ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы –
2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Астана, 2014 жыл, 17 қаңтар// Егемен
Қазақстан. –2014.17 қаңтар. – Б. 2.
2. Ақпараттандыру туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. 2007 жыл, 11
қаңтар. №217-ІІІ ҚР Заңы // ҚР Парламентінің жаршысы. 2007. № 2. – Б. 50-80.
3.Бердіғалиева Р.А. Білім ғасырында кітапханалар жұмысын жетілдіру / Ауд.
А.Батыргереева // Кітапханатану. Библиография. Кітаптану: Мақалалар жинағы. –
Алматы, 2001.3 -шығарылым. – Б.31-40.
4.Абдулина Р. Л. Регистрация читателей Национальной библиотеки Республики
Казахстан//
Кітапханатану,
библиография,
кітаптану
=
Библиотековедение,
библиография, книговедение: Сб. науч. статей. – Алматы, 2001. Вып.1. – С. 86-90.
5. ҚР Ұлттық кітапханасының Beб- сайты www.nlrk.kz
.
6.
Бердигалиева
Р.А.
Совершенствование
работы
библиотек
в
век
знаний//Кітапханатану. Библиография. Кітаптану=Библиотековедение, библиография,
книговедение. – Алматы, 2002. Вып. 3. – С. 21-31.
7.
Елтезерова
С.
Кітапханадағы
оқырмандар
бірлестігі//Кітапханатану.
Библиография. Кітаптану=Библиотековедение. Библиография. Книговедение. – Алматы,
2006. 17-шығарылым. –Б. 94-98.
8.
Ибрагимова Т.И. Оқырмандарға қызмет көрсетудегі кітапханашының кәсіби
этикасы. Новое время – новые реалии: опыт научных и социологических исследований в
би: Материалы респ. Семинара. – Тараз, 2004. – Б. 115-122.
РЕЗЮМЕ
Нуржанова Г.И., к.п.н., и.о. доцента.
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ ОСОБЕННОСТИ БИБЛИОТЕКАРЯ
Используя новую технологию в жизненном течений, из-за того что посточнной
политики в стране переходит на все страны.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
147
Библиотекари в сельских населениях делают свою работу с помощью компьютеров
переходят в новый уровень. То есть работа библиотек ведется с помощью компьютеров,
других дистанции, специальность библиотекарь-библиограф в сегодняшнем дне у них
есть широкая возможность, форматность. Библиотекари используя новые технологии
ведут библиотечно-библиографическую, информационно-поисковую работу.
Ключевые слова: библиотека,
библиотекарь,
профессиональные особенности,
компетентность, профессиональная этика.
SUMMARY
Nurzhanova G.I., candidate of pedagogical sciences, acting professor
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
PROFESSIONAL FEATURES LIBRARIAN
Using the new technology in the currents, due to the fact that the postočnnoj policy in the
country goes on all countries.
Librarians in the rural area are doing their job by using computers to a new level. That is
the work of libraries maintained by computers, other distances, specialty librarian-bibliographer
at the present day they have broad opportunity, formatnost′. Librarians through new technology
are the library and bibliographic information and search work.
Keywords: library, Librarian, Professional features, competence, professional ethics.
ӘОЖ
002
У 73
КІТАПХАНА
ІСІ
МАМАНДАРЫНЫҢ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Ш.М. Усенбаева, аға оқытушы
Д.Қ. Естаева, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада кітапхана ісі мамандарының қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру жолдары ғылыми тұрғыда қарастырылған. Қарым-қатынас мәдениеті
жалпы мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Өйткені ол тұлғаның ортақ әлеуметтік
қасиетін көрсетеді. Қарым-қатынас мәдениеті ғылыми дәреже ретінде соңғы жылдары
ғана өз ұласымын тапты. Кітапхана ісі мамандары қарым-қатынас мәдениеті арқылы
сөйлеу мәдениетіне, конфликтілік жағдайларды шеше білуге және кәсіби этикалық
талаптарды қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда атап көрсеткен.
Түйін сөздер: кітапхана, қарым-қатынас мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, кітапханалық
қатынас, кәсіби этика.
Бүгінгі таңда еліміз егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып
жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
148
негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық
ерекшелігімізді айқындайтын рухани, қарым-қатынас мәдениетімізді жетілдіру
көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына
ерекше назар аударып келеді. Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа
бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүргізілетінін мәлімдеді. Биылғы
Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. «Нұрлы
жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы
еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса
айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі,
саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Болашақ
ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті
кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес
қосады. «Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі» жастардың
білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның
егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті
елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың
бірі.
Қарым-қатынасты – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі
құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады. Қарым-
қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті
адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық
құндылықтарға негізделген қарым-қатынас мәдениеті студенттердің саналы көзқарасын,
ізгілікті
қарым-қатынас
орнатуына,
рухани-адамгершілік
құндылықтарының
қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Адамның іскерлігі оның
арнайы іс-әрекет орындау процесіндегі мәдениет деңгейімен байланысты. Жалпы
мәдениеттің жоғары деңгейі әртүрлі еңбектің саласы мен нәтижелілігінің қажетті шарты
және әрбір тұлғаның дамуы мен жетілуінің факторы. Болашақ мамандардың өмірлік
қызметі және тұлға ретіндегі қалыптасу үстінде қарым-қатынас рөлінің маңызы зор
екендігі жөнінде көптеген еңбектерде ғылыми түрде дәлелденген. Қарым-қатынас
дағдысы кәсіптік қызметке, қоғамдағы белсенділік деңгейіне тікелей байланысты және
ол әркімнің жеке іс-әрекеті. Мұның бәрі жеке тұлғаны қалыптастыруда қарым-қатынас
мәдениетінің маңыздылығын көрсетеді.
Қарым-қатынас мәдениеті жалпы мәдениеттің бір бөлігі болып саналады. Өйткені
ол тұлғаның ортақ әлеуметтік қасиетін көрсетеді. Қарым-қатынас мәдениеті ғылыми
дәреже ретінде соңғы жылдары ғана өз ұласымын тапты. Қарым-қатынас мәдениеті әр
адамға әсер ете отырып, өзінің мамандығы бойынша қарым-қатынас жасайтын қазіргі
заман мамандарының қажетті сапасы болып саналады.
Кітапханашының оқырманмен қатынасы – адамдардың белгілі одақтағы өзара
әрекеттестігі. Белгілі процесте адамдар арасындағы белгілі сұрақтардың шешілуі,
олардың әртүрлі әлеуметтік қызметіне байланысты қарастырылуы, пайда болуы,
орнатылуы, дамуы мен байланыстардың тоқтатылуы.
Кітапханалық қатынасқа көптеген басылымдар арналған. Олардың ішіндегі көбін
С.А.Езова және И. А. Мейжис жазған. Әрбір автор өз ойын өзара әрекеттің теориялық
және әдістемелік негізінде жазған. Олар тәжірибе жүзінде көрініс табады [2].
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
149
Қатынас өзара байланысқан үш құрылымнан тұрады: коммуникативті, перцептивті
және интерактивті.
Коммуникативті – өзара қатынасқа түсетін кітапханашылар мен оқырмандар
арасындағы ақпараттық айырбас. Қатынастың коммуникативтік түрі мақсат ретінде
қарастырылып, кітапханалық қызмет көрсетуге қолданылады.
Перцептивті – қатынас кезіндегі серіктестердің бірін-бірі қабылдау процесі және
сол негізде өзара түсіністіктің орнығуы. Оның мазмұнын психологиялық жағдайдағы
тиімділік процесі ретінде қарастыруға болады.
Интерактивті – кітапханашы мен оқырманның өзара әрекеттестігі тек қана
ақпаратпен, ойлар, біліммен алмасу ғана емес, сонымен қатар іс-әрекетпен де алмасу.
Интерактивті жақтың мазмұны ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру арқылы
көздеген мақсатқа жету
[3].
Кітапханалық қызмет көрсету процесіндегі қатынас тәжірибесінің үш түрі де бір-
бірімен тығыз байланыста және ортақ іс-әрекеттің шешіміне жетудің сапасы мен
тиімділігін белгілейді. Кітапханалық қатынас контексі іс-әрекеттің тәсілдері
арқылы
жүзеге асады, соған байланысты мазмұны мен мақсатқа жету қатынастың негізі болып
келеді.
Кітапхана ісі мамандығы — «адам-адам» типті мамандық. Әрбір кітапханашы қай
жерде жұмыс атқарса да, (оқу залында, әдебиетгі өңдеу бөлімінде) ол тұлғааралық
қатынас дағдыларын меңгерген болу керек, әңгімелесушісін тыңдай алу, ақжарқын
сөйлеу, сыпайы болу керек (керекті жағдайда, мысалы: «бұқаралық іс-шара» өткізген
кезде). Кітапханалық қатынастың құрылымдық ерекшелігі оның кітапханада үш
деңгейде өтуі:
-
Кітапханашылармен оқырмандар қатынасы;
-
Кітапханашылар арасындағы қатынас;
-
Оқырмандар арасындағы қатынас.
Кітапханашы мен оқырман қатынасының мәселелі жағдайы кітапханалар пайда
болған уақыттан бері бар. Оқырман мен кітапханашы арасындағы өзара іс-әрекеттік
және қарама-қарсы байланыс өте маңызды және өзекті мәселе. Көп жылдар бойы
интенсивті бір жақты кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара іс-әрекет
карастырылған. Кітапханалық қатынас ортасының кеңеюі, оның сапасының
жоғарылауына байланысты кітапхана өзінің әлеуметтік дәрежесін көтере алады. Нақты
және потенциалды тұтынушылар үшін тартымды бейне кұрай алады. «Кітапханашы
қарым-қатынастағы» жұмыс істейтін жағдайда қатынастың жоғары деңгейлі мәдениетін
меңгерген.
Қарым-қатынас мәдениеті – адамзаттың мәндік сапаларын жақындастыруға
бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер. Қарым-қатынас мәдениеті қажетті
ақпарат алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың, іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз
ететін мәдениеттілік белгілері – белсенділік, еркіндік, ерекшеліктің субъектісі ретінде
танылады. Сонымен, қарым-қатынас мәдениеті адамды тәрбиелеу үшін, дүниені
қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде
қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – оны қалыптастырудың негізгі шартынан
туындайтын сөз мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті, сыртқы түр мәдениеті. Бұлардың
әрқайсысының мүмкіндіктері жоғары және өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар.
Сөз мәдениеті – бұл тек сөйлеу деңгейінің бірлігін көрсетпейді, ол кітапханашы
мамандарының мәдени адамгершілік белгілері. Сөйлеу мәдениеті – оқытушының
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
150
тұлғалық қажеттіліктерін көрсетуші әрекеті. Мәдениеттаным бағытында қарым-қатынас
мәдениеті бір жағынан дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым десе, екіншіден
көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы, тұрмысы мен салты деп жіктеледі.
Олай болса, қарым-қатынас адамзат болмысының өмір сүру шарты деп есептеледі.
Коммуникация процесінде әрбір адам өзара әрекеттің белсенді субъектісі бола отырып,
олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке
адамның өзін-өзі тануы мен нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді. Адамдар өзара
бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп
түсінеміз. Соңғы жылдардағы тәжірибе болашақ кәсіпке даярлауда жеке тұлғаны
мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігін білдіреді. Мәдениет коммуникацииялық жүйе,
әртүрлі ақпараттармен алмаса отырып, қатынастың барлық түрлерін қамтамасыз етеді.
Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы мен берілуі, сақталуы адамзат болмысының
негізгі шарты, өмірлік әрекетінің мәдени формасы, табиғи, әлеуметтік қоғамды тану
құралы, адамның өзін-өзі тануы, қалыптасуы.
Қарым-қатынас барысында жеке адам қайталанбайтын шығармашылық тұлға
ретінде көрінеді. Адамзат болмысының бөлінбес бөлшегі бола отырып, қарым-қатынас
жеке адам дамуының құралы мен басқаруы бола алады. Қарым-қатынас мәдениетінің
қалыптасуының мынадай өлшемдерін анықтауға болады:
-
Жеке тұлғаның қоғамдық ортамен байланысы;
-
Қарым-қатынас мәдениеттілігі деңгейіндегі теориялық білімді меңгеруі;
-
Әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы;
-
Қарым-қатынас орнатуға бағытталған іс-әрекеттері;
-
Қарым-қатынас барысындағы жауапкершілігі;
-
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы икемділігі, іскерлігі, дағдылары.
Қазіргі кітапханалардың басты міндеттері – оқырмандарды жан-жақты тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесімен ұштасқан тәрбие негізін жалғастырушы тәрбие орны мектеп пен
кітапхананың бірлігі – жастардың бойындағы жеке қасиеттерін қалыптастыратын,
бекітуге жол салатын білім мен тәрбие орталығы. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны
түбегейлі қайта қаралып, тәрбиелеу ісінде өзгерістер енгізілуде. Мұның өзі қоғамның
әлеуметтік дамуына сай белсенді, мәдениетті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мазмұнын қайта құрып, жетілдіруді
қажет етеді. Кітапханашы-библиограф мамандарының кәсіби даярлығын дамыту
барысында қарым-қатынас мәдениетінің қыр-сырын, іскерлік дағдыларын қалыптастыру
қажет. Қарым-қатынас мәдениеті – адамдардың қарым-қатынасының психологиялық
және адамгершілік бағыттарын қарастырады. Қазіргі қоғам жоғары адамгершілік
деңгейдегі мамандар даярлауды қажет етеді, қалыптасып келе жатқан қоғамға
мәдениеттілік қалпын енгізуді көздейді.
Кітапханадағы қарым-қатынастың өзіне тән маңызы бар, олар:
-
Коммуникативтік – бұл кітапханалық қарым-қатынастың түрі, кітапханалар
ортасындағы қарым-қатынастық қызметтің құралы болып есептеледі;
-
Ақпараттық – кітапхана оқырманға ақпарат беріп отырады. Ақпарат
пайдаланушыға беріледі, пайдаланушы мен ақпараттың арасында байланыс болмаса,
ақпарат өзінің маңыздылығын жоғалтады. Сонымен бірге кітапханашы өзінің білімін
үнемі көтеріп отыруы керек. Осы мақсатпен кітапханашылар әртүрлі әдістемелік
ғылыми семинарларға, өндірістік кеңестерге, іс-тәжірибе алмасу шараларына қатысып,
баспасөз беттері арқылы өз тәжірибелерімен бөлісіп отыруы керек;
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
151
-
Реттеушілік қызмет – кітапханашыға кітапхана ортасында қарым-қатынасын
реттеп, кәсіби ұжымда өз орнын табуға, пайдаланушымен қызметтік қарым-қатынас
орнатып, этикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектеседі;
-
Тәжірибелік қызмет – кітапханадағы орнықты әрі лайықты қарым-қатынас оған
қатысушыларға жақсы әсер етеді, кітапханашы оқырманмен қарым-қатынас кезінде
қызмет көрсетуді жақсартуға ақпарат алады, оқырманның білімі мен мәдениетінен өзіне
қажетті жақтарын пайдалана алады, сол сияқты оқырман да кітапханашыдан тәрбиелік
әсер алады: ақпарат беруде, оны іздестіруде, кітапханалық қарым-қатынас мәдениетін
сақтау барысында екеуінің істері бір мақсатқа тоғысады.
ХХІ ғасыр – ақпараттар ғасыры, компьютердің, интернеттің ғасыры, адам үшін
техника жұмыс істейді дегенімізбен, өмірге еніп жатқан сан алуан ақпараттарды
қабылдап, оны тыңдаушысына өз деңгейінде дұрыс жеткізу үшін кітапханашы мамандар
тіл мәдениетін, оның өзіне тән ішкі заңдылықтары мен талаптарын игеруі тиіс. Сөйлеу
мәдениеті, тіл мәдениеті – кітапханашыдан үлкен кәсіби біліктілікті қажет етеді. Адам
өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор
болды [4].
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да қоғамдық ой-санасын дамытып,
жетілдіруде де аса маңызды рөл атқарады. Айтылған сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының
ғұлама ғалымы Ж.Баласағұн «Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.
Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне
айналады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –
пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың
арасында өзара түсінісуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу
арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен
қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адамға тән сөйлеу
мәдениетінде екі сипат болуы шарт. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы,
екіншісі – оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздің
мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың
айқындылығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық
қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді анық айта алуы. Мәнерлі сөйлей білудің
кітапханашы үшін маңызы зор. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары
арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына
қарай, сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу
бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа
жіктеледі.
Кітапханашы маманының басты құралы – оның сөйлеу мәдениеті. Қарым-қатынас
орнату, сөйлесу, сөйлеу арқылы хабар алу немесе керісінше хабар жіберу көне заманда
адамзат санасымен қатар қалыптасты. Шындығында, күллі процестер мың есе
орындалады – орта өзгереді, біздің өзіміз әр нәрсені білеміз, түсінеміз, өзіміздің
білімімізді тәрбиелеу және оқыту барысында қолдана аламыз. Адамға сөйлеп үйрену
үшін қаншама үлкен асулардан өтуіне тура келеді. Кітапханашы мамандығы адамнан
сөйлей білуді, оқырманмен тілдесу мәдениетін талап етеді. Бұл түсінікті жайт: жұмыс
істей отырып, біз оқырмандарымызбен сөйлесеміз, хабар алысамыз. Оқырманның
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
152
біліміне, жасына, мамандығына қарамастан, біздің сөйлесу жүйеміз оларға түсінікті
болуы керек. Бұл біздің табысты жұмысымыздың басты шарты. Кітапханада оқырман
барлық жерде және әрдайым жүреді [5].
Кітапханашының сөйлеу мәдениетінің қандай болу керектігі жөнінде ойластырып
көрелік. Оқырманмен сөйлесу кезінде оның айтқан сөздерін қатты дауыспен қайталау
міндетті емес. Мұндай жағдайда келесіде оқырман сізбен сенімді түрде сөйлеспейді.
Кітапханада дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Оқырмандарды бұған үйретуге болады,
ең бастысы кітапханашылардың өздері бұл ережені бұзбаулары тиіс.
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес,
өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана
нұрлы болмақ. Кітаппен кездесе отырып, бүкіл адамгершілікке қатысты қасиеттерді
тануға болады. Кітап оқып отырған адамның шыдамы таусылып, өзге халыққа,
мәдениетке назары ауа бастайды. Оқи отырып ол бір ғана өмірде емес, өзге ұлт
авторымен бірге болып, әртүрлі халықтың өмірін таниды. Ғасырлық кұндылықтарға
жақындай отырып, ұлттарды, халықтарды жақындатып отыруға мүмкіндік береді.
Егер кітапханада адамға деген жылы шырай танылмаса, ол кітап тарататын,
сақтайтын жерге айналады. Кітапқа көбіне кішкентай балалар ғашық болады. Есейген
сайын кітапсыз өздерін жаман сезіне бастайды. Қандай да өркениетті елдің дамуында
білім, ғылым, мәдениет басты орын ала отырып, кітап оқуға деген құштарлық та арта
береді. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға
ие. Студенттер арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-
бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір
адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық
бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра,
салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның әр қажетсінуінен,
қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй
толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді
Студенттің жеке тұлға ретіндегі ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын
көрініп тұрады. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін
талдай отырып, олардың ерекшеліктерін байқауға болады. Ал қарым-қатынас мәдениеті
оқу-тәрбие барысында пайда болып, қалыптасуы біртіндеп жүзеге асады. Әсіресе
оқытушының қарым-қатынастағы мәдениеті маңызды рөл атқарады, бұған үлкен мән
берілуі қажет. Демек, қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән
беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Тілдесу мәдениетін
бағалай білетін халқымыз: «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп сөздің
маңызын тани білген.
Көпшілік алдында сөйлеу үшін кітапханашы белгілі бір білік-
дағдыларға ие болуы керек. Психологтардың анықтамасынша, дағды дегеніміз – белгілі
бір операцияны ең үздік нұсқада жүзеге асыру мүмкіндігі. Шешен қандай дағдыларға ие
болуы керек? Негізгі дағдылар мыналар: әдебиеттерді іріктеу дағдысы, іріктелген
әдебиетті оқу дағдысы, жоспар құру дағдысы, сөйлейтін сөзін жазу дағдысы,
аудиторияның алдында өзін-өзі ұстай білу дағдысы, уақытты мөлшерлей алу дағдысы.
Осы дағдылардан барып кітапханашыға шешендік біліктілік қалыптасады.
Ол мынадай біліктілікке ие болуы тиіс:
-
сөйлейтін сөзін өз бетімен дайындау;
-
сөзін тапқыр әрі сенімді мазмұндау,
-
тыңдаушы сұрағына жауап бере білу;
-
аудиториямен байланыс орнату мен оны ұстап тұра білу.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
153
Егер осы білік-дағдылардың бірі сөз сөйлеушіде болмаса, оның сөзінің
тыңдаушыларға тигізетін әсері әлсірейді. Айталық, сіз сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін
жақсы жазасыз, бірақ оны аудитория алдында қарапайым әрі анық жеткізе алмайсыз.
Сондай-ақ сіз аудиторияны сөзіңізбен қызықтыра аласыз, бірақ белгіленген уақытты
жеткізе алмадыңыз, негізгі ойыңыз айтылмаса, сіздің шешендік сөзіңіздің әсері
төмендейді. Сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу сәттілігі шешеннің сөз мазмұнының
негізін, яғни тақырыбын жақсы білуіне тікелей байланысты
[6].
Бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогикалық ғылым алдында, білім
берудің мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа
көзқарастар қалыптасуда. Олардың негізгі алдына қойған мақсаты – өзін-өзі дамыта
алатын, өз бетімен білім алатын, тәрбиелі қоғамның белсенді азаматын жан-жақты етіп
қалыптастыру.
Қарым-қатынас мәдениетін (сөз мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті т.б.) болашақ
кітапхана ісі мамандарын даярлау барысында пайдалануда зерттеуге бағытталған
проблеманы жан-жақты қарастырып, оның мазмұнын, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып,
анықтау қажеттігін көрсетеді. Қарым-қатынас мәдениетіне болашақ кітапхана ісі
мамандарын тәрбиелеудің маңызы, жеке адамның құндылықтар мен мүмкіндіктердің
негізін үйретіп қана қоймай, оларды даярлауда танымдық, тәрбиелік, дамытушылық,
ізденушілік, шығармашылық сияқты міндеттер атқарады.
Бүгінгі жаңа қоғамды ізгілендіру мен жаһандандыру жағдайында қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру әлеуметтік-педагогикалық мәселелердің бірі. Кітапханашы-
библиограф мамандарының кәсіби даярлығын дамыту барысында қарым-қатынас
мәдениетінің қыр-сырын, іскерлік дағдыларын қалыптастыру қажет. Қарым-қатынас
мәдениеті – адамдардың қарым-қатынасының психологиялық және адамгершілік
бағыттарын қарастырады.
Қазіргі қоғам жоғары адамгершілік деңгейдегі мамандар даярлауды қажет етеді,
қалыптасып келе жатқан қоғамға мәдениеттілік қалпын енгізуді көздейді. Халқымыздың
рухани-мәдени қайта өрлеу кезеңінде жас ұрпаққа терең де жүйелі білім беруде, оларды
қоғам талабына сай азамат етіп тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің
маңызы артып отыр. Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – оны қалыптастырудың негізгі
шартынан туындайтын сөз мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті, сыртқы түр мәдениеті.
Бұлардың әрқайсысының мүмкіндіктері жоғары және өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері
бар. Сөз мәдениеті – бұл тек сөйлеу деңгейінің бірлігін көрсетпейді, ол кітапханашы
мамандарының мәдени адамгершілік белгілері. Жоғары білім беру жүйесінде тәрбиенің
қыр-сырын әртүрлі жұмыс формалары мен әдіс-тәсілдері арқылы меңгертуде
кітапханалардың маңызы зор. Біздің өміріміз сан-салалы қарым-қатынасқа толы. Сол
себепті этиканы, этикетті, сөйлеу мәдениетін, әдепті, адамгершілік қағидаларын адамзат
баласы кішкене күнінен бастап санасына сіңіруі керек. Болашақ мамандарға
адамгершілік қағидаларын білу – басты парыз.
Қазіргі кезде этика нормаларын білуге деген ықылас күн өткен сайын артып отыр,
себебі адамдардың тұрмыс дәрежесі жақсарды, бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсудің
мүмкіншіліктері артты. Сонымен бірге этиканы әр халықтың өз ерекшеліктері мен мінез-
құлықтарына қарап та ажыратуға болады. Әртүрлі өмірлік жағдайларда адамгершілік пен
әдептен озбай адамдық қасиетті сақтау – өмірдің басты талабы. Кітапхана этикасы да
жалпы этика атты ұғымнан алшақ кетпейді. Әдепке байланысты қағидалардың көпшілігі
кітапхана этикасына қатысты. Кітапханада қызмет атқаратын қызметкерлерден кәсіби
біліктілікпен қоса жоғары этика талап етіледі. Сол сияқты, кітапханаға келушілер де
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №6 (54), 2014 г.
154
әдептілік нормасынан алыс кетпеуі керек. Болашақ кітапханашы мамандарының кәсіби
қабілеттері мен іскерлігін қалыптастырып дамытуда, өз мамандықтарына деген
қызығушылыққа тәрбиелеуде, өз бетінше білімін жетілдіріп отыруға, дағдыландыруға,
шығармашылық әрекетті қалыптастыруда кітапханадағы өткізілетін көпшілік шараларға
ерекше көңіл бөлінеді.
Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда кітапханада
ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың маңыздылығы кітапхана ісі мамандарының
теориялық білімін тексеріп, кәсіби іскерлігін қалыптастырудың маңызды шарты ғана
емес, түрлі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен әдістерін үйренуге
мүмкіндік туғызады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» // Егемен Қазақстан. 2014, 11 қараша. –
Б.1-2.
2.
Езова С.А. Культура общения библиотекарей: Учебно-методическое пособие. –
М.: Либерея, 2004. – 144 с.
3.
Езова С.А. Библиотечное общение /Вост. – Сиб. Гос. Инст-т культуры. – Улан-
Удэ:Бурят. Кн. Изд-во. 1990. – С. 68.
4.
Исмурзина Р.Г. Сөйлеу мәдениеті (Кітапханашыға көмек) // Кітапхана әлемі. №2.
2007. – Б. 2-5.
5.
Калиева Г.И. Формирование культуры будущего специалиста. – Алматы: 2001. –
212 б.
6.
Абылғазинова Г. Ғұламаның бәрі кітапхана алдында қарыздар. Дебат сабақ. //
Мектептегі кітапхана. №4. 2008. – Б. 6-7.
РЕЗЮМЕ
Усенбаева Ш.М., старший преподаватель,
Естаева Д.К., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ФОРМИРОВАНИЕ НАВЫКОВ КУЛЬТУРНОГО ОБЩЕНИЯ ДЛЯ БУДУЩИХ
СПЕЦИАЛИСТОВ БИБЛИОТЕЧНОГО ДЕЛА
В работе раскрыта, анализирована проблема направленная на изучение вопросов
использования культуры общения (культуры речи, культуры поведения и т.д.) в деле
подготовки будущих специалистов библиотечного дела и использования этих навыков в
воспитательных целях. А также в работе рассматриваются важность навыков
культурного общения для будущих специалистов библиотечного дела и актуальность
решения проблем воспитания, познания, развития, изыскания творчества студентов.
Ключевые слова: библиотека, культуры общения, культуры речи, библиотечное
дело, профессиональная этика.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №6 (54), 2014 ж.
155
SUMMARY
Usenbaeva Sh.М., senior lecturer
Estaeva D.K., senior lecturer,
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
CULTURAL
COMMUNICATION
SKILLS
FOR
THE
FUTURE
SPECIALISTS
OF
LIBRARY
The problem is analyzed disclosed, aimed at examining the issues of the culture of
communication (speech culture, culture, etc.) in the preparation of the future experts of
librarianship and use these skills for educational purposes. And in this work the importance of
cultural communication skills for future library professionals and relevant solutions for
education, knowledge development, research, creativity of students.
Keywords: library, culture of relations, the culture of speaking, library relations and
professional ethics.
Достарыңызбен бөлісу: |