалық технологияларды, оның ішінде, атап айтқанда,
62
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану туралы зерттеулер мен
еңбектерге тоқталайық.
Осыдан біраз жылдар бұрын «оқыту технологиясы» термині белсенді
қолданылды. Оның мәні білім беру үдерісінде барынша көп техникалық
құралдарды пайдалану болып табылады. Оларды ендіру тиісті әдістемелік
тәсілдерді қажет етті. Нәтижесінде, «техникалық оқыту құралдары – оқыту
технологиясы» тізбегі пайда болды. Техникалық құралдарды оқу үдерісіне
ендіру әрқашан оқытушылық құрамды қайта даярлаумен және оқыту
бағдарламасын өзгертумен қатар жүрген.
Оқыту
технологиясын
А.И.Тажигулова
барынша
егжей-тегжейлі
қарастырған. Ғалым бұл терминді әр оқушының үйлесімді дамуы үшін оқу
үдерісін ұйымдастыру туралы білімдер мен машықтардың жиынтығы деп
түсінеді [148, б.47].
Оқыту технологиялары әрдайым ақпараттық болған, себебі ол ақпараттық
ресурстарды жүйелендіру, сақтау және берумен байланысты.Көрнекілік үшін
оқыту технологиясының даму кезеңділігін белгілеуге болады:
–ауызекі және жазба тіл кезеңі;
–бейнелерді суреттерге өткізу жолымен қоршаған әлемді үлгілеу кезеңі;
– компьютерлік оқыту кезеңі.
Е.С.Полат АКТ құралдары төмендегідей мүмкіндіктерге жол ашады деп
санады:
–әр түрлі аймақтарда немесе әр түрлі елдердегі мектептердің педагогтары
мен білім алушыларына арналған бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
– ғылыми-әдістемелік орталықтарының кең шеңбер аясында білім алып
жүрген адамдарға оқушыларға кеңестік көмек ұйымдастыру;
–педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қашықтықтан оқыту
желісін ұйымдастыру;
–өзінің мәдени деңгейін арттыру мен дүниетанымын жоғарылату
мақсатында қатысушылардың қызығушылықтарына сәйкес бірлескен жобалар
аясындағы сұрақтармен, тақырыптармен, түрлі ақпараттармен, идеялармен,
жоспарлармен алмасуын ұйымдастыру және т.б. мүмкіндіктерге жол ашады
деді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны
бастауыш
сыныпта
инклюзивті білім беруде қолданудың педагогикалық негіздері ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қай түрлерін бастауышта инклюзивті
білім беру үдерісінде қолдануға болатынын және қандай дидактикалық
талаптарды орындау арқылы оған қол жеткізуге болатынын қарастырады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны
бастауыш
сыныпта
инклюзивті білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияның басты үш
қызмет орындайтыны белгілі. Атап айтқанда:
1.Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны
бастауыш
сыныпта
инклюзивті білім берудің өтімділігі.Инклюзивті білім беру үдерісінде
оқушыларға оқу мен жазуды үйренуді және әрдайым жеңіл де оңтайлы ету
мақсатында қолдануда техникалық қолдау болуын көздейді.
63
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныпта
инклюзивті
білім
берудің
дидактикалық
тұрғыдан
атқаратын
қызметі.Инклюзивті білім беру барысында қалыпты балалардан айырмай-ақ,
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін лайықты оқу ортасын құру
мүмкіндігі үшін қолданылады.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бастауыш сыныпта
инклюзивті білім берудің коммуникациялық (қарым-қатынас жасау)
қызметі.Оқушылардың оқу барысындағы өзара танымдық әрекеттеріне
ұйымдастыруға қолдау көрсетеді, қалыпты қоғамдағы өмірдің табиғи
коммуникациялық дағдыларын меңгеруге үйрету тиімділігі зор[149, б.201].
Негізінде, дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту үшін білім беру
үдерісінде пайдаланылатын құралдардың негізгі түрлері мыналар:
–классикалық технологиялар, мысалы,даму мүмкіндігі шектеулі білім
алушыларға арналған қызметтері ішіне орнатылған компьютерлер;
–қолжетімді ақпарат үлгілері, атап айтсақ,сөйлейтін кітаптар, Брайль
жүйесі, тағы басқалар;
–білім алушылардың оқу әрекеттерін орындау мүмкіндіктерін жақсартуды
көздейтін қосымша технологиялар - бағдарламалық, техникалық және
аппараттық құралдар болып келетін.Қосымша технологияларға сондай-ақ
қозғалыс қондырғылары, қосымша жабдықтар, арнайы пернетақталар да
жатқызылады.
Инклюзивті білім беруде қолданылатын негізгі құралдар қатарында оқуға
арналған бағдарламалық жасақтама және виртуалды орта да бар. Оларды
барлық оқушылар қолдана білуі тиіс. Осы мәселе инклюзивті білім беру
үдерісіндегі барлық оқушылар үшін пайдаланылатын технологиялардың
бірыңғай дизайнын жасаудың маңыздылығы туралы қорытынды шығады.
Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары болуынан мүмкіндігі шектеулі
оқушылар үйрену, ғаламтор арқылы қарым-қатынас жасау үшін қарапайым
дербес компьютерді пайдаланады. Ғаламтордағы балаларға арнайы әзірленген
ақпараттық ресурстар ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу-танымдық
тұрғыдан үлкен мүмкіндіктерін ашады. Олар ғаламтор арқылы қарым-қатынас
жасау аясын кеңейтіп, сабақ бойынша немесе жеке қызығушылығы бойынша
ақпарат іздеуге, қашықтан білім алуға және компьютер мен ғаламтордың тағы
басқа толып жатқан мүмкіндіктерін оқу-танымдық қажеттіліктеріне сай
жаһандық желіні қолданады.
Көп жағдайда АКТ-ның пайдаланылуы тек бір ғана – оқушылардың білім
мен ақпарат алуын сипаттайтын ақпараттық қырымен ғана қабылданады. Бұл
мағынасының бұрмалануын тудырады, себебі АКТ «білімдерді құру, жасауды»
білдіретін сындарлы қырынан да қарастырылуы тиіс.Осының нәтижесінде
көптеген зерттеушілер [150, б.134; 151, б.170; 152, б.25] АКТ-ны «цифрлық
технологиялар» синонимімен ауыстырып, мұны ақпараттық және сындарлы
құраушылардың арасында теңгерім болуы керектігімен дәйектейді. Ақпараттық
ресурстарды пайдалану дағдылары сондай-ақ ауқымды мағынада да
64
қарастырылады. Мұны әр оқушының оқу және тану үдерісінде сандық
технологияларды пайдалана білуі деп түсінуге болады.
Білім
беру
саласында
пайдаланылатын
барлық
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды 2 үлкен топқа бөлуге болады,
олар:классикалық технология және қолданбалы технология.
Классикалық немесе технологиялық АКТ жабдықтар мен бағдарламалық
қамтамасыздандырудан тұрады. Бұл топқа компьютерлер, интерактивті
құрылғылар, ақпаратты оқуға арналған құрылғылар және тағы басқалар кіреді.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруға келсек, ол жалпы да, мамандандырылған
да бола алады, мысалы: дамуында белгілі бір психофизикалық қиындықтары
бар балаларға арналған немесе инклюзивті құзыреттілігі бар педагогтарға
арналған.
Қолданбалы АКТ мүмкіндігі шектеулі балалардағы ауытқушылықтарды
анықтау және түзету үшін пайдаланылады. Оларға бақылау құралдары, рөлдік
ойындарға арналған заттар, коммуникациялық құралдар және т.б. жатады. Білім
беру мекемесінде дамуында ерекшеліктері бар баланың барлық мүмкін болған
құзыреттіліктердің бәрін алуынакөмектесу үшін классикалық та, қолданбалы да
АКТ-ны пайдалану маңызды.
Ғалымдар[153, 154, 155]мектеп аясында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі
балалардың дамуына сандық технологиялардың тигізетін ықпалын зерттеулерін
талдау барысы, оларды бірқатар тұжырымдар аясына жинақтауға болатыны
анықталды:
–сандық технологияларды пайдалану ерекше қажеттіліктері бар
балалардың дамуына елеулі ықпал етеді;
–заманауиАКТ барлық балаларға бірдей қолжетімді емес;
–мүмкіндігі шектеулі баласын арнайы АКТ-мен қамтамасыз етуге барлық
отбасының бірдей мүмкіндігі жоқ;
–денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар АКТ-ны мектептен гөрі үйде
көбірек пайдаланады;
– педагогтердің АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдері жұтаң, сондықтан
бұл аспаптарды оқу үдерісіне енгізуге асықпайды;
–мектеп мекемелерінің заманауи АКТ-мен жабдықталу деңгейі
айтарлықтай төмен, бұл елімізде инклюзивті білім беруді енгізуді тежеп отыр.
Әрине, АКТ тұлғаның психикалық дамуына тек оң ықпалын ғана емес, кері
әсерін де тигізе алады. АКТ-ны қолданудың зиянды жақтарына мыналарды
жатқызуға болады:
–қауіпті байланыс мүмкіндігі (АКТ-ны дұрыс қолданбаған, ескі
монитормен жұмыс істеген, қауіпсіздік ережелерін бұзған және т.б.
жағдайларда);
–компьютерді ұзақ пайдалану әсерінен баланың физиологиялық
денсаулығына кері әсері (көздің шаршауы, қапырық бөлмеде жұмыс істеу және
т.б.);
–құрастыру, қолөнер, рөлдік ойындар тәрізді тіршілік әрекеттерінің басқа
да түрлерін елемеу;
65
–баланың таным қабілетіне кері ықпал етуі [156].
Инклюзивті білім берудің тиімділігін арттырудағы болашағы бар бағыт –
стереоскопиялық дидактикалық оқыту құралдарын жасау болуы мүмкін.
Сонымен қатар, И.В.Роберт өзінің еңбектерінде білім беру үдерісіндегі
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын пайдаланудың
негіздерін айқындады. Олар:
1. Ақпараттық технологиялардың көмегімен оқыту үдерісінің барлық
деңгейінде жетілдіру, яғни оқыту үдерісі мен сапасын, танымдық іс-әрекетін
жоғарылату, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру, қажет ақпараттарды
іздеу мен дер кезінде табу, тиімділігін көтеру.
2 Білім алушының жеке тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғам жағдайында
өмір сүре алу икемділігі, яғни әр түрлі ойлау қабілеттерінің пайда болуы мен
дамуы, қиын және күрделі жағдаяттардан туындаған мәслелерден шығу
жолдарын табу, мультимедия технологияларында пайдалана алу іскерліктерін
дамыту,ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
3.
Қоғамның тапсырыстарын орындау іскерліктері, яғни ақпаратты
талдау мен жинақтау, саралау мен ажыратуда сауатты тұлғаны дайындау; білім
алушының компьютерді тек білім құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар
басқа да ішкі жан дүниесінің қабілеттіліктірінің әлеуетін ашу құралы ретінде
тану т.б.
Көріп тұрғанымыздай ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
тиімділігі жан-жақты зерттелген[157]. Ендігі мәселе - бастауыш сыныпта
инклюзивті білім берудегі мұғалімнің АКТ қолдануының өзіндік
ерекшеліктерін қарастыру.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың
негізгі педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысқан ғалымдар,
білім
беруді
ақпараттандыру
саласында
зерттеушілер
Ж.А.Қараев,
И.И.Антипов, Е.Ы.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев, С.С.Үсенов, С.М.Кеңесбаев
және т.б. өз еңбектерінде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-
тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі, оқу орындарындағы
пәндерінің мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін
бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым,
ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету керектігін,
педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді.
Ғылыми еңбектерге талдау жүргізе келе, біз, мұғалімнің компьютерлік
технологиялармен жұмысына мына функциялар кіретінін анықтадық:
– оқу үдерісін сыныптың және пәннің өзіндік деңгейіне қарай
ұйымдастыру (оқу үдерісінің кестесі, бақылау, қорытынды бақылау);
– жұмыс орындарын реттеу, сыныпты ұйымдастыру, нұсқаулық жүргізу,
сынып ішілік желілерді басқару т.б.;
– оқушыларға жеке бақылау жасау, жеке көмек беру, баламен жеке
«адами» байланыс орнату;
– ақпараттық
ортаның
компоненттерін
даярлау
(әртүрлі
оқу,
демонстрациялық құралдар, бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу-көрнекі
66
құралдар т.б.), олардың белгілі бір оқу курсының мазмұнымен пәндік
байланысы. АКТ-ны сабақтың әрбір кезеңдерінде мақсатына байланысты
қолдануға болады.
Сонымен қатар сабақтың оқу үдерісін талдай келе, сабақта қолданысқа ие
дәстүрлі және инновациялық құралдардың сәйкестік кестесі құрастырылды (8-
кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |