Зерттеушілік Ғылыми зерттеулер
құрылымына ұқсас
Жаңа
мәселелерді
белгілеу,
нәтижелерді
тіркеу,
тұжырымдау
Жалпы
педагогикалық
коммуникация
Ш шығармашы-
лық
Аяқталған
нәтиженің жанрына
бағынып,
енді
белгіленіп, дамиды
Газет, шығарма,
фильм,
қойылым,
мереке және т.б.
Педагогикалық
коммуникация
ерекшелігі
Рөлдік
ойындар
Ашық болып қалады Жоба
соңына
қарай созылады
Мұғалімнің сӛйлеу
қызметі
Кіріспе
Нәтижелері
мен
перзенттацияларын,
ақпаратты ӛңдеу мен
зерттеу
кӛздерін,
жобаның
максат-
міндеттерін кӛрсету
жақсы ойластырыл-
ған
Жариялау,
хабарлама,
доклад.
(Зерттеу
жобасының
моделі
болуы
мүмкін)
Кәсіби қызметтегі
сӛйлеу мәдениеті
Тә Тәжірибеге
бағдарланған
(қолданыла-
тын)
Мұқият
ойластырылған
Бағдарлама
немесе
құжаттың,
міндетті
түрде
жоба
қатысушыларын
ың
әлеуметтік
мүдделеріне
бағдарлануы
Анықталған
жағдайда
коммункиацияны
іске асыру
111
19 – кестенің жалғасы
Пәнаралық
Қорытынды
және
аралық
презентациялардың
формаларын анықтау
мен
нақты
құрылымның белгілі
және
белгісіз
үйлестірілуі
Мәселелердің
шешілуі
жобаның барлық
қатысушылары
үшін
маңызы
бар
Педагогикалық
коммуникациядағы
пікірталас
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативті-лігін
қалыптастыруда пайдаланылған келесі әдіс - іскерлік ойын. Іскерлік ойында
ойыншыларда екі түрлі кӛзқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы кейіпкер
рӛліне кіріп, ойын бейнесін жасайды яғни осы кейіпкерді толық сіңіреді,
басқалармен осы кейіпкер ретінде қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл
ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы
кейіпкерді ӛзі деп есептейді. Кейіпкер бейнесіне кіру жолында ойын шарты тез
ұғынылады сондай - ақ тӛзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс
атқару, жауапкершілік қалыптасады.
Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен ӛтеді:
- ойын барысында: кейіпкер арасындағы қарым - катынас кезеңі;
- қорытындылау кезінде, пікірталас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар кӛп кездессе және олар
кейіпкерге толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып ӛтеді.
Әрбір ойын мағынасына қарай ӛзіне тән құрылымы, рӛлі, сюжеті болады
және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның
ойдағыдай ӛтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған
жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының ӛзіндік ерекшеліктері,
мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті
ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті ӛтеді. Әрбір топ ойынды
ӛзінше дамытып, жаңа кӛзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.
«Тұлғаның
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыру»
атты
элективтік курсының коммуникативтік қарым-қатынас, коммуникативтік
креативтіліктегі сӛйлеу мәдениеті тақырыбында іскерлік ойынын ӛтілу
барысынан тӛменде үзінді берілген.
Мақсаты: Білім алушылардың ӛз мамандығын шыңдай түсіп, бай
тәжірибесін басқаларға ӛнеге ету, «Тіл дамыту» оқу іс - әрекетінің тиімділігін
арттыру, біліктілігін жетілдіру.
Керекті құралдар: Стикер, түрлі - түсті шарлар, фломастер, ақ парақтар,
плакаттар.
Шарты: Білім алушылар дӛңгелек етіп орналастырылған үстелдер санына
қарай орналасады.
І. Әділ қазылар алқасы сайланады.
ІІ. Білім алушылар ӛздері таңдап алған қызыл, жасыл, кӛк түстерге қарай
үш топқа бӛлінеді.
112
1 тапсырма: Әр топ ӛздерін шығармашылықпен қорғайды яғни ат қою,
сурет салу, ӛлең шығару.
2 тапсырма: Тіл дамыту оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың әдіс тәсілдеріне
байланысты ілінген әр түрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Ұпайларына байланысты сыйлық беріледі.
3 тапсырма: Актерлік қабілет
4 тапсырма: Білім алушылармен шығармашылық жұмыстар:
Үш топқа жұмбақ құрастыру тапсырылады.
Бірінші топ - кӛбелек, ит, сағат
Екінші топ - гүл, түйе, телевизор
Үшінші топ – кітап, сағат, тышқан
Ұпайларына байланысты сыйлық беріледі.
Оқу материалдарын белсенді меңгере отырып, болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға бағытталған
педагогикалық шарттардың біріне оқыту/оқу әдістері мен формаларын таңдау
жатады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруда педагогикалық, оның ішінде – оқытуда сауалнамлар әдісін
қолдану барысында келесідей сауалнамалар білім алушылардан алынды.
Креативтілік сауалнамасы
Сізге ӛзіңіздің тұлғалық қасиеттеріңізді тест сұрақтарына жауап бере
отырып, ӛзбетіңізбен бағалау ұсынылады. Сұрақтарды мұқият оқыңыз. Сұраққа
оң жауап бергенде «+», теріс жауап бергенде «-» белгісін «Мен-шынайы» және
«Мен-керемет» қатарына қойыңыз. Жауап беруде ұзақ ойланбаңыз, ӛйткені
бірінші басыңызға келген жауап дұрыс болып есептеледі.
Нәтижелерін ӛңдеу
Әрбір креативтілік индекс бойынша баллдар саны алынған баллдарды
қосудағы тест кілті бойынша анықталады. Егер сыналушының сұраққа берген
жауабы тест кілтімен сәйкес келсе, ол аталған индекстік кӛрсеткіштер: «Мен-
шынайы» және «Мен-керемет» бойынша бір баллға ие болады. Мысалы, егер
сыналушы бірінші сұраққа «Мен-шынайы» және «Мен-керемет» қатарына оң
жауап берсе және кілт жауабы + болса, онда бірінші индекс О
(шығармашылық ойлау) бойынша ол бір баллдан алады, егер теріс (-) жауап
берсе ешқандай балл алмайды. Тесттің кілті әрбір сапа бойынша тек «Мен-
шынайыға» ғана емес, сонымен бірге «Мен-кереметке» де қатысты екенін есте
ұстау керек.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруда миға шабуыл әдісі де тиімді пайдаланылды.
Миға шабуылды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін, нақты жағдайларда
тапсырмаларды анық тұжырымдау қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды
ұсынамыз. Бұл жаттығуларды кезекпен орындаудан мақсат – мәселенің
түсінудің қиындығына қарамастан оны анықтау.
1 - жаттығу. Ӛзіңізге қызықты болған тапсырманы таңдап, келесі
сұрақтарға жауап беріңіз: «Қалай...» (мысалы, Тұлғаның коммуникативтік
113
креативтілігін қалыптастыру пәнін жүргізуді қалай оңай, әрі тез үйренуге
болады?). Шешімі қиын болған және шешімінің бір неше нұсқаулары бар
тапсырманы алыңыз. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
1. Сіз ойланған мәселе тағы кімді қызықтырады?
2. Қандай шешім мәселені түп тамырымен ӛзгерте алады?
3. Мәселе сізді не үшін қызқытырады?
4. Мәселе шешілгеннен кейін қандай ӛзгеріс болады?
5. Мәселені (тапсырма) шешуде не кедергі болады?
6. Мәселе не үшін күрделенуі мүмкін?
7. Не үшін сіз бұл тапсырманы шешуді қалайсыз?
8. Тапсырма жалпы не үшін шешілуі керек?
Әрбір мәселе туралы үш минуттан артық ойланбаңыз.
2-жаттығу. Ӛзіңізге «Бұл мәселе тӛңірегінде алдыңғы анық болған
мәліметтерден бӛлек не үйреніп, білуім керек?» деген сұрақтарды қойыңыз.
Жауаптарды парақшаға жазыңыз.
3-жаттығу. Орындалатын тапсырманың құрамдас бӛліктері ретінде «кім?»,
«не?», «қайда?», «не үшін?» деген сұрақтарға жауап беру керек. Осы
сұрақтардың тиісті жауаптарын кестеде толтырыңыз және қысқа, анық жауап
жазыңыз. Егер жауаптар ұқсас болса, оларды бір кестеге біріктіріңіз.
4-жаттығу.
Мәселені жақсы түсіну үшін барлық сезімдеріңізді
пайдаланыңыз. Қиялыңызбен жұмыс жасаңыз. Қиялыңызға қандай ақылсыз ой
келсе де, зейінсіз қалдырмаңыз.
5-жаттығу. Шешіп жатқан мәселеңізді кейіпкертаспа арқылы қарап
отырғандай елестетіңіз. Кӛргендеріңіздің бәрін жазып алыңыз. Мүмкін сізге
керек болған шешім осы жерден табылуы мүмкін.
6-жаттығу. Мәселе туралы қысқаша әңгіме (немесе мақала) жазуға
тырысыңыз. Бұл мақала мәселенің мән-жайын білмейтін оқырманға
бағытталып, оның кӛлемі екі немесе үш абзацпен шектеледі. Шығармаңызды
қайта-қайта оқыңыз, бұрын байқамай қалған мәліметтеріңіз бар ма?
7-жаттығу. Бұдан алдын орындаған жаттығулардың нәтижелерін қарап
шығып, тұжырымдамалар жазыңыз. Әрбір тұжырымда екі немесе үш
сӛйлемден аспауы керек. Солардың ішінен мәселенің шешімін табуға
кӛмектесетін тек бір ғана тұжырымдаманы таңдап алыңыз және оның астына
сызыңыз.
8-жаттығу. Мәселенің шешімін табуға кӛмектесетін фактор ретінде таңдап
алынған тұжырымдамаға байланысты барлық кілт сӛздер мен сӛз тіркестерін
жазып, соның негізінде 10 дана шешім тауып кӛріңіз. Оларды мұқият зерттеп,
маңыздылығына қарай нұсқаларды ӛшіріңіз. Соңында қалған бір ғана шешімді
1-жаттығуда қойылған сұраққа қоясыз. Сұрақтарға жауап беруде мәселе мен
оның шешімі арасындағы айырмашылықты 5 баллдық шкаламен бағалайсыз:
0-ерекшеленбейді; 3-ерекшеленеді, бірақ кӛп емес; 5-ӛте ерекше. Жинаған
ұпайыңыз сіздің ойыңыздың ерекшелігін білдіреді.
Сіз соңғы жаттығуды орындаған кезде Mиға шабуыл әдісінің шебері бола
аласыз.
114
9 - жаттығу. Тӛрт адамнан кем және жеті адамнан артық болмаған бір топ
құрыңыз. Миға шабуыл әдісін қолданудағы тәжірибе кӛрсеткендей, екі-үш
адамнан құралған топ тиімсіз және жеті адамнан кӛп болып құралған топты
басқару қиын болды.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруда пайдаланылған келесі әдіс – пікірталас.
Сонымен
қатар
болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда қосымша дидактикалық
материалдар сапасында арналған YouTube арналары мен әлеуметтік желілердің
ақпараттық қорлары пайдаланылды, атап айтқанда:
- VIKENT.RU - креативтілікке арналған видео-тапсырмалар
- Сити-Клуб www.city-club.biz – вебинарлар
- Геннадий Клюшкин – онайн-курстар
- Психо Логика – креативтілікке арналған онлайн тесттер
Жаңа оқу формасы ретінде соңғы он жылда ғылыми әдебиеттерде
мобильді оқыту атап ӛтілуде. Осы қысқа уақыт ішінде мобильдік оқытуды
енгізу, қалыптастыру және одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар әлемдік,
халықаралық конференциялар мен басқа да іс-шаралар ӛткізілді. Мобильді
оқыту мәселелеріне арналған кӛптеген ғылыми мақалалар мен кітаптар әртүрлі
білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде педагогикалық,
технологиялық, әлеуметтік және басқа да аспектілерді кӛрсетеді [192].
Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың кең қолданыста-ғы
түрі мобильді құрылғылар. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда мобильді құрылғылар үшін
жасалған арнайы қосымшаларды пайдаланулары жаңа оқыту тәсілдер болып
табылады. Мобильді құрылғылар сайттар арқылы интеграция жасалған,
грамматика бойынша жаттықтыратын қосымшалар мен сӛздіктерді, сонымен
қатар оқуға, мәтіндерді тыңдап, кроссвордтарды шешуге мүмкіндік жасалған.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруға мобильді құрылғыларға арналған қосымшалардың да
мүмкіндіктері пайдаланылды.
TRIPBox – креативтілікті дамытуға арналған мобильді қосымша. Мобильді
қосымшаның базасында 25+5 креативті тапсырмалар және биология, бизнес,
техника, т.б. сала бойынша 10 тапсырмадан, жалпы түрлі тақырып бойынша
225 тапсырма орнатылған. Қосымшаны телефонға, планшетке, компюьтерге
тегін орнатып алуға болады. Бір ай кӛлемінде күніне бір рет тапсырма келіп
отырады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілі-гін
қалыптастыруда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен льді
құрылғылар шектеусіз әлеуетке ие. Зерттеушілер тарапынан білім беруде
ақпараттық-телекоммуникациялық
технологияларды
пайдалану
арқылы
кӛптеген дидактикалық міндеттерді шешуге болатындығы дәлелденіп келеді.
Оқу материалдарын белсенді меңгере отырып, болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға бағытталған
115
педагогикалық шарттардың біріне оқыту/оқу әдістері мен формаларын таңдау
жатады.
Жоғары оқу орнының оқу-тәрбиелік үдерісі кезең-кезеңмен ӛтілсе,
болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің креативтілік қызметке дайындығын
қалыптастыру сәтті ӛтетіні айқындалды, бұл педагогикалық теорияны, әдістерді
және кәсіби әрі педагогикалық мәселелерді дұрыс шешудің әдістерін меңгеруді
білдіреді. Тек қана осындай жағдайлар оқу үдерісінің ұйымын жаңа әдістермен
және құралдармен құруға, білім алушылардың ӛндірістік қызметіне ерекше
тәсілдерді ендіруге негіз бола алады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің
мектепте креативтілік қызметінің дайындығын қалыптастыру мәселесін зерттеп
талдай келе біз негізгі идеяларды: теориялық білімнің таралуы туралы идеяны,
оқытуда білім алушылармен ынтымақтастық идеясын, оқытуды ілгерілету
идеясын; ӛз еркімен оқу идеясын; оқытуда және білім алуда білім
алушылардың жағымды қасиеттеріне тәуелділік жайлы идеясын; күрделі
мақсат идеясын; оқыту жүйелілігі идеясын; мәселелік оқу жайлы идеяны;
ынтымақтастық және құрмет идеясын айқындадық. Мұғалімдер оқытуда
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде, олар барынша тиімді құралдарды,
формаларды, әдістерді және оқу тәсілдерін шығармашылық тұрғыдан іздеумен,
педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық тәжірибелерді енгізумен қатар
білім алушылармен бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырады
[193].
Зерттеу жұмысымыз үшін анықталған болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруға бағытталған
әдістемеге сәйкес ұйымдастырылған оқыту нәтижелері келесі тармақшада
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |