«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет57/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75

 
Литература:
 
1. 
Алферов А.П., Зубов А.Ю., Кузьмин А.С., Черемушкин А.В. Основы криптографии –
 
М., 2000.
 
2. 
Аргановский  А.В.,  Хади  Р.А.  Практическая  криптография:  алгоритмы  и  их  программирование  / 
А.В.
 
Аргановский, Р.А. Хади
 

 
М.:СОЛОН
-
Пресс, 2009. 256с.
 
3. 
Баричев С.Г., Серов Р.Е. Основы современной криптографии. Электронное издание. Версия 1.3. –
 
2002 

 
152с.
 
4. 
Боженкова Р.К., Боженкова Н.А.  Русский язык  и  культура  речи:  учеб. пособие: в  3 ч. Курск, 2004. 
Ч.
 
1. 148 с.
 
5. 
Жельников В.
 
Кpиптогpафия от папиpуса до компьютеpа.
 

 
М.: ABF, 1996.
 

 335 
с.
 
6. 
Зубов А.Ю. Совершенные
 
шифры. –
 
Изд
-
во: Гелиос
 
АРВ,2003 –
 
162с.
 

278 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
7. 
Кузьмищев В.А. Тайна жрецов майя. М.: Молодая гвардия, 1975.
 
8. 
Петрова  Н.Э.,  Конарева  А.А.  О  шифровании  и  дешифровке  как  когнитивном  аспекте  прикладной 
лингвистики: материалы III Международной молодежной научной конференции // Курск, 2011.
 
9. 
Пиотровский Р. Г., Бектаев К. Б., Пиотровская А. А. Математическая лингвистика. М. 2007.
 
10. 
Соболева Т. А.
 
История шифровального дела в России.
 

 
М.: ОЛМА
-
ПРЕСС Образование, 2002.
 

 
512 
с.
 
11. http://criptograf.narod.ru 
12. http://kriptografea.narod.ru 
 
Научный руководитель:
 
кандидат филологических наук Попова Галина Владимировна.
 
 
 
Шара Кыяхметова
 
(Талдыкорган, Казахстан)
 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ БЕЙМӘЛІМ ҚЫРЛАРЫ
 
 
Қазақ поэмасының классикалық үлгісін жасаған Ілияс Жансүгіровтің «Құсбегінің айналасында», 
«Қолбала»,  «Рүстем  қырғыны»,  «Мақпал»,  «Кәнпеске»,  «Күй»,  «Дала»,  «Бақытты  Жамал»,  «Қуат», 
«Жаңа  туған»  «Күйші»,  «Жорық»,  «Құлагер»,  «Көбік  шашқан»,
 
«Исатай»,
 
«Байкал»
 
«Кеңес»
 
атты 
поэмалары  бар.  Бұл  туындыларының  біразы  әлі  күнге  дейін  оқырманымен  қауыша  алмай  жатыр. 
Солардың бірі –
 
ақынның «Қолбала» поэмасы.
 
Ілияс  Жансүгіровтің  «Қолбала»  поэмасы  1964  жылы  Алматы  облысы,  Ақсу  аудандық  «Өмір 
нұры»  газетінде  «Қызыл  таң»  совхозының  тұрғыны  Жұмабек  Ерболанов  деген  кісінің  аузынан 
жазылып алынып, жарияланады 1965 жылы 16 мамырда «Социалистік Қазақстан» газетінде Әзілхан 
Нұршайықовтың  «Ақынның  белгісіз  поэмасы»  атты  қуаттау  мақаласы  жарияланады.  1965  жылы  29 
мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде «Жаңа табылған поэма» деген редакциялық мақала шығады. 
[1,6б.]
 
Ол кезде аудандық газеттің редакторы –
 
Тұрсынзада Есімжанов болған. 1966 жылы ел аралай 
шыққанда  осы  жаңалық  ақын  Әнуарбек  Дүйсенбиевтің  құлағына  шалынады.  1974  жылы  ақынның 
сексен  жылдығына  орай  20  баспа  табақ  көлемінде  «Құлагер»  атты  жинақ  шығаруды  орталық  баспа 
Әнуарбек  Дүйсенбиевке  тапсырады.  Ол  кезінде  аудандық  газетте  жарияланған  поэманы  жіберуін 
өтініп,  Жамау  Бұхарбаевқа  хат  жазады.  Жамау  Бұхарбайдың  бұл  хат
 
жайлы
 
1994  жылы  «Қазақ 
әдебиеті»  газетінде  «Керексіз  бе  едің,  Қолбала?»  деген  жанайқай  мақаласы  шығады.  «Кешкі  абыр
-
сабырда  қолыма  тиген  бір  хат  ала  таңға  дейін  ұйқы  бермеді.  Хат  иесі  Тұрсынзада  Есімжанов: 
«Ақын ағаң Әнуарбек Дүйсембиев Ілекеңнің «Құлагер» атты жинағын құрастырып жатыр. Қолқасы 

 
өзің  білетін,  бұған  дейін  еш  басылымда  жарық  көрмей  келіп,  аудандық  газетте  жарияланған 
Жансүгіровтің  «Қолбала»  поэмасы.  Сол  поэманы  тауып,  бірер  айдың  ішінде  құрастырушының 
қолына табыс етуге тырысарсың...», –
 
депті. Шынымды айтсам, шығарма жарық көргенде елден 
шалғайда  болғандықтан,  «Қолбаладан»  хабарсыз  едім.Ұйқымды  ашқан  да  осы  жай.  Поэма  қандай 
екен деймін. Табыла ма, таба алмай, ұятты боламын ба деймін. Қойшы, таңды атырып, әйтеуір, 
алақұйын ұштым
-
ау. Ауданда
 
бар кітапхана атаулыны ақтарып бітіп, абырой болғанда (әлбетте, 
айдан асырып барып) «Қолбаланың» өмірде бар туыстарының бірін қолыма қондырдым да астана 
жаққа  аттандырып  салдым.  Амал  нешік,  ол  кітапқа  еніп  үлгермеді.  Марқұм  Әнуарбек  ағадан 
жауапты  да  кешіктіріп  алдым.  Ол  жауап  сол  жылдың  көктемінде  шыққан  «Жұлдыз»  журналының 
кезекті  саны  еді.  Журналда  Әнекеңнің  сәл  ғана  «әттегенайымен»  екі  ауыз  кіріспе  жазылып, 
«Қолбала»  поэмасы  басылыпты.  Содан  бері  арада  табаны  күректей  жиырма  жыл  өтіпті.  Содан 
бері  аруақты  ақынның  қолда  бар  шығармаларының  толық  жинағының  бес  томдығына  екінші 
қайтара айналып соғыппыз. «Қолбаланы» «Құлагерге» кірмесе де осыған енетін шығар деп дәмелі 
едік, ол дәме далада қалды. Жансүгіровтің жастық шағында жазған жырлары таптырмай отыр деп
 
сан соға қынжылатын Ғылым Академиясындағы ғалым ағаларымыздың айдай әлемге жария болған 
«Қолбала» поэмасын ескермей, айналып өтетін оқырман, оған қоса әдебиет жанкүйері ретінде енді 
өзімізді  қынжылтады.  Ақын  шығармаларын  жоққа  шығару  емес,  десек  те  «Кәмпеске»,  «Мәйек» 
поэмаларынан  да  шоқтығы  биік,  қарымы  қуатты  «Қолбала»  назардан  тыс  қалып  жүргені 
баршамызға ортақ мін, ойланатын
-
ақ мәселе, қажет десе өкініш дер едік біз»
 
[2,6б.]

Поэма  уақытысында  жеткізілмегендіктен,  жинаққа  енбей  қалады.  Поэма  1974  жылы 
Ә.
 
Дүйсенбиевтің  алғысөзімен  «Жаңа  табылған  шығарма»  деген  айдармен  «Жұлдыз»  журналында 
жарияланады.
 
Кезінде  Ілиястың  жанында  жүрген  ақын  інісі  Ғали  Орманов:  «Қолбала»  дастаны 
Ілиястың тырнақалды шығармаларының бірі. Бұрын біздің орталық баспаларда жарияланбаған еңбек. 
Ақынның алғашқы шығармаларының бірі болса да, ақынның өзіндік өрісін айқын танытады. Журналда 
жариялау  өте  орынды  деп  білемін»,  –
 
деп  ақ  батасын  берген  екен.  Осы  «Жұлдыз»  журналында 
жарияланған «Қолбала» поэмасының мәтінін жалпы оқырман халық
 
оқысын деген ниетпен облыстық 
«Жетісу»  газетіне  жариялаттық.  [3,8б.]
 
Мұрағатта  поэманың  қолжазбасы  болмағандықтан  поэмаға 
қатысты  деректер  шығып  қалар  деген  оймен  іздестіру  жұмысын  жүргіздік.  Нәтижесі  төмендегідей 
болды:
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
279 
 
 
 
Бірінші  дерек: «Жұлдыз»  журналының
 
1994 жылғы 9 санында Ілиясты түптеп зерттеп жүрген 
Серік  Жанәбіловтың  «Ол  ертең  атылады»  деген  деректі  хикаясы  шықан.  [4,60б.]
 
Негізгі  кейіпкері  –
 
Ілияс.  Сол  деректі  әңгімеден  үзінді  берейік:  «Әке  мен  бала  өзенді  жағалай  жүріп  Қарағаш  жаққа  ат 
басын бұрды. Алдарында қарауыта көрініп, тау етегінде бейтаныс бір ауыл жатты. Әке әлден соң 
ыңылдап ән салды. Даусы тарғылданып өзгеше естілді.
 
Ілияс айналайын ұлым менің,
 
Жарылғап диқаншы еді шыққан тегім.
 
Қобызшы Молықбайдай ағаң болған,
 
Анадан ерте айырылған қозым менің,
 
-
деп өлеңдетіп қоя берді. Даусы дірілдеп өңешін өрт шмұңлы әке өз
-
өзін тоқтата алмады. 
Әке көзінен жас парлады. Бала үндемей тыңдай берді.
 
Ілияс соңымдағы ізге ергенім,
 
Болса да жақсы, жаман өз белбеуім.
 
Арманда Қолбала ақын жастай кетті
-
ау,
 
Анадан артық туған кемеңгерім,
 

 
[4,68б.]
 
деп  түн  қойнауын  мұңға  батырып,  даусы  бара
-
бара  қарлығып  шыққан  Жансүгір  бүлк
-
бүлк 
жортқан Торайғыр аттың тізгінін қоя беріп, өзінше әндетіп келеді...
 
[4,65б.]
 
...  «Қарағаш»  мектебінде  оқып  жүргенде  бірге  оқитын  достарымен  Біржан,  Абай,  Шәкерім 
туралы әңгіме дүкен құрып отырып, Ілияс былай дейді:
 
-
 
Менің ауылымда Қолбала деген ақын болыпты. Өлеңді өте көп жазған екен. Әттең,
-
деп 
күрсініпті.
 
-
 
Айтшы, тыңдайық. Қолбала ақын қандай өлең шығарыпты?
 
-
 
Білмеймін,
-
деді Ілияс.
 

 
Неге?
-
деп шу етті балалар.
 

 
Оны өлтіріп кеткен. Тілін кесіп,  Мойынқұм деген жердегі қасқырдың ініне тұншықтырып 
өлтіріпті. Жазғандарын өртеген көрінеді.
 

 
Қолбала...Қолбала ақын, –
 
деп Шәріп ойланып қалды.
 

 
Абай ақынды да ел ішіндегілер соққыға жығыпты кезінде, –
 
деді Шамай.
 

 
Мүмкін емес. Кім айтты саған, –
 
деді бадырақ көз Бегалы адыраңдап..». [4,96б.]
 
Екінші  дерек:  «Октябрь  туы»  газетінің  1974  жылғы  24  мамырдағы  санында  Тасыбай 
Мұзбаевтың Ілияс жайлы «Қамқор еді» деген естелік мақаласы жарияланған. [5,6б.]
 
Естеліктен үзінді: 
«Мен  ақын  Ілиястың  алдынан  тәлім,  білім  алған  көп  шәкірттерінің  бірімін.  1921  жылдары  Ілияс 
бастауыш  мектепте  мұғалім  болып  жұмыс  істеді.  Бұл  Ілекеңнің  Ташкенттен  оқу  бітіріп  келген 
кезі.  Ауыл  мектебінің  алғашқы  шәкірттері  аса  көп  те  емес  болатын.  Ілияс  сабағын  біз  бар 
ынтамен  тыңдайтынбыз.  Оқу,  білім  қажеттігі  жөнінде  қызық  әңгімелер  айтатын.  Көп  оқу 
керектігін  түсіндіретін.  Зерек  шәкірттерін  тым  жақын  тартып,  жанындай  жақсы  көретін  еді. 
Ілиястың  «Сұлу  қыздың  сыры»  өлеңі  мен  «Қолбала»  атты  поэмасы  да  біз  ертеректе  жаттаған 
шығармалар болатын.»
 
Үшінші  дерек:  Ілиястың  туысқаны,  кезінде  балалық,  жастық  шағы  бірге  өткен
 
Құсайын 
Шөкеновтің  «Біздің  Ілияс»
 
деген  естелік  кітабы  бар.  [6,123б.]
 
Ілияс  поэмаларының  кейіпкерлері  сол 
естелікте  де  кездеседі.  Мысалы,  поэмада  айтылатын  «Баласы  Солтанбайдың  үшеу  екен,  Туыпты 
Қангелдісі қан уыстап», –
 
дегендегі Қангелді естелікте де айтылады.
 
Бұл  деректерден  шығатын  қорытынды:  поэма  1920  жылға  дейін  жазылған.  Естіген,  көрген
-
білгендерін  хатқа  түсіре  беретін  ақынның  қасиеті  елге  мәлім.  Неге  ақын  бұл  дастанын  кезінде 
жарияламады?  Басты  себеп  –
 
дастанды  тұңғыш  жазғандықтан  қалай  болады  деп  тосырқауы  да, 
немесе  "қайта  қарап,  пісіріп  барып  ұсынамын"  деген  асықпауы  да  емес.  Басты  себеп  –
 
әпербақан 
заманнан  аяғын  тартуынан.  І.  Жансүгіровтің  өз  кейіпкерлерінің  тағдырын  бастан  кешуі  ғажап  емес 
болатын.
 
Бейсенбай Кенжебаев «Ақын Ілияс» естелігінде былай дейді:
 
«Ілиястың дене құрылысы мен 
бет  әлпетіне  сай  келмейтін  бір  жері  –
 
үні,  даусы  болатын.  Өзі  ұзын  бойлы,  алып  денелі,  жазық 
бетті,  үлкен  қыр  мұрынды  бола  тұрып,  оның  үні,  даусы  жіңішке  болатын.  Қатты,  қызуланып 
сөйлегенде  оның  үні  кейде  шіңкілдеңкіреп  шығатын  еді.  Бірақ  Ілияс  әнші  еді.  Ол  ән  салғанда  оның 
даусына ерекше бір қасиет пайда болатын: ол әрі сылдырлы, әрі созылымды, өте таза, сонысымен 
құлаққа  жағымды  болып  шығатын,  жазғы  қоңыр  желдей  есетін,  қоңыраудай,  таудан  аққан  тас 
бұлақтың  суындай  сылдырайтын.»
 
[7,8б.]
 
Өзі  әнші,  өзі  ақын  Ілиясты  Қолбала  тағдыры  бей
-
жай 
қалдырмаған,  реті  келген  кезде  жазған.  Ілиястың  өлең
-
жырға  әуестігін,  ақындықты,  әншілікті  жоғары 
бағалағанын, өнер тақырыбына жиі барғанын біз білеміз.
 
Ақын жырлауындағы Қолбала бейнесі:
 
Ақ жүрекпен, әділдікпен болған абыз,
 
Салалы салмағы бар, іші сағыз.
 
Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен,
 
Әніне таңғалғандай, тыңдасаңыз.
 
 
Өлеңді айтатұғын жөні келсе,
 
Іркіліп, тоқтамаушы еді айтшы десе.
 
Кейде ашты, кейде баяу даусын толғап,
 

280 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
Құбылтар ән аяғын әлденеше.
 
Поэма Үшқайнар, Ақсу, Діңгек деген жерлерді қыс қыстау, жаз жайлау еткен Солтабай байдың 
баукеспе үш ұры баласы болғандығын айтумен басталады. Ол елде Қолбала атты тағы бір кедей жігіт 
болады. Ақын Қолбаланы былай суреттейді:
 
Ат жүрек, әділдікпен болған абыз,
 
Саласы салмағы бар, іші сағыз.
 
Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен,
 
Әніне таңқалғандай таңданасың.
 
Өлеңді айтатұғын орны келсе.
 
Сол Қолбала өзімен құрбы Солтабай балаларына ұрлықты қойыңдар деп ақыл салады. Бірақ 
балалары оған көнбейді. Қолбала оларға:  –
 
Ендеше мен ұрлағандарыңды бойларыңа сіңіртпеймін,  –
 
дейді.
 
Сондықтан да жек көрді біткен ұры,
 
Жақсының жауласпай ма ағайыны?
 
Белгілі білгендерге іс емес пе,
 
Туғанға туралықпен жақпайтыны...
 
Әділ  азамат,  ер  жігіт  Қолбала  айтқанынан  қайтпайды.  Ел  ішіне  Солтабай  балаларының 
ұрлығын  ұстап,  әшкерелеп  береді  де  отырады.  Бұған  ыза  болған  Солтабайдың  Ханкелдісі 
Қолбаланың көзін құртпақ болады. Өзара пәтуаласып алған ұрылар сол елдегі бір тойға барамыз деп, 
Қолбаланы  қоярда  қоймай  атына  мінгізіп,  ертіп  алып  кетеді.  Олар  жолда  бейқам  келе  жатқан 
боздақтың  мойнына  тұзақ  тастап,  аттан  аударып  алады  да,  өлтіріп  құмға  көміп  кетеді.  Поэма 
мынандай жолдармен аяқталады.
 
Қайран ер отыз екі келген жасқа,
 
Туысқан жоқ өзіне туған басқа.
 
«Ұрлық қылма!» деймін деп өліп кетті,
 
Одан басқа не қылды қарындасқа?!
 
Поэманың көлемі 188 жол, тілі жатық, қай жылы жазылғаны көрсетілмеген.
 
Ілияс не жазса да, бүкіл байтақ қазақ жерінің алып өңірі көз алдыңда елестеп отыратын болу 
керек. Тіпті сол өңір тұтасымен кеудесіне сиып кетіп отыратындығы айдан анық. Ал сан қатпарлы өмір 
құпиясының  да  көкжиегі  көңіліне  ұялап,  қанаттанған  шабытының  шалқыма  мұхитына  шым  батып, 
шырқау биігіне көтеріліп жататындығы тағы аян. Олай болмаса басқасын былай койғанда жоғарғыдай 
дастандардың  тууы  жараспас  еді.  Жалпы  адамның  рухани  биіктігі  оның  санасы  мен  қанасына 
байланысты  болса  керек.  Бұл  есеппен  қарағанда  Ілиястай  ұлы  ақындардың  арнасы  бүкіл  әлемді 
әлдилейтін құдіретке лайық. Оны өзінің өлмес шығармаларынан көріп отырмыз. Оған ешкімнің шүбәсі 
болмас.
 
Қазақтың  ақиық  ақыны  Ілияс  Жансүгіровтің  қызы  Ильфа  Жансүгірова  Төреғали  Тәшеновпен 
(«Айқын» журналы, 2007ж., 10 ақпан) сұхбатында: «Ілияс шығармашылығы туралы бұрынғы  кеңестік 
замандағы зерттеу  еңбектер ескірді. Ілияс шығармашылығы, өмірі туралы жаңаша сөз айтылуы тиіс. 
Оқырман  қолына  жетпеген  мұрасы  өте  көп.  Әкемнің  архиві  өте  ұқыпты  сақталған.  Мұндай  мұрағат 
басқа  ешкімде  жоқ.  Бірақ  әлі  күнге  жете  зерттелмеген.  Оның  себебі  арабша  хат  танитындар  сирек, 
екіншіден, қазір ілиястанумен ешкім шұғылданбайды»,
-
деп қалың қазаққа өкпесін білдірген екен.
 
«Жүрегімнің  айнасын  шаң  басқанда,  орамалым  осы  өлең  бетін  сүртер»  –
 
деп  жан  сырын
 
ақтарған ақынның салиқалы шығармашылығы ұлы суреткерді тек табиғат қана туғызып қоймай, нақты 
қоғамдық
-
тарихи шындық шыңдайтынына көзімізді тағы да жеткізе түсті.
 
Біз  сөзімізді  Жетісудан  шыққан  ақын  Тұрсынзада  Есімжановтың  Ілиясқа  арнаған:  Қазақтың 
маңдайына өлең бітсе,
 
Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен!
-  
деген өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
 
1. 
Нұршайықов Ә. Ақынның белгісіз поэмасы // «Социалистік Қазақстан» газеті. 1965 жыл, 16 мамыр.
 
2. 
Бұхарбай Ж. Керексіз бе едің, «Қолбала?» // «Қазақ әдебиеті» газеті. 1994 жыл, 21 қаңтар.
 
3. 
Кыяхметова Ш. І.Жансүгіровтің «Қолбала» поэмасы.// «Жетісу» газеті.
 
4. 
Жанәбілов С. Ол ертең атылады. // «Жұлдыз» журналы. 1994 жылғы 9 саны.
 
5. 
Мұзбаев Т. Қамқор еді. // «Октябрь туы» газеті. 1974 жыл, 24 мамыр.
 
6. 
Шөкенов Қ. Біздің Ілияс. Алматы: Жазушы.
-
1974ж.
 
7. 
Кенжебаев  Б.  Ақын  Ілияс.  Кітапта:  Аңызға  бергісіз  ғұмыр.  //Құрастырушы  Ш.Кыяхметова. 
Талдықорған, 2008ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
281 
 
 
 
Нұрсұлтан Қаниятов
 
(Ақтөбе, Қазақстан)
 
 
ШУМЕР ЖАЗБАСЫ ТҮРКІЛІК СЫНА ЖАЗУЫНЫҢ НЕГІЗІ МЕ?
 
 
Түркілік  мәдениетпен  қатар  өрбіп,  қатар  дамыған,  «Қосөзен»  аталып  кеткен  Тигр  мен  Ефрат 
бойында,  Месопатамия  жерінде  пайда  болған  шумерлік  мәдениет,  шумерлік  жазба  болды.  Соңғы 
жылдары өзінің күнтізбесімен әйгіленіп, дәлірек айтсақ, 2012 жылғы «ақырзаман» деп түрткіл дүниені 
дүр  сілкіндірген  Шумер  жазбасының  түркілік  жазбаға  қаншалықты  байланысы  бар,  қайсысы 
бұрынырақ туды деген даулы сұрақтар ғылымда әлі де болса ойландыратын мәселелердің бірі болып 
отыр.
 
Ең  алғаш  табылған  түркі  мәдениеті  мен  жазбасының  айғағы  болып  табылатын,  көне  түркі 
жазба тарихи
-
мәдени ескерткіші –
 
Орхон
-
Енисей жазбалары.
 
Көп  уақытқа  дейін  сыры  беймәлім,  қай  тілде  жазылғандығы  белгісіз  болып  келген.  Орхон
-
Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі 
"сыры  ашылмаған",  "құпия"  деген  мағынаны  білдіреді).  Тек  1893  ж.  ғана  даниялық  ғалым  В.Томсен 
құпия  жазуды  оқудың  кілтін  ашады.  Біраз  жылдардан  кейін  орыс  ғалымы  В.В.Радлов  Орхон  өзені 
бойынан  табылған  үлкен  тастардағы  жазуды  толық  оқып,  аударды.  Руна
 
жазуындағы  ең  үлкен 
ескерткіштер  Орхон  мен  Енисей  өзендері  алқабынан  табылғандықтан,  жазудың  өзін  де  осылайша 
атап кетті.
 
1893 жылғы қарашаның 25
-
күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм 
Томсен  ғылыми  әлемді  дүр  сілкіндірген  мәлімдеме  жасады.  Ғалым  Орхон  мен  Енисей  өзендері 
бойынан  табылған  ескерткіштердегі  құпия  жазуды  оқудың  кілтін  ашқандығын  хабарлады.  Ғалымның 
ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен [1].
 
Евфрат  (шумерлер  Буранун  (Дала  деген  мағына  беретін)  деп  атаған)  жазығына  алғаш 
егіншілер  шамамен  б.д.д.  7000  жылы  келіп  қоныстана  бастаған,  ағашы,  тау
-
тасы  жоқ  бұл  жазықты 
қамыс
-
қоғаның көптігіне орай олар «Қамыс
-
ши иелігіндегі жер» деп атаған. Шамамен б.д.д. 3500 жылы 
Қосөзеннің  оңтүстігінде  шумерлер  пайда  болды.  Зерттеуші  ғалымдардың  айтуы  бойынша,  олар 
Евфрат  жазығына  солтүстік
-
шығыстан  түскен  және  олардың  тілі  айналасындағылардың  ешбіріне 
ұқсамайтын.
 
Ірі  шумертанушы  А.Фалькенштейннің  пікірі  бойынша,  шумерлер  бұл  жерге  тіпті  тас  дәуірінде 
келген. Ал белгілі тарихшы И.М. Дьяконов шумерлердің қайдан келгендігі әлі күнге құпия болып келеді 
дейді  [2].  Сонымен  қатар  ол  антропологтардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  оларды  европоидтық 
үлкен нәсілдер қатарына жатқызады [2. 93б].
 
Келесі  бір  зерттеуші  Г.  Фр.  Кольб  өз  еңбегінде  (История  человеческой  культуры,  1897): 
«Полагают,  что  клинопись  есть  изобретение  туранского  народа,  который  в  продолжение  двух 
столетий  господствовал  в  Месопотамии;  это  были  финско
-
татарское  племя,  которое  эллины 
называли  азиатскими  скифами»
-
деп  жазған  болатын  [
3
].  1837  жылы  ағылшын  дипломаты,  лингвист 
ғалым, ассирологияның атасы деп аталған Генри Роулинсон (1810
-
1895) Бехустин жартасындағы үш 
тілде жазылған жазбаларды көшіріп алып, үшінші тілдік сына нұсқасын 1853 жылы терең зерттей келе 
оны «скифтік немесе түркілік» деп атап, шумерлердің өзін «вавилондық скифтер»деген болатын.
 
Шумерлердің  ата  жұртының  Шығыстық  тегін  ғалымдар  одан  әрі  шығысқа  сүйреп  Алтайға 
жақындатқан  сайын  ғылыми  әдебиетте  шумерлер  мен  түркілер  тілін  салыстыра  қарастырудың 
алғашқы  әрекеттері  қалыптаса  бастады.  Солардың  бірі,  Ф.Хоммель,  шумерлер  мәтіндеріндегі  түркі 
тілімен  сәйкес  келетін  200  сөзді  атап  көрсетті,  сол  үшін  әжуалау  мен  масқаралауға  ұшыраған 
болатын. ХХ ғ. 60
-
шы жылдары неміс  ғалымы Курт Вальтер  Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне 
ұқсас» деп кесіп айтқан еді. [4]
 
Қазақстан  ғалымдары  арасында  осындай  пікірді  түркітанушы  ғалым  А.С.  Аманжолов  1969 
жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан болатын. [5].
 
Расында, бұл тақырып қазақ ғалымдары арасында қолдау таппады. Олар Алдыңғы Азиядағы 
өлі тілдер бойынша ірі маман болып табылатын И. Дьяконовтың сөзіне бас иіуге мәжбүр болды. Осы 
Германиядағы конференцияда И. Дьяконов: «В настоящее время шумерский язык приходится считать 
изолированным и родство его с каким бы то ни было другим языком  –
 
неустановленным» деген еді. 
Кейінгі зерттеулер А.С. Аманжоловтың келтірген деректерінің дәлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде. 
Осы  уақыт  аралығында  көптеген  шетелдік  ғалымдардың,  шумерлер  мен  түркілер  тілінің  туыстығын 
растайтын зерттеулері жарық көрді.
 
И.М.  Дьяконовтың  шумерлер  мен  түркілер  тілінің  туыстығын  байқамағандығын  көрсете 
отырып,  Олжас  Сулейменов  И.М.Дьяконовтың  еңбегінен  түркі  тіліне  ұқсас  60  шумерлік  сөзді  атап 
көрсетті. Олар: (ада –
 
отец(ата), ама –
 
мать(ана), ту –
 
родить(ту, туу), ере –
 
муж(ер, еркек), рядовой 
воин(өрен),  угу  –
 
стрела(оқ), таг  –
 
прицепи(тақ), заг  –
 
сторона(жақ), бильга  –
 
мудрый(білгір), предок, 
ме –
 
я(мен), зе –
 
ты(сен), ане –
 
вот(әне), гуд –
 
бык, гаш –
 
птица(құс), кир –
 
грязь (кір), земля(жер), уш –
 
три  (үш),  у  –
 
десять(он),  кен  –
 
широкий(кең),  узук  –
 
длинный(ұзын),  туш  –
 
спуститься(түс),  уд  –
 
огонь(от),  удун  –
 
дерево(отын),  дрова,  дингир  –
 
бог(тәңір),  небо,  тенгир  –
 
бог,  небо  және  т.б.). 
О.Сулейменов әрбір сөзді тыңғылықты талдауға  алып, шумер
-
түркілік түбірінің сәйкестігін анықтады. 
Сөйте келе оларды төмендегідей топтырға жіктеп көрсетті:
 
а) ұқсастықтардың жүйелігі бар, өйткені олар өмірмен байланысты;
 

282 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
б) шумер және түркі тілдері ұзақ уақыттар бойы өзара анық ықпалдастықта болған;
 
в)  бұл  тілдер  генетикалық  жағынан  емес,  керісінше  өзара  мәдени  ықпал  етулер  нәтижесінде 
туыстасқан[6].
 
Шумер  атауының  шығу  тегіне  көп  көңіл  аударғандардың  бірі  Олжас  Сүлейменов.  Ол  өзіне 
дейінгілердің  талдауындағы  кеткен  олқылықтарды  келтіре  отырып,  шумерлер  жазуындағы 
таңбаларды терең талдауға алған. «Қосөзендегі батпақты сулы, нулы ел –
 
Суб
-
йер» дей келе, «Таңба 
мен атаудың түркілерден шыққандығының ең нанымды дәлелі –
 
түркілер иероглиф пен таңбаның шын 
мағынасын  білді,  сондықтан  олар  Суб
-
йер  тіркесімен  байланысты  қияли  аңыз  шығармады.  Демек, 
тіркес  құпия  сырға  толы  әлдене  болып  көрінбейді»[6.  246  б].  Сонымен  Олжас  Сүлейменов  Шумер 
атауын «Су
-
жер» сулы жер атауынан таратады.
 
Әрине алғашқы  егіншілердің  өзен, көлдер жағасына келіп орналасқанын  ескерер болсақ, бұл 
атаудың  өмір  сүру  құқы  бар  екендігін  айта  аламыз.  Осы  жерде  өзіміздің  де  жорамалымызды  айта 
кетуді  жөн  көрдік.  Шумерлер  өздерін  «санг
-
гиг»  –
 
«басы  қара»,  яғни  қарабастылар  деп  атаған. 
Дьяконов –
 
санг –
 
бас –
 
деп аударған. Сонымен қатар ең ежелгі оқулықтарды жазғандарды –
 
«санга» 
(абыз)  –
 
титулымен атаған. Бұған қарап, «сана», «дана»  –
 
сөздерінің шығу  тегі  де осында жатыр ма 
деген  ойға  қаламыз.  Гректер  сақтардың  бір  бөлігін  «шошақ  бөрікті»  (тиграхауда)  деп  атаған  секілді, 
орыс жылнамалары да «қарақалпақтарды» «черные клоубоки»  деп атаған, сонымен қатар албандар 
арасында «қоңыр бөрік», «қызыл бөрік» деген рулардың бар екендігі мәлім.
 
Ежелгі  түркілік  іздерді  Шумерлерден  іздегеніміз  де  тегін  емес,  европалық  ғалымдар  Халфен, 
Мюллер,  Франке,  Де  Груут,  Менген,  Кастрен,  Хаваси,  Халоун,  Харлейз,  Копперз,  Котвич  және  т.б. 
ежелгі  түркілердің  әлемнің  төрт  бұрышында  да  қалдырған  іздері  туралы  жан
-
жақты  зерттеулер 
жүргізгенін  З.В.  Тоган  дәлелді  келтірген.  Шевеста,  Кзермак,  Шмидт,  Копперз  зерттеулерінде  көне 
түркілер  мәдениетін  б.д.д.  ІІ  мыңжылдықта  Ніл  өзені  аңғарынан  жиі  кездестіруге  болады  деп  атап 
өткен.  Ал,  М.А.  Кастрен  Орталық  Азиядағы,  әсіресе  Алтай  өлкесіндегі  тайпалардың  ежелгі  Шумер 
жеріне қоныс аударғаны туралы жазады [7]. Бұл пікірді қолдаған В.Шмидт пен О.Менген Таяу Шығыс 
пен Ніл аңғарында ежелгі және үлкен мемлекетті, өркениетті Орта Азиядан әскери
-
көшпенді қауымдар 
әкелген  деп  атап  көрсетеді.  О.Менген  бұл  деректерді  жануарлар  сүйегіне,  әсіресе,  жылқы  сүйегінің 
табылған жерлерін зерттей келе, оларды қолға үйрету соңғы тас пен жаңа тас дәуірінде Орал
-
Алтай 
және  Солтүстік  пен  Орта  Азия  тайпаларында  орын  алғанын,  атқа  мініп  алапат  жорықтарға  аттанып, 
өркениет тасымалдаушылары болғандығын айтады. Темір өңдеуді де б.д.д. ІІ мыңжылдықта Мысырға 
(Египет) осы көшпенділер жеткізген.
 
Помпей  Трогтың  (б.д.д.  І  –
 
б.д.  І  ғғ.)  44  томдық  «Филипптің  тарихында»  сақ,  массагеттер 
туралы  айта  келе:  «Скифтер  барлық  заманда  көне  халық  болып  есептелген,  көнеліктен  олар 
мысырлықтардан кем түспейді» деп атап көрсетеді [8].
 
Қорыта айтқанда, түркілік сына жазуының шумерлік жазбаларға қандайда бір қатысын болжап, 
рухани  мәдениеттің  байланысы  барлығы  анық.  Оны  дәлелдеудің  шумерлерден  жеткен 
материалдардың аздығынан қиындықтар тудырғанмен тарих сахнасында шындық туған болса, дәйегі 
де табыларына сенеміз.
  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет