ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Газдық қозғалтқыштарының отын жүйелері



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата14.02.2017
өлшемі7,18 Mb.
#4112
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

7.1.8.5 Газдық қозғалтқыштарының отын жүйелері
Газдық  қозғалтқыштарын  əдетте  сұйық  отында  жұмыс  істейтін  сериялық  шығарылатын
қозғалтқыштар  негізінде  жасайды. Сериялық  қозғалтқышты  газтəрізді  отынға  ауыстыру

211
кезінде оның  негізгі түйіндері мен бөлшектері өзгеріссіз қалады. Қозғалтқыштың газдық
модификациясының  оның  базалық  моделінен  басты  айырмашылығы  отынды  беру
жүйелері, жұмыс қоспасының тұтануы мен реттелуінде. Дизельдің тек газдық отында ғана
жұмыс 
істеуге 
тағайындалған 
газдық 
модификациясында 
дизельдік 
отын
аппаратурасының  орнына  қозғалтқыш  пен  цилиндрлерге  газды  апару  жүйесі  мен
электрлік  тұтандыру  жүйесі  қарастырылады. Пайдаланатын  газдың  сапасына  сəйкес
детонациясыз  жануды  қамтамасыз  ету  үшін  қажет  болса, сығу  дəрежесін  азайтады.
Жоғары  айналымды  қозғалтқыштарда  сығу  дəрежесін 8—12, ал  аз  айналымдыларда 6-9
дейін  азайтады. Сығу  дəрежесін  азайтқанда  газдық  модификациясының  қуаты  базалық
қозғалтқышқа қарағанда азаяды.
16ГДПН 23/(2х30)(61ГА) (7.19 - сурет) газдық қозғалтқышы отынды беру жүйесінің
сұлбасы  үш  тармақтан  тұрады: газды  цилиндрге  əкелу, газды  форкамераға  əкелу,
оталдыру жəне бос жүріс тəртібіне ауысу кезінде газбен қоректеу.
Жұмыс  тəртібінде  цилиндрлерге  газ 0,6 МПа  қысым  əсерінде  болатын 1
магистральынан  цилиндрлік  түйіннің 5 құбырындағы  ашық 2 оталдыру  клапаны,
цилиндрлерге  газды  апаратын 8 құбыршасы, 9 мөлшерлегіштер, 12 газжылжымалы
клапандар, 13 газдық  форсункалары  арқылы  келеді. Жанғыш  қоспа 10 тұтандырғыш
шамынан  тұтанады. Газды  енгізу  клапандарының  ашылып-жабылуы  қозғалтқыштың 11
үлестіргіш біліктерінің жетегімен орындалады.
Газды  енгізу  клапаны  цилиндрге  газды  беру  фазаларын  анықтайтын  жапқыш
органының  қызметін  атқарады. Цилиндрге  берілетін  газдың  мөлшері  мөлшерлегіштегі
пішінделген  тесіктің  өтпелі  кескінінің  өзгеруі  арқылы  реттығынпен  реттеліп  отырады.
Жүктеме  өзгерген  кезде  қозғалтқыш  білігінің  айналу  жиілігі  өзгереді, бірақ  берілген
айналу жиілігіне реттелген 4 реттегіші мөлшерлегіштердің тартымын олар арқылы өтетін
газ  мөлшерін  өзгерте  жылжытады, берілген  айналу  жиілігі  қайта  қалыптасады. Реттегіш
серіппесінің тартылым жігеріне қашықтан (дистанциялық) əсер еткенде дəл осы болады.
7.19 - сурет. 16ГДПН 23/(2х30)(61ГА) газдық қозғалтқышы отынды беру жүйесінің
сұлбасы
 Форкамераға  берілетін  газ 1 отын  беру  магистралінен 18 редуктор-реттегішке

212
түседі. Редуктор-реттегіш  барлық  жұмыс  тəртіптерінде, сондай-ақ  оталу  мен  бос  жүріс
тəртіптерінде, форкамераларда  қоспаның  оңтайлы  құрамын  қамтамасыз  ететін  қысымды
ұстап  тұрады. Редуктордан  шыға  берісіндегі  газдың  қысымы 0,07—0,27 МПа  құрап,
қозғалтқыштың  ауа  ресиверіндегі  ауаның  қысымынан  тəуелді. Ауа  қысымы  жоғарлаған
кезде редуктор-реттегіштің  клапаны көбірек ашылып, шыға  берістегі қысым артады. Газ
17 құбырынан 16 құбырларымен форкамераларда орнатылған 15 автоматтық клапандарға
түседі. Автоматтық  клапандар  кірісіндегі  газдар  қысымы  серіппе  мен  цилиндр  ішіндегі
қысым  күштерін  жеңген  кезде  клапан  ашылып, форкамераға  калибрленген  тесіктер
арқылы  отынның  қажетті  мөлшері  түседі. Цилиндрдегі  газдардың  қысымы  өскен  кезде
клапан қайта жабылады.
Оталу кезінде цилиндрлерге сығылған ауа беріледі, бұл  ауа бір уақытта 3 штуцері
арқылы 5 құбырына газдың негізгі кірісін бөгейтін 2 оталдыру клапанына да беріледі. Газ
0,03—0,04 МПа қысымымен 5 құбырына тек 19 оталдыру редуктор-реттегіші арқылы ғана
түседі. Оталу  кезінде 9 мөлшерлегіштері 4 жылдамдықты  реттегішінің  əсерімен  толық
ашық  болып, цилиндрге  түсетін  газ  мөлшері 18 редуктор-реттегішімен  реттеледі.
Қозғалтқыш  оталып, берілген  айналу  жиілігіне  жеткеннен  кейін  цилиндрлерге  жəне
оталдыру  газдық  клапанына  сығылған  ауа  берілуі  доғарады. Оталдыру  газдық  клапаны
ашылады жəне цилиндрлерге газды беруді мөлшерлегіштер реттей бастайды.
Сұйық  отында  да  жұмыс  істей  алатын  дизельдің  газдық  модификациясы
пайдаланатын қоспа түзу амалына сəйкес цилиндрге газды  енгізу үшін  базалық дизельді
қосымша жабдықтау арқылы жасалады. Газ тəрізді отында жұмыс істеген кезде газауалы
қоспа  сығу  процесінің  соңында  қажетті  мөлшерде  бүркілетін  сұйық  отынның  жанып
тұрған алауынан тұтанады. Отын булары мен ауадан жанғыш қоспасының түзілу процесі
сұйық отында жұмыс істейтін дизельдердегіндей жүреді.
Газсұйық  отынды  қозғалтқыштары  газ  мөлшерінің  сұйық  отын  мөлшеріне  кез
келген  қатынасында  жұмыс  істей  алады. Отынның  бір  түрінен  екінші  түріне  ауысуы
қозғалтқыштың  тоқтауынсыз  жүреді. Газсұйық  отынды  қозғалтқыштарының  тек  сұйық
отында  оталуын  қамтамасыз  ету  үшін  сығу  дəрежесі 11 төмен  болмауы  керек. Одан
жоғары сығу дəрежелерін (18 дейін) жоғары айналымды қозғалтқыштарда пайдаланады.
Газсұйық  отынды  қозғалтқыштары  сұйытылған  газды  тасымалдайтын  кемелерде
қолдану  өте  тиімді. Əр  күн  сайын  тасымалдантын  газдың  табиғи  қызуынан  буланатын
мөлшері 0,3—0,5% құрайды. Сыйымдылықтардағы  қысымның  жоғарлауын  болдармау
үшін  газ  булары  шығарылып тастап  отыруы  керек. Шығарылып  тасталатын  газ мөлшері
жуықтап алғанда 70% кеме қозғалтқыштарының отын қажеттілігін қанағаттандырады.
Тек  газтəрізді  отында  жұмыс  істеуге  тағайындалған  автомобильдік  бензин
қозғалтқыштарының  газдық  модификациялары  газдың  сапасына  байланысты  базалық
қозғалтқышқа қарағанда жоғары қуатты дамыта алады. Бұл газдық отындарының жоғары
детонациялық  тұрақтылығының (октандық  сан 90—110) арқасында  сығу  дəрежесін
өсірумен мүмкін болады. Жану камерасының көлемін азайту үшін биіктігі үлкенірек жаңа
піспектер  немесе  жану  кеңістігінің  көлемі  азырақ  қозғалтқыштың  басын  орнатады.
Газтəрізді отынның детонациялық тұтақтылығына байланысты сығу дəрежесін 10-12 дейін
ұлғайтуға  болады. Цилиндрлер  толуын  жақсарту  үшін  қозғалтқышта  жылытылмайтын
енгізу  құбырлары  жəне  арнайы  газалмастырғыш  құрылғылары  орнатылып, газүлесуінің
оңтайлы  фазалары  таңдалады. Осы  конструктивтік  шараларды  іске  асырғаннан  кейін
қозғалтқыш  төменкаллориялық  газдарда  жұмыс  істегеннің  өзінде  бензиндік  қозғалтқыш
қуатының 90—95% дамытады, ал жоғарыкаллориялық газдарды пайдаланған кезде оның
қуаты 20-25% көбеюі  мүмкін. Газауалы  жанғыш  қоспасының  кеңірек  тұтану  шектері
ауыспалы тəртіптерде кедейтілген  жанғыш  қоспада  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді, бұл
қозғалтқыштың отындық үнемділігін жақсартады.
Автомобилдер  бензиндік  қозғалтқыштарының  газтəрізді  отында  жұмыс  істейтін
модификацияларында  əдетте  газ  отыны  таусылып  қалған  жағайларда  қозғалтқыш  қысқа
мерзімде (газ отынын толтырғанға дейін) бензиндік отында жұмыс істеуін қамтамасыз ету

213
мақсатында  резервтік  қоректеу  жүйесін  қарастырады. Бензиннің  октандық  саны  базалық
модельге  қарағанда  жоғары  сығу  дəрежесінде  қозғалтқыштың  детонациясыз  жұмысын
қамтамасыз  ету  керек. Газтəрізді  отынға  сығу  дəрежесін  өзгертпей  ауыстырған  кезде
(тиімділігі  аз  нұсқа) резервтік  жүйеде  базалық  қозғалтқышта  пайдаланатын  бензинді
пайдаланады. Резервтік қоректеу жүйесі қарапайым карбюратор, бензиндік сорғысы жəне
көлемі аз (10 л) отын сыйымдылығынан тұрады. Сығылған табиғи газ бен бензинде жұмыс
істейтін қозғалтқыштың екі отынды қоректеу жүйесі 7.20 - суретте келтірілген. Екіотынды
қоректеу  жүйесінің  ерекшелігі - үш  сатылы  жылытылатын  газдық  редукторы 8 мен
қозғалтқыштың  электрлік  оталдыру  жүйесіне  қосылған  редуктордың  оталдыру  жəне
жапқыш құралдарын электромагниттік басқару тізбектері 21.
7.20 - сурет. Сығылған табиғи газ бен бензинде жұмыс істейтін қозғалтқыштың
екіотынды қоректеу жүйесі:
1  -  газға  арналған  баллон;  2,  4 жəне 5  -  сəйкесінше  шығындық,  толтыру  жəне
магистральдық жапқыштар; 3 жоғары қысымды құбыр; 6 - сүзгі; 7 -манометр; 8 - газдық
редуктор; 9 жəне 10 - редуктордың  оталдыру  жəне  жапқыш  құрылғыларының
электромагниттік  клапандары; 11 - редуктордың  жүктемені  түсіру  құрылғысына
сиретілуді  əкелу; 12 - төмен  қысым  құбыры; 13 жəне 14 редуктордың  жылыту
құрылғысын  суыту  жүйесімен  қосатын  құбыр; 15 жəне 16 редуктордың III сатысынан
кейін  газдың  шығатын  қысымы  мен  мөлшерін  реттейтін  құрылғылар; 17 - карбюратор-
араластырғаш;
18 - бензинге  арналған  электромагниттік  жапқыш  клапаны; 19 - бензин  сорғысынан
элеткромагниттік  клапанға  апаратын  құбыр; 20 - электрлік коммутатор; 21 - басқарудың
электромагниттік  тізбектері; 22 - оталдыру  кілті; 23 — аккумуляторлық  батареясы; 24 -
оталдыру катушкасы; А, Б, В - редуктордың I, II, III сатыларының қуыстары; Г жəне Д -
жүктемені түсіретін жəне жылытатын құрылғылардың қуыстары.
7.2 Майлау жүйелері
Қозғалтқыштың  майлау  жүйесі
қондырғылырдың  жиынтығынан  тұрады:
жағармайды  сақтау, оны  үйкеліс  беттеріне  беру, майды  ластағыш  заттардан  тазарту,
салқындату, сонымен  бірге  майлауды  жəне  май  күйін  бақылау  қондырғылары.
Қозғалтқышты майлау өте жоғары желінудің, қызудың жəне үйкеліс беттерінің тежелуінің

214
алдын  алу  үшін, қозғалтқыштың  индикаторлық  қуатының  үйкеліске  кететін  шығынын
азайту, сонымен бірге үйкеліс беттерінен жылуды алу үшін қажет.
7.2.1 Майлау жүйесінің түрлері
Піспекті  қозғалтқыштардың  үйкеліс  түйіндеріне  май  берудің  тəсілдеріне
байланысты майлау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
1) шашырату арқылы, 2) қысым арқылы жəне 3) біріккен.
Шашырату арқылы майлау жүйелерінде жылдам айналатын бөлшектермен май өте
майда  тамшыларға  майдаланады (мысалға, иінді  білікпен). Осының  себебінен  картердің
бос  кеңістігі  майдың  майда  тамшыларымен  толады  жəне  де  олар  үйкеліс  беттерінің
аралығындағы  саңылауларға  кіреді. Бұл  майлаудың  түрі  қозғалтқыштардың  ескі
құрылымдарында қолданылған. Қазіргі уақытта ол, едəуір кемшіліктері (май шығынының
жоғарылығы, оның  жылдам  тотығуы, қозғалтқыштың  жауапты  түйіндерін  майлаудың
жеткіліксіз сенімділігі) болғандықтан аз қолданылады.
Майлау  жүйесінде  май  картерден  үйкеліс  беттеріне  арналармен  сорғы  арқылы
қысыммен беріліп, одан қайтадан картерге ағып келеді. Сонымен бірге үйкеліс беттеріне
майдың қажетті мөлшері беріледі жəне оның жылдам айналымы қамтамасыз етіледі.
Қазіргі  заманғы  піспекті  қозғалтқыштарда  біріккен  майлау  жүйесі  қолданылады:
өте  жүктемелі  беттер (иінді  біліктің  бұлғақтық  жəне  тамырлы  мойынтіректері, бөлу
білігінің  мойынтіректері  жəне  т.б.) майды  қысыммен  беру  арқылы  майланады, ал
басқалары - майдың шашырауымен.
Майға арналған негізгі сиымдылықтың орналасу орнына байланысты:
-
ылғал картерлі майлау жүйесі (картер майға толтырылған);
-
құрғақ картерлі (майсыз картер) болып бөлінеді.
Көптеген  қазіргі заманғы  піспекті қозғалтқыштарда  ылғал картерлі майлау жүйесі
қолданылады.
Жоғары  жүрісті  қозғалтқыштардың  картерінде  көбіктенудің  күштілігі  себебінен
құрғақ картерлі жүйе қолданады, себебі май сорғысының көбікті соруы майлауды мүлдем
тоқтатады. Құрғақ  картерлі  майлау  жүйесі  үлкен  биіктіктерден  өтуге  есептелген  көлік
құралдарында орналасқан қозғалтқыштарда да қолданады. Қозғалтқыштардың еңкейуінде
картерді  құрғату  үшін  картердің  алдыңғы  жəне  артқы  жағына  екі  сорғыш  сорғы
қондырылады. Қозғалтқыштың биіктігін азайту жəне майдың аз шығыны құрғақ картерлі
майлау  жүйесінің  артықшылығы  болып  табылады, себебі  майды  шайқаудың  керексіздігі
жəне цилиндр қабырғаларына оның артық шамада берілмеуі.
7.3 Салқындату жүйесі
Салқындату  жүйесі  ыстық  газдармен  жанасудан  немесе  үйкеліс  əсерінен  қызатын
цилиндр  қабырғаларынан  жəне  басқа  бөлшектерден  жылуды  алу  үшін, оларда  жану
камерасының  жұмыс  жағдайымен, сондай-ақ  майдың  қасиетімен  жəне  материалдардың
ыстыққа  төзімділігімен  шектелетін  температураны  берілген  шамада  сақтау  үшін
мақсатталған. Салқындатуда  цилиндрлерден  мəжбүрлі  түрде  алынатын  жылу
қозғалтқышты  қоршаған  ауаға  беріледі. Жылуды  алу  тəсілдеріне  сəйкес  салқындату
жүйесі келесідей бөлінеді:
1) сұйықтықты — салқындатқыш дене ретінде жоғары температурада қайнайтын су
немесе басқа сұйықтар қолданылады;
2) ауалық — бөлшектерді салқындату ауа ағынымен жүргізіледі;
3) буландырғыш — салқындату қызған бөлшектерді жуатын сұйықтардың булануы
нəтижесінде жүреді.

215
Көлік  құралдарының  қозғалтқыштарында  бірінші  екі  салқындату  жүйелері
қолданыс 
тапқан. Осыған 
байланысты 
буландырғыш 
салқындату 
жүйесі
қарастырылмайды. Егер  сұйықпен  салқындатуда  қозғалтқыштың  жылулық  күйі
салқындатқыш сұйық жəне майдың температурасымен бағаланса, ал ауамен салқындатуда
- май температурасымен бағаланады.
Алынған жылудың үлкен бөлігі салқындату жүйесі арқылы қоршаған ортаға түседі,
ал  аз  бөлігі  майға  жəне  қозғалтқыш  бөлшектерінің  сыртқы  беттерінен  қоршаған  ортаға
тікелей беріледі.
Салқындату  жүйесі  қозғалтқыштың  тұрақты  жылулық  тəртібін  қамтамасыз  етеді.
Қозғалтқыштың  қызып  кетуі  үйкеліс  беттерін  майлаудың  нашарлауына  жəне  майдың
күйуіне  алып  келеді, ал  бұл  беттесетін  тетіктердегі  саңылаулардың  бұзылуына  жəне
қозғалтқыштың  істен  шығуына  алып  келеді. Қозғалтқыштың  аз  ғана  қызып  кетуі  оның
тиімділігін  төмендетеді (толтырудың  төмендеуі, ұшқынмен  тұтанатын  қозғалтқыштарда
детонацияның  пайда  болуы  жəне  дизельдерде  жұмыстық  қоспаның  өздігінен  тұтануы).
Қозғалтқышты  өте  салқындатып  жіберу  отын  бөлшектерінің  дымқылдануына, қоспа
түзудің  жəне  жұмыстық  қоспаның  тұтануының  нашарлауына, оның  жану
жылдамдығының  төмендеуіне  жəне  осының  салдарынан  қозғалтқыштың  тиімділігі  мен
қуатының азаюына алып келеді.

216
8 - БӨЛІМ. ПІСПЕКТІ ЖƏНЕ ҚҰРАМА ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНДА
ПАЙДАЛАНАТЫН ОТЫНДАР МЕН ЖАҒАРМАЙЛАР
8.1 Бензиндер
Бензин - мұнайдың  сұйық  бөлшегінің  ең  жеңіл  фракциясы. Бұл  фракцияны
мұнайдан  басқа  əртүрлі  өнімдерді  алу  мақсатында  мұнайды  сұйықтан  газдау (возгонка)
процесі  барысында  алады. Бензиндер  бір-бірінен  құрамы, қасиеттері  бойынша
ерекшеленеді, өйткені  оларды  тек  мұнайды  алғашқы  қаттыдан  газдау (возгонка) өнімі
ретінде  ғана  алмайды. Бензинді  ілеспелі  газдан (газды  бензин) жəне  мұнайдың  ауыр
бөлшектерінен (крекинг-бензин) алады.
Газды бензин көміртек атомдарының саны үштен кем емес шекті көмірсутектерден
тұратын  ілеспелі  мұнай  газын  өңдеу  барысында  алынатын  өнім  болып  табылады.  Газды
бензиннің  тұрақты (ГБТ) жəне  тұрақсыз (ГБТС) түрлерін  ажыратады. Тұрақты  газды
бензин  екі  маркалы  болады-жеңіл (ЖБ) жəне  ауыр (АБ). АБ  шикізат  ретінде  мұнай
химиясында, органикалық  синтез  зауыттарында, сондай-ақ  автокөлік  бензинін
компаундированиялау (оны  басқа  бензиндермен  араластыру  арқылы  берілген
қасиеттерімен бензинді алу) үшін қолданылады.
Крекинг-бензин мұнайды  қосымша  өңдеу  өнімі  болып  табылады. Мұнайды
əдеттегідей айдау тек 10-20% бензин береді. Оның шамасын арттыру үшін ең ауыр жəне
жоғары  қайнау  бөлшектері  үлкен  молекулаларды  бензин  құрамына  кіретін
молекулалардың  шамасына  дейін  ажырату  мақсатымен  қыздырады. Оны крекинг  деп
атайды. Мазут  крекингін 450-550°С  температурада  өткізеді. Крекингтің  көмегімен
мұнайдан 70% бензин алуға болады.
Пиролиз - бұл 700-800°С  температураларындағы  крекинг. Крекинг  пен  пиролиз
бензиннің  қосынды  шығысын 85% жеткізуге  мүмкіндік  береді. Крекингті  алғашқы  рет
ашқан  жəне  өндірістік  қондырғының  жобасын  құрған 1891 жылы  орыс  инженері
В.Г.Шухов болған.
Бензиндердің  октандық  саны  бойынша  автокөліктік  жіктелуімен  қатар  басқа  да
əртүрлі түрлері бар, олар  тек моторлық отын өндірістерінде ғана қолданбайды, сонымен
қатар  өндірісте  де, тұрмыста  да  қолданылады. Атап  өтілген  түрлерінен  басқалары: ТМБ
(тұрмыстық  мақсатта  қолданылатын  бензиндер), абсорбент, олигомеризат, өндірірістің
екіншілік  процестерінің  бензині, ӨМБ (өндірістік  мақсатта  қолданылатын  бензиндер)
жəне басқалары.
8.1.1 Бензиндердің маркіленуі
ТМД-да  қазіргі  кезде  өндірілетін  бензиндер: А-80, АИ-91, АИ-92, АИ-93, АИ-95
жəне  АИ-98. Олар  этилденген, аз  этилденген  жəне  этилденбеген, жазғы  жəне  қысқы
түрлер болып шығарылады. Барлық этилденген бензиндер боялады: А-72 — қызғылт; А-
76 — сары; АИ-93 — сарғыш-қызыл; АИ-98 — көк. Шетелде  бензиннің  екі  маркасы
негізгі болып табылады: «Премиум» (1-ші сорт, октандық сан 97—98) жəне «Регуляр» (2-
ші сорт, октандық сан 90—94). Англияда, АҚШ-та жəне басқа да кейбір елдерде «Супер»
(октандық сан 99—102) бензині де шығарылады.
Бензиндер  мəжбүрлік  тұтануы  бар (жалыннан) іштей  жану  піспекті
қозғалтқыштарында  қолдану  үшін  арналған. Тағайындалуына  қарай  оларды  автокөліктік
жəне авияциялық  деп бөледі. Ерекшеліктеріне қарамастан  автокөліктік жəне авияциялық
бензиндер  қолдану  жағдайларында  физикалық-химиялық  жəне  пайдалану  қасиеттерімен
анықталатын негізінен сапаның жалпы көрсеткіштерімен сипатталады.
Қазіргі кездегі автокөліктік жəне авияциялық бензиндер қозғалтқыштың тиімді, əрі
сенімді  жұмысын  қамтамасыз  етеуімен  қатар  оны  қолданудың  бір  қатар  талаптарын
қанағаттандырулары  қажет: кез  келген  температураларда  тиімді  құрамның  біртекті  ауа

217
мен  отын  қоспасын  алуға  мүмкіндік  беретін  өте  жақсы  булануы  керек; қозғалтқыштың
барлық  тəртіптеріндегі  жұмысының  тұрақты, детонациясыз  жану  процесін  қамтамасыз
ететін  топтамалы  көмірсутекті  қоспа  түзуі  керек; ұзақ  сақтау  кезінде  өзінің  құрамы  мен
қасиеттерін  өзгертпеуі  керек  жəне  жану  жүйелерінің  бөлшектеріне, ыдыстарына
(сауыттарына), рəзеңкелі техникалық өнімдеріне жəне тағы басқаларға зиянды əсер етпеуі
қажет. Соңғы жылдары отынның экологиялық қасиеттері бірінші орында тұр.
А-76, А-80, Аи-92, Аи-95 жəне  Аи-98 əртүрлі  маркалы  бензиндерін  мұнай  өңдеу
зауыттары  өндірістің  əртүрлі  технологиялық  процестерінің  нəтижелерінде  алынатын
компоненттерді араластыру арқылы алады. Компаудирование (араластыру) процесі нақты
регламенттелуі, ал  өнім  ГОСТ-ке  сəйкес  болуы  керек, сонда  шығысында  тұрақты  жəне
нақты октандық санды бензин алынады.
Октандық  сан - моторлық  отынның  детонациялық  қасиеттерінің  көрсеткіші. Бұл
кезде  бензин  изооктан (шартты  түрде 100 бірлік  орнына  қабылданған) мен  қалыпты
гептан (0 орнына  қабылданған) қоспасымен  салыстырылады. Егер  бензиннің  октандық
саны 95-ке тең болса, онда бұл 95% изооктан мен 5% гептан қоспасы сияқты детонацияға
ұшырайтынын  білдіреді. Мұнайдың  алғашқы айдауынан  кейін бензиннің октандық саны
əдетте 70-тен  аспайды. Төмеңгі  сортты  бензиндердің  сапасын  арттыру  үшін
компаудированиядан  басқа  антидетонаторларды (0,3% дейін) қолданады. Өкінішке  орай
ең  көп  таралған  қосымша C
2
H
5
Вr қоспасындағы  тетраэтилқорғасын  Рb(C
2
H
5
)
4
  болып
табылады. Бірақ олардың жануы кезінде атмосфераға лақтырылатын қорғасынның ұшқыр
(летучий) бромиді  пайда  болады. Қорғасын  лақтыруларын  жəне  адам  денсаулығы  мен
қоршаған  ортаға  əсерін  азайту  үшін  қазіргі  кезде  жиі  басқа  антидетонаторлар
қолданылады. Олардың ішінде ең көп таралғаны метил-трет-бутилді (МТБЭ) эфир, оның
көптеген  артықшылықтары  бар  жəне  қорғасынға  тəн  негізгі  кемшілігі, яғни  өте  жоғары
уыттылығы жоқ.
8.1.2 Автокөліктік бензиндердің ассортименті, сапасы жəне құрамы
Октандық  санға  байланысты  МЕСТ 2084-77 автобензиндерінің  бес  маркасын
ескереді: А-72, А-76, АИ-91, АИ-93 жəне  АИ-95. Алғашқы  екі  маркалар  үшін  цифрлар
моторлық  əдіс  бойынша  анықталатын  октандық  санды, ал  соңғылар  үшін - октандық
санның зерттелулік əдісі  бойынша  мəнін  көрсетеді. Жалпы  автокөлік паркінің  көлемінде
жеңіл  көліктердің  үлесінің  артуына  байланысты  төмеңгі  октандық  бензиндерді  қолдану
төмендеп, ал  жоғары  октандық  бензинді  қолдану  артқан. Қазіргі  кезде  А-72 бензинінде
қолданылатын техниканың болмауына байланысты өндірілмейді.
МЕСТ 2084-77 бойынша  өндірілетін  барлық  бензиндер  булану  көрсеткіштеріне
байланысты жазғы жəне қысқы деп бөлінеді. Қысқы бензиндер солтүстік жəне солтүстік-
шығыс  аймақтарында  барлық  мезгілдерде, ал  басқа  аймақтарда 1 қазаннан 1 сəуірге
дейіңгі  аралықта  қолдануға  арналған. Жазғы бензиндер  солтүстік  жəне  солтүстік-шығыс
аймақтарынан басқа барлық аймақтарда 1 қазаннан 1 сəуірге дейіңгі аралықта, ал оңтүстік
аймақтарда барлық мезгілде қолдануға арналған.
Автокөліктік  бензиндер  құрамы  бойынша  əртүрлі  технологиялық  процестердің
нəтижесінде  алынатын  компоненттердің  қоспасы  болып  табылады: мұнайды  тіке  айдау,
каталитикалық  риформинг, каталитикалық  крекинг, вакуумды  газойлдің  гидрокрекингі,
тіке  айдау  фракцияларының  изомерлеу (изомеризации  прямогонных  фракций), алкилдеу
(алкилирование), қызулық  крекингтің  хош  иістендірілуі (ароматизации  термического
крекинга), висбрекинг, баяулатылған кокстеу.
Бензиннің компоненттік құрамы негізінен оның маркасына байланысты жəне мұнай
өңдеу зауыттарында технологиялық қондырғылар жиынтығымен анықталады.
Автокөліктік  бензиндерін  өңдеу  үшін  базалық  компонент  болып  əдетте
каталитикалық  риформинг  жəне  каталитикалық  крекинг  бензиндері  табылады.
Каталитикалық  риформинг  бензиндері  құрамында  күкірттің  аз  болуымен, олефиннің

218
мүлде  болмауымен  сипатталады, сондықтан  сақтау  кезінде  олар  өте  тұрақты  болады.
Алайда олардың құрамында хош иістендірілетін көмірсутектердің көп болуы экологиялық
жағынан  шектеуші  фактор  болып  табылады. Олардың  тағы  бір  кемшілігі  фракцияларға
детонациялық  тұрақтылықтың  бірқалыпсыз  таралуы  болып  табылады. Каталитикалық
крекинг  бензиндері  құрамында  күкірттің  аз  мөлшерде  жəне  зерттеулік  əдісі  бойынша
октандық  сандарының 90-93 бірлік  болуымен  сипатталады. Олардың  құрамында  хош
иістендірілетін  көмірсутектер 30-40 %, олефиндік — 25-35 % құрайды. Олардың
құрамында  диендік  көмірсутектер  мүлде  болмайды, сондықтан  олардың  салыстырмалы
түрде  химиялық  тұрақтылығы (индукциялық  периоды 800-900 мин) өте  жоғары  болады.
Каталитикалық  риформинг  бензиндерімен  салыстырғанда  каталитикалық  крекинг
бензиндерінде фракцияларға детонациялық тұрақтылық бірқалыпты таралады. Сондықтан
да  автокөліктік  бензиндерді  өңдеу  үшін  база  ретінде  каталитикалық  риформинг  жəне
каталитикалық крекинг компоненттерінің қоспасын қолданған жөн.
Мұндай  термиялық  процестерінің  крекинг  сияқты  бензиндерінің  баяулатылған
кокстеуі  төмен  детонациялық  тұрақтылыққа, химиялық  тұрақтылыққа  ие, құрамында
күкірт  көп  болады  жəне  шектеулі  мөлшерде  төмен  октандық  бензиндерді  алу  үшін  ғана
қолданылады. Жоғары  октандық  бензиндерді  өңдеу  кезінде  алкилбензин, изооктан,
изопентан жəне толуол қолданылады. АИ-95 жəне АИ-98 бензиндерін  əдетте құрамында
оттегі  бар  компоненттерді  қосу  арқылы  алады: метил-трет-бутилді  эфир (МТБЭ) немесе
фэтерол деп аталатын оның трет-бутанолмен қоспасы. МТБЭ-ді бензинге қосу оның толық
жануын  жəне  фракцияларға  детонациялық  тұрақтылықтың  бірқалыпты  таралуын
арттырады. МТБЭ-дің  максималды  мүмкін  концентрациясы  бензиндерде  оның  жану
жылулығының  салыстырмалы  түрде  төмен  мен  рəзеңкеге  қатысты  жегінің  жоғары
(высокой агрессивности) болу салдарынан 15% құрайды.
Этилденген  бензиндерінің  детонациялық  қасиеттерінің  талап  етілетін  деңгейіне
жету  үшін  оларға  этилденген  сұйықтықты  қосады (0,15 г  дейін  қорғасын/дм
3
  бензин).
Құрамында  шектеусіз  көмірсутектер  бар  екіншілік  процестердің  бензиндеріне  олардың
тұрақтылығы  мен  индукциялық  период  бойынша  талаптарын  қамтамасыз  ету  үшін
Агидол-1 немесе  Агидол-12 анти  тотықтырғыштарын (антиокислители) қосу  рұқсат
етілген. Қауіпсіздік мақсатында жəне маркілеу үшін этилденген бензиндер боялуы қажет.
А-76 бензині майда еритін К сары бояғышымен сары түске, АИ-91 бензині майда еритін Ж
күңгірт қызыл бояғышымен сарғыш қызыл түске боялады. Этилденген бензиндер экспорт
үшін арналған, олар боялмайды.
Соңғы  кездерде  автобензиндердің  ассортименті  техникалық  жағдайлармен
шығарылатын жаңа маркалардың есебінен толықтырылды. Бұл этилденбеген бензиндерді
шығарудың  күрт  артып, этилденген  бензиндерді  шығарудың  қысқаруымен  түсіндіріледі.
Сонымен  қатар  тетраэтилқорғасын  басқа  да  мақсаттармен  химиялық  жəне
микробиологиялық  өндірістерде  шығарылатын  əртүрлі  əдеттегі  емес  қоспалар  мен
қосымшалармен ауыстырылады.
Мұндай заттарға əртүрлі эфирлер, спирттер, металлоорганикалық қосылыстар жəне
т.б. жатқызылады. Мұндай  бензиндерді  шығарудың  қажеттілігі  техникалық  жағдайлар
бойынша  барлық  қоспалар  мен  қосымшалар  қатаң  түрде  белгілі  концентрацияларда
қосылуымен  түсіндіріледі. Бұл  компоненттердің  құрамын  бақылап  отыру  үшін
техникалық  жағдайлар  арнайы  көрсеткіштер  қарастырылады  жəне  қосымша  бақылау
əдістемесі енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет