Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет31/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

Сауалнама әдісі ғылымда кеңінен тараған және кӛбіне жиі қолданылатын 
әдістердің бірі. Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-
құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың кӛмегімен ол білім алушылардың 


64 
бүгінгі қылықтары туралы кең кӛлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар 
олардың ӛткен уақыттағы тыныс - тіршілігімен бірге болашақ жоспары, 
ниеттері жӛнінде ақпарат алады. Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті 
жай-күйі жӛнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс 
болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. 
Сұраулардың кӛмегімен ақпарат алып жиналады. Ғылымда сауалнама 
жүргізуші адамдар-анкетерлар (Сауалшылар) және сұрақтарға жауап 
қайтарушылар - респоденттер деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына 
қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бӛлінеді. 
Сауалнама әдісінің екі түрі болады, олар: анкеталық және сұхбат, сұхбатнама. 
Сұрақтарға жауап алу ұжымдардың және жеке тұлғалардың кез келген мәселе 
негізінде пікірін білуге мүмкіндік жасалады. Бұл әдіс әсіресе құжаттардың 
кӛмегімен зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану күрделі қиыншылықтар 
болған кезде қолданылады. Сауалнама кӛбінесе алдын ала дайындалған 
анкетамен жүргізіледі, сауалнамаға қатысушының аты-жӛні кӛрсетілмей 
жасырын түрде болады. Жалпы анкета үш бӛлімнен құрылады: - үндеулік;- 
негізгі; - тӛлқұжаттық.
Үндеулік сауалнамада зерттеудің қысқаша мақсаты айтылады және мәні 
мен маңыздылығы айтлып, зерттеу нәтижесі қалай қолданылатыны жӛнінде 
жазылады, анкетаны орындау ережесі кӛрсетіледі, кері келген жауаптардың 
жасырын түрінде болады.
Сауалнаманың негізгі бӛлімінде керек ақпараттарды алуға арналған 
сұрақтар болады. Бастапқы сұрақтары түсінікті, қызықты болуы маңызды және 
сұрақтар олардың пікірлерін, оқиғаларын, қазіргі жағдайға беретін бағаларын 
білуге бағытталуы, әрі күрделі болуы керек.
Тӛлқұжаттық сауалнамада респоденттердің демографиялық мәліметтері 
(жасы, жынысы т.б) бойынша сұрақтар қойылатын болады. Сауалнаманы 
құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына назар аударылады.
А. Осборн ұсынған әдіс - brain storming - «миға шабуыл» әдісін 
қарастырайық. Бұл әдістің қарапайымдылығы және белгілі бір қызмет саласына 
бағытталмауы оның кең таралуына алып келді. А. Осборндың «Тәжірибелі 
қиял» кітабы бүгінгі күнге дейін кӛптеген американдық колледждер мен 
университеттерде мамандардың коммуникативтік креативті қабілеттерін 
дамытуды оқытуда ұсынылатын кітаптардың бірі болып табылады.
Құрылымы да ӛте қарапайым болғандықтан, миға шабуыл әдісі зияткерлік 
қызметті басқаруға айтарлықтай әсер етті. Мәселені шешу келесі кезеңдерден 
тұрады: алғашқы кезеңде идеялар сарапқа салынады, ал екінші кезеңде болса 
олар бағаланып, нақтыланады және әрі қарай дамиды. Бұл үшін 2 топ құралады: 
Миға шабуыл әдісін байқап кӛруге қатысушылар (мәселенің шешімінің 
нұсқауларын іздеушілер) және сараптама комиссиясының мүшелері 
(ұсынылған материалдарды ӛңдеушілер). 2 топтың идеяларын қорытындылау 
үшін жетекші тағайындалады - ол 4-11 адамнан тұратын топты басқарады. 
Топтың мүшелері ӛзара сенімділік ахуалын құруға кедергі келтіретін 
«кӛшбасшы-ізбасар» қатынастармен байланысты болмауы керек. Жетекші топ 


65 
мүшелеріне 2-3 күн бұрын шешілетін мәселенің мәні туралы хабарлайды. 
Мәселе мүмкіндігінше жан-жақты, терең анықталған болуы керек.
Қатысушылардың ешқайсысында ұсынған ой құнсыз болып қалуы мүмкін 
деген күмән болмауы керек. Ұсыныстар мен ойларды сӛз, интонация, қимыл, 
іс-әрекет арқылы теріс бағалауға болмайды; айтылған ойды сынға алуға тыйым 
салынады, керісінше, идеялардың дамуына қолдау кӛрсету қажет; қатысушылар 
ӛз ойларын ашық және еркін білдіруі керек; топ мүшесі ӛз ойын дұрыс еместігі 
туралы уайымдамауы керек. Себебі осында шағын идеялардан үлкен идеялар 
туылуы әбден мүмкін. 
Идеялар неғұрлым кӛп болса, соғұрлым жақсы. Ұсыныстардың 
қаншалықты тез түссе, мәселе соғұрлым тез шешіледі. Миға шабуыл әдісі 
бойынша жетекші топты ӛзі тағайындаған бӛлмеге жинап мәселені талдайды. 
Бірінші топ мүшелері қандайда бір қиын болмаған сұрақты талқылау арқылы 
сергіту сәтін ӛткізіп, кейін негізгі мәселеге кӛшеді. Миға шабуыл әдісін жүргізу 
2-3 сағатқа жалғасады, хатшы кеңесте түскен ұсыныстарды парақшаға жазып 
алып, кӛбінесе таспа пайдаланады. Аталған әдісті ӛткізу үдерісін жылдам 
аяқтауға болмайды, себебі жаңа идеялар барлық мүмкін ұсыныстар айтылып 
болды деген кезде пайда болады.
Пікірталас - білім алушының оқу орнындарында ӛтілетін топтарда немесе 
шағын топтарда нақты бір ӛмірга байланысты мәселесімен ӛзінің 
кӛзқарастарын білдіріп мен пікірлермен алмасып, пікірлерін дәлелдей отырып, 
басқа да кӛзқарастармен толықтыру.
Пікірталас – оқу мен оқытудағы тиімді тәсіл болып табылады, себебі білім 
алушылар қандай да бір мәселені немесе сол мәселені жан-жақты қарастырып 
және талқылау арқылы ӛздерінің теориялық, практикалық білімдерін жинақтап 
және оларды қолдану арқылы, ӛзіндік кӛзқарасын дәлелдеп және 
қорытындылап, басқа пікірлерді де ескеріп, ӛз қажеттілігіне қарай қолдануға 
үйренеді.
Білім алушылар пікірталаста еркін қарым-қатынаста болып, ӛз 
позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды ӛзге пікірлермен салыстыру 
әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық қоғамның басты 
ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың қақтығысуына белсенді түрде 
араласады. Пікірталас білім алушы аудиторияға ӛмірдің шынайы мәселелерін 
әкеліп, оларды әртүрлі кӛзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді 
шешімдерін табуға бағыттайды. 
Алғашында қандай да болмасын сипатта болған білім алушылардың 
пікірталас пен сайыста келтірілген ӛзге тұжырымдардың ықпалымен ӛзгереді, 
яғни олардың қасиеттерін белгілі бір дәрежеде қабылдайды, ӛзіне сіңіреді.
Пікірталастың басты мақсаты - әр білім алушының қарастырылған мәселе 
бойынша ӛзіндік пікір, кӛзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге 
тоқтауы. Мұндай мәселенің ғылымда, теория мен практикада нақты шешімі 
бар болғандықтан, оны білім алушылар аудиторияда тек ӛздері үшін ғана 
қабылдайды. 
Оқытуды ұйымдастырудың формалары - белгілі бір тәртіпте жүзеге 
асырылатын, болашақ бастауыш сынып мұғалімі мен білім алушылардың 


66 
келісілген іс-әрекетінің сыртқы кӛрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, 
дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және 
жетілдіріледі.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар: дәріс; 
практикалық жұмыс; семинар; CӚЖ; COӚЖ; тренингтер; әлeyмeттiк жeлiлep 
және т.б. 
Жоғары оқу орнындағы дәріс - оқытудың дидактикалық циклінің басты 
негізі. Оның мақсаты - студенттердің оқу материалын қабылдауларын 
қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс ӛте 
ӛзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сӛзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда 
пайда болып, кӛне Римде және орта ғасырларда ӛз жалғасын тапты. 
Дәріс ӛзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы 
баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез 
келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын 
хабарлау. Жоспарға емтихан билеттерін құрастыруға септігін тигізетін 
дәрістердің негізгі мәселелерінің атаулары кіреді. Ӛткен дәрістердің мазмұнын 
еске түсіру, оны жаңа материалмен байланыстыру, пәндегі, басқа ғылым 
жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау пайдалы. Тақырыпты ашу барысында 
индуктивті әдісті, сондай-ақ дедукция әдісін қолдануға болады. Дәріс соңында 
тыңдалған мәселелер бойынша қорытынды шығарып отырған дұрыс. Дәстүрлі 
ЖОО-ғы дәріс әдетте ақпараттық деп аталады. Жалпы, дәрістің бірнеше түрі 
бар: кіріспе дәріс, шолу-қайталау дәрісі, шолу дәрісі, дәріс сапасын бағалау, 
мәселелік дәріс, визуалды дәріс, екеу ара дәріс, пресс-конференция дәрісі. 
Практикалық жұмыстар - білім алушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; 
мақсаты мен міндеті лабораториялық жұмысқа ұқсас. Кейбір оқу пәндерінің 
әдістемелерінде (мысалы, еңбек және кәсіби оқыту әдістемесінде) 
"лабораториялық-практикалық 
жұмыс" 
деген 
термин 
қолданылады. 
Практикалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бӛлімін немесе 
тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Практикалық жұмыстарды жүйелі 
түрде орындау - анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен 
практиканың байланысы, білім алушылардың дербестілігі мен танымдық 
күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің маңызды құралы. 
Практикалық жұмыстар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. 
Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің 
ерекшелігіне байланысты.
Семинар - тақырып пен курс тарауын тереңдете түсінуге арналған. 
Грек, Рим мектептерінен бастау алған оқыту түрі қазіргі оқу орындарында да 
қолданылады. Семинарда білім алушылар болашақ бастауыш сынып мұғалім 
жетекшілігімен 
дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым 
болып 
талқылайды. Талқылау барысында білім алушылар ғылым саласы-
ның әдістемесін меңгереді, ӛзі жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша 
баяндауға, ӛз қорытындыларын дәлелді қорғауға, пікір таластыруға 
дағдыланады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілі- 
гін қалыптастыруда біз білім алушыларды тек аудиторияда ғана емес, сонымен 


67 
қатар аудиториядан тыс уақыттарда да кәсіби іс-әрекетке даярлаймыз. Атап 
айтсақ, студенттің ӛзіндік жұмыстарын орындау барысында, курстық, 
дипломдық жұмыстарды орындауда және СҒЗЖ-мен, ОБСӚЖ-мен, оқу, 
педагогикалық практика барысында орындалады. 
Ӛзіндік жұмыс - болашақ мұғалімдердің креативтілік қабілеті мен 
біліктерін дамытуда тиімді, әрі табысты еңбек етуіне мүмкіндіктері мол. Оны 
тиімді ұйымдастыру - практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема. 
Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне кӛптеген зерттеулер арналған, 
бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұнын анықтауда 
қалыптасқан бір кӛзқарас жоқ. 
Ӛзіндік жұмысты болашақ мұғалімнің креативті ойлауын, танымдық 
қызығушылығын және ӛздігінен білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу 
орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіреді. 
Ғылыми еңбектерді талдай отырып, оның негізгі мағынасы әр түрлі 
бағытта талқыланатынын байқауға болады. 
СӚЖ - «студенттік ӛзіндік жұмыс» - мұғаліммен бірге оқыған материалды 
оқуға және оларды игеруге бағытталған сабақтардың түрі. 
ЖOO жeкe дapaлық CӚЖ түpлepi бoлaды: лeкциялapғa, ceминapлapғa, 
лaбopaтopиялық жұмыcтapғa, cынaқтapғa, eмтиxaндapғa әзipлiк жәнe 
peфepaттap, тaпcыpмaлap, куpcтық жұмыcтap мeн жoбaлapды opындaу, eң 
coңындa диплoмдық жoбaны қopғaу.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыруда әлеуметтік желілерді пайдаланудың артықшылығы кӛп. 
Әлеуметтік желілердің әртүрлі формалары (электронды пошта, чат, форумдар, 
вебинар, веб-конференция) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда маңызы үлкен. Желілік 
ресурстар – білім алушылардың ӛзін-ӛзі бағалауының және тәрбиелеуінің, 
терең біліммен кәсіби мүдделерінің бағажетпес негізі. Дегенмен, әлеуметтік 
желілерге қол жетімділік сапалы тілдік білімнің кепілі бола алмайды. 
Оқытудың әлеуметтік желілері тӛмендегі дағдыларды қалыптастыру мен 
дамытуға бағытталуы керек: когнитивтік дағдыларды іздестіру, алынған 
ақпаратты талдау; әлеуметтік желілермен жұмыстың нәтижелерін талдау; 
әлеуметтік желілер арқылы ӛз-ӛзін дамыту мақсатында пайдалана алу; 
әлеуметтік желілерді ӛз қажеттіліктерін, ақпараттық және білім беру 
мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану. 
Дидактикалық тұрғыдан әлеуметтік желілер екі негізгі компонент 
телекоммуникация нысандары және ақпараттық ресурстар қамтиды. 
Телекоммуникацияның кең таралған түрлері: электрондық пошта, чат, форум, 
ICQ, бейне және веб-конференциялар. 
Оқыту үдерісіне әлеуметтік желілерді еңгізу болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастырады. Оқу материал-
дарының күрделілігі мен кӛлемі оқытудың деңгейлеріне сай келуі керек.
Әлеуметтік желілерді пайдаланудың әдістемелік әлеуеті мыналарды 
қамтиды: оқытылатын тақырыптар бойынша мәтін, графика, фотосурет, дыбыс 
және бейне таңдау; кішігірім топтар немесе жалпы білім алушылар арасында 


68 
мәдени және әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени мәселелерді талқылау; 
шетел мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдері үшін коммуникативтік креативтілікті қалыптастыру және 
ителлектуалдықты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. 
Әлеуметтік желілерді пайдалану білім алушылардың коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыру мәселесін шешуге ықпал етеді: әр түрлі желілерді 
пайдалану арқылы қарым-қатынас жасауға ынталандырып, коммуникативтік 
креативтілігін кеңейту мақсатында әлеуметтік желіде зерттеуге бағытталған 
тұстарын пайдалануға, түрлі конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуника-тивті 
креативтілігін қалыптастыруда келесідей құралдар пайдаланылды: Цифрлық 
білім беру ресурстары, дербес компьютерлер, интерактивті тақта. 
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) - электрондық оқыту жүйесінің 
негізгі бір құрамды бӛлігі. Олар - оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық 
формада кӛрсетілген фотосуреттер, кӛркем үзінділер, статикалық және 
динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің 
объектілері, 
картографиялық 
материалдар, 
дыбыс 
жазбалары, 
таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу 
матриалдары. 
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең 
тараған 
түрі 
болып 
табылады. 
Дербес компьютер бір 
мезгілде 
бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі 
санаты бар: стационарлық және тасымалды компьютерлер. Стационарлық 
компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалды 
компьютерлер, қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК 
жатады. 
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі 
және де мұғаліммен білім алушының екі түрлі құралдарды біріктіретін: 
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Модельдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет