Ключевые слова: воспитание, человечность, искусство, честь и достоинство, уважение, скромность,
вежливость, порядочность и гуманность
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
271
Summary
In this article you will find answers to questions about the education of future generations of Kazakh people. Education is
one of the important things in life of both parents and children. From an early age girls are raised for high morals, good nature,
needlework, and be honest. And they were brought up to respect men, to keep the family hearth, to be an example and a
teacher for their children, do not tarnish the dignity and to be an example for all because the girl is the face not only of the
family but also the country. Therefore, special attention has been given for the education of girls. The aim of education of
boys is to explain to them that they are the future of the country, to support the family, and they are the one who brings
happiness to the people. They are carefully trained how man should look like, to defend their country, respect their elders and
women, take care of the family, to be courageous and skillful.
Keywords: education, humanity, art, honor and dignity, respect, modesty, courtesy, decency and kindness
УДК 376
ББК 74,3 Д88
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Р.Д. Дуйсенбаева – аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Мақалада мектепке дейінгі зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етуде объективті
түрдегі ақпараттармен толықтырылған коммуникативтік қабілеттілік пен сөйлеу әрекетін бейнелейтін
коррекциялық-педагогикалық нұсқаулардың құрылуы қарастырылған. Шектелген сөздік қор мен тілдің
грамматикалық құрылымын жеткіліксіз түрде игеру оқылған мәтінді ауызша түсінуге шектеу жасайды. Сонымен
қатар мақала авторы аталған мәселе бойынша байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз- логикалық бірізділік және
грамматикалық дұрыс құрылған белгілі бір мазмұнның нақты кең түрде баяндалуы өте маңызды екенін атап өтеді.
Тірек сөздер: Мүмкіндігі шектеулі бала, психикалық қызмет, коммуникативті, моторика, дактиль тілі, ауызекі
сөйлеу, фонетика, грамматика, саусақ жаттығулары, тұлға, фонематикалық есту қабілеті, байланыстырып сөйлеу
Қазіргі өркениетті қоғамдағы алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі арнайы білім беру
жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты
жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып отыр.
Білім беру саласындағы қазіргі тенденциялар болашақ ұрпақтан әлеуметтік адамгершілік тұрғыдағы
жан-жақты дамуды қажет етеді. Қоғам қажет ететін мұндай талаптарды орындауда балаларды сөйлеу
мәдениетіне, мәдени санаға дағдыландыруымыз керек. Кез-келген білімді игеру білім берудегі нақты жү-
йені меңгеру ғана емес, тұлғаның ішкі дүниесінің дамуын қамтамасыз ететінін түсінетін кез келді. Өмір
сүру барысындағы кез-келген әрекеттер тілсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Бүгінгі білімді, мәдениетті
адамды жай «білімді» адам емес, өмір сүруге бейімделген, құзыретті адам ретінде тануымызға болады.
Б.П. Никитиннің айтуынша, ерте жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуының негізгі қайнар көзі үлкен
адамдар болып табылады. Егер бала туғаннан бастап үлкендердің сөзін естіп үнемі оған сөйлеп, үлкен
адамның сөйлеген сөзіне жауап беруге деген қабілетін оятып, үнемі сөздерді қайталатып отырса, бала бір
жастың ішінде сөздерді айта бастайды, ал бір жасқа толық толғанда қарапайым фразаларды айта
бастайды
Адамның ең күрделі жоғарғы психикалық қызметі сөйлеу тілі болып табылады, балалардың жалпы
білім беру мектебінде сапалы білім алуға дайындығы көбінесе балалық шақтағы сөйлеу тілінің құрылу
деңгейіне байланысты болып келеді. Сонымен қатар, қимыл қозғалысы белсенді, ерте жүріп бастаған
балалардың, өз – «еріншек» қатарластарына қарағанда сөйлеу тілі ерте шығады.
Тілдің жалпы жетіспеушілігі - түрлі тіл бұзылулары, онда балалардың қалыпты естуі мен зиятында
дыбыстық және мағыналық жағына жататын тіл жетіспеушілігі жүйесінің барлық компонеттерінің
қалыптасуының бұзылуы байқалады. Бұл әрекет балалардың тіл патологиясының күрделі формаларында
кездеседі: алалия, афазияда, ринолалия, дизартрияда.
Көп жағдайда сөйлеу тілінің кемістігі балалардың қозғалыс дамуында кездеседі. Баланың қозғалыс
дамуы жас шамасына сай келмесе оның сөйлеу тілінің кемістігі де болмақ емес, нақтырақ айтсақ үнемі
қозғалыста болу сөйлеу тілі дамуына зор ықпалын тигізбек. Баланың қозғалысын дамыту логопедтің
дұрыс жұмыстар жүргізілу кезінде оң нәтиже береді. Бұндай жұмыстар қатарына психомоторлық (ұсақ
қол моторикасы, жалпы моторика) және сенсорлық (көру, есту, сөйлеу) функциясын дамытатын түрлі
логоритмикалық жаттығулар, әдістемелер, тапсырмалар, ойындар, сюжетті рөлдік ойындар т.б кіреді.
Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым-қатынас құралы –
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
272
сөйлеу тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Сөйлеу оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі бөлігі бола
отырып, білім алушылардың дағды мен іскерлікті игеру түрткісі болып табылады. Қазіргі уақытта
Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуында нәтижелі бағыттар ретінде тұлғаны және оның танымдық
әрекетін зерттеу негізге алынып отыр. Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі элемент қойылған мақсат-
міндеттерді шешуге қажетті педагогикалық-психологиялық жағымды жағдайларды туғызу болып
табылады. Сөйлеу қарым-қатынастар бірлігіндегі қалыптасатын қоғамдық мәселе ретінде
қарастырылғанымен, әлі де болса зертттеулерді қажет етеді. Қазіргі қоғамдық дамудың барысы
педагогикалық үрдістегі қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Педагогика мен
психологиядағы, арнаулы педагогикадағы теорияларда балалардың жалпы байланыстырып сөйлеу
белсенділігі мен сөйлеу әрекетін арнайы жұмыстар арқылы ұйымдастырудың қажеттігі анық байқалады.
Тіл арқылы адамзат өз тілегін, өз ойын, өз мақсатын анық жеткізе алады және бұл әрекеттер сөйлеу
арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әруақытта екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы сөйлеу. Ішкі сөйлеу - адамның
ойлау арқылы сөйлеуі, ол тек өзіне ғана мәлім, өзге адамға беймәлім, айтылмайды және жазылмайды.
Сыртқы сөйлеу болса, бұл – басқа адамға арналған назар аударылған сөйлеу тілі. Бұлайша сөйлеу дыбыс-
тардан және графикалық белгілерден тұрады. Ішкі сөйлеу тілі диалогтық және монологтық, ауызша және
жазбаша болуы мүмкін. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұл -адамдардың бір-бірімен тіл арқылы
қарым-қатынас жасайтын өзара байланыс формасы. Ауызша сөйлеу есту арқылы, жазбаша сөйлеу көру
арқылы қабылданады. Бұлардың әрбіреуінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Арнаулы педагогикада ауызша
сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді ғана ажыратып қоймай, саңыраулардың спецификалық дактильді сөйлеу
тілінің ерекшеліктерін тармақтау аса маңызды. Мұнда дені сау балаларға қарағанда аталмыш кемістікті
балалардың әрбір ауызша сөйлеу тілінің өзінің қабылдануы мен таратылуының нақты тәсілдері бар.
Олармен жұмыс барысында сөздік, сөйлемдік ұғымдар жазбаша және дактиль тілі арқылы қабылданады
және сәйкестенген қол қимылдарының көмегімен игеріледі. Дактиль тілі арқылы қарым-қатынас жасау
балаларға түсінікті. Дегенмен, саңырау балалардың кемшіліктерін толығымен жоюда балалар тек
сөйлеудің жазбаша және дактиль түрін игеріп қана қоймай, қатынас құралының тиімді тәсілі – ауызша
сөйлеуді игерулері керек. Ауызекі сөйлеу тілін игеру – саңырау баланың жан-жақты дамуына жасалатын
ең керекті жағдай. Бұл мектептегі барлық оқу-тәрбие процесінің негізгі міндеті. Ауызекі сөйлеу тілі
саңырау баланың танымдық мүмкіндігін кеңейтіп, көрнекі-образды ойлаудан ауызекі-логикалық ойлауға
бірте-бірте көшуді қамтамасыз етеді және саңырау баланың жеке тұлға болып қалыптасуына терең әсер
етіп, олардың еститін адамдардың ортасына қосылуына жағдай жасайды.
Тілдің фонетикалық, сөздік және грамматикалық құрылымының принциптері мен заңдылықтарын
жан-жақты зерттеуші Р.М.Боскис еңбектерінде есту қабілеті нашар балалардың екі негізгі категориясы
көрсетілген. Олар - саңыраулар және нашар еститіндер. Саңыраулар категориясына жататын балалар
тобына туғаннан немесе ерте жастан бастап жүре пайда болған өз беттерінше ауызекі сөйлеу тілін игере
алмайтын саңырау балалар жатады. Нашар еститін балалар категориясына жататындардың есту қабілеті
белгілі себептерге сай нашарлаған, бірақ олардың осының негізінде өз бетінше тілдік даму қалыптасуы
мүмкін. Осылайша жіктелген саңырау балалардың тілі мен нашар еститін балалардың тілі кейбір
сақталған есту анализаторларының функцияларын қолдану жағдайларында дамиды. Бұл нашар еститін
баланың естіген сөзін бұзылған түрде болса да толықтырып айтуына әкеледі. Сөздерді бұзылған түрде
айту нашар еститін балаларға тән, бұл мүмкіндік саңырау балаларда болмайды. Оларда сөйлеу тілі есту
қабілетінің көмегінсіз жадында сақталған, ойында қалыптасқан негіз арқылы дамиды.
Шектелген сөздік қор мен тілдің грамматикалық құрылымын жеткіліксіз түрде игеру оқылған мәтінді
ауызша түсінуге шектеу жасайды. Тілдің грамматикалық құрылымы мен сөз мағынасын толық игере
алмаудан, бала айналадағы адамдарға өзінің барлық тілдік мүмкіндіктерін, өз қалауын, сұранысын,
талабын, ұсынысын айтуда көптеген қиындықтарға ұшырайды. Егер ол сөзді толығымен айта алмаса
сөздің бөліктерін ғана айтады, яғни ол айналадағы адамдарға түсінікті болады.
Есту қабілеті нашар оқушы оқуда да қиындықтарға кезігеді. Сөздің дыбыстық құрамын толығымен
игермеу мәтін ішіндегі сөздердің мағынасын түсінуге кедергі жасайды. Мысалы, оқушы «аспаж» деп
жазса, ол сөздің «аспаз» екенін мағынасына қарай түсінбейді де танымайды, себебі ол оның дұрыс
айтылуын естіген жоқ. Нашар еститін оқушылардың тілдік дамуының деңгейі тек есту қабілетінің
жеткіліксіздігінің деңгейіне ғана емес, басқа да патологиялық аурулардың себептеріне байланысты, яғни
мәселе есту қабілетіндегі кемшілік қай жаста пайда болғандығына байланысты. Саңырау балалардың
мәтінмен жұмыс, сұрақтарға жауап берудегі сөз мағынасын ажыратып түсіне білуі баланың жеке даралық
ерекшеліктеріне де байланысты, яғни аңғарымпаз, белсенді, ынталы балалар ерін қимылының көмегімен
сөздерді тез ажыратып, ертерек қалыпқа түсіп кетеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
273
Тілдік қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етудегі маңызды жағдай баланың сөйлеу кезінде
сөйлемнің әр түрін қолдана білуі, яғни үлгі бойынша белгілі ситуацияларға сай нақты сөз тіркестерін
пайдалана білуі болып табылады. Сондықтан жан-жақты ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде
балалар тілін дамытуды жеделдету сөйлеуге ынталандыру үшін әр түрлі дидактикалық материалдар мен
оқу құралдарын пайдаланып, бала тілінің әр түрлі даму кезеңдеріне сай тиімділігін арттыру үшін
ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілуі керек.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету жұмыстарының мазмұны психологиялық-педагогикалық
тұрғыдағы анықталған әдіс-тәсілдердің көмегімен, арнаулы логопедиялық жұмыстардың мазмұнымен,
қажет жағдайларда медициналық көмектің бірлігі арқылы шешіледі.
Сөйлеу тілін дамытуда қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру қажет екені баршамызға мәлім. Ұсақ
моториканы саусақ жаттығулары арқылы дамыту тиімді. Саусақ гимнастикасы музыкамен орындалады
және қол ептілігін, ұсақ моториканы, қол қимыл-қозғалысының тепетеңдігін дамытуға бағытталады. Олар
баланың ішкі жан дүниесіне әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар есте сақтаудың жақсаруына әсер етеді
және баланың сөйлеу тілін, фантазиясын дамытады.
Саусақ жаттығулары кешенімен танысудың бірінші кезеңінде жаттығулар қарапайым қимылдармен
орындалады (мысалы: «айдағы Дымбілмес» кешені сияқты орнында жүріп орындау; «Ертегілер әлеміне
қонаққа бару» сабағы сияқты аяқ-қолдың қарапайым қимылы). Тапсырмада осындай әдістемелік тәсіл-
дерді қолдана отырып, біз ұсақ моторлық тепетеңдік қабілетін және дене қозғалыс қабілетінің дамуына
белсенді түрде әсер етуге болады. Саусақ жаттығуларын негізгі және қосымша сабақтарда қолдану өте
маңызды.
Жоғарыда аталған логопедтік жұмыстар жүйелі түрде және дер кезінде жүргізілуі маңызды орын
алады.
Сөйлеу тіліндегі түрлі дәрежедегі кемшіліктердің баланың тұлғалық дамуына кедергі келтіретіндігін
есепке алып, қажетті білім мен іскерлікті, дағдыны игертудің тиімді жолдарын қарастыруымыз тиіс.
Сөйлеу қызметінің күрделі бұзылымы кезіндегі жалпы сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін есепке алып,
сөйлеу тілін дамытудағы педагогикалық жағдайларды логопедиялық жұмыстармен байланыстырып
орындауға болатыны анықталған. Сөйлеу тілі толық қалыптасқан тұлғаның жалпы дамуы негізге
алынады. Жеке тұлғаның қалыптасу заңдылықтарына сүйенуде А.Ф.Лазурскийдің «тұлғаның қоршаған
ортаға бейімделу концепциясы» басшылыққа алынады. Жеке тұлға мен оның сөйлеу тілінің әлеуметтік
мазмұны Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейннің концепцияларында қарастырылады. [1;10]
Қазіргі педагогикалық тәжірибе логопед мамандардан мектепке дейінгі зияты бұзылған балалардың
сөйлеу тілін дамытуды қамтамасыз етуде объективті түрдегі ақпараттармен толықтырылған
коммуникативтік қабілеттілік пен сөйлеу әрекетін бейнелейтін коррекциялық-педагогикалық
нұсқаулардың құрылуын талап етіп отыр.
Осыған орай, арнаулы балалар мекемесінің алдында тұрған ең маңызды мәселе жалпы тіл кемістігі бар
балалардың ерекшелігін терең зерделей отырып, арнайы білім беруін тиімді ұйымдастыру негізінде
қоршаған өмірмен қарым-қатынас жасауға бейім тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыруда
жалпы сөйлеу тілі бұзылған ақыл ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орны
ерекше. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысын жүргізу барысында
уақытында сөйлеу тілінің қалыптасуын тексеріп анықтаудың маңызы өте зор және бұл мәселе қазіргі
кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ауыр тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеуді бақылау кезінде олардың сөйлеуін ұйымдастырудағы
қиындықтары өзге адамдармен қарым-қатынасына теріс әсер ететіні анықталған. Бұл категориядағы
балалардың тілдік және коммуникативті дағдыларының өзара байланысы, яғни сөздік қордың
жұпынылығы мен сараланбауы, етістік сөздігінің аздығы, байланыстырып сөйлеудің ерекшеліктері т.б.
толыққанды тілдік қарым-қатынасқа кедергі жасайды. Содан сөйлесу қажеттілігі төмендейді,
коммуникация формалары қалыптаспайды (диалог және монолог), мінез-құлық ерекшеліктері пайда
болады: тілдік байланысқа қызықпау, негативизм, сөйлесу ситуациясында бағдар жасай алмау байқалады.
Сөйлеу тілінде кемшілігі бар зияты бұзылған балалардың сөйлеу дағдысын зерттеу жұмыстары
олардың тілдік қатынасында қалыпты дамудағы 2-4 жасқа тән ситуациялық-іскерлік форма басым
болатынын көрсетеді. [2; 236]
Осылайша, сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалардың тілдік және когнитивті бұзылуы олардың
қоршаған ортамен толыққанды коммуникативті байланыстарының орнығуына кедергі жасайды. Осыған
орай бұл балаларды социум талаптарына сәйкес қолайлы, тиімді бейімдеу мақсатында тілдік, танымдық
және коммуникативті әрекеттері компоненттерін дамыту мен түзетуге бағытталған арнайы жұмыстар
жүргізілуі қажет.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
274
Қазақстан Республикасында білім беру саласында ізгілендіру мен демократияландыру идеясын іске
асыру бағытындағы жұмыстар арнайы білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын
ұйымдастыруда жаңа сапалы деңгейге шығып отыр.
А.Н. Гвоздевтың мәліметіне сүйенсек, бала өмірінің 3-жылында сөйлеу тілінің негізі қалыптасады, ол
барлық грамматикалық категориялардың негізін меңгерген, барлық сөз таптарын меңгерген, ешбір
қиындықсыз грамматикалық ережелерді сақтап ұзақ сөйлемдер құрайды.
М.Ф. Гнездилов, В.Г. Петрова жұмыстарында көмекші мектеп оқушыларының байланыстырып сөйлеу
тілі баяу қарқынмен дамып, сапалы ерекшеліктерімен сипатталатыны туралы жазылған.
Авторлар көрсеткендей, балалардың ситуациялық-әрекеттік формасының ситуациялық емес-
танымдыққа, ситуациялық еместен- жекеге ауысуы сөйлеудің лексикалық құрамы мен грамматикалық
қатарын толтырып отырады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың жоғары коммуникациялық қарым-
қатынас әрекетіне өтуі лексикалық және сөйлеудің грамматикалық қатарының дамуына
әкеледі.Осылайша баланың байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасады.
Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады.
Байланыстырып сөйлеу тілі- өзіне тән белгілерімен, сонымен қатар жүйелілікпен, бірізділікпен
баяндау ерекшеліктерімен сипатталады және сөйлеудің толық, кең түрде берілуі болып табылады.
Сонымен байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз- логикалық бірізді және грамматикалық дұрыс құрылған
белгілі бір мазмұнның нақты кең түрде баяндалуы.
Демек тіл дамыту оқыту үрдісінде тілдік құралдарды қарым-қатынас ретінде орынды жұмсай білуге
жаттықтыру болып есептеледі. Ал А.Жаппаров:[ «Біз тіл дамыту жұмыстары деп баланың тілді қарым
қатынас құралы ретінде өз тәжірибесінде пайдалана білуге қажетті іскерлік пен дағдысын меңгеріп,
белгілі бір тілдік заңдылықтар мен өнер үлгілерін қолдана білу икемділігі мен дағдысын қалыптастыра
білу деп түсінеміз. Ал, қазақ тілі пәнін оқытудағы тіл дамыту бұл мұғалімдердің оқушыларды
лексикалық, грамматикалық және орфоэпиялық пен орфографиялық нормалары мен заңдылықтарын
үйретумен қатар, қарыс қатынас жасау мен сөйлеу мазмұнына орай тілдік құралдарды орынды
пайдаланып, ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру
үшін жүргізілетін әрекет деп есептейміз», - деп көрсетті.
Ал, зиятында бұзылыстары бар балалардың фонематикалық есту қабілеті бұған қоса төмен болса, онда
ол бір – біріне әсер етіп, сөйлеу тілі дамуын тежейді.
Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты,
белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана
тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып, сөйлеу тілі арқылы жеткізе
біледі.
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым – қатынас
жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі – заттық түріне, естуіне,
көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет.
Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөздік
қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.
Қазіргі нарықтық экономика шарттарында мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттілігін дамыту
мақсатымен түзете-дамыту сабақтарын жүргізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет.
Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі мүмкіндігі шектеулі оқушының жетекшілік
позициясын нығайтып, класта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-
әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын.
Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін
табады.
Бүгінгі таңда арнайы түзету мектептерінде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық
технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту
мүмкін емес. Сондықтан, арнайы мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таң-
дап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы мүмкіндігі шектеулі оқушының әрекеті-тех-
нологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына дефектолог тарапынан ерекше көңіл бөлінуі
тиіс.
Сабақтың ерекшелігін және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі- мүмкіндігі шектеулі
оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Олардың ойлау қабілетін дамыту және өз бетімен жұмыс
жүргізуге дағдыландыруда жаңа технологияларды қолдану қажеттілігі.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г.
275
Жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру – дефектологтың кәсіптік,адамгершілік, рухани
азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқыту үрдісінде
жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементтерін пайдалану әрбір дефектологтың міндеті.
Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың
грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе
А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазады.
Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түріне – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол
баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден – бір тәсілі. [3;29]
Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың
айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық
көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне,
темпераментіне, жан – жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді.
Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн.
Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.
Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін,
семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен
анықтайды. Нәтижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.
Жалпы сөйлеу тілі жетілмеген балалар мәтінді толық тыңдап, қысқаша түрде мазмұнын айтып бере
алады.
Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында арнаулы (түзетім) мекемелерінің жұмысы туралы
қабылданған типтік бағдарламаларда дамуында кемістігі бар тәрбиеленушілерге арналған арнаулы
(түзетім) білім беру орталықтарын құру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін құру, арнаулы білім
беру мекемелерін құру, алғашқы кәсіптік білім беру мекемелерін құру, арнаулы (түзетім) білім беру
мекемелерінде тәрбиеленушілердің өміріне жауап беру, оларға ақысыз білім беру, баланың әлеуметтік
ортаға бейімделуі мен сәйкестенуін, олардың білім алуы мен тәрбиесін, денсаулықтарын реттеуді
қамтамасыз ету мәселелері туралы айтылады.
Үлгі ретінде көрсетілген типтік бағдарламаның міндеттеріне жүгіне отырып, әр педагог өзінің тікелей
атқаратын функциясы мен тәжірибесін молайтуда дамуында кемістігі бар баланы оқыту мен тәрбиелеу
ісімен айналысу үшін жан-жақты үздіксіз өз білімі мен шеберлігін дамыту үстінде болады. Педагог маман
білім беру мен тәрбиелеу ісімен айналысуда ежелгі Қытай ғұламасы, философ Конфуцийдің: «Адамды
шынайы күйінде жақсы көру керек, шектен тыс қорғаштай бермей, оның қабілеті мен әлсіздігіне қарамас-
тан, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау керек», - деген пікірін еске ала отырып, білім берудің филосо-
фиялық аспектілерін игеріп, әлеуметтік орта мен құрылымның адамның өмір сүру әрекетіндегі ең негізгі
маңызды ортасы екендігін түсінуі қажет. Осыдан келіп дамуында кемістігі бар баланы жақсы нәрсеге
үйретудегі сезім мүшелері мен сезім органдарының атқаратын ролі жоғары екендігін ескерсек, француз
философы, ағартушы Жан-Жак Руссоның педагогикалық көзқрастарындағы тәрбиенің негізгі үш факто-
ры, яғни табиғат, адам, қоршаған ортадағы заттар деген пікірін басшылыққа алған жөн. Әр педагог маман
адам денсаулығының құндылығын мойындап, медицина ғылымынан хабардар болып, оқушының сезім
мүшелерінің қатты мен жұмсақты, ащы мен тұщыны, тағы сол сияқты заттарды ажыратып, сезе білуінен
бастап дүниедегі жақсы мен жаманды ажыратып сөйлеу тілін жүзеге асыра білуіне дейін мүмкіндік
туғызуы керек. Арнаулы педагогика балалар денсаулығының сақталуы мен емдеу шараларын жүргізуге
бағытталаған іс-шаралармен, білім беру процесіндегі ауру балаларға арнаулы педагогикалық ықпал
жасаумен айналысады. Арнаулы педагог мамандар мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс жасауда-
ғы негізгі мақсат-міндеттерді шешу үшін диалектикалық-материалистік методологияға сүйене отырып,
логопедияның, сурдопедагогиканың, олигофренияның, тифлопедагогиканың принциптері мен әдістерін
қолданады.
Сөз соңында уақыт өткен сайын оның талабына сай өмір сүру принциптерінің күрделенуіне қарай
әлеуметтік тәжірибенің міндеттері мен тәсілдері де өзгеріп келетінін ұмытпаған жөн. Осыған сәйкес
мүмкіндіктері шектелген адамдар арасында да өз деңгейінде жан-жағынан толыққанды біліммен,
дүниетаныммен, тәрбиемен қаруланған адамдардың саны да артып келеді. Мүмкіндігі шектелген адамды
жастайынан қабілетті ісіне қарай баулып, сол бағытпен тынымсыз еңбек етудің нәтижесі, оны тәрбиелеу
ісінің қорытындысы, ол адамның өзінің қоғамға қажет екенін сезіне білуіне, қоғамнан өз орнын табуына,
қандай да бір дәрежеде адами құндылығының бар екенін сезінуге ықпал жасайды.
Аталған нәтиженің бастауы, түп тамыры арнаулы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагог
мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі және тұлға ретінде қалыптасушы баланың осы педагогтар
қалыптастыруға тиісті ынтасы екенін ешқашан естен шығармаған жөн.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г.
276
Ерте балалық шақ баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шешуші кезеңі болып табылады. Бала
былдырынан толық сөйлем айтуға дейін үлкен жолдан өтеді.
Әйгілі педагог Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде сөзді қолданудың пайдасы туралы былай
деген: «Заттардың атауын толық және ойластыра айту, не ойлағанын ашық, нақты айтып беру граммати-
каны, риториканы, поэтиканы игерудің бастамасы». Я.А. Коменский сөйлеу мен ойлаудың байланысын,
олардың дамуындағы негізгі шарттарды былайша сипаттайды: «Адам жануарлардан екі түрлі ерекшелік
арқылы ажыратылады: ақыл және сөз; адамға ақыл өзі үшін керек, ал сөз-жақыны үшін керек. Сондықтан,
екеуінде қамқорлыққа алуымыз керек, адамның ақылы да, тілі де дамыған және жетілген болуы тиіс».
[4;18]
Жалпы сөйлеу тілі бұзылған ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту кезінде
лексикалық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс.
Себебі, сөздік қоры мен сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуы, ауызша
байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |