Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
§31. Қазақ батырлары
сабақтың  мақсаты:  оқушыларда  батырлар,  олардың  қазақ 
қоғамындағы  орны,  Жоңғар  хандығы,  олардың  шапқыншылық  соғыстары 
туралы  алғашқы  түсінік  қалыптастыру.  «Отан  соғысы»,  «әділетті  соғыс» 
ұғымдарын  қалыптастыруда  жұмысты  жалғастыру.  Оқушылардың  отан-
шылдық сезімдерін тәрбиелеуге көмектесу. 
Оқушылардың тарихи оқиғаларды салыстыра білу біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтан 
үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар көлемінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.
2. Жоңғар хандығы.
3. Отан соғысы.
4. Қазақ батырлары.
5. Қанжығалы Бөгенбай.
6. Қаракерей Қабанбай.
7. Құттымбетұлы Наурызбай.
8. Баян батыр.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  ХVІІІ  ғасырдың  басын-
дағы  Қазақ  хандығының  сыртқы  жағдайы  мен  Жоңғар  хандығы  туралы 
әсерлі  әңгімесімен  және  оқушылардың  карта  бойынша  жұмысымен 
ұштастырылады. 
Электронды оқулықтағы қосымша материал пайдаланылады, не қазақ 
батырлары  туралы  бейнефильмнен  үзінді,  не  болмаса  иллюстрациялық 
материал пайдаланылады.
Оқушылар төмендегідей проблемалы тапсырмаға ауызша жауап бере-
ді, не оқулық мәтінінен  дауыстап оқиды:
1.  ХVІІІ ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы 
жағдайына сипаттама беріңдер. 
2. Неге оқулықта осы кезеңде хандықтағы жағдай аса ауыр болды деп 
жазылған? 
3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? 
4. Жоңғарлардың қазақ жеріне үздіксіз шабуыл жасап тұруы неліктен? 
5. Олар қазақ жеріне шабуыл жасағанда қандай мақсат көздеді? 
Оқушылар жауаптары талданып, толықтырылады. «Қазақ батырлары – 
ел мақтанышы» атты топ бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар батырлар 
портретін жасауға дайындалады.  6 топқа бөлініп жұмыс жасайды. «Отан 

71
соғысы» тақырыпшасын 1-топ оқушылары, «Қазақ батырлары» – екінші топ, 
«Қанжығалы  Бөгенбай»  –  үшінші  топ,  «Қаракерей  Қабанбай»  –  төртінші 
топ, «Құттымбетұлы Наурызбай» – бесінші топ, алтыншы топ Баян батыр 
туралы оқулық мәтінімен танысады. Әр топтың оқушылары батырлардың 
портретін жасап, өмірі мен қызметін суреттейді. Сынып алдында әр топтың 
пікірін  білдіретін  делегаттар  (оқушы)  батырларға  жан-жақты  сипаттама 
беріп,  портретін  жасайды.  Басқа  топтың  оқушылары  бұл  топтың  өкіліне, 
яғни  портретті  суреттеген  оқушыға  сұрақ  қояды,  қосымша  қосары  болса 
2 минут уақыт беруге болады. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді. 
Сөйтіп,  басқа  топтың  оқушылары  да  кезектесіп  батырлардың  портретін 
сипаттайды.
Жұмыс соңында қай батырдың портреті жақсы, толық сипатталғанын 
барлық оқушылар өздері талдап шешеді. Мұғалім оқушылардың түсінбеген 
сөйлемдерін,  терминдерді  түсіндіреді.  Қандай  да  бір  топ  тапсырманы 
түсінбесе, түсіндіреді. Көмек қажет болса, оларға көмектесуі тиіс.
Оқушылар  оқулық  соңында  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
бойынша  сабақта  және  сабақтан  тыс  алған  білімдерін  пайдалана  отырып 
әңгімелейді.  Мұғалім  әңгімесін  Райымбек  батыр  туралы  қосымша 
материалмен толықтыруына болады:
Қосымша материал:
«райымбек    түкеұлы  –  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күрескен 
әйгілі батыр.
Өз әкесі Түке, атасы Ханкелді батыр. Райымбек бес жасынан атының 
басын өзі алып жүрсе, жетіге толғанда асау жылқыны үйретіп міне бастады. 
Батырдың нағашы атасы Орақты батыр тұқымынан шыққан. Райымбек жеті 
жасқа толғанда нағашы атасы бір көк тай мен садақ, қылыш, найза, айбалта, 
сауыт,  қалқан  сияқты  ердің  қару-жарағын  әкеп  береді.  Нағашы  атасы 
Ханкелді батырға: 
«Менің жиенім он алты жасқа толып жігіт болғанда, көк тайы ат болады. 
Мен алып келген соғыс құралдарын таза сақтап, өзі ұстауға шамасы келгенде 
қолына тапсыр», – депті.
Райымбек нағашы атасы берген тайға қуанып, сүт беріп, жеген нанын 
беріп, жүген салып, үйрете бастайды. Оның тайы жат десе жатып, тұр десе 
тұрған,  аяғын  көтер  десе  көтеріп,  түсір  десе  түсіреді  екен.  Тайдың  атын 
«Көкойнақ» деп атайды. Құнан болғанда ағаштан, жардан, тоғаннан қарғу 
әдісін  үйретеді.  Райымбек  шыбықты  жолдың  екі  жағына  қатар  шаншып 
қадап, құнанды солдан оңға, оңнан солға қарай қарғу әдістеріне үйретеді. 
Ат болғанда суда жүзуді үйретіп, өзі де оған үйренеді. Атын шақырғанда 
жылқылар  арасынан  шауып  келіп,  иығына  басын  қойып,  иіскелеп  тұрады 
екен.  Райымбектің  көп  жылдар  бойы  үйреткен  аты  алдынан  көлденең 

72
шыққан  атты  омырауымен  қағып  түсіріп,  ал  өзі  атқа  мініп  садақ  атқанда 
қате жібермейтін.
Райымбек  17  жасында  қазақ  халқын  жоңғар  басқыншыларынан  азат 
ету жолында жауынгерлік, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, батыр 
атанды. 
«Ақтабан шұбырынды» кезіндегі қазақ халқының қасіретін А.И. Лев-
шин былай деп сипаттайды: «Бұл көшу сөзсіз күйзелу мен қырылуға әкеп 
соқты. Мал мен табын күн санап азая берді, айырбас сауда тоқтап қалды, 
қайыршылық пен қасірет-қайғы жалпы жұртты жайлап алды: біреулер аштан 
өлді,  басқа  біреулері  бала-шағасын  тастап  қашты.  Ақырында,  босқындар 
тоқтады, бірақ қай жерге ғой дейсіз ғой – көшпелі халық үшін аса қолайсыз 
құлазыған қу медиенге ат басын тіреді». 
Ал Я. Гавердовский былай деп жазды: «Қазақтардың есінен осы кезге 
дейін  кетпейтін,  асқан  зор  қасірет  әкелген  сол  дәуір  оларды  әбден  шегіне 
жеткенше  титықтатқан.  Орда  аңыздарында  (естеліктерінде)  сол  кездегі 
ержүрек батырлар мен қайғылы оқиғалар осы уақытқа дейін әлі сақталып 
келеді. Ақ шашты қариялар көбінесе қаза болғандардың мәйіттері жатқан 
үлкен  үйінділерді  көрсетіп,  бізге:  «Бұл  арада  еркіндікті  қорғап,  ұрыс 
алаңында қаза тапқан батырларымыз жерленген. Мына жерде қарақұрттай 
қаптаған жауыздар қырған тұтас ауылдар жатыр деді».
Жоңғар  басқыншыларынан  қазақ  халқы  ауыр  тауқымет  тартқан.  Бұл 
қасірет халықтың озық ойлы басшыларының ар-намысына тиіп, елде болып 
жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізуге мәжбүрледі.  Жаудың аптығын басу, 
шұрайлы кең-байтақ жайылымдарды қайтарып алу, елді жаудан біржолата 
азат ету, халықтың бұдан ары қырғынға ұшырауына жол бермеу үшін елді 
біріктіру арқылы жауға тойтарыс беру қажеттігін түсінді. Бұланты, Аңырақай 
маңындағы шайқастар халықтық сипат алып, қазақ халқының санасындағы 
бетбұрыс кезең болды. Хандар мен батырлар алауыздықты қою керектігін, 
елінің тәуелсіздігі мен бостандығы ең басты мәселе екенін түсінді. Халықтың 
айбынды жеңіске деген сенімі артып, жоңғарларды бірлесе отырып жеңуге 
болатынын  түсінді.  Осындай  ұрыстардың  бірі  –  «Ойрантөбе»  шайқасы 
Райымбек батырдың батылдығы мен ұйымдастырушылық қабілетін, ерекше 
күш-жігері бар батыр екенін танытқан ұрыс болды.
Райымбек он жеті жасқа толғанда атасы Ханкелді батыр қалмаққа қарсы 
жасақ  жинап,  жойқын  шабуылға  аттанады.  Бұны  естіген  Райымбек  атасы 
мен  ауыл  қарияларынан  бата  алып,  жорыққа  шыққан  сарбаздарға  ілеседі. 
Қазақ  жасақтары  Іле  суының  бойына  жетіп,  одан  әрі  өте  алмай  тоқтап 
қалады. Сол кезде Райымбек жұрттан рұқсат алып, Іленің тасып, күркіреп-
сарқырап арнасына сыймай жатқанына қарамай Көкойнақ тұлпарымен суға 
қойып кетіп, өз атын өзі ұрандаған күйі арғы бетке жарып өтеді.              

73
Райымбектің өз атын өзі ұрандап, Іле өзенінің арғы бетіне өтуі көрген 
жұрттың  барлығын  таңқалдырыпты.  Бұл  батыл  жауынгердің  Ханкелді 
батырдың  немересі  Райымбек  екенін  білген  сарбаздар  оған:  «Бізге  басшы 
бол, ұранымыз «Райымбек» болсын, туымыз «Райымбек туы» болсын!  –  деп 
ниет білдіреді. 
Райымбек  батыр  жауға  қарсы  аттан  түспей  шайқасқан  отыз  жылдың 
соңғы жылында Наурызбай, Бөлек, Өтеген, Малай батырлармен бірге ұрысқа 
қатысқан.  Олар  жауларын  1758  жылы  қазіргі  Сүмбе  шекарасынан  асыра 
қуып,  Жетісу  жерінен  ығыстырып,  Текестің  құйғаны  мен  Іленің  басталар 
тұсынан Жұлдыз ойпатына шейін ығыстырып тастаған екен.
Райымбек  және  басқа  батырлардың  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 
күрескен  қаһармандық  даңқы  елде  ақиқат  пен  аңызға,  тарихқа  айналып, 
бүгін бізге жетіп отыр.
Сексен жылдай өмір сүрген Райымбек батыр әулиелікпен алдын болжап, 
келешегін бағамдап, дүние салар алдында:
Елім – Албан,
Жерім – Жетісу.
Жайлауым – Асы,
Қыстауым – Алматының басы, –
деп,  сүйегін  Алматы  қаласының  (қазіргі  Райымбек  кесенесі)  аумағына 
қойыңдар  деп  өсиет  еткен  орынға  жерленген.  Қазір  батыр  сүйегі  жатқан 
жерге күмбез орнатылған. «Райымбек қоры» жұмыс істейді. Қытай Халық 
Республикасындағы  Құлжа  қаласының  көрнекті  бір  ғимаратының  алдына 
қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні 
орнатылған.          
Елімізде Райымбек батырдың үш жүз жылдық мерейтойы атап өтілді. 
Батыр есімімен туған ауданы аталады».
Сабақ соңында жұмыс дәптері бойынша жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §31. «Қазақ батырлары» әңгімесін оқып танысу, оған 
берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. 
§32. Қазақстан және ресей
сабақтың  мақсаты:  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  себептері, 
барысы және нәтижесі туралы оқушылардың көңіліне қонымы түрде ашып 
көрсету.  Оқушылар  бойында  елжандылық,  жоғары  адамгершілік  сезімін 
тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи  құбылыстар  мен  оқиғаларды  салыстыра 
білу біліктерін дамыту. Дайындығы жақсы сыныпта «пікірсайыс» өткізуге 
болады.

74
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтан 
үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықта  берілген  сұрақтар 
мен тапсырмалар көлемінде жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас.
2. Әбілқайыр хан.
3. Қазақстанның Ресейге қосылуы. 
Жаңа материалды оқып-үйрену электронды оқулық бойынша (5 минут) 
оқушылардың әрқайсысының өздігінше жұмысынан басталады. 
Мұғалім  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  байланыстар  және 
Әбілқайырдың өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді. 
Қосымша материал:
«Әбілқайыр  хан (1693 – 1748) – кіші жүз ханы, қабілетті қолбасшы.
Қазақ-жоңғар  соғысында  кіші  жүз  ханының  ел  басқарушылығы  және 
батылдығымен,  айлакерлігімен,  шабуылды  ұйымдастырушылық  қабілеті-
мен  даңқы  шықты.  Елдің  азаттығы  мен  бостандығын  қорғау  қажеттілігін 
түсінген  үш  жүздің  өкілдері  Ордабасында  Әбілқайырдың  бас  сардар, 
қолбасшы   болуына ұсыныс жасады. Жоңғарлардың жойқын басып кіруінен 
қазақ жерлерін азат етудегі негізгі шешуші күш – қазақ халқының азаттық 
күресі  болды.  1726  жылдың  көктемінде  Бұланты  өзенінің  жағасында 
біріккен  қазақ  жасағы  Әбілқайыр  ханның  басшылығымен  жоңғарларға 
ойсырата соққы берді. Бұл жеңіс халықтың әскери, моральдық рухын көтеріп 
тастады.
Сонымен қатар қазақ-жоңғар соғысы кезінде  Әбілқайырдың Қазақстан 
аумағының  шекарасын  едәуір  кеңейтіп,  жауға  тойтарыс  беруі  қолбасшы 
ретінде  ханның  мәртебесін  арттырды.  ХVІІІ  ғасырдың  30-жылдарының 
басында Әбілқайыр хан  зор құрметке ие атақты және басшы хан болған. Басқа 
хандар оның пікірімен және іс-қимылымен белгілі дәрежеде санасатын.  
Осы  кезде  Әбілқайыр  кіші  жүз  бен  орта  жүздің  беделді  әрі  ықпалды 
бірқатар  батырларын  өз  жақтасы  етіп,  өз  жағдайын  күшейтіп  (нығайтып) 
алды. Қазақстандағы ең беделді хандардың біріне айналды.
Кіші жүз ханы Әбілқайырдың  бүтін билікке толық жетуге ұмтылысын 
бірқатар сұлтандар ұнатпады, қарсылық білдірді, соның ішінде Барақ батыр 
бастаған қарсыластары: Әбілқайыр үш жүзді түгел билейтін ұлы хан болғысы 
келеді,  оған  жол  бермейміз  деп  қатты  қарсылық  көрсетті,  қолдамады. 
Әбілқайыр хан туралы Ресей патшасының елшісі А. И. Тевкелев: «Өзі бәрін 
билегісі және балаларын өзіне мұрагер еткісі келеді» деп жазады.
Бұл кезде Абылай әлі хан емес, сұлтан ғана болатын, ол бейтарап саясат 
ұстанды. 1726 жылы кіші жүз ханы Әбілқайыр бірқатар ел ақсақалдарының 

75
қолдауымен кіші жүз қазақтарын Ресейдің қоластына алуын сұрап, патша-
ға елшілік аттандырды.  
1731 жылы 19 ақпанда Ресей императрицасы Анна Иоанновна кіші жүз-
ді Ресей бодандығына  қабылдау жайлы Жарлық грамотасына қол қойды. 
Сөйтіп,  Әбілқайыр  ханның  Ресей  мемлекетінің  императрицасы  Анна 
Иоанновнаға  жіберген  өтініші  нәтижесінде  кіші  жүзді  Ресей  империясы 
бодандығына қабылдау жүзеге асырылды. Тарихи еңбектерде Әбілқайырдың 
осы әрекеті түрлі көзқараста бағаланады. 
Пікірлер: Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтуге ұмтылды, ол және 
онымен жақтас болғандар Ресей сияқты күшті мемлекеттің қол астына кіру 
арқылы  өзінің  қарсыластарынан  басым  болуды  ойлады.  Қазақ  халқының 
атынан жалғыз өзі келісімге келіп, оның мүддесін елемеді  деп  есептейді. 
1748 жылы Әбілқайыр хан билік иелері арасындағы күрес барысында 
кісі қолынан қаза тапты».
Оқушылар картамен жұмыс жүргізеді. Содан кейін оқушылар Әбілқайыр 
туралы,  кіші  жүздің  Ресейге  қосылу  себептері,  барысы,  нәтижесі  туралы 
оқулық  мәтінімен  танысып,  құжаттарды  оқып,  өз  ойларын,  пікірлерін 
айтады. Пікірлерін айтқанда «Олардың ойынша қалай болуы керек еді?» – 
деген  сауал  қою  арқылы  оқушылардың  жеке  пікірлерін  білуге  ұмтылу 
қажет.    Мұндағы  басты  мақсат  –  бүгінгі  күні  тарихшылар  арасында  осы 
мәселе бойынша түрлі пікірлер мен көзқарастар барлығы жайында оларға 
жас ерекшеліктеріне сай мағлұмат беру.
Дайындығы жақсы сыныпта «пікірсайыс» өткізіп, екі шеңбермен жұмыс 
ұйымдастыруға  болады.  Оқушылар  екі  шеңбер  жасап  (ішкі  және  сыртқы) 
бір-біріне бетпе-бет тұрады.
Мұғалім: «Кіші жүздің Ресей империясының құрамына қосылуы, Ресей 
билігін мойындауы – Қазақстан тарихындағы ең өзекті әрі күрделі оқиға. 
Патша  өкіметі  қазақ  жерінің  Азияға  «терезе  мен  дарбаза»  екенін  ескеріп, 
өзінің  отаршылдық  саясатын  жүргізді,  өз  ықпалын  нығайтуды  мақсат 
етті.  Тарихи  еңбектерде  Әбілқайырдың  осы  әрекеті  екі  түрлі  көзқараста 
бағаланады».
Балалар! Сендердің міндеттерің:
– Бірінші топтың оқушылары (ішкі шеңберде тұрғандар) – «Әбілқайыр 
өзінің жеке билігін күшейтуге ұмтылды, ол және онымен жақтас болғандар 
Ресей мемлекетінің қоластына кіру арқылы өздерінің қарсыластарынан басым 
болуды  ойлады»  деген  ұстанымды  қорғайды.  Осы    пікірдің  дұрыстығына 
қарсы  тұрған топтың көзін жеткізуге ұмтылады.
Екінші  топ  оқушылары  (сыртқы  шеңберде  тұрғандар)  –  «Әбілқайыр     
қазақ халқының атынан жалғыз өзі келісімге келіп, оның мүддесін елемеді» 
деген пікірді дәлелдеуге тырысады.

76
Жұптардың күрделі проблеманы талқылау уақыты – 3–5 минут.
Мұғалімнің белгісі бойынша сыртқы шеңбердегі оқушылар бір мезгіл-
де бір не екі адым оңға қарай жылжып, жаңа әріптесінің (сыныптасының) 
алдына келіп тұрады. Бұндай ауысулар бірнеше рет жасалады.
Егер мұндай жұмыс алғаш рет өткізілсе, мұғалім оқушыларды екі шең-
бермен жұмыс істеу тәртібімен мұқият таныстырып түсіндіреді. Оқушылар 
диалог  кезінде  басқаларға  кедергі  жасамай,  (сыбырлап)  ақырын  дауыспен 
сөйлейді.  Оқушылар  бір-біріне  пікірлерін  әдеппен  айтып,  сабырмен  тың-
дауы  қажет.  Басқа  пікір  дәлелденіп  жатқанда  сыныптасының  пікірімен 
санасып, оны әдеппен тыңдап, өз дәлелдерін жеткізе білуі тиіс. Өз пікірін 
басқа шеңбердегі оқушыға дәлелдеп, көзін жеткізіп, қорғай алуы тиіс.
Проблема талқыланып болғаннан кейін мұғалім қорытынды жасайды. 
Әбілқайырдың  әрекетін  «жақтаушылар»  мен  «қарсыластардың»  барлық 
дәлелдері тақтаға немесе үлкен қағазға жазылады.
Сабақты мұғалім қорытындылап, үйге тапсырма береді. 
Үйге тапсырма: §32. «Қазақстан және Ресей» әңгімесімен танысу және 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. 
      
§33. абылай хан
сабақтың мақсаты: Абылайды хан, қолбасшы, мемлекет қайраткері, өз 
заманының адамы ретінде сипаттау. Өз халқының азаттығы мен тәуелсіздігі 
үшін  күрескен  ержүрек  батырлар,  билер,  хандар,  жауынгерлердің  ел-
жандылық  қасиеттерін  көрсете  отырып,  оқушылардың  ұлттық  мақтаныш 
сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи  қайраткердің  өмірі  мен  қызметіне 
баға беру біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильмнен үзінді. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Абылай хан – қолбасшы, мемлекет қайраткері, үш жүздің басын қосып, 
елін-жерін сыртқы жаудан азат етуді мақсат еткен өз заманының адамы.
2. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Жаңа материалды оқып-үйрену  оқушылардың бастауыш сыныпта және 
сабақтан  тыс  алған  білімдерін  пайдалануға  арналған  сауалдар  бойынша 
жүргізіледі.
Абылай деген кім? Абылай туралы не білесіңдер?
Оқушылар  жауаптары  талданып,  мұғалім  Абылай  туралы,  оның 
өмірі,  жеке  басының  қасиеттері,  не  үшін  тарихта  қалғаны  туралы  әсерлі 
әңгімелейді.

77
Қосымша материал:
«абылай хан (Әбілмансұр) (1711–1781) – батыр, батыл қолбасшы, шебер 
ұйымдастырушы, дарынды дипломат, мемлекет қайраткері.
«Бұл арада Абылайдың ерлігіне, ақыл-парасатына бас ұрып, бар билікті 
қолына берген, бақастық, күндестікті білмеген, алдағы уақытта өзгеше туған 
інінің ақылшы ағасы, кеңесші хан дәрежесімен шектелген Әбілмәмбетке бас 
имеске болмайды. Билікке құмар замандағы мұндай мәрт мінез – ел мүддесін 
қасиет  тұтқан  өзгеше  сананың  көрінісі»  деп  жазған  жазушы  М.  Мағауин 
сөзін таратып түсіндіру.
Қазақ халқының ақын-жыраулары Абылайдың өмірін, ерлігін жырлады. 
Халқымыз Абылайдың атын ұран етіп шақыратын. 
Абылай хан туралы жазылған еңбектер аз емес. Ресей мен Кеңес өкіметі 
тұсында  Абылайды  қазақ  қауымына  құбыжық  етіп  көрсетуді  мақсат  етті. 
Бүгінгі таңда қазақ халқы егемендік алып, тәуелсіз ел болған соң, Абылай 
туралы  жаңа  ғылыми  ізденістер  жүргізіле  бастады.    1993  жылы  Ақмола 
(бүгінгі  Астана)  қаласында  қазақ  ғалымдарының  қатысуымен  Абылай 
хан  жөнінде  республикалық  ғылыми  конференция  өтті.  Ондағы  жасалған 
баяндамалар  Алматыда  кітап  болып  шықты.  Абылайдың  мемлекеттік 
қайраткер  ретіндегі  қызметі  тарих  ғылымының  докторы,  профессор 
Жанұзақ Қасымбайұлының еңбектерінде қарастырылады. 1999 жылы тари-
хи антропологиялық зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық 
көрді. Осындай ауқымды еңбектер тізімін жалғастыра беруге болады. 
Соңғы  кезде  кітапханаларда,  мұрағаттарда  халықтан  жасырылып, 
жарияланбай  жатқан  Абылай  хан  туралы  жыр-дастандар,  аңыз-әңгімелер 
жарық  көріп,  көпшіліктің  танысуына,  ғалымдардың  зерттеуіне  жол 
ашылды. 
Абылай  ханның  XVIII  ғасырдағы  кең-байтақ  даладағы  қазақ  жұртын 
біріктіру  жолындағы  тарихи  рөліне  түйінді  баға  алғаш  рет  мемлекет 
құрылымының деңгейінде  Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты 
кітабында берілген. Қазақ жұртына Абылай ханның сіңірген қызметі туралы 
аталмыш  еңбекте  былай  делінген:  «Халықтың  ерік-жігерінің  тастүйін 
бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді. Батырлармен тізе қосып, 
қаһармандықтың  тамаша  үлгілерін  көрсеткен,  сөйтіп  халықтың  ұйтқысы 
болған Абылай ханның  ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта 
түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. Міне, осылайша екі ғасыр өткен соң 
Абылайдың қазақ тарихындағы тиісті орны белгіленеді. 
Абылайдың  өмірі  мен  ерлігін  қазақ  ақын-жыраулары  дастан  етіп 
жырлады.  Бүгінде  Абылай  хан  атында  жоғары  оқу  орындары  бар,  оған 
бірнеше  қалаларда  ескерткіш  қойылды,  оның  атымен  көшелер  аталған. 
Абылай хан туралы кітаптар жарық көруде».

78
Оқушылар  электронды  оқулықтан  Абылайға  байланысты  мәтінмен 
танысып, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындайды. 
Содан кейін «Тізбек» («Цепочка») ойыны өткізіледі. Ол үшін мұғалім 
оқушылардың  назарын  оқулықта  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмаларға, 
құжаттарға  аударып,  сол  бойынша  әңгіме  құрастыруды  тапсырады.  Бұл 
ойынның ерекшелігі – оқушылар тізбек бойынша бірінен кейін бірі мәтінді 
абзац бойынша оқып, оларға берілген сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде 
Абылай туралы ойларын әңгімелейді. 
Содан кейін тарихи викторина өткізіледі.
1. Қазақтың тұңғыш ханы кім?
2. «Жеті жарғыны» жасаған кімдер?
3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қашан болды?
4. Қай хан тұсында Қазақстанның Ресейге қосылуы басталды?
5. Абылайды мадақтаған жырау.
6. Абылай хан билік құрған жылдар.
7. Абылай хан қандай тарихи оқиғаларға қатысты?
Сабақ соңында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §33 «Абылай хан» әңгімесін оқып танысу, сұрақтар мен 
тапсырмаларға жауап дайындау. 
§34. тәуелсіздік жолындағы күрес
сабақтың мақсаты: қазақ жерінде жүргізілген Ресей империясының 
отарлау  саясаты,  ұлт-азаттық  қозғалыстар,  оларды  ұйымдастырушылар 
туралы  түсінікті  тілмен  оқушыларға  баяндап  беру.  Азаттық,  тәуелсіздік 
жолында жанын аямаған күрескерлерді мақтан тұту сезімдерін тәрбиелеуге 
көмектесу  қажет.  Тарихи  құбылыстарды,  оқиғаларды  салыстыру,  тарихи 
қайраткерлердің қызметін бағалау біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  тарихи  қайраткерлер 
бейнеленген  иллюстрациялық  материалдар,  бейнефильм  не  электронды 
оқулықтан үзінді. 
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Ресей империясының саясаты.
2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
3. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
4.  1837–1847  жылдары  Кенесары  Қасымұлы  басқарған  халық-азаттық 
күрес. 

79
Жаңа  материалды  оқып-үйренуге  бағдарлама  бойынша  бір  сағат 
берілген. Бірақ бұл күрделі сабақтардың бірі болғандықтан 2 сағат көлемінде 
өткізген тиімдірек болар еді. Оқулық материалының  көлемі де үлкен. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  тәуелсіздік  жолындағы 
ұлт-азаттық қозғалыстар, олардың себебі мен мақсаты туралы түсіндірмелі 
әңгімесінен басталады. 
Сабақта «Тарихи тұлға» сайысы өткізіледі. Алдымен оқушылар арасынан  
сарапшылар тобы құрылады. Мұғалім және сарапшылар тобы оқушылардың 
жауаптары мен әрекеттерін мұқият бақылап, соңында жұмысқа баға беріп, 
қорытынды жасайды. 
Оқушылар төрт топқа бөлініп Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, 
Кенесары  Қасымұлы  туралы  оқулық  мәтінімен  және  «Білімпаздар  үшін» 
материалындағы  құжатпен  танысады,  тапсырмалар  бойынша  әңгіме 
құрастырады. 
Әр топ оқушылары аталған тарихи тұлғаға мінездеме беріп, сипаттайды. 
Оқушылардың  ойы  шашыраңқы  болмас  үшін  «Тәуелсіздік  жолындағы 
ұлт-азаттық  қозғалыстың  қолбасшылары»  атты  жаднама  тақтаға  ілінеді. 
Оқушылар әңгімесін осы жоспар негізінде құрайды.
«Тәуелсіздік  жолындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  қолбасшылары» 
атты тақырып жоспары:
1. Тәуелсіздік, азаттық үшін күрестің шығу себебі:
2. Күрестің қолбасшылары: өмірі мен қызметі.
3. Қолбасшының тарихи оқиғадағы алатын орны.
4. Күрестің нәтижесі.
Сарапшылар  тобы  әр  топ  оқушыларының  мінездемесін  тыңдағанда 
тұлғаның отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін бағалап, қандай істері-
мен  ел есінде сақталған деген мәселелерге назар аударады. Сонымен қатар 
сабақта және сабақтан тыс алған білімдерін пайдалануын да бағалайды.
Тарихи тұлғаларға сипаттама берілген соң,  сарапшылар тобы жұмысқа 
баға беріп, қорытынды жасайды.  
Тақтаға  тарихи  қайраткерлерді  сипаттауға  арналған  жаднама  ілінеді. 
Оқушылар  жаднамадағы  мәселелерді  басшылыққа  ала  отырып,  тарихи 
қайраткерлердің өмірі мен қызметін әсерлі баяндауы тиіс. 
Мұғалімнің  ұлт-азаттық  қозғалыс  қолбасшыларының  бірі  жайлы 
төмендегідей қосымша материал пайдалануына мүмкіншілігі мол. 
Қосымша материал:
«Кенесары  Қасымұлы  (1802–1847)  –  ақ  патшаға  қарсы  халық-азаттық 
күресті басқарушы, Қазақ хандығының  соңғы ханы.
Кенесары өзі құрған мемлекетінің экономикалық және саяси жағдайын 
нығайту мақсатында салық жинау, малшылардан зекет, диқандардан ұшыр 

80
жинауда  тәртіп  орнатты.  Егіншілік  күнкөріс  көзі  деп  түсініп,  1846  жылы 
Іле өзенінің оң жағасындағы Қарақамау алқабындағы егіншілікті көргенде, 
оның пайдалылығын түсінген Кенесары өзіне еріп жүргендерге егіншіліктің 
қажеттілігін түсіндіріп, халықтың онымен айналысуы керектігін айтады.
Кенесары мемлекеттік құрылысқа да бірқатар жаңалықтар енгізді. Хан 
кеңесі  құрылды.  Ол  беделді  батыр,  билер,  сұлтандардан  тұрды.  Кенесары 
кезінде адамдарды шыққан тегіне қарамай, жеке қасиеттері мен қабілеттері-
не қарай басқару ісіне тартқаны белгілі. Хан Ресей, Орта Азия мемлекетінің 
лауазымды  адамдарына  қазақ  халқының  отаршылдықтағы  хал-жағдайы 
баяндалған  хат  жолдап,  онда  ойын  тиянақты,  айқын,  дәлелді  мазмұнмен 
келтіре білген. Кенесары хан әскерін жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, онда 
қатаң тәртіп орнатты. 
Хандық  басында  Кенесары  қазақ  жерлерін  отаршылдардан  азат  ету 
жолында  батыл  күрес  жүргізді.  Соғыс  қимылдарының  түрлі  тәсілдерін 
пайдаланып, дарынды да білгір қолбасшы екендігін көрсете білді.
Он  жылға  созылған  аса  ірі  көтеріліс  жеңіліс  тапты.  Опасыздықпен 
Кенесары ханның басы алынды. Бірақ Кенесары хан қолбасшы, аса көрнекті 
саясатшы ретінде, қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрес- 
кен ірі тұлға ретінде ел жадында мәңгілік сақталады.
Хан Кене қазақ жерінде хандық билікті қалпына келтірмек болды, қазақ 
елінің егемендік, біртұтастығы жолында күресті. «Ендеше, хан Кене тек жер 
үшін емес, түбі бір өркениетті қорғаушы санатында танылу керек. Өзі батыр, 
өзі ұлан, өзі сардарбек, өзі хан, өзі көсем, өзі шешен, өзі дана туған, қара 
басының  қамы  емес,  қара  қазақтың  ары  үшін,  намысы  үшін,  бостандығы 
үшін, тәуелсіздігі үшін күрескен алып тұлға көз алдыңызға екінші Абылайды 
елестетпей ме?»  – деп жазды академик М. Қ. Қозыбаев.
Ол  жеңіліске  ұшырағанымен  Қазақстандағы  патша  үкіметінің  пози-
циясына  ауыр  соққы  берді.  Көтеріліске  үш  жүздің  белгілі  батырлары        
Ағыбай,  Иман,  Жоламан,  Сұраншы,  Бұхарбай,  Байсейіт  және  басқалар 
қатысты».
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §34.  «Тәуелсіздік  жолындағы  күрес»  әңгімесін  оқып 
танысу, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет