Ақпараттық-дидактикалық блок


Энгельман синдромы (СЭ) (OMIM 105830)



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата08.11.2022
өлшемі283,44 Kb.
#48401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
акпарат блок

 


Энгельман синдромы (СЭ) (OMIM 105830). 
Энгельман синдромы 15 хромосоманың аталық текті БАД немесе аналық текті 15q11-q13 
хромосомалық аймақтың аномалияларынан байланысты дамиды. Көпшілік жағдайда ауру 
себебі (68 %) 15q11-13 аймақтағы (3-5 Мб) делеция, БАД (7 %), 15q11-q13 аймақтағы 
UBE3A генінің мутациясы (ағыл. ubiquitin protein ligase 3A)- 11 %, импринтингтік орталық
ақаулар - 3 % болып табылады. 11 % жағдайда ауру себебі анықталмаған. Ауру 
психомоторлы дамудың тежелуімен, олигофрениямен, сөйлеу кемістігімен сипатталады. 
Науқастар кеш жүреді, аяғы арасын алшақ басып, қолын шынтақтан бүгіп, механикалық 
қуыршақ қозғалысын еске түсіретіндей қозғалып - өзгеше жүріспен жүреді. Бірқатар
науқастарда құрысулар, қозғалыс координациясының айқын бұзылуы, бұлшық ет 
гипотониясы, қылилық, шаш пен теріде гипопигментация байқалады. ЭС диагностикалау 
әдістері Прадер-Вилли синдромын диагностикалауға арналған әдістермен бірдей болады. 
 
Үшнуклеотидты қайталаулар экспансиясы аурулары (ҮҚЭА) 
ҮҚЭА - «динамикалық мутациялардан» немесе геннің мағыналы немесе реттеуші бөлігінде 
тандемді үшнуклеотидті қайталаулар (ТНҚ) көшірмелерінің көбеюінен дамитын тұқым 
қуалайтын аурулардың ірі тобы. Кейбір гендерде қалыпты жағдайда үшнуклеотидті 
қайталаулардың белгілі бір саны болады, ол популяцияда бірнеше ондықтан бірнеше жүзге 
дейін болады. Генде үшнуклеотидті қайталаулар саны белгілі бір шектік деңгейден (шек) 
асқанда ауру пайда болады. «Динамикалық мутациялардың» пайда болу мен тұрақтану 
үдерісі екісатылы сипатта болады. Бірінші сатысында ТНҚ санының популяциядағы
қалыпты деңгейінен жоғарлауы болады. Кейбір ауруларға ТНҚ саны аналық жыныс 
жасушаларының мейоздық бөлінуі үдерісінде көбеюі тән (оогенез), ал енді біреулеріне–
сперматогенез үдерісінде, үшіншісінде - ондай тәуелділік болмайды. Мутациялық үдерістің 
бастапқы кезеңінде популяцияда аурудың белгілерінсіз ТНҚ саны қалыпты мөлшерден 
жоғары гендер пайда болады. Бұл күй «премутация» деп аталады. Премутациясы бар 
гендер тұрақсыз болады, бұл бірқатар жағдайдарда ТНҚ санының одан әрі ұлғаюына, 
толық мутацияға және ауру дамуына алып келуі мүмкін. «Динамикалық мутациялардың» 
пайда болуының бір механизмі митоз немесе мейозда ДНҚ репликациясы үдерісінде ДНҚ-
полимеразалардың қызметінің бұзылуы болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет