Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


жетек  сөз,  еpтушi  сөздi  жетекшi  сөз



Pdf көрінісі
бет12/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
жетек  сөз, 

еpтушi  сөздi  жетекшi  сөз  деймiз».  Ғалым  бұл  ойын  мысалдар  арқылы 

дәлелдей  отырып,  сызба  арқылы  нақтылайды.  Өшпес,  өзгермес  ой  сол 

күйінде қалды, қазақы сөзбен бірген анықтаманың негізгі идеясы сол күйінде 

қалды, өзгерген – термин ғана! 

Профессор  Қ.Жұбанов  сөз  тіркесі  синтаксисінің  табиғатын  ашуға 

өзіндік зерттеу жүргізіп, сөздердің әртүрлі аналитикалық және синтетикалық 

жолмен  тіркесулеріне  байланысты  септес  сөздеp  (баpыс  жалғаулы,  табыс 

жалғаулы, шығыс жалғаулы, жатыс жалғаулы, құpал жалғаулы,  меңзес (-ша 

жалғаулы), теңдес (-дай жалғаулы), атау күйiнде (түбір күйінде) және түpлi 

жалғауыштаpмен  қосыла  айтылатын  септестеp),  ілiктес  сөздеp,  шақтас 



сөздеp,  жанас  сөздеp,  қабыс  сөздеp,  баспалдақтаған  шұбыpма  жетек, 

жаpыспа  жетек,  жаpыспа  қабыстаp,  шұбыpма  жетектеp  деп  бөліп, 

олардың оpны-оpнын сипаттайды. 

Проф.  Қ.Жұбанов  сөз  тіркесін  қалыптастыратын  сыңарлардың 

байланысу формаларын айқындауда мынадай грамматикалық ерекшеліктерді 

басшылыққа  алған  деуге  болады:  1)  сөздердің  синтаксистік  байланысы 

қандай  тәсіл  арқылы  жүзеге  асатындығы  (аналитикалық,  синтетикалық);  2) 

дәнекерлердің  грамматикалық  сипаты,  яғни  олардың  жалғау  (септік 

жалғаулары  және  жалғауыштар  (септеуліктер)  немесе  жұрнақ  екендігі 

(септесу  –  жалғаулар  мен  жалғауыштар  (септеуліктер),  шақтасу  үстеулер 

арқылы  орнайды);  3)  бағыныңқы  сөздердің  грамматикалық  табиғаты 

(бағыныңқы септесуде – есімдерден, жанасуда – «мезгіл есімнен», қабысуда 

өзге  есімдерден  болады);  4)  синтаксистік  байланыстың  сипаты  (іліктесуде 

байланыс  екіжақты  (ілік  септігі  мен  тәуелдік  жалғауы),  ал  септесу  мен 

шақтасуда біржақты байланыс орнайды) (62, 43-49). 

 

Профессор  Қ.Жұбанов  «сөйлем»  ұғымына  былайша  анықтама  береді: 



«...      аяқталған    ойды  бiлдipетiн  бip  я  бipнеше  сөздi  сөйлем  деймiз». 

Сөйлемге берілген бұл анықтама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қазіргі кезге 

дейін қолданылып келеді. 

 Ғалымның  сөйлем  мүшелерін  анықтаудағы  тұжырымдары  да  ерекше. 

Қ.Жұбанов  сөйлем  түгел  бір  ойды  білдіре  отырып,  бір  сөзден  де,  бірнеше 

сөзден де құралатынын, бірақ «сөздiң бip өзi сөйлем болуы сиpек болатынын, 



сөйлемде  көбінесе  бірнеше  сөз  болатынын»,  яғни  сөйлемнің  құрылуын 

қарапайым  тілмен  түсіндіреді.  Мұндағы  бір  сөз  сөйлемде  түгел  бір  ойды 

білдірсе, «көп сөзден құралған сөйлемде түгел бір ойды сөйлемдегі сөздердің 

бәрі  жиналып  барып  білдіреді».  Ғалымның  мұндағы  бір  сөзді  сөйлем  деп 

отырғаны,  қазіргі  терминмен  айтқанда,  «атаулы  сөйлем»  екендігі  анық. 



125 

 

Профессор  Қ.Жұбанов  бір  сөзді  сөйлем  мен  көп  сөзді  айырмасын  былайша 



қарапайым түрде «жіліктеп» береді: «Бip сөздi сөйлем – басы, қол-аяғы жоқ 

тас-томалақ  дене  сияқты.  Мұның  бөлек-бөлек  мүшелеpi  болмайды.  Көп 

сөздi  сөйлем  –  басы,  кеудесi,  қолы,  аяғы  баp  дене  сияқты.  Мұның  әp  сөзi 

тұтас  бip  дененiң  мүшелеpi  сияқтанып,  әpқайсысы  түгел  бip  бөлшегiн 

көpсетедi.  

Сондықтан,  көп  сөздi  сөйлемнiң  осындай  түгел  ойдың  бip  бөлшегiн 

бiлдipетiн әp сөзiн сөйлем мүшесі деймiз».  

Профессор  Қ.Жұбанов  сөйлем  мүшелерінің  ретін  баяндауыштан 

бастайды. Біздіңше, бұған қазақ тілінің сөйлем құралу жүйесіндегі ерекшелік 

негіз  болған  сияқты.  Өйткені  сөйлемді  сөйлем  мүшелеріне  талдауда 

баяндауыштан  бастаймыз  және  сөйлемге  баяндауыш  негізгі  ұйытқы болады 

ғой.  Сондықтан  ғалым  баяндауыш  пен  бастауышқа:  «Сөйлем  мүшелеpiнiң 



iшiнде бipеудiң, не бipдеменiң  не қылғанын, я не болғанын баяндап тұpатын 

бip  мүше  болады.  Оны  баяндауыш  деймiз»,  «...  сөйлемнiң  кiмнiң,  я  ненiң 

жайынан сөйленгендiгiн көpсететiн мүшесiн бас мүше, немесе, қысқаpтып, 

бастауыш  деймiз»,  –  деген  анықтама  береді.  Бұл  анықтаманы  тұрлаулы 

мүшелерге  берілген  ең  құнды,  алғашқы  ғылыми  тұжырым  ретінде 

қабылдауымыз заңдылық. 

Профессор  Қ.Жұбанов  баяндауыштың  сөйлемнің  соңында  келетінін 

айта  отырып,  бұл  позицияда  кездеспейтін  жерлерін  де  нақтылап  көрсетеді. 

Сонымен  қатар  ғалым  бүкіл  сөйлем  мүшелерінің  де  орын-орнын  айқындап 

берген.  

Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми ойларында өзіндік қуат, дара ойлау 

байқалады.  Ғалым  еңбектерінде  сөйлем  мүшелерін  қазіргіден  өзгеше 

жіктеуді  аңғарамыз.  Ол  бастауыш  пен  бастауышты  «негізгі  мүшелер»  деп 

атап,  оларды  «айқынырақ  аңғарту»  үшін  қолданылатын  сөйлем  мүшесін 

айқындауыш  дейді.  Яғни  сөйлемнің  іргесі  саналатын  бастауыш  пен 

баяндауыш  «сөйлем  болмайтынды  сөйлем  болдыру  үшін  керек»  болса,  ал 

айқындауыш «... сөйлем болмай тұрған сөздерді сөйлем болдыру үшін емес, 

сөйлем  болып  тұрған  сөз  тіркестерінің  үстіне  жамалып,  бастауыш  пен 

баяндауыштың  мағыналарын  бұрынғыдан  гөрі  ашығырақ,  айқынырақ 

аңғарту  үшін  керек»,  –  деген  түсінік  береді.  Ғалым  сөйлем  мүшелерін 

жіктеуде  «сөйлем  мүшелерінің  мағынасына  қарай  таптастырғанын»  ашып 

айтады.  Ал  айқындауыштың  өзі  іштей  «жалғаусыз,  тура  күйде  тұрып-ақ 

айқындауыш болғандарын анықтауыш»; «жалғау не жалғауыштың күшімен 

басқа  бір  сөзге  жетектеліп,  соны  айқындап  тұрған  болса,  ондайларын 

толықтауыш» деп ажыратып көрсетеді. Ғалымның әрбір сөйлемі, яғни әрбір 

ойы  қазіргі  кезде  бір-бір  диссертацияның  жүгін  арқалаған  десек,  артық 

бағалағандық та, әсіре мақтағандық та бола қоймас деп есептейміз. 

Профессор Қ.Жұбанов сөйлемді құрамына қарай жалаң және жайылма 

сөйлем  деп  жіктейді:  «Hегiзгi  мүшелеp  ғана  (бастауышы  мен  баяндауышы 

ғана) баp да, айқындауыш мүшелеpi жоқ сөйлемдi жалаң сөйлем деймiз.  


126 

 

Айқындауыш  мүшелеpi  де  баp  болса,  сөйлем  –  жайылма  сөйлем 



болады».  

Сонымен қатар қазіргі  қазақ  тіл біліміндегі  толымды және  толымсыз 

сөйлемдерге профессор Қ.Жұбанов: «Hегiзгi мүшелеpi түгел (бастауышы да, 

баяндауышы да баp) сөйлемдi толық сөйлем деймiз.  

Hегiзгi  мүшелеpiнiң  (бастауышы  мен  баяндауышының)  не  бipеуi,  не 

екеуi де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем атанады», – деп анықтама береді. 

Ғалым  қолданған  терминдердің  біразы  қазіргі  қолданыста  болғанымен, 

жасыратыны жоқ, кейбіреулері басқаша аталады. Бірақ бұл – Қ.Жұбановтың 

қазақ  грамматикасындағы  ойларының  бұрыстығын  немесе  «шикілігін» 

білдірмейтіндігі ақиқат. 

Дүниедегі  қай  нәрсенің  де  түп-төркіні,  шығу  тегі  болады  десек,  «тіл 

халықтың  пайда  болған  дәуірінен  бастап  онымен  бірге  өмір  сүріп,  ұлттың 

өмір  сүруінің  бір  белгісі  болып  келе  жатыр»  деген  пікірлерді  жиі  естиміз. 

Алайда  оның  түп-төркінін  табу,  тарихына  тереңдеу  –  қиынның  қиыны.  Ал 

профессор Қ.Жұбанов осы қиындықтан қорықпастан, синтаксистік тарихына, 

яғни сөйлем мүшелерінің тарихына диахрондық талдау жасайды. Ғалым бұл 

туралы  жазба  деректер  жоқтығын,  болса  да  жетімсіздігін  алға  тартып,  бұл 

құбылысты жазудың кейінгі дәуірде шыққандығымен байланыстырады. Бірақ 

ғалым  «осы  күнгі  тілдің  өз  тарихы  тарихтан  көп  хабар  беретіндігін» 

айтады.  Ғалым  тілдің  лексикалық  қабаты  ала-құла  өзгерсе,  грамматикалық 

деңгейдің  «мейлінше  шабан»  өзгеретінін  айтып,  бұл  құбылысты  «тілдің 



тұрақты қатынас құралы болуының орнықты шарты» деп атайды. 

Сөзіміз  дәлелдірек  болу  үшін  К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбайдың  пікірін 

келтіре  кету  артықтық  етпес:  «Автор  қазақ  сөйлемінің  қалың  иірімдеріне 

бойлай біледі. Қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болуымен 

бірге, дағдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Бұл ретте 

зерттеушінің  тарихи  салыстырмалы  методты  басшылыққа  алғандығы 

әжептәуір 

көмектескендігін 

айтқан 

жөн. 


Құдекең 

аса 


көрнекті 

оқымыстылардың  теориялық  қағидаларын  жете  білумен  және  көптеген 

тілдерді практикалық жағынан еркін меңгерген қабілетімен өзінің әр пікіріне 

оқырманын  еріксіз  сендіріп  отырады.  Автор  қазақ  тіліндегі  сөздердің  орын 

тәртібін синхрондық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, диахрондық әдіспен 

зерттейді» (5). 

Осымен  байланысты  Қ.Жұбанов  сөздердің  жалғау  және  жалғауыш 

арқылы  байланысу  амалдарын  атайды.  Ғалым  бұрынғы  замандарда  сөйлем 

мүшелерінің  байланысы  сөздердің  ілгері,  кейін  келу  тәртібіне  ғана 

негізделген,  яғни  аналитикалық  тәсіл  басым  болған;  жалғау,  жалғауыштар 

кейін  пайда  болған,  «сөздерді  қосымшалар  арқылы  ұстастыру  – 

синтаксистік байланыстың жаңа амалы. Біздің қазіргі сөйлеу тілімізде осы 

екі  амалдың  екеуі  де  бар»  дейді.  Шынында,  қазіргі  тілімізде  сөздердің 

синтаксистік байланысуында осы екі тәсіл де айрықша орын алады. 

Зерттеуші  А.Омарова  кандидаттық  диссертациясында  Қ.Жұбанов 

«Көмекші және күрделі етістіктер жөніндегі ескертпелер» атты мақаласында 



127 

 

қазақ  тіліндегі  етістіктің  төмендегідей  негізгі  проблемаларын:  1) 



синтетикалық  тілдер  қатарына  жатқызылып  жүрген  қазақ  тілінің 

құрылымдық  жүйесінде  аналитизм  элементтерінің  де  кездесетіндігін;  2) 

кейбір  негізгі  етістіктердің  күрделі  етістік  құрамында  көмекшілік  қызметке 

ауысып, лексикалық мағыналарынан біл жол айырылатындығын көрсеткенін 

айтады (53, 21). 

Проф.  Қ.Жұбанов  синтаксис  тарихына  барғанда  «Бұрын  бастауыш 



баяндауыштан соң болған; анықтауыш анықталғыштан кейін келген. Оның 

мәнісі  былай:  осы  күнгі  оқыдым  деген  сөзіміз  бұрын  оқы+тұр+мен  болып 

айтылған.  Демек,  осы  күнгі  өткен  шақтың  -ды  жұрнағы  бұрынғы  «тұр» 

деген сөзден қысқарған» деген пікірді алғаш айтып, бұл пікіріне ұйғыр, татар 

тілдерінен  мысал  келтіреді.  Бұл  пікір  қазіргі  кезде  ғылым  жолындағы 

ізденушіге  «қаны  тамып  тұрған»  жаңалық  бола  қоймас.  Алайда  қазақ  тілі 

жайлы  жазылған  алғашқы  еңбектерде  кездесе  бермейтін  мұндай  соны  пікір 

нағыз байқампаздықтан туған қызықты да құнды пәлсапа болатын.  

Қ.Жұбанов  аталған  мысалды  келтіре  отырып,  «тұр»  сөзіндегі  р 

дыбысының  түсіп  қалуына  қарап,  «әуел  бастағы  тұйық  буындарда  келетін 

р,  л,  н  дыбыстарының  түскіштігін  (cусымалы)  білуге  болады»  дейді.  Бұл 

ойына  да  апар,  әкел  сөздерінің  кірігуі  құбылысын,  ол,  бұл,  мен,  сен 

есімдіктерінің  септік  жалғауларын  қабылдағанда  о+ның,  бұ+ған,  се+нің, 

ме+нің түрінде қолданылуын мысал ретінде келтіреді. 

Ғалым синтаксис тарихына қатысты жүргізген еңбегінде «жік»  (қазіргі 

–  жіктік)  жалғауларының  шығу  тегі  есімдіктер  болғандығын  және  бұлай 

морфологияланудың  себебі  аяқталған  синтаксистік  сөйлем-бірліктерден 

болғандығын, бұлар сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш 

болғандығын  алғаш  дәлелдейді.  «Синтаксистік  құрылымда  келгенде  бұл 



сөздердің  бәрі  де  бастауыш  болатындығын  және  ол  заманда  сөйлемнің 

бастауыш 

мүшесі 

қазіргідей 

препозицияда 

емес, 

постпозицияда 

тұрғандығын, яғни синтаксистік құрылымның соңында келетіндігін» қадап 

айтады.  Ғалымның  болжамын  негізге  алсақ,  «қазіргі  жалғаулардың 



бірқатары  ерте  замандардағы  бастауыш  қызметін  атқарған  дербес 

мағыналы сөздер». Тереңнен түп тартқан мұндай ойлар мен ережеге бергісіз 

дәлелдер  Қ.Жұбановтың  тілдің  табиғи  тыныс-тіршілігін,  өріс-өзегін 

мейлінше терең сезінген дарынды лингвист екендігін шүбәсіз айғақтайды. 

Ғалым  синтаксис  тарихына  зерттеу  жүргізе  келе,  мынадай  ой  түйеді: 

«Синтаксистік  құрылымнан  морфологиялық  сөзжасамға  ауысқан  ежелгі 

тіркес  формалары  қазіргі  заман  синтаксисінің  орнын  басқан  кезде  оның 

өзінен  кейін  бастауышты  ілестіре  қоймайтын  «қатып  қалған»  бұлжымас 

тәртібі бұзылады». Себебі дүниеде өзгермейтін ешнәрсе болмайды, бастауы 

бар  нәрсенің  аяғы  да  болмақ.  Ол  –  табиғат  заңы.  Тіл  де  адамның  табиғи 

қасиеті.  Ол  да  адамның  жұмсауына  байланысты  өзгереді:  туады,  дамиды, 

құлдырайды,  жоғалады.  Осы  табиғи  заңдылықты  негізге  алғанда 

Қ.Жұбановтың айтып отырған пікіріне түсініктеме беріп жату артық болар. 


128 

 

Профессор  Қ.Жұбанов  анықтауыш  тарихына  қатысты  жүргізген 



зерттеуінде  жекелеген  сөздердің  (қыз,  бала-шаға,  қошқар)  тарихын  туыс 

(татар, ұйғыр және т.б.), тіпті туыс емес тілдердің (монғол, қытай және т.б.) 

материалдары  арқылы,  алғашқы  ғылыми  грамматикаларды,  сөздіктерді 

пайдалана  отырып  айқын  дәлелдейді.  Ғалым  қазіргі  біздің  кішірейту 

қосымшасы деп жүрген -шақ, -шек, -шық, -шік жалғауларын анықталатын 

сөзден  соң  тұрған  анықтауыштар  деп  атайды.  Мұндай  негізді,  батыл 

айтылған  пікірге  тәнті  болмай  тұра  алмаймыз.  Ғалымның  жазғандарын 

Ө.Айтбайдың  сөзімен  айтсақ,  «дәлелсіз,  дәмсіз  айғайға  құрылған  құр 



батылдық  ретінде  емес,  ғылыми  негізді  тірек  еткен  дәйекті  ой»  ретінде 

қабылдамасқа титтей де негіз жоқ (63, 35-36). 

Профессор  Қ.Жұбанов  синтаксистің  негізгі  қағидаты  –  сөздердің 

тіркесімділік  қабілетін  –  тереңнен  қозғайды.  Ғалым  сөз  мүшелерін,  яғни 

сөздерді «қалай-солай құpай салғанмен, сөз болмайтынын», яғни сөз тіркесі 

немесе сөйлем болмайтынын көрегендіктен айтады. «Сөз қылып шығаpу үшiн 



сөз  мүшелеpiн  белгiлi  тәpтiппен  оpналастыpу  кеpек.  Сөздiң  әp  мүшесiнiң 

өзiне аpнаулы оpны баp. Сол аpнаулы оpнына қойылмаса, сөз болмайды». Бұл 

пікірді сөздердің тіркесуіне, яғни сөз тіркесі синтаксисіне де қатысты айтуға 

болады, екіншіден, стилистика саласының да нышандары қылаң береді. 

Профессор Қ.Жұбанов «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» 

атты  еңбегінде  сөйлемдерді  айтылу  сазына  қарай  хабар  сазды,  сұрау  сазды 

және  леп  сазды  деп  бөледі.  Сөйлемдерді  жіктеудегі  бұл  ұстаным  әлі  күнге 

дейін  өзгермей,  хабарлы,  сұраулы  және  лепті  сөйлем  деп  аталуы  ғалымның 

теориялық 

тұжырымының 

нақтылығы 

мен 

термин 


жасаудағы 

тапқырлығының  белгісі  іспетті.  Ғалым  бұл  сөйлем  түрлеріне  анықтама 

беруде де нақтылық пен байқампаздығын көрсетеді. Бұл пікірімізге хабарлы 

сөйлемге  «Болған,  болып  жатқан,  немесе  болашақ  оқиғалаpдың  жайын 



хабаpлай сөйленген болса, сөйлем хабаp сазды болады» деген ойы айғақ бола 

алады. 


Профессор  Қ.Жұбанов  хабар  сазды,  леп  сазды,  сұрау  сазды 

сөйлемдердің 

әртүрлі 

(хабар 


беру, 

қуантқанын, 

мұңайтқанын, 

таңдандырғанын,  опындырғанын  т.т.  да  қоса  білдіргісі  келу,  сұрап  білу) 

мақсаттарына байланысты ерекшеленетінін дөп басып таниды. 

Ғалым сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай (жай сөйлем, 

жайылма сөйлем, күрделі сөйлем т.т. немесе леп сазды сөйлем) жіктеудің қас 

шебері саналады. Ғалым алдыңғы үшеуінің «мүше құрылысы жағынан қарап 



айырғандығын», ал соңғысын «сөйлемнің дауыс құрылысына, әніне,  сазына 

қарай таптастырғанын» айтады. Осы себепті де құрылысы жағынан бірдей 

сөйлемдер (яғни жай, жайылма, күрделі) сазы жағынан, яғни дауыс ырғағына 

қарай  түрліше  болуы  мүмкін.  Ғалым  мұны  «тек  бір  нәрсенің  өзін  екі  түрлі 

өлшеуішпен өлшегендік қана» деп түсіндіреді. Бұл ойын да ғалым қарапайым 

салыстыру (ұзын бойлы қараша жігіт) арқылы түсіндіреді. 

Профессор  Қ.Жұбанов  сөйлемдерді  таптастыруда  (жіктеуде)  тек  қана 

мағынаға сүйену дұрыс болмайды дейді. Өйткені «сөйлемнің мағынасы тек 



129 

 

дауыс  сазы  түрленгенде  ғана  түрленіп  отырмайды,  сөздері  өзгерсе  де 



өзгереді».  Ғалымның  пікірінше,  «сөйлемнің  дыбысын  қозғасаң  да,  сөзін 

қозғасаң  да,  әнін  қозғасаң  да,  бәрібір,  оның  мағынасы  да  осымен  бірге 

қобалжымақ».  

Ғалым сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің дауыс сазының түрліше 

болатындығын  дәлелдеген  пікірлерін  қазақ  тіліндегі  сұраулы  сөйлемдердің 

қызметіне  қарай  үш  топқа  (негізгі,  жетек,  анықтаушы),  мағынасына  қарай 

төртке  (ашық  сұрақты  білдіретін,  альтернативті  сұрақты  білдіретін, 

риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін) бөлінетіндігімен 

сабақтастыруға  болады.  Бұл  пікірден  қазақ  синтаксисі  саласында 

сөйлемдерді  жіктеудің  алғашқы  қағидаттарын  көреміз,  сол  қағидаттардың 

негізін  түсінуге  тырысамыз,  түсіне  отырып,  қолдан  келгенінше,  жетілдіруге 

ұмтыламыз.  

Сөйлем  тіліміздің,  тіпті  ұлтымыздың  дамуымен  жетіліп  отыратын 

өміршең  категория  саналатын  болса  (64,  32-35),  осындай  күрделі  тілдік 

категорияның  заңдылықтарын  ашуға  шындап  ұмтылғандардың  бірі 

профессор  Қ.Жұбанов  болды.  Ғалымның  түсіндіруінше,  тілдегі  қарым-

қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою ғана жеткіліксіз, 

ол  мағына  қалайша  туындайды,  оған  қандай  формалардың  әсері  болады, 

қысқасы, мағына мен форманың арақатынасын барынша зерттеу қажет.  

Профессор  Қ.Жұбанов  сөйлемдерді  құрылымына  қарай  жай  сөйлем, 



жайылма  сөйлем,  күрделі  сөйлем  деп  жіктегенін  жоғарыда  айттық.  Ғалым 

бұл сөйлемдердің тілімізде бар екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, олардың 

әрқайсысына ғылыми анықтама берді. Қ.Жұбановтың «сөйлемнің бастауыш 

мүшесі мен баяндауыш мүшесі ғана болып, тұрлаусыз мүшесі болмаса, оны 

жалаң сөйлем, ал тұрлаусыз мүшесі болса, жайылма сөйлем болады» деуін 

қазақ  тіл  білімінде  жай  сөйлем  синтаксисіне  қатысты  айтылған  алғашқы 

ғылыми тұжырымдама деп қараймыз. Ал ғалымның: «Сөйлемнің бір мүшесі 

тек  жайылма  болып  қоймай,  өзі  бір  сөйлем  болып  құралса,  өзін  сөгіп  алып 

ішін  ақтарғанда,  бірі  бастауыш,  бірі  баяндауыш  болып  шықса,  ондай 

сөйлемді  күрделі  сөйлем  дейміз»,  –  деген  түсініктемесі  қазақ  тіл  білімі 

синтаксисінің  құрмалас  сөйлемін  ғылыми  тұрғыда  танудың  бастауы  деп 

есептеуге әбден негіз бар. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  жай  сөйлем  ішінде  сұрау  есімдігінің 

сұраулық  мағынадан  басқа  да  мәнде  қолданылатыны  туралы  ойы 

грамматикалық  категорияларды  дәстүрлі  (құрылымдық),  сондай-ақ  қазіргі 

прагматикалық бағыттағы зерттеулерге бағдар болды деп айта аламыз. 

Әсіресе  Қ.Жұбановтың  қазіргі  қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемнің 

табиғатына,  құрылымына  қатысты  ойлары  қызығушылық  тудырады. 

Мәселен,  бірыңғай  мүшелер  мен  жалпылауыш  мүшелері  бар  жай  сөйлемді 

еске  салатын,  демек,  соларға  көп  ұқсастығы  бар  құрмалас  сөйлемнің 

сыңарларының  жарыса  (параллельно)  байланысқа  түскен  түрлерін  нақты 

мысалмен  көрсетеді  де,  мұндай  жағдайда  да  жалпылауыш  қызметіндегі 

есімдіктердің болатынын айтады (25, 24-29). 



130 

 

Ғалым қазіргі құрмалас сөйлем аталатын категорияны «күрделі сөйлем» 



деп  атап,  оның  салалас,  сабақтас  түрін  атайды,  салалас  сөйлемдерді 

мағыналарына  қарай  –  ыңғайлас,  ереуіл  /қарсылықты/,  талғама,  себеп-



салдар,  шарт-жағдай  деп  бес  түрге  бөледі.  Ғалым  мұндай  жіктеумен  ғана 

шектелмей, құрмалас сөйлемдердің түзілу тәртібін ғылыми түрде түсіндіреді.  

Ғалым  жайылма  сөйлемдерді  бастауыш  жайылма,  баяндауыш 

жайылма,  септес  жайылма  (Hұpымның  о  сықылды  iсiн  мен  есiткен 

емеспiн);iлiктес  жайылма  (о  сықылды  қымбат  малдың  маған  кеpегi 

жоқ);жанас жайылма (Алматыға бастап келген жылы, ол iлiм жұмысынан 

басқаға  көңiл  бөлген  жоқ);  қабыс  жайылма  (Өзi  жығылған  өкiнбес)  деп 

жіктейді. 

Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінде сын есімдену (адъективтену) 

және  заттану  (субстантивтену)  құбылысын  да  тұңғыш  ажыратып, 

адъективтенген  зат  есімдердің  мағыналарын  топтап  көрсетеді.  Мысалы,  1) 

адъективтенген зат есім өзі анықтауыш болатын заттың шығу тегін білдіреді 

(темір  күрек);  2)  адъективтенген  зат  есім  анықтауыш  білдіретін  заттың 

атауын  білдіреді  (шай  қасық);  3)  адъективтенген  зат  есім  анықтауыш 

білдіретін  затпен  ұқсастықты  білдіреді  (біз  тұмсық);  4)  адъективтенген  зат 

есім  анықтауыш  білдіретін  заттың  орналасқан  жерін  білдіреді  (төс  қалта, 



қойын қалта). 

Ғалым қазіргі тіл біліміндегі бірыңғай сөйлем мүшелерін, жалпылауыш 

сөздерді,  жалғаулықтардың  сөз  тіркестіру  қабілетін  таныта  отырып,  оларды 

тектес  мүшелеp  (қос  тектес,  ыңғайлас  тектес,  таңдама  тектес)  деп 

бөледі.  Ғалымда  «иесіз  сөйлем»  деген  термин  кездеседі.  Біз  бұл  терминді 

қазіргі жақсыз сөйлем деп түсінеміз. 

Сонымен, ғалым еңбектерінде сөз тіркесі, сөйлем синтаксисінің – жай 

және  құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  алғышарты  жасалып,  болашақ 

зерттеулерге  соқпақ  жасалды.  Осы  орайда  профессор  М.Серғалиевтің 

ғалымға  берген  мына  бағасын  келтіруді  жөн  көрдік:  «Оның  бұлтартпас 

логикаға негізделген ойлары мен нәрлі де әрлі тілі, өзінің сөз саптауына тән 

стилі, заманынан озып, ғылым болашағын ойлайтын асқан білімдарлығы әлі 

талай ізденістерге үлгі бола беретіні анық» (25, 24-29). 

      Академик-жазушы 

М.Әуезов 

Қ.Жұбановты 

аса 


ірі 

зерттеуші 

түркологтардың  қатарына  жатқыза  отырып,  «қазақ  және  басқа  түркі 

тілдеріндегі  сөздердің  орын  тәртібін  белгілейтін  синтаксистік  нормаларды 

және  олардың  тарихи  қалыптасу  жолдарын  қызықты  да  тартымды  етіп 

баяндап,  өз  ойын  ешкім  теріске  шығара  алмайтын  нақты  материалмен 

дәлелдеп  бергендігін»  атап  өтеді.  Мұнда  Қ.Жұбанов  «сөздердің  орын 

тәртібінің  қазіргі  нормаларында  ертеректегі  тілден  қаншалықты  ауытқу 

барын  анықтап,  сол  арқылы  түркі  тілдерінің  құрылымдық ерекшеліктерінен 

туатын негізгі заңдылықтарды дұрыс түсінуге» мүмкіндік берумен қатар (2, 

359),  «қазақ  тілі  сөйлем  мүшелерінің  тарихын  басқа  түркі  тілдерінен  бөліп 

қарамай,  қазақ  тілімен  бірге  өзі  еркін  игерген  түркі  халықтары  тілдерімен 

байланыстыра қарап, тарихи салыстырма методты қолданды» (17, 8-13). 


131 

 

Қазақ  сөйлеміндегі  сөздердің  орын  тәртібін  талдаған  «Из  истории 



порядка  слов  в  казахском  предложении»  атты  еңбегінде  Қ.Жұбанов  түркі 

тілдеріндегі  синтаксистік  тәртіптердің  даму  сатысына  шолу  жасап, 

анықтауыш  сөздер  мен  анықталушы  сөздердің  осы  күнгі  орын  тәртіптері 

(анықтаушы  анықталушыдан  бұрын  тұруы)  тіл  дамуының  бір  дәуірінде 

керісінше  болғанын  қазақ  тілінің  фактілерімен  дәлелдейді.  Бұл  өзгерісті 

ғалым  түркі  тілдерінің  аморфты-синтетикалық  құрылысты  түрінен 

агглютинативтік  құрылысқа  көшу  дәуірінде  болған  ірі  оқиға  деп 

топшылайды. Ғалым екі немесе одан да көп сөздердің бірігуінің нәтижесінде 

жалқы  есім  болатын  құбылысты  негізгі  зерттеуінің  арқауы  ете  отырып,  көп 

мәселені  қозғайды.  Анығырақ  айтқанда,  Күнсұлу,  Айсұлу,  Таңсұлу, 



Күнжарық,  Айжарық,  Көзжақсым,  Жолғұтты,  Бөрбасар  тәріздес 

тіркестердің  (қазіргі  кезде  бір  атау  ретінде  қалыптасқан  сөздер  – 

С.Құлманов)  мысалында  анықтауыш  пен  анықталатын  сөздердің  бүгінгі 

дағдылы  қалпында  емес,  керісінше  біріккенін  дәлелдейді.  Сондай-ақ 

зерттеушінің  екінші  бір  мысалдарды  талдауынан  көрініп  отырғанындай, 

бастауыш  пен  баяндауыштың  да  орын  тәртібі  біздің  заманымыздағыға 

керісінше  болып  келген.  Басқа  тілдердің  практикалық  материалдарын,  олар 

жайында  беделді  зерттеушілердің  тұжырымдарын  келтіреді  де,  етістіктің 

жіктік  жалғауларының  бір  кезде  есімдік  болған  деген  болжамға  сенімділік 

білдіреді (25, 24-29). 

Проф.  Қ.Жұбановтың  аталмыш  еңбегіне  алғашқылардың  бірі  болып 

ғылыми  талдау  жасаған  проф.  Т.Жанұзақ  ғалымның  (Қ.Жұбановтың) 



Күнсұлу,  Таңжарық  тіркестерінің  бастауыш  пен  баяндауыштан  тұратын 

сөйлем  бола  алмайтындығына  дәлел  ретінде  предикаттық  қатынастағы 



Жолғұтты,  Көзжақсым,  Атжақсы,  Есалаң,  Жылкелді  есімдерінің 

қалыптасуына  тән  фонетикалық  заңдылықтарды  атап,  біріккен  тұлғалы 

есімдер  синтаксисінің  қабаттарынан  «грамматиканың  жазылмай  қалған 

тарихи беттерін оқимыз» деген пікірін баса айтады. Екі сыңардан біріккен 

есімдер  анықтайтын  сөз  бен  анықталғыш  сөз,  толықтайтын  сөз  бен 

толықтанатын  сөз,  пысықтайтын  сөз  бен  пысықталатын  сөздердің  өзара 

тіркесуі  арқылы  жасалатындығы  белгілі.  Мысалы:  Ақбас,  Ақжан,  Аққал, 



Қаратай,  Сарыбай,  Торайғыр,  Ақтоқты,  Ақмарал  тәрізді  кісі  аттарының 

бірінші  сыңарлары  –  анықтайтын  сөздер  де,  екіншілері  –  анықталатын 

сөздер.  Сондай-ақ  Қойбағар,  Майбасар,  Таусоғар  тәрізді  есімдердің  бірінші 

сыңарлары – тура толықтауыштар.  

Бұларға ұқсас кісі есімдері басқа түркі тілдерінде де кездеседі. Алайда 

олардың  әр  кезеңде  шыққаны  байқалады.  Мысалы,  VI-XI  ғасырларға  тән 

түркі  жазбаларында  кездесетін  біріккен  тұлғалы  кісі  есімдерінің  бірінші 

сыңарлары  –  ай,  күн,  таң,  көк,  теңіз,  тәңірі,  барыс  –  анықталғыш  сөздер. 

Бірақ олар синтаксистік тәртібі жағынан анықтауыш орында бірінші тұр да, 

анықтауыш  мүшелер  екінші  сыңар  болып  анықталғыш  орында  ауысып 

келген. Мысалы: Айсұлу, Нұрсұлу, Күнсұлу, Қызжібек. Мұндай орналасудың 


132 

 

қазіргі  қазақ  тілінің  грамматикалық    нормасына  қайшы  екендігіне 



Қ.Жұбановтың мысалдарынан қанығамыз. 

Айсұлу,  Күнсұлу,  Таңсұлу,  қыз  Құртқа  тәрізді  әйел  аттарында, 

Айжарық,  Күнжарық,  Таңжарық,  Күнтуған  тәрізді  ер  адамдардың 

есімдерінде  ескі  сөз  тәртібі  сақталғанын  айтқан  проф.  Қ.Жұбановтың  

пікірінше,  бұл  құранды  кісі  есімдеріндегі  сыңарлардың  орын  тәртібінің 

ауысуы кейде грамматикалық заңға, кейде ат қою принципіне негізделген. 

Шынында да, Қ.Жұбанов көрсеткен Айсұлу, Айжарық, Нұрсұлу тектес 

кісі  есімдерінің  сыңарларын  қазіргі  синтаксистік  тәртіп  тұрғысынан 

анықтауыш, анықталғыш мүшелер ретінде қарауға болмайды. Өйткені қазіргі 

қазақ тілінің заңы бойынша зат есім сөйлемде сын есімнің анықтауышы бола 

алмайды.  Демек,  бұл  типтегі  есімдер  синтаксистік  көне  тәсілдер  негізінде 

жасалған деуге негіз бар. 

Қазақ  тіліндегі  көптеген  кісі  есімдерінің  бірінші  не  екінші 

сыңарларында  қолданылатын  бай,  бек,  батыр  сөздері  –  әрі  сын,  әрі  зат 

мағынасында  жұмсалып,  әрі  анықтауыш,  әрі  анықталғыш  мүше  қызметін 

атқарады.  Ал  сал,  сері,  көсе,  шешен  деген  сөздер  –  семантикасы  жағынан 

сапалық  сын  есімдер.  Қазіргі  тілдік  нормаға  сәйкес  олар  анықтауыш 

қызметін атқарып, кісі аттарының соңында келулері керек. Бірақ Біржан сал, 



Ақан  сері,  Алдар  көсе,  Жиренше  шешен  дегенде,  керісінше,  анықталғыш 

мүше  орнында  тұр.  Бұлайша  қолдану  амалы  да  тіліміздің  тарихи  өткендегі 

ерекшелігін көрсетеді. 

Проф.  Қ.Жұбанов  анықтауыш  пен  анықталғыш  мүшелерден  тұратын 

кейбір есімдердің сыңарлары аралығындағы дәнекер дыбыстардың түсіп қалу 

себебін  тұңғыш  рет  дәлелдеп  берген  болатын.  Мәселен,  Жалғұтты, 



Жылқыбай,  Түйебай,  Көзжақсым,  Атжақсы,  Малыбай,  Бөрібасар  тәрізді 

есімдердің  бастапқы  нұсқалары:  Жолы  құтты,  Көзі  жақсы,  Аты  жақсы, 



Бөрі  басар,  Жылқылы  бай,  Түйелі  бай,  Малды  бай  т.б.  болғандығын 

дәйектейді.  Ғалым  біріккен  тұлғалы  кісі  есімдерінің  бірсыпыра  сыңарлары 

алмакезек  ауысып  қолданатындығын  да  мысалдар  арқылы  көрсетеді. 

Құлсары,  Құлқара,Байсара,  Байқара,  Жоламан  деген  есімдер  керісінше 

Сарықұл,  Қарақұл,  Сарыбай,  Қарабай,  Аманжол  тұлғасында  да  кездеседі. 

Осындай  материалдарды  індете  зерттей  келе,  профессор  Қ.Жұбанов 

синтаксис заңдылығы біріккен кісі аттарына да тән деген тұжырымға келеді. 

Анықтауыштың анықталғыш мүшеден соң келу сәттері кісі аттарында 

жиі  кездесетін  себебін  айта  келіп,  проф.  Қ.Жұбанов  дәстүрлі  тіркесіміздегі 

батыр Әлтай, ақын Әміре тәрізді орындарда қазір Ғаббас сыншы, Телқожа 

инженер, Бекет жолдас, Асқар ақын, Әли агроном деп айту ұшырасқанымен, 

тіліміздің  грамматикалық  тәсілі  ретінде  сирексігенін  атап  көрсетті  (65,  72-

80). 

Академик  Ә.Қайдар  жалпы  эпос  пен  фольклор  антропонимдерінде 



анықтауыштың  кейіпкер  есімдерінен  бұрын  да,  кейін  де  (препозитивті, 

постпозитивті) қолданыла беретін мұндай жағдайларын «көне дәстүр» дейді 

(66). 


133 

 

Ғалымдардың  пікірінше,  кісі  аттарын  анықтаушы  сөздер,  мейлі  олар 



таза  сын  есім  немесе  бір  мезгілде  әрі сын  есім,  әрі  зат  есім  болатын  аралас 

есім,  не  тіпті  нағыз  зат  есім  болған  жағдайда  да  анықталушы  мүшелерден 

кейін,  яғни  жеке  адамдардың  әлеуметтік  сипатын,  табын,  тегін,  кәсібін 

білдіретін  сөздер  ретінде  кісі  аттарының  соңынан  тұруы  керек.  Ал,  қазіргі 

уақытта  жеке  адамдардың  табиғи  қасиеттерін  сипаттайтын  сұлу,  таз  т.б. 

(Айман  сұлу,  Ғали  таз)  ұғымдар  өткен  заманда  әлеуметтік  анықтауыштар 

қатарына жатқызылған болу керек деп қорытады. Демек, кісі аттары (Айсұлу, 

Қыз Жібек т.б. тәрізді) – тіл дамуының көне көзі ретінде сақталған архикалық 

реликтілік құбылыс. 

      Егер кісі аттарын анықтаушы кәсіптік және әлеуметтік-таптық ұғымдағы 

сөздер  анықталушы  сөздің  екі  жағына  да  емін-еркін  орналасатын  болса, 

тайпалық  және  тектік-әлеуметтік  анықтауыштардың  орналасуынан  басқаша 

позиция  байқалады.  Бұл  жерде  сөз  тәртібі  бір  ғана  үлгіде  болады:  арғын 



Жәнібек, байұлы Сырым, қара Қыпшақ Қобыланды және т.б.  

Ал,  адамдарға  жеке  аттардың  қойылу  тарихына,  генезисіне  келетін 

болсақ,  ғылым  оның  кейінгі  кезде  шыққан  құбылыс  екенін  анықтап  отыр. 

Қ.Жұбанов  қоғам  мүшелеріне  жеке  аттар  қойылмас  бұрын  адамдар  өзінің 

тайпасы  мен  ұлысының,  руының  жалпы  атын  иемденген  дейді.  Жаңа 

жағдайларда  қоғам  мүшелерінің  арасында  күрделі  қарым-қатынастар  туып, 

жеке адамдардың рөлі көтеріліп, оларды әулетінің атымен атаушылық бірте-

бірте қажет болмай қалған. Осыдан келіп әркімді өзінің жеке аттарымен атау 

дәстүрі қалыптасқан (67, 125-129). 

Қ.Жұбанов  жеке  кісі  аты  ру  аттарымен  аталып,  бай,  сұлу,  батыр 

сияқты  анықтауыш  сөздердің  әрдайым  постпозициялық  қолданысқа  бейім 

тұруы – олардың негізгі есімі – ру аттары болғандығынан деп пайымдайды. 

Бірақ,  таптық,  касталық  және  басқа  да  әлеуметтік  топтардың  түрлерін 

сипаттайтын  сөздердің  бұндай  категориялары  өздерінің  мағыналарынан 

ертерек  ажырап  қалып,  жекелеген  адамдардың  әрқайсысына  тән  дербес 

қасиеттерін  білдіру  үшін  қолданылатын  болған.  Сөйтіп  олар  (сұлу,  батыр, 

бай...)  атрибутивтік  мағынадағы  анықтауыш  қызметінде  жұмсалғандығын 

көрсетеді.  Ол:  «Если  и  по  сей  день  эти  определители  обладают  силой 



свободно располагаться по обеим сторонам своих определяемых, то в этом 

следует  лишь  видеть  борьбу  двух  синтаксических  структур  –  старой,  по 

которой они должны следовать за определяемыми, и новой, по которой они 

должны  предшествовать  им,  что  с  точки  зрения  современного 

грамматического  мышления  казахов  воспринимается  как  превращения  их  в 

определения,  когда  они  предшествуют  личным  именем,  и  как  переход  в 

определяемого, когда они следуют за личными именами», – деп қорытады (8, 

427). 


Құдайберген  Жұбановтың  еңбектерін  зерттеп  жүрген  ғалым  Жанна 

Тектіғұл  «Тарихи  грамматика  танымдары»  атты  кітабында:    «Қ.Жұбанов 

өзінің «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан» атты еңбегінде 

(1936)  қазіргі  аффикстер  мен  әр  алуан  көмекші  сөздер  бірте-бірте  негізгі 



134 

 

мағыналарынан айырылып, соған сәйкес дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбір 



сөздерден  пайда  болған  деген  ғылымда  бұрыннан  айтылып  жүрген  пікірдің 

дұрыстығын  айқын  да  нақты  деректермен  дәлелдей  отырып,  ол  мұндай 

ойдың  тууына,  яғни  үнді-еуропа  тіл  білімінің  негізін  қалаған  ғалымдардың 

алғаш  рет  флексияның  тегі  алглютинациядан  шыққандығы  туралы  айтуына 

себеп  болған  жағдай  –  есімдер  мен  етістіктердің  жіктік  жалғауларының 

жіктеу есімдіктерінен шығуы туралы болжам еді» деп көрсетеді (68, 356). 

Құдайберген Қуанұлы «Сөйлем мүшелерінің орналасуындағы, олардың 

орын  тәртібіндегі  өзгерістерге  себепші  болған  не  және  бұл  үдеріс  қашан 

болған?» – деген сауал қоя отырып, оған өзі: «Тілдің өмір сүруі, оның ішінде 

грамматикалық  құрылымның  сақталу  ұзақтығы  әдеттегі  тарихи 

оқиғаларды  межелейтін  он,  тіпті  жүз  жылдық  уақыт  мөлшерімен 

өлшенбейді. Бұл мыңдаған жылдардың жемісі», – деп жауап қайырады. 

Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  көрнекті  грамматист 

ғалым Н.Оралбаева Қ.Жұбановтың жоғарыда талданған «Из истории порядка 

слов в казахском предложении» (1936) еңбегінің ғылымдағы ерекшеліктерін 

былайша топтап көрсетеді: 1) Бұл – қазақ тіл білімінде тілдің грамматикалық 

құрылысының  жеке  мәселесін  тарихи  тұрғыда  зерттеген  тұңғыш  еңбек;  2) 

Осы  зерттеуінде  ғалым  тарихи-салыстырмалы  әдісті  қазақ  тіл  білімінде 

алғаш рет қолданды; 3) Анықтауыш сөз бен анықталатын сөздің қазіргі орын 

тәртібі  кейін  қалыптасқанын  дәлелдеді;  4)  Осы  еңбекте  бірсыпыра 

қосымшалардың этимологиясы берілген(69, 21-29). 

 

Ғалым  қазақ  тіліндегі,  сондай-ақ  түркі  тілдеріндегі  анықтауыштың 



анықтайтын  сөздің,  толықтауыштың  толықтыратын  сөздің  және  барлық 

сөйлем  мүшелерінің  баяндауыштың  алдында  келетін  қатаң  реті  (тек  қана 

адам  аттарына  қатысты  емес  –  С.Құлманов)  бастапқыда  бұлай  болмаған 

сияқты  дей  отырып,  бұл  ойын  мысалдар  арқылы  дәлелдеуге  тырысады, 

диахрондық зерттеу әдісін пайдаланады. Мысалы, ғалым күн ұзаққа деген сөз 

тіркесіне  талдау  жасай  отырып,  мұндай  тіркестердің  тілде  кездесуі  қазақ 

тіліндегі  қазіргі  сөз  орындары  нормаларына  қайшы  норма  болған  деген 

қорытынды  жасайды.  Мұны  кейінгі  анықтауыштан  кейін  анықталатын  сөз 

келетін  сөз  тіркесі  тәртібінің  басымдық  алып,  бұрынғы  сөз  тіркесі  ретін 

«ығыстырып  шығаруымен»  түсіндіреді  және  тілдік  мұндай  құбылысты 

грамматикалық  ойлаумен  байланыстырады.  Біз  бұдан  тілдің  табиғи 

дамуындағы  тағы  бір  құбылысты  байқаймыз.  Бұл  –  қандай  да  бір  тілдік 

бірлікті  жұмсаудағы  «активтену»  құбылысы,  яғни  тілде  қолданыстағы 

бірліктің  екінші  бір  бірліктің  жиі  жұмсалу  нәтижесінде  алғашқысын 

ығыстырып 

шығаруы. 

Екіншіден, 

грамматикалық 

ойлау 

қазіргі 


«грамматикалық концепт» мәселесімен ұштас деп санаймыз. 

Ғалым 


кейбір 

тұжырымдарын 

дәлелдеу 

барысында 

Орхон 

жазбаларынан да, көне ұйғыр жазуларынан да мысалдар келтіреді және қазақ 



тіліндегі  кейбір  топономикалық  атаулар  құрылымының  осы  жазбалардан 

бастау алатынын дәлелдейді. 



135 

 

Профессор  Қ.Жұбанов  тілдің  тағдыры,  атап  айтқанда,  қандай  да  бір 



грамматикалық құрылыстың сақталуы мыңжылдықтармен өлшенетін тарихи 

құбылыс  деп  атап  көрсетеді.  Ғалым  қазақ  тілінің  тарихында  аморфтық-

синтетикалық кезең болған және ол агглютинативті құрылысқа өткен болуы 

керек деген болжам айтады. 

Профессор Қ.Жұбанов бірігу (кірігу) екі немесе одан да көп сөздердің 

тіркесуі  арқылы  жасалады  деп  көрсетеді.  Ғалым  мұндай  сөзжасам  тәсілін 

тілді  өз  құралдары  арқылы  байытатын,  терминдер  қалыптастырудағы 

көздердің  қатарына  жатқызады.  Ғалым  күрделі  сөз  жасалу  (бірігу) 

құбылысының негізінен  грек және герман тілдерінде, сондай-ақ латын және 

роман  тілдерінде  кең  тарағанын  атайды.  Ғалым  сөздер  біріккенде  олардың 

сыңарлары  біртекті  болуы,  яғни  бір  ғана  тілдің  сөзі  болуы  қажет  деген 

пікірдің  ақталмай  отырғандығына  мысал  келтіреді  (терминология  –  лат. 



terminus – шек + грек. λογοσ – сөз). 

 Ғалым  мұндай  сөзжасам  тәсілінің  (негізінен  терминдердің  жасалуы) 

қыр-сырына  терең  үңіледі,  әрбір  жағдайды  (құрылымына,  сөздердің 

бірігудегі  орын  тәртібіне)  мысалдармен  нақтылайды.  Ғалым  әрбір  пікіріне 

дәлел  келтіре  отырып,  неміс,  ағылшын,  орыс  тілдеріндегі  күрделі  кіріккен 

жасалымдарға нақты мысалдар береді. 

 Профессор  Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  күрделі  сөздердің  мынадай 

түрлерін көрсетеді: 1) зат есім + зат есім; 2) сын есім + зат есім; 3) зат есім + 

етістіктен пайда болған есім; 4) сан есімдер; 5) жалқы есімдер; 6) жаңа сөздер 

–  қысқартулар.  Бұл  –  қазақ  тіл  білімінің  синтаксис  саласында  ғылыми 

айналысқа енген толыққанды жіктеме болатын. Ал профессор Қ.Жұбановтың 

семантикалық синтаксис жайындағы идеялары тіл білімінде содан отыз жыл 

еткен соң ғана бой көрсете бастады. 

Профессор  Қ.Жұбанов  «О  построении  речи  в  казахском  языке»  атты 

мақаласында  «қазақ  тілі  басқа  түркі  тілдері  сияқты  агглютинативті 

тілдер  тобына  жатады,  бұл  тілдерде  сөзжасам  мен  сөзөзгерім  негіздерге 

тиісті  қосымшалардың  жалғануы  арқылы  жасалады,  мұнда  дыбыстық 

өзгерістер  байқалмайды»  дейді.  Алайда  ғалым  агглютинация  қазақ  тілінде 

форма  түзудің  бірден-бір  тәсілі  емес  деп,  қазақ  тіліндегі  сөз  түрлендірудің 

бір  жолы  ретінде  сөздердің  тіркесу  формасын,  яғни  орын  тәртібін  атайды. 

Ғалым  сөздерді  қосымшасыз  орын  тәртібі  арқылы  орналастырғанда  жаңа 

мағынаға  ие  болады  деп,  оларға  мысалдар  келтіріп,  орыс  тіліндегі 

аудармасымен салғастырады. 

Академик  Р.Сыздық  ғалым  мұрасын  ыждығаттықпен  зерттей  отырып, 

ғалымның Сен көрген қымбат алпауыттан да қызыл құрт Ертай ұстаның 



Темірбайдан алған тор бесті аты жақсы деген сөйлемді алып, жарты баспа 

табақ  бойына  сөздердің  орнын  әр  алуан  құбылтып  отырып  талдап,  сөйлем 

ішіндегі  сөздердің  орналасу  тәртібіне  қарай  мағыналары  мен  қызметтерінің 

өзгеретінін дәлелдейтінін айтады. Алайда, академик Р.Сыздықтың айтуынша, 

ғалымның сөйлем ішіндегі сөздердің тіркесу түрлерінің, яғни орын тәртібінің 

мәнін тануға бағытталған бұл жұмысы да аяқталмай қалған (4).  



136 

 

Қ.Жұбанов  сөздердің  де  өздеріне  жарасты  орын  тәртібі  болатынын 



мысалдармен  жақсы  түсіндіріп,  ол  сөздер  орындарын  ауыстырса,  сөйлеуші 

адамның  нені,  қалай  айтып  тұрғандығын,  яғни  оның  дәл  ойын,  эмоциясын 

бере алатындығын дәлелдеді (59, 100). 

Ғалым сөйлемдегі немесе жеке топтағы сөз тіркестері  бірнеше сөз бір 

ғана  сөзге  бірдей  тәуелді  болғанда  параллель  және  бір  сөз  екінші  сөзге, 

соңғысы үшінші сөзге тәуелді болғанда тізбекті деп аталады дейді. 

Сөйлем  мүшелері  негізгі  заңға  бағына  отырып,  белгілі  бір  ретпен 

орналасады,  басыңқы  сөз  бағыныңқының,  анықтауыш  анықтайтын  сөздің 

алдында  келеді,  яғни  сөйлемнің  соңында  баяндауыш  орналасады,  оның 

алдында біріншілік мүшелер, олардың әрқайсысының алдында оларға тәуелді 

екіншілік мүшелер келеді дейді ғалым.  

 Дегенмен  ғалым  сөйлем  мүшелерінің  байланысуындағы  мұндай 

«тәртіп» кейде «бұзылуы» да мүмкін: «бір ғана сөзге бірдей қатысты және 

қандай да бір формадағы мүшелер параллель тіркескенде логикалық екпінге 

ғана бағынатын белгілі бір тәртіпке бағынбай-ақ орналасуы мүмкін». 

Ғалымның  айтуынша,  сөздердің  орын  тәртібін  ауыстыруға  болады, 

алайда оған қандай да бір шарт болуы керек, мысалы, «параллель орналасқан 

сөздерді  біз  олардың  барлығына  жалғау-жұрнақ  жалғанғанда  және  әрбір 

мүшенің  қандай  сөзге  қатысты  екендігін  білгенде  ғана  өз  қалауымызша 

орналастыра аламыз». 

Профессор Қ.Жұбанов «қазақ тілінде ешқандай қосымшалары болмай 



тұрып-ақ қандай  да  бір  сөйлем  мүшесі  қызметін атқаратын,  мағыналары, 

яғни  сөздің  орны  форма  және  сөзөзгерім  де,  сөзжасамдық  та  қызмет 

атқаратын сөздер тобы болады», – дей отырып, алғаш рет сөздердің орын 

тәртібі  арқылы  байланысуына  күрделі  зерттеу  жүргізген.  Қатар  орналасқан 

екі сөздің біріншісі екіншісіне тәуелді болады және бірінші сөздің орны оған 

қандай  да  бір  форманы  «хабарлайды».  Сондықтан  кейбір  қосымшалардың 

рөлі  сөздің  орнымен  алмастырылғанда  септік  жалғауларын  қолдану  артық 

болады (қымыз ішті, кітап оқыды, қазақ қызы). Расында да солай. Бұл, бір 

жағынан,  синтаксистік  үнемдеу  заңдылығына  байланысты  болса,  екінші 

жағынан,  қазіргі  кезде  арнайы  зерттеу  нысаны  болған  белгілілік/белгісіздік 

функционалды-семантикалық  өрісінің  ұйымдасу  заңдылығына  байланысты 

деп санаймыз.  

Ғалымның  «сөйлем  мүшесіне  ешқандай  қосымша  жалғанбаса,  ол 

кейінгі  сөздің  тікелей  ықпалында,  басқаруында  болады»,  «параллель 

мүшелердің  арасындағы  қосымшасыз  сөз  ең  соңғы  орында  тұрып, 

анықталушы  сөзбен  көршілес  болады»,  бұлардың  тікелей  көршілестігін 

бұзғанда,  оларға  тиісті  септік  жалғаулары  жалғануы  тиіс  болады 

(қымызды мана ішті, кітапты өзі оқыды, қазақтың ерке қызы)» деген пікірі 

сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуының негізгі шартты іспетті. 

Қазақ тілінде ешқандай қосымшасыз болғанымен, қандай да бір сөйлем 

мүшесі  қызметін  атқаратын  ерекше  сөз  табы  – сын  есім, оның  орын  тәртібі 

сөзтүрленім  және  сөзжасам  қызметін  атқарады.  Сондықтан  сын  есіммен 



137 

 

білдірілген  мұндай  сөйлем  мүшелері  іс-әрекетті  анықтайды  немесе 



толықтырады  және  анықталушы  сөздің  алдында  тұрады.  Мұндай  сөздердің 

параллель  тіркесуі  олардың  қызметін  анықтауда  қиындық  туғызады,  кейбір 

жағдайларда  ерекше  интонацияның  немесе  ерекше  көмекші  сөздердің 

көмегінсіз  анықтау  мүмкін  де  емес.  Ал  қандай  да  бір  қосымшасы  бар 

анықтауыштардың  параллель  тіркесуі  оңай  болады.  Бұлар  сөз  тіркесі 

синтаксисінің  ғылыми  негізін  қалаушы  профессор  Қ.Жұбановтың 

тыңғылықты  зерттеуінің  арқасында  алған  қорытындылары  және  алғаш 

айтылған мұндай ой-тұжырымдары қазақ тіл білімінің синтаксис саласының 

әрі қарай дамуына қалтқысыз қызмет етіп келеді. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  сол  кезде  әлі  ғылыми  айналымға  түспеген 

айтқан  пікірлердің  бірі  –  автор  сөзі  мен  бөгде  сөздің  арақатынасы  туралы 

тұжырымдама. 

Профессор 

М.Серғалиев 

бұл 

тұжырымдаманың 



құндылығына: «... бұл тұжырымдар бүгінгі күн тұрғысынан, көз бен құлаққа 

қанық  болғанмен,  20-30-жылдары  дүниеге  келген  теориялық  толғамдар 

ретінде  қымбат.  Ол  қымбаттылығы  қазіргі  көзқараспен  дөп  келетіндігінде 

деп  білеміз.  Сондай-ақ  төл  сөздің  төлеу  сөзге  айналуы,  одан  туатын  кейбір 

мағыналық    ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  алға  тартқан  пікірлері 

тағы  да  классик  ғалымның  қаламынан  туғанын  айғақтайды»,  –  деп  баға 

береді.  Қ.Жұбанов  бөгде  сөз  бен  автор  сөзін  қолдану  (де  етістігі)  ретін 

(баяндауыш  –  бөгде  сөз  –  де  етістігі)  көрсетіп  береді.  Ғалым  де  етістігінің 

басқа да қолданылу жағдайларын мысалдар арқылы көрсеткен (25, 24-29). 

Профессор Қ.Жұбанов синтаксис саласындағы күрделі мәселенің бірі – 



грамматикадағыүнемдеу құбылысын да алғаш айтқан ғалым саналады. Оған 

ғалымның мына пікірі дәлел бола алады: «Қазақ тілінде табыс жалғау мен 



ілік  жалғау  кейде  жалғанбай,  тасаланып  тұрады;  барыс,  шығыс 

жалғауларда  да  тасалану  болады,  бірақ  бұл  сирек  кездеседі».  Ал  қазіргі 

кезде  бұл  құбылыстар  поссессивтілік  (меншіктік),  объектілік-субъектілік, 

локальдылық/бейлокалдылық  функцоналдылық  категорияларына  қатысты 

жаңа  бағытта  зерттеліп  келеді.  Сондықтан  мұндай  зерттеулерді  ғалымның 

осы орайдағы ойларының заңды жалғастығы деп есептейміз. 

Профессор  Қ.Есенов  «Ғалымның  синтаксис  жайындағы  ілімі»  атты 

мақаласында  (64,  35)  профессор  Қ.Жұбановқа  «білімінің  тереңдігі,  жан-

жақты қабілетінің молдығы, үлкен ғалымдығымен қазақ тіл білімінің титаны 

болып  есептеледі»  дей  келе,  ғалымның  синтаксис  саласындағы  зерттеулері, 

негізінен алғанда, мына төмендегі мәселелерді қамтиды деп тұжырымдайды:  

1.  Сөз  тіркесі  мәселесі  автордың  айрықша  назарында  болған.  Мұны 

ғалым  «сөз  қиыны»  деп  атаған.  Автор  сөз  тіркесіндегі  бағынушы  сөзді 

«жетек сөз», бағындырушы сөзді «жетекші сөз» деп атайды. 

2.  Күрделі  сөздер  мен  атаулардың  синтаксисі  де  ғалымның 

еңбектерінде сөз болған. 

3. Ғалым сөйлемдердің айтылу барысындағы түрлерін саралауға дыбыс 

сазын басшылыққа алған. Осы негізде олар хабар сазды сөйлем, сұрау сазды 

сөйлем және леп сазды сөйлем болып ажыратылған. 



138 

 

4.  Синтаксис  саласындағы  ғалымның  өзіндік  бір  ерекшелігі  оның 



сөйлем мүшелерін өзара жіктеу барысынан айқын көрінеді. Автор бастауыш, 

баяндауыштарды  негізгі  мүшелер  деп  қарайды  да,  тұрлаусыз  мүшелерді  ең 

алдымен мағыналық белгісіне қарай айқындауыш мүше деп жіктейді. 

5.  Профессор  Қ.Жұбанов  сөйлем  мүшелерінің  орналасу  тәртібіне  де 

айрықша назар аударған. Бұл ретте ол сөйлем мүшелерінің қалыптасқан орын 

тәртібі  бола  тұра,  кейде  одан  ауытқушылықтың  да  кездесіп  қалатындығын 

нақтылы материалдармен дәлелдеп береді. 

6. Ғалым өз еңбектерінде құрмалас сөйлемді күрделі сөйлем деп атауды 

ұсынған. Құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас түрлеріне ажыратып, 

әрқайсысының жасалу жолдарын көрсеткен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет