79
Білім беру нәтижесінің табысты болуы үшін неге оқыту қажет, білім
мазмұны қандай болуы қажет екендігін анықтап алу міндетті шарт. Білім
мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.
Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі
педагогикада
білім мазмұны білім алушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкес-
тікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептілік-
тер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған. Білім мазмұнының мәнін ашуда
бұл бағыт білімдік бағдарлы оқу деп алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың
тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық
ретінде танылады. Бұл кӛзқарастан тәуелсіз қоғамның басты міндеті -
шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру - жалаң білім
жинақтау талаптарының кӛлеңкесінде қалып келді. Осы бағытқа орай білім
алушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс [189, б. 25-
28].
Оқу-тәрбие барысында ең алдымен шәкірттерде
құндылықты - мәнді
сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-
қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылданғаны дұрыс. Болашақ қоғам
мүшесі - тұлға педагогикалық процесс аймағында ӛз әрекет - қылықтарына,
қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік
сезімін
қалыптастырып, әділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға,
ӛзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, қажеттісін
қабылдауға үйренуі тиіс [189, б. 45].
Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға
келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе
күйінде тӛрт элементтен құралып, тӛмендегідей іс-әрекеттерде кӛрініс береді:
- нәтижелік формасы - білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-әрекет
әдістері жӛнінде) күйінде
бекіген танымдық іс-әрекеттер;
- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес және практикалық ептіліктер
мен дағдылар) формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;
- мәселелік жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері
формасындағы - шығармашыл іс-әрекет, қызмет;
- тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, ӛз басына, мораль
нормаларына, кӛзқарастық идеяларға және т.б.) формасындағы кӛңіл-күй
құндылықты қатынастарды орындай білу [189, б. 75].
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты және ӛзара
шарттасқан. Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы
орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, ӛз бетінше шығармашы-лықпен
әрекет
істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне ӛз үлесін қоса білетін
тұлға дәрежесіне кӛтерілуге мүмкіндік алады [189, б. 15].
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыру үшін пәнаралық байланыстарды іске асыру мен оларды оқытуда
білім алушыға ұсынылатын oқу тaпcыpмaлapы, oлapдың функциялapы
apacындa мaғынaлы бaйлaныc opнaтуғa пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық нeгiз
caлу қaжeт.
80
Бұғaн бoлaшaқ бастауыш сынып мұғaлiмдepiн коммуникативтік
креативтілігін дамытуға ықпал ететін пәндep циклiнiң кӛмeгiмeн қoл жeткiзугe
бoлaды (кесте 10).
Кecтe 10 - 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мaмaндығы
бoйыншa мoдульдep (пәндep) тiзiмi:
Пәннiң (мoдульдiң) aтaуы
Кpeдитi
ҚP/ECTS
Ceмecтp
Мемлекеттік міндетті модуль
МК
Педагогика
3/5
ІІ
Жеке білім траекториясының модульдері
ТК
Педагогикалық технология және инновация
3/5
IV
«Педагогика» курсы бағдарламасы бойынша болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға бағытталған
негізгі мағлұматтар тӛмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: