аэросани,
аэродорога деп ықшамдалатын орыс елінде де алғаш рет осылай жатырқау
болған еді. Бірақ өмір дамуы мұндай саңылақтардың талайын үйреншікті
дағдылы, сыпайы қалыпқа айналдырған. Бізде де осылай болатына сөз жоқ»,
– дей келе, бірнеше мысалдарды көрсетеді: инфрақызыл, сила – күш, канал
лучи – канал сәулесі т.б.
Сонымен қатар Қ.Жұбанов екі сөзден бірігіп келген терминдер жөнінде
де пікірлер айтқан. Мыс.: волна световая – жарық толқыны деп аудара
155
келіп, себептерін түсіндіріп кеткен. «Екі сөздің басын құрап термин
шығаратын болғанда біреуі ілік септік анықтауыш та, екіншісі тәуелдеулі
сөз болып келсе, олай құрап шыққан сөз терминде қолайсыз болады. Мыс.:
отағасы деген сөз солай жазылған; от – жасырын сөз ілік жалғаудың
түріндегі анықтауышы да, ағасы – оның анықтаған сөзі, мағынасы жүре
келе бір сөз болып кеткен соң «-сы» тәуелдеу формасы тәуелділік
мағынасынан айырылып, отағасының өзі тәуелсіз сөз есебінде жұмсалып
кеткен. Сондықтан біздің отағасымыз, олардың отағасы деп оның үстіне
тәуелдік жалғау жалғай алмаймыз. Мыс.: қой еті сияқты құралған сөздер
мағына жағынан бір болып шыға алмайды. Оған жаңадан тағы бір
анықтауыш қосатын болсақ, жас сан, қой еті деп айта алмаймыз,
жастық тыс сияқты жарық толқын деуге болмайды, өйткені оның басқа
мағынасы бар». Ғалым осындай жағдайларға байланысты инерция заңы,
жанасу шеңбері, бұрыш өлшемі сияқты терминдерінің жасалғанын айтады.
Сонымен қатар ғалым терминжасам қағидаттарына сәйкес түбірі сол
күйінше алынып, оның жұрнақтары қазақ жұрнақтарымен берілген:
нормализация – нормалау, регламентация – регламенттеу секілді терминдер
жөнінде айтып кеткен.
Қазіргі кезеңде түрлі ғылымдар саласында қолданып жүрген терминдер
осы Қ.Жұбанов есімімен тығыз байланысты. Ғалымның жасаған қағидаттарға
сәйкестендіріліп алынған көптеген терминдер осы уақытқа дейін өзгермей
келеді. Мыс.: өнеркәсіп, автор т.б. сияқты Қ.Жұбановтың қаламынан туған
қағидаттардың жалғасы ретінде қысқартылған термин атаулар пайдаланылып
жүр. Мыс.: ТМД, МКК т.с.с.
Ғалымдардың айтуы бойынша, терминология уақытқа байланысты
өзгеріп отырады, тек жаңа терминдер ғана пайда болып қоймайды, олардың
мағынасы өзгеріп, жаңа мағынаға ие болады. Сонымен қоғамның дамуы мен
тілімізге сіңген түрлі ғылым салалары өздерімен бірге терминология
жүйесіне де өзгеріс енгізеді де, жаңа терминдер пайда болады. Мыс.:
коммерция, брокер т.с.с. Осыған байланысты қазірде терминология мәселесі
жөнінде Ө.Айтбай, Ә.Қайдар және т.б. ғалымдар ғылыми пікірлер
айтқандығынан жұршылық хабардар. Алайда терминдерді аудару барысында
бірізді қағидалар жоқ. Сондықтан жасалу қағидаттары айқындалған
терминдерді жазуда, тілімізге енгізуде бірыңғай заңдылық ережелерін
анықтау қажет.
Бұл қағидаттар күні кешеге дейін қаймағы бұзылмай емле ережелеріне
де енгізілді, барлық сөзжасам мен терминжасам үдерісінде қолданылып
келді.
Терминжасам
қағидаттары
туралы
сөз
козғағанда,
біз
А.Н.Самойловичтің, Н.Сауранбаевтың, Қ.Шәріповтың, М.Балақаевтың,
С.Бәйішевтің есімдерін еске аламыз. Бұлардың да терминжасам үдерісінде
ұстанған негізгі бағыты интернационалдық терминдерді және орыс тілінің
атау сөздерін өзгертпей, сол қалпында қабылдау дегенге саяды.
Қазіргі таңда, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып отырған кезде,
еліміздің жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында барлық
156
математикалық-жаратылыстану және техникалық мамандар дайындауды
ұлттық тілде жүргізу міндеті қолға алынып отырған кезеңде, қазақша
практикалық тіл білімін дамыту айрықша орын алып отыр.
Осы орайда қағидаттардың өміршеңдігін, оның оңды жақтарының
басым екендігін көретін, оны жаңа көзқарастарда негізге алу кажеттігін
сезетін шынайы ғылыми таным керек екендігін баса айтпақпыз. Физика-
математика саласының, жалпы ғылыми терминология мәселесінде қазіргі
кезеңде барлық терминдерді қазақ тіліне аудару немесе жаңадан қазақша
балама жасау арқылы қалыптастыру бағытын ұстанып жүрген ғалымдар да
жоқ
емес.
Алайда
қағидаттар
бойынша
қазақша
қалыптасқан
терминологияны қайта қарап, «түбегейлі төңкеріс» жасаудың қажеті жоқ деп
ойлаймыз. Терминологиялық қағидаттарға жаңаша көзқарастар ғылыми
тұрғыда болу керек және олар негізінен әлі қалыптаспаған немесе
қалыптасып болмаған терминдерге қолданылуы керек демекпіз.
Профессор Қ.Жұбанов қалаған қасиетті ғылыми мұраға оң көзбен,
қамқорлықпен қарайық демекпіз. Тіл үнемі үзіліссіз, даму үстінде. Ендеше,
қай-қай қағидаттардың да дамуы, байи түсуі – табиғи қажеттілік. Оны еппен,
мән-дәмін кетірмей заман талабына сай дамыту, толықтыру – қазіргі заман
ғалымдарының еншісінде.
Осы орайда математика саласы терминдердің қазақша калыптасуында
Қ.Жұбанов бастаған ғалымдар тобының жасап кеткен он қағидаттың әсері
зор екендігін көрсететін мысал-айғақтарға тоқталайық. Ол үшін әр қағидатқа
қысқаша түсініктеме беріп, ретті жерінде мысалдар келтірмекпіз:
1. Тілдердің көбіне ортақ халықаралық сипаттағы терминдерді
түпнұсқадағы қалпынша алу математика ғылымында жетіп
артылады. Мысалы, математика саласы әдебиеттерінде грек тілінен енген,
логарифм, трапеция, геометрия, параллель; латын тілінен енген: медиана,
синус, косинус, сектор; араб тілінен енген: цифр т.с.с. терминдер аударусыз
алынған. Бұл терминдердің қазақша баламалары да бар, бірақ ойланып қадам
жасау керек.
2. Әр ұлт тілінде аударылып жүрген терминдерді қазақ тіліне де
аудару математикада да жүзеге асырылған. Мысалы, а) санның квадрат
түбірі, б) сандарды қосу, в) матрица ізі т.б. терминдерді әр ұлт өз тіліне
аударып жүр.
3. Әртүрлі ғылымсаласында кездесетін терминдерді бірыңғай
қалыптастыру қағидасы да математикадан орын алған. Мысалы, а) түбір
термині – математикада, лингвистикада және биологияда, б) сфера, бойлық,
ендік терминдері – математикада және жағрапияда, в) операция термині –
математикада және медицинада, г) монотондылық, гармониялық терминдері
математикада және музыка теориясында кездеседі.
4. Бір жағдайда терминдік мағынасы бар, ал екінші жағдайда жай сөз
түрінде кездесетін атаулар бар. Оларды терминдер ретінде аудармай,
ал жай сөз ретінде аударып қолдану тұжырымы математикалық
терминдерде аз да болса кездеседі. Мысалы, функция – математикада –
157
термин, сол қалпында қолданып жүрміз, алкүнделікті өмірде – атқарылатын
қызмет. Дәл осындай мағынада «аргумент» атауы қолданылып жүр.
5. Халықаралық терминдердің дыбысталуы (айтылуы) мен
жазылуы жайында олардың орысша айтылуы мен жазылуының
басшылыққа алынуы және жазу мәселесінде қазақша әліпбидің бар
мүмкіндігін пайдалануы хақында мысалдар өте көп, сондықтан оларды
келтірудің қажеті бола қоймас. Ал басшылыққа басқа тілді алмай, орыс тілін
алуымыз бодандық саясаттың тіл біліміндегі ізі, тарихи тағдырымыз деп
түсінеміз.
6. Терминдерді аударуда олардың ғылыми мәндерінің дәл берілуін
қадағалау; қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін сақтау;
терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір болмау
қағидаты – аудармаға қойылып жүрген орынды талаптар. Мұны
аудармамен айналысып жүрген әрбір маман орындауы керек.
7. Есім және есімденген етістік формаларындағы халықаралық
терминдердің сол түрінде алынуы. Орысшада -изация, -ификация, -ация
жұрнақтарымен келетін терминдерді қазақшада оларға сәйкес қазақша
жұрнақтар жалғанып алынуы, ал -ский, -ный жалғаулары арқылы жасалған
анықтауыш сын есімдер қазақшасында қысқартылып алынуы туралы
жоғарыда айтылды. Математикада алғашқы үш жұрнақпен берілетін
терминдер
сирек
кездеседі.
Дегенмен,
математикаландыру
(математизация),
компьютерлендіру
(компьютеризация),
нөмірлеу
(нумерация), дифференциялдау (дифференцация) сияқты сөздер жұмыс
барысында кездесіп отырады. Соңғы келтірілген анықтауыш сын есімдік
жалғаулары бар орысша терминдер математикада жиі кездеседі. Олардың
негізі осы қағидатқа сай аударылған. Мысалы, параллель түзулер
(параллельные прямые), квадрат матрицалар (квадратные матрицы), куб
теңдеулер (кубические уравнения), бүйір жақ (боковая грань) т.с.с.
Дегенмен, бұл ереже сақталмай қалыптасқан терминдердің де
кездесетінін
айта
кетейік.
Мысалы,
ондық
жүйе
(десятичная
система),аналитикалық функция (аналитическая функция), арифметикалық
прогрессия (арифметическая прогрессия), дифференциалдық теңдеулер
(дифференциальные уравнения) т.б.
8. Халықаралық терминология тәжірибесінде қолданылып жүрген
кейбір -ист, -изм суффикстері мен ре-, син-, де-,анти-, контр- тәрізді
префикстерді қазақ тіліне қабылдау математикада да баршылық.Мысалы,
антилогарифм, антипараллель, контрмысал, апериодты, арксивус т.б.
математикалық атаулар бар. Сондай-ақ, гомеоморфизм, изоморфизм т.б.
терминдер де қазақшада өзгеріссіз алынып жүр.
9. Қысқартылған күрделі сөздердің, мысалы, автожол,
авиақатынас, аэрошана тәрізді терминдерді қабылдау – қазақша
сөзжасамдағы
алғашқы
қадамдар.
Математикада
автотербеліс
(автоколебания), автоморфты функция (автоморфная функция) т.с.с.
терминдер кездеседі.
158
10. Біріккен күрделі сөздер: саяси экономия, ауатком (аудандық
атқару комитеті) тәрізді сөздер қазақ тілі заңдылығына орай
жасалынып, қолданысқа Мемтерминкомның бекітуімен енгізілді.
Бұл тармақтағы өмір өзгерісіне байланысты жаңа терминдерді
практикалық тіл талабына сай ықшамдап енгізу орынды шарт деп білеміз
және сөзжасам мәселесі тағы да көтеріліп отыр. Жаңа терминдерді енгізуде
мемлекеттік үйлестіру жұмыстары– практикалық қажеттілік.
Осы келгірілген түсініктеме-мысалдардан профессор Қ.Жұбанов
тағылымы математика терминологиясының қазақша қалыптасуына терең
бойлай енгенін көреміз. Бір қарағанда, оның термин туралы жазған еңбектері
көп емес. Атап айтқанда, «О специфике слов-терминов» (1933), «О
терминологии казахского литературного языка» (1935), «Принципы
терминологии
казахского
литературного
языка,
принимаемые
государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской
орфографии» (1935) деп аталатын еңбектерін атауға болады. Алайда осы
саусақпен санарлық еңбектердің ғылымдағы жүгі қаншалықты десеңізші!
Ғалым бұл еңбектерінде емле ережелерінің дұрыс түзілмеуінің
салдарынан бірнеше жыл бойы қаншама терминнің сан түрлі үлгіде жазылып
жүргеніне күйінеді. Сауатты жазудың тірегіне айналудың орнына, анархияны
үдетіп отырған бұл жағдайдың себеп-салдарын зерттеп, одан шығудың
жолдарын қарастырады, ғылыми термин сөздерге қойылар талаптың басты-
басты шарттарын анықтап береді.
Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, олардың
лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін қолға таяқ ұстатқандай
етіп көрсетіп береді. Анықтаманы сол түпнұсқадағыдай түрінде ұсынамыз:
«Термином называется специфический вид определенных словесных
обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном
этапе развития науки иреволюционной практики, причем передаваемые
термином терминологическоепонятие может не совпадать со словарным
значением, котороеприсуще данной словеснойвеличине в обыденной жизни»
(8, 273).
Осыдан аңғаратынымыздай, «термин» дегеніміз – белгілі бір кезеңнің
сөз әлеміндегі ғылыми атаулық кейпі. Бұл ғылыми ұғым осы сөздің
лексикалық мәнімен сәйкес келмеуі де мүмкін. «Атом», «психология»,
«яровизация» тәрізді терминдерді мысалға ала отырып, Қ.Жұбанов бөлінбес
ұғым деп жүрген бұл сөздер де қоғам дамуының кейінгі кезең сатыларында
әрі қарай бөлшектеніп, жаңа бір мән туындатып кеткенін әңгімелейді.
Мәдени революция кезіндегі әр алуан пікірталастар мен тартыстар,
көзқарастар негізіне қарағанда, сан түрлі жолдармен қилы-қилы пішінде
жасалып жатқан лексиканың бұл тармағын (терминдерді) елдің бәрі бірдей
түсініп, дұрыс қабылдай қоймаған. Жаңа өмірдің тілек-талабына орай ғылым
мен техниканың сан саласы бойынша толассыз еніп жатқан терминдер
тасқынын тоқтату қандай мүмкін болмаса, оларды бірден сол қалпында
қабылдап, халық қолданысына енгізе қою да оңайға түспеген. Тіл дамуында
159
етек алған бұл құбылысты ешқандай қараусыз, қадағалаусыз қалдыруға
болмайтынын бірден аңғарған ғалым бұл үдерісті бүкіл аумағымен алып,
оның даму арналары мен көздерін түгел көрсетеді. Әлгіндей көзқарастар мен
таным аласапыранында бұл проблеманы аса біліктілікпен талдап, ол
жөніндегі түсінік қандай болу керек дегенді ол кезде Қ.Жұбанов қана айта
алды.
Ол осы сала бойынша ізденушілердің, пікір қозғайтындардың ғылыми
тұрғыда қандай бағыт ұстануы қажет екенін танытар ой өрбітті. Өйткені
адамның ақыл-пайымына сыйымды іс-әрекеттің алуан саласын айрықша
дамыта түскен жаңа қоғам жұртшылықтың білуге деген құштарлығын
арттырған ғалымдар тарапынан елеусіз қалуы мүмкін емес-тін. Жаңа ұйым,
жаңа түсінік қазақ тілінің сөздік құрамын айрықша қозғалысқа салып, осы
заман іс-әрекетіне лайықты шапшаң қарқын берді. Сан ғасыр сүрленіп,
сандық түбінде жатқан талай қазақ сөзі қайта жаңғырып, жаңа сапаға көшті.
Сөйтіп қоғам дамуындағы заңды құбылыстар нәтижесі ретінде пайда болған
лексикамыздың мүлде жаңа қабаты – термин сөздер табиғатын Қ.Жұбанов
сынды ғалымның түсіндіріп беруі – ғылыми ой-пікірдегі бір адым ілгері
басқандық болатын.
Шынында, әуелі термин дегенді анықтап алмай тұрып, оның ғылыми
мәселелерін қарастыру мүмкін емес қой. Қ.Жұбановтың алдымен анықтама
берудегі көздеген мақсаты осы болатын. Терминнің анықтамасы берілгеннен
кейін, термин жасау жөнінде белгілі дәрежеде жүйе бола бастайды. Неге
десеңіз, терминология технологиясын жолға салып, бақылап, тіпті басқарып
отыруға мүмкіндік туды. Ғалымның аталмыш мақаласының ең басты маңызы
– осында. Мақалада тағы бір құнды пікір термин аудару мәселесіне
байланысты ойлар деп білеміз. Ол ортақшыл /коммунист/, пішіндеме
/геометрия/, жан жүйесі /психология/ т.т. сөздердің қазақылығын сынға ала
отырып, ол жалпыға ортақ халықаралық терминдерді екінші тілге аударып
әуре болудың қажеті жоқ деп түйеді; мұндағы қателіктердің көбі
аударылмайтын дүниені аударудан, жалпыға ортақ сөздерді қазақшалаудан
жатады дегенді меңзейді және мұндағы қателіктің негізгі себебі терминді
емес, терминге телінген лексикалық мағынаны аударудан болып жататынын
түсіндіреді. Дәл осыған ұқсас әрекеттен біз күні бүгінге дейін арыла алмай
келе жатқандығымызды ойласақ, Қ.Жұбановтың бұл пікірінің өміршеңдігін
аңғарамыз.
Профессордың қазақ терминдерін жасауға тірек-негіз болған нәрсе не
екенін әңгімелейтін тұстары аса маңызды. Ол екі нәрсенің басын ашып
айтады. Оның бірі – көп ұлтты кеңес елінің бәріне ортақ халықаралық сипат
алған терминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақ тілінің
ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған терминдерді дұрыс қолдану. Ол термин
жасалу үдерісінде осы екі қағидаттың қатаң сақталуын талап етеді. Әртүрлі
ағым, түсінік өрши-өрбіген өткен ғасырдың 30-жылдарының басында мұндай
кесімді пікір айту батылдықпен бара-бар болатын. Әсіресе, грамматиканы
«тіл танытқыш», теорияны «қисын», базисті «түптірек», варваризмді
160
«қотырсөз», стилистиканы «тіл қисыны», циркульді «жезбе» деп алып,
лексиканы «сөз кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп
тұрған тұста туған мұндай батылдыққа тәнті болмай тұра алмаймыз.
Міне осыдан былай қарай қазақ жазуында сәл де болса жүйелілік пен
сауаттылық негізі қалана бастады. Себебі бұл қағидаттар Қ.Жұбановтың
ойдан шығарған туындысы ғана емес, қазақ терминдерін жасауға себеп
болған негіздерден құралған заңды жалғастық болатын. Сөйтіп терминжасам
қағидатында ұстанатын негіз қаланды, халықаралық терминдер мен төл
терминдерді іске жаратудың, дұрыс жазудың бірыңғай жүйесі жасалды.
Термин сөздерге жалғануға тиісті қосымшаларды, әсіресе орыс тілінен енген
қосымшаларды қолданудың тәртібі қалыптасты. Мұны сауаттылық
қарекетімізді өзгеше сапаға көтерген саналы әрекеттің бірі ретінде бағалауға
тиіспіз.
Қ.Жұбанов терминология мәселесін қарастыруда жоғарыда сөз болған
бірер мақаламен ғана шектеліп қалмаған. Қазақ тілінің қандай бір
проблемасын сөз етпесін, ол әрдайым терминология мәселесін назарында
ұстайды. Әсіресе әліпби мен орфография мәселесін тексергенде, пікіріне
термин сөздер табиғатын тірек етіп, бұларды байланыстыра біріне-бірін
ұштастыра қарайды. Мәселен, оның жоғарыда көрсетілген орфография
мәселесіне арналған екі мақаласының екеуі де терминологияға тікелей
қатысты. Мұнда ол латын жазуына негізделген қазақ емлесінің кемшілігіне
байланысты аяқ алып жүруге болмайтын қателерге талдау жасайды. Әсіресе,
орыс және интернационалдық терминдерді жазу барысында бой көрсеткен
былықтардың сан түрін көрсетеді. Panetijke, revolutsija, gymija тәрізді
терминдердің жазылуындағы өрескелдіктерді талдай келе, бұлардың өріс алу
себептерін іздестірді. Оның себебін табады да. Сөйтіп одан құтылудың, оны
болдырмаудың жолын қарастырады.
Аталған еңбектердегі өрбітілген ойлар мен қағидаға бергісіз
тұжырымдар Қ.Жұбановтың тілдің табиғи тыныс-тіршілігін, өріс-өзегін
мейлінше терең сезінген дарынды лингвист, білгір терминолог ғалым екенін
дәлелдейді. Мұның құндылығының тағы бір себебі – терминология
мәселесінің ғылыми тұрғыда тұңғыш сөз болуында. Осыдан былай қарай
қазақ терминологиясы, үздік-создық болса да, ғылыми зерттеу объектісіне
айналды деп айта аламыз. Соның бастауында тұрған Қ.Жұбановтың
терминология саласындағы бұл еңбектерін қарастыру арқылы біз қазақ
тілінің терминологиялық жүйесінің жасалу, даму, қалыптасу іздерін,
жолдарын, тарихын дұрыс түсініп, дұрыс бағалай білеміз деп түюге болады.
XX ғасырдың басы қазақ тіл білімінің ерекше даму кезеңі
болды.Профессор Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық мұрасын сан қырынан
алып қарастырған кезде, оның ерекше назар аударатын бір саласы
лингвистика терминологиясы болып саналады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілі
мен әдебиеті терминдерін жасап, қалыптастырушы болса, оны ғылыми
объектіге айналдырған Қ.Жұбанов болды. Яғни қазақ лингвистикасында
терминология
ғылымын
жасап,
оны
қалыптастыру
бағытындағы
161
Қ.Жұбановтың ізденістерін өз ішінде екі топқа бөліп қарауға болады: Оның
бірі – ғалымның А.Байтұрсынұлы енгізген терминдерді өзгертпестен
қабылдауы немесе оны жетілдіріп, дамытуы болса, екіншісі – Қ.Жұбановтың
өз үлесіне ғана тиісті терминдер болды.
Лингвистикалық терминдерді қолданудағы жоғарғы талапшылдық,
қолданылатын терминнің өзі белгілейтін категориялар мен құрылымдарды
дәл ашып көрсетуі, лингвистикалық терминдердегі уәжділік, таңдап алынған
терминнің қысқа, қолданысқа оңтайлы болып келуі –осының барлығы
профессор Қ.Жұбанов пайдаланған лингвистикалық терминологияға тән
қасиеттер. Біз бұл еңбекте ғалымның өз пайымдауынан шыққан, өз
қаламынан туған терминдерге тоқталмақпыз.
Профессор
Қ.Жұбановтың
қолданған
терминдік
аппаратына
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев былайша баға береді: «Алғыр ойлы қазақ
білімпазы Құдайберген қазақ тіл білімін зерттеймін деп жүріп, ғылым
тереңінде жатқан асыл ойды түптен тартып жарыққа шығарғаны айқын.
Оның қолданған термині де орынды. Біз осы күні негізгі сөздік қор (основной
словарный фонд) дегенімізді Құдекең «ядро» дейді де, біздің «сөздік құрам»
(словарный состав) дегенімізді ол «инвертарь» дейді. Құдайбергеннің
түсіндіруі бойынша сөздік құрам – құрылыс материалы болғанда, әрі біріне
бірі қосылмай, цемент болып бірікпей, кірпіш болып құйылмай, құр үюлі
жатқан құм, тас, топырақ емес. Бұл дайындалып, әзір тұрған керекті жерге
қалай қоятын инвертарь деуі өте орынды айтылған қорытынды» (23). Иә,
әліпби, орфография, терминология мәселесін қалыпқа түсірмей, ешбір халық
сауатты бола алмайтынын түсінген профессор өзінің күш-жігерін осы салаға
да жұмсаған. Терминологияның даму арналары мен көздерін түгел көрсетіп,
бұл проблемаға аса біліктілікпен барған.
Ғалым «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) және алуан тақырыпта
жазылған теориялық еңбектерінде қазақ тіл білімінің кейбір терминдерін
түзіп, оларға талдау жасады. Лингвистикалық терминдердің жасалу
жолдарын, сөздің лингвистикалық және терминдік ұғымдары болатынын
дәлелдей отырып, қазақ тіл білімінде тұңғыш рет терминологияны салиқалы
ғылым деңгейіне көтерді.
Проф. Қ.Жұбанов тілімізде бұрыннан бар кейбір терминдерге жаңа мән
берді. Мысалы, қазіргі қазақ грамматикасындағы хабар сазды сөйлем
(қазіргіше – хабарлы сөйлем) терминін де алғаш енгізген Қ.Жұбанов
болатын. Бұл термин о баста аңызды сөйлем түрінде қолданылған. Аңыз
деген сирек қолданылатын сөз болғандықтан, аңызды сөйлем деп аталып
жүрген түрді хабар сазды сөйлем терминімен ауыстырғандағы басты мақсат
ғалым «оңайына, ұғымдысына қашқандық» деп көрсетеді. Шындығында, бір
нәрсенің болғаны жайлы хабарлайтын немесе баяндайтын сөйлем түрінің
«аңыз» сөзімен қабыспайтыны көрініп-ақ тұр. Оның үстіне аңыз сөзінің
мағынасы жұрттың көбіне анық емес. Осы орайда ғалым термин жасаудың
бір ерекшелігі ретінде термин арнаудың мағынасы тек бір категорияны
екінші категориядан айыру ғана емес, нендей категория екенін де өзі айтып
162
тұратын қылу, категорияны түсінуге де атсалысу деген байлам жасайды (78,
190-198). Бұл терминді 1936 жылы жарық көрген оқулығында Қ.Жұбанов бұл
терминді хабар сазды сөйлем түрінде алады. Осы қолданыс негізінде қазақ
грамматикасында хабарлы сөйлем термині қалыптасты.
Ғалымның әрбір терминді пайдалану барысындағы терең теориялық
білімділігіне, жоғары сезімпаздығына таңданасың. Ол бүгінде түрлі
оқулықтар мен оқу құралдарында тұйық етістік, тұйық рай, қимыл есімі
атауларымен беріліп жүрген, әлі күнге өзіндік дербес терминологияға ие бола
алмай келе жатқан етістіктің түрін тұйықша терминімен белгілейді. Есімше,
көсемше, қосымша, сызықша терминдерінің үлгісімен жасалған тұйықша
термині тұйық етістіктің барлық қасиеті мен болмысын өте дәл ашып
көрсетіп
тұр.
Кезінде
орыс
тілі
грамматикасының
үлгісімен
(«неопределенное наклонение») алынған тұйық рай, тұйық етістік
терминдерінен, өкінішке орай, қазақ грамматикасы әлі арыла алмай келе
жатыр.
Ғалымның қазақ тілінің синтаксисі саласында да қолдануға ұсынған
бірнеше термин сөздері бар. Ол құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем»
терминімен белгілейді. Синтаксис жүйесін зерттеуде Қ.Жұбанов дыбыс сазы
терминін қолданады. Біз бұл қолданысты қазіргі интонация терминінің
баламасы деп түсінеміз.
Алайда, ғалым қолданған саз сөзі сөйлемнің семантикасын,
функциясын, құрылымын ажырататын терминнің орнына алынып тұр. Демек,
ғалым қолданған дыбыс сазы терминінің ауқымы бүгінгі біз қолданып
жүрген интонация терминінен кеңірек болып шықты. Қ.Жұбанов «сөз
тіркесі» ұғымын сөз қиыны терминімен белгілеуді ұсынады. Ғалымның сөз
тіркесі саласындағы жетістігі – жетек сөз бен жетекші сөз терминдері.
Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисінде осы терминдер керек-ақ.
Алайда оның ұсынған барлық терминдерін сәтті, ұтымды деп санауға
болмайды. Мысалы, оның толықтауыш пен анықтауышты «айқындауыш
мүшелер» деп алып, олардың қатарынан пысықтауыштың шығарылып
тасталуын сәттілік деп санау артық болар.
Қ.Жұбанов айқындауыш мүшелерді формасына қарай екі түрге
жіктейді: жалғаусыз түрі – анықтауыш, жалғаулы түрі – толықтауыш
терминдерін иеленген. Қ.Жұбановтың бұл тұрғыдағы терминдерін
қарапайым түрде былай түсінуге болады: сөйлемде баяндау қызметін
атқарып тұрғандығына қарай, баяндауыш деп аталған сияқты, басқа
мүшелерді айқындап тұратын мүше – айқындауыш мүше. Бұлжердегі
анықтауыш, толықтауыш секілді сөйлем мүшелері сұраулар арқылы емес,
формалық жағынан ажыратылады.
Айта кететін тағыбір жайт – айқындауыш деген термин қазіргі
грамматикада да бар, бірақ ғалымныңтұрлаусыз мүшелерге берген атауы
есебінде емес, өзінің анықтайтын сөзінен грамматикалық тең байланыста
тұратын сөйлемің шартты бағыныңқы мүшесі болып саналатын сөйлемнің
163
тұрлаусыз мүшелерінің бірі анықтауыштың ерекше бір түрі ретінде саналады
(78, 190-198).
Автор «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде бірде бұрынғы
терминдердің орнына жаңа терминдер алынса, енді бір жерде кейбір
терминдер бұрынғы мағынасында емес, басқа мағынада алынады. Мысалы,
жұрнақ терминін үстеу терминімен ауыстыруын ғалым былайша
түсіндіреді: «Жұрнақ деген қазақ тілінде ескіден қалған, ескі уақыттағы
түгел бір нәрсенің сарқыншағы, қалдығы деген мағынада. Жұрнақтар
бұрынғы кезде түбір болған. Ол түбір сөздер түбір сөздердің
шылауында жүре-жүре тозып, мүжіліп, бұрынғы кейіптен айырылған.
Сондықтан ол бұрынғы түбір мағынасында емес, сөзге қосымша болып,
қосылып қана жүретін болған».
Сол себептен жұрнақ дегенді бұрынғы түбір сөздің жұрнағы деген
ұғымда алып, қосымшаның белгілі бір түрін атаған болар деген байыпты
түсіндірмелер бере отырып, «бұрынғы қазақ тілінің қосымшаларын тексеріп,
олардың төркіні табылған жоқ еді», – дей келе, бұрынғы оқымыстылар
жұрнақты түбірдің жұрнағы екендігі сипатында атағанына күмән келтіреді.
Жоғарыдағыдай түбір сөздің қалдығына, жұрнағына айналған тек
жұрнақтар ғана емес, осы күнгі жалғаулықтар, шылаулар да бір кездері
өз алдына сөз болған.
Сондықтан бұл термин жұрнақтың өзгешелігін, өзге қосымшалардан
басқалығын ашып бере алмайды деген байыпты байлам жасайды. Қ.Жұбанов
мұндай қосымшалардың қызметі өзі жалғанған түбірге жаңа мағына
үстеу ғана болғандықтан, осы мағына үстейтіндігін көрсету үшін,
үстеу терминімен атаған. Сонымен қатар, ғалым бұл жерде сөз формасына
тағыда назар аударады. Қосымшалардың екі түрінің егіздігін көрсету үшін
олардың грамматикалық, морфологиялық жағынан формалануы біртүсті
болғанын қолайлы көрген (жалға+у, үсте+у). Қ.Жұбанов бұрынғы
үстеу құрамында болып келген сөздерге толық талдаулар жасай отырып,
олардың бірқатарын сөйлемге мүше бола алмайтын, тек басқа түбір сөзге
қосылып қана жүретін сөздерді қосалқы терминімен атап, оларға аяқ қосалқы
(сайын, таман, есе, арқылы) және дәйек қосалқы (ең, тым, нақ) деген жаңа
термин берген. Дәйек қосалқылар бұрынғы грамматикада нықтаулық үстеу
деген терминмен аталып үстеу табына жатқызылған (78, 190-198).
Ал аяқ қосалқылар бірде үстеу, бірде жалғаулықтарға, бірде
демеуліктерге
қосылған.
Сөйлемге
мүше
бола
алмайтын
сөз
мүшелерін(Қ.Жұбанов «сөз таптары» терминінің орнына қолданған –
С.Құлманов) сөйлемге мүше бола алатын сөз таптарымен теңестіруге
болмайтындығын ғалым көрсете келе, олардыүстеуден шығарып теориялық
жағынан да, практикалық жағынан да дұрыс шешім қабылдаған. Сонымен
қатар бұрынғы бірде демеу, бірде жалғаулық, бірде үстеу қатарына қосылып
жүрген бірқатар сөздер жаңадан жалғауыш, үстеуіш деп аталған. Алайда
әрбір сөзді өз атауымен орналастырды дегенмен, кейбір сөздердің екі
терминмен аталғандығыбайқалады (78, 190-198). Мәселен, үшін, сайын
164
сөздерін «да», «мен» сөздерімен қосып жалғауыш деп атаса, қосалқы
сөздерді түсіндіргенде аяқ қосалқы терминін телиді.
«Жаңа грамматикадағы» «түп мүше», мен «жамау мүше» деген
терминдер қазіргі түбір сөз және қосымшалар мен үстеулердің баламасы
(жамау мүше) болып табылады. Сөз құрамындағы морфемалардың орналасу
тәртібін ғалым былай көрсетеді:
1. Үстеулі сөз – жеңіл-дік
2. Жалғаулы сөз – жеңіл-ге
3. Жалғауыш қосалқы сөз – жеңіл-де
4. Аяқ үстеуішті сөз – жеңіл ғой
5. Дәйек үстеуішті сөз – тым жеңіл.
Сөзде жамау мүше біреу болмай, бірнешеу болғанда, мынадай
тәртіппен орналасады:
Ең баста – дәйек үстеуіш (тым)
Екінші орында – түбір (жеңіл)
Үшінші орында – үстеулер (-дік)
Төртінші орында – жалғау (-ке)
Бесінші орында – жалғауыш (шейін)
Алтыншы орында – аяқ үстеуіш (-ақ).
Жаңа грамматиканың бірқатар басқаша келетін жері – қосар сөздерді
баяндауы мен олардың терминінде. Бұрынғы «қос сөз» термині «қосар
сөздер» терминімен өзгертілген. Автор бұлай өгерту себебін «қос» деген
сөздің түпкі мағынасына сай түсіндіреді: «Қазақ тілінде қос деп қосылып
бітіп қалған нәрсені айтады. Қосарлы жазылмайтын болып, жаңадан
қосылмайтын, әуелден туа бітісінен қосақталып біткен нәрсені ғана қос
деуге болады. Сондай қосарлы жазылмайтын, бір бөлек те сөздер болады.
Соларды қос сөз деуге болар еді. Біздің қосар деп отырғанымыз, ондай
қосары жазылмайтын сөздер емес. Қолдан қосақталып, қолдан
ажыратылатын жанды құбылыс», – деп тілдік құбылыстың нәзік
қабаттарын түсіндіруге тырысқан ғалым қос, қосар түбірлес сөздердің
термин болуға қайсысы ұтымды екенін дәлелдейді. «Жаңа грамматикада»
сөзді қосарлап айту қосымшада жалғанған сияқты сөз тудырудың бір түрлі
амалы деп түсіндіріледі. Сөздердің қосымшалануы бірде болып, бірде
болмайтын өзгермелі құбылыс болғаны сияқты, қосарлануы да – бірде пайда
болып, бірде ажырап кететін нәрсе.
Сондықтан «сөздің қосарлануын қосақталып біткен нормалардан
айыру үшін қос сөз деп атағаннан гөрі қосар сөз деп атауды дұрыс көрдік»
деп жазды ғалым. Сонымен бұрынғы грамматикалардағыдай қосар сөздердің
жіктелуі мен оларға берілген терминдер өзгеше болып келген. Бұрын қосар
сөзді жалпыланғыш қос сөздер (аяқ-табақ, төсек-орын), жалқылағыш қос
сөздер ( белбеу, бет орамал) деп жіктеген.
Қ.Жұбанов морфология мен синтаксис қарайтын мәселелердің басын
ашып көрсете отырып, мұндағы белбеу, қолғап сөздерін біріккен сөздер
қатарына енгізген. Бет орамал сөзін, теміркүрек, ағаш қасық сөз тіркестері
165
сияқтыларды синтаксистің қарамағына береді. Кіріккен сөздер – заңсыз қосар
сөздер, заңды қосынды дей келіп, қосар сөздерді түрліше терминдермен
төмендегідей жіктейді:
1. Теңдес қосар (аяқ-табақ, бала-шаға)
2. Сөздес қосар (биік-биік, жылы-жылы)
3. Матаулы қосар (бетпе-бет, кезбе-кез)
4. Тіркеулі қосар (жігіт-мігіт, шай-пай)
5. Қосақты қосар (қып-қызыл, сап-сары).
Ал қазіргі тілімізде қосар сөздер қос сөз терминімен қайта аталып,
жасалу тәсіліне қарай қайталама (биік-биік) және қосарлама қос сөздер
(қысы-жазы, күні-түні) болып жіктеген. Автор қосар сөздердің әрбір түріне,
беретін мағынасына сәйкес айырым айдар тағып, жеке-жеке терминдермен
атаған. Түрлі ғылыми түсініктермен толық дәлелденіп, нақтылыққа ие болған
осы тәріздес терминдерді саралай отырып, кейінгі грамматикаларда бұл
терминдерді басқаша атау қажет деген мақсаттардан туғандығын айта
кеткеніміз абзал.
Ғалымның кіріккен сөздерге (қазіргі қазақ тілінде біріккен) берген
терминдерді және ол сөздердің ерекшелігін толық талдап беруі көкейге
қонымды. Еңбекқұн, белбеу, қолғап, ашудас сияқты кіріккен сөздердің жасалу
тарихын, кірігу ерекшелігін жан-жақты көрсете келіп, оларға жалғасулы
кіріккен және қиюлы кіріккен деген терминдербере отырып жіктейді. Қазіргі
тілімізде қысқарған сөздер терминімен аталатын қиюлы сөздер сөз жасаудағы
күрделі мәселелердің бірі десе болады. Қ.Жұбанов қиюлы сөздердің
құрылысынбылайша бөледі:
а) буын қиюлылар (Қазатком – Қазақстан аткару комитеті)
ә) әріп қиюлылар (ХКС – Халық комиссариатының советі)
в)аралас қиюлылар (ҚазПИ – Қазақстан педагогика институты).
Қ.Жұбанов қиюлы сөздер құрамында біріккен сөздер де,
қысқарған сөздер де болатындығын ескеріп, барлығын «қиюлы сөз» деген
ұғымның аясына сиғызған. Қосымшалар тарихына талдау жүргізе отырып,
ғалым тілімізде болатын өлі түбір және қосымша деген ұғымдар ұсынады.
Күрес, жарыс сөздеріндегі күре, жар деген түбірлерге өлі түбір деген
термин берсе, қолданудан шығып қалған қосымшаларды (ерте+ң, сона+ра)
өлі қосымша деп атайды (78, 190-198).
Сөйлем мүшелері ретінде автор өз тұсынан сөз қиыны, олқы сөйлем,
сөздің бұрма күйі тәрізді жаңа, өз ойынан шыққан терминдерді ұсынған, ал
автордың жалғауыштар деген термині қазіргі кезде жалғаулық аталуда.
Проф. Қ.Жұбановтың өз қаламына тән терминдердің бір парасы қазақ
тіл білімінің фонетика саласына қатысты. Ғалым дауысты дыбыстарды үш
тапқа жатқызады да, оларды толық дауыстылар, қосынды дауыстылар,
келте дауыстылар деген терминмен атайды.
Дыбысының созымды-созымсыздығына қарай дауыссыздарды екіге
бөліп, үздікті, үздіксіз деген термин ұсынады. Үздікті дауыссыздарды
жасалуына қарай, жабысыңқы дауыссыз, жуысыңқы дауыссыз деген
166
терминмен атаған. Ал жуысыңқы дауыссыздарды дыбысталуына қарай а)
сыбыр дыбыстары, б) сыбыс дыбыстары деген. Сонор дыбыстардың
түрлерінде анықтау ретінде, тура жолды сонор, айналма жолды сонорлар,
мұрын жолды айналмалы сонорлар деген терминдерді де қолданған.
Буынның түр-түрін анықтау барысында проф. Қ.Жұбанов тұңғыш рет
ғылыми дәйекті зерттеу барысында олардың алты түрі барын анықтап,
әрқайсысын нақты терминмен атайды. Олар: 1) жалаң буын, 2) ашық буын,
3) жеңіл тұйық буын, 4) жеңіл бітеу буын, 5) ауыр тұйық буын, 6) ауыр
бітеу буын.
Қ.Жұбанов еңбектерінде дыбыстарға сипаттама бергенде төл
терминдерімен қатар халықаралық терминдерді де қолданған:сонор,
вокализм, консонантизм, аффрикат, дифтонг, трифтонг, резонатор,
палатализация, детерминатив, ритм, темп, фальцет, гармония, амплитуда
т.б.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен
лекциялар» атты әйгілі еңбегінде қолданған жаңа терминдері – бір төбе. Онда
дыбыс физиологиясы, детерминатив (бөлу), дыбыстардың жіктелуі,
үнсіздер физиологиясы, дыбыстық күші (амплитуда), дыбыстардың бөлінуі
(таптастырылуы), ән, жуықтық тенденциясы, аулақтық тенденция, негіздік
мағына, сөйлем мүшелерінің тарихы, говор (диалектінің ұсағы), наречие
(диалектінің ірісі), таптасқан сөздер, таптаспаған сөздер, шаруашылық
одағайы, көңіл одағайлары, қатынас одағайы, мезгіл-мекен есім, орынбасар
есім.
Профессор Қ.Жұбановтың программа мен методика мәселелері
бойынша жазылған еңбектеріндегі тілтанымдық терминдерінің де ғылыми
маңызы зор. Ғалым осы салаларға қатысты буын жігі, буын түрлері,
буындардың кірігуі, сөздің буын құрылысы, есімдер (зат есім, сан есім, сын
есім, мезгіл есім), меңзес септеу, септелулі зат есім, теңдес септеу, көптік
үстеуі, реттік үстеуіш, кесімді араластырмалы шырай, салыстырмалы
шағын шырай, үстеулі шырай, мезгіл есім, етістіктің түрлері, тұйықша
етістік (мезгілін ашпай, тұйық қалдырады), тел есімше (шағын білдіреді),
сүйеншек есімше, көсем есімше немесе көсемше, айғақ өткен шақ, аулақ
өңді, мойындау өңді өткен шақ, күмән өңді, айғақ баяғылық, аулақ баяғылық,
әдетше баяғылық, опық баяғылық, арман баяғылық, кесімді келер шақ,
тілекті келер шақ, дағдылы осы шақ, дәл осы шақ, жалпы осы шақ, кәдімгі
осы шақ, қазіргі осы шақ, әзіргі осы шақ, анықтау есімдігі, алалау есімдігі,
қимыл есімдігі, барыс жалғаулы септестер, табыс жалғаулы септестер,
шығыс жалғаулы септестер, жатыс жалғаулы септестер, құрал жалғаулы
септестер, меңзес жалғаулы септестер, теңдес жалғаулы септестер,
іліктес сөздер, шақтас сөздер, жанас сөздер қабыс сөздер, ереуіл салалас,
талғама салалас, себеп-салдар салалас, шарт-жағдай салалас және т.б.
терминдерді қолданған.
Жұбановтанушы
М.Миров
ғалым
қолданған
лингвистикалық
терминдерді былайша топтастырады: 1) интернационалдық терминдер
167
(фонетика,
грамматика, морфология, синтаксис, семантика); 2)
интернационалдық сөз бен төл сөздің тіркесіп келуі арқылы жасалған
терминдер (жалпы морфология, субстанивтенген сөз, адъективтенген зат
есім); 3) қазақ тілінде жасалған терминдер (жетек сөз, тұйықша, сүйеншек,
қосар, қиюлы сөз, жалғауыш т.б.) (78, 190-198).
Профессор Т.Жанұзақ 1954 жылы Ленинград қаласында ғылыми
іссапармен болған кезінде СССР Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі, әйгілі түркітанушы, профессор, Қазақ КСР-ның ғылымына еңбек
сіңірген қайраткері, кезінде проф. Қ.Жұбановтың ұстазы болған
С.Е.Маловтан ғалымның (Қ.Жұбановтың) орта мектептің 5-класына арналған
«Қазақ тілінің грамматикасы» (1-бөлім, 1936) атты оқулығын бір күнге ала
тұрып, ондағы бірқатар лингвистикалық терминдерді жазып алғандығын,
алайда оны толық көшіріп алуға үлгермегендігін айтады.
Қ.Жұбанов еңбектерінде кеңінен қолданылған, автордың өз ақыл-ой,
парасат-болмысы мен ғылыми зерттеу ізденістерінің нәтижесінде жасалған
жаңа терминдердің кейбіреулері қазіргі тіл білімі саласында күні бүгінде
қолданылып, лингвистикалық сөздіктерде, оқулықтар мен оқу құралдарында,
әдістемелік бағдарламаларда кеңінен қолданыс тауып жүргені хақ. Мысалы,
проф. Т.Жанұзақов 1936, 1948 және академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов
1956, 1966 жарыққа шығарған «Орысша-қазақша лингвистикалық сөздікте»,
профессор Э.Д.Сүлейменованың жалпы редакциялық басқаруымен 1998
жылы жарық көрген «Тіл білімі сөздігінде» де профессор Қ.Жұбанов
еңбектерінде
қолданған
және
өз
тұсынан
жасап,
қалыптасқан
лингвистикалық терминдердің кездесетіндігін айтады.
Дегенмен, проф. Қ.Жұбанов ұстанған лингвистикалық терминдердің
бәрі бірдей қолданысқа еніп кете қоймады және ол терминдердің бәрі бірдей
сәтті де бола қойған жоқ. Алайда, ғалымның лингвистикалық
терминологиясы қазақ тіл білімі тарихындағы маңызын жоймақ емес. Әсіресе
Қ.Жұбанов ұсынған (қолданған) кейбір терминдерді Мемлекеттік
терминология комиссиясында қарап, ретіне қарай бекітіп, кеңінен
қолданысқа енгізіп, қызмет аясын ұлғайтудың мәні зор екеніне дау жоқ.
Терминдерді реттеуге қатысты бір пікірінде профессор Қ.Жұбанов
ғылыми тәртіптің қажеттігіне баса назар аудартқан болатын. Ұстаз-ғалым
бұл ретте терминдердің сөздік байлыққа, тілдің грамматикасы мен емлесіне,
тіл мәдениетіне, жалпы бұқараның сауаттылығына, оқу-ағарту ісіне
қаншалықты ықпалы бар екендігін ескере отырып, көңіл бөлген еді. Егер
профессор Қ.Жұбанов айтқан «ғылыми тәртіпті» назарда ұстар болсақ, онда
қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикасына қосылып, айналымға түсе бастаған
жаңа сөздер, тың қолданыстарға, терминдерге зерттеу-анализ жүргізу,
олардың табиғаты мен ішкі айырым-сапаларын талдау қажеттігі көкейкесті
проблемалардың бірі екендігі дау туғызбайды.
Осымен байланысты қазақ тіл білімінде неология деп аталатын жаңа
ғылым саласының орныға бастағанын атап өткен жөн. Неология ғылымы –
дамыған тілдер жүйесінде біршама уақыттан бері орныға бастаған,
168
қарастыратын мәселе-бағыттары айқындалған жеке-дара сала. Сөз жоқ,
ағылшын, неміс, француз және орыс тіл білімінде тіл ғылымыныңөзге де
тармақтарымен тең түсіп отырған неология ғылымы қазақ әдеби тілі
жағдайында өздігінен өз бетінше немесе қандайда бір жарлық негізінде емес,
тіл дамуының өз талабымен, өз заңдылығынан туып отыр.
Неология – тіл ғылымындағы терминология мен неологизм
ұғымдарына ортақ, осылардың түйісуінен туындайтын ғылым,
оның аясына,
ғалымдардың көрсетуінше, «жаңа сөздерді, тың мағыналарды танудың,
олардың пайда болуының негізгі ішкі және сыртқы факторларын анықтау,
жасалу үлгілерін зерттеу, норма талаптары тұрғысынан ажырату, сұрыптау
қағидаттарын бекіту, лексикографиялық өңдеу (сөздіктер жасау және
нормативтік сөздіктерге енгізу межелерін белгілеу) тәрізді мәселелер» енеді.
Терминология қаттауы – арнаулы жұмсалатын аясы бар, ғылыми-өндірістік-
техникалық ұғымның атауын білдіретін, дефинициясы бар сөзді немесе сөз
тіркестерін зерттесе, неологизм тармағы тілдегі барша лексикалық
жаңалықтарды зерттейді, ал неология ғылымы осы салалардың
проблемаларын қамтиды. Яғни неология саласы:
- ғылым мен техникаға, экономика мен шаруашылыққа, оқу-ағартуға
қатысты өзге тілдік терминдердің қазақша аударма үлгілерінің
ерекшеліктерін (мысалы, психологая – жантану, анатомия – тәнтану,
зоология – жануартану, редактор – сарашы, клетка – жасуша және т.б.);
- қазақша терминдер мен қолданыстардың жасалу тәсілдерін;
- көршілес түркі халықтарының тілдерінен енген жаңа сөздердің
игерілуін (ұшақ, кеден, ақпарат);
- тарихи терминдердің, көнерген және сирек қолданыстағы
сөздердің әдеби тілге қайта оралу үдерісін (жарғы, жарлық, төраға, жәдігер
және т.б.);
- синонимдік қатарлардың, жарыспалы сөздердің дербес терминдік
дефинициялық ұғымдармен даралана бастауын (сұрақ – вопрос, сауал –
запрос, тәсіл – способ, әдіс – метод (осыдан әдіскер, әдістеме));
- сөздік құрамдағы бір алуан сөздердің соны лексикалық-
грамматикалық қызметпен көріне бастауын (мәселен, ақы, қағаз, жай, хат
тәріздес лексикалық бірліктердің жаңа сөз тудырушы қосалқы қызметті
иеленуін);
- қазақша күрделі номенклатуралық атауларды қазақша қысқартып
қолданудың қазіргі түрлерін (мысалы, ТМД);
- көркем әдебиет жанрларында кездесетін авторлық қолданыстардың
ерекшеліктері мен қызметін (ертеңгеш, ақылман, тұспалдама);
- бейтарап лексиканың кейбір үлгілерінің белгілі бір стильдік
тармақтың тілдік-стильдік ерекшеліктеріне қажетті, стильдік «қолтаңбасы»
бар тұрақты сөзге, қалыпты тіркеске айналуы үдерісін (қапер – қаперге
алынсын – принять к сведению; көздеу – заңмен көзделген –
предусмотренный законодательством);
169
- әдеби тілде пайда болып жатқан, бірнеше мәрте (немесе бір рет)
қолданысқа түскен соны атауларды тіркеуді, түзуді, ресімдеуді;
- жаңа қолданыстарды әдеби тіл нормасы тұрғысынан сұрыптауды;
- жаңа қолданыстардың жасалуына ықпал ететін ішкі және сыртқы
тілдік факторларды анықтауды қамтиды.
Міне осындай терминология жүйесі мен неологизм салаларының
түйіскен, тоғысқан тұсынан басталатын неология ғылымы турасындағы
ғылыми-практикалық жұмыстар енді-енді қолға алына бастады. Қазіргі қазақ
әдеби тіліндегі жаңа қолданыстарды топтастыра, жіктерге бөле отырып
бағалау, норма межелері тұрғысынан талқыдан өткізу – келешектің
еншісінде.
Достарыңызбен бөлісу: |