Использованная литература
1. Послание президента РК Н. А. Назарбаева
2. Стратегическая программа 2030
3. Смирнов Н. К. Здоровьесберегающие образовательные технологиив современной школе.
4. Ковалько В. И. Здоровьесберегающие технологии
5. Татарникова Л. Г. Педагогика здоровья: здоровьесберегающие образовательные технологии. – 2010
6. Семенова И. Учусь быть здоровым, или как стать здоровым Неболейкой. М., Педагогика, 1991
КІРІКТІРІЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОҚУШЫ
БЕЛСЕНДІЛІГІН КӨТЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Бегжанова М. Б.
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрін үйлестіретін Назарбаев Зияткерлік
мектептерінде жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және сол арқылы шынайы нәтижеге қол жеткізу оқытудың
басты мақсаты болып отыр. Олар өз кезегінде білім беру мазмұнын, оқыту әдістемесін ғана өзгертіп қоймай
оқушы қызметіне де үлкен өзгерістер әкелері сөзсіз. Оқытудың белсенді формалары арқылы оқушы іс-әрекетін
жандандыру сапалы білімнің кепілі болмақ.
Аннотация
Главная задача современного образования - создание и внедрение новой программы, совмещающей лучшие тради-
ции казахстанского и мирового образовательного стандарта, направленного на достижение результата обучения.
Это, в свою очередь, приведет не только к изменению содержания образования и методики преподавания, но и
особенное внимание потребует к деятельности учеников. Залогом успеха новой программы будет внедрение ак-
тивных форм обучения.
Abstract
The main porpose of to he new NIS integrated programme is the establishment and implimentatich of new practices wich
includes the best Kazakh and International standards to achieve the learning outcomes. This is in turn will help to change
the traditional content and methods of learning and teaching to a more studentfocused learning and theaching curriculum.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне
қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу-негізгі міндеттердің бірі.
74
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақстанның
ел болуы, ұлт тағдыры-оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі»-деп атап көрсетті.
Қазіргі заманғы мектептерде уақыт талабына сай жаңа бағдарламаларды енгізу және оқытудың
белсенді әдістерін қолдану басты назарда болып отыр.
Өткен оқу жылынан басатап Назарбаев Зияткерлік мектептері 7 және 11 сынып, биылғы жылы 8
және 12 сынып оқушыларын Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесіп
әзірленген Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша білім беруді бастады.
Пән мазмұнын қосымша тіл арқылы оқытуда НЗМ пән мазмұны және тілді оқып үйренуге тең
қолдау көрсетілетін оқу атмосферасын құруды мақсат етіп қояды. Әр пәннің өз тілдік стилі бар,
оны осы пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл – пәннің мазмұнын оқып
үйрену, сондай-ақ түсіну және пәндік мазмұнның негізгі түсініктерімен жұмыс істеу қабілетін
жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Қосымша тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға
олардың академиялық (екінші немесе үшінші) тілді жетік білуі, сондай-ақ қосымша тілді қолдана
отырып, пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Оқыту
үш тілде жүргізілетін жағдайда бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын уақытты тиімді қолдануды
қамтамасыз ету үшін бірінші академиялық тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді оқытуды жоспарлау мен басқаруда қолданылатын маңызды
құрал болып табылады. Тілді оқытудың анық және қысқа мақсаттары оқушыларға олардан не
күтілетіндігін түсіндіреді. Одан басқа, тілді оқытудың мақсаттары оқытушылар мен оқушыларға оқуға
деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен академиялық
тілді оқытуға жүйелі, екі есе мән беретін пән мұғалімдері оқушыларға да дәл соны жасауға, сондай-
ақ, пән мен тілді үйренуді одан бетер жақсы ұйымдастыруға көмектеседі.
Академиялық тілді тануды қолдау үшін оқытушыларға сабақ жоспарларына келесі оқу
мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
• Оқушылар назарын академиялық тілге көрнекі түрде аудару (мәселен, пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы
қолдану).
• Оқушыларды сыныпта арнаулы тілді қолдануға ынталандыру (айталық, топтық жұмыстарда,
сұрақ құруда, жағдайды талдау және пікірталас жүргізуде қажет сөздерді қолдану).
(Кіріктірілген білім беру бағдарламасы «География» пәні бойынша оқу жоспары 8-сынып)
География пәні оқушылар бойында қоршаған ортаның біртұтастығы, оның аумақтық алуан
түрлілігі, адамзат алдында тұрған күрделі мәселелері, өзіне тән ерекшеліктері туралы көзқарасы
қалыптастырады. Олардың ғаламдық түрде ойлауына, өздерін әлемнің бір бөлігі ретінде сезінуіне
мүмкіндік береді.
Осыған дейін өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, ойы өзге тілде болып келген оқушы үшін қазақ
тілінде геогафиялық білімді қабылдау, оны талдап, жүйелеу үлкен қиындық тудырады. Тек қана
тілді игеру барысында қиындықтарға тап болып жататын оқушылар үшін пәнді өзге тілде түсініп
кету көп күш-жігерді қажет ететін мәлім. Бұл тек оқушы үшін ғана емес пән мұғалімі үшінде жан-
жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді.
Оқушының жеке тұлға болып, өзіндік көзқарасы қалыптасуында маңызды роль атқаратын пәннің
олар үшін қол жетімді, түсінікті болуы мен үшін өте маңызды болды.
КБББ-да менің бұл мақсатыма жетуге толық мүмкіндіктер қарастырылған. Соның ішінде
сабақ үрдісінде қолдануға ұсынылатын белсенді оқыту әдістері мен оқыту ресурстары өте тиімді
жағдайларды қарастырады. Бұл әдістер мен ресурстарды толыққанды пайдалану, әрине күнделікті
сабақ үрдісінде болатындығы мәлім. Осы әдістер арқылы оқушыларымның белсенділігін көтере оты-
рып, пәннің білім сапасында көтере аламын.
Ежелгі Рим шешені М. Цицерон айтқандай «Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні
маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз
ұстаз, міне осынысымен бағаланады»
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларында оқыту үрдісінде мұғалім тек бағыт-бағдар беруші
ғана болып табылады. Оның қызметінің басты мақсаты оқушыларының белсенді, саналы және та-
нымды қызметіне басшылық жасау. Мұғалім оқушыларға бірте-бірте күрделі талаптар қояды, соның
арқасында баланың танымдық белсенділілігін қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне
жағдай жасайды:қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың белсенді
әдістерін пайдаланады.
Дидактик-ғалымдар арнайы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі
олардың игеретін білімінің сапасына тікелей әсер ететінін анықтап отыр. Мысалы, өздігінен оқу не-
месе дәріс тыңдау барысында ақпаратты ұзақ есет сақтаудың көрсеткіші 10 пайыздан аспаса, әртүрлі
танымдық ойындар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ол көрсеткіш 90 пайызға
дейін жетеді екен. Бұл «жағада тұрып жүзуді үйрену мүмкін еместігін» дәлелдейді.
75
Орыс академигі В. Беспальконың айтуынша игеру деңгейі 70 пайызға жетпеген білім, біртіндеп
кеми береді екен, тек 70 пайыздан асқан кезде ғана оны өздігінен толықтыру мүмкіндігі пайда болады
екен. Ал ғалымдардың зерттеулері оқыту барысында балалар өзара талқылау жасап, алған білімді өз
тәжірибесімен ұштастырып және өз білгенін өзгеге үйреткенде ғана бұл деңгейден асуға болатыны-
ны дәлелдеп отыр.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларында оқушы белсенділігін арттыруға белсенді оқытудың
әртүрлі тәсілдері мен ақпарат көздерін ұсынады. Осы ұсыныстар мен ресурстар арқылы сабақ үрдісін
тиімді ұйымдастыру және оқушы белсенділігін көтере отырып оқытудың жоғары нәтижелеріне қол
жеткізуге болады.
Төменде 8 орыс сыныбындағы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша «Дүние
жүзінің климаттық белдеулері» тақырыбында өткізілген сабағымдағы оқушы белсенділігін көтеру
жұмыстарының нәтижесін бергелі отырмын.
КБББ-да әр оқушының дамуына мүмкіндік туғызуда топтық, жұптық жұмыстарды жиі қолдану
ұсынылады.
Сабағымның мақсатына сәйкес сынып оқушылары ауа райының элементтері көрсетілген сурет-
тер арқылы 3 топқа бөлінуді ұсындым.(қар, жаңбыр,күн).
Тілдік мақсаттарға сәйкес әрбір суреттің артында қазақ тілінде ой қозғау сұрақтары мен көмекші
сөздер көрсетілді. Оқушылар топ ішінде талдап, қортындысымен бөлісті.
Жаңа тақырыбымызды әрі қарай игеру мақсатында топтық жұмысты жалғастырдық.
Тапсырма: Дүние жүзінің(д/ж) климаттық картасын қағаз бетіне түсіру.
1. Оқушыларға д/ж-ң климаттық картасы интерактивті тақтада көрсетілді. (1 мин.)
2. Осы картаны естеріне сақтау арқылы климаттық белдеулерді түрлі түсті қағаздан құрастырып,
картаның бетіне орналастырды және олардың ерекшеліктерін анықтады.
3. Әрбір топ құрастырылған және жазылған картасын тақтаға іліп, сипаттама берді.
Орыс ғалымы Л. Фридманның айтуынша, бала білімді игеру барысында төрт түрлі позицияда
болады екен. Олар: 1. Тыңдау арқылы дайын білімді алу. 2. Өздігінен жаңалық ашу. 3. Түрлі әсерді
сезіну. 4. Бұйым немесе өнім жасау.
Осы позициялардың соңғы үшеуі ғана шын мәінде өнімді оқуға жағдай жасайды екен.
Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау барысында география пәнін КБББ –ң тілдік мақсатына
сәйкес қазақ тілінде игеріп жатырған оқушыларым үшін жаңа білімді өз беттерінше алуына,
жаңалықты қолдарымен ұстап және көздерімен көру арқылы тақырыптың мазмұнын ашуға және
жаңа географиялық терминдерді есте сақтауларына жақсы мүмкіндік алды.
Оқушылардың оқу материалын сабақ барысында толық игеріп кету мақсатында осы тақырыптарға
тағы белсенді оқыту формалары жүргізілді. Бұл жұмысты оқушылар жұптарымен бірлесе отырып
орындады. Рольдік ойын «Ауа райы» (Прогноз погоды)
КБББ-да көрсетілген оқыту ресурстары www.city-data.com/forum/weather/1488266-alisov-climate-
classification.html мен интернетті пайдалана отырып, жергілікті жердің ауа райының жай-күйі тура-
лы ақпарат дайындады және оны теледидар арқылы жолдастарының алдында жеткізді.
Оқу мақсаттары американ ғалымы Б. Блумның жіктеуі бойынша алты сатыдан тұрады: 1. Білу
2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Жинақтау 6. Бағалау.
Оқушылар жоғарыда көрсетілген белсенді оқыту әдістері арқылы ауа райына қажетті
ақпараттарды іздеу барысында климат туралы білімдерін толықтырды, ауа өзгерістері туралы алған
білімдерін қолдана отырып, ауа райының ауысуы туралы ақпарат дайындады және оны талдаудан
өткізіп, жинақтап жолдастарының алдына ұсына білді. Қалған оқушылар сұрақтар қоя отырып
олардың білімдерін бағдаршам арқылы бағалап отырды.
Бағдарлама аясында көрсетілген пәнаралық және пәнішілік байланыстың болуы да оқушы білімі
үшін маңызды болып табылады. Осы бағытта оларға «Адасқан жануарлар» атты оқыта үйрету ойы-
ны өткізілді. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың фотосуреттері ұсынылды. Тақтаға дүние жүзінің
климаттық картасы ілінді. Алған білімдерін қолдана отырып адасқан жануарларды өз орындары-
на, яғни климаттық белдеулеріе орналастыру керек. Әртүрлі жануарлардың суреттері беріледі.
Олар бұл жұмыспен айналысу барысында бір-бірімен тығыз байланыста болды. Жануарлар тура-
лы мәліметтерді көбірек білетін оқушылар өздерінің жолдастарына олардың орнын дұрыс табуы-
на көмек берді. Осы кезең олар үшін жолдасына көмек беру, бар біліміңді ортаға салу және басқа
пәндер бойынша да алған білімдерінің ерекшелігін түсіне білулеріне мүмкіндік берді.
Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру мақсатында жеке тапсырмалар де беріп отырамын.
Осы тақырып бойынша білімдерін және тілдік деңгейлерін әрі қарай дамыту мақсатында оларға
осы тақырыптың соңына дейін карталар мен суреттердің көмегімен Оңтүстік Африкадан бастап
Солтүстік поляр шеңберіне дейін иллюстрацияланған климаттық күнделік жазуды тапсырдым.
Соңғы сабақтарымда оқушыларыммен осы күнделіктеріне шолу жасай отып олардың осы
тақырып аясында алған білімдеріне өздеріні баға беруіне және өз бақылауларыммен бөлісе отыпып
76
қорытынды жасауға мүмкіндік алдым. Сабағымды қортындылай келе оқушылар белсенділігін арт-
тыруда төмендегідей талаптарды бөліп көрсеткім келеді:
1. Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың
мақсатын түсінуі керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы
тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек.
2. Оқушылар оқыту процесінде тек қана заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпаратарды ғана игеріп
қоймауы керек, сонымен қатар оның ішкі мәнін, кейін практикада қолданатын заңдылықтарды түсінуі
керек. В. Ф. Шаталовтың әрбір оқылатын тақырып бойынша оқушылардың оқылатын құбылыстың
ішкі заңдылықтарын көріп білуі үшін толық көлемде материал берген қызметі осы ережені жүзеге
асырудың мысалы бола алады.
3. Психологтардың зерттеулері оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі
өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан да оларда осындай
қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру педагогтың бірден бір міндеті болып табылады. Өзін-
өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау қазіргі оқытудың міндетті элементі болуы қажет.
4. Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының
қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі.
Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де
қызық болу керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Қорыта келгенде, білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс-әрекетінен бастау
алады. Әуелі мұғалімнің негізгі функциясы өзгереді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналады.
Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет – оқыту процесін басқару. Оқушының мән-
мазмұны да өзгереді: ол ақпарат қабылдаушыдан әріптеске, мұғаліммен қызметтеске – оқытудың
субъект-объектісіне айналады, яғни белсенді тұлға болып қалыптасады.
Жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже – әр пәннің өз мазмұнынан
туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай
етіп сіңдіру. Сонымен қатар оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін
көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік беру.
Әдебиеттер тізімі
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму страте-
гиясы. Жоғары қамқоршылық кеңесінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен мақұлданған.
2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана.
2004. 3-4-б.
3. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978.
4. Сарсенова Н. Педагогикалық үрдісті оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастырудың
ерекшеліктері // Мектеп директоры республикалық ғылыми әдістемелік журнал. – 2009. – №6.
6-9-б.
5. Жаңа білім беру жүйесі
6. Мамирова К. Н. Развитие географического образования в Казахстане. Учебное пособие. Алматы.
2007.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B1%D1%96%D0%BB
%D1%96
7. Жақсы мұғалім. http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/2923-
jaksi-mygalim-.html
8. Таксономия Блума . http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BA%D1%81%D0%BE%D0%
BD%D0%BE%D0%BC
77
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бекматова Ж. Н.
№1 жалпы орта білім беретін мектебі
Орал қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада физика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың
құзыреттіліктерін қалыптастыру туралы ой қозғалған. Жаңа технологияларды мұғалім ұтымды пайдалана
білсе, заманауи сабақтың тиімділігі арта түсіп, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасатындығы
атап көрсетілген.
Аннотация
В статье затронуты идеи формирования компетентности и активизация мыслительной деятельности уча-
щихся на уроках физики с применением инновационных технологий. Умелое применение учителем элементов
этой технологии дает возможность учащимся сформировать более прочные умение и навыки.
Abstract
In article ideas of formation of competence and activization of cogitative activity of pupils at physics lessons with
application of innovative technologies are affected. Skillful application by the teacher of elements of this technology gives the
chance learning to create stronger ability and skills.
Соңғы кезде білім беру мен тәрбиелеудің жаңа мақсаттары қалыптасуда. Мектеп еліміздің
болашағы жас ұрпақтың интеллектуалдық қабілеттерін тек дамытып қана қоймай, сонымен қатар
еркін, шығармашыл, сыни ойлай алатын, өз ынтасы мен бейімін жете түсініп, оны дамыта алатын,
өмірде өз орнын таба білетін қабілеттері дарыған шәкірт тәрбиелеу бағытында жұмыстануы қажет.
Терең ғылыми білімімен қатар, алған білімдерін күнделікті өмірде, практикада қолдана білсе, кез-
келген адам қазіргі қоғамға тез бейімделе алады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне
көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына
сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім- ұстаз, инноватор, иннотехник болуы керек. Мұғалім – инно-
техник дәрежесіне көтерулі үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән
бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүреді. Яғни әрбір инновациялық
технологияларды меңгереді, содан кейін оны апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді.
Талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды [3,35-б].
Физика сабақтарында және күнделікті өмірде оқушылар көптеген құбылыстармен кездеседі,
бірақ олардың түсіндірілуі жайында көпшілігі ойлана бермейді. Аристотель «ақыл тек білімге ғана
емес, білімді істе қолдану шеберлігіне де байланысты» деп айтқан. Физика курсы абстрактілі ойлау-
дан нақты ойлауға үйрететін әр түрлі әдістерді қолдану арқылы құрылуы керек.
Осыған байланысты физика курсын оқытуда төмендегідей құзыреттіліктер қалыптасады:
1. жалпы білім деңгейі:
- өзінің танымдық қызметін өз бетімен ұйымдастыра білуі;
- зерттеу объектісінің сипаттамаларын анықтап, талдап, түсінік беріп, дәлелдемелер келтіре
білуі;
- өз жұмысының нәтижесін көрсетіп, тарату үшін мультимедиялық ресурстарды және акпа-
раттык технологияларды қолдана білуі;
- өзінің қоршаған ортадағы орнын түсініп, өзін және өзгелерлерді бағалай білуі.
2. пәндік- бағыт бойынша:
- ғылым мен техниканың өзара байланысын түсініп, адамның қоршаған ортамен байланысын,
табиғатты қорғаудың әдістері мен мүмкіндіктерін түсінеді.
- Әр түрлі ақпарат көздерін, соның ішінде компьютерді пайдалана отырып, физикалық
білімдерді өз бетімен қабылдау процесіндегі танымдық қызығушылықтарын арттырады;
- Әр түрлі физикалық құбылыстарды түсіндіруде білімдерін қолданып, қазіргі заманда
физиканың рөлін түсінеді;
78
- Алған білімдері мен іскерліктерін тұрмыста, күнделікті өмірде, практикада қолдана білуді
үйренеді.
Міндеттер:
- қажетті критерийлерді қанағаттандыратын шешім табуда әр түрлі пәндер бойынша білімдері
мен қызығушылықтарын дамыту;
- теориялық ойлау, эксперимент, бақылаудың алгоритмдерімен танысу негізінде ғылыми
танымдық әдістері бойынша білімдерін кеңейту;
- физикалық құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.
Құзыреттілік деген не? Құзыреттілік – жеке тұлғаның бойындағы өзара байланысты қасиеттер
(білім, білік, дағды, іскер) жиынтығы. Негізгі құзыреттіліктер сауатты, түсінікті, жинақы әрекеттер
жасап, нақты жағдайлар мен міндеттерді шеше алатын қасиеттер болып табылады [2, 58-64б].
Бақылау, эксперимент, сапалық есептерді шығару арқылы физикалық теорияны оқудың
нәтижесінде оқушылардың саналы және жауапты білім алуларына себеп болатын бағалау қызметі
мен өзіндік бағалау тәжірибелерінің жинақталуына әкеледі.
Физика курсын оқып, оқушылар төмендегідей білім, білік және дағдыларын дамытады:
- физикалық түсініктердің, шамалардың және заңдылықтардың мағынасын түсінеді;
- физикалық құбылыстарды бейнелеп, түсіндіреді;
- физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдарды қолдана алады;
- өлшеу нәтижелерін таблица, график арқылы көрсетіп, шамалардың тәуелділігін түсіндіре
алады;
- өлшеу мен есептеу нәтижелерін Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіре алады;
- физикалық құбылыстар туралы білімдерінің практикада қолданылуына мысалдар келтіре
алады;
- физикалық заңдылықтар қолдана отырып, есептер шығара алады;
- әр түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, өз беттерімен ақпаратты іздеуді үйренеді;
- алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметте және күнделікті өмірде қолдана алады.
Физика пәнін оқытуда лекция, семинар, топтық жұмыс, фронтальды тәжірибелер мен экспери-
менттер, сыни тұрғыдан жауап беруді қажет ететін тапсырмалар, конференция сабақ, физикалық
құбылыстарды компьютерлік модельдеу, шығармашылық тапсырмалар әдістері қолданылады.
Бұндай әдістер оқушылардың өз ойларын еркін айтуға, өзгелерді тыңдай білуге, өзінің жеткен
нәтижесіне қуана білуіне әкеледі.
Міне, осындай нәтижелерге жету үшін әр мұғалім оқушыны тек біліммен қаруландырып
қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік ту-
дыруы керек. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез –
құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Әр мұғалім білім беруде
көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай
қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру
бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және
ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім
келеді. Осындай нәтижеге жету үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, заманауи
сабақтарды беруге тырысамын.
Заманауи сабақ дегеніміз – заман талабына сай маңызды, оқушының қызығушылығын ескере оты-
рып құрылған сабақ. Заманауи сабақ болашақтың негізін қалайды, үнемі өзгеріп отыратын қоғамда
өмір сүре алатын, кез келген қиындықты жеңе алатын шәкірт даярлайды. Заманауи сабақ оқушыға
белгілі бір білім беріп қана қоймайды, оның танымдық, жасампаздық қабілеттерін дамытып, жеке
тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізуі керек.
Заманауи сабақ – ол қандай болуы керек?
Ең алдымен – еркін сабақ. Бұл сабақта оқушылар жаңалықтан қорықпай, өз ойларын еркін айта-
ды, яғни оқушыға да, мұғалімге де сол сабақта ыңғайлы болуы керек.
Менің ойымша заманауи сабақ ең алдымен қызықты және маңызды болуы керек. Мұғалім жаңа
технологияларды сабақта жас ерекшеліктеріне сай тиімді қолдана біліп, АКТ меңгеруі қажет.
Сабақтың сәтті шығуы көбіне мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім мен оқушы – бір
бүтін болуы керек, оқушылар бір-біріне көмектесіп, мұғалім жетелеуші, бақылаушы болуы керек.
Заманауи сабақ оқушылардың өзін өзі қалыптастыруына, шығармашылықпен жұмыстануына
мүмкіндік беретін шығармашыл сабақ болуы тиіс. Сабақта оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап
беруде ма ғынасын түсініп, дәстүрлі емес жағдайларда шешім қабылдай білулері керек.
Заманауи сабақ іскер және жасампаз шәкірт тәрбиелеу керек!
79
Заманауи сабақтың тиімділік критерийі:
- Жеке тұлғаны дамыту;
- Өз қызметін жобалап, оның субъектісі бола білуі;
- Жаңашылдыққа үйрету;
- Еркін сабақ;
- Оқушылардың топпен белгілі бір қорытындыға келуі;
- Мұғалім оқушыға зерттеуге, ізденуге бағыт береді;
- Оқушының өз әрекетін түсініп, саралай білуі: яғни нәтижеге қалай қол жеткізді, қандай
қиыншылықтар кездесті, ол қиындықтардан қалай шықты және оқушы осы кезде қандай сезімде
болды?
Олай болса, заманауи сабақ – танымдық, іскерлік, жаңашылдық, көзқарас қайшылығы кездесетін,
даму сабағы. Білімге, өзін өзі тануға, өзін өзі қалыптастыруға, ынталандыруға, шеберлігін шыңдауға,
таңдауға, өзіне деген сенімділігін арттырып, қажеттілігін сезіндіретін сабақ.
Заманауи сабақтың нәтижесі қандай?
- Білім алу қабілеті мен құзыреттілігі қалыптасады, білімдері мен біліктілігін негізге ала отырып,
өмірлік проблемаларын шешуге тәжірибе жинақтайды.
- Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері дамиды: іздейді, баға береді, қажеттісін таңдайды және
өңдейді, таратады.
- Шығармашылықпен айналысады;
- Нақты және виртуальды эксперименттер арқылы зерттеушілік қызметі дағдылары қалыптасады.
- Қазіргі таңда орындаушы емес, құрастырушы адам- идеал болып табылады, яғни оқушылар ма-
териалды өз бетімен оқу және өз ісінің нәтижесін бағалау дағдылары, түрлі сұрақтарды дұрыс шешу
қабілеттері дамиды;
- Үлкен істі бірігіп істеуді, яғни топта жұмыс істеу, өзінің ойын басқалардың ойымен байланы-
стыру, үйлестіру дағдылары қалыптасады, жұмысты бірігіп талдау, синтездеу және қортындысын
жасауды үйренеді
Осындай заманауи сабақтарды ұйымдастыру үшін мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді жетік
меңгеруі тиіс. Сондай әдістердің бірі сабақта АКТ-ны тиімді қолдану болып табылады.
Сабақ барысында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей
мүмкіндіктер береді:
• Тақырып түсінікті, көрнекті, қызықты болуы үшін бейне сюжеттерді (анимация, видеосю-
жет) және дыбыстарды қолдану;
• Құбылысты жан-жаты түсіндіру үшін әр түрлі суреттерді қолдану;
• Қалыпты жағдайда көрсетуге болмайтын құбылыстарды модельдеу және зерттеу;
• Қиын тәжірибелерді иллюстрациялау;
• Оқушылардың білімі тиімді әрі тез қорытындылау үшін тест жүргізу; /Activote құралы/
• Оқушылардың өз бетінше ізденуін, шығармашылықпен жұмыстануын ұйымдастыру;
• Оқушылардың соңғы үлгідегі құралдармен жұмыс жасауына мүмкіндік беру;
• Сабақ барысында Activstudio мүмкіндіктерін қолдану.
Ақпараттық технологиялар мұғалімдерге:
• Үнемі жасағанды, жаңартуға;
• Компьютерсіз жасау мүмкін емес нәрселерді жасауға;
• Бұрын жасамағанды жасауға көмектесу керек.
Осындай жұмыстарды жүргізе отырып, физика сабақтарында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге
асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмай-
тын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор [3,49-б].
Білім беру сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды
қолдану. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық,
80
шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп
кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» деген болатын... [1]. Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті
күш тек білімде ғана. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың инновациялық тех-
нологияларын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |