Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43

Сөз тұлғалары 

 

Проф.  Қ.Жұбанов  сөйлем  ішіндегі  сөздер  тура  және  бұрма  күйде 



тұрады дейді. Мұндағы  тура күй дегені – сөздің түрленбеген түбір күйі де, 

бұрма  күйі  деп  отырғаны  –  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  басқа  сөздермен 

байланысу  үшін  жұрнақ,  жалғаулар  жалғанып,  түрленуі.  Ғалым  сөздердің 

сөйлеу  материалы  екенін,  сөздердің  сөйлемде  тура  және  бұрма  күйлерде 

келіп  бір-бірімен  байланысатындығын,  сол  арқылы  ғана  аяқталған  ойды 

білдіріп,  сөйлем  құрай  алатындығын  айтады.  Сондай-ақ  жеке  сөздердің 

сөйлем  ішінде  байланысуына  қосымшалардан  басқа,  «сөз  бен  сөзді 



байланыстырып,  қиынын  келтіретін  сөздерді»  жалғауыштар  деп  атаған. 

Олар – да, мен, үшін, сайын сияқты сөздер. Олар бұрма күйде тұра алмайды, 

өйткені бұларға жалғау жалғанбайды деп, бұл сөздердің түрленбейтінін атап 

көрсеткен (8, 160). 

Қ.Жұбановтың  жалғауыштар  деп  атап  отырғаны  –  қазіргі 

грамматикалардағы  шылау  сөз  табы  құрамындағы  жалғаулық,  септеулік 

шылаулар.  Ғалым  сол  кездің  өзінде-ақ  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  қалпын, 

сөздердің  түрленісін,  олардың  бір-бірімен  байланысын  көрегендікпен 

байымдап, зерделей алған және оларға тілдік бірліктердің табиғатына қарай 

нақты уәждік белгілеріне сүйене отырып, ұтымды терминдермен атаған. 

Қ.Жұбановтың грамматика саласындағы ерекше жаңалықтарының бірі 

ретінде осы күнге дейін тұрақты қолданылып жүрген «сөздің тұлғасы» деген 



89 

 

терминге  қатысты  айтуға  болады.  Ғалым  сөздің  сыртқы  көрінісін  «сөздің 



тұлғасы» деп атаған, ал сөздің сыртқы тұлғасының түрленуін сөз тұлғасының 

түрленуі  болады  дейді.  «Сөз  тұлғасының  түрленуі,  я  сөздің  түпкі 



мағынасына жаңа мағына үстеу үшін ғана керек; я болмаса, сол сөзді басқа 

бір  сөзбен  байланыстыру  үшін  қажет»,  –  деп,  жұрнақ  пен  жалғаулардың 

сөйлемдегі  қызметін  ажыратып  көрсетеді.  Қазіргі  грамматикаларда 

қосымшалар  осы  функцияларына  қарай    жұрнақтар  және  жалғаулар  деп 

бөлініп жүр. 

Грамматика  жайлы  қазіргі  зерттеулер  мен  оқулықтарда  сөздер  ең 

алдымен – жалаң және күрделі сөздер, жалаң сөздер –  түбір және туынды 

сөз,  ал  күрделі  сөздер  –  біріккен,  кіріккен,  қос,  тіркесті  сөздер  болып 

бөлінсе,  Қ.Жұбанов  «сөз  тұлғаларын  алты  арысқа»  бөліп  көрсетеді.  Олар: 



түбір  сөз,  қосымшалы  сөз,  кіріккен  сөз,  қиюулы  сөз,  қосар  сөз,  қосалқылы 

сөз.  


Қ.Жұбановтың  қосымшалы  сөздер  –  жұрнақ,  жалғаулар  жалғанып 

жасалған туынды сөздер, ал кіріккен сөздер дегені – қазіргі күні қолданылып 

жүрген  біріккен  және  кіріккен  сөздер.  Ғалым  осы  күні  «қысқарған  сөздер» 

деп  аталатын  сөздер  тобын  «қиюлы  сөздер»  деп  атаған.  Ал  осы  күнгі  «қос 

сөздер» терминімен аталатын сөздер тобын «қосар» сөздер деп атап, оларды 

өз ішінде «теңдес қосар», «сөздес қосар», «матаулы қосар», «тіркеулі қосар», 

«қосақты қосар» деп бес топқа жіктеген. Қос сөздер қазіргі грамматикаларда 

қосарлама  қос  сөз  және  қайталама  қос  сөздер  болып  қана  жіктелетінін 

ескерсек,  Қ.Жұбанов  жіктемесінің  қазіргі  қос  сөздер  жіктемесінен  көп 

өзгешеленетіндігіне көз жеткіземіз. Қазіргі грамматикалардағы қос сөздердің 

барлығы дерлік осы аталған екі топтың ішіне сыйыстырылған. Ал бірақ қос 

сөздердің жасалу жолдары, Қ.Жұбанов көрсеткендей, сан қырлы.  

Қазір  қазақ  тіл  білімінде  күшейтпе  буын  тек  сын  есімнің  шырай 

формасы арқылы туады деген көзқарас қалыптасқаны белгілі. Ал профессор 

Құдайберген  Жұбанов  сын  есімнің  шырай  формалары  білдіретін 

мағыналарды  «п»  дыбысынан  басқа  да  дыбыстардың  қайталануы  арқылы 

жасала  алатындығын  айтады.  Мысалы,  қаз-қатар  сөзінің  тіркестік  

құрылысын  талдай  келе,  былай  дейді:  «Бұл  жерден  мен  қаз  және  қатар 



деген  сөзді  көріп  тұрған  жоқпын.  Мұнда  сап-сары,  қып-қызыл  сияқты 

қатар  сөзі  қаз  деген  күшейткіш  буынмен  айтылған»  (8,  84).  Дәл  осындай 

сөздер  қатарына  ғалым  қаз-қалпы,  тас-талқан,  тым-тырыс,  жым-жырт, 



қым-қуыт сияқты сөздерді жатқызады. Бұдан екі түрлі жаңалықты байқауға 

болады. Бірі  – бұрын  қос сөздердің күшейтпе буынын жасаушы дыбыс тек 

қана  «п»  деп  танылатын  болса,  енді  соған  «з»  (қаз-қатар,  қаз-қалпы 

дегендегі), «с» (тас-талқан дегендегі) және «м» (тым-тырыс, жым-жырт, 



қым-қуат дегендегі) дыбыстары да қосылады. Сөйтіп, күшейтпе буынды қос 

сөздер жасайтын дыбыстар біреу емес, п, з, с, м болып төрт дыбысқа жетеді. 

Екінші, күшейтпе буындар  тек  қана  сын  есім  түбірлерден жасалады  делініп 

келсе,  енді  зат  есім  (қаз-қатар,  қаз-қалпы,  тым-тырыс  дегендегі  қатар, 



қалпы, тырыс) түбірден де, еліктеуіш сөздер (жым-жырт дегендегі жырт

90 

 

түбірлерінен  де,  етістік  (қым-қуат  дегендегі  қу)  түбірлерден  де 



жасалатындығы айқындалады (8, 84). 

Ал  жоғарыдағы  жіктемедегі  ғалымның  «қосалқылы  сөз»  деп  атаған 

тілдік  құбылыстар  туралы  белгілі  ғалым  Н.Оралбаева  былай  деп  жазады: 

«Сөз тұлғаларының ішінде ерекше көзге түсетіні – қосалқылы сөз. Сөздің бұл 

тұлғасы  қазіргі  кезде  де  әлі  толық  танылып  болған  жоқ.  Сөздер  сөйлемде 

бірімен  бірі  байланысты  қолданылатыны  белгілі.  Сөздерді  бірімен-бірін 

байланыстыратын  –  жалғаулар  мен  көмекші  сөздер.  Сондықтан  олар 

сөйлемде  өзі  қатысты  сөзбен  бірге  қаралуы  керек.  Осы  заңдылықты 

профессор Қ.Жұбанов сол кездің өзінде (1936) жақсы түсініп, оны қосалқылы 

сөз  тұлғасы  арқылы  көрсеткен.  Қазіргі  терминмен  айтқанда,  ол  – 

аналитикалық  форма.  Қазақ  тілінде  сөздің  аналитикалық  формасы  бары 

ғылымда дәлелденген, бірақ ол грамматикаларда нақтылы көрсетіліп жүрген 

жоқ.  Тек  категориялардың  аналитикалық  тәсілмен  жасалуы  деген  тұрғыда 

ғана  қазіргі  грамматикалардан  орын  алып  жүр.  Профессор  Қ.Жұбановтың 

тілдің  табиғатын  жақсы  түсінуі,  теориялық  негізінің  өте  тереңдігі  ғана 

қосалқы сөз формасын (аналитикалық форманы) тануға негіз болғаны сөзсіз» 

(35, 120). 

Академик  Р.Сыздық  Қ.Жұбановтың  біріккен  сөздер  мәселесіне 

қатысты ой-тұжырымдарына ерекше баға береді: «Осы күнгі біріккен сөздер 

деп  жүрген  категориямыз  о  бастан  қиын  мәселенің  бірі  екенін  байқаймыз. 

Қ.Жұбанов  бұған  «біріккен  сөз»  емес,  «кіріккен  сөз»  деген  терминді 

қолданады да, оның негізгі белгісі етіп, «бүгінде ішкі жігін жоғалтып, бірігіп 

кетуді»  алады:  ашу+тас-тың  ашудас,  күн+жүз  (дуз)  дегеннің 



күндіз,ай+йүз-дің  аяз,  бел+бау-дыңбелбеу  болып  жымдасып  кетуін  мысалға 

келтіреді.  Ал  жер  май,  бес  жылдық  сияқтыларды  Қ.Жұбанов  әлі  кірігіп 

жетпеген деп табады» (4, 38). 

Демек, біріккен сөздердің межесін белгілеуде Қ.Жұбанов тұрақты және 

айқын  принцип  ұстаған:  дыбыстық,  морфемдік  (түбірлік,  қосымшалық) 

деформацияға  (өзгеріске)  ұшырағандар  ғана  біріккен  болады  екен  де, 

қалғандары күрделі сөздер ғана болып табылады екен. 

Проф.  Қ.Жұбанов  кіріккен  сөздерге  «заңды  түрде  бірікпей,  әлдеқалай 



арасының  жігі  бітіп  қалған  қосындылар  да,  қолдан  айыруға  келетін, 

қосақтау түрі белгілі заңда негізділген формалар», – деген анықтама береді. 

Ғалым  А.Айғабылұлы  бұл  пікірді,  келтірілген  мысалдарды  талдай  келе, 

«ғалым  бұл  жерде  кіріккен  сөздерді  заңсыз  құбылыс  деп  екі  нәрсенің  бетін 

ашып отыр. Біріншіден, талғамалы, кей сөзде ғана кездесетін дара құбылыс 

болуын ескертсе, екіншіден, «жамал амал» болмағандықтан, грамматиканың 

нысаны  бола  алмайтынын  көрсеткен»  деп,  ғалымның  морфонологиялық 

құбылыстарды тани білгіндігін айтады (36, 88). 

«Қазақ  тілінде  біріккен  сөздің  жасалуы  туралы»  деген  бұрын 

жарияланбаған, архивтен табылған 7 беттік орыс тілінде жазылған этюдінде 

зерттеуші  түбірлердің  бірігуі  туралы  мәселеге  тереңірек  баруды 

ойластырады.  Мұнда  түбірлердің  тіркесіп  барып,  бірігіп  кету  құбылысын 


91 

 

жалғыз қазақ тілінен емес, латын, орыс, неміс, ағылшын тілдерінен мол-мол 



мысалдар  алып,  салыстыра  зерттемек  болады.  Бірақ,  өкінішке  орай,  бұл 

материал да, Қ.Жұбановтың көптеген құнды еңбектері сияқты, әрі аяқталмай, 

әрі  автордың  өз  қолымен  өңделмей,  «черновик»  күйінде  қалып  қойған. 

Әйтпесе жоғарғы аталған тілдердің бірқатарын жақсы меңгерген ғалым осы 

тілдердегі көріністерді салыстыра зерттей отырып, түбірлер бірігуінің жалпы 

тілдік теориясын (заңдылығын) айтқан болар еді» (4, 46). 

Профессор  Б.Қасым  ғалым  еңбектерін  талдай  отырып:  «Қазақ  тіл 

білімінде  күрделі  сөзге  тұңғыш  ғылыми  дәйектеме  берген  профессор 

Қ.Жұбанов болды. Ғалым күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де, кіріксе де 

тұтас бір мағынаны білдіреді, бір ғана заттың атауы болатындығын айтады. 

Күрделі сөздердің мәртебесін анықтаудың теориялық та, практикалық та мәні 

зор екенін тани біліп, олардың жасалу заңдылықтарын анықтау және оларды 

іштей  саралап  бөлу  мәселелерін  сол  кездің  өзінде  күн  тәртібіне  қоя  білді. 

Алайда, осы өзекті мәселе әлі де шешімін тапты деу қиын. Ондай кемшілікті 

ғылыми  еңбектерден  де,  оқулықтардан  да,  терминологиялық  сөздіктерде  де 

(екі тілді салалық сөздіктер) тіпті, күнделікті баспасөз, ақпарат құралдарынан 

да  байқауға  болады.  Мәселен,  атажұрт,  атақоныс,  атамекен  т.б.  күрделі 

сөздердің  түсіндірме  сөздікте,  орфографиялық  сөздікте,  күнделікті  баспасөз 

беттерінде әртүрлі берілуінің өзі – осы мәселеленің қиын да өзекті екендігіне 

дәлел.  Қ.Жұбанов  біріккен  сөздерді  екі  топқа  бөліп,  түбір  тұлғасын  сақтап 

біріккен сөздер және дыбыстық өзгеріске ұшырап барып біріккен сөздер деп 

қарастырады.  Ғалымның  бұл  айтқан  пікірлері  қазақ  лингвистикасында 

сөзжасамның  түрлі  бағытта  дамуына  өз  үлесін  қосқаны  анық.  Әсіресе, 

сөзжасамның үлкен саласы күрделі сөздердің қалыптасуына, дамуына, оның 

заңдылықтарының  бір  ізге  түсуіне  себебін  тигізді»,  –  деген  қорытынды 

жасайды (21, 345). 

Г.Қосымова 

Қ.Жұбановтың 

күрделі 

сөздерге 

қатысты 

ой-


пайымдаулары туралы былай деп жазады: «Сөз тұлғаларының ең күрделі түрі 

–  күрделі  сөздер  жайлы  түсінік  беріп,  күрделі  сөздердің  іштей 

грамматикалық мағына тудыратын түрлері мен лексикалық мағына білдіретін 

түрлерінің  өзара  жігін  айқындап  берген  уәжі  аса  білгірліктен  туындаған. 

Мысалы,  қос  сөздер  құрамындағы  компоненттер  қайталанып  келгенде  тек 

грамматикалық  мағына  ғана  (көптік  мағынасы)  болады  да,  қосарланып 

жұмсалғанда  лексикалық  мағына  болатынын  ақыл  көзімен  анықтады»  (37, 

38).   


Қазіргі  қолданыстағы  түбір  сөздерді  Қ.Жұбанов  «түбір»  не  «түп 

бөлшек»  деп  атаймыз  дейді.  Ғалым  «қосымшалы  сөз»  деген  терминді  тек 

туынды түбірлерге ғана қатысты қолданбаған. Жалғау жалғанған сөздерді де 

«қосымшалы  сөз»  терминімен  атаған.  Мысалы:  «көлшік»  те,  «көлде»  деген 

сөз  де  –  қосымшалы  сөздер.  Алайда  бұдан  Қ.Жұбанов  туынды  сөздерді  сөз 

формаларынан  ажыратып  көрсетпеген  деген  түсінік  тумау  керек.  Бұған 

ғалымның «түбір негізді  – түп негіз дейміз, үстеулі негізді  – туынды негіз 


92 

 

деп  атаймыз  деуі,  түп  негізге  көл  сөзін,  туынды  негізгі  көлшік  сөзін 



жатқызамыз» деген тұжырымдары дәлел. 

Профессор  Қ.Жұбанов  сөйлем  мүшелерге  бөлінетіні  сияқты 

морфологиялық  тұрғыдан  талданатынын  көрсетіп,  сөзді  құрайтын  түбір, 

қосымша, қосалқы үшеуін «сөз мүшелері» деп атайды. «Сөз тек түбip сөздiң 



өзi болса, бip мүшелi болады. Кipiккен сөз, қиюлы сөз, қосаp сөз, қосымшалы 

сөз,  қосалқылы  сөздеpдiң  бipi  болса,  көп  мүшелi  болады».  Әрі  қарай  ғалым 

түбір мен қосымшалы сөздердің айырмасын былайша көрсетеді: «Сөздiң түп 



мағынасын  беpетiн  –  түбip.  Түбipсiз  жеpде  сөз  болмайды.  Түбip  бip  өзi 

тұpып та, басқа мүшелеpдi еpтiп алып та сөз бола беpедi. Түбipден басқа 

мүшелеp  өздiгiнен  сөз  бола  алмайды,  тек  түбipге  жамалып  тұpып,  түбip 

сөздi  толықтыpуға  жаpайды».  Ғалым  түбірді  «түп  мүше»,  ал  қосымшалы 

және  қосалқылы  сөзді  «жамау  мүше»  деп  атап,  оларға  мысалдар  келтіре 

отырып, ерекшеліктерін көрсетеді. 

Ғалым  қосымшалы  сөздерді  жалғаулы  сөз  және  үстеулі  сөз  деп  екіге 

бөледі  де,  «бір  сөзді  басқа  бір  сөзбен  қиындастыру  үшін  жалғанатын 

қосымшаны  –  жалғау»,  «сөздің  түп  мағынасына  үстеме  мағына  қосатын 

қосымшаны – үстеу» деп атаған. «Түбір сөзге жалғау қосылса жалғаулы сөз 

болады, түбір сөзге үстеу қосылса, үстеулі сөз болады», – дейді (8, 166). 

Қазіргі 


грамматикалардан 

айырмашылығы 

– 

Қ.Жұбановтың 



жұрнақтарды  «үстеу»  деген  терминмен  атауында.  Қазіргі  ғылыми 

грамматикаларда,  оқу  құралдарында  тұрақты  қолданыс  тапқан  «жұрнақ» 

терминін  Қ.Жұбановтың  «үстеу»  деп  атауының  себебі  не  деген  сұрақ 

туындары  сөзсіз.  Шындығында,  жұрнақтардың  бір  жартысы,  яғни 

сөзжасайтын  жұрнақтар  жалғанған  сөзінен  басқа  жаңа  мағыналы  сөз 

жасайды.  Ал  жұрнақтардың  бір  тобы  жалғанған  сөзіне  лексика-

грамматикалық  мағына  ғана  үстейді,  яғни  сөз  жасамайды.  Мәселен,  етіс, 

шырай  жұрнақтары  сияқты  «модификациялық  қосымшалар»  (38).  Ал 

жұрнақтардың  үшінші  тобы  жалғанған  түбірге  тек  таза  грамматикалық 

мағына  ғана  жамайды.  Олар  –  шақ,  рай  сияқты  қосымшалар.  Демек,  жалпы 

жұрнақтардың  табиғатында  лексикалық  немесе  грамматикалық  мағына 

үстеушілік  қызметі  бар.  Қ.Жұбанов  жұрнақтардың  осы  ерекшелігіне  қарай 

оларды  «үстеу»  деген  терминмен  атаған  болу  керек.  Бұл  термин  қазіргі 

қолданыста  сөз  табына  қатысты  қолданылғанымен,  Қ.Жұбановтың  оларды 

тілдік табиғатына дәл келетін терминмен атағандығы дау тудырмайды.  

Қ.Жұбанов  еңбектеріндегі  морфология  мәселесіне  қатысты  назар 

аударарлық  тағы  бір  жаңалық  –  ғалымның  өзі  атап  отырған  жалғау  мен 

үстеулердің  түбір  сөзге  жалғану  реті  туралы  ғылыми  ойлары.  Ғалым 

еңбегінен үзінді келтірейік: «Қазақ тілінде қосымшаның бәрі түбірдің соңғы 

жағынан  жалғанады.  ...Үстеу  мен  жалғаудың  екеуі  де  жалғанса,  үстеу 

бұрын  келеді  де,  ең  соңынан  жалғау  келеді.  ...  жалғау,  көбінесе,  бір  сөзде 

біреу-ақ  болады  да,  бір  жалғаудың  үстіне  екінші  жалғау  жалғанбайды 

(Ғалым  бұл  жерде  бір  категорияға  жататын  жалғауларды  айтып  отыр, 

мысалы, септік жалғаулар үй - ге - нің болып жалғанбайды). Үстеу бірінің 


93 

 

үстіне  бірі  жалғана  береді  де,  бір  сөзде  біреуі ғана болмай, бірнешеуі бола 



береді.  Мысалы,  ор  -  ақ  -  шы  -  лық  десек,  бір  сөздің  өзінде  -ақ,  -шы,  -лық 

деген  үш  үстеу  болады.  Үстеу  нешеу  болса  да  түбір  мен  жалғаудың  екі 

аралығында  ғана  болады  да,  жалғаудан  кейін  келмейді.  Жалғау  түбірге  де, 

үстеуге де жалғанады. ... 1) қосымша түбip сөзге тығызыpақ байланысқан. 

Сондықтан, қосалқымен қабат келсе, түбip жағында қосымша тұpады да, 

қосалқы  аяққа  кетедi...  2)  қосымшаның  бәpi  де  түбipден  соң  ғана  келедi; 

қосалқының iшiнде түбipден бұpын келетiнi де баp» (8, 166). 

Қосымшалардың  түбірге  жалғану  реті  туралы  мәселеде  ғалымның 

көрегендікпен айтқан тағы бір ой-тұжырымдарын кездестіреміз. Бұл -да, -де– 

жатыс  септігінен  кейін  -ғы,  -гі  жұрнағының  және  -дай,  -дей  жұрнағынан 

кейін  жалғаулардың  жалғануына  (нардайлары,  үйдейлері)  қатысты  айтқан 

«ескертулерінде» айқын көрініс тапқан. Жатыс септігінен кейін жалғанатын -



ғы,  -гі  жұрнағының  сөзжасамдық  (формажасамдық)  қызметі  туралы  қазіргі 

грамматикаларда даулы пікірлер бар. Басқа түркі тілдерінде, айталық, татар 

тілінде  бұл  -дағы,  -дегі  қосымшасы  тіптен  септік  жалғауларының 

парадигмасында  көрсетіліп  жүр  (39).  Сол  сияқты  көптеген  ғалымдар  бұл 

жұрнақтың жалғаудан кейін келе алу қызметіне қарай «екі функциялы» (40), 

«көпфункциялы», «функциялық қосымша» (34) сияқты терминдермен атаған. 

Ал  қазақ  тілі  оқулықтарында  аталған  жағдайда  -ғы,  -гі  жұрнағы  сын  есім 

тудырып  тұр  деп  көрсетіледі.  А.Ысқақовтың  жоғарғы  оқу  орындарына 

арналған  «Қазіргі  қазақ  тілі»  оқулығында  «Есімдерден  сын  есім  тудыратын 

өнімді жұрнақтар» деген тақырыпта «-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы арқылы кейбір 

зат  есімдерден,  есімдіктерден,  үстеулерден,  сондай-ақ  жатыс  септік 

формасындағы  сөздер  мен  әредік  шығыс  септіктегі  сөздерден  туынды  сын 

есімдер  жасалады»,  –  делініп,  түпкі,  ішкі,  төргі  сияқты  сөздермен  қатар, 

сөйлегендегі,  орталықтағы,  заводтағы  сияқты  мысалдар  келтіріледі  (41, 

172).  Қазіргі  кездері  аталған  жатыс  септігіне  жалғанатын  -ғы,  -гі  тұлғасы 

туралы  жоғарыда  татар  ғалымдарының  септік  парадигмасында,  басқа  да 

зерттеушілердің  екіжақты  қызмет  атқаратындығы,  нақты  айтқанда,  жатыс 

септігінен кейін жалғанғанда -ғы, -гі жұрнағының форма ғана тудырып, жаңа 

сын  есім  сөз  жасамайтындығы  туралы  айтқан  пікірлердің  бар  екендігін 

ескерсек,  Қ.Жұбанов  өз  кезегінде  сол  қазақ  грамматикаларының  алғашқы 

жазылу  кезеңдерінде-ақ  осы  құбылысты  көрегендікпен  байқап,  бағамдай 

алғандығына  куә  боламыз.  Сонымен  қатар  ғалым  қосымшалардың  орын 

тәртібіне қатысты бөлікте сын есім тудырушы -дай, -дей жұрнағының көптік, 

тәуелдік,  тіпті  септік  жалғауларынан  кейін  жалғанатындығын  атап  көрсетіп 

қана  қоймай,  оны  татар  ғалымдарының  ізімен  септік  жалғауы  деп  танып, 

«теңдес  септік»  қосымшасы  деп  те  атайды  (8).  Түркі  тілдерінде  бұл 

қосымшаны  П.М.Мелиоранский  септік  жалғауы  ретінде  таныған.  Ол  өз 

еңбегінде  -дай,  -дей  қосымшасын  «сравнительный  падеж»  деп  атайды  (42). 

Ал  осындай  форма  тудырушы  қосымшалардан  кейін  жалғанатын  -ша,  -ше 

қосымшасын  Қ.Жұбанов  «меңзес  септік  жалғауы»  деп  көрсетеді. 

Шындығында  да  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  оқулықтар  мен  оқу 



94 

 

құралдарында, тіпті мектеп грамматикаларында сын есім тудырушы жұрнақ 



ретінде  көрсетіліп  жүрген  -ғы,  -гі,  -дай,  -дей  сияқты  функционалды 

қосымшаларға  қатысты  өзгерістер  енгізуіміз  қажет.  Қ.Жұбанов  та  осы 

жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшеленетіндігін жақсы аңғарған. Тіпті 

септік  жалғаулары ретінде  атауының  да  үлкен  ғылыми  мәні бар.  Ғалымның 

бұл  ғылыми  ой-топшылаулары  келешекте  грамматика  мәселесі  бойынша 

жазылатын көптеген ғылыми жұмыстың өзегіне айналары сөзсіз. 

 

-дай/-дей  қосымшасының  екі  жақты  тілдік  табиғаты,  яғни  оның 

көпфункциялы  болып  келуі  түркі  тілдерінде  осы  мәселе  жөнінде  түрлі 

бағыттардың  қалыптасуына  әкелді.  Өйткені  функционалды  қосымшалардың 

ішінде  -дай/-дей  қосымшасының  семантикалық  өрісі  өте  кең.  Ол  дәстүрлі 

грамматикаларда  айтылып  жүргендей  сөзжасамдық жұрнақ  бола  тұра,  түрлі 

сөйлеу  жағдаяттарына  қарай  сөз  түрлендіруші,  яғни  форма  тудырушы 

жұрнақтар  сияқты  функцияларды  игеріп,  басқа  сөзжасам  жұрнақтарынан 

ерекше  сипатқа  ие  болады.  Мәселен,  бұл  қосымша  тәуелдік  жалғауынан 

кейін  де  жалғана  алады  (баламдай),  тәуелдік  формадан  кейін  де  жалғана 

алады  (баланікіндей),  -дағы/-дегі  формасынан  кейін  де  жалғанады 

(баладағыдай),  -ушы  формасына  да  жалғанады  (барушыдай),  болымсыз 

формадағы есімшеге де жалғана алады (бармағандай) т.б. 

 

-дай/-дей  қосымшасының  осындай  тілдік  қолданысы  оның  жалпы 

жұрнақ па, шылау ма деген сұрақтардың тууына түрткі болған. Осыдан бұл 

форманың  шығу  тарихына  деген  қызығушылық  туған.  Дәстүрлі  тіл 

біліміндегі осындай күрделі мәселелерді шешуде Қ.Жұбановтың да зор үлесі 

болды.  Қ.Жұбанов  -дай/-дей  қосымшасын  «теңдес  септік»  деп  атап  қана 

қойған жоқ, осы тұжырымын дәлелдейтін тілдік деректер де берді.  

 

Ғалым  -дай/-дей  қосымшасының  шығу  төркінін  моңғол  тіліндегі  «од-



шегін»,  од-тегін»  сөздерімен  байланысты  қарастырады.  Бұл  сөздердің  түпкі 

мағынасы – «бала» ұғымы. Кішкентай, тек, ұрпақ, тұқым, көбею сөздерінің 

арасында  табиғи  байланыс  бар  деп  есептеген.  Қ.Жұбанов  салыстыру  мәнін 

білдіретін  -дай/-дей  қосымшасын, кішірейткіш  мәнді білдіретін  -тай/-тей,  -



шақ/-шек,  -ша/-ше  қосымшаларының  шығу  төркінін  шаған,  тегін,  шегін 

сөздеріне  балаған.  Қазақ  тіліндегі  «бала-шаға»  қос  сөзінің  құрамындағы 

«шаға»  сыңарын,  сондай-ақ  «шағын»  (кішкентай)  сөздерін  аталмыш 

сөздерден  өрбіген  деп  көрсетеді.  Қысқасы,  Қ.Жұбановтың  пікірінше,  -дай/-



дей қосымшасының шығу төркіні – «род», «происхождение» мәнін білдіретін 

«тек»  сөзі.  «Екі  функциялы  аффикстер»  деген  тақырыпта  кандидаттық 

диссертация қорғаған Қ.Шаяхметов те бұл қосымшаның шығу төркінін «род» 

мәніндегі «тек» сөзінен шыққан деген Қ.Жұбановтың пікірін келтіреді.  

 

Ал  жалпы  жинақтап,  топтастырғанымызда  түркі  тілдері  бойынша  осы 



қосымшаның  шығу  тарихына  қатысты  мынадай  ой-топшылауларды  жіктеп 

көрсетуімізге болады: 

1)

 

-дай/-дей  қосымшасы  «род»,  «происхождение»  мәніндегі  «тек» 



сөзінен қосымшаға ауысқан (Қ.Жұбанов, Қ.Шаяхметов, Б.Сағындықұлы т.б.); 

95 

 

2)



 

-дай/-дей  қосымшасы  «жұғыстыру»,  «тию»  мәніндегі  «тег» 

етістігінен қосымшаға ауысқан (Н.К.Дмитриев, С.Исаев т.б.); 

3)

 

-дай/-дей  қосымшасы  «равный»,  «часть  поры»  мәніндегі 



«тең/тенг» сын есім сөзден қосымшаға ауысқан (Ж.Дени, А.Н.Кононов т.б.); 

4)

 



-дай/-дей 

қосысшасы  «сказать»  мәніндегі  «де»  көмекші 

етістігінен қосымшаға ауысқан (Г.И.Рамстедт, Хартман, Банг т.б.). 

Көріп отырғанымыздай, Қ.Жұбанов қана емес, бұл қосымшаның шығу 

тарихына  қатысты  пікір  айтқан  ғалымдар  өте  көп.  Алайда  Қ.Жұбановтың 

пікірі осы қосымша туралы пікір айтқан түрколог-ғалымдардан нақты тілдік 

дәйектемелерімен 

ерекшеленеді. 

А.Жаңабекованың 

функционалды 

қосымшалар мәселесін арнайы зерттеген кандидаттық диссертациясында осы 

қосымшаның  шығу  төркіні  туралы  Қ.Жұбановтың  -дай/-дей  қосымшасы 

«род»  мәніндегі  «тек»  сөзінен  шыққан  деген  пікірін  қуаттай  отырып, 

мынадай  пікір  айтады:  «Біздің  ойымызша,  «тег»  етістігін  қазақ  тіліндегі 

«дейін, шейін» шылауларының арғы тегі деп топшылауға болады. Ал  -дай/-

дей  қосымшасының  шығу  төркіні  «тек»  есім  сөз  болу  керек.  Өйткені  көне 

түркі  жазба  ескерткіштер  тілінде  қазіргі  «сияқты»  септеулік  шылауының 

орнына  «тек»,  «текті»  септеулігі  актив  қолданылған.  Мысалы,  Тәңрі  тек 

қаған  –  небоподобный  (всевышний)  каган.  Қ.Жұбановтың  «тек»,  «ұрпақ», 

«бала», «тұқым» сөздерін сабақтастыруының ғылыми негізі бар (43, 53).  

Қ.Жұбанов  түбір  мен  қосымша  мәселесінде  олардың  тарихына  да 

ерекше  зер  салып  отырады.  Бұл  мәселеге  «Өлі  қосымша»,  «Өлі  түбір», 

«Қосымшалардың 

тарихы», 

«Түбірлердің 

құралу 


тарихы» 

деген 


тақырыптарда арнайы орын берілген. 

Осы  орайда  бір  айта  кететін  нәрсе  –  Қ.Жұбановтың  тілдік  фактілер 

ретроспективтік  әдіспен  зерттеуге  байланысты  айтқанда,  қолданған 

«палеонтология»  термині  туралы.  Үлкен  совет  энциклопедиялық  сөздігінде 

палеонтология  – негізінен биологиялық ғылым, бірақ ол геологиямен тығыз 

байланысты  туған  термин  деп  көрсетіліп,  былай  деп  анықтама  берілген: 

«Палеонтология  –  лингвистическая  и  вспомогательная  историческая  наука, 

использующая  языковые  данные  для  получения  информации  об  истории 

носителей  языков  и  их  материальной  духовной  культуры  в  дописьменный 

период» (БСЭ).  

Проф. Қ.Жұбановтың осы анықтамамен үндесіп жатқан «палеонтология» 

терминін тілге қатысты қолдану себебін оның  мына пікірінен толық түсінуге 

болады:  «Таким  образом  язык  представляет  собою  накопление  всей 

предшествующей  истории  человечества,  отдельные  этапы  которой 

напластовались  по  порядку  последовательности  своего  развития  земли, 

оставили  свои  следы  в  виде  последовательных  отложений,  пластов 

легшихдруг на друга чем и дают они о себе знать историкам земли» (8, 404-

405).  Әрі  қарай  автор  тілге  осылайша  палеонтологиялық  барлау  жасаудың 

табиғилығын,  заңдылығын  дәлелдейді.  Біріншіден,  палеонтология  негізгі 

зерттеу нысаны етіп тек жазба ескерткіштерін емес, жалпы сол тілдің өзіндік, 



96 

 

ауызекі  сөздің  (речь)  тілдік  фактілерін  алады.  Екіншіден,  сол  тілдің  (қазақ 



тілінің) өзіндік ерекшеліктеріне, ішкі даму заңдылықтарына сүйенеді.  

Осы  жерде  айта  кететін  бір  жайт  –  Қ.Жұбановтың  «палеонтология» 

терминіне  берген  анықтамадан  оның  еуропоцентризмді  құптамайтындығын 

аңғарамыз. 

Бұл 

ойымызды 



ғалымның 

өз 


сөзімен 

жеткізейік: 

«Палеонтологией  называется  лишь  такое  прослеживание  на  речевом 

материале  путей  развития  языка  особыми  приемами,  чуждыми 

традиционным  приемам  индоевропеистики,  но  исходящими  из  специфики, 

природы  самого  языка,  –  приемами,  учитывающими  исторические  условия 

развития язык. ... При бесспорной ценности этих работ как материала, все 

же  они по достоинству своему стоят несравнимо ниже, чем последующие 

(в  чем  не  сомневался  и  сам  Н.Я.Марр),  так  как  иная,  открыто 

индоевропейская  методология  не  могла  не  отразиться  и  на  самом 

результате  исследований,  не  могла  не  снизить  качества,  не  уменьшить 

правдивость  в  восприятии  и  воспроизведении  исследуемой  языковой 

действительности». 

Әрине,  қазіргі  тіл  білімінде  «палеонтология»  термині  қолданылмайды 

деуге болады. Иә, басқа балама, жаңа терминдер пайда болған. Бірақ әңгіме 

оның  атында  емес,  затында  десек,  проф.  Қ.Жұбановтың  қазақ  тілін  тарихи 

зерттеу  туралы  бұл  тұрғыдағы  ойлары  өз  жалғасын  қазіргі  күнгі 

зерттеулерден тауып отыр (Ә.Т.Қайдаров, А.Ысқақов, М.Томанов, А.Ибатов 

т.б.  еңбектерінде).  Әсіресе,  түркі  тілдеріндегі  агглютинативті  құрылыстың 

тарихи  дамуының  әртүрлі  кезеңдеріндегі  түбірдің  күйі  мен  құрылымына 

қатысты  жұмыстар  палеонтологиялық  зерттеуді  қажет  етеді,  осы 

мәселелердің дұрыс шешілуіне көмектеседі.  

Осылайша  палеонтологиялық  зерттеудің  нәтижесінде  анықталған 

түбірлердің  көпшілігі  дыбыстық  тұлғасы  ғана  сақталып,  мағынасы 

күңгірттенген,  дербестігін  жойған  «өлі»  түбірлерді  тірілту  үшін  олардың 

өткен  дәуірдегі  тұлғалық,  семантикалық  қалыпқа  келтіруді  реконструкция 

деп атап жүрміз.  

Проф. Қ.Жұбановтың С.Аманжоловтың «Қазақ тіліндегі флективтіліктің 

элементтері»  деген  мақаласына  жазба  ескертпесінде  ұят  және  ұял 

сөздеріндегі  -л  және  -т  формаларының  флективті  формаларға  тек  сырттай 

ғана  ұқсас,  ал  табиғаты  агглютинативті  деп  дәлелдейді:  «...В  сущности  же 

ұят  и  ұял  –  образования  агглютинативные.  Агглютинативная  их  природа 

затемнена лишь тем, что здесь корень, более того производная глагольная 

основа  ~  неживой...».  Немесе,  тағы  сол  мақалада:  «...  Но  ведь  мертвые 

основы  глаголов  күрес  «бороться»  и  жарыс  «состязаться  в  бегах»  от 

которых,  если  отнять  живой  по  сей  день  суффикс  взаимного  залога  -с 

остаются не употребляющиеся самостоятельно части: күре и жар. Но не 

объявляем  же  после  этого  глаголы  күрес  и  жарыс  образованиями 

флективного  порядка»  (Примечания  автора  к  статье  С.Аманжолова 

«Элементы флективности в казахском языке»). 



97 

 

Сонымен,  Қ.Жұбановтың  ғылыми  мұрасына  сүйеніп,    қазіргі  тілімізде 



көптеген сөздерді шартты түрде түбірсөз деп қараймыз. Шын мәнінде, олар 

– «өлі түбірлер» мен қосымшадан тұратын туынды түбірлер. Ол диахрондық 

зерттеудің  нәтижесінде  анықталады.  Бұл  орайда  бұйрық  рай  формасындағы 

етістіктер  ерекше  назар  аударады.  Осы  формадағы  етістік  түбірлерді 

диахрондық  тұрғыдан  қарау  бұл  көзқарасты  өзгертіп,  олардың  көбінің 

құрамынан  сөз  тудырушы  қосымшаларды  ажыратады.  Бұл  қосымшаларсыз 

ол  түбірлер  жаңа  сөз  жасауға  негіз  бола  алмайды.  Демек,  түркі  сөздерінің 

байырғы  түбір  морфемасы  бір  буынды  болғанмен,  аффиксацияның 

нәтижесінде  оның  көбінесе  екі  буындыға  айналуы  тұрақты  құбылысқа 

айналған. Бірақ екі буынды түбірлердің қальптасуын беріде болған құбылыс 

деп  қарауға  болмайды.  Түркі  жазу  ескерткіштерінің  ішіндегі  ең  ежелгісі 

болып  есептелетін  Енисей  жазбаларын  зерттеуші  И.А.Батмановтың,  орхон-

енисей,  ұйғыр  ескерткіштерін  зерттеген  С.Е.Малов,  В.М.Насилов, 

Ғ.Айдаровтардың пікірінше, осы жазбаларда екі буынды түбірлер де белсенді 

қолданылған.  Ал,  осындай  этимологизацияға  ұшыраған  екі  буынды  түбір 

сөздерді  талдаудың,  олардың  құрамындағы  «өлі»  түбірлерді  «тірілтудің» 

(реконструкция) жолдары мен тәсілдері қандай? 

Біріншіден,  түбірдің  ұзарып,  ия  морфологиялық  элементтерінің 

кіріккенін анықтау үшін оның жалаң, ежелгі нұсқасын табу қажет. Оны ескі 

түрік  ескерткіштерінің  материалдарынан,  ескі  түркілік  қасиетін  көбірек 

сақтаған  алтай,  чуваш  тілдерінен  кездестіреміз.  Мысалы,  «Ескі  түркі» 

сөздігіндегі  -са-  /санау/,  -қыд-  /қыдыр/,  -мақ-  /мақта/  т.б.  деп  қолданылған. 

Сол  сияқты қазіргі алтай  тілінде  ит: /итер/,  -тоз-  /тозаң/,  -тақ- /тақыр/  т.б. 

Чуваш тілінде -қай- /қайт/, -жал- /жалын/ т.б. фактілер сақталған. 

Осы  сияқты  ешқандай  аффиксіз  жеке  сөз  ретінде  қолданылатын  жалаң 

түбірлердің саны ескерткіштерде (кейбір қазіргі тілдерде де) көп емес. Оған 

себеп  –  бұл  жазбалардың  өзі  ежелгі  уакытты  бейнелеген  ескерткіштер  емес 

екендігі. Бұл ескерткіштердің зерттелуіне зор үлес қосқан ғалым С.Малов ең 

ежелгі  деп  саналатын  Енисей  жазбаларының  өзін  V  ғасырға  жатқызады. 

Мазмұны жағынан басқалармен салыстырғанда ең байырғы болып саналатын 

Орхон ескерткіштерінің өзі ІІІ ғасырға жатады. Қазіргі тіліміздегі бір буынды 

түбірлер  сол  фонетикалық  айырмашылығы  болмаса,  ескерткіштерде  сол 

күйінде  кездеседі.Мұның  өзі  түбір  сөздердің  морфологиялық,  фонетикалық, 

семантикалық  ыңғайдағы  өзгерістері  негізінен  Енисей,  Орхон,  ұйғыр 

ескерткіштерінің  жазылу  кезеңіне  дейін  болғанын  көрсетеді.  Көбінесе 

ескерткіштер  тілінде  түбір  екі  формасында  да  (еш  аффиксіз  қарапайым 

ежелгі  формасы,  аффикстер  жалғанған жаңа  формасы) берілген:  са  –  санау

сан –сан, сана – сануба – байлаубан – байлане – ойлауеғ – ой т.б. Бұл екі 

форманың біразға шейін қатар қолданылғанын көрсетеді. 

Екіншіден,  осы  орайда  «өлі»  түбірлерді  анықтаудан  да  оған  жалғанған 

аффикстерді  айыру  әлдеқайда  жеңілірек.  Яғни  мұндай  түбірлерді  тек 

өздеріне  ұқсас  сөздердің  құрылымы  бойынша  ортақ  сөз  тудырушы 

модельдерін салыстырып, теориялық жолмен ғана қалпына келтіруге болады. 



98 

 

Ол  үшін  кез  келген  модельді  алып,  сол  арқылы  жасалған  екі  буынды  түбір 



құрамынан өзара ұқсас, тектес әрі мағыналас грамматикалық форманттарды 

түбір мен тұлға жалғасқан жігінен формалды түрде болса да бөліп алуымыз 

керек.  Мәселен,  -ыр,  -ір  модель  бойынша  жасалған  айыр-,  ауыр-,  өсір-, 

жасыр-,  кідір-,  құтыр-,  асыр-,  қашыр-,  бітір-,  кешір-  деген  екі  буынды 

императив  етістіктердің  құрамынан  осы  грамматикалық  форманттың  өзін 

бөліп  алып  қарасақ,  ай-,  ау-,  ес-,  жас-,  кід-,  құт-  түбірлерінің  де  сөз 

тудыруда  қатысып  отырғанын  көреміз.  Айырмашылығы  –  бірінші  топтағы 

түбірлер жеке дара қолданылады да, екінші топтағылар – ондай дербестігінен 

айырылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз элементтер.  

Бұдан шығатын қорытынды: бір модель бойынша жасалатын императив 

етістіктердің  құрамында  дербес  түбірлерімен  қатар,  «өлі»  түбірлер  де  бір 

кезде  дербес  сөз  болғандығынан  дерек  береді.  Өйткені  тіл  диалектикасына 

сүйенсек,  тілде  оның  кәдесіне  жарамайтын  бірде-бір  түбір,тұлға  пайда 

болмаса керек.  

Осыдан  жарты  ғасыр  бұрын  (1936)  қазақ  тілі  тарихи  грамматикасының 

негізін  қалаушы  проф.  Қ.Жұбановтың  мектеп  мұғалімі  Ж.Жолаевқа  жазған 

хатына көз жүгіртейік. Ол 1958 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 

2-ші  нөмірінде  жарияланған:  «...Өлі  қосымша,  өлі  түбір  V  класқа    ауыр 

соғатын  сияқты,  –  депсіз.  Сенбеймін.  Меніңше,  бұларды  оқытпасаң,  ауыр 

соғатын  сияқты.  V  класқа  түбір  мен қосымшаны  оқытпасаң,  бала  тұрып, 

ұят, оян деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің? Ұят тұтас 

түбір десең, ұял = болғанда, -т-ның орнына оят= болғанда -т келіп -н-ның 

орнын  қалай  алды  демей  ме?  Сонда,  ұят-тың  түбірі  –  «өлі»  ұя;  -т  есім 

жасаушы /киіт, құрыт сияқты/ «өлі» қосымша;  оят=-тың түбірі – «өлі» 

оя;  мұндағы  -тқарат=  дегендегі  сияқты  өзгелік  етістің  тірі  қосымшасы 

деп шыныңды айтқан оңай емес пе?» (8).  

Осылайша,  бүгінгі  тіл  ерекшеліктерін  талдау  үшін  тарихқа  сүйене 

отырып,  реконструкция  жасаудың  (жаңғыртудың)  нақты  тілдік  дәйегін  де 

көрсетіп береді. Осыған орай: «Тілді диалектикалық тұрғыдан зерттеу үшін 



тарихи  принцип  қажет.  Себебі  тілдің  тарихын  жасауға  жазба 

ескерткіштердің материалы жеткіліксіз. Сондықтан сол кезге дейінгі бүкіл 

тарихты бойына сақтаған тілдік фактілерді зерттеу жөн», – (8, 15) деп те 

ескертеді. Міне, ғалымның ой-пікірінің мәртебесі көтеріліп, жаңарып жатқан 

ана тіліміздің теориялық мәселелерін былай қойғанда, бүгінгі күн талабының 

практикалық мәнінің мазмұнымен сай келіп жатқанына қайран қаласың. 

Осы  қағидаға  сай  қазіргі  қазақ  тіліндегі  мағынасы  күңгірттенген 

этномәдени  атаулардың  түбірлері  сол  түбірлермен  тектес,  тұлғалас  және 

мағыналас  элементтерді  ең  алдымен өз  тілімізден  (ішкі реконструкция)одан 

табылмаған  жерде  көне  жазба  ескерткіштер  тілінен  немесе  туыстас  түркі 

тілдері  мен  оның  диалектілерінен  (сыртқы  реконструкция)  іздестіру 

мақсатында  көптеген  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді  (Ә.Қайдар, 

Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б. еңбектерінде).  


99 

 

Олай  болса,  осы  күні  тарихи  грамматика  мәселесінің  ең  бір  өзекті, 



маңызды, күрделі мәселесі болып табылатын «өлі түбірлер» туралы бастама 

сонау  Қ.Жұбанов  еңбектерінен  бастау  алып,  тек  қазақ  тіл  білімі  аясындағы 

ғана  емес,  түркітанудағы  ең  өзекті  мәселенің  бірі  –  түбір  құрылымы 

мәселесімен  үндеседі.  Осы  орайдағы  А.Н.Кононовтың  (фузия  құбылысы), 

Н.А.Баскаковтың  (түркі  түбірінің  дыбыстық  құрылымы),  А.М.Щербактың 

(түбірдің  бірбуындылығы),  Э.В.Севортянның  (түркі  түбірінің  гомогенділігі) 

т.б. еңбектеріндегі маңызды ғылыми тұжырымдардың профессор Қ.Жұбанов 

зерттеулеріндегі топшылаулармен сабақтастығын байқаймыз.  

Соның  ішінде  нәтижелерінің  мәні  мен  қолданыстық  сипаты  қазақ  тіл 

білімінің  шеңберінен  әлдеқайда  кең  академик  Ә.Қайдаров,  М.Томанов, 

А.Ибатов,  Е.Қажыбеков,  Ж.Манкеевалардың  нақты  да  мол  деректерге 

сүйенген  теориялық-әдістемелік  жүйесін  қазіргі  түркітану  деңгейінде 

жетілген,  қазақ  тілін  зерттеудің  терең  де  кешенді  әдістемесі  мен  ғылыми-

зерттеушілік  идеясын  ұсынған  профессор  Қ.Жұбановтың  зерттеу  үрдісінің 

жалғасы деп ұққан жөн. 

Бүгінгі  таңда  бұл  мәселенің  кеңіп,  жаңа  деңгейде  қаралып  жүргенін 

профессор  Б.Сағындықұлының  (түркі  түбірін  танудағы  ішкі  флексия 

құбылысы),  профессор  А.Салқынбай  (тарихи  сөзжасам  жүйесі),  профессор 

Н.И.Букетованың  (түркі  түбірі  мен  неміс  тіліндегі  реликтілік  құбылыс) 

зерттеулері айғақтайды.  

Қарап  отырсаңыз,  ғалым  назарынан  тыс  қалған  бірде-бір  тілдік 

құбылыс  жоқ.  Мәселен,  зат  есімге  қатысты  Қ.Жұбановтың  септік 

парадимасындағы ілік септеу мен табыс септеудің ашық түрі және жасырын 

түрі, сонымен қатар барыс септеу мен шығыс септеудің жалғаусыз, жасырын 

түрде  кездесетін  орындары  деп  көрсеткен  тұстарының  үлкен  ғылыми  мәні 

бар. Бұл тілдік құбылыс қазіргі грамматикаларда «нөлдік форма» терминімен 

аталып,  Ы.Маманов,  А.Ысқақов,  Н.Оралбаева,  Ж.Балтабаева,  А.Омарова 

еңбектерінде  зерттелді.  Қ.Жұбанов  осы  нөлдік  форма  ұғымының  алғаш 

ғылыми негізін қалаған, осы тілдік құбылысты көрегендікпен байқаған деуге 

әбден  болады.  «Қ.Жұбанов  еңбектеріндегі  нөлдік  форма  мәселесін  арнайы 

қарастырған  Ж.Балтабаева  «Профессор  Қ.Жұбанов  септік  жалғауларының 

бірде  ашық,  бірде  жасырын  келуі  туралы»  атты  мақаласында  ғалым 

еңбектеріндегі  осы  мәселені  кеңінен  сөз  етеді.  «Қазақ  тіл  білімінің  негізін 

қалаған  Қ.Жұбанов  қазақ  тіліндегі  септіктердің  бірде  ашық,  бірде  жасырын 

түрде  келетіндігін  арнайы  қарастырмаса  да,  тілде  сондай  құбылыстың  бар 

екендігіне  назар  аударған.  Ғалымның  ғылыми  еңбектерінен  септік 

жалғауларының  сөзде  ашық,  жасырын  қолданылу  жайындағы  пікірлерді 

кездестіруге  болады.  Мәселен,  ғалым  құрастырған  «Қазақ  тілінің 

програмында» бұл мәселе «зат есімнің септелуі» деген тақырыпта қамтылған. 

Мұнда  атау  септік  «септеусіз  атау  есім»  деп  беріліп,  ілік,  табыс,  шығыс 

септіктерінің  қосымшалы  да,  қосымшасыз  да  келетіндігі  «ілік  септеу  мен 

табыс септеудің ашық түрі мен жасырын түрі. Жасырын түрдегі ілік пен 

табыс  септеуді  ашып  алу  жолы.  Ашық  түр  мен  жасырын  түрдің 


100 

 

мағынадағы  айырмасы.  Барыс  септеу  мен  шығыс  септеудің  мағыналары. 



Бұлардың  жалғаусыз,  жасырын  түрде  кездесетін  орындары»  деп 

көрсетілген. 

Бағдарламадағы бұл жолдардан ғалымның септік жалғауларының бірде 

ашық,  бірде  жасырын  келуі  деген  тілдік  құбылысқа  мән  бергенін  байқай 

отырып, ғалымның ғылыми мұрасы болашақта зерттеу нысанына айналатын 

тіл  фактілерін  қамтығанына  тәнті  боламыз»,  –  дейді  Ж.Балтабаева  (44,  105-

108).  

Ғалым  септік  жалғауларының  тасаланып  келуін  сөз  еткенде  олардың 



қосымшасыз  формада  қолданулары  бірдей  дәрежеде  болмайтындығын  да 

ескерткен,  яғни  ілік,  табыс  септіктерінің  тасалануы  жиі  де,  қалған 

септіктерде сирек кездесетіндігін айтқан. Сондай-ақ проф. Қ.Жұбанов септік 

жалғауларының  түсірілетін  орындарының  бірі  бірыңғай  мүшелер  екендігін, 

яғни  қосымша  бірыңғай  мүшелердің  соңғысына  жалғанатынын  нақты 

мысалдармен  көрсеткен:  Ай  мен  күннің  аманында.  Балтабай,  Қарпық, 



Маман,  Салпықтардан  үлгі  алған.  Ғалым  септік  жалғауларының  тасаланып 

келетін  орындарының  біріне  көркем  шығарма  тілін  де  жатқызған:  Еділдің 



бойы  ен  тоғай,  ел  қондырсам  деп  едім.  Еңселі  биік  орда  еріксіз  кірсем  деп 

едім.  Қан  сарқыты  сары  май  еріксіз  жесем  деп  едім.  Ғалым  көрсетіп 

отырған бірыңғай мүшелер мен көркем шығарма, оның ішінде поэзия тілінде 

септік  жалғауларының  жиі  түсірілетіндігі  септіктердің  қосымшасыз 

қолданылуының  бір  жолы  ретінде  кейінгі  зерттеулерде  статистикалық 

талдаулар  арқылы  дәлелденді»,  –  дей  келіп,  Ж.Балтабаева  өз  сөзін:  «Септік 

жалғауларының бірде ашық, бірде жасырын келуі деген мәселе де профессор 

Қ.Жұбанов  еңбектерінен  бастау  алған  деп  санаймыз»,  –  деп  қорытады  (44, 

105-108).  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет