Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

Шкалалар атауы 
Бақылау тобы 
Тәжірибелік топ 
Бағалық бағдар шкаласы 
4 (8 %) 
5(10%) 
Мінез-құлық икемділік шкаласы 
5(10%) 
5(10%) 
Ӛзіндік сезімталдық шкаласы 
5(10%) 
5(10%) 
Ӛзіндік шкаласы 
3(6%) 
5(10%) 
Ӛзін сыйлау шкаласы
4(8%) 
4(8%) 
Ӛзін қабылдау шкаласы 
5(10%) 
5(10%) 
Адам табиғаты туралы шкаласы 
5(10%) 
4(8%) 
Синергия шкаласы 
4(8%) 
3(6%)) 
Қабылдау шкаласы 
5(10%) 
4(8%) 
Байланыс шкаласы 
4(8%) 
3(6%) 
Когнитивті шкаласы 
3(6%) 
3(6%)) 
Креативтілік шкаласы 
3(6%) 
4(8%) 
Кесте барысында берілген пайыздық кӛрсеткіштегі шкалалардың 
сипаттамасы бізге тӛмендегідей нәтиже береді. Біз аталған сипаттамалардан екі 
топта да айтарлықтай ӛзгешеліктер байқамаймыз. Егер де атап ӛтер болсақ, екі 
топта да құндылықтар шкаласының ӛзгелермен салыстырмалы негізде жоғары 
екенін кӛреміз, бұл шкала бойынша орташа ұпайға ие білім алушылар бойында 
ӛзін - ӛзі белсендіретін тұлға құндылықтарының бар екендігін байқай аламыз. 
Бұл құндылықтарға ие тұлғалар бойынан достық қарым-қатынас құруға деген 
ұмтылыс байқалады. Сонымен қатар екі топта да байланыстылық және қарым- 
қатынастағы иілгіштік шкаласының тӛмен деңгейде екенін кӛреміз. Аталған 
шкалалар тұлғаның қарым-қатынасқа оңай түсуін, қоршаған ортамен тығыз 
және достық қатынас құру қабілетін, қарым-қатынастағы әлеуметтік жағдайға 
байланысты ӛзін-ӛзі кӛрсету қабілетінің болуымен немесе жоқ болуымен 
анықталады. Бұл шкалалар бойынша тӛмен кӛрсеткіштер ригидтілік, ӛзінің 
сүйкімділігіне күмәндану, серіктесіне қызықсыз кӛріну және қарым-қатынасқа 
түсу еш қанағаттану сезімін әкелмейді деп ойлайтын адамдарға тән. 
Эксперименталды топтағы жағымды немесе жағымсыз кӛзқарас шкаласы 
бойынша жоғары бағаға иеленген білім алушылар саны басым, бұл шкала 
біздің жағдайымызда білім алушылардың адамзаттық мүмкіндіктерінің жоғары 
екендігіне сенімділігін бейнелейді. Кӛрсеткіштердің жоғары болуы тұрақты 
шынайы және үйлесімді тұлғааралық қарым-қатынастарға негізделеді, 
тұлғалардың табиғи сүйіспеншілігін, сенімділігін, адалдығымен сипаттайды. 
Яғни білім алушылардың бойында шынайылық, достық қарым-қатынас 
басымдылығы айқын кӛрінеді. Бұл біз үшін аса жағымды жағдай, себебі 


107 
шынайы және үйлесімді қарым- қатынасқа бағдарланған жастар бойында 
коммуникативтік креативтілік кӛрсеткіштерін қалыптастыру қиындық 
тудырмайды. Ӛзге шкалалар бойынша кӛрсеткіштер екі топта да орташа 
деңгейді кӛрсетеді. Білім алушылардың жалпы ӛзін-ӛзі ӛзектендіру орташа 
балы – 57 тең болды. Орташа бал негізінде ӛзіндік ӛзектілік деңгейі үш 
факторға негізделіп кӛрсетіледі: А факторы (жоғары) – 70 - 81 балды құрайды, 
В факторы (орташа) – 60-70 балды құрады, С факторы (тӛмен) – 48-59 балды 
құраған 17 кестеде беріледі. 
Кесте 17 – Э. Шостромның ӛзін-ӛзі ӛзектендіру тестінің факторлары бойынша 
кӛрсеткіші 
Деңгейлері 
Бақылау тобы 
(50 білім алушы) 
Тәжірибелік топ 
(48 білім алушы) 
А (Жоғары) 
10 (17 %) 
8 (13 %) 
В (Орташа) 
15 (26 %) 
14 (30 %) 
С (Тӛмен) 
25 (57 %) 
26 (57 %) 
Кестеден кӛріп тұрғанымыздай білім алушылардың ӛзін-ӛзі ӛзектендіру
деңгейлерін үш факторға бӛліп кӛрсеттік, А жоғары факторы – бақылау 
тобында 17 %, ал экспериметтік топта 13 %, В орташа факторы – бақылау 
тобында – 26 %, ал экспериметтік топта 30 %, С тӛмен факторы – бақылау 
тобында 57 %, тәжірибелік топта 57 % құраған. Тестті ӛткізудің нәтижесінде 
жоғары факторлы ӛзін – ӛзі ӛзектендіру деңгейіне ие тұлғалар белсенді, ӛз 
мамандығын саналы түрде таңдаған, шығармашыл негізде ойлай алатын, білім, 
білік, дағды игеруге бейім, дарындылық қабілеті бар, ӛз ішкі әлеуетін ашуға 
бейім, дамуға дайын. Ал тӛмен деңгейдегі ӛзін-ӛзі ӛзектендіру факторын 
кӛрсеткен тұлғалар ӛзіндік пікірі дұрыс қалыптаспаған, ӛз мүмкіндіктерін 
толық аша алмайтын, қоршаған орта ӛзгерістерін дұрыс қабылдап бейімделе 
алмайтын, мақсаттылығы тӛмен, ӛз іс-әрекетін дұрыс бағыттай алмайтын 
жандар. Ӛзіндік таңдап алынған мамандығында, ӛмір іс- әрекетінде, оқу іс-
әрекетінде ӛзіндік ішкі әлеуетін толық негізде пайдалана алмайтын жастар, 
болашақта ӛзіндік кәсіби бағытын дұрыс құра алмайды, сол себепті де болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
коммуникативтік 
креативтілігін 
қалыптастыруға деген мотивациялық-құндылық қатыстың, танымдық, 
әлеуметтік мотивтердің болуы аса маңызды. 
Осы кезеңде біз әдістеме аясында жоғарыда аталып ӛткен шкалалар 
бойынша пайыздық қатынастағы кӛрсеткіштерге диаграмма негізінде талдап 20 
- сурет а р қ ы л ы с и п а т т а м а б е р д і к .
Сонымен қатар, жоғарыда берілген тесттермен қатар, біз зерттеу жұмысы 
барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, қарым-қатынасқа 
бағдарланған коммуникативтік креативті тапсырмаларды кеңінен қолдану 
керек екендігіне кӛз жеткіздік.


108 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет