Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57

 
1 Хабаршы. «Арнайы педагогика» сериясы.Алматы:Абай атынд ҚазҰПУ.2010.№1(20 б)  
2 Тебенова Қ.С.,Рымханова А.Р.Арнайы психология: Оқулық. Алматы:«Дәуір», 2011ж 264  
3 Б.А.Шабанова, А.С.Кударинова  Мекемелерде  логопедиялық  жұмысты ұйымдастыру.  Оқу-әдістемелік құрал, 
Павлодар,2010ж 
4 Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. Оқу құралы. Павлодар, - 2011. 122б 
5 Коррекционное обучение как основа личностного развития аномальных дошкольников/ Под ред. Л.П.Носковой; 
- М.: Педагогика, 1989. – 176 с  
6 Екжанова Е.А.,Стребелова Е.А.Коррекционно-развив обучение и воспитание. М.,2003  
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  формирование  связной  речи  детей  с  ограниченными  возможностями  дошкольного 
возраста,  пути  развития  связного  высказывания  детей  с  ограниченными  возможностями  дошкольного  возраста. 
Также в статье представлена значимость логической последовательности и правильное грамматическое построение 
содержания материала. 
Ключевые  слова:  Дети  с  ограниченными  возможностями,  психическая  деятельность,  коммуникативная, 
моторика,  дактильная  речь,  разговорная  речь,  фонетика,  грамматика,  пальчиковая  гимнастика,  личность, 
фонематический слух, связная речь 
 
Summary 
Techniques and methods of development of coherent speech disabled children of preschool age. The article discusses the 
development of coherent expression of disabled children of preschool age.The article also shows the importance of a logical 
sequence and correct grammatical construction of the content of the material. 
Keywords:  Children  with  disabilities,  mental  activity,  communication,  motor  skills,  speech  daktilnoy,  conversation, 
phonetics, grammar, finger gymnastics, person, phonemic hearing, coherent speech 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
277 
УДК 37.091.212.3:78 
 
ДАРЫНДЫЛЫҚ ПЕН ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
У.Ж. Досанова - Абай атындағы КазҰПУ-нің доценті  
 
Сізге  ұсынылып  отырған  мақалада  вокал  өнері  туралы  жалпы  мәліметтер  беріліп,  дауыс  қою  жұмысының 
негіздері  туралы  жазылған  сонымен  қатар,  болашақ  музыка  мұғалімінің  вокалдық  қабілеттерінің  ерекшеліктері 
көрсетіліп, оларды қалыптастыру және дамыту методикасы ұсынылған. Мектеп қабырғасында оқитын  балалардың 
жандүниесін, жеке басының оқу тәрбиесінде олардың танымдық (зейіні, ойлауы, қабылдауын, қиялын) қалыптасуы-
на эстетикалық тәрбиенің оның ішінде музыканың жетекші ролі толық дәлелденеді. 13-14 жаста дауыстын өзгеруі 
(мутация) өтпел кезеңінде қандай, қалай өзін ұстау, тазалық, гигиена, режим, дауысты сақтау тәртіптері сөз етіледі. 
Ән  айту  физиологиялық  құбылыс  болғандақтан  ағза  қызметі  ән  айтуда  ми,  жүйке  жүйелері,  дыбыс  аппараттары, 
көмей,  ауыз  қуысы,  таңдай,  кеңірдек,  кеуде,  өкпе  сияқты  ағзалар  бір-бірімен  өз  ара  тығыз  байланыста  қызмет 
атқарады.  Дұрыс  тыныс  алу,  көмейдін  жұмысы,  резонатор  түрлері,  тілді  жаттықтыру  әдістерін  қолдану  арқылы 
нәтижеге  жету.  Дауыстың  жағымды,  жағымсыз  естілеуі,  оның  реңі,  бояуы,  әуезділігі  дауыс  тембрі  деп  атайды. 
Шығармаларды  орындау  деңгейі  оның  ішінде  қазақ  халық  әндерімен  халық  композитор  әндерінің  лирикалық 
сымбаты, кеңдігі жағынан әр түрлі болып келетіні айқындалған. Әншілік өнердің кәсіби теориялық негізін меңгер-
ген,  қазіргі  опера  өнерін  өз  елімізде  шет  елдерде  танытып  келген  әншілерді  ерекше  атап,  олардың  сахналық 
орындаушылық  шеберлігі  творчестволық  қауымға  ерекше  өріс  өнегесі  болып  танылады.  Осы  арада  қазақ  халық 
артісі,  ардагер  ұстаз  қазақтын  вокалдық  өнеріне  айрықша  еңбегі  сіңген  талай  майталман  әншілерді  тәрбиелеген 
профессор ұстаздардың еңбегін мақтанышпен айтылады.  
Түйін сөздер: Әншілік көзі, педагогика, дарындылық пен қабілеттілік, эстетикалық тәрбиелеу, дыбыс аппаратта-
ры, фонетика, резонатор түрлері, тыныс түрлері 
 
Музыка мұғалімінің творчестволық қызметінде ән салу өнерінің алатын орны ерекше. 
Ән – адамның ғұмырлық серігі, оның ұзак тарихи тірлігінің рухани даму құбылысы. Ол адамның жан 
дүниесін нұрландырып, әдемілікке, адамгершілікке тәрбиелейді, сәулелі өмірге баулиды, зор эстетикалық 
қуанышқа бөлеп, рухты көтереді. Ән, күй - қазақтың халык творчествосының шыңы деуге болады. Оның 
тамаша үлгілері, көрнекті халык композиторларының асқақ туындылары ұлттық классикалық музыканың 
негізін  қалады.  Ал  халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  фольклорлық  мұрасы  қазіргі 
профессионалдық музыка салаларының дамуына тікелей зор ықпалын тигізіп отыр. 
Музыкалық  педагогика  саласындағы  көркемдік-творчестволық  қызметінің  бір  түрі,  ән  өнерінің 
атқаратын рөлі үлкен және маңызды. Себебі ол оқушыға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге 
құштарлығын  арттыруға  ықпал  етеді,  байқағыштығы  мен  әсерленгіштігін  жетілдіріп,  олардың  әсемдік 
жөніндегі түсінігін кеңейтеді, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. 
Музыка сабақтар процесінде оқушылардың бойында музыкалық талғам дамытылады, музыкаға деген 
сүйіспеншілік нығаяды, музыка, ән тыңдауға деген құмарлык тәрбиеленеді. Музыка мен ән сабақтарының 
табысты  болуы  көбіне-көп  ән  оқытушыларының  шеберлігі  мен  даярлығына,  сондай-ақ  музыка 
шығармаларының  қажетті  жазбаларымен  және  оларды  тыңдау  құралдарымен  мектептің  қамтамасыз 
етілуіне байланысты болмақ. 
Мектептегі  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  мен  міндеттерін  іске  асыруда  орасап  зор  роль 
атқаратын - мұғалім. Жас ұрпаққа тәрбие берудің бүкіл ісінің табысты болуы едәуір дәрежеде мұғалімнің 
іскерлігіне, шеберлігіне, сенімділігіне байланысты. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты әрі күрделі. Шешелер, 
әкелер мен аналар педагогқа, мұғалімге өздерінің ең кымбаттысын - өз балаларын, яғни өзінің үміті мен 
болашағын  сеніп  тапсырады.  Әнші  болу  үшін,  ең  алдымен  дауыс  болу  керек.  Екінші  тыңдау  (есту) 
қабілеті ерекше жетілген болуы керек.  
Ән туралы сөз қозғағанда дауыс адамға табиғаттың берген үлкен сыйы, ол өте қажетті және күрделі 
орган. Басынан аялап күтуді қажет ететін нәзік құрылым екенін естен шығармау керек. Мен шығарманы 
осы  дауыс  тәрбиесінен  бастағым  келеді.  Мектеп  қабырғасында  жас  өспірім  балалар  дауысына  ерекше 
көңіл  бөлу,  олардың  дауысын  басынан  бастап  бірінші  дәріс  алған  кезден  дұрыс  қалыптастыру.  Дауыс 
гигиенасына көңіл бөлу, ол баланы үлкен тәртіпке және тазалыққа жетелейді. Демек, әнші әртіс өзінде 
бар күш-қуат, энергиясын дұрыс пайдаланып дене шынықтыру, оқуға, жаттығуға уақытында дайын болу 
деген  сияқты  режимге  үйреніп  қалыптасуы  қажет.  Әншілік  маман  сергектікті,  жинақы,  ұстамдылықты 
талап ететін  өнер-әлсіздік, солғындық, селқостану, темекі тарту, арақ ішу денсаулыққа  әсіресе дауысқа 
кері әсерін тигізері естен шығармау қажет. «Дені сау азамат қоғам болашағы», «Дені саудың жаны сау - 
жаны саудың тәні сау» деп тегін айтпаған. Сондай ақ оқушы дауысының сұлулығы, күші, диапазоны, бір 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
278 
қалыптылығы, әуездігі және музыкалық дайындық деңгейі, эмоциалылығы, орындау мадениеті, стильді 
сезіну, сырт пішін, әртістілігі сияқты вокалдық қабілеті, ең алдымен, бағалану керек. Өнерде жетістікке 
жету үшін өзіне қажетті ақпараттар кешеніне ие болмағы ләзім. [1, 2] 
Дегенмен, балғын өтпелі 13-14 жастағы оқушылардың дауыс сапасының жетіспеуі байқалады. Егер, 
бүкіл  вокалдық  қабілеттің  кешені  жақсы  болып,  бірақ  даусында  кемшілік  болса  сабақ  барысында  ол 
кемшіліктерді  жоюға  ұмтылған  жөн.  Іс  жүзінде  көп  деген  оқушылар  дауысын  және  әуездік,  әртістік 
қабілеттерін  жиылған  халықтың  немесе  комиссия  алдында  толқып  орындаушылық  қабілетін  көрсете 
алмайды.  Сыныпта  эмоциялы,  өткір  еті  тірі  оқушылар  эстрадада  тартынып  қалады.  Ал  кейбір  әншілер 
кейбір  кемшілігі  бола  тұрсада,  жақсы  пікір  туғызады.  Сондықтан  емтихан  немесе  байқаулар  бір  неше 
кезеңмен өткізіледі, оның өзі шынайы жағдайды көрсете бермейді. Демек, оқушылармен шыдамды ұзақ 
уақыт жұмыс істеу арқылы ғана олардың табиғи дарындылығына көз жеткізуге болады. Оқушы немесе 
студентпен алғаш танысуда бірден дауысты тексеруден емес, еркін түрде қарапайым әңгімелесуден баста-
ған жөн. Бұл жағдайда оқушы ұстаздың қайрымдылық көз қарасын сезініп, бар мүмкіншілігін көрсетуге 
талпынады.  Оқушымен  әңгіме  құра  отырып,  оның  музыкалық  қабілетінің,  жалпы  мәдени  денгейін, 
мінезін біліп алудың маңызы зор. Алғашқы қадамнан бастап дауыс қалыптастыру техникасына ескерту-
лер жасауға болмайды, әйтпесе оқушы үйренген сезімдерінен айрылып өнерін жақсы денгейде көрсете 
алмайды. Оқушымен ұстаз арасында жақсы қарым қатынас болған кезде ғана сабақтың тиімділігі артады. 
Сабақты неден бастау керек? Тыныс алудан, көмейдің жұмысынан немесе тілді жаттықтыруданба? Бұл 
кезде ең дұрысы-дауыстың қалыптасуына көбірек кедергі жасайтын кемшілікті түзеуден бастау. Егер оқу-
шының көңілін дұрыс тыныс алмауына, ашық ән салу, көмейдің қысылуы сияқты бір неше ескертулерге 
аудара берсе, ол бірде-бір кемшілігін жөндей алмайды. Сабақ жаттығулар арасында үзіліс жасай отырып 
30-40 минутқа созылуы тиіс. Себебі дауыс аппараты тез шаршап жүйке-жүйесін шалдықтырады. Дауыс-
ты  жақсы  шығару  үшін  күнделікті  жарты  сағат  жаттығу  қажет.  Оқушының  өз  бетінше  дайындалуына 
тыйым салу керек, ол әнді дұрыс айтпай үйренуге, ұзақ уақыт кейде өмір бойы дауысты жоғалтуға әкеліп 
соғуы мүмкін. Әннің басқа аспабты музыкадан ерекшелігі дыбыспен сөз қатар жүретінінде. Ән ай-тылып 
жатқанда әннің-сөздерін анық нақты, таза дұрыс айтылуы «дикция» деп атайды. Сөз қалыптастыру, дауыс 
қоюдан кем емес уақыт, еңбек, шыдамдылықты қажет етеді. Дауыс өсу үшін ашық дауысты дыбыстармен 
көп жұмыс жасау керек, сөзсіз айтылатын вокализдерді дауысына ылайықты қазақ әндерін, шетел шығар-
маларын орындаумен жаттығулар арқылы техникалық, динамикалық қозғалыстар жасауға үйреттіп әдет-
тендіреді. Музыкалық материалды дұрыс таңдаудың өзі дауыс тәрбиелеу болып саналады. Ән айтуда ми, 
жүйке, жүйелері, дыбыс аппараттары, көмей, ауыз қуысы,тіл, жұмсақ және қатты таңдай, кеңірдек, кеуде 
өкпе  сияқты  ағзалар  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланыста  қызмет  атқарады.  Адамның  физиологиялық 
ерекшелігі, дыбыс аппараттарының орналасу жағдайына байланысты дауыс құбылысы әр түрлі. 
Дауыстың құлаққа жағымдылығы оның тембріне байланысты. Дауыс тембрі дегеніміз бір биіктіктегі 
естілетін әр бір дыбыстың өзіндік үні, өңі мен реңк өзгешелігін білдіреді.  
Дауыстың  әдемі  әуезді  шығуы  тыңдаушыға  жағымды  естілуі  әрине  көмейге  байланысты.  Көмейдің 
дұрыс  қозғалмауы  әуендік  дыбыстың  тембрінің  өзгеруіне  әкеліп  соғады,  демек  өлең  айту  кезінде 
көмейдің дұрыс орналасуы вокалды педагогика үшін аса маңызды болып келеді. Негізі ән айтуда көмей, 
тыныс  және  резонатор  осы  үш  элементтің  маңызы  бірдей.  Үшеуі  сайма-сай  үйлескен  жағдайда  бізге 
қажетті дауысты қалыптастыруға мүмкіндік туады. 
Көмейдің жоғарғы бөлігі тілдің астыңғы бұлшық еттерімен тілдің түбіне жалғасады. Көмейдің төменгі 
бөлігі кеңірдек, одан ары өкпеге ұласады. Негізі өзіміз өкпеге кең тыныс алсақ одан ақырын жұтқыншақ-
қа, одан ары ауыз қуыстарына, таңдай кеңсірікке дейін тұтас түтікше екені сезіледі. 
Ән айтудағы ең дұрыс бағыт көмейді дұрыс орналастырып,өкпеден шыққан демді ән арқылы үнемдеп 
шығарып, дауыс тірегін дұрыс ұстап, дауысты резанаторға бағыттаса әдемі дауыс, жағымды үн шығады. 
Ән  айтқанда  резонатордың  маңызы  өте  зор.  Резонатор  үстіңгі  және  астыңғы  болып  екіге  бөлінеді. 
Бірінші  үстіңгі  резонаторға  жұтқыншақ,  маңдай  қойнауы,  мұрын  қуысы  қосылған  жер,  кеңсірік  қатты 
таңдай  маңайын  айтады.  Екіншісіне  адамның  көкірек  төс  қуысын  көмейдің  төменгі  бөлігін  кеңірдек  - 
трахея, бронхаға жалғасып өкпеге ұласады, міне осы ағзаларды астыңғы резонатор немесе кеуде резона-
торы  деп  атаймыз.  Үстіңгі  резонатор  дауысты  әдемілеп,  өндеп  ұзаққа  ұшырып  сайраттса,  ал  астыңғы 
резонатор төменгі дыбыстарды құлаққа жағымды обертондармен байытып, жұмсартып естіртеді. Демек 
үстіңгі  астыңғы  резонаторды,  бірдей  қолданған  жағдайда  бірін-бірі  толықтырып  дауыс  соңында 
ойдағыдай шығады. 
Тыныс алу процесі, тынысты сақтау және ән айтылып жатқан кезде үнемдеп шығару процестерінен 
құралады.  Тыныс  түрлерін  айтып  өтсек,  көкіректен  дем  алу,  қабырғаның  астынан  және  іштен  немесе 
кіндік құрсағынан дем алу болып бөлінеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
279 
Тәжірибелі әнші тынысын аз жұмсай отырып, тынысты бұлшық еттерінің қайсысымен болсада жеткізе 
алады.  Мысалы:  лирикалық  стильде  орындау,  әдетте  жоғарғы  тыныс  алу  түріне  жатады,  драмалық 
шығармаларда тыныс төмендей түседі. Ән салу кезінде барлық әншілер аралас тыныс түрін қолданады. 
Көптеген  мұғалімдердің  айтуынша,  тыныс  алу  түрі  емес,  тыныстың  шығуының  ұйымдасқаны 
маңыздырақ дейді. 
Әншіден  жақсы  вокалдық  үн  мен  әдемі  сөз  бірдей  талап  етіледі.  Сөз  анық  болуы  үшін  дауыссыз 
дыбыстарды  дәл  және  тез  айтқан  жөн.  Дауысты  дыбыстар  ән  айтқанда  бірдей  деңгейде  вокалды  түрде 
естілуі қажет. Дауыс тәрбиелеудің фонетикалық әдісі – ең кең тараған әдістердің бірі. Дауыстың қажетті 
қасиеттерін  келтіруде  дыбыстарды  саналы  түрде  қолдану  үшін  педагогке  дыбыс  тілінің  өзгешеліктерін 
білу қажет. Ән айтудағы жұмсақ таңдай барлық жағдайда көтеріңкі болуы тиіс, бірақ оны көтеру шамалы 
оқушының  өзіндік  қасиетімен  айқындалуы  керек.  Жұтқыншақ  сезіну  жағынан  үнемі  еркін  болуы  тиіс. 
Ауыз бен ерін дауыссыз дыбыстарды анық айтуда еркін және белсенді болуы қажет. 
Көркем шығармаларды айтуға көшу кезінде қазақ халық әндері халық композиторларының өте қажет 
материал болып табылады. Мәселен, «Алқоңыр», «Ақдариға», «Көгөкөк», «Ләйлім шырақ» халық әндері, 
Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» әндері.  
«Алқоңыр»,  «Ақбақай»,  «Гауһартас»  қазақтың  інжу  –  маржан  әндерінің  бірегейі  болып  саналатын, 
сұлулықты  суреттейтін  нәзік  әуенді  лирикалық  ән.  Орташа  екпінде  толқыта,  сабырлы  орындалады. 
Орындау барысында жоғарғы дыбыстарына тыныс еркін сезініп, таза әндетілуі тиіс. 
Халық әні – бұл ұлт психологиясын түсіну материалы. Етене жақын да түсінікті халық әндері студент-
тер мен оқушылардың музыкалық қабілетін дамытатын маңызды материал екендігін баса айту керек.  
Сол ретте халқымыздың дәстүрлі ән жанрында европалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары 
біршама.  Мысалы,  «Ардақ»,  «Хорлан»,  «Айнамкөз»,  «Гауһартас»,  «Айттым  сәлем  қаламқас», 
«Қаракесек», «Зәуреш», сияқты халық композиторларының әндерін романс жанрына жатқызуға болады.  
Біздің қазақ халық ән  – күй өнерінің дамуында орындаушылықтың ғажайып шыңына жеткен нағыз 
майталман өнер шеберлерінің ролі ерекше. Керемет дарын иелері Құрманғазы, Даулеткерей, Тәттімбет, 
Біржансал,  Сегізсері,  Жаяу  Мұса,  Ақан  серілерден  бастау  алған  ән-күй  өнерін  Иса,  Әмірелер 
жалғастырып қазақ деген әнші халықтың бар екенін дүниеге танытқан.  
Әншілік өнердің теориялық негізін меңгерген, нағыз кәсіби әншілердің алғашқы легі қазақ вокалдық 
өнерін дүниеге танытты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деп халық текке айтпаса керек.  
Бұл арада халық артісі, ардагер ұстаз, қазақтың вокалдық өнеріне айрықша еңбегі сіңген, талай – талай 
майталман әншілерді тірбиелеген, жарты ғасырдан астам қажымай шәкірт тәрбиелеп келген менің ұста-
зым  Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры Бекен  Жылысбаевтың, Е.Серкебаев, 
Р.Жаманова,  Б.Төлегенова,  С.Құрманғалиеваның  еңбегі  зор  екенін  ерекше  атап  өтуіміз  керек.  Осы 
профессионал  ұстаздардың  тәрбиесімен  ілімінен  өткен,  бүкіл  одақ  вокалистер  конкурсының  лауреаты 
Әлібек  Дінішев,  бүкілодақтық  вокалистер  және  Цвикау  мен  Рио-Де  Жанейрода  өткен  халқаралық 
конкурстарының  лауреаты  Ғ.  Есимов,  алғаш  рет  Италияда  болып  мамандығын  шандаған  ҚР  еңбек 
сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы қазақ өнерін дүние жүзіне танытса, КР халық артісі Н. Үсенбаева, С. 
Байсултанов, Ж. Баспақова, Б. Қожабаев, Б. Ысқақов, М. Шалабаев, Ұ. Кенжебеков тағы басқалар қазіргі 
опера  өнерін  өз  елімізде,  шет  елдерде  танытып  келген  біздің  өнер  саңлақтарымызды  тәрбиелеп  қазақ 
вокал өнерінің жетістікке жетуіне осы профессионал ұстаздардың үлесі зор дегенді айткым келеді. [2, 40] 
Баланы оқытып үйрету, жетістікті болуы үшін, ұстаз өз бойында бар білімін аянбай жұмсап түсіндіріп 
көрсетуі тиіс, ал оқушы оны дұрыс қабылдап орындауға міндетті. 
 
1
 
Досанова У.Ж. Вокалды оқыту әдістемесі. – А.: ТОО «Копир&Ка», 2011. – 74 б. 
2
 
Әбікейұлы Қ. Кәсіби әншілік өнері. – А.: 2004. – 43 б. 
 
Summary 
Your proposed article provides general information about the art of vocal and written about the basics of voice as well as 
features  of  the  future  teachers  of  music  vocal  abilities,  their  formation  and  development  of  the  proposed  methodology. 
Children enrolled in school partial, personal training to raise their cognitive (attention, thinking, perception, imagination) the 
formation of aesthetic education, including the leading role of the music is completely proved. 13-14 years old voice change 
(mutation) what is the period of Passage way, how to behave, cleanliness, hygiene, treatment is oral care procedures. Singing 
physiological  phenomenon,  because  it  is  the  body  of  the  singing  of  the  brain,  nervous  system,  audio  equipment,  larynx, 
mouth, palate, throat, breast, lung, such as organisms has been working closely with their relationship to each other. Correct 
breathing,  work,  resonator,  using  the  methods  of  language  training  results.  Positive  and  negative  votes,  color,  color, 
possession-pitched  voice  called.  The  level  of  execution,  including  Kazakh  folk  songs  and  folk  songs  lyrical  composer 
graceful,  in  terms  of  the  breadth  was  also  found  that  different.  The  art  of  opera  singing  professional  knowledge  of  the 
theoretical foundations of modern art in the country and abroad showed special emphasis on artists, their stage performance 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
280 
are recognized as an example of the creative community field. In the meantime, the Kazakh National Actor, veteran teacher 
Kazakh vocal art of exceptional work of the teachers who have honored many great singers professor said proudly 
 
УДК 378:37.034 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ӨЛКЕТАНУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚ 
БАҒДАРЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА 
 
А.М. Жұбандықова п.ғ.к., қауымд. проф.м.а., ҚазМемҚызПУ 
 
Қазақстан Республикасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен 
әдет-ғұрыпты  зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық 
және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және танымал ету, оның 
ішінде  Орталық  Азияның  қазақтары  мен  көшпелі  халықтар  қоғамының  өткен  өмірінің  бай  тарихын 
зерттеу және танымал ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылатыны көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген 
жобаны  іске  асыру  мақсатында  көптеген  мемлекеттерге  ғылыми-іздестіру  экспедициялары 
ұйымдастырылып,  олардың  міндеті  Қазақстан  үшін  тарихи-мәдени  құнды  жазбалар  мен  мұрағаттық 
ескерткіштердің маңыздылығы көрсетілген. 
Еліміздің  ертеңгі  болашағын  қамтамасыз  ету  үшін  жас  ұрпақтарды  мемлекеттік  «Мәдени  мұра» 
нысандарына,  жалпы  ұлттық  құндылықтарды  құрметтеп,  қастерлеуге,  өлкетану  іс-әрекетінде  бағдарлы 
білім беру өзекті мәселеге айналуда. 
Академик  Ә.Марғұлан  Қазақстан  жеріндегі  ежелгі  мәдениет  орындарын,  көне  сауда  жолдарын, 
археологиялық ескерткіштерді тауып, жан-жақты зерттей келе ғылыми әлемге танытты. Оның пікірінше, 
«Қазақстан өлкесі кейбір үстірт қарайтын адамдардың айтқанындай, тарихи мәдениеттің сілемі жоқ, тек 
қана  жосын  жүрген  аңның  мекені  емес,  не  болмаса  ешбір  ел  қоныс  етпеген,  тек  қана  шөл  дала  емес. 
Күрделі  цивилизация,  алтын,  күмістен  жасалған  әдемі  бұйымдар,  әдемі  көзелер,  тас  мүсіндер,  тас 
жазулар, тас тұнжырлар, таулы жер мен өзен бойын сұлулыққа бөлейтін сәулетті күмбездер, тас сарайлар, 
шуы  көп  қалалар  мұнда  да  болған.  Бірақ,  өзгергіш  дүние  бұларды  бірде  көркейтіп,  бірде  жер  бетінен 
сыпырып отырған», – деген пікірінің құндылығы келешек ұрпаққа өз халқының өткен тарихын ардақтап, 
болашағына үлгі боларлық із қалдыру идеясы екендігін зерттеуімізде балалардың туған өлкесіне құнды-
лық  бағдарын  қалыптастыруда  басшылыққа  алатын  негізгі  тұжырым  деп  санаймыз.  Қ.Сәтпаев:  «Туған 
жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған 
жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» – деп 
түйіндейді. Бұл балалардың өлкетану іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыруда туған елін, жерін 
сүйе білуге, Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуге басты назар аудару қажеттігін айқындайды. 
Зерттеу тақырыбына қатысты «құндылық» ұғымының ғылымға негізделген бірнеше анықтамаларына 
философиялық  сөздікте  талдау  жасалған.  Адам  құндылығының  өзегін  құрайтын  және  оны  зерттейтін 
саланы  аксиология  деп  атайды.  Аксиология  («axіa»  –  грек  тілінде  «құндылық»,  логос  –  ілім,  ғылым) 
ғылымының  ең  басты  ерекшелігі,  оның  философиялық  сипаты  басым  келеді,  өйткені  философия 
ақиқатты іздейді. 
Мәдени философиялық энциклопедиялық сөздікте: құндылық – дегеніміз танымның, белгілі бір объек-
тінің адам үшін, қоғам үшін қажетті деп танылуы. Қатынас – философиялық және социологиялық ұғым. 
Қатынас  объектінің  адам  үшін  қаншалықты  маңыздылығын  айқындайды.  Қатынасқа  ешқандай  күмән 
келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады. Қатынас қоғамдық саяси, 
рухани  жағымды  түрде  көрініс  табуы  мүмкін.  Қазіргі  кезеңде  ұлттық,  таптық,  топтық  қатынастарға 
қарағанда, жалпы адамзаттық қатынастар басым бағыттары өмір сүру құқы, еңбек ету, білім алу, теңдік, 
еркіндік, меншік, балаларға деген махаббат,  үлкендерді сыйлау, жақыныңа жаның ашу, Отансүйгіштік, 
кәсіпкерлік,  адалдық  т.б.  маңызға  ие  болады,  –  деп  көрсетілген.  Бұдан  құндылықты  адамның  өмірге 
қатынасымен  байланыстыра  қарастыру  керектігін  көруге  болады.  Зерттеу  жұмысымызда  балалардың 
өлкетану іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыруды жалпы адамзаттық қатынастардың бағытта-
ры тұрғысынан қарастырдық. 
Ежелгі  дүние  философтарының  ішінде  Сократ  этика  негізін  қалаушы  ретінде  бірінші  болып  игілік, 
ізгілік  пен  әдеміліктің  –  осы  түсініктермен  белгіленетін  қылықтар  немесе  заттарға  байланысты  емес  – 
олардың өз бетінше не екендігі туралы сұраққа жауап табуға тырысты. Оның пікірі бойынша, осы негізгі 
өмірлік  құндылықтарды  анықтау  барысында  қол  жеткізілетін  білім  –  адамгершілік  мінез-құлықтың 
негізінде жатыр. Сократтың көзқарасы бойынша, игілік («агатом») адамның қойған мақсатына байланыс-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
281 
ты анықталады. Г.П. Выжлецов атап өткендей, «игілік пен әдемілік үшін жалпы, мақсатқа сәйкес қағида-
ны  Сократтың  енгізуі  оларды  бағалау  түсінігінен  («жақсы»,  «әсем»)  тамаша  құндылықтар  сатысына 
көтереді». Философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «құндылық», «адамгер-
шілік  құндылық»,  «жалпыадамзаттық  құндылық»  ұғымдарының  мәні  жайлы  оларға  әртүрлі  анықтама 
берілген.  Бірақ,  құндылық  ұғымының  мәні-мазмұны  әртүрлі  болуынан  ой,  пікірлер  де  әртүрлі  болған. 
Бұған  дәлел  құндылықтар  теориясы,  басқаша  айтқанда  аксиология  жауап  беруге  ұмтылыс  жасайды. 
Аксиология  ғылымы  құндылықтардың  табиғатынан,  орны  мен  мәнін,  олардың  байланыстары  жайлы 
мәселелерге  жауап  береді.  Аксиология  философиялық  зерттеу  мен  және  оны  талдау  бойынша  болмыс 
ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны 
ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты – құндылық табиғатын айқындап, оның басты 
белгілерініе  түсінік  қалыптастыру.  Құндылықтың  өзара  байланысын,  қатынасын  анықтау.  Жеке  тұлға 
дамуының заңдылықтары ретінде: ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілді-
руге деген байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланысты-
лығы; көптеген факторлардың әсері басшылыққа алынады.  
Қорыта  келе,  ғылымдағы  құндылықтар  теориясына  тоқталар  болсақ:  аксиология  –  құндылықтар 
табиғаты  туралы,  оның  шынайы  өмірдегі  орны  және  құндылықтар  әлемінің  құрылымы  туралы,  яғни, 
тұлға  құрылымы  мен  әлеуметтік  және  мәдени  факторлармен  түрлі  құндылықтардың  өзара  байланысы 
туралы философиялық ілім. 
Аристотель  «Үлкен  этика»  атты  еңбегінде  игіліктің  кейбір  түрлерін  қарастыра  отырып,  алғаш  рет 
«құндылау»  («тимиа»)  терминін  енгізді.  Ол  құндылықтарға  («құдайдың  бергені»,  мысалы  жан-дүние, 
ақыл-ой)  және  мақтауға,  дәріптеуге  тұрарлық  (бағаланғандар,  мақтауға  тұрарлықтар)  игіліктерді, 
сонымен бірге жақсылық үшін де, жамандық, жауыздық үшін де қолданылатын игіліктерді (билік, бай-
лық, күш, әдемілік) атап көрсетеді. Автор «игілік мақсат та болуы мүмкін, мақсат та болмауы мүмкін» - 
деген  қорытынды  жасаған.  Аристотельдің  пікірі  бойынша,  игілік  жан-дүниеде  (ізгілік  сияқты),  денеде 
(денсаулық, әдемілік) немесе осылардан тыс (байлық, билік, құрмет) болуы мүмкін. Ізгілік Аристотельдің 
көзқарасы бойынша, ізгілік ойлағыштыққа (даналық, тапқырлық, парасаттылық сияқты) және адамгерші-
лікке  (жомарттық,  саналылық  сияқты)  бөлінеді  жан-дүниенің  парасаттылығы  мен  құштарлығын  бір-
біріне қарама-қарсы қойғанда алғашқылары оқыту негізінде, ал екіншілері тиісті қылықтарды тәрбиелеу 
арқылы қалыптасуы мүмкін. Ал, Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, 
рухани құндылықты бейнелеуде қолданады.  
Диоген Лаэртский стоиктер бағытын жақтаушылар Гекатон, Аполлодор мен Хрисипптің көзқараста-
рын  баяндай  келе,  тіршіліктегінің  барлығы  игілік  немесе  жауыздық,  немесе  «парықсыз»  болуы  мүмкін 
деп  көрсетеді.  Мысалы,  игілікке  әділеттілік,  ерлік,  дұрыс  ойлар  сияқтылар,  ал  жауыздыққа  –  оларға 
қарама-қарсы  тұрғандар  жатады.  Бұл  жерде  игілік  пен  жауыздықтың  негізгі  белгілеріне  пайда  немесе 
зиян  келтіру  қабілеттерін  жатқызады,  ал  «парықсыздарға»,  мысалы,  игілік  үшін  де,  жауыздық  үшін  де 
қолдануға  болатын  денсаулықты,  әдемілікті,  күш-жігер  мен  байлықты  жатқызады.  «Парықсыздар»  да 
адам үшін артық, тәуір көрінеді, ұнайды (мысалы, денсаулық) немесе аурудан арылуы  үшін. Бөлінудің 
мұндай белгілерін атап көрсету мақсатында стоиктер алғаш рет «құндылық» түсінігін («аксиа» - абырой») 
деген  мағынада  қолданады.  Стоиктердің  түсінігі  бойынша,  адам  үшін  артық,  тәуір  көрінетіні  –  бұл 
құндылығы  бар,  ал  бойын  аулақ  салып,  қашатыны  –  құндылығы  жоқ,  құнсыздық  болып  табылады. 
Диоген  Лаэртский  олармен  берілген  құндылық  түсінігінің  ең  алғашқы  көп  мағыналы  анықтамасын 
келтірді: «... құндылық, олардың пікірі бойынша, ең бірінші, кез келген игілікке тән өзара жәрдемдесіп, 
өмірге бейімделіп, екіншіден, табиғатпен сәйкестендіріліп, өмірмен бірге әрекет ететін кейбір делдалдық 
немесе пайда, – табиғатпен сәйкестендіріліп, өмірмен бірге әрекет ететін пайданы байлық та, денсаулық 
та әкеледі, үшіншіден, тәжірибеде сатушы тағайындайтын тауардың айырбас бағасы, – мысалы, осынша 
бидайға осынша арпа, қосымша қашыр қосып береді деп айтады». Сонымен, стоиктердің түсінігі бойын-
ша, құндылық табиғатпен үйлестірілген тіршілік етуге бейімделуімен сипатталған, игілікке қол жеткізу-
дің құралы болып табылады.  
Т.Гоббс  алғаш  құндылықтардың  субъективтілігі,  салыстырмалығы  туралы  мәселе  көтерді,  өйткені: 
«бір адам даналық деп атайтынды екіншісі қорқыныш, басқасы – жауыздық, ал тағы біреуі – әділеттілік... 
және  т.с.с.  деп  атайды».  «Жақсылық»  пен  «жамандық»,  оның  сөзі  бойынша,  ниет  немесе  жиренудің 
нысанасы болғанда ғана солай аталады. Дегенмен де, бұл ниетті не анықтайтынына түсінік бере алмады. 
Т.Гоббс  құндылық  түсінігі  анықтамасының  негізі  ретінде  әлеуметтік-экономикалық  жолды  қолдануға 
әрекет жасайды: «...басқа заттар сияқты адам құндылығы оның құны болып табылады, яғни оның күш-
жігерін қолдану үшін қанша беру керек болса, сонша тұрады, сондықтан да абсолюттік емес, оған деген 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
282 
мұқтаждыққа  және  басқаның  бағалауына  тәуелді  зат  болып  табылады».  Автордың  пікірін 
тұжырымдайтын болсақ, оның ұғымы бойынша, құндылықты пайымдау адамның қызығушылығына және 
бейімділігіне байланысты, сондықтан да ғылыми мағынада ақиқат бола алмайды.  
Я.А.  Коменский  алғаш  рет  жергілікті  материалдарды  педагогикада  қолдану  туралы  балалардың 
табиғатты бақылау негізінде аспаннан, жерден, қоршаған табиғаттан тереңірек білім алатынын атап көр-
сетті. Жергілікті материалдарды пайдалану туралы Ж.Ж.Руссо, Н.Г.Песталоццидің, пікірлері неміс, швей-
цар мектептерінде пайда бола бастады. В.А.Сухомлинский «қоршаған болмысты тану үрдісі балалардың 
шығармашылық ойларының дамуына ықпал етеді, олардың қабылдауын, қиялын ұштайды»,- деді.  
Өлкетану  -  балалардың  жинақтаған  білім  және  дағдыларын  пайдалануының  кең  және  қол  жетімді 
саласы. Ол әсіресе қоғамдық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Өлкетануда көп жұмыс ұжыммен 
орындалады, жұмыстың нақты нәтижелері мен істің пайдалылығымен бекітілетін ортақ мүдделер мен жа-
уаптылық туындайды. Өлкетану зерттеушілік сипаттағы жұмыстарға қолайлы жағдай туындатады, ол ба-
лалардың күш-жігерін мақсатты пайдалануына және шығармашылық ынтасының дамытуға ықпал етеді.  
Балаларға  өз  өлкесі  туралы  білім  берудің  қажеттілігін  С.Жортанов,  Ә.Бірмағамбетов, 
Қ.Аймағамбетова, К.Жүнісова, т.б.ғалымдардың еңбектерінде ерекше атап көрсетілген.  
С.Жортанов:  «Қазіргі  кезде  өлкетану  балалар  үшін  шығармашылық  еңбектің  көзіне  айналды. 
Педагогика  мен  әдістемелік  тұрғыдан  дұрыс  ұйымдастырылған  өлкетану  жұмыстары  жастарға  білім, 
тәрбие  беруде  жетекші  рөл  атқарады.  Өлкетанудың  арқасында  балалар  өздерінің  жергілікті  жерінің 
табиғат ерекшелігін, табиғатта болып тұратын өзгерістерді, халқының іс-әрекеті мен шаруашылығының 
жеке  салаларын  және  олардың  даму  ерекшелігін  оқып  үйренеді.  Мұның  барлығы  бағдарлама 
материалдарын жақсы игеруге, балалардың ой-өрісінің кеңеюіне көмектеседі» - деп пайымдайды. Бұдан 
шығатын  қорытынды  балаларға  бағдарламалық  материалдарды  меңгертуде  туған  жердің  табиғатының 
ерекшеліктерін салыстыра отырып, өзіндік қорытынды жасауға мүмкіндік туғызу қажет, - деп санаймыз.  
Ә.Б.  Бірмағамбетов  туған  өлкені  зерттеушілердің  бірі  Ш.Уәлихановтың  арнайы  экспедицияның 
құрамында болып, Қазақстанның картаға түспеген жерлерін түсірумен қатар, ол алқаптардың өсімдіктері, 
құстар мен жануарлар, жәндіктер туралы егжей-тегжейлі материалдар жинап, өлкені зерттеу жұмыстары-
на  кіріскенін  атап  көрсетеді.  Автордың  ойын  тұжырымдайтын  болсақ,  Шоқан  Уәлихановтың  ХIХ 
ғасырдың  басынан  біздің  өлкеміздегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  жүргізілуіне  қатысып,  соның 
нәтижесінде  Қазақстанның  табиғат  жағдайлары  туралы  ғылыми  ой  пікірдің  қалыптасуына  үлесін 
қосқанын көруге болады.  
Қ.А. Аймағамбетова табиғат туралы білім негізінде кіші жастағы балалардың дүниетанымын қалып-
тастыру және қоршаған ортаны таныту мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеді. Бүгінгі мектепке 
дейінгі ұйым алдындағы  басты міндет  -  оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық  игіліктер мен адамзаттың  мәдени 
мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, балалардың дүниетанымын қалыптастыруға жағдай туғызу 
болып  отыр.  Ал  белгілі  нысандар  туралы  балалардың  білімін  көтеріп  тәжірибесін  кеңейту  «Таным» 
саласы  бойынша  ұйымдастырылатын  өлкетану  жұмыстары  арқылы  жүзеге  асады.  Балаларға  берілетін 
ұғым оларды қоршаған дүние нысандарымен таныстыру, көріп сезіну, бақылау, тәжірибе жасау барысын-
да олардың құндылық мәніне көз жеткізуге мүмкіндік тудырады. Белгілі әдіскер Қ.А.Аймағамбетова: «... 
балалардың  жас  ерекшеліктеріне  лайықтай  отырып  берілетін  білім  нақты  обьектілерге  дүниеде  бар 
заттармен құбылыстарға негізделіп, олардың ішкі-сыртқы байланыстарын ашатындай теориялық ұғымдар 
жүйесін  меңгеруді  көздейді».  Бұдан  шығатын  қорытынды  әр  баланың  өз  өлкесін  танып  білуі,  олардың 
дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз, – деген тұжырым жасаймыз.  
Қ.Құрманов өлкетану жұмысы жеке пәндер бойынша, сол пәннің материалдарының мазмұнына сәйкес 
орындалады. Кіші жастағы балалармен жүргізілетіны өлкетану жұмысы, әсіресе табиғатпен таныстыру-
мен байланысты шешіледі. Мұнда табиғатқа бақылау және танымжорық жасай отырып, балалар жергілік-
ті адамдардың жасампаз еңбегімен, табиғат құбылыстарымен, өсімдік пен жануарлардың негізгі жергілік-
ті өкілдерімен танысады. Өздерінің алған әсерлерін сабақ үстінде пайдалана білуге дағдыланады, – деген.  
Р.Сәтімбеков  балаларымен  өлкетану  мақсатында  ұйымдастырылатын  экологиялық  оқу 
соқпақтарының  маңызын  атап  көрсете  келе,  онда  ескеретін  жайттарды:  біріншіден,  соқпақ  өтетін 
жерлерге  анық  көрінетін  тата  іліп,  оған  қажетті  маршрутты  жазып,  сурет  салу;  екіншіден,  танымдық 
дәрежесі  бар,  табиғат  туралы  мәліметтер  іліну  қажет;  үшіншіден,  табиғатта  әрбір  адамның  өзін  ұстау 
ережелері жазылған нұсқаулар; төртіншіден, балалардың рухани сезіміне әсер ететін әр түрлі тақпақтар, 
даналық сөздер, мақал-мәтелдер т.б. жазылып қойылу қажет. 
Х.Муфталовтың пайымдауынша, өлкетану жұмысын жоспарлау мәселесіне баса назар аударып, оны 
топтарда өтетін сабақтармен байланыстыру қажет. Атап айтсақ:  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
283 
–  өлкетану  экскурсиялары  мен  туристік  жорықтардың  тақырыптары  және  өткізілетін  уақыты  нақты 
болуы қажет; 
– мұражайдың жұмыстары; 
Бұдан шығатын қорытынды сабақтарда өтетін тақырыптарға сәйкес өлкетану жұмыстарының түрлерін 
дұрыс саралай білу қажеттігін педагогтар жақсы білуі тиіс, – деп ойлаймыз. 
Ә.Жұмабаев  өлкетану  сабақтарында  туған  қаласының  тарихын  білу,  өз  қаласының  ардагерлерінің 
өмірімен танысу мектеп балаларын қызықтыратынын айта келе, тарихи құжаттардан, газет-жұрналдардан 
өздерінің  жерлестерінің  ерлікке  толы  өмірі  туралы  құнды  деректер  жинатынын  айтқан.  Осылайша, 
қаланың  өткен  өмірімен  таныса  отырып,  бүгінгісіне  мәдени,  өнеркәсіп  орындарына  экскурсия  жасау 
арқылы  сүйсінеді,  келешегіне  көз  жібереді  деп  тұжырым  жасаған.  Бүгінгі  күннің  тұрғысынан  келетін 
болсақ,  өлкетану  мәселесіне  туған  жердің  тауы  да  тасы  да,  орман  көлі,  оны  мекен  ететін  халқының 
тіршілігі де кіреді. Ал оны зерттеп білу, бүгінгі ұрпақтың үлесінде.  
Өлкетанудың білім берудің сапасын көтеруде ықпалы зор. Өлкетану жұмыстары балалардың сабақтан 
немесе  оқу  құралынан  дайын  білімді  алу  ғана  емес,  сонымен  қоса  педагог  басшылығымен  балалардың 
өздік  жұмыстарын,  ізденіс-зерттеу  әдістерін  қамтиды.  Сондықтан  өлкетану  жұмысының  ерекшелігі  – 
оның педагогтар мен балаларды зерттеуге бейім дейтіні. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, 
тегін,  тілін  білетін,  дүниеге  дұрыс  қөзқарасы  қалыптасқан  шығармашыл  тұлға  етіп  тәрбиелеудің  және 
өлкетану  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапасын  арттыруда  өлкетану  маңызды,  күшті  құрал  болып  отыр. 
Өлкетану  материалдарын  пайдалану  арқылы  қоршаған  орта  шындығының  құбылыстарын,  ғылыми 
ұғымдарды ашып, нақтылаймыз, түсінеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет