7.1.6.2 Сүзгі жүйесі
Əдетте жеңіл отынды бүркитін жүйелерде отынды екі сатылы сүзу қарастырылған:
тесіктерінің өлшемі 30-50 мкм торлы сүзгідегі ірі тазалау жəне қағаз сүзгілеріндегі майда
тазалау. Ірі тазалау сүзгісін əдетте отын сыйымдылығына, ал майда тазалау сүзгісін (7.7 -
сурет) форсунка жанындағы отынды айдау желісіне орнатады.
199
7.7 - сурет. Отынды майда тазалау сүзгісі:
1-корпус: 2 жəне 4 - айдау штуцерлері; 3 - қақпақ; 5 - қағазды сүзгі элементі
7.1.6.3 Редукциялық клапан
Редукциялық клапан (7.8 - сурет) жүйедегі қысымды тұрақтандырады, өйткені
енгізу құбыры мен форсунка қуысы арасындағы қысымның ауытқуы отынның циклдық
берілуін анықтайды.
200
7.8 - сурет. Редукциялық клапан
1 жəне 8 - сəйкесінше енгізу жəне шығару штуцерлері; 2 - отындық қуыс; 3 -
серіппе; 4 - ауа қуысы; 5 - серіппе керілуін реттейтін бұранда; 6 - енгізу құбырымен
немесе атмосферамен байланысу үшін арналған штуцер; 7 -диафрагма: 9 - клапан; 10 -
штуцер.
2 қуысындағы қысым 4 қуысындағы 7 диафрагмасына əсер ететін қысымымен жəне
3 серіппесінің жігерімен теңеседі. 2 қуысындағы қысым жоғарлаған кезде 7 диафрагмасы
мен 9 клапаны көтеріліп, 10 штуцеріндегі ағызатын арна ашылады, отын сыйымдылыққа
оралады. 4 қуысы атмосферамен немесе енгізу құбырымен қатынасуы мүмкін. Соңғы
нұсқаны жиірек қолданады, өйткені бұл жағдайда клапан форсунка клапандарындағы
қысым ауытқуын тұрақты етіп ұстап, отын берілуінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
7.1.6.4 Отын форсункалары
Енгізу құбырына жеңіл отынды бүркитін жүйелерде электромагниттік форсункалар
ең көп таралым алды. Олар импульстік тəртіпте жұмыс істеп, отынды мөлшерлейді.
Форсунка клапанының ашық күйде болу ұзақтығы басқарушы электромагниттік
форсункасының орамына берілетін электрлік импульстің ұзақтылығынан тəуелді.
Электромагниттік форсункасының принципиалдық сұлбасы 7.9 - суретінде келтірілген.
7.9 - сурет. Электромагниттік форсункасының сұлбасы
1 корпусында 8 орнына 7 серіппесімен қысылатын 2 клапаны мен 3 электромагниті
201
орналасқан. Электромагнит орамының соңдары оқшауланған 4 түйіспелер арқылы сыртқа
шығарылады. Форсунка қуысына отын 5 құбырымен 6 сүзгісі арқылы келеді. Бірегей
принципиалдық
сұлбасымен
жасалатынына
қарамастан, электромагниттік
форсункаларының құрылымдық орындалуы алуан түрлі. 7.10 - суретінде Бош фирмасы
форсункасының көлденең кескіні келтірілген.
Электромагнит орамы тізбекке қосылғанда (импульстің берілуі) отынға бүркіп
шашқыштан жол аша 12 жəкірі 3 инесін көтереді. Ине жүрісі 0,15 мм тең болып, қатты
балқымадан жасалған 5 шайбасына 4 дөңешесінің тірелуімен шектеледі. Мөлшерлейтін
тесік бүркіп шашқыш 2 пен иненің щтуцері З арасындағы жарықшадан тұрады.
Форсунканы күйге келтіру үшін 10 реттеу бұрандасы қарастырылған. Бұл конструкция
бөлшектелмейді жəне жөндеуге келмейді.
Форсунканың керекті статикалық беруін келесі тəуелділікті пайдалана отырып
анықтайды:
ц
o
t
q
q
max
=
,
мұнда: q
о
- форсунканың статикалық беруі; q
цmах
- максимальды циклдық беру; t
ц
-
клапанның ашық күйде болуының максималды уақыты.
форсунканың статикалық беруін біле отырып, клапандағы қысымдар ауытқуы белгілі
кезде оның кескінінің тиімді ауданын анықтауға болады:
r
m
P
q
f
o
ф
ф
D
=
×
2
Мұнда:
μ
ф
f
ф
-
форсунка
клапаны
кескінінің
тиімді
ауданы;
∆Р - клапандағы қысымдардың ауытқуы; ρ - отын тығыздығы.
Форсунканы орнататын орынды, олардың жағдайы мен бағытын таңдау маңызды
болып табылады. Форсунка жағдайының болар болмас өзгеруі қозғалтқыш көрсеткішіне
едəуір əсер тигізеді.
202
7.10 - сурет. Бош фирмасының электромагниттік форсункасы:
1-корпус; 2-бүркіп шашқыш; 3-жапқыш ине; 4 - дөңеше тірегі; 5 - шайба; 6-серіппе;
7 - элеткромагнит өзекшесі; 8 - сүзгі элементі; 9 - отын əкелу штуцері; 10 - реттеу
бұрандасы; 11- магниттің орамасы; 12 - жəкір
Əдетте форсунканың жағдайын эксперименттік деректер негізінде таңдайды. Ауа
шығыны бойынша реттелетін жүйелерде ауа шығынының датчиктері ретінде
термоанемометрлік, электромеханикалық
жəне
пневмомеханикалық өлшегіштер
пайдаланады. 7.11 - суретте термоанемометрлік өлшегішінің сұлбасы келтірілген. Ол 3
диффузоры бар 1 корпусынан тұрады. Диффузордың көлденінен одан электрлік тоғы
өткенде қызатын платиналық жіп 2 тартылған.
7.11 - сурет. Бош фирмасының ауа шығынын өлшейтін термоанемометрлік
датчигінің сұлбасы
203
Жіптің температурасы тоқтың күшінен, жіптің кесе-көлденең ауданынан жəне
өлшегіштің диффузоры арқылы өтетін ауаның жылдамдығынан тəуелді. Бұл құрылғы
жылжитын бөлшектері, сырғанайтын түйіспелері жоқ болуы мен құрылымының
қарапайымдылығының арқасында басқаларға қарағанда бірқатар артықшықтарға ие.
Қоршаған орта ылғалдылығы, температурасы мен қысымының, қоршаған бөлшектердің
жылулық сəулеленуінің əсерлерін есептеу қиындықтарын заманауи элеткрондық
құралдарының көмегімен оңай жеңуге болады. 7.12 - суретінде электромеханикалық типті
шығын датчигі көрсетілген. 3 тілімшесіне жылдамдықты қысымнан басқа серіппенің
жігері əсер етеді. Жапқыш 4 өсімен функционалды потенциометр қозғаушысының жетегі
жалғанған. Потенциометрден жапқыштың айналу бұрышына пропорционалды сигнал
алынады.
7.12 - сурет. Бош фирмасының ауа шығынының элеткрмомеханикалық датчигінің
сұлбасы
Өлшегіште ауаның пульсациясынан пайда болатын жапқыш тербелістерін
төмендету үшін 5 демпфер-тыныштандырғышы қарастырылған. 6 тілімшесі 5 демпфер-
тыныштандырғышының ішінде қозғалады. Демпферлеу демпфердің тұйық қуысы мен
саңылау арқылы ауа жолы арасында ауаның ағуынан болады. Өлшегішті кері жарқылдан
сынуын сақтау үшін 3 тілімшесінде сақтайтын клапан 2 қарастырылған. Өлшегіште 1
қайта жіберу арнасы бар, ол бос жүріс тəртіптерінде ауа шығынын реттеу үшін
пайдаланады. Тоққабылдағыштардың сырғанауы кезінде (дроссельдік жапқыш ашылу
бұрышының 0 ден 2-4° дейінгі жəне толық ашылуына жақын бұрыштарында) тізбектің
коммутациясы болады.
7.1.7 Дизельдердің отын жүйелері
7.1.7.1 Дизельдер отын жүйелерінің негізгі функциялары
Дизель отын жүйесі келесіні қамтамасыз ету керек:
- қозғалтқыш жүктемесіне сəйкес əрбір циклға отынның белгілі мөлшерін қатаң
мөлшерлеуін;
- белгілі сəтте отын бүркудің оңтайлы сипаттамасын жəне жану камерасы бойымен
отынның жақсы үлесуін;
- барлық цилиндрлер бойынша бүркудің бірдей жағдайларын қамтамасыз ету.
Конструкциялық айырмашылықтарға қарамастан, дизельді қозғалтқыштардың отын
жүйелері жұмыс істеу принципі жəне оларды ықшамдау сұлбалары бойынша ұқсас
болады.
Отын жүйесінің барлық жабдықтары отын құбырларымен алты негізгі топқа бөлуге
204
болатын бірыңғай жүйеге қосылған:
1) отын қорын сақтайтын бактар;
2) отынды айдау жəне отынды авариялық беру құрылғылары;
3) отын сүзу жəне жылыту құрылғылары, реттегіш клапандары;
4) бақылау-өлшеу аппаратурасы жəне температура, қысым, отын шығынын
өлшегіштер жəне отын аппаратурасын диагностика жасайтын аппаратура;
5) жоғары қысымды отын сорғылары, отын құбырлары жəне форсункалар;
6) Жоғары қысымды отын сорғысы жұмысы басқаратын құрылғылар мен
механизмдер.
Дизель отын жүйесін шартты түрде екі жүйеден тұрады деп қарастыруға болады:
—
Төменгі қысымды;
— жоғары қысымды.
Төменгі қысымды жүйе отын қорын сақтау, оны тазалау, жылыту жəне жоғары
қысымды сорғыларына беру үшін тағайындалған.
Жоғары қысымды жүйе отынның форсункаға берілуі мен цилиндрге бүркілуін
қамтамасыз етеді. Жоғары қысымды жүйе бір-бірімен айдау құбырымен жалғанған
жоғары қысымды отын сорғысы мен форсункадан түрады.
Төменгі қысымды жүйе агрегаттарына келесілер жатады: отын сыйымдылығы, ірі
жəне майда отын сүзгілері, отынды беру сорғысы жəне отын құбырлары.
Бұл агрегаттарының тағайындалуы: отынды сақтау, оны тазалап жоғары қысым
сорғысына беру. Отынды беру сорғысының өнімділігін қозғалтқыштың толық қуатын
өңдеуге қажеттіден 2-5 есе жоғары етіп таңдайды. Осының жəне ағызу құбырында клапан
орнатудың арқасында отын коллекторында отынның қысымы қажетті деңгейде сақталады.
Жоғары қысымды жүйе агрегаттарына келесілер жатады: жоғары қысым сорғысы,
жоғары қысымды отын құбыры, форсунка. Жоғары қысымды жүйе агрегаттары отынды
мөлшерлеп оны жану камерасына бүркілуін қамтамасыз етеді.
Дизельдерде отын жүйесінің екі түрі қолданады:
а) бөлінген түрі - жоғары қысым сорғысының айдау секциясы мен форсунка бөлек
жасалынып, жоғары қысымды құбырымен жалғанады;
б) бөлінбеген түрі - жоғары қысым сорғысының айдау секциясы мен форсунка
құрылымдық тұрғыда бір түйінде (сорғы-форсунка) жасалған.
Дизельдерде ең көп қолданысты отын жүйесінің бөлінген түрі тапты.
7.13 - суретінде отын жүйесі бөлінген түрінің сұлбасы келтірілген.
205
7.13 - сурет. Отын жүйесі бөлінген түрінің сұлбасы
1-кран; 2 - қабылдау сүзгісі, 3 - ағызғыш крані; 4 - отынды құю ауызы, 5 - отынды
құю ауызының сүзгісі; 6 - форсунка, 7- жоғары қысымды отын құбыры, 8 - жоғары
қысымды отын сорғысы, 9 - отынды майда тазалау сүзгісі, 10 - отынды ірі тазалау сүзгісі,
11 - отынды ірі тазалау сүзгі кірісіне бұру, 12 - отынды беру сорғысы, 13 - отынды отынды
беру сорғысы кірісіне бұру, 14 - отын сыйымдылығы, 15 - отынды сыйымдылыққа қайта
бұру
7.1.8 Дизельдер отын жүйесінің түйіндері
7.1.8.1 Жоғары қысымды отын сорғысы
Жоғары қысымды отын сорғысы қозғалтқыш жұмысының тəртібіне сəйкес отынды
мөлшерлеп жоғары қысыммен форсункаға береді. Бұл сорғы жүйенің басқа да
элементтерімен бірге отын бүркудің қажетті сипаттамасынын қамтамасыз етеді.
Жоғары қысымды отын сорғылары жетек түрі, отынды мөлшерлеуі, сорғы
элементтерінің құрылымы мен жалпы ықшамдауы бойынша əртүрлі болуы мүмкін. 7.14 -
суретінде 6ЧН15/18 дизелінің жоғары қысымды отын сорғысы келтірілген.
Сорғы секциясының 15 плунжері 22 итергішімен бірге 24 жұдырықшасы мен 19
қайтаратын серіппенің əсерлерінен ілгерінді-қайтымды қозғалыс атқарады. Плунжер
төмен қарай қозғалғанда 3 клапаны 11 серіппесінің əсерінен жабық күйде болады.
Плунжер үстіндегі қуыста қысымның сиреуі пайда болады. Плунжердің жоғарғы шетімен
втулкадаға А енгізу тесігі ашылған соң (I жағдайы) отын отын арнасынан плунжер
үстіндегі қуысқа түседі. Жоғары қарай қозғалысының басында плунжер отынды
втулканың А енгізу жəне Б үзіп кесу тесіктері арқылы қоректеу арнасына ығыстырады (II
жағдайы). Отынды берудің геометриялық сəті втулканың жоғарғы тесігі плунжердің
жоғарғы шетімен жабылған сəтімен анықталады (III жағдайы).
206
7.14 - сурет. 6ЧН15/18 дизелінің жоғары қысымды отын сорғысы:
А - енгізу тесігі; Б - үзіп кесу тесігі; В - отын арнасы;
1 - сорғы корпусы; 2 - штуцер; 3 - айдау клапаны; 4 - тісті таяқша; 5 - таяқшаның
тірегі; 6 - отын сорғысы жетегінің жартылай муфтасы; 7 жəне 9 - шарикті мойынтірегі; 8 -
жұдырықшалы білік; 10 - ортадан тепкіш реттегіш; 11 - айдау клапанының серіппесі; 12 -
айдау клапанының корпусы; 13 - сорғы секциясының втулкасы; 14 - втулканың
фиксаторы; 15 - сорғы секциясының плунжері; 16 - тісті секциясы клеммалық
қысқышының бұрандасы; 17 - айналмалы втулка; 18 - қайтару серіппесінің жоғарғы
тəрелкесі; 19 - қайтару серіппесі; 20 - қайтару серіппесінің төменгі тəрелкесі; 21 -
итергіштің реттеу бұрандасы; 22 - итергіш; 23 - итергіштің ролигі; 24 - жұдырықша; 25 -
тісті секторы.
Осы сəттен бастап плунжер жоғары қарай қозғалғанда плунжер үстіндегі қуыстағы,
ал айдау клапаны ашылғаннан кейін жоғары қысымды құбыр қуысы мен форсункадағы
отын да сығылады (IV жағдайы). Плунжер жоғары қарай қозғалып оның үзіп кесу шеті Б
үзіп кесу тесігінің шетіне жеткен кезде, отынды беру соңының геометриялық моменті
басталады (V жағдайы). Плунжердің одан ары жоғары қозғалуында плунжер үстіндегі
қуыс отын арнасымен жалғанады. Бұның нəтижесінде плунжер үстіндегі қуыстағы қысым
төмендейді, айдау клапаны 11 серіппесі мен сорғы штуцеріндегі отын қысымының
əсерінен орнына отырады. Плунжер əлі де жоғары қарай қозғалыста болуына қарамастан
отынның форсункаға берілуі доғарады. Отынның циклдық берілуі реттегіш əсерімен
қозғалатын 4 тісті таяқшасының 15 плунжерін бұрау арқылы өзгереді. Геометриялық
беруге дейінгі плунжер жүрісі, демек, қозғалтқыш цилиндріне отынды бүрку басының сəті
итергіштің 21 бұрандасымен реттеледі.
Қарастырылған сорғыда сорғы секциясының саны дизельдің цилиндрлер санына
тең. Бір сорғы секциясы бірнеше цилиндрлерге қызмет атқаратын үлестіргіш типті жоғары
қысымды отын сорғылары да болады.
207
7.1.8.2 Дизельдердің форсункалары
Жоғары қысымды отын сорғысынан отын отын құбырымен форсункаға барады.
Форсунка құрылымының бір түрі 7.15 - суретінде көрсетілген.
7.15 - сурет. 6ЧН15/18 дизелінің форсункасы:
1 - саптама тесіктері; 2 - бүркіп шашқыштың бітейтін
конусы; 3 - бітейтін ине; 4 - шеңберлі құбыр; 5 жəне 6 -
жарықшалы сүзгінің сəйкесінше ішкі жəне сыртқы втулкалары; 7
- отын арнасы; 8 - штуцердің тесігі; 9 - контргайка; 10 - реттеу
бұрандасы; 11 - серіппе тірегі; 12 - бітейтін серіппе; 13 -
серіппенің тəрелкесі; 14 - форсунканың корпусы; 15 - шток; 16 -
гайка.
1 саптама тесіктері бүркіп шашқыш тұмсығының шеңбері бойымен бірқалыпты
орналасқан жəне оның өсіне бұрышпен бағытталған. Отын жоғары қысымды сорғысымен
берілгенде ол сақтайтын жарықшалы сүзгі мен 4 шеңберлі құбырынан өтіп 3 бүркіп
шашқыштың 2 бітейтін конусы алдындағы камераға түседі.
Отын берілгенде иненің шеңберлі алаңшасына əсер ететін қысым 12 бітейтін
серіппе күшіне қарсы əрекет ететін күшті тудырады. Бұл күш 12 серіппе күшінен асқан
кезде 3 бітейтін инесі отынға 1 саптаманың тесіктеріне қарай жол ашады. Бұл тесіктер
арқылы отын қозғалтқыш цилиндріне бүркіледі. Қарастырылып отырған форсункалар
түрінің инесінің көтерілу басы 15 - 35 МПа құрайды. Бүрку процесінде отынды беру
жылдамдығы мен бүркіп шашқыштың кедергісінен тəуелді қысым 60-180 МПа жетуі
мүмкін.
7.1.8.3 Отынды беру сорғылары
Отынды беру сорғылары отынды сыйымдылықтан жоғары қысым сорғыларына
дейін жеткізуге арналған. Жүйенің жұмысы қамтамасыз етілетін əкелу құбырындағы
минималдық қысым шамасы 0,03-0,05 МПа құрайды. Осындай қысымда жоғары қысымды
отын сорғысының қуысына отын əкелінуі мүмкін. Жоғары қысымды отын сорғыларында
айдау клапандары болмаған жағдайда отын əкелу желісінде қысымның шамасын 0,2-0,6
МПа тең етіп ұстаған жөн. Көлік құралдары қозғалтқыштарында сорғылардың келесі
түрлері пайдаланады: піспекті, айналмалы жəне тегершіктік.
Піспекті отын беру сорғыларында (7.16 - сурет) сорғы білікінің жұдырықшасы 13
итергішінің 1 ролигіне басқан кезде 10 піспегі 9 серіппесінің керілісін жеңе төмен қарай
жылжиды. Отын төмен қысымды жүйенің желісіне 11 айдау клапаны арқылы
ығыстырылады. 1 ролигі жұдырықша пішінінен түскен кезде 2 жəне 9 серіппелері піспек
пен итергішті жоғары қарай жылжытады, бұл кезде 4 енгізу клапаны арқылы отын
208
сорылады. Іске қосу алдында жүйе отынға 7 қол сорғысымен 6 арнасы арқылы
толтырылады. Итергіш бағыттағышындағы 3 қырнауы жүйенің енгізу қуысымен арнайы
арна арқылы жалғасады.
7.16 - сурет. Піспекті отын беру сорғысының сұлбасы:
1 - ролик; 2, 5, 9 - серіппелер; 3 - қырнау; 4 - енгізу клапаны; 6 - арналар; 7 - қол
сорғысы; 8 - тығын; 10 - піспек; 11 - айдау клапаны; 12 - арна; 13 - итергіш
Бұл арна арқылы сыртқа кеткен отын сору желісіне қайта оралады, осының
арқасында жоғары қысым сорғысының картеріне отынның түсуі жойылып, картердегі май
сұйытылудан сақталады. Отын берілуінің реттелуі мен дизель жұмысының əртүрлі
тəртіптерінде жүйеде тұрақты қысымды ұстап тұру 10 піспегінің жүрісінің өзгеруімен
орындалады. Айдау клапанының артында қысымның өсуі 12 арнасымен піспек үстіндегі
қуысқа беріледі де, 10 піспегін төмен жылжытады. Бұл кезде оның сору жүрісі азаяды, ал
отынның берілісі төмендейді. Керісінше, айдау қуысында қысымның азаюы 10 піспегінің
көтерілуі мен оның жүрісінің ұлғаюына əкеледі.
Піспекті отын беру сорғылары құрылымы бойынша жəне оларға қызмет көрсету
жағынан қарапайым. Олар сору желісінде қысымның едəуір сиреуін тудыра алады, демек,
төменде орнатылған сыйымдылықтан отынды сора алады.
Төмен қысымды отын сорғысының қажетті шығыны келесідей анықталады:
п
i
h
d
к
Q
п
п
×
×
×
×
×
=
2
1
30
t
p
мұнда: τ - ырғақ; i - цилиндрлер саны; d
п
- піспек диаметрі; h
п
- піспек жүрісі; п-иінді
біліктің айналу жиілігі, об/мин.
к коэффициентін 2-3 тең етіп қабылдайды.
Піспек жүрісін h
п
плунжер жылдамдығы рұқсат етілген 1-4 м/с шектен шығып
кетпейтіндей етіп таңдайды.
Айналмалы сорғылар басқа прициппен жұмыс істейді. 1 қалақшалары орнатылған 3
роторы корпус өсіне қатысты е =0,6-1 мм шамасына ығысқан (7.17 - сурет). Ротор
айналған кезде қалақшалар 10 серіппесімен жəне ортадан тепкіш күштің əсерімен
209
корпусқа қысылады. Эксцентриситетің салдарынан ротор мен корпус арасында ауыспалы
шамадағы саңылау пайда болады. Бұл саңылаумен қалақшалар 5 қабылдау қуысынан 8
сол жақ қуысына отынды айдайды (ротор айналған кезде сағат тіліне қарсы бағытта).
Жұмыс істеу барысында қалақшалар артындағы қысым төмендейді, бұл сыйымдылықтағы
отынның 5 қабылдау қуысына көтерілуін шақырады, ал қалақшалардың алдында қысым
көтеріліп, айдау желісіндегі гидравликалық кедергені жеңуге қажетті қысым туындайды.
Егер айдау желісіндегі қысым 7 қайта жіберу клапанының серіппесі тартымынан жоғары
болса, клапан ашылып, отын айдау желісінен 5 қабылдау қуысына түседі. Айналмалы
отын сорғылары екі-төрт қалақшадан тұрады. Қалақшалардағы саңылаулардан өтіп
кететін отынды жинап, қайта беру үшін ротордың радиалды арналары сору желісімен
жалғасқан 4 өстік арнасымен байланысқан.
Айналмалы сорғылары өлшемдерінің кішкентайлығымен, ықшамдылығы мен
жұмыстағы сенімділігімен ерекшеленеді. Бұл сорғыларының кемшілігіне ротор
бағыттағышының қалақшалары мен корпус арасындағы едəуір ұйкелістің болуы жатады.
Айналмалы сорғысы үшін отын шығыны:
н
н
н
п
l
d
d
Q
h
p
×
×
×
-
×
×
=
)
(
15
2
1
2
2
мұнда: d
2
жəне d
1
- корпустың жонылған ішкі диаметрі; l
н
- ротордың ұзындығы; n
н
-
ротордың айналу саны, айн/мин ; η
н
- беру коэффициенті.
Дизельдің номиналдық тəртібінде айдау қуысындағы қысым мен ротордың айналу
жиілігінен тəуелді η
н
= 0,6 - 0,9 болады.
7.17 - сурет. Айналмалы сорғысының сұлбасы:
1- қалақша; 2 - корпус; 3 - ротор; 4 - өстік арна; 5 - қабылдау қуысы; 6- қайта жіберу
арнасы; 7 - қайта жіберу клапаны; 8 - айдау қуысы; 9 - өзек; 10 - серіппе
Тегершікті сорғысының сұлбасы 7.18 - суретінде келтірілген. Сорғының
1корпусында орналасқан 2 ертуші тегершігі 5 өсінде отырған 3 жұлдызшасымен іліністе
болады.
210
7.18 - сурет. Тегершікті сорғысының сұлбасы
1- корпус; 2 - ертуші тегершік; 3 - жұлдызша; 4 - қақпақ; 5 - өс
Жұлдызша мен ертуші тегершіктің тістері арасында 4 қақпағының орақ тəрізді
шошағы бар. Бұл шошақтың сыртқы беті фланецтің жонымына, ал ішкісі - жұлдызшаға
концентрлі. Сондықтан соратын қуыстан айдау қуысына жұлдызша тістері арасындағы
отында, ертуші тегершік тістері арасындағы отында беріледі. Тегершікті сорғылар
отынның бірқалыпты берілуін қамтамасыз етеді жəне жұмыста сенімді.
Тегершікті сорғысының сағаттық отын шығыны
н
н
п
h
б
он
d
Q
h
p
×
×
×
×
×
×
=60
мұнда: d
он
- тегершіктің бастапқы шеңберінің диаметрі; h жəне б — тістің биіктігі
мен ені; n
н
- ротордың айналу саны, айн/мин ; η
н
- беру коэффициенті.
7.1.8.4 Отынды тазалау сүзгілері
Отын жүйесі элементтерінің тозу қарқындылығы көбіне отынды тазалау сапасына
тəуелді. Əртүрлі қоспалардан отынды тазалау үшін ірі жəне майда сүзгілерін
пайдаланады.
Ірі сүзгілері негізінде ірі бөлшектерді 50-150 мк ұстап қалады, сондықтан олардың
елеу толықтығы көп емес. Олар тек отын аппаратурасы жұмысының сенімділігін
қамтамасыз етеді.
Отынның майда тазалауын отынды беру сорғыларынан кейін орнатылатын
сүзгілерде жүргізеді. Олар елеудің майдалығын 3-25 мк жəне елеу толықтығын 90-98%
қамтамасыз етеді. Сонымен, майда тазалау сорғылары қоспалардың негізгі бөлігін ұстап
қалып, тазалау жүйесінің жауапты түйіні болып табылады. Ірі жəне майда сүзгілері сүзгі
элементтерінің түріне байланысты əртүрлі құрылымды болады.
Ірі тазалау сүзгілерін отын беру сорғысына дейін де, кейін де орнатады. Шаңды
аумақтарда пайдаланатын дизельдерде ірі тазалау сүзгілерін отынды беру сорғысына
дейін орнатқын жөн. Бұл жағдайда отынды беру сорғысының тозуы сирейді.
Майда тазалау сүзгілерін тек отынды беру сорғыларынан кейін орнатады, өйткені
олардағы гидравликалық кедергі едəуір жоғары болып, олар арқылы отынның өтуі
мəжбүрлі айдаусыз қиынға соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |