Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§53. сталинград шайқасы. Қазақстандықтардың  ерлігі



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§53. сталинград шайқасы. Қазақстандықтардың  ерлігі
оқып-үйренген материалды қайталау §52 әңгімелеріне берілген сұ-
рақтар мен тапсырмалар негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Тылдағы ерлік.
2. Сталинград шайқасы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  кіріспе  әңгімесінен 
басталады. Оқушыларға түсінікті тілмен тылдағы халықтың ерлігі туралы 

114
баяндалады.  Сабақтың  тәрбиелік  мәнін  күшейту  үшін  «Совет  Одағының 
Ұлы  Отан  соғысы»  диафильмінен  тылдағы  ерлік  туралы  үзінділер  пайда-
ланылады. 
Өлкетану  материалдарын  пайдалану  не  музейге  экскурсия  ұйым-
дастыру, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізу де тәрбиелік-
танымдық  жағынан пайдалы болар еді. 
Музейге  саяхатқа  баруды  жақсылап  әрі  мұқият  даярлаған  дұрыс. 
Оқушыларға  алдын  ала  сұрақтар  мен  тапсырмалар  бөліп  беріліп,  эссе, 
хабарлама  (қысқаша)  дайындау  тапсырылса,  осындай  тәрбиелік  мәнді 
материалды терең түсінуге көмектесер еді. Музейде мына мәселелерге назар 
аударған  дұрыс, мысалы: 
1. Туған өлке тұрғындарының Ұлы Отан соғысында көрсеткен қаһар-
мандық ерлігінен мысалдар.
2. Тылдағы ерлікке менің қаламның не ауылдың үлесі. 
3. Ұлы Отан соғысындағы әйелдер мен жасөспірімдердің рөлі. 
4. Жас батырлардың ерлігі – бізге үлгі.
Экскурсия  аяқталғаннан  кейін  оқушылар  бұл  сұрақтарға  жауап 
әзірлейді,  хабарлама,  эссе  дайындайды.  Қабырға  газетін  шығарады.  Онда 
өздерінің  хабарламаларын,  ардагерлерден  жазып  алған  интервьюлерін 
жариялайды,  иллюстрация  ретінде  суреттер  жинайды,  не  өздері  салады, 
альбомдар, монтаждар т.б. даярлайды. 
§51  тақырыпты  оқып-үйренгенде  пайдаланылған  кестені  толтыру 
жалғастырылады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §53.  «Сталинград  шайқасы.  Қазақстандықтардың 
ерлігі»  әңгімесімен  танысу,  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  дайындалу.  
4–5 оқу шы «Ұлы жеңіс» «Қазақстандықтардың ерлігі», «Жасөспірім батыр-
лар» т.б. тақырыпта хабарлама дайындайды.  
 
§54. ұлы жеңіс
оқып-үйренген материалды қайталауға арналған сұрақтар:
1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, қашан аяқталды? Ұлы жеңіске 
биыл қанша жыл? 
2. Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандықтар қатысты?
3. Қазақстандықтардың ерлігінен мысалдар келтіріңдер. 
4.  Бұл  ауыр  соғыста  кеңес  адамдарының  қандай  адамдық  қасиеттері 
ерекше көрінді? 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ұлы Отан соғысының аяқталуы.
2. Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

115
Жаңа материалды оқып-үйрену алдында тақтаға мынандай проблемалық 
тапсырма жазылады: Кеңес Одағының екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске 
жетуінің қандай себептері бар? Ұлы жеңістің қандай тарихи маңызы болды. 
Бұл  жөнінде  сабақта  және  сабақтан  тыс  алған    білімдеріңді  пайдаланып 
жауап беріңдер. 
Оқушылар  хабарламалары  тыңдалады.  «Ұлы  жеңіс»  диафильмінен  
үзінді  пайдаланылады.  Картамен  жұмыс  жүргізіледі.  Оқушылар  оқулық 
материалын абзац бойынша кезектесіп оқып, жоғарыда қойылған сұрақтарға 
жауап  береді.  Содан  кейін  «Менің  сүйікті  қаһарманым»  атты  сайыс 
өткізіледі.  Мұғалім  мен  тарих  пәніне  қызығушылығы  жоғары  оқушылар 
тобынан әділқазылар (не  сарапшы топ) құрылады. Әділқазылар сайыстың 
нәтижесіне баға беріп, қорытынды жасайды.
Сынып 5–6 топқа бөлінеді. Мұғалім алдын ала даярлаған қазақстандық 
батыр  не  жауынгер  туралы  мінездемені  оқушыларға  береді.  Әр  топтың 
оқушылары  мінездемемен  мұқият  танысып,  оның  кімге  берілгенін  анық-
тайды. Бұл тапсырманы орындауға 3 не 5 минут беріледі.
Әділқазылар  алқасы  оқушылардың  тапсырманы  қалай  орындағанына 
баға  беріп,  қорытындылайды.  Оқушылар  «Жетпей  тұрған  дыбысты  тол-
тырыңдар» тапсырмасын орындайды: 
Б...в  –  екі  мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры  атанған  тұңғыш  ұшқыш 
қазақ.
М...ы –  «Халық Қаһарманы» атағына ие болған батыр жазушы.
Б...в –  тары өсіруден әлемде рекорд жасаған қазақ.
П...в – қазақстандық генерал-майор.
Ә...в  – Еділ бойында ерлікпен қаза тапқан ұшқыш.
С...м – 1940 жылы күріш өсіруден рекорд жасаған күріш өсіруші.
С...в – Жезқазған мыс кен орнын зерттеген академик-ғалым.
Үйге  тапсырма:  §54.  «Ұлы  жеңіс»  тақырыбын  оқып  танысу,  сұрақтар 
мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.
§55. тың игеру
сабақтың мақсаты: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, 
оның  Қазақстан  үшін  маңызын  ашып  көрсету.  Тың  игеруде    ерлігімен 
атағы  шыққан  тың  игерушілер  туралы  бейнелі  түсінік  беру  арқылы 
тың  игерушілерге  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи 
қайраткерлерге  сипаттама  беру  біліктерін  одан  ары  дамыту  жұмыстарын 
жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  «Тың  игеру»  атты 
диафильмнен үзінді, электронды оқулық.

116
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстандағы тың игеру.
2. Тың игерушілер.
3. М. Довжик, К. Дөненбаева және басқа тың игеруші ерлер.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің тың игеру туралы түсіндір-
мелі әңгімесімен  басталып, картамен жұмыс жасауға ұштастырылады. 
«Тың  игеру»  диафильмінен  және  электронды  оқулықтан  5–7  минут 
үзінді пайдаланылады. 
Оқушылар үш топқа бөлініп, бірінші топтағылар «Тың игеру» туралы 
мәтінмен  танысып,  ондағы  негізгі  ойды  табады.  Екінші  және  үшінші 
топтағылар  тың  игерушілер  және  М.  Довжик  пен  К.  Дөненбаева  туралы 
материалдармен танысып, оның күрделі жоспарын жасайды. Оны талдауға 
барлық оқушылар қатысады.
Содан кейін пікірсайыс өткізіледі. Оқушылар «Тың игеру Қазақстанға 
не  берді?»  деген  тапсырманы  талдауы  керек.  Осы  проблемалы  сұрақты 
шешу  үшін  «қолдайтын  және  қарсы»  барлық  мәселелер  талданады.  «Тың 
игеру пайдалы болды ма, әлде зиянды болды ма?» деген тапсырма негізінде 
оқушылар өз қалауы бойынша бір көзқарасты таңдап, осы пікірді қолдайтын 
топқа еркімен қосылады. Топпен жұмыс жасап, шамамен үш дәлел келтіреді. 
Пікірсайыс  қызықты  әрі  нәтижелі  өтуі  үшін  төмендегі  ережелерді  еске 
салған дұрыс.
Пікірсайысты  дұрыс  өткізу  үшін  мына  ережелерді  есте  сақта.  Оны 
орында:
1. Оқушылар белгіленген 2–3 минут ішінде сөйлеп үлгеруі қажет.
2. Бір-бірінің сөзін бөлмей, шуламай, кезекпен, бір-бірден сөйлеуі тиіс.
3. Оқушы өз ойын дәлелдегенде сыныптағы оқушыларға не мұғаліміне 
қарап сөйлеуі керек.
Сабақты бекіту барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §55. «Тың игеру» әңгімесімен танысып, ондағы сұрақтар 
мен тапсырмаларға  жауап дайындап келу.
§56.  Қазақстан – ғарыштық держава 
 
сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстандағы ғылым  мен білімнің 
дамуы  туралы  мәселені  түсіндіру,  белгілі  ғалымдар,  ғарышкерлердің 
өмірімен, қызметімен  таныстыру. Оқушыларда ғылым мен білім саласында 
қызмет  жасайтын  адамдарға  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  септігін 
тигізу. Тарихи қайраткерлерді суреттей білу біліктерін дамыту.  

117
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы  сұрақ-тапсырмалар  және  мұғалімнің  қосымша  сауалдары 
бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуы.
2. Қаныш Сәтбаев. 
3. Қазақстан – ғарыштық держава.
4. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев – қазақ ғарышкерлері.
5.  Олжас  Сүлейменов  және  оның  «Адамға  табын,  жер,  енді»  атты 
шығармасы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  Қазақстанда  ғылым  мен 
білімнің дамуы туралы түсіндірмелі әңгімесінен басталады.
Ғылым  мен  білімнің  дамуы  туралы  бейнефильмнен  үзінді  пайда-
ланылады.  Оқушылардың    Қ.  Сәтбаев,  Т.  Әубәкіров,  Т.  Мұсабаев  және                
О. Сүлейменов туралы хабарламалары тыңдалады.
Оқушылар жұп болып, оқулықпен өздігінше жұмыс жасайды. 
Бұл сабақта ауыспалы-топтық жұмысын жүргізген тиімді.
«Қазақстан – ғарыштық держава» мәселесі бойынша өзекті проблемалы 
материалдардан  үзінділер  пайдаланылып,  ауыспалы-топтық  жұмыс  жүр-
гізіледі. 
Оқушылар (сыныптағы балалар санына қарай) 5 топқа бөлініп отырады. 
Тапсырмалар:
1.  Ғарыш  кемелерін  ұшыратын  аймақ  ретінде  неліктен  Қызылорда 
облысының Байқоңыр төңірегі таңдап алынды?
2. Кеңес Одағы тұсында Байқоңыр қандай мақсатта қолданылды?
3.  Тәуелсіз  Қазақстан  Байқоңыр  ғарыш  аймағын  қандай  мақсатта 
пайдалануда?
4. Байқоңыр – халықаралық ғарыш аймағы екенін дәлелдеңдер.
5. Байқоңыр ғарыш аймағында қандай зерттеулер жүргізіледі?
Оқушылар  тапсырмалармен  танысып,  естеріне  сақтайды.  2  минуттан 
кейін  оқушылар  өздерінің  топтағы  орындары  нөмірленген  үстелдерге 
ауысып  отырады.  Яғни,  №1  бала  №1  үстелге  отырады,  оның  жанына  әр 
топтың бірінші нөмірлі оқушысы келіп отырады. Содан кейін оқушылар бір-
біріне барлық бес тапсырманың мағынасын таныстырып, түсіндіреді.
Мұғалім  қосымша  сұрақтар  қою  арқылы  балалардың  тапсырманы 
қаншалықты  түсінгендерін  тексереді,  олардың  ойын  анықтап,  қорытын-
дылайды.

118
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §56.  «Қазақстан  –  ғарыштық  держава»  әңгімесі  және 
оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§57.  Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  Қазақстанның  мәдениеті  мен 
өнерінің дамуы, жазушылар, қазақ киносы, суретшілер туралы түсініктерін 
тереңдету. Мәдениет пен өнер саласында қызмет жасайтын адамдарға деген 
құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Тарихи қайраткерді суреттей білу біліктерін 
дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы  сұрақ-тапсырмалар  және  мұғалімнің  қосымша  сауалдары 
бойынша өткізіледі:
1.  Қазақстанның  ғылымы  мен  білімінің  дамуына  үлес  қосқан  ғалым-
дарды атаңдар. Олар туралы не білесіңдер? 
2. Неліктен «Қазақстан – ғарыштық держава» деп аталады? 
3. Бейбіт күндері ғарышкерлер қандай ерлік жасады? Ғарышкерлердің 
өмірі мен қызметінен қандай үлгі аласыңдар? 
4.  О.  Сүлейменовтың  қандай  еңбектерін  білесіңдер?  Онда  не  туралы 
айтылған?
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуы.
2. Қазақстанның ақын-жазушылары.
3. Ілияс Есенберлин. 
4. Қазақ киносы. Шәкен Айманов.
5. Әбілхан Қастеев.
Жаңа материалды оқып-үйрену оқушылармен әңгімелесуден басталады. 
Экраннан  Қазақстанның  атақты  жазушылары,  әртістері,  суретшілері  бей-
неленген иллюстрациялық материалдар көрсетіледі.
Мұғалім:  Балалар,  бүгінгі  сабақта  біз  қандай  тақырыптағы  әңгімені 
оқып-үйренеміз?  Экранда  не  бейнефильмде  көрген  жазушылар,  әртістер, 
суретшілер туралы не білесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады.
Оқушыларға 3 топқа бөлініп, оқулық мәтінімен өздігінше танысып, осы 
әңгіме бойынша кесте дайындау тапсырылады. Оқушылардың дайындаған 
кестесінің үлгісі мынадай болуы мүмкін. 

119
Кесте: Қазақстанның ақын-жазушылары
аты-жөні 
Қандай еңбек жазды?
еңбектің маңызы қандай?
І. Есенберлин
«Көшпенділер»
романы
Көшпенділердің өмірі, 
тұрмысы, кәсібі, елді 
шапқыншылардан ерлікпен 
қорғау туралы жазылған 
Тақтаға  үш  топтың  оқушылары  шығып,  әрқайсысы  үш  тақырыпша 
бойынша  кесте  дайындап,  өз  ойларын  дәлелдейді.  Басқа  оқушылар 
жауаптарын толықтырып, жіберген кемшіліктерін жөндейді. 
«Мына  шығармалардың  авторын  дұрыс  тауып  жазыңдар»  деген 
тапсырма бойынша жұмыс жүргізіледі:
1. М. Әуезов – «Оянған өлке».
2. Ғ. Мүсірепов – «Біздің семья».
3. С. Мұқанов – «Абай жолы».
4. Б. Момышұлы – «Өмір мектебі».
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §57.  «Қазақстанда  ғылым  мен  өнердің  дамуы» 
әңгімесімен  танысу,  оған  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап 
дайындап келу.
V Бөлім. тӘУелсіз ҚазаҚстан
§58.  Қазақстан республикасы – тәуелсіз, егемен мемлекет
сабақтың  мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  құрылуы,  тұңғыш 
Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев,  Қазақстанның  әлемдегі  орны 
туралы мәселелерді оқушылардың жасына сай ашып көрсету. «Қазақстан – 
менің  Отаным»  идеясын  басшылыққа  ала  отырып,  жастар  өз  Отанының 
болашағына  жауапты  екендігін  түсіндіру.  Оқушыларды  елжандылыққа,  
отансүйгіштікке тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи құбылыстар мен оқиғаларды 
салыстыра білу біліктерін дамыту  жұмыстарын жалғастыру.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  «Тәуелсіз  Қазақстан» 
бейнефильмі, электронды оқулық,  иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстан Республикасының  құрылуы. 
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев.

120
3. Біртұтас Қазақстан халқы. 
4. Қазақстан Республикасының әлемдегі орны мен рөлі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен 
5–7 минут үзінді көрсетуден басталады. Фильмді көрмес бұрын оқушылар 
назары  тақтадағы  жазуға  аударылады.  Онда  мынадай  сұрақтар  жазылған: 
1.  «Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы»  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер? 
2. Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы  құрылуының  қандай  маңызы  бар?  
3. Қазақстан Республикасының әлемдегі алатын орны қандай?
Бейнефильмнен  үзінді  көрсетілгеннен  кейін  мұғалім  «тәуелсіздік», 
«егемендік» деген термин сөздерге оқушылар көңілін аударып, мағынасын 
түсіндіреді. Мұғалімнің тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы туралы әңгімесі 
баяндалады.  Содан  кейін  тақтаға  жазылған  сауалдарға  жауап  табу  үшін, 
оқушылар  кезектесіп  оқулық  мәтінін  абзац  бойынша  дауыстап  оқиды. 
Ондағы негізгі ойды тауып, жоғарыдағы сауалдарға жауап береді. Мұғалім 
толықтырады. 
Оқушыларға  төмендегідей  сұрақтар  қойылады:  «Елбасымыз  Н.Ә.  На-
зарбаев туралы не білесіңдер? Елбасымыздың қандай кітаптарын оқыдың-
дар? Ол кітаптар қалай аталады?» Содан кейін оқушылар еліміздің тұңғыш 
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі және қызметімен танысады. 
Қазақстан  халықтары,  Қазақстан  Республикасының  әлемдегі  орны 
туралы мәтінмен өздігінше оқулықты оқып танысады. 
Оқушылар төмендегідей кесте-сызбаларды  толтырады. Сынып болып 
дұрыстығын дәлелдейді (талдайды).
Қазақстанда мекендейтін  
ұлттарды атап,  
кестені толтырыңдар
        Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §58.  «Қазақстан  Республикасы  –  тәуелсіз,  егемен 
мемлекет» әңгімесімен танысу, оған берілген  сұрақтар мен тапсырмаларға 
дайындалып келу.

121
§ 59. Қазақстан республикасының конституциясы
сабақтың мақсаты: оқушылардың еліміздің негізгі заңы – Конституция 
туралы түсініктерін  тереңдету.  «Конституция»,  «демократия»,  «құқықтық 
мемлекет», «адам құқығы» туралы түсініктерін қалыптастыру  жұмыстарын 
жалғастыру.  Ата  заңымызға  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  септігін 
тигізу. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білу біліктерін дамыту 
жұмыстарын жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бейнефильмнен  үзінді, 
иллюстрациялық материалдар, электронды оқулық.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Конституция – еліміздің негізгі Заңы.
2.  Қазақстан  Республикасы  –  демократиялық,  құқықтық,  зайырлы, 
әлеуметтік мемлекет.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесінен 
басталады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  туралы  бейне-
фильмнен не электронды оқулықтан үзінді пайдаланылады. 
Оқушылар  дәптерлеріне  «конституция»,  «демократия»,  «құқықтық 
мемлекет», «адам құқығы» туралы түсініктердің мағынасын анықтамадан 
тауып  жазып  алады.  Оқушылар  кезектесіп  үлкен  абзацтарды  оқулықтан 
оқиды, негізгі ойды тауып, талдайды. Содан кейін «Қазақстан Республика-
сының Конституциясы» атты кестені өздігінше толтырады.
Кесте: Қазақстан республикасының конституциясы
р/с
сұрақтар 
Жауаптар 
1
Қазақстан Республикасының 
Конституциясы қанша баптан тұрады?
2
Конституцияның  1-бабында  не  туралы 
жазылған?
3
Конституцияның 29-бабы неге
арналған?
4
Конституцияның 30-бабында не туралы 
айтылған?
5
Конституцияның 36-бабы неге
арналған? 

122
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §59.  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясы» 
әңгімесімен танысу, сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§60. Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  рәміздері:  Гербі,  Туы  және  Гимні  туралы  түсініктерін  терең-
дету. Мемлекеттік рәміздерді жасаған авторлар туралы білімдерін одан әрі 
кеңейту. Бұл сабақтың материалы оқушыларда халықтар арасындағы келісім 
мәдениетін тәрбиелеуге, олардың бойында достық, мемлекеттік рәміздерге 
құрметпен қарау сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейнефильм мен аудио-
фильмнен үзінділер, электронды оқулық, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар және мұғалімнің қосымша сауалдары 
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. 
2. Мемлекеттік рәміздердің авторлары. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  Қазақстан  Республикасының  Мемле-
кеттік Гимнін айтудан басталады. 
Бейнефильм мен аудиофильмнен не электронды оқулықтан Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  Гербі  көрсетілген,  Туы  желбіреген  және  
Гимні айтылған үзінді пайдаланылады. Мемлекеттік рәміздер бейнефильм-
нен  көрсетілгенде,  Гимн  орындалғанда  оқушыларда  ерекше  –  Отанымыз 
Қазақстан  Республикасына,  оның  адамдарына  деген  аса  үлкен  құрмет 
пен  сүйіспеншілік  сезім  пайда  болады.  Бұның  өзі  сабақта  оқушыларды 
отаншылдыққа, достыққа, азаматтыққа тәрбиелеуде ерекше маңызды болып 
табылады.
Оқушылар төмендегідей проблемалы тапсырмаларға жауап береді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан және қа-
лай қабылданды? 
2. Гербтегі белгілер нені білдіреді?
3. Еліміздің Туында не көрініс тапқан? 
4. Гимнде не туралы айтылады? 
5. Мемлекеттік рәміздерді дайындаған авторлар туралы не білесіңдер?

123
Оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  оқулық  мәтінімен  өздігінше  жұмыс 
жасайды.  Бірінші  топ  оқушылары  Герб  және  оның  авторлары,  екінші  топ 
оқушылары  Ту  және  оның  авторлары  және  үшінші  топ  оқушылары  Гимн 
мен  оны  жазған  авторлар  туралы  оқулықтағы  материалды  және  сабақтан 
тыс алған білімдерін пайдалана отырып әңгіме құрайды. 
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  §60.  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
рәміздері» әңгімесі және оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларға дайын-
далып келу. Екі оқушыға еліміздің теңгесі туралы хабарлама дайындап келу 
тапсырылады. 
§61. Біздің теңге
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  еліміздің  ұлттық  валютасы  – 
теңгенің шығу тарихы, нумизматика туралы білімдерін одан әрі тереңдете 
түсу. Оқушылардың жаңа білімдерді ала білу біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейнефильм, электронды 
оқулықтан үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша өткізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.
2. Нумизматика.
3. Теңге, оның шығу тарихы туралы.
Жаңа материалды оқып-үйрену оқушылармен теңге жайлы не білетін-
дері туралы әңгімелесуден басталады. 
1. Теңге дегеніміз не? 
2. Қазақстан Республикасында теңге қалай  өмірге келді? 
3. Теңгенің біздің еліміз үшін қандай маңызы бар? 
Бейнефильмнен  теңге  туралы  үзінді  пайдаланылады,  ал  электронды 
оқулықтан теңгенің шығу тарихы туралы мәтінмен таныстырылады, ондағы 
тапсырмаларға жауап беріледі. 
2 оқушы теңгенің шығу тарихы жайлы хабарлама жасайды.
Мұғалім  нумизматика  ұғымының  мәнін  ашып  көрсетеді,  оқушылар 
оның анықтамасын дәптерлеріне жазып алады. 
Оқушылар  оқулық  мәтінімен  танысып,  «Қазақстан  Республикасының 
ұлттық  ақшасы  –  теңге»  деген  тақырыпша  негізінде  сайыс  өткізіледі. 
Оқушылар 4 топқа бөлініп, Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы – 
теңге  туралы  мәлімет  жинақтайды.  Тақырыпты  1-топтың  балалары  бас-

124
тайды, содан кейін мұғалім қай топты көрсетсе, сол топ жалғастырады. Бұл 
тапсырманы оқушылар мұқият тыңдап отыруы тиіс. Өйткені мұғалім оқиға-
ны кез келген жерден үзіп, басқа топқа әңгімені жалғастыруды тапсырады. 
Бұл сайыста оқушылардың жауаптары мынандай сапа бойынша бағалана-
ды:  ұлттық  ақша  –  теңге  туралы  оқушылар  ойларының  мазмұндылығы, 
нақты фактілер не мысалдар келтіруі, қосымша материалдар пайдалануы, 
айтып тұрған ойдың үзілмей, жалғасын табуы, т.б.
Сабақ  соңында  оқушылар  «Ұлттық  ақша  –  теңге»  атты  тапсырманы 
орындайды:
1. Қазақ жерінде ақша қашан пайда болды?
2. Біздің төл теңгеміз қашан  өмірге келді?
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §61. «Біздің теңге» әңгімесімен танысып, оған берілген 
сұрақтар  мен  тапсырмаларға  дайындалып  келу.  «Байтақ  қала  –  Астана» 
атты  тақырыпта  барлық  оқушыларға  қысқаша  шығарма  жазып  келу 
тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет