«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет65/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75

 
Література:
 
1. 
Караванський
 
С.  До  зір  крізь  терня,  або  хочу  бути  редактором  /  С.
 
Караванський.  –
 
Львів  :  БаК, 
2008. 

 120 
с.
 
 
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
311 
 
 
 
2. 
Тлумачний словник української мови. Близько 20
 
000 слів та словосполучень / укл. Н.
 
Д.
 
Кусайкіна, 
Ю.
 
С.
 
Цибульник. –
 
Харків : Книжковий Клуб «Клуб Сімейного Дозвілля», 2010. –
 
608 с.
 
 
Науковий керівник:
 
старший викладач, кандидат філологічних наук Зінчук Руслана Степанівна.
 
 
 
Роза
 
Садықова
 
(Алматы, Казахстан)
 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ПАРСЫ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҒЫНАСЫ
 
ЖАҒЫНАН ҰҚСАС МАҚАЛ
-
МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Тіл  білімінде  фразеология,  паремиология  салаларының  жеке  пән  ретінде  қалыптасуында, 
соның  ішінде  мақал
-
мәтелдерді  фразеология  мен  паремологияның  жеке  объектісі  ретінде 
қарастырып, олардың іші мен табиғаты, зерттеу әдістерін анықтауда көптеген шетелдік және отандық 
ғалым
-
лингвистердің  маңызды  теориялық  тұжырымдар  мен  еңбектері  үлкен  орын  алады.  Солардың 
ішінде В.В. Виноградов, М.М. Копыленко,
 
С.Г.  Гаврин,  Д.  Добровольский,  Г.Л.  Пермяков,  А.Т.  Қайдар,  Н.Н.  Амосова,  В.П.  Жуков, 
С.Е.
 
Исабеков, М.Т. Сабитова сынды ғалымдардың еңбектері жоғары бағаланады [1, б. 125].
 
Парсы  тілінің  фразеологиясы  өте  бай  және  өзіндік  сипатқа  ие  уникалды  болып  табылады. 
Оларды  халықтың  ұлттық  мәдениеті  айқын  көрініс  табады.  Кейбір  афоризмдер  мен  тұрақты 
тіркестерді және қанатты сөздерді орыс тілінде беру мүмкін болмайды. Сонықтан орыс тіл біліміндегі 
лексикографиялық  еңбектерде  көбіне  парсы  тіліндегі  контекст  тұтас  алынады.  Парсы 
фразеологизмдері 
сонымен 
қатар 
көпқырлы 
функционалды 
рөл 
атқарады, 
халықтың 
этнопсихологиялық 
және 
әлеуметтік
-
этикалық 
нормаларын 
көрсететіндіктен 
контрастивті
-
мәдениеттанулық талдау жасау үшін барынша маңызды болып саналады [2].
 
Ертеректегі  ауыз  әдебиетінің  ең  көне  түрі  мақалдар  мен  мәтелдер.  Ол  ғасырлар  бойы 
халықтың  ұқыптап  сақтап  келген  еңбек  тәжірибесінің  жиыны,  ой
-
пікірінің  түйіні,  аңсаған  асыл 
арманының  арнасы,  өмір  тіршілігінің  айнасы,  көнеден  жаңаға,  атадан  балаға  қалдырып  келе  жатқан 
тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы [ 3, б. 3].
 
Мақал  мен  мәтелдерді  сара  сөз  бен  нақылдарды  халық  ежелден  жақсы  көреді,  мақал
-
мәтел 
әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы, мақал
-
мәтелдердің табиғаты барлық тілдерде бір
-
біріне ұқсас.
 
«Өмір –
 
ұлы ұстаз» деген нақыл сөз бар. Өмір адам баласын алдымен еңбекке үйретті, еңбек 
өнерді  туғызды.  Еңбек  пен  өмір  адамды  бірлікке  бастады,  ынтымаққа  шақырды.  Осыдан  халық 
қорытып: «Көппен көрген ұлы той» десе, ал парсы халықтары
 
«تسا نشج هوبنا هب گرم», «Әрекетте берекет» «ادخ زا توق وت زا تمه» –
 
дейді.
 
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  тәрізді  ұқсас  мақал
-
мәтелдерді  тек  парсы  тілінен  ғана  емес,  кез 
келген түркі тілінен де кездестіруге болады.
 
Ә.Т.  Қайдар  қазақ  мақал
-
мәтелдері  мен  зерттеуін  «Халық  даналығы»  деп  атады.  Осылайша 
аталуын түсіндіре кетіп, кітап атындағы «даналық» түркі тілдеріне парсы тілінен енген –
 
дана (dana) اناد
 
(ақылды,  ғалым,  білгір  адам)  сөзімен  төркіндес.  Даналықтың  кені  –
 
шығыста,  адамзат  қауымындағы 
даналардың көбіде шығыс елдерінен шыққан. Шығу тегі бір, бір ұяда өсіп, жан
-
жаққа тарап кеткен ірілі
-
ұсақты түркі халықтарының тілі ғана емес, рухани
-
мәдени болмысы да, салт
-
дәстүр, әдет
-
ғұрыптары 
да, танымдық
-
тағылымдық қасиеттері де ортақ десек, мақал
-
мәтелдердің көбісі де түркі әлеміне ортақ 
мұра [4, б.59].
 
Түркі халықтарына ортақ мақал
-
мәтелдердің де екі түрлі арна бойынша қалыптасады. Бірінші 
арнасы  түркі  халықтарының  генеологиялық  шығу  тегі  мен  тарихына,  екіншісі  ғасырлар  бойы  жіті 
араласу,  өзара  етене  сіңісу  нәтижесінде  жүзеге  асқан  рухани  ауыс
-
түйістер  жатады.  Негізінде,  түркі 
әлемінде ортақ мақал
-
мәтелдерді өз тілінің  ерекшелігіне сәйкес қалыптастырып, аударып, өз тілінде 
сөйлетіп  келеді.  Сондықтан  да,  иран  халқы  айтқан  мақал
-
мәтелдерді  –
 
түрік  халқы  түсініп,  түріктер 
айтқаннан  –
 
қазақтар  түсініп,  жалғасып,  ортақ  мұра  болып  келеді.  Егер  мақал
-
мәтелдерді  біз  басқа 
тілдерден  оларға  қойылатын  «қысқа  да  нұсқа,  бейнелі,  ауыспалы  мағынасы  мен  астарлы  мәнін 
сақтап», осы шарттарды орындап, аударып алатын болсақ, «аударма» деген ұғымнан гөрі, «өз тіліңе 
сәйкестендіру»  –
 
деген  бұл  процеске  дәлірек  келеді.  Көбінесе  мағыналас  (синонимдес),  не 
тақырыптас  мақал
-
мәтелдермен,  сөздермен  алмастырумен,  сәйкестендірумен  шектеледі.  Төмендегі 
мысалдарға назар аударайық:
 
Өтіріктің құйрығы бір
-
ақ тұтам.
 
.درادن غورف غورد غارچ
 
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда.
 
.ونشب وت سورع میوگ یم وت هب رتنخد
 
Көп түкірсе –
 
көл.
 
.دوش ایرد هرطق هرطق
 
Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі.
 
.داب رب دهد یم زبس رس خرس نابز
 

312 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
Басаман болса, бөрік табылар.
 
.تسا رایسب هلاک دشاب رس
 
Тас түскен жеріне ауыр.
 
نیگنس شدوخ یاجب گنس
 
Тесік моншақ жерде қалмас.
 
دشاب شوگ
 
.تسا رایسب هراوشوگ
 
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
 
دنجنگن یماین رد ریشمش ود
 .
Жау жоқ деме жар астында,
 
Бөрі жоқ деме, бөрік астында.
 
.دراد شوگ شوم و دراد شوم راوید
 
Көре
-
көре көсем боларсың,
 
Сөйлей
-
сөйлей шешен боларсың.
 
.دسر یم داتسآ هب هتفر هتفر درگاش
 
Арзанның сорпасы татымас.
 
.یرخ نابنا یرخ نازرا
 
Көппен көрген ұлы той.
 
ا هب گرم
.تسا نشج هوبن
 
Тоқтық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді.
 
.دروخ یم مه ار گنس هنسرگ مدآ
 
Осы мақал
-
мәтелдерде көріп отырғанымыздай, екі тілдің мақал
-
мәтелдерін мағынасы жағынан 
сәйкестендіргенде, парсы тіліндегі мақалды тікелей аударса:
 
دوش  ایرد  هرطق  هرطق
 
Тамшы,  тамшы  көл  болар,  біз  осы  мақалды  қазақтың  «Көп  түкірсе  –
 
көл» 
мақалымен  сәйкстендіріп  алдық.  Келесі  бір  қазақтың  мақалын  алып  қарайық,  «Көре
-
көре  көсем 
боларсың,  сөйлей
-
сөйлей  шешен  боларсың»,  енді  осы  мақалға  мағынасы  жағынан  сәйкестендіріп 
алған  парсы  тілі  мақал
-
мәтелін  аударып  көрейік:  «
 
دسر  یم  داتسآ  هب  هتفر  هتفر  درگاش
 
Шәкірт  бара
-
бара  ұстаз 
болар.
 
Міне,  осы жерде екі тілде алынған мақал
-
мәтелдерді біз аударып сәйкестендіргенде мағына
-
мәні  өзгеріп,  бейнелілігі  кеміп  тұрған  жоқ  [5,  б.165].  «Біреуге  көр  қазба  –
 
өзің  түсерсің»  –
 
деген 
мақалды иран халықтарының рухани дүниесінен кездестіруге болады екен. Дәлірек айтса, бұл мақал 
парсы  тіліндегі  Авеста  мен  Зендіде:  «Провалился  в  яму  тот,  кто  другим  капал  яму»  (32  б.,  орысша 
аудармасы)  мағынасында  қолданылған  екен.  Иран  ғалымдары  да  бұл  мақалдың  шығу  тегін  иран 
тілдері және ол өз кезінде өте кең тараған мақал деп санайтын көрінеді.Мәселен, әдебиетші
 
Х.  Көроғлы:  «Источником  этой  широко  известной  в  пароде  пословицы  названа  священная 
книга иранцев «Авеста»» деп көрсетеді.
 
Бұл мақал «Авестада» тым еретеде (б.д.д.  YII ғ.)  қолданылса  да, қазақ тілінде өзін бөтен тіл 
элементтеріндей емес, сол тілдің етене өзінен туындаған мақалдай сезінуінде. Даналық сөздер кейде 
басқа шет тілдерінен тікелей емес, көне түркі жазба  ескерткіштері мен көркем шығармалары арқылы 
аударылып жетуі де мүмкін ]4,б. 26]. Мысалы, Иран ақыны Саадийдің «Гүлістан» атты шығармадан да 
біз көптеген мағыналас, рухы ұқсас мақал
-
мәтелдерді кездестіреміз.
 
Парсы  мақал
-
мәтелдерін  зерттеуші  ғалым  Халық  Көроғлы:  «Мақал
-
мәтелдер  қоры  әрбір 
халықтың  әлеуметтік  хал
-
күйінің  айнасы  екендігін  көрсетеді»  [6,  б.  38].  Алғаш  шығыс  ақындарына 
еліктеп  өлең  жазған  ақын  Абай.  Ұлы  ақын  нәр  алған  үш  арнаның  бірі  –
 
Шығыс  поэзиясы  екені  хақ. 
Парсы ақындары қашаннан
-
ақ әңгімені
 
тартымды, қызықты етіп жазуға шебер келетін. Тіпті аса көне 
проза  ескерткіштерінің  бірі  –
 
Бабак  руынан  шыққан  Ардашер  туралы  біздің  эрамыздың  бас  кезінде 
жазылған  әңгіме.  Парсы  әдебиетінде  поэзия  едәуір  дамыды,  соның  ішінде,  әсіресе  лирика  жетекші 
орынға ие болды [7, б. 3].
 
Мақал
-
мәтелдердің табиғаты барлық тілдерде бір
-
біріне ұқсас. Сондықтан да олардың алғаш 
пайда  болуына  байланысты  айтылып  жүрген  пікірлермен  санасу  да  қажет.  Мәселен,  көптеген 
зерттеушілер  мақал
-
мәтелдер  алдымен  міндетті  түрде  жеке
-
дара  адамдардың,  көбіне  көп  ділмәр
-
шешен,  айтқыш
-
ақылмандардың  дуалы  аузынан  шығып,  халық  арасына  сіңіп,  ел  жадында  сақталу 
арқылы  қалыптасады  деп  топшыласа,  кейбір  зерттеушілер  мұны  керісінше  қарастырады.  Мысалы, 
белгілі  әдебиетші  ғалым  Халық  Көроғлы:  «Издавна
 
пословицы  и  поговорки  проникли  в  персидскую 
литературу  –
 
в прозу  и поезию. Не было ни  одного более или менее  известного персидского поэта, 
который не приводил бы в своих произведениях пословиц и поговорок. В персидской и персоязычной 
литературе  классического  периода  они  встречаются  в  огромном  количестве  и  большой  частью  в 
стихотворной форме. С Х
VI 
в. Пословицы и поговорки стали собирать в отдельные антологии» –
 
деп 
көрсетеді [6, б.5].
 
Бұл  пікірден  парсы  мақал
-
мәтелдері  алдымен  халық  тілінде  пайда  болып,  қалыптасып 
алғаннан  кейін  ғана  әдебиетшілердің  шығармаларында  қолданыла  бастады  деген  ұғым  туатын 
сияқты.  Шын  мәнісінде,  олай  емес,  парсы  мақал
-
мәтелдері  де,  барша  халықтарға  тән  дәстүр 
бойынша,  алдымен  жеке
-
дара  дарынды  да  шешен  адамдардың  шығармасында  пайда  болып,  одан 
кейін  ғана  ой  елегінен  екшеліп  өтіп,  әбден  сұрыпталып,  ширығып  барып  шырадай  жанатын,  ел 
аузынан тастамай айтып жүретін аталы сөзге айналады.
 
Сонымен,  қорыта  келгенде  парсы  тілінің  мақал
-
мәтелдер  жинағын  шығарған  Иран  ғалымы 
Амини: «Читатель видит, что высказываниях простого человека с базара содержатся жемчужины ума 
и  клады  истины.  Выражая  их  в  своих  содержательных  рассказах,  он  определяет  и  указывает  нам 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
313 
 
 
 
светлый путь жизни –
 
той жизни, которая, с одной стороны, обязана уму, нравам и старанию
 
его, а с 
другой –
 
определяется волей бога, судьбой, смирением и терпением перед тем, что нам посылается» 

 
деп баяндайды [6, б. 2].
 
Бұл  пікірдің  қазақ  мақал
-
мәтелдеріне  де  қатысы  бар.  Расында,  қазақ  мақал
-
мәтелдерінің 
барлығы  бірдей  бірден  бас
-
аяғы  анықталып,  біртұтас  болып  қалыптасқан,  қолдануға  дайын  күйінде 
пайда  бола  қойған  жоқ.  Олардың  көпшілігі  ұзақ  әңгіменің,  ой
-
толғаныстың  қорытындысы,  тобықтай 
түйіні, тоқ етері ретінде қысқа айтылатын пікір үлгісі болып келеді.
 
 
Қолданылған әдебиеттер:
 
1. 
Жумадилова  Ғ.  Парсы  мақалдарының  топтастырылуы
  // 
Шығыстану  білімі  мен  ғылымының  іргелі 
және инновациялық мәселелері. Халық. ғылыми
-
теориялық конференция жинағы. –
 
Алматы, 2009.
 
2. 
Садықова  Р.К.  Түр
-
түс  атауларының  аудармада  берілуі  «Абай  жолы»  роман
-
эпопеясының  парсы 
тіліне аудармасы негізінде: филол. ғылымд. канд. диссерт. –Алматы, 2010. –150 б.
 
3. 
Тұрманжанов М. Ө. «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» –
 
Алматы, 2004. –
 
272 б.
 
4. 
Қайдар  Ә.  Т.  Қазақ  мақал
-
мәтелдерінің  түсіндірме  сөздігі  және  зерттеу  «Халық  даналығы»  –
 
Алматы, 2
004. 

 
560 б.
 
5. 
Рүстемов Л. З., И. Сәмәре. Парсы тілінің жолашары. –
 
Теһран,
 1995. 
6. 
Х. Короглы «Персидские пословицы и поговорки» –
 
М., 1973.
 
7. 
Парсы жазушыларының әңгімелері. –
 
Алматы, 1958. –
 
260 б.
 
 
 
Жанат Султангалиева, Жубаназар Асанов
 
(Актобе, Казахстан)
 
 
«ЕДІГЕ» ЭПОСЫН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
«Едіге» эпосы –
 
Алтын Орда дәуіріндегі біздің ата
-
бабаларымыздың кейінгіге қалдырған үлгі
-
өсиеті, асыл аманаты. Күні кеше ғана күркіреп тұрған мемлекетін, тұтастығын, рухани бірлігін, басынан 
ұшқан бағын жоқтауы, жан дауысы, имандай сыры. «Едіге» эпосын тек қазақ қана емес, татар, ноғай, 
қарақалпақ, башқұрт, өзбек, түрікмен халықтары ХІҮ
-
ХҮ ғасырлардан бастап 1944 жылға дейін айтып 
келді.  Жырды  зерттеуге  Ш.Уәлиханов,  В.М.Жирмунский,  П.М.Мелиоранский,  А.Н.
 
Самойлович, 
М.
 
Тынышбаев, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев сияқты белгілі ғалымдар азды
-
көпті өз үлестерін қосты. Бәрі де 
эпосқа жоғары баға берді.
 
1944  жылы  9  тамызда  ВКП  (б)  Орталық  Коммитеті  қабылдаған  Татарстан  партия 
органдарының жұмысы туралы қаулы шықты [1]. Ол қаулыда кейбір тарихшылар Татарстан тарихын 
ұлтшылдық  тұрғыдан  жазып  жүр.  Олардың  еңбектерінде  Алтын  Орда  тарихын  мақтау,  Едіге  туралы 
хандық
-
феодалдық  эпосты  насихаттау  орын  алған  деген  сияқты  кінәлар  тағылған.  1953  жылы  Қазақ 
ССР  Ғылым  Академиясының  Президиумының  ұйымдастыруымен  өткізілген  қазақ  эпосы  туралы 
пікірталасы  негізінде  бұл  жырға  одан  әрі  қара  күйе  жағылды.  Аталған  қаулылардың  екпінінің 
қаттылығы соншалық, тәуелсіздік алғалы 22 жыл өтсе де Қазақстанда «Едіге» әлі күнге дейін еңсесін 
тіктеп кете алмай тұр.
 
1980  жылдардан  бастап  бірсыпыра  еңбектерде  Едігетану  мәселесі  қайта  көтеріле  бастады. 
Атап  айтқанда,  Р.Бердібаевтың  «Советтік  тюркология»  журналында  жарияланған  «Эпостың 
тарихилығы»  деген  зерттеуі,  ғылыми  конференцияларда  (мыс.,  Ашхабад  т.б.  жерлерде)  жасаған 
баяндамалары  қазақ  әдебиетіндегі  Едігетану  мәселесіне  бірсыпыра  қозғау  салды  [2].  Кейін  оны 
қолдаушылар көбейе түсті. 1996 жылы ҰҒА
-
ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында 
«Едіге  батыр»  деген  кітаптың  тексі  (мәтіні)  О.Нұрмағанбетованың  дайындауымен  «Ғылым» 
баспасынан  жарық  көрді.  Жинаққа  Едіге  жайлы  жырдың  жеті  нұсқасы  енді.  Кейін  қайта  басылды. 
Сөйтіп,  Едіге  туралы  ұзақ  жылдар  тоқталып  қалған  әңгіме  қайта  қозғалып,  қазір  жоғары  оқу 
орындарында  эпос  пәні,  қазақ  фольклоры  бойынша  әр  жерде  аты  аталады.  Едіге  батыр  [3],  оның 
ұрпақтары  жөніндегі  эпостар,  «Орақ
-
Мамай»  [4],  «Қарасай
-
Қази»  [5]  хақында  кандидаттық 
диссертациялар  қорғалды.  Бұның  бәрі  –
 
игілікті  жұмыс.  Осыны  тегіс  қолдай  отырып,  құптай  отырып 
жоғары  оқу  орындары  мен  орта  мектептерде  оқыту  керектігіне  анық  көзіміз  жетеді.  Тақырыпқа 
байланысты  ол  кезде  қолға  түспеген  қаншама  құнды  деректер  тәуелсіздік  нәтижесінде,  мемлекеттік 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  жарияға  шықты.  Көптеген  кітаптар  басылды.  Олардың 
арасында  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  шығарып  жатқан  жүз  томдық 
«Бабалар  сөзі»
 
топтамасының  түгелдей  «Едіге»  жырына  арналған  39
-
томы,  «Орыс  деректеріндегі 
Қазақстан тарихы» көп томдығының бірінші томы сияқты аса құнды һәм көлемді дүниелер бар.
 
Қазақстанда  «Едіге»  эпосын  мектепте  оқытудың  бұрыннан  қалыптасқан,  сыннан  өткен  үлгісі 
бар. Қ.Жұмалиев пен Ә.Марғұлан шығарған 8 класқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығында «Едіге» 
жыры  туралы  татымды  пікірлер  айтылған  [6].  Оқулықтың  «Тарихи  жырлар»  деп  аталатын  бөлімін 
жазған  Қ.Жұмалиев  «Едіге»  эпосының  тарихи  негіздеріне  тоқталып,  тарихи  шындық  пен  көркем 
шындықтың  ара  жігін  ашады.  Ғалым:  «Әрі  кемеңгер,  ақылды,  әрі  батыр,  соғыс  әдісін  жақсы  білетін 
қолбасы –
 
Едігенің істері ел көкейіне қона кетеді. Ішкі, тысқы жауларға қарсы ұйымдастырған Едігенің 
ерлік  күресі  ел  мүддесімен  ұштасады,  халық  оның  істерін  тамаша  бағалап,  өздерінің  мақтаны  етті. 
Халықтың  ішкі
-
сыртқы  жауларға  шығарған  үкімі  «Едіге»  жыры  болды.  Жыр  осы  айтылған  тарихи 

314 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
жағдайлармен байланысты туды»,  –
 
дейді. Қ.Жұмалиев мұнымен шектеліп қалмай, көркемдік кестесі 
туралы ғылыми пікірлер білдіреді. Сөйтіп жыр табиғатын тануға елеулі үлес қосады.
 
«Едіге»  эпосын  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  да  жеткілікті  дәрежеде  үлгісі  бар. 
Қарақалпақ  оқымыстысы  профессор Исмаил Сағитов өзінің
 
1963 жылы Нөкіс қаласынан баспа жүзін 
көрген  «Қарақалпақ  халқының  қаһармандық  эпосы»  деген  университеттер  мен  педагогикалық 
институттардың  филология  факультеттеріне  арналған  оқулығында  ноғайлы  дәуіріндегі  дастандар 
қатарына  «Едігені»  де  қосады.  Шығармадағы  оқиғалардың  тарихта  өткен  жағдайларды  дәлме
-
дәл 
бейнелемейтінін, өзіндік өлшеулі көркем сөз ережесіне бағынатынын тілге тиек ете отырып, «Едігеге» 
біраз  талдаулар  жасайды.  Оның  қарақалпақша  варианттарының  жазып  алыну  тарихнамасына  шолу 
береді [7,с.54
-57]. 
Профессор  К.Мақсетов,  доцент  А.Тәжімұратов  1979  жылы  Нөкіс  мемлекеттік  университетінің 
филология  факультетіне  арналған  «Қарақалпақ  фольклоры»  деп  аталатын  оқулық  жазады.  Осы 
оқулықтың  296
-
бетіндегі  «Тарихи  дастандар»  деп  аталатын  тараушада  «Тарихи  дастандар  тобына 
«Едіге», «Шора», «Дәулетиярбек», тағы басқа эпостарды кіргізуге болады» дейді. Жырдың қарақалпақ 
нұсқаларының жиналу, жариялану тарихын айта келіп: «Соңғы жылдары «Едіге» дастанының Өтенияз 
жырау,  Қияс  жырау,  Жанназар  жырау,  Есемұрат  жырау,  Жұмабай  жырау  варианттары  жазып 
алынды»,  –
 
деп  көрсетеді  [8,с.297].  Бұған  қарағанда,  қарақалпақ  ғалымдары  «Едіге»  жырының 
нұсқаларын  кеңестік  билік  тұсында  тегіс  жеке  кітап  қылып  шығара  алмағанымен,  жинау  жұмысын 
тоқтатпаған,  академияның  қолжазба  қорына  біртіндеп  қоса  бергені  байқалады.  Қ.
 
Мақсетов  пен 
А.
 
Тәжімұратов оқулықтарынан жырға қатысты тағы да басқа құнды деректерді аңдай аламыз. Ұстаз
-
ғалымдар қолдарында бар жырдың бір
-
бірінен өзгеше мәтіндерін өзара салыстыра отырып, эпостың 
қарақалпақ версиясының түпкі тамырын, негізгі түрін анықтап шыққан.
 
Қарақалпақ  ғалымдары  1980  жылдардың  басында  «Едіге»  эпосын  жоғары  оқу  орындарының 
бағдарламасына енгізіп, тарихи дастан ретінде оқыта бастады. Мысалы, профессор Қ. Мақсетов 1982 
жылы «Қарақалпақ фольклоры» атты бағдарлама жасап, оған «Едігені» енгізді. Сол жылы профессор 
К.Мәмбетов  «Қарақалпақ  әдебиеті  тарихы»  атты  бағдарлама  түзіп,  бұған  да  жырды  қосты.  Бірақ 
араларында  мынандай  айырмашылық  бар:  Қ.  Мақсетов  жырды  халық  фольклорына  жатқызса, 
К.Мәмбетов Сыпыра жыраудың жеке шығармасы деп есептейді.
 
Әйтсе де, «Едіге» туралы әр түрлі уақытта жазылған пікірлер біркелкі емес, әр қилы. Жырдың 
тарихилығы ғана емес, типологиясы, поэтикасы жеріне жете сарапталған деп айту қиын. Тіпті жанрлық 
сипаты туралы да анық тұжырым жоқ, бірде тарихи жыр ретінде, келесіде дастан, үшіншісінде тарихи 
дастан  есебінде  қарастырылады.  «Едіге»  –
  1944-
1947  жылға  дейін  түркі  халықтары  ішінде  татар, 
ноғай,  қазақ,  қарақалпақ,  башқұрт,  өзбек,  түрікмендерге  аса  кеңінен  танылған  туынды.  Қазіргі  күні 
қырықтан  астам  нұсқасы  бар,  олардың  кейбіреулерінің  көлемі  он  бес
-
он  алты  мың  жолға  жетеді. 
Эпостың архаикалық нұсқалары мен кейінгі классикалық нұсқаларының болуы, ұлттық нұсқаларының 
молдығы  түркілердің  эпикалық  дәстүрінің  даму  динамикасын  білуге,  ерекшеліктерін  ашуға  зор  үлес 
қосады.  Себебі  ғылымда  әр  түрлі  халықтардағы  ортақ  құбылысты  салыстыра  зерттеу  жалпы 
заңдылықты  анықтайтыны  бұрыннан  мәлім.  Сондықтан  осы  уақытқа  дейін  жүзеге  аспай  келе  жатқан 
эпостың ұлттық версияларын тәуелсіз көзқарас тұрғысынан  салыстыра оқыту да, біздіңше, мейлінше 
көкейкесті болып көрінеді.
 
Әйгілі  эпосты  жоғары  оқу  орындары  мен  орта  мектептерде  оқытудың  алдында  тұрған 
мәселелер де жоқ емес. Мысалы, қазақ ғалымдары тарапынан әр заманда бұл жыр хақында әр түрлі 
жекелеген  пікірлер
 
айтылғанымен,  жырдың  барлық  ұлттық  версиялары,  нұсқалары  арасындағы 
сюжеттік  ара  жігін,  поэтикасын  салыстыра  зерттеп,  жеке  қарастырған  көлемді  еңбек  болған  жоқ.  Ең 
алдымен,  осы  жырдың  жанрлық  сипаты  жайында  анық  тұжырым,  жырдың  ішкі  ерекшеліктеріне 
негізделген  дәйекті  дәлел жоқ. Эпостың тууына себеп болған тарихи оқиғалар, тарихи  қайраткерлер 
туралы  да  басы  ашылмаған  мәселелер  де  баршылық.  Мәселен,  жырдың  басты  кейіпкерлерінің  бірі 
Тоқтамыс  хан  бірыңғай  қараланып,  ал  Ақсақ  Темір  дәріптеліп  келеді.  Алтын  Ордада  18  жыл  билік 
құрған,  Көк  Орда  мен  Ақ  Орданың  басын  қайта  қосып,  мемлекетімізді  нығайтқан  Тоқтамыс  хан 
жамандалып, Ордамызды үш қайтара шауып, әбден титықтатып, бір арнаға салынып қойылған алдағы 
мың  жылдық  бағыт
-
бағдарымызды  теріске  бұрып  кеткен  Ақсақ
 
Темір  мақталып,  ондаған  тарихи 
кітаптың ең жағымды кейіпкеріне айналды.
 
Қазіргі  күні  «Едіге»  жырының  оңтүстіктегі  Түрікмен,  Өзбек  Республикаларынан  бастап,  Сібір 
татарларына  дейінгі  түркілер  арасында  барлығы,  алыс  шет  ел  Түркия  мен  Румыния  жерлеріндегі 
түркілерде  сақталғаны  айқын  болып  отыр.  Сондықтан  бұл  эпикалық  шығарманың  табиғатын  терең 
танып,  зерделеп  шығу  үшін  оны  тек  қазақ  халқы  мұрасы  аясында,  тар  ауқымда  оқыту  жеткіліксіз. 
Жартыкештік етпек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет