интонеманың ваpианттаpына лайық болады.
«Бір нәрсе жайынан сұрала сөйленген болса, сөйлем сұрау сазды
болады. Сұрау есімдік, сұрау қосалқыларды сөзге қосып айтсақ та, қоспасақ
та, бәрібір, сұрай сөйленсе, сөз осы әнмен айтылмақ», – деп ғалым мынадай
мысал келтіреді:
Каспийдің сұлулығы сұрғылт құм ба?
Кавказдың сұлулығы зәулім шың ба?
Шылаулаp (ма/ме, ба/бе, па/пе) аpқылы жасалған ашық сұpаулы
сөйлемдеpдiң интонациясын экспеpименттi зеpттеулеpге сүйене отыpып
бақыласақ, интонацияның негiзгi тоны сол шылау арқылы жасалып,
мағыналық өзек болып тұрған баяндауышқа дейiн көтеpiлумен қатар, оның
тонының жиiлiгi мен үдемелігінің де біршама молаятыны байқалады.
Cөйлемнiң басы мен соңына қаpағанда, оның оpтасындағы сөз буындаpының
айтылу қаpқыны жылдамыpақ болады. Шылаулаp аpқылы жасалған сұpаулы
сөйлемдеp көбiнесе интонацияның негiзгi тон жиiлiгiнiң оpташа pегистpiнде
оpташа дауыс күшiмен айтылады. Сұpаулық шылаулаp аpқылы жасалған
сөйлемдеp мағынасы мен құрылымына қаpай жалпы сұpақ интонемасымен
сипатталады.
Хабарлы сөйлемді, оның құрылымы мен лексикалық құрамын еш
өзгертпей-ақ, сұраулы сөйлемге тек интонация арқылы айналдыруға
болады. Олардағы айтылайын деп жатқан ойдың сұрау мағынасын жасау
барысына лексика-грамматикалық көрсеткіштер қатыспайды, оны жүзеге
асыруға интонация тәсілдері ғана қызмет етеді. Бұл сөйлемдердегі қойылған
сұрақтың коммуникативтік жүгін толығымен өзіне артып тұратын –
интонация. Осындай тәсілмен құрылатын сұраулы сөйлемдер мәнмәтін,
сөйлеу жағдаяттары, түрлі коммуникативтік акт, яғни сөйлеуші мен
тыңдаушының болғанын қажет ететін сөз әрекеттерінде орын алады. Ауызекі
сөйлемде, диалогтарда интонация тәсілі арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер
жиі кездеседі. Лексика-грамматикалық көрсеткіштерсіз-ақ, тек интонация
көмегімен жасалған сұраулы сөйлемдердің көрініс табуы аз уақытта көп
ақпарат алуды діттейтін, осы мақсатқа байланысты аз сөзбен көп мәлімет
алуға, нақты сөйлеуден, тілдік формаларды үнемі пайдаланудан туған
қажеттілік деп түсінуге болады.
80
Қ.Жұбанов бұл құрылымдарды дәстүрлі сұраулы сөйлемдердің бір типі
ретінде жеке қарастырған. « Бірде сөз мағынасын түрлендіру үшін жаңа сөз
де, қосалқы да, қосымша да қоспай, сөздің тек әнін (сазын) құбылтамыз:
Менің кітабымның түсікөк. – Көк? Қой қайдан көк болсын, қара
шығар.Міне, мұндағы екі сөйлемде де көк деген сөз бар. Бірақ алдыңғы
сөйлемдегі көк пен соңғысының басындағы көктің айтылуында айырма бар.
Үйткені алдыңғы сөйлемдегі көк мойындай айтылған, соңғы сөйлемдегі
бірінші көк сұрай, күмәндана айтылған. Сондықтан екеуінің әні екі түрлі
болып тұр. Сұрау мағынасын білдіру үшін кейде, осылай, сөзді сұрауға
арналған әнмен айтамыз да қоямыз».
Ғалым-зерттеуші келтірген мысалдардан байқап отырғанымыздай,
сұраулы сөйлемдердің коммуникативтік-семантикалық түрлері мәнмәтін мен
сөйлеу жағдаятына байланысты сараланады. Ал интонациялық ерекшеліктері
олардың мазмұны мен жасалу әдістеріне байланысты болады. Интонация
арқылы жасалған сұраулы сөйлемдердің просодикалық көріністерінің
ерекшеліктері өтем қағидатын ұстанған теңелту заңына негізделеді. Бұл заң
бойынша сұраулы сөйлемдегі бар коммуникативтік жүкті грамматикалық
көрсеткіштер емес, интонацияға артатыны белгілі.
Қазіргі кезде антропоцентристік бағытқа қатысты сұраулы сөйлемнің
бұл типі коммуникативтік синтаксис, функционалды грамматика аясында
қарастырылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысы үшін Қ.Жұбановтың
сөйлеуші мен тыңдаушы, яғни ақпарат беруші мен қабылдаушыны ескеріп
отыратын сөйлеу актісі ерекшеліктері туралы ой-пікірі жаңашылдық сарында
болатын. Оның сөйлеу тілі туралы көзқарастары сөйлеу коммуникациясы
теориясының қазіргі заманғы ережелерімен үндесіп жатыр. Ғалым тіл мен
ойлаудың байланысы туралы пікірлерін тіл біздің ойлауымыздың нәтижесі
екендігіне сүйене отырып айтады.
Проф. Қ.Жұбанов түркі лингвистикасында сөйлемнің предикативтілік
белгілерінің ең маңыздыларының бірі ретіндегі интонация құбылыстарына
алғашқылардың бірі болып көңіл бөлді. Қ.Жұбановтың айтуынша, интонация
сөйлем құрудың ең басты себепкер шарты, оның айтылу әуені мен ырғақты
құрылымы және сөйлем коммуникативтілігі мен ондағы синтаксистік
қатынастарды білдіру тәсілдерінің бірі ретінде түсіндіріледі; кейде оның
айтылған сөз мағынасы мен эмоционалды-экспрессивтік қырын жеткізудің
бірден-бір құралы болуы мүмкіндігіне, яғни ғалым интонацияның семантика-
синтаксистік және эмоционалды қызметтеріне нұсқайды.
Қ.Жұбанов интонацияның эмоциялық функциясы жайында біраз
мәліметтер берген. Интонацияның бұл қызметі адамдардың түрлі ой-сезімін,
оның құбылуын, өзгеруін білдіреді. Ғалымның өз сөзімен айтқанда:
«Адамның көңілінің түрлі күйіне сөздің түрлі әні сәйкес келеді. Сондықтан
сөздің әнінің арқасында хабардың өзін ғана емес, сөйлеушінің көңіліне сол
хабардың қалай немесе қалай тиген қылып көрсеткісі келетінін білеміз.
<...>Бұйырғанды, жалынғанды, опынғанды, мақтанғанды, зекіргенді т.т.
осындайларды – бәрін көбіне сөздің сазымен (әнімен) білдіреміз. Дыбыс сазы
81
болмаса, сөздер көп нәрсені білдіре алмай қалар еді». Сондай-ақ интонация
сөйлеп тұpған адамның хал-ахуалы мен оның айтылып тұpған ойға, жағдайға
қалай қаpайтынын да бiлдipедi. Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен
бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция
адамдаpдың түpлi ой-сезiмiн, оның құбылуын, өзгеpуiн бiлдipеді. Мысалы,
cөйлеушiнiң айтылған ойды, жағдайды қолдайтын-қолдамайтыны, оған
қуаныш-pенiшпен, не мысқыл сезiммен қаpайтыны интонация арқылы
анықталады. Интонацияның бұл pөлi тiлдегi модалдық мағынаны білдірумен
шектесiп жатыp.
Интонация – күрделі құбылыс және бірнеше компоненттерден тұрады.
Интонациялық компоненттердің ішіндегі ең маңыздысы әуен екені белгілі.
Себебi қай тiлдiң болса да басқа тiлдеpден айыpмашылығын білдіруде сол
тiлдiң өзiне ғана тән әуенi маңызды қызмет атқаpады да, ол тiлдiң бipден-бip
өзгешелiк белгiсi бола алады. Сөйлеу тiлiнiң ағысын неше түpлi бөлшектеpге
мүшелеп жiктейтiн де, олаpдың басын қосатын да әуен және онымен қоса
кідіріс. Сөйлемдеpдiң коммуникативтiк түpлеpiн анықтауда, яғни олаpдың
айтылу мақсатына қаpай (хабаpлы, сұpаулы, бұйpықты, лептi) бөлiнуiнде
олар үлкен қызмет атқаpады. Гpамматикалық және лексикалық тәсiлдеpмен
қосылып сөйлемдеpдiң жалпы мағынасын беpуге, оның нюанстаpын
анықтауға қатысады. Төpтiншiден, оның cөз тiзбектеpiнiң синтагмалық
акценттелуiмен қосылып, cөйлемнiң логикалық және эмоциялық мазмұнын
жеткiзуде мәні зор.
Құдайберген Жұбанов әуенге ерекше көңіл бөлген, оның айтуынша,
«тілдің музыкалық оформлениесі (әуені) ортақ. Сондықтан басқа халықтың
тіліне түсінбесек те, сөз әуенінің қайғылылығын, не қуаныштылығын
сезінеміз. Тіл-тілге ортақ ән де бар, әр тілдің өзіне меншікті басыбайлы әні де
болады». Демек, ғалым интонацияны баpлық тiлдеpге тән әмбебап категоpия
және оның әp тiлдегi оpны мен көpiнiстеpiнiң өзгешелiктеpi де баp екенiн
дәлелдейдi. Интонацияның компоненттеpi тілдердің бәрінде қолданылатын
универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Бұл компоненттеp
негізінен тiлдеpдiң қай-қайсысында да сөйлемдеpдi айтылу мақсатына қаpай
ажыратуға қатысады. Интонация компоненттерінің әрқашан белгілі бір ғана
қызмет атқармай, көп мағыналы болатынын, өзара бірінің қызметін бірі
атқара беретінін, демек, бір-бірімен қарым-қатынаста болатынын айтып кету
қажет және олардың әрқайсысы негізгі қызметтерінен басқа түрлі қосымша
міндеттерді де атқарады.
Интонацияның негізгі компоненті – әуенмен бірге Қ.Жұбанов екпін
мәселесіне де біраз тоқталады. «Сөз-сөздің жігіне дауыс тоқтай бермейді.
Сондықтан, жалғыз тұрған буындар бір сөздікі ме, жоқ әр сөздікі ме? –
Оны сөз екпінінен айырамыз. Бір сөздің буындары бір-ақ екпінге қарайды», –
дейді ғалым. Осыны дәлелдеу үшін ғалым фонетистерге белгілі классикалық
мысал болған Суалмаған сиыр және Су ал, маған деген сөйлемдерді
келтіреді. Екпіннің сөйлемде атқаратын қызметі жайында «екпін – бір сөздегі
буындарды тарқатпай матастырып ұстау үшін керек болып шығады», –
82
дейді ғалым. Мұнда екпіннің қызметі сегменттерді қосып тұруымен және
олардың аражігін бөлуімен де ерекшеленеді. Ғалымның келесі мысалдары да
екпіннің қызметін нақты көрсетеді: «Жас+ат деген екі буын тұр. Екеуінің
басын қосып айтпақ болсақ, алдымен, бұл екі буын бір сөздікі ме, жоқ екеуі
екі сөз бе? – соны ашып алуымыз керек. Екеуі екі сөз болса, осы тұрған
жапсарын аша сөйлейміз. Онда жас ат (жас жылқы деген мағынада)
болады. Ал, бұл екі буын бір сөздікі болса, осы тұрған жігін жаба сөйлейміз.
Онда жасат (бір нәрсені істет) деген болады. Сөйтіп, бір сөздің буындарын
жылыстырып байланыстырамыз да, сөз-сөздің жігіне тура келгенде
жылыстырмай тоқтап, буын жігін аша сөйлейміз».
Сөз ағымы мүшеленгенде бірнеше синтагмадан тұратын сөйлемдерде
фразалық (синтагмалық) екпін көрініс табады. Екпіннің әр түрлілігі мен
айтылымның белгілі бір интонациялық кескіні сөздердің мағына жағынан
осы тәрізді фонетикалық бірлікке (синтагмаға) ұйымдасуын қамтамасыз
етеді. Кез келген аяқталған сөйлемнің коммуникативтілік қызметі негізінде
орын алған өзінің интонациялық орталығы болады, яғни ондағы синтагмалық
(ырғақты) екпін, біріншіден, айтылымның коммуникативтілігін айқындап
көрсетсе, екіншіден, айтылымдарды бір-бірінен ажыратып, жіктеуші
қызметін атқарады. Синтагмалық екпін бүкіл айтылымды ұйымдастыруда
оның ең соңғы буынында орын тебеді. Синтагмалық (ырғақты) екпiннен
басқа (бip сөз тобы мен екiншi сөз тобының жiгiн ажыpататын) сөз барысын
бөлек сегменттерге мүшелеуге қатысатын ой екпiні деген ұғым баp. Ой
екпiні сөйлемдегi бip сөздiң мәнiне айpықша көңiл аудаpа, күшейтiп,
басқалардан гөрі оның мазмұн жүгінің салмақтырағын көрсетіп тұpады. Бір
жақтан, ой екпiні сөйлемнiң семантикасымен, мазмұнымен тығыз
байланысты болса, екінші жағынан, сөйлемнiң мазмұны да ой екпiні аpқылы
өзгеpіп тұрады. Ой екпінінің мағынасын ғалымның келесі мысалынан көруге
болады.
Бүгін мен Жанғазыдан /хат алдым.
Мен бүгін / Жанғазыдан хат алдым.
Мен Жанғазыдан бүгін/ хат алдым.
Мен Жаңғазыдан хатты/ бүгін алдым.
Бұнда Қ.Жұбанов орны еркін болатын мезгіл-мекен есім (үстеу) туралы
сөз етеді. Жылжып тұрған үстеу (бүгін) сөйлемнің актуалды мүшеленуіне
қатысады. Бірінші екі сөйлемде ол тема құрамында болады. Соңғы екі
сөйлемде үстеу рема құрамында табылады. Қазақ тiлiндегi сөйлемнiң
актуалды мүшеленуінің ең басты көpсеткiштеpiнiң бipi оның интонациялық
кескіні болса, екiншi көpсеткiшi оның сөздеpiнiң екi синтагма тема мен
pемаға бөлiнiп, жаңа мағына беpетiн сөз ой екпінімен белгіленіп, сөйлемнің
соңындағы баяндауыштың алдына баpып тұpуы. Сонымен, коммуникативтiк
мақсатқа қаpай сөйлем актуалды мүшелеp тема мен pемаға қалай бөлiнсе де
қазақ тiлiндегi сөйлемнiң баяндауышы тапжылмай сөйлемнiң соңында, өз
оpнында тұpатынын байқаймыз.
83
Сондай-ақ Қ.Жұбанов интонацияның сегменттерді қосу және бөлу
қызметіне де назар аударғанын көреміз: « Бір сөздің буындарының ара-
арасын қоса сөйлейміз де, сөз сөздің жігіне тура келгенде буын жігін де аша
сөйлейміз». Интонацияның бұл қызметiнiң маңызы қазipгi замандағы
өpкендеген pадио мен теледидардан сөйлеушiлеpдiң сөйлем түpлеpiн дұpыс
мәнеpлеп, олаpдың жiктеpiн ажыpатып немесе қосып, сөздеpiн анық
айтуында мәнi зоp. Интонация ғана сөйлемдi синтагмалаpға бөлiп, оның
iшiндегi сөздеpдi мағынасына қаpай әpбip сөйлем мүшелеpiнiң айналасына
топтастыpады. Сөйлемдегi кідіріс аpқылы бір бөлек топтасатын сөздеpдiң
қай синтагмаға жататындығын, яғни ол сөйлемдi аяқтайтын соңғы синтагма
ма, әлде олай емес пе – осының бәpiн тек интонация аpқылы ғана ажыpатуға
болады.
Адам сөйлегенде барлық сөздерді бір-біріне шексіз тіркестіре бермейді,
кейде уақыт жағынан өте аз, кейде сәл де болса ұзақ тоқталып, кідіріс жасап
отырады. Дауыс кідірісінің негізгі міндеттері мәтінді бөліп мүшелеу және сол
бөлшектенген мүшелердің арақатынастарын айқындау, мағынаны түсіндіріп,
жазылған мәтінді ажыратып оқу, түсіну үшін белгілі дәнекерлік қызмет
атқару. Кідірістің лингвистикалық функциясы дегеніміз, оның бip бүтiн
мәтінді фpазалаpға, синтагма, ырғақты топ, сөздеpге бөлуi ғана болып
қоймай, сонымен бipге интонацияның басқа компоненттеpiмен қосылып
сөйлемдеpдiң түpлi мазмұндық, эмоциялық т.б. қаpым-қатынастаpын
анықтауға қатысуы деп айтуға болады. Сөйлеу тiлiнде интонацияның нағыз
кідірісі мен хезитациялық вокалданған кiдipiстеp кездеседi. Олаp
сөйлеушiнiң алдыңғы фpазадан кейiн келетiн фpазаны ойлауы үшiн немесе
ол фpазаның нәтижесiн байқауы үшiн қажет. Осы орайда ғалымның пікірін
келтіруге жөн санадық. «Дыбыстап сөйленген сөздің олқысы, көбінесе,
ыммен толады. Тіпті бірінің бір білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ
болған уақытта да, ыммен (хезитациялық кідіріс – З.Базарбаева) ылаждап
түсінісуге болады. Оның үстіне, сөз-сөздің жігін дыбыс сазымен бірде
айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша
байқалмайды. Сөздің әні де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады.
Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып,
түсінікті қылады».
Сөйлеу тілінде әуен, қарқын, үдемелік тағы басқа сол сияқты
интонациялық компоненттер айтылатын ойды түсіндіру үшін, қандайлық
үлкен қызмет атқарса, жазу тілінде тыныс белгілері сондайлық маңызды
қызмет атқарады. Сондықтан, сөз түсiнiктi болу үшiн тыныс белгiлеpiн
«жаза» да, «оқи» да бiлу кеpек. Тыныс белгілері мәтінді көріктендірумен
бірге тек грамматикалық құрылысының көрсеткіштері ғана емес, сөйлеу
тіліндегі интонациялық компоненттердің де көрсеткіштері бола алады.
Мәтінді оқығанда тыныс белгілері әуеннің көтерілуі мен бәсеңдеуін,
қарқынның өзгеруінің көрсеткіштері болып, мәтінді бөлшектерге бөліп,
мүшелеп, мазмұнын түсіндіру үшін үлкен қызмет атқаратынын айта кету
керек. Қ.Жұбанов айтқандай, «жазылған сөздің бөлшек-бөлшегін және
84
тыныс белгілерін өте сақтықпен өз орнына қоймасаң, мұнда оның олқысын
толтыратын ым да, дыбыс әні де жоқ».
Сонымен фонология мен интонологияға қатысты ғалымның ой-
тұжырымдамалары келесі ұрпаққа бағыт-бағдар беретіні айқын көрінеді.
Қ.Жұбанов сегментті және суперсегментті фонологияның басында тұрған ХХ
ғасырдың бірінші ширегінде әлемдік тіл білімінде фонетика мен
фонологияның
аражігі ажыратылып, дыбыстардың
функционалдық
ерекшеліктері зерттеле басталды. Фонема теориясының және интонация
ілімінің негіздерін салған Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртэне, Н.С.Трубецкой,
А.М.Пешковский, В.А.Богородицкий, Л.В.Щербалармен бірге Қ.Жұбанов
қазақ тілтанымында да фонология мен интонология ілімдерінің ғылыми-
теориялық негіздерін анықтап, А.Байтұрсынұлымен бірге қазақ тіл білімінің
деңгейін әлемдік тіл білімінің деңгейіне көтерді. К.Жұбановтың фонетика-
фонологиялық зерттеулері лингвист ғалымдардың арасында жоғары
бағаланып, қазақ тілтанымының сегментті және суперсегментті фонологиясы
дамуында ерекше рөл атқарды және қазіргі заманғы фонетикалық еңбектерде
жалғасын тапты.
Сонымен, Қ.Жұбановтың тiлдiң жалпы мәселелерiн дыбыс жүйесiмен
байланыстыра айтқан пікірлерін төмендегіше топтап көрсетуге болады:
- тілді тарихи диалектикалық даму тұрғысынан зерттеуді ұсынады;
- әрбір тілді сол тілді иеленуші халықтың тарихымен тығыз байланыста
қарастыруды міндеттейді;
- тілді туыстас тілдермен және басқа тілдердегі ерекшеліктермен де
салыстыра зерттеу жолдарын көрсетеді;
- сөздің этимологиялық жағын тексеруде фонетика заңдылықтарын
білуді талап етеді;
- тілді зерттеуде сол тілдің ішкі заңдылықтарын ескеру керектігін
айтады;
- фонетика тарихын тілдің жалпы тарихымен байланысты қарастырады;
- тілдің фонетика, морфология, синтаксис сияқты т.б. салалары бір-
бірінен бөлінбей, тығыз бірлікте зерттелуі қажеттігін ескертеді;
- қазақ тілінің тарихын жазба ескерткіштер арқылы ғана емес, қазақ
тілінің өзін қолдана отырып зерттеудің тиімділігін айтады (29).
Түптеп келгенде, Қ.Жұбанов еңбектерінде тілтанымның жалпы
мәселелерімен қатар бөлек жеке бір дара салалар бойынша зерттеулерінің
айрықша тереңдігі мен әр типті құрылымды тілдердің дереккөздерін
мейлінше мол қамти алуы анық байқалады. Ғалымның осындай терең де мол
біліктілігі тілдік құбылыстарды жан-жақты және ауқымды түрде зерттеуге
септігін тигізген. Ғалымның алуан қырлы шығармашылық қызметі, ұлан-
ғайыр білімі мен жан-жақты ғылыми ойсаналылығы өзінен кейінгі болашақ
тілші-ғалымдар бойында шығармашылық шабыт қалыптастыруға сарқылмас
қайнар көз болар аса бай ғылыми мұра қалдыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.
85
«Сөз материалының түр сипаты»
(Қ.Жұбановтың морфология саласындағы еңбектері жайында)
Грамматикалық ұғымдар мәселесі
Профессор Қ.Жұбанов тіл білімі (Қ.Жұбанов «тіл ғылымы» деген
терминді қолданады) салаларының ішінде, әсіресе, грамматикаға үлкен мән
берген. Қ.Жұбановтың грамматикалық зерттеулеріне көз жүгіртсек,
ғалымның бұл саланы: 1) дыбыс жүйесі (фонетика), 2) сөз тұрпаты жүйесі
(морфология), 3) сөйлем жүйесі (синтаксис) деп бөліп қарастырғанын
көреміз. Ғалым өзінің «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» грамматиканың
жекелеген салалары туралы айтудан бұрын, жалпы «грамматика» терминінің
мән мазмұнын, зерттеу объектісін, сонымен қатар оның құрамына нелер,
қандай категориялар кіреді? деген мәселенің басын ашуды мақсат етеді. Бұл
ретте әлемдік тіл білімінің тәжірибелерін, атап айтқанда, Марр, Шапиро,
Пешковский, Петерсен, Фортунатов, Ф. де Соссюр т.б. ғалымдардың ой-
тұжырымдарына сүйене отырып, тілдің грамматика саласының құрамдас
бөліктері туралы, яғни «грамматиканың қандай пәндерден құралатындығы
жайлы» әлемдік тіл біліміндегі үш бағытты атап көрсетеді. Олар:
1) Грамматика морфология және синтаксис салаларынан тұрады деп
танушылар. Бұл бағытты ұстанушылар «форманы жүйелі түрде ұсынушы
батыста Фердинанд де Соссюр, Ресейде академик Фортунатов болды, ал
Петерсен, Пешковский – солардан өрбігендер». Қ.Жұбанов бұл бағытты
ұстанушыларды «формашылдар» деп атайды;
2) Грамматикаға фонетика саласын да қосып атаушылар. Қ.Жұбанов
бұл бағыттың өкілі ретінде Богородицкийдің («үнді-европа тілдерінің
ғалымы, грамматика мәселесінде психологизм ағымын қолдаушы») «Орыс
тілінің жалпы курсы» деген кітабындағы: «Грамматика – тіл ілімінің бір
тарауы. Ол үш тараудан (бөлімнен) құралады – фонетика, морфология,
синтаксис», – деген пікірлерін келтіреді. Ғалым бұл бағытты ұстанушыларды
«психологистер» деп атайды.
3) Грамматиканы үш пәннен (морфология, синтаксис және
лексикология) құралады деп танушылар. Ф. де Соссюр «формашыл»
бағыттың негізін қалағанмен, грамматика салаларын атауда «тіл қалпының
ішіне тілдің сөздігі де кіретін болғандықтан, лексикологияны да
грамматиканың бір тарауы деп атайды.
Проф. Қ.Жұбанов әлемдік тіл біліміндегі грамматиканың құрамдас
бөліктері туралы бағыттарды осылайша жіктеп көрсетіп қана қоймай,
олардың әрқайсысына өзіндік пікір-көзқарастарын білдіріп отырады.
Мәселен, Ф. де Соссюрдің сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис
құбылыстарынан бөлек қарағысы келген тұжырымдарына қарсы батыл пікір
айтады: «Ф. де Соссюр сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис құбылысынан
бөлек қарағысы келеді, бұл екеуін грамматиканың екі бөлімі дегісі келеді,
демек, бұдан іс шықпайды, өйткені сөз өзгерту құбылыстары деген –
86
синтаксистің кәдесін өтеу үшін, бір сөзбен екінші сөзді байланыстыру үшін
жұмсайтын тілдік амалдары ғана» (8, 83).
Қ.Жұбановтың өзіндік көзқарасы, ойы бар, батыл, қайсар, өр мінезді
ғалым екендігін танытатын тағы бір факті – Шапироның грамматиканың
құрамдас бөліктері туралы ойларына сыни пікір білдіруі. Ғалымның өз
сөзімен айтқанда: «Шапиро – бірде мағынашыл, бірде формашыл. Шапиро
грамматиканың құрамын формашылдарша түсіндіреді, оның қандай пән
екендігіне келгенде, тілдің құрылысын қарайтын ғылым дейді, мұнысында
фонетика болмай шығады; материалсыз құрылыс бола ма?
Шапиро құрылыс теориясын Маррдан алған, бірақ нендей құрылыс
екендігін өзі де түсінбеген, сондықтан дыбыстарды шығарып тастаған;
грамматика морфология мен синтаксистен құралады, бұған дыбыс кірмейді
деген қисыны ол формашылдардан алған. Шапироның пайымдаулары
жоғарыдағы ағымдардың біреуінікі де емес, өзінікі де емес, қойыртпақ» (8,
83).
Қ.Жұбанов Маррдың грамматика туралы айтқан пікірлерін келтіре
отырып, лексика грамматикаға кірмейді деген тұжырым жасаған. «Олай
дейтініміз – грамматика даяр нәрсені қарамайды, ал лексика – даяр
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін
біледі, ал біз солардан құрап аламыз. Демек, лексика бұрыннан дербес сөз
болып, даяр болып тұрған соң грамматикаға кірмейді. ...Грамматика сөз
құраудың техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды»
(8, 90).
Қ.Жұбанов фонетиканы да грамматикамен тығыз байланысты сала деп
таныған. Ғалым грамматиканың құрамына морфология мен синтаксисті ғана
кіргізетін ғылыми бағыттарды біле тұра, «фонетика дыбыстардың ұстасу
амалын қарайды, демек, морфологияның міндетін қарайды, фонетика
синтаксисті де қарайды», – деп, өзінің «Қазақ тілі грамматикасының кейбір
мәселелері»
атты
еңбегінде
фонетиканы
морфология,
синтаксис
мәселелерімен бірге қарастырған. Бұдан біз Қ.Жұбановтың жалпы
грамматика мәселесіне екі тұрғыдан келгендігіне көз жеткіземіз, бірі тар
ұғымда, грамматика – морфология және синтаксис салаларынан тұрады, кең
ұғымда ол фонетиканы да қамтиды.
Қ.Жұбанов қандай да ғылыми пайымдауларын болсын шетел, орыс
ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп жасаған. Сонымен қатар әлемдік тіл
біліміндегі ғылыми тұжырымдарға сын көзбен қарай отырып, қазақ тілінің
материалдары негізінде өзіндік қорытынды жасаған.
Әлемдік тіл біліміндегі түрлі бағытта өрбіген ғылыми теорияларды
қазақ тіліне елеп-екшеп әкелген. Олардың дұрыс-бұрысын саралап, нақты
тілдік фактілерге сүйене отырып, тілдік құбылыстар табиғатын дәл таныған.
Қазіргі қазақ тіл білімінде де «грамматика» ұғымы Қ.Жұбанов ғылыми
негізін қалаған бағытпен қалыптасты. Оған дәлел – академиялық
грамматикалардың Қ.Жұбановтың ізімен кең ұғымда тіл білімінің фонетика
саласын да қоса қамтуы. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматика
87
(32), сондай-ақ 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» (33)
фонетика саласына көлемді орын берілген.
Қ.Жұбанов «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады»
деген тақырыпта қазіргі тілдік жүйедегі жаңа ғылыми ұғымдар ретінде
қарастырылып жүрген біраз дүниелерді атап кеткен. Солардың бірі – тілдегі
синтагма, парадигма ұғымдары. Ф. де Соссюрдің синтагма реті,
ассоциация реті деген ұғымдар туралы айтқан ой-пікірлерін талдап,
«синтагма – құрау дегенді білдіреді. ...Морфемдерден бастап, сөйлеуге
дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатары болып табылады», – деген
тұжырым жасайды. Ал қазіргі грамматикалық категорияларға қатысты
«парадигма» ұғымын «ассоциация қатары» деп атайды (8, 87).
Қ.Жұбанов грамматика мәселелері туралы ой-пайымдауларында
грамматикалық мағынаның сөз таптарымен арақатынасына да көңіл
аударған. Сөз таптарының ортақ грамматикалық мағына арқылы
топтастырылатынын дәл көрсеткен. Ғалымның өз сөзімен айтқанда,
«Грамматика бұл терминнің мәнісі түрлі сөздердің жақын-алыстығын
тергей, әр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға
тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы дегенді білдіреді. Сөздің
грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөз бен сөздің арасындағы осы
жуықтықты көрсететін жағы. Сондықтан сөз бен аталған заттардың,
құбылыстардың ұқсастығын осы грамматикадан білеміз. Мысалы, темір,
ағаш дегендер конкрет заттар, сөзде (тіл ішінде) бұл екеуі ылғи бірөңкей
формаланады, сөйлем ішінде бірөңкей қалыпта болады, зат есімнің тонын
киеді. Басқа сөз таптары да солай. Демек, грамматиканың арқасында
сөздердің жақындығын да біліп отырмыз» (8, 91). Бұл ретте С.Исаевтың
«морфология лексикология сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын,
олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық-стильдік
сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы
сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның
нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық
ерекшеліктерін зерттеп, сипаттайды» немесе «грамматикалық мағына
сөздердің бір-бірінен бөлмей ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы
мағыналары болып табылады» (34), – деуі Қ.Жұбановтың жоғарыдағы
ғылыми тұжырымдарының заңды жалғасы іспеттес.
Қазіргі тіл білімінің грамматика саласында тілдік құбылыстарды «тіл»
(язык) және «сөйлеу» (речь) тұрғысынан бөліп қарастыру қажет деген
ғылыми теория қолдау тауып отыр. «Тіл» – тілдік бірліктердің жүйеде
тұрғандағы қалпын нысан етсе, тіл бірліктерінің қолданыстағы қалпы –
«сөйлеуге» (речь) жатады. Қ.Жұбановтың «грамматика сөз құраудың
техникасын қарайды» деген тұжырымынан ғалымның грамматика саласын –
«сөз
құраудың
техникасын
қарайтын»
–
сөйлеумен
(речь)
байланыстырғандығын байқаймыз. Сондай-ақ Қ.Жұбанов «Түбір мүшенің
өзгешелігі» деген тақырыпшада сөзді – хабардың белгілі бір бітім бөлшегі
деп атайды. «Ал хабарласу жеке сөздерден құралады. Сөзбен берілген
88
хабардың өзгешелігі – мұнда зат пен оның сипатын айыра таңбалаймыз.
Демек, түбір сөз – заттың не істің әр алуан түрін не зат пен істің
сипатының түрлерін айырып көрсететін таңба (заттың тек өзін,
сипаттың тек өзін ғана білдіреді), ал сөйлеу дегеніміз – белгілі бір заттың,
істің, сипаттың аттарын белгілі тәртіппен тізіп, бірімен-бірі
байланыстырып барып солар арқылы хабар беру», – деп жазады (8, 110).
Қ.Жұбанов сөз мағынасы екі түрлі болады: негіздік мағына,
грамматикалық мағына деп көрсетеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің
лексикалық мағынасын «негіздік мағына» деген терминмен атайды.
Ғалымның өз сөзімен көрсетсек: «Сөздің атау ретіндегі мағынасын негіздік
мағына дейміз» (8, 106). Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында Қ.Жұбанов
салған ізбен сөз мағынасы лексикалық және грамматикалық мағына болып
тұрақталып қалды. Бұдан қазіргі қазақ тіл білімінде тұрақты қолданыс тапқан
терминдердің біразының Қ.Жұбанов еңбектерінен бастама алатындығына көз
жеткіземіз.
Жоғарыда сөз болған Қ.Жұбановтың грамматика саласына қатысты ой-
тұжырымдары ғалымның «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден
құралады?», «Грамматика деген не?», «Ф. де Соссюрдің тілге көзқарасы»,
«Марр және грамматика», «Грамматиканы кім, қалай жазған», «Сөздің
негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынасы» деген бөлімдерде көрініс
тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |