СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Ушинский К. Д. Руководство по методике начального обучения. // собр. соч., т. 7
– АПН РСФСР. – М.-Л., 1949 – С. 13.
2. ЦГА. Приказы министерства высшего и среднего специального образования
КазССР. // – А., 1962. ф. 6, оп. 1, св. 1, д. 105.
3. Земцовский П. И. Народное творчество и современность. // – М., 1987. – С.21.
ТҮЙІНДЕМЕ
Николаева Л. А., п.ғ.к, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда хореографиялық білім Казақстанда белсенді түрде дамып келеді.
Осыған байланысты, көп жылдар бойы хореографияда жинақталған тәжірибені қалай
дұрыс және тиімді қолдану керек деген мәселе туындайды. Жас педагог-хореографтар
осы тәжірибелерді өз жұмыстарында дұрыс қолдана алмайды.
Түйін сөздер: хореографиялық білім, балет өнері, хореографиялық шеберлікке
оқыту, педагогикалық тәжірибе.
SUMMARY
Nikolaeva L.A., candidate of pedagogical sciences, senior lecturer
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
INHERITANCE PROBLEMS TEACHING EXPERIENCE IN HIGHER
EDUCATION OF KAZAKHSTAN BALLET
At present choreographic education in Kazakhstan is being developed intensely. Thus
there is a problem of how to use such a pedagogical experience which has been storage* in
choreography for last years more correctly and efficiently. Young pedagogues-choreographers
often do not know how to use abovementioned experience in their work.
Keywords: history of education, choreographic education, ballet art, ballet school,
choreographic training.
ӘОЖ 78
ДӘСТҮРЛІ ӘН ТҮРЛЕРІ
Г.Қ. Сапарбаева, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Халқымыздың дәстүрлі ән-жыры ауызша таралып келгені баршамызға
мәлім. Ән өнерінің сан салалы мектептері ұлттық музыка өнеріміздің қасиетін арттыра
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
93
түседі. Ендігі мақсат – дәстүрлі әннің тұла бойындағы нәрін аздырмай ұлттық болуын,
стильдік тазалығын сақтай отырып, заман үніне сабақтастыра білу қажет. Бүгінгі ұрпақ
өткен мен келешектің жанды көпірі.
Түйін сөздер: Халық әндері, толғау, ән сөзінің дұрыс айтылуы, терме-өсиет,
дәстүрлі ән-жыр айтқанда орындаушы орындап жатқанда әннің арасындағы сөздерге
және қайырымдарына мән беру, жеткізу.
Дәстүрлі ән-терме, толғау, арнау жырларымыз ерте кезден бірден-бірге халық
жадында сақталып, ауызба-ауыз берілген.
Дарыны жоғары болса, ондай жағдайда ән-терме шығарған шығармалары
тыңдаушыларын қызықтырып, тез тарап кететін. Ал жақсы әнді, шығарманы қабылдаған
әнші тиісті дәрежеде (нашар) орындай алмаса, ондай туындылар өзі таралады. Сонымен
өміршеңдігі уақыт озған сайын әдеміленіп, жаңа буындарға жетуі орындаушы құдіретіне
байланысты.
Қалай болған күндерде өткен ғасырдағы әншілер мен сал-серілердің жырларымен
орындаушылық дәстүрлері мен шеберліктері, төл туындылары көркемдік эстетикалық
жағынан терең мазмұндылығымен айрықшаланған. Олар қашанда халық құрметіне
бөленген, қадірменді жандар екендігін түрлі саяхатшылар мен журналистердің назарына
ілінген, яғни тарихымызда қалған.
Қазақ өнеріне қосқан дәстүрлі әндер, термелер жыр деп батырлар ерлігін
баяндайтын ауыз әдебиеті шығармаларын атайды. Батырлар жырының негізгі мазмұны
ел мен жерді қорғаудағы батырлар мен жауынгерлердің ерен ерлігін насихаттау.
Көнеден қалған бүкіл қазына байлықтың қасиеттісі де, қымбатты да адамның
өмірлік ғибратына жарар насихат, өсиет, нақыл сөздер. Ақыл дария-теңіз хикаяттарды
сара пайымдалуынан өткізе отырып, тоқсан ауыз сөздің түйіні деген керемет
тұжырымдарға, насихат өлеңдерге әкеп тіреп отырған. Олардың негізгі арналары ең
алдымен елдік пен ерлікке, сүттей ұйыған ынтымаққа, адамгершілік пен парасатқа,
кісілік пен қайырымдылыққа, адамға қажетті ғажайып қасиеттері тұс-тұстан келіп,
толассыз құйылып жатады. Қазіргі ойы жүйрік, тілі көркем, ақпа ақындарымыздың
ішінде де насихат сөз қалдырғандары жетерлік. Қызыл тілді кеңінен пайдаланып,
маржан сазды өлеңдер, дастандар жазған ақындардың шығармаларын молынан жаттап,
елге жеткізушілер – жыршылар, термешілер, әншілер.
Әрбір ән мен терме өзіне тән тарихтың кезеңін ашып көрсетеді, тайға таңба
басқандай бейнелеп береді. Сондықтан да ән-күйді қазақ халқының басынан өткен
кезеңдерді суреттейтін тарих десек болады.
Қазақи көне үрдіспен орындауда әнді аса әшекейлемей, дыбыс иірімдерімен
көркемдемей, қарапайым орындау қалыптасқандығы белгілі. Ал өнердің жарқын
тұлғаларының туындыларын орындау еңбекті, ізденісті, күрделі техникалық шеберлікті
қажет етеді. Дәстүрлі ән-терме орындалу тазалығын сақтау, кәсіби әндердегі өңірлік
орындаушылық стильді сақтау домбыра сүйемеліндегі қағыстармен қабілетті көрсете
білу әнші үшін қиын да жауапты іс. Бұлардың бәрін шебер орындаушы асқан
көркемдікпен көрсетеді. Таңды күнге ұластырып, ұзақ жырлайтын кез келген айтқыш
жыршы «әу» деп топқа түскенде тамағы қызып, шекесі тершігенше бірден ашыла
қоймайды.
Ұзақ айтатындар бірте-бірте, бара-бара қалыпқа түсіп, содан соң салалы жолға
төселе бермек. Оның жадында жыр-термелер де бірден ойына оралмай, ұмытыла
беретіні сол. Мұндай жағдайда ол бір шығарманың басын, келесісінің ортасын, енді
бірінің аяғынан шалып, аттап-аттап өте бермек. Сөз жоқ бұл жағдай жыршының дегбірін
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
94
қашырып, көңіл-күйін бұзып, берісі сөзден шатасуына, әр ісі жолдан шығып, дауысын
қарлықтырып алуына да әкеліп соғатын кездер болады.
Кей кездерде орындаушы айтып отырған негізгі әуеннен шыға тартып, сонда да
болса жағымды құбылтып, қыза келе мақамдағы бұрынғы өрнектерді қайталамай,
тыңнан тербеп, тосында әдемі иірімдер жасап отырады. Оның жырлау машығына тән
шеберліктің бір үлгісі екі мақамның ара жігінде тұрып құбылтуы. Әрине, жыршы
жырлап отырған сәтте, ерекше шабыт үстінде мақам-саздарда болатын осы өзгерістерді
ертеңіне сұрасаң не болмаса сол қалпында айтып беруін өтінсең, ешқандай жыршының
дәл сол қалпында қайталай алмасы анық. Бұл бүгінгі фольклортану ғылымындағы
жыршы бір жаттаған мәтінін немесе үйренген әуен-сазын сол қалпында қайталап айтып
беруші деген шалағай байламға түбірімен қарсы. Бірақ ол әлгі өрнекті енді екінші
қайтара айтпайды деген сөз емес. Әрине, ол үшін арада бір уақыттың өтуі керек,
жыршыда дәл сол күн, сол сәттегідей көңіл күйдің қайталануы шарт. Әлгі өрнек
жыршының санасында жатып әбден пісіп, жетіліп, құбылып, әшекейленіп, қырланып,
барынша көмек тарта бермек. Орындаушы өзін биік санап, тыңдаушылардың шала
сауаттылығын беттеріне шыжғырып басып отыратын жыр кештері де аз болмаған.
Ондай кезде тыңдаушылардың меселі түсіп, дегбірі қашып, шақырылған қонақ,
жайылған қонақасы, жайылған дастарқан, үй егесінің құрметі үшін ғана амалсыз
отыратын кездер көп кездеседі. Мұндай әбестіктер бұрындары да жол алған, әсіресе
соңғы заманауи жыршылар арасында жиі көруге болатын оғаш әдет. Орындаушының
бағы тыңдаушысымен ғана жанбақ. Бұл жыршы мен тыңдаушының арасындағы
жазылмаған заң. Олай болса, сауатты, сыпайы орындаушылар тыңдаушысының
жонынан сипап, самал желдей әңгімесімен желпіп, бірде солардың ығына жығылып,
бірде оларды өзінің ырқы мен еркіне көндіріп, жыр айтылған ұзақ таңда итжығыспен
отыратын болған.
Бүгінгі ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда ұлттық музыкалық
мәдениетіміздің алатын орны ерекше. Бұл ретпен санау Қорқыт заманынан бастау
алатын жыраулық мәдениетімізді де осылай ауызға алған болар едік.
Жырау қоғам сыншысы әрі ақылшысы, ел естелігін сақтап, келер ұрпаққа
көркемдік келбетінде жеткізуші тұлға. Осы дәстүр Сыр бойында айрықша сақталған.
Оған «Дад дастаны» секілді көлемді жырларды мысал ретінде келтіруге ықпал әбден
болады. Жыраулық өнердің қыр-сырын анықтайтын осындай мақамдар ұлттық
музыкалық мәдениетіміздің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды.
Дәстүрлі әндердің бір бөлігіне тоқталсақ – терме. Терме сазымен әннің алмасуы
ежелден келе жатқан жыр орындаушылардың дәстүрлі салты. Терменің ырғағы
домбыраға да, сырнайға да, қобызға да үйлесіп келеді.
Терме дегеніміз – халық жүрегінің нәзік пернелерін шертіп айту, жию деген сөз.
Сондықтан терме әнінде қысқа қайырымды жиынды ән. Термені жыршылар да кіріспе
есебінде, өзін жыр айтуға дайындауда екпіндете, көтеріңкі орындаған.
Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышта» терме деп ат қойылуының мәнісі бұл
түрлі шығармалар бір нәрсенің жайында сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп, сөз қылып
өтеді. Терме айтушылар түрлі нәрсені сөз қылып, бірақ ешқайсысына кідірместен, ілгері
қарай сырғи береді: Мысалы,
Байлыққа бақыт келмейді,
Алтынды белмен үйгенмен.
Кейбір жанның көңілі тар,
Бар болып дәурен сүргенмен.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
95
Терме ХІХ ғасырда Батыс Қазақстан мен Сыр бойында кеңінен дамыды. Терменің
пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Термеде сөз бен әуен сабақтасып
келгендіктен ол синкретті өнерге жатады. Сөздің мағынасы, әсерлі ырғағы ширақ келуі
қандай маңызды болса, әуеннің аспаптық (домбыра) сүйемелінің де сондай мәні бар.
Термеде ән жанрына тән қайырма болмайды. Орындаушы термені «е-е-е» немесе «ш-ш-
ш» деген дыбыстарды қайталап отырып қайырымын қайтарады.
Терменің әр дыбысы өлең буынына түсіп отырады. Жоғарғы дауыспен басталатын
кіріспемен де, кіріспесіз де айтылады. Терме – толғау, желдірме, сарын т.б. түрлерге
бөлінеді. Терме көбіне орындалар кезде жүрдек ырғақты әуенге құрылып, соңы қысқа
тұжырыммен бәсеңделіп аяқталады. Терменің өлеңдік құрылысына келсек, ол жеті, сегіз
буынды тұрады да, айтайын деген ойдың логикалық тынысын тарылтпайды, шумақтық
түзілісіне шек қоймайды. Әдетте, әуенді әндер сияқты әрбір терменің меншікті, тек сол
сазға ғана өлеңі болмайды. Бір терме сазымен сан түрлі оқиғалар баяндала бермейді.
Терме сазы көбіне тұрақты келеді. Оны орындаушы шебер даяр тұрған тексті
келесі жыр жолдарын айтумен қатар, кейде термеші өлеңді табанда шығарып та айта
береді. Сондықтан ұйқаста заңдылық сақтала бермейді. Ол айтатын ой ағымына
бағынып, төгіп-төгіп барып бірақ тынады. Ұйқас еркін әрі түрлі болады. Терменің
өзіндік стилі, мақамы, формасы болады. Терме сөзі көркемді келісті болса, ал айшықты
музыка сазы – оның мазмұнын байытып, көркемдігін арттырып, құлпырта түсетін негізгі
компонент.
Бұлар терменің бір тұратын, тұтастық формасын нығайтушы компоненттер.
Сондықтан да терменің сөздік мәні мен оның музыкалық әуенін бөліп қарауға болмайды.
Термеші өзі үшін емес, өзге үшін, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып,
зердесінде сөз қалдыру үшін айтады. Ол микрофонға аузын тақап өнер көрсететін
әншіден өзгеше, табиғи даусымен ерекшеленеді. Термешінің нотаға жазылған әнді
орындайтын әншіден айырмашылығы – оның әуезді әуенді табан астында құбылтып,
өзінше өрнектеп кететін қасиетінде. Сонда ғана ол тыңдаушысын еліртіп, өзіне баурап
алады.
Бір сарынды сонаның ызыңындай әнмен, әуезбен айтатын термешіні тыңдаған
жұрт қалғып та кетуі мүмкін. Терменің көбінде айтатыны нақыл, өсиет өлеңдер.
Сондықтан әр сөздің мәні тыңдаушысына әбден жеткені абзал.
Терме көбіне жеті-сегіз буынды өлшемнен тұрса, желдірме речитативтік
орындаудың күрделіленген он бір буынды өлшемінен тұрады. Желдірме де термедегі
секілді қысқаша кіріспе болады. Желдірменің методикалық мазмұны негізінен бір немесе
бірнеше әуеннен тұрады да, шапшаңдықпен қайталанып отырады. Соңы баяу қалыпта
аяқталады. Желдірме жолдарының ұйқасы терменікі сияқты еркін келеді. Бірақ, кейде
желдірмеде қазақтың әуезді толқымалы әндерінің дәстүрлі (он бір буынды қара өлең)
ұйқасы пайдаланылады.
Қазақтың эпикалық дәстүрі шеңберінде үлгілері көп емес. Желдірменің негізі
ерекшелігі ішкі қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сезімін түйдектете жөнелетін шұбыртпалы
ұйқасқа негіздеп, жылдам, жүрдек мақаммен жеткізуінде. Оның он бір буынды өлшемге
құрылуы шарт емес, кейде 7-8 буынды жыр өлшеміне де негізделуі мүмкін. Басты шарты
желдіртіп ұшқындатып айту. Ол импровизациясының жойқын бір көрінісі. Поэзиялық
арқауы, ішкі мазмұны жағынан желдірменің термеден айырмасы шамалы. Термеде бір
құбылыстың болмыс-бітімі жан-жақты, тәптіштеп жеткізілсе, желдірмеде шаттану,
марапаттау үстем. Осы сипаты оны көркем кестелерге толы қара өлеңге ұқсатса, екінші
жағынан ақыл, кеңес, ғибрат, дидактикаға негізделген термеден де даралайды. Термеге
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
96
тән қайырымдар орнына «ш-ш-ш, ля-ля-ляй, а-ри-ри-тай» деп келетін қысқа, бірақ
барынша жылдам орындалатын аяқтамалар жиі кездеседі. Мақамдық деңгейдегі терең
толғаныс, әуен-саздық қорытынды мұнда жоқ. Оған қатысты пікірлер И. Байзақовтың
бес желдірмесіне негізделіп жүргені мәлім. Ал желдірмені жеке жанр ретінде тану үшін
оның халық поэзиясы мен музыкасынан елеулі орын алуы шарт. Төменде келтірілген
мысалға көңіл аударыңыз.
Ал қалқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын!
Жөнелдім желдей есіп желмаядай,
Қырандай аспандағы самғайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей,
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.
Дабылым дауылпаздай шарықтаған,
Екпінім самолеттей заулайтұғын.
Өнерлі жастарымыз үйреніп ап,
Ән еді желдірме атты самғайтұғын!
Музыкалық жағынан алғанда өте көркем, қызықты да асқақтата орындауды керек
етеді. Мұндағы вокальдық аспаптық кіріспе көтеріңкі үнмен басталады. Ол әншіден аса
биік шалқуды, шабытпен көтеріңкі, құлпырта орындаушылық қабілетті қажет етеді.
Музыкалық иірімдері жағынан алғанда бұл асқақта алымды, қызықты да келіс кіріспесі
бар халық желдірмелерінің ғажайып бір түрі. Көңіл аударатын бір жай соңғы бөлініп
«таймайтұғын-ай» деген дорилік секстамен аяқтайтын, «и-чи-чи-чак, и-чи-чи-чак»
буындарының алдындағы интонациялық көтеріңкілік және қайырма буындарында
қайталанып айтылады.
Желдірме шығарманың авторы Иса Байзақовтың өзіндік орындаушылық мәнеріне
қатысты мәселе. Басқа да халық ақындары, әншілері секілді Исаның өзі сүйіп салатын,
өзінің арқасын қоздырып демейтін ерекше музыкалық сазы болған. Желдірмеге кіріспе
Исаны желіктіріп отыратын музыкалық сүйемел екені сөзсіз. Тек өзіне ғана аян, жалыны
лапыл қаққан, даусына лайық асқақ шырқауынан соң Иса желдірменің речитативті
мазмұнын жүгірте жырлай жөнелетін. Бір анығы, желдірме – музыкалық эпикалық
дәстүр шеңберінде туған жанрлардың бірі. Оның негізгі ерекшелігі –синкреттік
сипатында. Сол себепті жыр, толғау, терме, желдірме өзара тектес, суырып салып айтуға
негізделген өнер салалары. Олармен ерекшеліктері болса да жырды термеден, термені
желдірмеден даралауға болмайды. Мақамдық-музыкалық, құрылымы жағына келгенде
терме мен желдірме жанрларының айырмасы шамалы. Екеуі де тақпақ сазды
речитативтік мақамға құрылған. Осы реттен желдірмені терменің асқан шабыт, ерекше
көңіл-күй шапшаң әрі жылдам орындалатын үлгісі ретінде қабылдауға да болады. Бұл
жанр – эпикалық дәстүр шеңберінде қалыптасады. Оның негізгі белгілерін де осы
сипатынан іздеген дұрыс.
Дәстүрлі ән өнеріміздің бір бөлігі – толғау. Толғау – толғану, толыстырып айту,
түйдектеп ой түйсік, тыңдаушысын бірде еліктіріп, бірде ұйытып отыру. Толғаудың
музыкалық сазында ағыстың, аптықпалық емес, аталы сөз тастау, ғибрат себу, терең
философиялық тебіреніс басым жатады. Осы тұрғыда әдебиеттік әсерлілігі туралы
академик Ә.Марғұланның, профессорлар Е. Ысмайыловтың, З. Ахметовтың
зерттеулерінде киелі пікірлер айтылған. Қазақ халқының әртүрлі жанрлары әр уақытта
да халықтың ойын ұшқырлықпен көрсете білген. Сондықтан толғау музыкасы да
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
97
мейлінше мазмұнды да мәнді, мәнерлі. Үннің қоңыржай, күмбірлі әуен қоғамдық,
тұрмыстық үлкенді-кішілі оқиғалар жайлы арғы-берідегі бірқатар нәрселерді хабарлап
жатады. Термедегі секілді музыкалық формасы нақтылы: кіріспесі, шарықтау шегі,
қорытындысы болады. Термеге қарағанда, тек орталық шырқау-шарықтау шегі сәл
ұзақтау болуы мүмкін.
Қазақтың ән творчествосын зерттеу мәселесінде М. Ахметова былай дейді:
«Речитативтік саладағы басқа үлгілермен салыстыра қарасақ, терме мен желдірме соңғы
уақыттың туындылары сияқты. Терме мен желдірме формаларының дамуына кейде
шумақтың өлеңі әсер етеді. Өйткені қазақ ән творчествосының осы екі түрі де
мелодиялық речитативтік сипатын сақтай отырып, текст өлеңдік шумақ құрылысына
ауысқанда жоғарыдағыдай куплеттік формаға айналады. (М. Ахметов. Қазақ әндері. –
А.,1970 ж). Осы тұрғыдан қарағанда терме, желдірме, толғау үлгілері халық арасына кең
тарап, мықтап орын тепкенін байқаймыз. Бұлар өзінің өміршеңдігімен өрнекті, нақышты
қазақтың қазіргі профессионал музыкасынан да дәстүрлі мәртебелі орынға ие болып
отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Рустемов М.Таңдамалы өсиет термелер. – Шымкент, 1995.
2.
Қоспақов З. Қазақтың әншілік дәстүрі. – Алматы,1999.
3.
Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. – Алматы, 1991.
4.
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991.
5.
Нұғманова Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі. –Алматы: Қазақстан, 1975.
6.
Сәрсенбай Қ. Өнер–Өмір. Әр жылдардағы жазбалар. – Алматы: Қазығұрт, 2004.
РЕЗЮМЕ
Сапарбаева Г.К., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ВИДЫ ТРАДИЦИОННЫХ ПЕСЕН
В этой статье рассматривается различные школы традиционного казахского
песнопения. Освоение, исполнение особенных школ традиционного казахского песно-
пения очень важно. Потому что благодаря его сюжетам мы распознаем систему древних
суеверий – доверий, особенности художественного мышления нашего народа, что дает
общее видение культурно-эстетического вкусового понятия народа. И в них передается
национальный калорит.
Ключевые слова:
народные песни, правильно говорить слова музыки, речитатив-
завета, традиционная песня, передавать.
SUMMARY
Saparbaeva G.К., senior lecturer,
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
TYPES OF TRADITIONAL SONGS
This article discusses the various schools of traditional Kazakh song singing.
Development of special schools performance of traditional Kazakh song singing is very
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
98
important. Because thanks to his subjects we recognize the system of ancient superstitions -
trusts , especially artistic thinking of our people, will give a general vision of the cultural and
aesthetic concepts vkusavogo people in them is fully transferred to the National calories.
Keywords:
folk songs, tolgau, properly speaking the lyrics, terme-osiet, traditional song,
When the performer sings zhyr he must give importance to the words of songs, to deliver.
ӘОЖ 372.8:78
ӘНШІЛІК ӨНЕРГЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М. Смағұлов, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педогогикалық университеті)
Аңдатпа: Ән айтуды жаңа бастаған студенттерге арналған әдістеме. Жас әншілер
және мектеп оқушылары ән айтуды неден бастап, ондағы кездесетін қиыншылықтарды
қалай жеңе білуі керектігі жайында айтылады.
Түйін сөздер: Әншілік өнер, дауыс, дыбыс, вокал, тіл, тіс, көмей, таңдай
дыбыстары.
Өзінің өміріне әнді серік етіп, сол жолды таңдаған өнер адамдарына айтарымыз,
бұл жолдың қиын да қызық, соқпағы мен сүрлеуі көп, жатпай-тұрмай ізденісті керек
ететін өнер екенін еске саламыз. Сол себепті әнші болғысы келген жастарымызға айтар
ақылымыз да көп. Бұл өнер біздің халқымызға ананың сүтімен, бесік жырымен, дархан
даламыздың кеңдігімен дарыған десек, қателеспейміз. «Туғанда дүние есігін ашады
өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», – деп Абай атамыз айтқандай, бұл өмірде өлең
және ән өнерінің алатын орны зор.
Кез келген жан керемет әннің ләззатына бөленіп, кейінгі ұрпағын адамгершілікке,
парасаттылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамын байытудан жалыққан емес. Адамға
табиғатынан берілген дауыс сол жанға Алла тағаланың мейірімі түскен үлкен сыйы
десек болады. Вокал өнерінің дамуы барысында әлемде әр алуан мектептер қалыптасты.
Вокалға оқыту – әр шәкіртке жеке көңіл бөлуді қажет ететін педагогикалық қызметтің
аса күрделі түрлерінің бірі. Дүниеде бір-бірін айна қатесіз қайталайтын екі адамның
болмайтынын ескерсек, онда әр адамның психологиялық және физиологиялық
ерекшеліктеріне мән берген жөн. Бір адамға оңай нәрсе, келесі бір адамға қиын немесе
тіпті зиянды болып шығуы мүмкін. Міне, дәл осы себепті адамдардың барлығына бірдей
қолданылатын ереже болмайды. Қалай болғанда жан-жақты білім беру әдісі әрбір
ағзаның жеке ерекшеліктерімен сәйкес келуге тиіс.
Шынайы педагогикалық процесс ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыстың
жемісті болуы үшін екі жақты жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Жақсы шәкірт
ұстазы секілді өзінің де жауапты екенін сезінеді. Сөйтіп мұғалімнің тапсырмаларын
мұқият орындауға тырысады. Адам ән айтқан кезде өзінің дауысын тыңдаушы тәрізді
ести алмайды. Мұны өзінің даусы жазылған таспаны ең болмағанда бір рет тыңдаған кез
келген адам біледі. Міне сондықтан да ұстазды өз шәкіртінің ішкі дауысы дейміз. Ол
шәкіртінің дауысына, оның сапасына, интонациясына, реңі мен күшіне үнемі мұқият
талдау жасап отырады.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
99
Вокалға оқыту сүйікті ісіңе бар мүмкіндігіңді салуды, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі
үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Шынайы вокалист жақсы шыңдалған техникамен
қатар жоғары мәдениетті болуға тиіс. Міне сонда ғана ол кәсіби қызметінде өзін сенімді
сезінетін болады.
Соңғы кездері кәсіпқой сыншылар мен вокалдық өнер әуесқойларының арасында
дұрыс сөйлеу және стилистика ережелерін нақты сақтау, вокалдың техникасын меңгеру,
артистизм, ән айтудың көркемдік деңгейіне деген талаптар артып келеді.
Музыкамен айналысуды жоғары эстетизмді талап ететін мәдени қызметтің
маңызды түрі ретінде қарастыру қажет. Орындаушылыққа мамандану дегеніміз, әртіс
қатаң шеңберден шықпай, тынымсыз жұмыс істеуі керек деген сөз емес. Ол өзі таңдаған
мамандығынан сыртқы дүниеден де күш алуға тиіс. Тек сонда ғана ол өзінің өнерінде
барынша шынайы болады әрі оны үнемі жетілдіріп отырады.
Ән айту физиологиялық құбылыс болғандықтан, ән айтуда дыбыс аппараттары,
көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты ағзалар бір-бірімен өзара
тығыз байланыста жұмыс атқарады. Әнші болу үшін ең алдымен табиғи дауысы болу
керек. Және де есту мен музыкалық қабілеті болғаны дұрыс. Тыңдаушының көңілінен
шығу үшін оларға ән айтудың қарапайым алғашқы шарттарын білген жөн. Атап
айтқанда, дауыс аппараты жөніндегі түсінік, тірек, /опора/ тыныс алу және оның түрлері,
резонатор, дикция (сөздің анықтығы). Дауыс аппаратына жататын ауыз қуыстары, атап
айтқанда тіл, тіс, көмей, таңдай, өкпе. Тыныс алудың үш түрі болады; 1-ші екі
қабырғаның асты диафрагмаға алынған тынысты тірек дейміз және де иықпен, кеудемен
тыныс алады. Тірек дегеніміз ән айтудың фундаменті. Мысалы фундаментсіз салынған
үй құлап қалуы мүмкін ғой, яғни ән айтқан кезде тынысты терең диафрагмаға алған
дұрыс. Бұл тыныс ән айтудың фундаменті болып есептелінеді. Ән айтудың дұрыс
жолдары мен дем алу тәсілдерін жаттығулар арқылы үйретуден бастайды. Дем тірегі
дегеніміз – біз бір ауыр нәресе көтеріп көрсек, айталық, фортепиано немесе тағы басқа
соған ұқсас заттарды көтерсек, сонда адам денесінің қай жеріне салмақ түссе, сол жер
тіреуіш нүкте (опорная точка) болып аталады. Резонатор дегеніміз дауысты жіберу
(направление голоса), бұның да үш түрі болады. Бас, кеуде және қосалқы. Бас
резонаторын жоғарғы ноталарды, ал кеуде резонаторын төменгі ноталарды алған кезде
қосамыз. Сөйлеу мүшесіне ауыз қуысында тіл, тіс ерін, жұтқыншақ жақ сүйектерін
қозғайтын еттер жатады. Ауыз қуысы жоғарғы жағынан таңдаймен, төменгі жағынан тіл
мен жақ бұлшық еттерімен екі ұрт бұлшық еттер, арғы жағынан жұтқыншақ көмекей
тесігі, үстіне жұмсақ таңдай доғасымен жалғасады. Дауыс сіңірлері өте нәзік орган.
Дауыс пернесі (голосовые связки) көмейдің дәл ортасында орналасқан. Дауыс пердесі
созылмалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Екі тармақты нәзік дене құрылысы
әншілердің ән айтқан сәтіндегі көмей деңгейін зерттегенде әйелдердің жоғарғы
дауыстарын алғанда жұтқыншақ сәл жоғары деңгейде орналасса, ерлердің төмен
дауыстарында көмей төмен деңгейде орналасқаны анықталды. Жалпы ән айту сәтінде
тәжірибелі әншілердің көмей деңгейі бірқалыпта сақталатыны байқалады. Әншінің басқа
музыканттардан ерекшелігі – әншінің ән айту құралы ылғи да өзімен бірге, сондықтан да
дауысты суықтан, өте ыстықтан және басқа да сырттан әсер ететін зиянды
құбылыстардан қорғаған дұрыс. Жоғарғы тыныс жолдарының (қолқа, көмекей,
жұтқыншақ) трахеит, ларингит, фарингит сияқты аурулармен ауырған кезде тыныс
алатын жолдағы үнемі дірілдеп тұратын дымқыл қабыршықтар зақымданып, әншінің
тамағы құрғап, бұрынғы ашық дауысы қарлығып, дауысқа өзгеріс кіре бастағанын
жылдам сезеді. Сондықтан дауыстың, тембрдің әдемілігін сақтау үшін дауыс аппаратын
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
100
аурудан сақтап, оған жете көңіл бөлу керек. Әр әншінің өз дауысының реңі, яғни
«тембрі» болады. Тембр гректің «тимпанс» деген сөзінен шыққан. Ол дегеніміз бір
биіктіктегі естілетін әрбір дыбыстың өзіндік үні мен өңі, реңк өзгешелігін білдіреді.
Тембр құлаққа жағымды, жағымсыз болып келеді. Мысалы, бір әншінің үні
тыңдармандарға сондай жағымды, жүрекке жылы естілсе, енді бірінікі құлаққа дарылдап
қарлығып, жағымсыз естіледі. Тембрдің құлаққа жағымды-жағымсызы деп осыны
айтамыз.
Әннің мазмұнын тыңдарманға терең жеткізе білу әнші өнерінің бір қыры.
Дауыстың тембріне қарай, дауыспен мұқият жұмыс жасау керек. Арнайы жаттығулар
арқылы дауысты шыңдап, диапазонын ұлғайта, техникасын көркейте жұмыс жасау
қажет. «Вокал» итальян тілінде «Восе» – дауыс деген мағынаны білдіреді. Әнді
көркемдеп, әдемілеп, мәнерлеп музыка ырғағымен айту процестік әдістемені «Вокал»
дейді. Әншілердің дауысы бас, баритон, тенор, сопрано, альт деп бөлінеді. Әр әншінің
дауысы табиғатынан әртүрлі болады. Вокал пәнінің мақсаты әншілерге шығарманы
орындау кезінде дауысты сауатты пайдалануға тәрбиелеу, әншілік техника мүмкіндігін
шыңдау болып табылады. Ән айтып жаттыққан кезде дем тірегі әлсіз болса, дыбыс
деңгейі таза болмай, позиция төмен болады. Бұған себеп жақ сүйектерінің еркін
ашылмауынан. Төменгі иекті алға соза айтудан дыбыс тамаққа түсіп, таңдай мен
жұтқыншақ түсіңкі болып, тіл арты көтеріңкі, дыбыс еркін шықпай, дауыстың көлемі
кішірейіп, қысылып айтылады. Бұндай кемшіліктерді жою үшін студентпен көп жұмыс
жасауға тура келеді.
Жақсы ойластырылған оқу жоспарында тек вокал техникасын үнемі шыңдауға
арналған сабақтар ғана емес, «қосалқы» пәндерді оқуға да көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен
қатар болашақ вокалисті өзінің мамандығына үнемі ынталандырып және түрлі
бұқаралық шараларға қатыстырып отыру керек.
Сонымен бірге студенттің музыкалық репертуарының кең болғаны да маңызды.
Онда көптеген авторлар, жанрлар мен стилдер болуға қажет. Мұндай дайындық көркем
орындаушының бойында жалпы мәдени базаны қалыптасуына негіз болады. Бұл оның
өзіндік жеке техникалық, вокалдық және сахналық мүмкіндіктеріне қарай кәсіби
өнердегі өзінің жолын таңдауына көмектеседі.
Вокалист студентті дайындауда көңіл бөлінетін негізгі шарт, ол қазіргі музыкалық
бағыттар мен стилдерді жақсы білу және осы заманғы авторлардың композиторлық
техникасының ерекшеліктеріне мән беру. Бұл жерде біз тек вокалистің даусын ғана
айтып отырған жоқпыз. Ән айтуға бүкіл организм қатысады. Тікелей вокалистердің
кәсіби қажеттілігі ән айту мәселелері ғылымды медицина тұрғысынан зерттеуге
итермеледі. Соның нәтижесінде дауыс шығару жүйесін зерттеу техникасы айтарлықтай
жетілдірілді.
Фониатрияда қол жеткен жетістіктердің арқасында дауыс ырғағындағы сәл ғана
өзгерістердің өзін емдеудің мүмкіндігі пайда болды. Бір жағынан алғанда бұл ән айту
өнерін үйреніп жүрген студенттер үшін қолдау болып табылады. Осының арқасында
олар дауыс жүйесінің құрылымымен және оның мүмкіндіктерімен танысады. Дауысты
шамадан тыс пайдалануға байланысты туындайтын зардаптар мен вокал техникасында
орын алатын кемшіліктердің зиянын білетін болады. Екінші жағынан алғанда, бұл
кәсіпқой вокалистерге күрделі немесе маусымдық сырқаттар кезінде кәсіби
медициналық жәрдем алуға мүмкіндік береді.
Тек сонда ғана әнші ұзақ әрі ауыр өнер жолында өзінің дауысын кездейсоқ
қолайсыздықтардан алдын ала сақтайтын болады. Міне сондықтан да жыныстық жетілу
кезеңіндегі организмде болатын өзгерістерден бастап есту және дауыс жүйесінің
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
101
жұмысын үйлестіруге дейін, денені қарапайым терең күтуден бастап физикалық және
психикалық гигиена жөніндегі арнайы білімге дейін өзінің «басты құралыңды» өте
жақсы білуге тиіссің. Соның арқасында мысалға, тыныс алуға жауап беретін бұлшық ет
жүйесін нығайтуды білетін боласың. Яғни, тыныстау қабілетіңді дамытасың.
Нәтижесінде диафрагманың жұмысы жақсарады. Өз кезегінде шындығында опера
әншісін кәсіби тұрғысынан дайындау үшін дәл осы саладағы білім ол әнші организмінің
төзімділігін нығайтуға әкеліп соғады.
Өз мүмкіндігіңді нақты бағалай білудің маңызы зор. Әр студент психологиялық
тұрғыдан да, физиологиялық тұрғыдан да өз-өзін жақсы білуге тиіс. Міне сонда ғана әр
әнші өз-өзіне баға беріп, тек ақыл-ойына ғана емес, тәніне де талап қоюды білетін
болады.
Егерде шәкірт пен ұстаз арасында өзара сенімді диалог орнаса өте жақсы. Шәкірт
ұстаздың айтқандарын мұқият орындап, жаттығу барысында өзінің көңіл-күйін оған
айтып отыруы қажет. Сонымен қатар фониатрия жөніндегі маманмен де үнемі
байланыста болып, оның кеңестеріне сүйеніп отырған жөн. Оқып үйрену барысында
дауыстың қызметі жөніндегі ғылыми танымды тереңдету үшін шәкірт үнемі бұлшық ет
және тыныс алу жүйесін жаттықтыру жөнінде мәселе туындай қалған жағдайда емдеу
және сауықтыру әдістері жайлы мамандармен кеңесіп отыруы керек.
Дыбыстың қарлығуы – дауыстың бұзылуы бәсеңдеуі.
Бұл – көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының
зақымдануымен аяқталатын әртүрлі кеселдер. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу
қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады. Дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне
дейін жетуі мүмкін. Қарлығу «ларингит» сияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс
жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу
барысында толық ашылып-жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары
ісінуіне, домбығуына, зақымдануына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық
реакцияларда себеп болады. Науқасқа мезгілінде сапалы ем қолданылса, қарлығу тоқтап,
дыбыс та дауыс та орнына келеді.
Дауыстың өзгеруі (Мутация голоса).
Әр 2-3 жыл сайын балалар даусы өзгеріп тұрады. Сәби өскен сайын оның дауысы
қатая бастайды, сөйлеу мәнерінде де өзгешеліктер пайда болады. Олардың дауысы 2-3
тонға төмен жуандап шыға бастайды. Біз бұндай құбылысты 13 пен 16 жастың
аралығындағы жасөспірімдерден жиі байқаймыз. Ұлдар мен қыздардың мутациялық
кезеңі әртүрлі уақыттарда өтеді. Бала дауыс үлкендердің дауысына қарай қалыптаса
бастайды. Дауыстың өзгеруіне баланың тұрған жеріндегі климаттық жағдайы да әсер
етуі мүмкін, ұлттық нәсіліне, физиологиялық ерекшеліктеріне қарай да өзгереді.
Ұлдардың дауыс аппараты тез жетіледі. Бұл кездері олардың дауысы 4-5 тонға шейін
жуандайды. Ал қыздардың мутациялық кезеңі ер балаларға қарағанда онша байқалмай
өтеді, дауысы 1-2 тонға ғана төмендейді. Бұл кезеңде олар өздерінің дауыс күтіміне өте
сақ болуы керек. Шектен тыс айқайлау, дауыс тілшігінің зақымдануына сондай-ақ
дауыстың мүлдем жоғалып кетуіне себеп болады.
Мектептегі ән сабағы.
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінде, музыка сабағын жоғары дәрежеде
өткізу қолға алына бастады. Музыка пәні шығармашылық пән, оған көптеген ізденіс
қажет. Сондықтан да музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі мен ата-аналар зор
үміт артады. Бұл орайда вокал пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде болуы
қажет. Бірінші кезекте баланың дауысын оның диапозонын анықтағаннан кейін ғана
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
102
айтатын шығарма берілуі тиіс. Өсіп келе жатқан оқушының табиғи дауысын бұзып
алмауға көп көңіл бөлуі керек. Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оның
жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез-құлқының өзгешелігін ескеріп, жұмыс
істей білу арқылы айқындалады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде өзінің
жоғарғы дәрежедегі орындаушылық қабілетімен оқушылардың көңілінен шыға білуі
керек деп есептеймін. Ән үйретудегі жүйелілік бірізділікпен қатар салалы түрде әуенді
ұғындыру, ырғақты дұрыс сезініп, дауыстың интонациялық биіктігінің таза
орындалуында болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |