Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§47. Қазақстанда кеңес өкіметінің  орнауы



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§47. Қазақстанда кеңес өкіметінің  орнауы 
сабақтың  мақсаты:  Қазақстанда  Кеңес  өкіметінің  орнауы  туралы 
оқушыларға    түсінікті  түрде  ашып  көрсету.  Тарихи  оқиғаларды  суреттей 
білу біліктерін дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтан 
үзінді.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау      
мұғалімнің  оқулықтан  іріктеп  қойылған  сұрақтары  мен  тапсырмалары 
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
2. ҚазАКСР-інің құрылуы.
3. КСРО-ның құрылуы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесіне, 
картамен жұмысқа негізделіп өткізіледі. Электронды оқулықтан оқушылар 
өздігінше Кеңес өкіметі  туралы материалмен танысады. Сауалдарға жауап 
дайындайды.
Оқушылар  бірінен  соң  бірі  оқулықтағы  осы  әңгімені  үлкен  абзацтар 
бойынша  оқып,  ондағы  негізгі  мазмұнды  табады.  Қорытынды  жасап, 
ойларын дәлелдейді. 
Содан  кейін  оқушылар  өздігінше  оқулық  мәтіні  бойынша    кесте 
толтырады. 

103
Кесте: кеңес үкіметінің жүргізген алғашқы шаралары
р/с
кеңес үкіметінің алғашқы 
шаралары
Қазақстанда кеңес өкіметін 
нығайту жолындағы шаралар
1.
2.
3.
терминологиялық диктант өткізген тиімді.
1. КСРО деген қысқарған сөзді таратып жазыңдар.
2. ҚазАКСР деген сөзді толық жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
3. Декрет дегеніміз не?
4. Мемлекеттік рәміздер деген не?
тарихи даталар бойынша диктант өткізіледі.
1. Қазан төңкерісінің жеңген күні.
2.  Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған жылдар.
3. ҚазАКСР-інің құрылған уақыты.
4. Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі өткен уақыт.
5. КСРО-ның құрылған жылы.
Сабақты бекіту барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жасалады.
Үйге  тапсырма:  §47.  «Қазақстанда  Кеңес  өкіметінің  орнауы»  әңгіме-
сімен  оқып  танысу  және  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  дайындалып  келу. 
«А.  Байтұрсынұлы,  Ә.  Бөкейханұлы,  М.  Дулатұлы»  туралы  3–4  оқушыға 
хабарлама жазып келу  тапсырылады. 
§48. алаш қозғалысы
сабақтың мақсаты: оқушыларды Алаш қозғалысының өкілдері, қазақ 
зиялыларының  қызметімен  таныстыру.  Алаш  қозғалысының  өкілдеріне 
деген құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи қайраткерлерді сипаттау 
біліктерін дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильмнен «Алаш қозғалысы» атты үзінді.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Алаш қозғалысының өкілдері.

104
2. Ә. Бөкейханұлының өмірі мен қызметі. 
3. А. Байтұрсынұлы.
4. М. Дулатұлы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесіне, 
оқушылардың  оқулық  мәтінін  іріктеп  оқуға,  «Алаш  қозғалысы»  бейне-
фильмінен үзіндіге және картамен жұмыс жасауға ұштастырылады. 
Қосымша материал:
«Әлихан  Бөкейханұлы  (1866–1937)  –  көрнекті  қоғам  және  мемлекет 
қайраткері,  ғалым,  қазақтың  тұңғыш  саяси  партиясын  ұйымдастырушы 
және Алашорда үкіметінің төрағасы.
Ә. Бөкейханұлы  және  қазақ  зиялылары  халықтың  сана-сезімін 
ояту  мақсатындағы  саяси  ұстанымдары  мен  жұмыстары  үшін  тұтқынға 
алынып, Семей қаласында түрмеге қамалды, кейінірек Самар қаласына жер 
аударылады.
Әлихан  Бөкейханұлы  1916  жылы  жер  аудару  мерзімі  аяқталған  соң, 
Самарадан Орынбор қаласына келді. Онда ол қоғамдық және саяси өмірге  
белсене  қатысады.  Оның  «Дала  уәлаяты»  газеті,  «Айқап»  журналы  және 
«Қазақ»  газетіне  200-ге  жуық  мақалалары  мен  аудармалары  жарияланды.   
Ә.  Бөкейханұлы  қазақ  тарихында  тұңғыш  саяси  ұйым  –  Алаш  партиясын 
ұйымдастырушы  көсемі  болды.  Қазақ  Автономиялық  Республикасының 
тұңғыш төрағасы болып сайланды.
1926–1927 жылдары  Ә. Бөкейханұлы ескі достары – академик А. Ферс-
ман, профессорлар С.  Швецов, В. Бонч-Бруевич, Л. Чермактардың көмегімен 
Ресей  Ғылым  академиясына  қызметке  шақырылып,  ғылыми  жұмыспен 
айналысады.
Көп ұзамай большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, 
басшыларын  қуғынға  ұшыратты.  Ә.  Бөкейханұлы  Мәскеуге  жер  аудары-  
лып,  он  жыл  үй  қамауында  болды.  1927  жылдың  1  қазанынан  бастап  ол 
Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауында болады. Ендігі жерде Мәскеу-
де одан әрі қызмет ету мүмкін болмағандықтан, Қазақстанға қайта орала-
ды. 1928 жылы Ә. Бөкейханұлы Алматыда ҚазМУ-де студент жастарға сабақ 
береді.  Ол  1929  жылы  2  маусымда  43  Алаш  қозғалысы  қайраткерлерімен 
бірге Алматыда тұтқынға алынады. Содан кейін жылдың аяғына қарай оған 
«1921  жылы  Орынборда  контрреволюциялық  ұйым  құрды,  ортаазиялық 
пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды, 1927 жы-
лы  қазақ  даласында  қарулы  көтеріліс  даярлау  әрекетіне  қатысты»  деген 
кінә тағылып, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2,4 және 11-тар-
мақтары бойынша ату жазасына кесіледі.
Дегенмен,  қазақ  ұлты  зиялыларының  көсемі  Ә.  Бөкейханұлы  сияқты 
ірі тұлғаны өлтіруден қорқып, өлім жазасы абақтыда өтеуіне ауыстырылды.  

105
Одан  зиялы  қауымның  наразылық  білдіруіне  байланысты  түрмеден  боса-
тылды. Ә. Бөкейханұлы 1937 жылдың тамызында қайтадан тұтқындалып, 
Бутырка  абақтысына  жөнелтіледі,  тергеуге    түседі,  осы  жылы  қайтыс 
болды.
Бүкіл ғұмырын қазақ халқының еркіндігі мен бостандығы мақсатына 
жұмсаған  Ә.  Бөкейханұлының  өмірі  мен  қызметі  жас  ұрпаққа  үлгі.  Ол 
Ресейдің бірінші мемлекеттік Думасының, Мұсылман халықтары съезінің 
депутаты. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшесі. 
«Алаштың  Әлиханы»  атанған,  азаттығымыздың  басында  тұрған, 
халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған ірі тұлға. 
ахмет Байтұрсынұлы (1873–1937) – аса ірі әдебиет зерттеушісі, ғұлама 
түрколог,  қазіргі  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы,  дарынды  ақын  әрі 
аудармашы, публицист, қоғам және мемлекет қайраткері. 
Ғұлама ұстаз халыққа білім беру ісін қолға алып, жетілдіруді алдына 
мақсат етіп қойды. Ахмет Байтұрсынұлы араб алфавиті негізінде 29 әріптен 
тұратын  қазақ  алфавитін  жасап,  тезірек  хат  танудың  төте  жолын  салды. 
Ғалым  «төте  оқу»  қазақ  балаларына  жеңіл  болатынын  дәлелдеді.  Сөйтіп, 
Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  халқының  ұлттық  жазуын  (араб  емлесін) 
қалыптастырды. «Тілашар», «Тіл құралы» атты кітаптарында грамматиканың 
негізін жасады.
Ахмет  Байтұрсынұлын  «Қазақтың  Чернышевскийі»  деп  атаған.  Ол 
ұлттық мектеп ашты, қазақ мектептері үшін оқулық жазды, қазақ терминдері  
мен мақалдарын, аңыздарын жинақтады. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  өнерін,  тарихын,  тұрмысы  мен  салт-
дәстүрін жан-жақты зерттеді. Өзі ән шығарып, күй тартып, бірқатар қазақ 
әндерін нотаға түсіру үшін «Қазақтың 1000 әнін» жинаған А. В. Затаевичке 
көмек көрсетті.
Ахмет  Байтұрсынұлы  1937  жылы  қамауға  алынып,  атылған.  Бүгінгі 
күні  Ұлттық  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі  институтына  Ахмет 
Байтұрсынұлының есімі  берілген. 
міржақып  дулатұлы  (1885–1935)  –  ақын,  публицист,  аудармашы, 
қоғам қайраткері, жазушы, журналист. 
Міржақыптың  «Оян,  қазақ!»  атты  тұңғыш  жыр  жинағы  1909  жылы 
жарық көрді.  М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңіндегі:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап,
Хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты, –

106
деген  сөздері  халықтың  еркіндікке  жету  ұраны  болды.  Осы  еңбегі  үшін 
қуғынға ұшырап, бір жыл Семей түрмесіне қамалады. 
Оның  «Бақытсыз  Жамал»,  «Азамат»,  «Терме»,  «Қазақтар  мен  қыр-
ғыздардың  шығу  тарихы»  деп  аталатын  еңбектерінде  халық  мүддесін, 
елін, жерін сүю туралы сөз болады. Ф. Шиллер, А. Пушкин, М. Лермонтов 
өлеңдерін қазақшаға аударды.
1913  жылдан  бастап  Орынбордан  шыға  бастаған  «Қазақ»  газетінде          
А. Байтұрсынұлымен бірге жұмыс істеді, оның мақсаттас серігі болды.
М. Дулатұлы «Алаш» партиясы бағдарламасының авторларының бірі. 
Қазан төңкерісінен кейін «Алашорда» үкіметі жетекшілерінің бірі, Әскери 
Кеңесінің мүшесі болды, «Қазақ» газетін басқарды.
1919 жылы ол Кеңес өкіметі жағына  шығады. 20–30 -жылдар аралығында 
М. Дулатұлы «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде, «Қызыл Қазақстан» 
журналында еңбек етіп, аудармашылықпен де айналысты.
Қазақ  зиялыларын  қуғындау  басталғанда  Міржақып  тұтқындалып, 
1930 жылы ату жазасына кесілді, кейін ол жаза 10 жыл түрмеге отырумен 
ауыстырылды. М. Дулатұлы Соловецк лагерінде 1935 жылы қайтыс болды. 
Ол тек 1988 жылы қараша айында ақталды.
Алаш  қозғалысының  қайраткерлері  өз  халқының  теңдігі  мен  бостан-
дығы үшін аянбай еңбек етті. Олар азаттық жолындағы күрестің көшбас-
шылары болды».
Оқушылардың Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы тура-
лы дайындап келген хабарламалары тыңдалады.  
Содан кейін оқушылар «Алаш зиялыларының қызметі» деген кестені 
оқулық мәтіні негізінде өздігінше толтырады.
Кесте: алаш зиялыларының қызметі
р/с
алаш 
зиялыларының 
мақсаты қандай 
болды?
алаш зиялылары 
қандай қоғамдық 
өмірге белсене 
араласты?
«алаш» партия-
сының өкілдері 
мақсаттарына жете 
алды ма?
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §48.  «Алаш  қозғалысы»  әңгімесі  және  оқулықтағы 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. 

107
§49. Қазақстанда 1920–1940 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл 
шаруашылығының дамуы
сабақтың  мақсаты:  Қазақстандағы  1920-40  жылдардағы  өзгерістер, 
елді  индустрияландыру,  ауыл  шаруашылығын  ұжымдастыру,  мәдени 
өзгерістер, аштық сияқты күрделі мәселелерді оқушыларға түсінікті тілмен 
жеткізу.  Еңбек  адамдарына  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу. 
Тарихи  құбылыстар  мен  оқиғаларды  салыстыра  білу  біліктерін  дамыту 
жұмыстарын жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтар, 
«Аштық» бейнефильмінен үзінді.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы  сұрақтар  мен  мұғалімнің  қосымша  тапсырмалары  негізінде 
өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстан 1920-40 жылдары. 
2. Елді  индустрияландыру.
3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Мұғалім  көңілге  қонымды  түрде  1920-40  жылдардағы  Қазақстанның 
жағдайына  сипаттама  береді.  Индустрияландыру  мен  ауыл  шаруашылы-
ғындағы өзгерістер мәселесін түсіндірмелі әңгіме түрінде баяндайды.
«Аштық»  бейнефильмінен  үзінді  көрсетіледі.  Оқушылар  мұғалімнің 
тапсырмасы бойынша оқулықты іріктеп оқып талдайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §49. «Қазақстанда 1920–1940 жылдарда өнеркәсіп пен 
ауыл  шаруашылығының  дамуы»  әңгімесімен  танысу  және  сұрақтар  мен  
тапсырмаларға дайындалу. 
§50.  Қазақстанның  1920–1940 жылдардағы  
қоғамдық-саяси өмірі
сабақтың  мақсаты:  Қазақстандағы  алғашқы  бесжылдықтың  қоры-
тындылары, Қазақ КСР-нің құрылуы, зиялы қауымның жазалануы туралы 
мәселелерді  оқушылар  жасына  сай  түсіндіру.  Ұлт  зиялыларына  деген 
құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге септігін тигізу. Тарихи қайраткерлерге 
сипаттама беру біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейне және аудиофильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар.

108
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықта  берілген  сұрақтар  және  мұғалімнің  проблемалы  тапсырмалары 
бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Алғашқы бесжылдықтың қорытындылары.
2. Қазақ КСР-нің құрылуы.
3. Зиялы қауымды қудалау.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесіне, 
«Аштық» атты бейнефильмнен үзіндіге, оқулық мәтінімен топ болып жұмыс 
жасауға негізделіп құрылады. 
Оқулық мәтіні негізінде оқушылар  кесте толтырады.
Кесте: алғашқы бесжылдықтың қорытындылары 
р/с
өнеркәсіп
ауыл шаруашылығы
мәдени өмір
1.
2.
3.
4.
5.
Оқушылар  өз  қалауы  бойынша  кестені  толтырады,  талдау  өткізеді. 
Кесте толтырып болған соң, «Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып 
құрылуы»  деген  тақырыпшаны  оқушылар  дауыстап  кезектесіп  оқып, 
мынандай тапсырма орындайды.
«Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы» тақырыпшасы-
на сипаттама беріңдер.
1. Қазақ КСР-і КСРО құрамындағы одақтас республика.
2. Қазақ КСР-нің Конституциясы.
3. Қазақ КСР-нің құрылуының маңызы.
4. КСРО, Қазақ КСР-і қысқарған сөздерін таратып жазу.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §50. «Қазақстанның  1920–1940 жылдардағы  қоғамдық-
саяси өмірі» әңгімесімен танысып, сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып 
келу. 

109
§51. ұлы отан соғысы
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  Ұлы  Отан  соғысы  бүкіл  кеңес 
халқының  қаһармандық  ерлігі  болғандығын,  қазақстандықтардың  Ұлы 
Отан  соғысында  ерлікпен  күрескенін,  тылда  еңбектегі  ерлік  көрсеткенін 
түсіндіру.  Оқушыларда  отаншылдық,  халықтар  арасында  достық  сезімді 
тәрбиелеуге көмектесу. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  «Совет  Одағының  Ұлы 
Отан соғысы» кинофильмінен үзінді, электронды оқулық, иллюстрациялық 
материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы.
2. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылармен  әңгімелесуден  баста-
лады.  Оқушылар  соғыс  туралы  теледидар,  радио  хабарларынан,  көркем 
фильмдерден,  спектакльдер  көруден,  көркем  әдебиеттен  және  бастауыш 
сынып сабақтарынан біледі. Бірақ олардың бұл түсініктері үзік әрі жүйесіз 
болып  келеді.  «Қазақстан  тарихынан  әңгімелер»  сабағында  оқушылар 
Ұлы  Отан  соғысының  жалпы  барысы  туралы  хронологиялық  тәртіппен 
баяндалған алғашқы жүйелі білім және түсініктер алады. Бұл тақырыпты 
оқып-үйренуге  бағдарлама  бойынша  төрт  сағат  берілген.  Сондықтан  осы 
жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жоғары 
сыныптағыдай  егжей-тегжейлі  түсіндірілмейді.  Әңгімелер  курсы  –  бұл 
жоғары  сыныптағы  тарихтың  жүйелі  курсының  конспектісі  емес.  Бесінші 
сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы бүкіл Кеңес халқының, бүкіл адамзат-
тың фашизмге қарсы жүргізген аса зор соғысы екендігі жайлы түсінік алуы 
керек. Осы материалды оқушыларға көңілге қонымды түрде жеткізу қажет. 
Ұлы Отан соғысының ең маңызды кезеңдерін баяндайтын әңгімелерді 
іріктеп алып, әсерлі баяндау тәрбиелік жағынан маңызды. Бұл сабақтардың 
басты  идеясы  –  отаншылдық,  елжандылық,  халықтар  арасындағы  достық 
пен өзара көмек мәселелерін оқушыларға нақты мысалдар арқылы жеткізу ке-
рек. Сабақта бесінші сыныпқа арналған «Совет Одағының Ұлы Отан соғысы» 
атты  кинофильмнен,  не  диафильмнен  үзінділер,  карта,  кесте,  суреттер, 
иллюстрациялық  материалдар,  қосымша  әдебиеттен  үзінділер  пайдалану 
сабақтың тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін іске асыруда көмектеседі. 
Бұл  тақырыпты  оқып-үйренуде  өлкетану  материалдарының,  музейлерге 
саяхат жасаудың, ондағы материалды, экспонаттарды пайдаланудың маңы-
зы ерекше. 

110
Осы  тақырып  көлемінде  оқушылар  өздігінше,  мысалы,  «Ұлы  Отан 
соғысындағы  менің  сүйікті  батырым»,  «Қазақстандықтардың  ерлігі  – 
жас  ұрпаққа  үлгі»  т.б.  тақырыптарға  хабарламалар  әзірлейді.  Ол  үшін 
оқушыларға  бірінші  сағатта  (сабақта)  хабарламалар  жасауға  әзірленуі 
үшін  алдын  ала  балаларға  арналған  көркем  әдебиеттер  тізімдерін  беру 
қажет.  Тақырыпты  оқып-үйрену  барысында  оқушылар  оқыған  кітаптарын 
басқа  оқушыларға  көрсетіп,  одан  қысқаша  үзінді  оқуына  болады.  Бұндай 
жұмыстар  оқушылардың  кітап  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруға, 
сабақты тартымды да қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Ұлы  Отан  соғысына  арналған  тақырыптардың  мақсаты  ортақ  бол-
ғандықтан, әр сабақты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізуге болады. Әрбір 
сабаққа мақсат қоюдың қажеті жоқ. 
Оқушылардың  көз  алдында  тек  соғыс  майданындағы  ерліктер  ғана   
емес,  тылдағы  еңбектегі  ерлік  істер  ашылып  көрсетілуі  тиіс.  Майдан 
мен    тылдағы  қаһармандық  ерлік,  ержүректілік  өнегесін  табандылық  пен 
патриотизм өнегесі ретінде ашып көрсетуге мән берген маңызды.
Ұлы Отан соғысына арналған сабақтар оқушыларда «Отан», «әділетті 
соғыс»,  «ерлік»,  «батырлық»,  «достық»,  «жауапкершілік»  сияқты  ұғым-
дарды қалыптастыруда маңызы ерекше. Оларда Отанға, халыққа, еңбеккер 
адамдарға  деген  ерекше  құрмет  пен  мақтаныш  сезімін  тәрбиелеуге 
көмектеседі.
Жаңа  сабақ  оқушылардың  Ұлы  Отан  соғысынан  не  білетіні  туралы 
әңгімеден  басталады,  содан  кейін  мұғалімнің  «Ұлы  Отан  соғысының» 
басталуы туралы әңгімесі картамен жұмыс жасауға ұштастырылады.
«Ұлы Отан соғысы» атты кинофильмнен «Бәрі де соғыс үшін, бәрі де 
жеңіс  үшін!»,  «Москва  шайқасы»  деп  аталатын  5–7  минутқа  созылатын 
үзінділер пайдаланудың маңызы зор. Содан кейін оқушылар оқулық мәтінін 
кезектесіп  оқиды,  сауалдарға  жауап  береді,  мәтіндегі  негізгі  ойды  тауып, 
талдайды. Оқушылар «Ұлы Отан соғысы» атты кестені толтырады. Келесі 
сабақтарда жұмыс жалғастырылады. 
Кесте: ұлы отан соғысы
р/с
Жылдар
маңызды оқиғалар
1.
2.
3.
4.

111
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §51. «Ұлы Отан соғысы» әңгімесі, оған берілген сұрақ-
тапсырмалар, «Қазақстандықтардың ерлігі», «Талғат Бигелдинов» туралы, 
«Б. Момышұлының өмірі мен қызметі», «Әлия мен Мәншүктің ерлігі» атты 
тақырыптарда  хабарламаларға  дайындалып  келу  тапсырылады  (3–4  оқу-
шыға). 
§52. Қазақстандықтар ұлы отан соғысында
оқып-үйренген  материалды  қайталау  §51  әңгімелеріне  берілген 
сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. 28-панфиловшылардың ерлігі.
2. Қаһарман батыр Б. Момышұлы.
3. Талғат Бигелдиновтың ерлігі. 
4. Мәншүк пен Әлияның ерлігі.
Жаңа сабақтың мазмұны өткен сабақтың тікелей жалғасы болғандық-
тан, «Ұлы Отан соғысы» кинофильмінен «Волгадағы шайқас», «Халық ке-
гін алушылар» атты үзінділер пайдаланылады. Фильмнен үзінді көрсетіл-
мес бұрын оқушылар назары тақтаға аударылады. Онда мынандай сұрақтар 
жазылған:
1. Фильмнің аты неге бұлай қойылған?
2. Бұл соғыс неліктен Ұлы Отан соғысы деп аталады?
3. Әділетті соғыс деген не? 
4. Ұлы Отан соғысы кеңес халқы үшін ауыр сын болғандығын мысал-
дармен дәлелдеңдер.
Қосымша материал:
«нүркен  Әбдіров  (1919–1942)  –  әскери  ұшқыш,  Кеңес  Одағының 
Батыры.
Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ауылдағы 
жетіжылдық  мектепті  бітірген  соң,  Қарағандыдағы  №1  шахтада  жұмыс 
істейді. Осы кезде аэроклубта оқиды, ал 1940 жылы Орынбор әскери авиация 
училищесіне  түседі.  Соғыс  басталған  соң,  Ташкенттегі  әуе  атқыштары 
мектебіне ауыстырылды. Содан кейін Сібір қалаларының бірінде ұшқыштар 
училищесіне қайта оқуға түседі. Н. Әбдіров шабуылдаушы-ұшқыш ретінде 
тұңғыш  әуе  шабуылына  1942  жылы  23  қазанда  қатысады.  Екі  айға  жуық 
уақытта Нүркен 16 рет жауынгерлік әуе жорығына араласып, жаудың 12 тан - 
кісін,  28  автомашинасын  және  т.б.  техникасын  және  50-ге  жуық  солдаты  
мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда кіші лейтенант Б. Алексеев 
басқарған «Ил»-дердің төрттігі қатарында Ростов облысындағы Боков ауда-
ны Коньков хуторында жинақталған жау танкілері мен автомашиналарына 

112
жасалған  шабуылға  қатысты.  Кеңес  ұшқыштарының  тұтқиылдан  жасаған 
шабуылы сәтті болғанымен, келесі  кезекте  неміс артиллериясының атысы-
на тап болды. Жетекшінің ұшағы өртене бастады. Н. Әбдіров ұрысты одан 
әрі жалғастыра берді. Оның да «Ил» ұшағы отқа оранды. Сол сәтте Н. Әбді-
ров өжет шешімге келді. Ол өртеніп бара жатқан ұшағын жаудың жанармай 
цистернасының маңына топталған жау танкілерінің шоғырына бағыттады. 
Н. Әбдіровтің ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
Батыр  есімімен  республикамыздың  қалаларында  көшелер  аталады, 
ескерткіштер  қойылған.  Қарағанды  қаласында  Н.  Әбдіровтің  құрметіне 
жалпы биіктігі 4,18 метр, мәрмәр тақтамен қапталған ескерткіш қойылған.
мәншүк мәметова (1922–1943) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының 
Батыры.   
Мәншүк анасына: «Апа! Отаным маған қару берді. Сол сенімді ақтағым 
келеді.  Көптен  ойлаған  ой-мақсаттарыма  енді  жетемін.  Соғысқа  барғанда 
фашистерден  кек  аламын.  Мақсатым  осы,  хош,  менің  сүйіктім.  Қатты 
қысып сүйемін. Қызың Мәншүк» деп жазыпты Алматыдан майданға жүрер 
алдындағы хатында.
Невель  қаласы  үшін  болған  шайқаста  М.  Мәметова  табандылық, 
батырлық  көрсетіп,  ерлікпен  қаза  тапты.  Оған  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағы берілді. Павлодар облысының колхозшылары қаһарман қазақ қызы-
ның құрметіне М. Мәметова атындағы танк колоннасын жасақтауға қажет-
ті  қаржы  жинады.  Қызылорда  қыздар  педагогикалық  училищесі,  ондағы 
мектептер, көшелерге батыр қыздың аты берілді.
М.  Мәметованың  өмірі  мен  өшпес  ерлігі  туралы  А.  Михалков-
Кончаловский мен режиссер М. Бегалин «Мәншүк туралы ән» кинофильмін 
түсірді.
Әлия  молдағұлова  (1924–1944)  –  қазақтың  қаһарман  қызы,  Кеңес 
Одағының Батыры. 
Әлия  1943  жылы  маусым  айында  2-Прибалтика  майданының  26-
атқыштар  дивизиясы  құрамында  үлкен  шайқастарға  қатысты.  Құралайды 
көзінен ататын мергендігімен  атаққа ілінеді. 1944 жылы Новосокольники 
стансасы маңындағы шайқаста қазақтың батыр қызы қаза тапты. Отан үшін 
көрсеткен  жанқиярлық  ерлігі  мен  қаһармандығы  үшін  Кеңес  Одағының 
Батыры атағы берілді.
Алматыда Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш орнатылды. Оның 
есімімен республикада мектептер, көшелер, ұжымшарлар аталған.
хиуаз  доспанова  (1922–2008)  –  қазақтың  қаһарман  қызы,  ұшқыш, 
Халық Қаһарманы.
Хиуаз  Орал  облысында,  Жайықтың  сағасында  туған.  Хиуаз  мектепті 
алтын медальмен бітірген. Өз еркімен сұранып, бірінші курстан Ұлы Отан 

113
соғысына  Отанын  қорғауға  аттанды.  Ұшқыш  Х.  Доспанова  300-ден  астам 
әуедегі ұрыстарға қатынасып, елге жеңіспен оралған. 
Хиуаз Доспановаға 2004 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді. 
Шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк  және Хиуаздың 
Отан қорғау жолында көрсеткен батылдығы жас ұрпаққа отаншылдық пен 
азаматтықтың жоғары үлгісі.
Аттары аңызға айналған үш батыр қыз – Әлия, Мәншүк, Хиуаз есімде-
рін біріктіріп тұрған – Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен батырлықтың 
үлгісі, аяулы ата-ана мен туған жерге, елге деген махаббаты».
Оқушылардың  Б.  Момышұлы,  Т.  Бигелдинов,  Әлия  мен  Мәншүк 
ерліктері туралы хабарламалары тыңдалады. 
Оқушыларға проблемалық тапсырма беріледі: Панфиловшы батырлар, 
Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, Мәншүк пен Әлия және басқа жауынгерлерге 
адамның қандай жақсы қасиеттері тән еді?
Оқушылар  жауаптарын  оқулықты  іріктеп  оқу  арқылы  жауап  береді. 
Оқушыларға  «Ұлы  Отан  соғысына  сипаттама  беріңдер»  деген  тапсырма 
беріледі.
ұлы 
отан соғысына 
сипаттама беріңдер
Тапсырма бойынша талдау жасалады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §52. «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» әңгімесі,  
сұрақтар  мен  тапсырмалар.  Үш-төрт  оқушыға  «Тылдағы  ерлік»  және 
«Партизандар» атты хабарлама дайындап келу тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет