2. Қ.Жұбановтың «Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы
туралы» еңбегі жайында
Бұл еңбегінде проф. Қ.Жұбанов Қожа Ахмет Ясауидің кім екендігі
(аты, тегі (Яссауй деген сөздің шығуы), нәсілі), оның 95 толғауы,
философтың армандары, әлеуметтік көзқарастары, сондай-ақ «Диуани
хикметтің» жалпы мазмұны мен тілі туралы ой-толғамдарын ғылыми-
публицистикалық стильде баяндайды.
Ең басты ерекшелеп айтуға тура келетін жайт автор бұл мақаласында
аталмыш шығармадан мысалдар келтіре отырып, оның қазақшасын беріп
отырады, жекелеген сөздер мен атаулардың шығу тегіне, мағынасына терең
бойлайды.
Қожа Ахмет Ясауиді бұған дейін біржақты дін өкілі деп келсек,
профессор Құдайберген Жұбановтың аталмыш еңбегінен соң жаңа қырынан
танимыз. Мұны автордың өз сөзімен жеткізейік: «Кейбіреулер Хожа
Ахметті: «Ол кісі мистикаға салынған, бұл дүниеден түгелдей қол үзген
234
адам. Сондықтан, біздің қазіргі өміріміз үшін «Диуани хикмәттің» сөзінің
ешбір керегі жоқ», – дегісі келеді. Негізінде бұның өзі дұрыс пікір емес. Бұл
Хожа Ахметті дұрыс танығандық болмайды. Сондай-ақ, бұл тек Хожа
Ахметті ғана дұрыс танымағандық болып қалмайды, сонымен бірге бұл
адам қоғамының өсіп, өну тарихын түсіне алмағандық та болып
табылады».
Проф. Қ.Жұбанов «Диуани хикмәттің» мазмұн құрылысын идеялық
жағынан бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Мысалы, «оның бірқатар
толғауларының таза діни сарындағы үгіт-насихат болуымен бірге,
кейбіреулері діни үгіт үшін қажетті тарихи уақиғалар болып келеді, тағы
біреулері адамгершілікті дәріптейтін насихат түріндегі толғаулар
санатына жатады. Кейбір толғаулар өз кезіндегі қоғамдық құрылысқа тән
әлеумет теңсіздігіне зарлану, әлеуметтік өмірге сай әділетті құрылысты
аңсау, арман ету болып отырады. Сонымен бірге, бірқатар толғаулары
бақсылардың сарынындай айқай-қиқулы сарынға негізделген болып келеді.
Қандай мазмұнды толғау болса да, оның келіп тоқтар жері – құдайға
ғашықтық, шындыққа ұмтылу, құдайға қолын жеткізу, соның арқасында
өзін, өзіне ерген қауымды сарқылмас дәулетке, бақытты тұрмысқа бастау
деген өршіл идеямен суарылып отырады. Ахметтің бұндай асқақ идеясы –
фәни дүниедегі өзі жасаған дәуірдің әлеуметтік құрылысын жайлаған
теңсіздіктен жиренуден туып, дүниеде орнауы тиіс әлеуметтік теңдіктен
үміт үзгендігінің нәтижесі еді және ислам дінінің: «өлгеннен соң орнайтын
мәңгілік дүние бар» деп иландырушы қияли-шындығының діни поэзиядағы
көрінісі болатын».
Автор Қ.А.Ясауидің өткір тілді ақын болғандығын, көп оқыған адам
екендігін, араб, парсы тілдерін, бірқатар әдебиет, аңыздарды да білгендігін
шығарма деректері арқылы дәйектейді.
Қ.Жұбанов «Диуани хикмәтті» «дін дәстүрлерін ғана емес, ақыл-нақыл
және жағымды әлеуметтік хұлық-мінездерді де үйреткен, өз кезіндегі ислам
дінін тұтынушы жалпы түрік елдеріне ардақты кітап болған» деген
қорытындыға келеді. Автор бұл кітаптың атауы («Диуани хикмәт») «Ақлият
сөздердің жинағы» деп оның негізгі мазмұны сай қойылғандығын және
шығарманың 4400 жолдық жыр-толғау екендігін тұңғыш рет айтты.
Қай
мәселеге
де
байыппен
қарайтын
публицист
Ясауи
шығармасындағы Қожа Ахметтің «екінші дүниеге ынта қоюын» жоққа
шығармайды, мұндай құбылыстың сол кездегі заман әділетсіздігін,
әлеуметтік теңсіздікті көріп, оны жоюдың жолын таба алмай түңілген барлық
шығыс әдебиетіне, оның белгілі өкілдері Науаи, Физули, Сағди, Хафиз
сияқты ақындарға тән екенін олардың шығармаларынан үзінді келтіре
отырып дәлелдейді. Қ.Жұбановтың атап көрсетуінше, «Қожа Ахмет
қоғамдық қатынаста әділеттілікті арман етеді. Өз заманындағы
әлеуметтік құрылыстың теңсіздігін көріп ызаланады. «Хикметтің»
басынан аяғына дейін осы зарлы сарын мен асқақ арманы үздіксіз дамып
отырады. Әлеуметтік әділеттілікке шақырады, гуманизмге үндейді».
235
Ғалым-публицистің пікірінше, Қожа Ахмет жалпы адам баласы үшін
ізгі ниетті, әлеуметшіл ағартушы болған. Өйткені, ол ел-аймақта әділ үкімет
болуын тілейді. Адам баласының бір-біріне мейірімді болуын арман етеді.
Осы жолда өзі аянбай қызмет істеуге даяр екендігін білдіреді. Шынында да,
Қ.Жұбановтың түркі әдебиеттер тілінің танымы жөніндегі аталмыш
публицистикалық ой-толғамдары оны соны қырынан танытты. Ғалым-
публицистің «Диуани хикметті» талдауы өзгелерге ұқсамайтындығы өз
алдына, ғылыми байыптылығымен, тұжырымдарының тереңдігімен, түркі
әдебиеті турасындағы пікірлерінің біліктілігімен ерекшеленеді. Аса
тағылымды тұсы – «Диуани хикметтен» қазақ халқының ежелгі мәдениетіне,
әдебиетіне, тарихына және этнографиясына қатысты бағалы да құнды
деректерді табуға болатындығын дәлелдеп шыққандығы.
Профессор Қ.Жұбанов Хожа Ахмет Ясауидің шығармасынан үзінді
келтіре отырып, «қоғамдық-әлеуметтік тұрмыстың ең төменгі сатысында
жүрген адамдарға, яғни жетімдер мен кедейлерге жәрдемдесуге шақыру»
аталған еңбектің негізгі идеясы екендігін баса айтып, мынадай тұжырымдар
жасайды:
«1) Хожа Ахмет қараңғы бөлмеге кіріп алып, құр жылаумен бос қарап
жата берген адам емес, ол ізденген ойшыл адам: ол адам баласының
бақыты үшін шындық жол іздеген адам.
2) Ол адам баласын бақытка жеткізерлік шынайы жолды көктен де,
жерден де іздеп таба алмаған соң, тарығып, түрлі хиялға түскен. Хожа
Ахмет Мұқамбет сияқты тәсілқой емес, түптеп келгенде, ағынан
жарылатын – ақкөкірек адал адам.
3) Хожа Ахмет – «адам баласы өзі аңсаған мұрат – мақсатына жету
үшін, сол мақсатын алдына махаббатты қойып, ең соңғы мүмкіндігі
қалғанша жан аямай, шын беріліп іс істеу керек!» – деген идеяны
уағыздаған адам. Бақытқа жету үшін үлкен қиыншылықтарды бастан
кешіруден қорықпау керек деген батыл пікірді қолдаған адам».
Қ.Жұбановтың топшылауынша, толғаумен танысқанда бірер ой түйінді
пікір туындайды. Біріншіден, шет ел басқыншылығының жауыздығына
ызаланған Қожа Ахмет осы толғауды өз атынан айтуға мәжбүр болған.
Екіншіден, сол кездегі түркістандық елдердің ауыз бірлігі кем болғандығы
байқалады. Үшіншіден, аталмыш толғаудан түркістандық халықтардың әдет-
ғұрпы көрініс береді. Төртіншіден, түркістандық халықтың дүниетану
дәрежесі әлі тотемдік, шамандық көзқарастан әрі аса алмаған. Бесіншіден,
сол кездегі шаруашылықтың негізі мал өсіру екендігі аңғарылады.
Алтыншыдан, 95 толғаудан түркістандық халықтардың әйелге құрметпен
қарайтындығы көрініс береді.
Проф. Қ.Жұбанов «Диуани хикмәт» тілінің түркі тілдерінің қайсысына
жақын екендігін, авторының ұлттық тегін шығарманың грамматикалық,
лексикалық белгілеріне қарай анықтау мүмкін бе? деген сұрақ қоя отырып,
оған жауап табу үшін түркі халықтарының тарихын шолып өтеді: «...бұл
сұраққа «қолға таяқ ұстатқандай ғып» үзілді-кесілді жауап бере қою оңай
236
емес. Өйткені ол кездегі Түркістанды жайлаған халықтардың аттары
қазіргі қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікпен деген сияқты жеке-жеке
ұлттардың атаулары емес еді. Қазіргі кезде осылайша түрлі атпен аталып
отырған ұлттардың барлығы «түрік» халқы деген бір-ақ атақпен аталушы
еді. Қазіргі сияқты «өзбек», «қазақ», «түрікпен», «қырғыз» тілі деген жеке
ұлт тілдері әлі пайда болған жоқ еді. Ежелгі замандардан келе жатқан көне
түркі халқы ол кезде қазіргідей дербес ұлттардан емес, тайпалар
одақтарынан, не үлкен рулардан құралушы еді. Қазіргі замандағы үйсін,
қаңлы, қыпшақ, найман, түрікпен, қырғыз т.б. деген атаулар ескі түркі
халқының сол кездегі өзара туыстас ұлылы-кішілі рулары еді. Бірақ олар әлі
ұлт емес болатын. Бұл рулардың тілдері азды-көпті жергілікті
өзгешеліктеріне қарамастан, бәрі бір-ақ сөзбен «түркі тілі» деп аталушы
еді».
Қ.Жұбанов талдап отырған шығарманың түркі тілінде жазылғандығын
Қожа Ахметтің өз сөзімен келтіре отырып, «Міне, сондықтан Ахмет те
«Диуани хикмәтті» түрки тілмен жаздым дейді. Қазіргілер сияқты өзбек
тілімен, немесе қазақ, ұйғыр тілімен жаздым демеген. Солай болған соң
біздің: – «Диуани хикмәт» – түркі тілімен жазылмаған! – деп айтуымызға
ешбір негіз жоқ, хақымыз да жоқ», – деген түйін жасайды.
Проф. Қ.Жұбанов «Ахметтің тілі («Диуани хикмәттің» тілі) –
Түркістанда ислам діні бел алып, араб қатынастары күшейген кезде пайда
болған түрік ғалымдарының стандартты, көпке ортақ тілі еді деп, батыл
айта аламыз», – дей келе, « Диуани хикмәт» – Орта Азиядағы түрік жүйелі
тілде сөйлейтін халықтардың ортақ жазба әдебиет кітаптарының
алғашқыларының бірі – десек, қателескен болмаймыз», – деп санайды.
Алайда Проф. Қ.Жұбанов аталмыш шығарманы қазақ халқының жазба
әдебиеті мұрасы ретінде қарастырады. Ғалым «жазба әдебиет» деген сөздің
түсінігіне тоқталған тұста публицистикалық сипат беретін диалог тәсілін
қолданады. Әуелі сауалын қойып алады да, соған өзі жауап береді:
«Бірқатар оқығандарымыз бізде Бұқар жыраудың толғауларынан бұрын
шыққан жазба әдебиет бар деп елемейді. Яғни олар, қазіргі қазақ атанып
отырған халқымыздың қазақ атанудан бұрын да өмір тіршілігінің болғанын
білмейді. Бірқатары біле тұрса да, ескі әдебиетті керексінбейді. Мысалы,
бізде Хожа Ахмет Яссауйдің жазып қалдырған, осы күнге дейін көпшілік
арасында тарихи бағасы мен сүйкімділік беделін жоймай келе жатқан
«Диуани хикмәті» бар. Бұл Қазақстан халықтарының ескіден қалған жазба
әдебиет мұрасы емес пе? Хожа Ахметтің осы күнгі қазақ атанып отырған
халықтардың басым көпшілігінің ежелгі де ескі мекені болған Түркістанда
өсіп-өнгені бекер ме? Сөз жоқ, Хожа Ахмет Яссауйдің «Диуани хикмәті» –
Қазақстан халқының ескі мұрасы».
Проф. Қ.Жұбановты шығарманы тілдік, сюжеттік, мазмұндық
қырларынан зерттей отырып, «кейбір өлең өлшемдерінің бірдей болушылығы,
айырым кейбір лексемаларының бірдей болушылығы т.б. «Хикмәт» тілін
қазақ тіліне жақындатады. Мұның үстіне, Хожа Ахмет бір жасынан
237
бастап 63 жасына дейін өткізген өмір жолын санап, толғау шертеді. Өмір
жасынан әр кезеңінде басынан өткізген әралуан уақиғаларын айтып
жырлайды. Ал, қазір қазақ атанып отырған халықтардың бұрынғы-соңғы
жыршылары мен ақындарының да өмір жасын санап, жыр шерткенін, өлең
айтқанын көреміз. Міне, бұл факті қазақ ақындарының Ахметке де
еліктегенін немесе бұның өзі қазақ жырауларының ескі салты екенін
көрсетеді», – деуі нағыз әдебиетші-ғалым екендігін аңғартады.
Қ.Жұбанов бұл мақалада «Хикмәт» тілінің өзбек пен ұйғыр тіліне өте
жақындығы мәселесіне тоқталып, оған былайша нүкте қояды: ««Диуани
хикмәттің» тілі Науаидың «Шар диуанының» тілінен едәуір басқаша
сезімді. Екінші сөзбен айтқанда, «Шар диуанның» тіліне қарағанда «Диуани
хикмәт» тілінің өзбектен гөрі қазақ тіліне өте жақындығы. Бұл да алдағы
кезде өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселенің бірі».
Қ.Жұбанов «Диуани хикмәтті» қазақ жазба әдебиетінің үлгісі ретінде
танығанда нағыз ғылыми тұжырымдамалар жасайды, халық әдебиеті
өкілдерінің, Абай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Мұқанов сияқты қазақ
ақын-жазушыларының шығармаларымен, олардың тілімен, буын өлшеуімен,
құрылысымен, көркемдік ерекшеліктерімен салыстырады. Ойымызды
ғалымның өз сөзімен өрбітсек дәлелдірек болар деп санаймыз: «Мысалы,
Хожа Ахметтің мына толғауын қараңыз:
Дәм-бу дәмдүр, өзге дәмии дәм деме
Дүниеден биғам өтерсің, – ғам иеме.
Күймесе жаны – ділін һәм Үстүхан,
Көз яшың аққан білән сән нәм деме, –
деген құрылымыСәбит Мұқанұлының мынау өлеңінің буын жүйесімен
өлшемдес:
Өзің адам, тұрмысында мал едің,
Күшің – адал, сүтің арам жан едің.
Тырнағына жуандардың ілініп,
Азаттыққа өміріңше зар едің...
Ал, Ахметтің мына толғауы:
Ишәк білің бу дүние,
Барша халықтан өтер-ә.
Инанма ғыл малына,
Бір күнқолдан китәр-ә.
Ата-ана, қарындас,
Қайан етті, пікір қыл.
Төрт аяқлық шөбнін ат
Бір күн саған житәр-ә,–
деген толғауы Тоқтамыстың мына толғауымен буындас:
238
Шіңкіл-шіңкіл, шіңкіл құс
Шіңкілдемей көлге түс.
Сені көлден айырған
Ақсұңқар құстың тепкіні,
Мені елден айырған
Едіге сүрдің екпіні (Халық әдебиеті)
Абай да мынау өлеңін осы құрылысқа сәйкестендіріп айтқанын
көреміз, қараңыз:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Есіктің алды терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп...»
Қазақ әдебиеті тарихындағы бұлтартпас фактілерге негізделген,
алғашқы нағыз ғылыми зерттеудің үлгісі міне – осы. Сөзіміздің соңында осы
шығарманың қазақ әдебиетіндегі мән-маңызы туралы оны (шығарманы)
алғашқы зерттеуші – проф. Қ.Жұбановтың өз сөзімен аяқтамасқа хақымыз
жоқ: «Әдебиет саласындағы жазуымыздың басы осы «Диуани хикмәттен»
басталады, – деп айтуға толық хақымыз бар деп түсінеміз».
3. Қ.Жұбановтың«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда
болуы (тіл мен тарих деректері)»атты еңбегі жайында
Бұл очерк кітапшасының баспадан жарық көруі (кітапша 1936 жылы
Қызылорда қаласында жарық көрген) жөнінде қызық деректі келтіруге
болады. Бірде замандастары ғұлама ғалымның інісі Ахмет Жұбановқа
мынадай сауал берген: «Күй жанрының қалыптасуы жайында өзіңіз жазбай,
Құдайберген ағаның қалам тартқаны қалай?». Сонда Ахмет Жұбанов
мынадай сыр айтқан көрінеді: «Ленинград консерваториясын бітіріп,
Алматыға келген соң, 1933-1934 жылдар бойына музыкалық техникумның
жанынан
«музыка
этнографиясының
кабинетін»
ұйымдастырып,
халқымыздың көне аспаптарын зерттеуге кірістім. Қазақтың қара домбырасы
мен қылқобызын жетілдіріп, түрлендіріп көп дауысты оркестрге лайықтау
қажет болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін домбыра, қобыз, сыбызғы
секілді аспаптардың әрідегі тарихын шолып, ғылыми байыптама жазбақшы
едім. Бірақ жазғандарым көңілдегідей шықпады. Жастық, тәжірибесіздік пе,
әлде зерттеушілік әдістің жетілмегендігі ме, әйтеуір шимай-шатпағым өзіме
ұнамады. Бірде менің сол қағаздарымды көзі шалып қалған ағай: «Не жазып
отырсың», – деп сұрады. Мен ойымды айттым. Ол кісі үн-түнсіз менің
жазғандарымды аударыстырып қарады да, «мен осы жазғандарынды үйге
апарып, оқып көрейінші», – деп жинап алып кетті. Арада біраз уақыт өтіп
239
кеткен. Мен іссапарға шығатын болып, ағайдың үйіне соқтым. Өзі үйде жоқ
екен. Столының үстінде әлгі аяқталмаған қолжазбалар бұрқырап жатыр.
Үңіліңкіреп қарасам, күй жанры туралы жазылған 20-30 бет шамасындағы
қолжазба өз алдына бір дербес дүниедей көрінді. Баяғы менің «шатпағым»
емес, мүлдем жаңаша зерттеу. Мен сол жерде ағаға айтпастан, қолжазбаны
алдым да, «ендігі міндет музыка мамандарынікі» деген тәрізді бір сөйлеммен
очеркті «аяқтай» салып, алып кеттім. Ағаның кітапшасын, өзімнің
«Құрманғазымды», екеуін Қызылордаға алып барып, баспаға бердім. Үнемі
жұмысбасты болып жүретін аға бұны тіпті сезген де жоқ. Кітапшалар
басылып шыққанда әкеліп керсетсем: «Туу, мынау өзі әжептәуір кітапша ғой,
бұны сен қашан шығарып жүрсің?», – деп өзіме қарайды. Сондағы
жайрандаған қалпы бүгінге дейін есте».
Аталмыш мақаланы жазуға Қ.Жұбановтың музыка өнеріне құмарлығы
да себеп болса керек. Олай дейтініміз – В.Решетняк Құдайберген
Қуанұлының музыка саласына да бейім, өте жақсы көретіндігін атап
көрсетеді. Түрлі аспаптарда, атап айтса, скрипкада, ішекті аспаптарда ойнай
білетін В.Решетняктардың отбасына ол жиі қонақ болып, пікірлесіп қайтады
екен. Осындай дарынды, өнерлі отбасына өзінің інісі Ахметті ертіп баратын
болған. Өнерді жоғары бағалай білген мұндай жас дарындарға көңіл күйі
болған сәттерде Құдайбергенге фисгарморияны, ал Ахметке Затаевичтің
«Қырғыз халқының 1 000 әні» жинағын сыйға тартқан.
Профессор Қ.Жұбанов өнер, атап айтқанда музыка саласындағы бұл
еңбегінде күйдiң пайда болуы тарихын зерттеу үшiн мынадай материалдарды
пайдалану керектігін айтады:
«Бiрiншi: бiздiң музыкамыз жайында түрлi мәдениеттi елдердiң
жазып қалдырған тарихи деректерi; екiншi: халықтың музыкаға
байланысты тарихи идеологиясы; үшiншi: сол идеологияның таратушысы
болған тiл материалдары. Тiл материалдары дейтiнiмiз – түрлiше музыка
терминдерi, бұлар мен басқа сөздердiң мағынасының арасындағы
байланыстар; төртiншi: ең маңыздысы – музыканың өз материалдары,
халық музыкасы шығармаларының, күйлердiң өзiнiң iшкi құрылысын
тексеру; бесiншi: осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан
кейiн, қазақтың халық музыкасы шығармаларын басқа жұрттың
шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бiр-
бiрiне жасаған ықпалын, бiрi мен бiрiнiң араласып айқасқанын тексеру» .
Ғалым бұл еңбегінде тіл мен тарих деректеріне сүйене отырып, қазақ
өнеріндегі синкретті жанрлардың даму заңдылықтарын, олардың ән, би, өлең
және күй болып жіктелуін, көптеген музыка терминдерінің шығу, қалыптасу
жайын мейлінше терең байыптылықпен, әрі қызғылықты етіп баяндаған.
«Қазақ музыка тану ғылымы қашан және қалай басталған?» – деген сұраққа
біз ойланбастан профессор Құдайберген Жұбановтың осы зерттеуін ғылыми
һәм тарихидерек етіп ұсынған болар едік. Ұсақ попурилерден құралып,
желілене дами келе, симфония іспетті күрделі музыкалық форманың
қалыптасатыны сияқты қазақтың «инструментал» (аспапты) музыкасының
240
«вокал» музыкадан іргесін аулақтап, өз алдына дербес күй жанры ретінде
дүниеге келуі талай замандардан бастап кешірген қоғамдық құбылыс екенін
ғүлама автор асқан көрегендікпен топшылап берді.
«Ой мен таным негіздері қатар жүретін өлшемдер болғандықтан,
ғалымның интра- және экстралингвистикалық факторлары шығыс елдерінің
танымдық пәлсапасын саралаған тілдік деректермен ұштаса талданады.
Автордың бұл мақаласы эстетикалық таным мен халықтық дәстүр
ұғымдарын сабақтастыруға негізделе отырып, әр халықтың мәдениеті, өнері
сол этностың танымымен, тілімен, тарихымен тұтастықта дамитынын
дәлелдеуге бағытталды», – деп баға береді профессор Ж.А.Манкеева (106).
Профессор Құдайберген Жұбанов қазақ музыка шығармаларының
ішіндегі ең ірі жанрларының бірі ретінде күйлерді айрықша атап алады да:
«Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан
қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне
дау болмауы керек», – деп астын сызып көрсетеді. Осы тұста қазақтың
ұлттық ерекшелігіне ерекше тоқталады: «Қазақтың өзі де күйді артықша
бағалайды: онда айтып тұрған әңгіме, сөйлеп тұрған сөз болмаса да,
күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны
сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды». Автордың қазақта ән мен күйдің
екеуі екі басқа болушылығының өзі халық музыкасының жақсы ғана
жетіскен сатыда тұрғандығын көрсетеді деуінде үлкен мән жатқандай. Ол,
әдеттегіше, қазақ музыкасын талдаумен ғана шектелмейді. Татар, өзбек
халықтары музыкасының ерекшеліктерін де келтіре кетеді.
Күй феномені Қ.Жұбановты баурап алғандығы анық. «Күйлер халық
музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе, – деп жазады ол, – Бұл – осы күнгі
Европаның симфониясы тәрізді». Ал енді оның қазақ халқы, оның мәдениеті
жайындағы ойлары әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ десек, сірә,
қателеспейміз.
«Қазақ күйі қашаннан бері жұртқа белгілі? Не себепті «күй» деп
аталған?». Қ.Жұбанов осындай сауалдарды қояды да, оған өзі жауап береді.
Қазақтың «күй» деген сөзі ертеректе «көк» түрінде болып, ән-күй
мағынасында қолданылғандығын тілге тиек етеді. ХІV ғасырда жазылған
иран музыканты Әбдіқадыр Мұрағидың «Зүбдәтел әдуар» деген кітабында
күй жайында бірқатар мәлімет беретіндігі де әңгіме өзегіне айналған. Бұдан
автор мынадай тұжырым жасайды: «Әбдіқадыркітабынан біздің көретініміз:
күй жалғыз қазақта ғана болмаған, ерте кезде де, біздің қазақ – қазақ
болып құралмай тұрған кезде, ХІV ғасырларда да болғандығы, оның үстіне
хан сарайында, жоғары таптың қолында болған музыка түрі екендігі».
Бір ғажабы – Қ.Жұбанов шығыс музыка зерттеушілерімен қатар Еуропа
зерттеушілерінің еңбегін де назардан тыс қалдырмаған. 1842 жылы шыққан
Кизеветтердің кітабынан туындаған ойларын жайып салған. Аталмыш
кітабында Кизеветтер түрік халқының музыка мәдениеті болмаған деп, соны
дәлелдеуге тырысады. Ерте кездегі варварлар туралы Александр
241
Кизеветтердің пікіріне қосылмайтындығын айта келіп, профессор Қ.Жұбанов
өз тұжырымының дәлелі ретінде нақты мысалдар келтіреді.
Сондай-ақ түрік музыкасын зерттеген Виктор Беляев пен Виктор
Успенскийдің кітабы да дереккөз ретінде қарастырылған. Бірақ, бұл кітап та
профессор Қ.Жұбановтың талғамын қанағаттандырмағандығын мына
жолдардан аңғаруға болады: «Олардың қарауынша, мәдениет – қазанның
күйесі сияқты нәрсе. Жолап кетсе, жұғады да отырады». Өзбек музыкасын
зерттеген профессор Фитраттың (Абдурауф Абдурахимоглы) біраз
материалдарды жинап, жақсы деректер топтағандығын айта келіп, автор
оның музыка ғылымынан хабарсыздығы бұл мәселені терең зерттеуге жол
бермегеніне тоқталады. Фитраттың тауып айтқаны – өзбек күйлерінде ән,
күй, би аралас болатынын көрсеткендігі. Сондай-ақ Қ.Жұбанов бұл еңбегін
жазу барысында түрік музыканты Рауф Ектаның, Стамбул университетінің
профессоры Гюперли-заденің, «Шығыс музыка гамалары» деген кітаптың
авторы проф. Оганезашвилидің пікірлерін келтіріп, оларға сын айтады
немесе қоштап отырады.
Проф. Қ.Жұбанов ән, өлең, би өнерлерін алғаш магиялық сипатта
болғандығын айта келіп: «Искусствоның үш тарауы: музыка, әдебиет, би
бiрiнен бiрi айрылмай тұрған кезде кiсiнiң дiни нанымы болмағандықтан,
бұларды құлшылық, ғибадат қылуы деп айтуға болмайды. Сол магиялы
еңбектiң бәрi келе-келе еңбектен, оны басқаратын кастаның еңбектерi
қатарынан бөлiнiп кетуiмен байланысты түрлi құлшылық, бақсылық iсiне
ауып кеткенiн көремiз. Осы күнгi ең жаңа, ең мәдениеттi дiн болып
саналатын христиан, iслам, будда дiндерiнiң қай-қайсысының да құдайына
табыну iстерi әнсiз, күйсiз өтпейдi», – деген қорытынды жасайды.
Қ.Жұбанов музыканың шығуы жайлы ойын былайша келтіреді:
«Қазақтың бақсылары, есепшілері, тістің құртын шақыратындар,
жыланды, бүйіні шақыратын тамыршылар, қобызшы, домбырашы, әншілер
– көбісі сол шаманнан өрбігендер». Қазақтың бақсыларының бал ашқанда
қобызбен (домбырамен сирек) ашатындығын алғатартқан Құдайберген
Жұбанов
музыка
аспаптарының
бастапқыда
магиялық
мақсатта
қолданылғанын сөз етеді: «... жыршы, әнші ерте кезде жәй адам болмай, ол
да бір үйлі-күйлі адам болғанын, ол да бақсылар тәрізді, сиқыршылар тәрізді
магия иесі болғанын көреміз... Музыка алғашқы әзірде тек сауық үшін
ұсталған нәрсе емес. Табиғаттан сыртқы бір ірі күштермен адамның
астарласуына керек болған магиялық бір бөлшек екенін көреміз. Олай болса,
біз музыканың алғашқы әзірде пайда болуы, даму жағдайын осындай
істердің маңынан іздеуіміз керек».
Тіршілігінде қуанышы мен бақытын, қайғы мен мұңын, арманы мен
сезімін әсем ән мен күмбір күйінде сөйлете білген бабаларымыз естіртуде,
жоқтауда тілмен бірге күйді де ерекше бағалаған. Проф. Қ.Жұбановтың күйді
«табиғаттың сыртқы бір ірі күштер мен адамның астарласуына керек
болған магиялық бір бөлшек» (8, 280) деп анықтауы оны халықтың дамып
242
қалыптасуының мифтік деңгейінен бастау алған төл мәдениетімен сабақтас
қарауы деп санаймыз.
Проф. Қ.Жұбанов қазақтың ықылым заманнан өзімен бірге жасап келе
жатқан музыкалық аспаптары – қобыздың, домбыраның, сыбызғының
ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып: «Қобыздың дамуы, ондағы
музыка жанрларының дамуы домбырадай емес, төмен. Домбыраға
исключение болған нәрселер қобызда норма болып шығады. Домбырада
тартылатын күйлердiң iшiнде әңгiме қосып тартып отыратын, бiз бiлетiн,
бiр-екi-ақ күй бар. Оның да әңгiмемен бiте қайнағаны «Ақсақ құлан – Жошы
хан»», – дей келе, осы күйдің жазылып алынған үш түрлi нұсқасының (Ермек
ұлы, Медет ұлы, Бөкейхан ұлы тартатын үлгілері) бiрiне бiрi
ұқсамайтындығын, «құрылысы, композициясы жағынан қашық» екендігін
айтады.
Қ.Жұбанов қазақтың батырлық эпостарымыздың («Қобыландыдан»
басқаларының) бәрiнде де, сонымен қатар Сағдидың «Гүлстанында»,
Фирдоусидiң «Шах-намасiнде» қара сөзге өлең аралас келетіндігі айтады.
Автор ««Аққу» күйiндегi, болмаса «Ақсақ құландағы» аттың аяңдағанын,
құстың ұшқанын, қарындасының жылағанын, құланның ақсаңдағанын,
мылтықтың
атылғанын
сүгiреттеймiн
деген
оймен
лирикалық
моменттердi музыкамен бергенiн» осындай ерекшелікке жатқызады.
Қ.Жұбановтың пайымдауынша, «Сонда күйлердiң бiр қатары сол бүтiн
сюжеттi әңгiменiң iшiндегi барлық музыкалы моменттерден құралып,
құрастырылған құрама, бiреулерi музыкалы әңгiме болса, қайсы бiреулерi
соның iшiндегi тек бiр ғана музыкалы моменттi айрып алып, ұлғайтып,
жетiстiрiп, гармониялық бiр күйге айналдырып жiберген жерлерi болса
керек».
Профессор Қ.Жұбанов мұрасының бұл парасын барлап, тереңірек
зерделей түссек, оның қазіргі тіл біліміндегі психолингвистика саласымен
астас екенін байқауға болады. Бұл мақаланың ерекшелігі – профессор
Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасындағы музыка жанры ретіндегі мәнінде емес,
ұлттың рухани мәдениетінің ерекше формасын ұлт санасымен байланысты
қарастырған психолингвистикалық қырында.
Оны ғалымның өз сөзімен түсіндірсек: «Қазақ халқынан бұрын да талай
жыл жасап, әлденеше жүз жыл бұрын туып, өзінің қандай ғылым екенін
білмейтін пән бар. Осы өзі бар, бірақ не екендігі білмей, қарайтын мәселенің
көлемін білмей, басқа пәндерден іргесін аша алмай, психология адамның
жанын қарайтын ғылым делініп келеді (көбінесе). Осы күнгі рух(қою
жазумен берген – Ж.Манкеева) психика болмай, барып тұрған мистика,
спиритизм жан деп келді» (8, 77).
Осы арада проф. Қ.Жұбанов атап көрсеткен рух, оның ішінде ұлттық
рух ұғымы арқылы күй өнерінің ұлттың төл мәдениеті ретіндегі генезисі,
мәні, қызметі анықталады (Қараңыз: «күй» сөзі Тәңірге табынған түркілердің
тағылымындағы көк сөзімен байланыстырылады). Және ол нақты музыкалық
243
термин, иә жанрлық форма ретінде қалыптасқан өнер түрі емес, ұлт
мәдениетімен, таным-санасымен сабақтасқан кешенді сипатта талданады.
Ол үшін, біріншіден, күй ұғымының басқа тілдердегі (татар, өзбек т.б.)
айырмашылығы салыстырылып ашылады.
Екіншіден, күйдің әуел баста пайда болған, шыққан ортасында көңіл
көтеру, сауық құралы қызметін атқармағанын, табиғат күштерін
бағындыруда күйдің магиялық, психикаға әсер етуші күші арқылы
«табиғаттың жасырын күштімен астарласып барып, соған дегенін жүргізуге,
қазақша айтқанда, арбауға тырысатынында», – (8, 278) деп көрсетеді.
Сондықтан,
күй
атауының
этимологиясын
Достарыңызбен бөлісу: |