Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Б. Қ. Әбдіғұлова 
ҚазаҚстан 
тарихынан 
Әңгімелер
 
Әдістемелік Құрал
Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сынып 
мұғалімдеріне арналған
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2010

Әбдіғұлова Б. Қ. 
Қазақстан тарихынан әңгімелер. Әдістемелік құрал. Жалпы білім 
беретін  11  жылдық  мектептің  5-сынып  мұғалімдеріне  арналған.  – 
Алматы: Алматыкітап баспасы, 2010. – 140 бет.
Удк 373
ББк 74.266.3
Ә 14
УДК 373
ББК 74.266.3
ISBN 978-601-01-0364-1
ISBN 978-601-01-0364-1
©  Әбдіғұлова Б. Қ., 2010
© «Алматыкiтап» баспасы, ЖШС, 2010
Ә 14

3
5-сыныпта «ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер» 
кУрсын оҚытУдың өзекті мӘселелері
Қазіргі  кездегі  қоғамдағы  қайта  құрулар,  экономиканы  дамытудағы 
жаңа  бағдарлар,  қоғамның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы 
осы заманғы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертті. Өркениетті 
елдердің көпшілігінде білім берудің мақсаты, мазмұны мен технологиялары 
оның  нәтижесіне  қарап  бағаланады.  Бүгінгі  таңда  еліміздегі  білім 
беру  реформа сы  –  Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз 
етуге  мүмкіндік  беретін  маңызды  құралдардың  бірі.  Осы  ретте  орта 
білім  берудің  мақсаты  –  жылдам  өзгеріп  отырған  қоғам  жағдайында 
алынған  терең  білімнің,  дағдының  негізінде  оқушыны  еркін  бағдарлана 
білуге,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өздігінен  дұрыс, 
адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдайтын  жеке  тұлға 
етіп қалыптастыру.
XXI ғасырда білімге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да 
жаңаша сипатталуда. Білімнің – құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже ретінде төрт 
жақты  сипаты  біртұтас  қарастырылады.  Әлемдік  білім  беру  кеңістігінде, 
өркениетті елдерде білім беру ісі нәтижеге бағытталған білім (нББ) үлгісі 
болып табылады. 
Біздің  елімізде  білім  беру  жүйесі  бәсекеге  қабілетті  жаңа  сапалық 
сипатқа ие болу жолындағы үлкен бетбұрыс алдында тұр. Кеңестік дәуірде 
білім беру жүйесінің соңғы нәтижесі жеке пәндер бойынша алынатын білім, 
білік, дағды (ББД) болып саналды. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі 
өзекті  мәселе  –  білім,  білік,  дағдыны  меңгеруге  бағытталудан  біліктілік 
алуға көшу. Білік және біліктілік ұғымдарының мәнін анықтайық.
«Білік» (compеtentia) – латын сөзі. Адамның белгілі бір сала бойынша 
кең  ауқымды,  терең,  жан-жақты  білімі  бар,  хабардар,  білгір  ұғымында. 
Тәжірибесі мол маман деген мағынаны білдіреді. 
Ғылыми-әдістемелік еңбектерде білік:
–  «оқушының  меңгерген  білімін,  оқудағы  іскерлігі  мен  дағдыларын 
қолдануға даярлығы, сонымен қатар практикалық және теориялық міндет-
терді шешу үшін қажетті өмірлік қызмет тәсілдері»;
–  «жеке  тұлғаның  сапалы  әрі  өнімді  әрекет  жасауға  қажетті  өзара 
байланысты  қасиеттерінің  жиынтығы  (білім,  іскерлік,  дағды,  қызмет 
тәсілдері)»;
–  «оқушының  білімдік  даярлығына  алдын  ала  қойылатын  талап  не 
«норма», т.б деп көрсетілген.

4
Шетелдік  әдебиеттерде  «біліктілік»  –  «терең  білім»,  «тапсырманы 
талапқа  сай  орындау  қабілеті»  деген  анықтамалар  берілген.  Ресей  ға-
лымдарының еңбектерінде біліктілік мазмұны «әлеуметтік-психологиялық», 
«коммуникативтік»,  «кәсіби-педагогикалық»  ұғымдары  арқылы  пайымда-
лады:
– тұлғаның дайындық сапасына қойылатын талап;
– кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден 
өткізілген кәсіби маңызды сапа;
– оқушының білімі мен білігін бағалау сапасы, нәтижелі әрекет жасау 
қабілеті, т.б.
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  біліктілік:
– «туындаған мәселелер мен міндеттерді тез шешуге жағдай жасайтын 
практикалық қызметті жүзеге асыруға қабілеттілігі»;
–  «тұлғаның  белгілі  бір  саладағы  қызметіне  қатысты  қасиеттер 
жиынтығы мен тәжірибесі» делінген.
Сонымен,  біліктілік  дегеніміз  –  білім,  білік,  дағды  мен  іс-әрекет 
жиынтығы.  Кез  келген  жағдайда  оқушының  білімін,  дағдыларын  жүзеге 
асыра алуы және мәселелерді шешу үшін адамның өзінің іс-тәжірибесінің 
болуы деп түйіндейміз.
Бүгінгі таңда ғалымдар  біліктілікті нәтижеге бағдарланған жаңа білім 
беру жүйесінің сапалық критерийі  ретінде қарастырады.
Біздің  елімізде  «нәтижеге  бағытталған  білім»  (НББ)  ұғымы  туралы 
көптеген көзқарастар мен пікірлер бар. Нәтижеге бағытталған білім беруге 
тән негізгі ерекшелік «бағытталған» сөзіне тікелей байланысты.
Нәтижеге бағытталған білім оқушылардың жеке жетістіктері шеңберін-   
де  белгілі  бір  нәтижелерге  жету  үшін  бағытталған  білім  беру  үрдісін 
сипаттайды. Сонымен, оқушылар қандай маңызды мәселелерді түсінуі қажет, 
олар не істей білуі тиіс және қандай қасиеттерін дамытуы керектігін анықтау 
қажет. Осыдан кейін ғана оқушылардың қабілеттері мен қасиеттерін дамы-
туға қол жеткізуге бағытталған құрылым мен оқу жоспары дайындалады. 
Сөйтіп, НББ оқушылар оқу соңында қандай нәтижелер көрсетуі тиіс екендігін 
негіздейді.  Осы  тұрғыдан  мұнда  білім  беру  «не  үшін  оқытамыз?»  деген 
сауалға жауап алудан басталады. Осы сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы 
нәтижелер нақты жеке пәндер бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары 
емес, өмірлік дағдыларға байланысты іске асырылады. Содан кейін барып 
«оқушыны оқуға қалай үйретеміз?» деген мәселені шешуге байланысты 
болады. Егер бұрын мұғалімнің басты мақсаты оқушыға жүйеленіп, өңделген 
дайын материалды, ақпаратты жеткізу болса, қазіргі уақытта мұғалімнің де, 

5
оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға  дайын ақпарат беру ғана 
емес, оқушылардың өздігінен оқып-үйренуі, өздігінен ізденуі, өзіне қажетті 
білімді  табуы  және  ұтымды  пайдалануы.  Мұғалім  мұнда  оқушылардың 
пәнді өздігінен меңгеруіндегі сарапшы ретінде, оқу үрдісіне және оқушының 
жаңа материалды қабылдауына мүмкіндік жасауға көмектеседі. Оқушылар 
мұғалімнің басқаруынсыз өздігінен оқып-үйрену дағдыларын пайдалануға 
үйренеді. 
Оқушылар  өздігінен  оқып-үйрену,  оқу  материалын  қабылдау 
дағдыларын дамыту арқылы «қалай оқуы керектігін үйренеді». Осындай 
оқытудың нәтижеге бағытталуы нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең 
ауқымды дағдыларды,  біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады. 
5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсының 
мазмұны мен құрылымының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Курс мазмұнын оқып-үйренуге бағдарлама бойынша 68 сағат бөлінген.
5-сыныпқа  арналған  Қазақстан  тарихынан  әңгімелер  курсының 
мазмұны  бес  бөлімнен  тұрады,  қорытып-қайталауға  және  өлке  тарихын 
оқып-үйренуге қосымша сағат берілген.
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер курсының мазмұ-
ны жағынан да, оны оқыту әдістемесі жағынан да басқа тарих курстары нан 
ерекшеліктері бар.   
Тарихты  дербес  пән  ретінде  оқып-үйрену  5-сыныптан,  «Қазақстан 
тарихынан әңгімелер» деп аталатын алғашқы курстан басталады. Әңгімелер 
курсын  оқып-үйрену  барысында  оқушылар  тарихтан  белгілі  бір  көлемде, 
тұжырымдалған бастапқы білім  алады. 5-сыныпта Қазақстан тарихының 
сонау  көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі оқиғалары қамтылады. Еліміздің 
тарихында болған аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар хронологиялық 
реттілігімен баяндалады.
Бұл курстың басты ерекшелігі – ондағы материалдар көлемі жағынан 
шағын  әрі  әңгіме  түрінде  берілуі.  Еліміздің  әртүрлі  кезеңдеріндегі  өмірі, 
тұрмысы және тіршілігінің тарихи бейнесі суреттеледі.
Жүйелі  курста  ұзақ  әрі  күрделі  үрдіс  ретінде  оқылатын  құбылыстар 
5-сыныпта суреттеу, баяндау, нақты образын тартымды да әсерлі әңгімелеу 
арқылы  ашып  көрсетіледі.  Мұнда  күрделі  үрдістер  мен  ұғымдар  жүйесін 
барынша  толық  әрі  терең  ашып  көрсетуден  гөрі,  аса  маңызды  тарихи 
құбылыстың  негізгі  кезеңдері,  айтарлықтай  белестері  туралы  алғашқы 
түсініктер  беріледі.  Мұның  өзі  оқушылардың  келесі  сыныптарда  өтілетін 
тарих пәнінің күрделі де жүйелі курстарын жетік меңгеруіне көмектеседі.      
Оқулық пен бағдарламада 10 – 11 жастағы оқушылардың психологиялық 
ерекшеліктері де ескерілген. Психолог ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл 

6
жастағы  шәкірттер  мінез-құлығының  дамып,  қалыптасуы  жағынан  қиын, 
өтпелі  кезеңдегі  «кіші  жеткіншектер»  деп  танылған.  Осы  ретте  қазіргі 
заманғы  білім  беруші  мұғалімнің  ғылыми-теориялық  білімі  жан-жақты, 
терең болуы, оқыту әдістемесін жетік білуі талап етіледі.
Бұл курстың жетекші идеясы – оқушыларды қазақстандық патриотизм-
ге, төзімділікке, биік мәдениетке тәрбиелеуге септігін тигізу. Осы мақсатта  
оқулықта  курстың  жетекші  идеясын  аз-аздап,  бірте-бірте  ашуға,  бұл 
үрдістің  аса  маңызды  жақтарын  мүмкіндігіне  қарай  толық  көрсетуге 
септігін  тигізетін  факторлар  іріктеліп  алынған.  Сонау  ерте  заманда 
Қазақстан  аумағында  мекендеген  сақ,  ғұн,  түрік  тайпалары,  олардың 
өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік жолындағы ерлік күрестері оқушылардың 
жадында тек жақсы сақталып қана қоймай, олардың сезіміне әсер ететіндей 
баяндау  қарастырылады.  Сондықтан  Тұмар  патшайым,  Шырақтың  ерлігі, 
Еділ-Аттила,  Білге,  Күлтегін,  Тоныкөк,  Қайырхан  туралы  материалдар 
оқушылардың көкейіне қонымды жеткізіліп, олардың бойында отаншылдық 
сезімдерді қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
Бесінші  сынып  оқушылары  еліміздің  тәуелсіздігі  мен  азаттығы 
жолында  күрескен,  аттары  аңызға  айналған  Тұмардан  бастау  алған 
ержүрек жауынгерлер, қазақ билері мен батырлары, хандары мен халықтың 
ерлігі,  бүгінгі  күндегі  ғарышқа  самғаған  қазақ  елінің  мақтаныштары 
Т.  Әубәкіров  пен  Т.  Мұсабаевқа  дейінгі  тарихи  қайраткерлер  легімен, 
еліміздің  тарихының  қаһармандық  беттерімен  танысады,  тарихымызда 
болған елеулі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи қайраткерлер туралы оқып 
біледі. Сонымен қатар олар мүлде жаңа, тың оқиғалармен және тарихта аты 
қалған адамдардың өмірі және қызметімен танысуға мүмкіндік алады. Олар, 
мәселен, Ұлы Отан соғысы туралы бірқатар мәселелерді бастауыш сынып 
материалдарынан,  сыныптан  тыс  ата-аналарынан  естуінен,  балаларға 
арналған  көркем  әдебиеттерді  оқудан,  фильмдер  мен  спектакльдерден 
біледі.  Бірақ  оқушылардың  бұл  түсініктері    үзік-үзік  әрі  жүйесіз  болып 
келеді. Сондықтан мұғалім, оқушылардың сабақта және сабақтан тыс алған 
білімдерін  пайдалана  отырып,  оларға  осы  мәселелер  бойынша  алғашқы 
жүйелі  білім  және  түсініктер  алуға  көмектесуі  тиіс.  Алайда  бұл  идея  тек 
қызықты  фактілерді  жүйесіз  әңгімелеп  берумен  ашылмайды.  Сабақта 
қайсыбір тарихи оқиға не құбылыстың басты кезеңдерін көрсететін материал 
сұрыпталып  алынуы  қажет.  Сондықтан  қазіргі  сабақта  оқушыларға  ма-
териалды  не  ақпаратты  дайын  күйінде  ұсынбай,  оқушыны  өз  бетімен 
жұмыс  істеуге  үйрету,  өзіне  қажетті  білімді  іздестіруге,  табуға,  өз  өмір 
тәжірибесінде пайдалануға көңіл аударғанымыз жөн. Оқушылар өздігінен 
«қалай  оқу  керектігіне  үйренеді».  Осы  ретте  сабақта  түрлі  көрнекіліктер: 
карта, кесте, бейне және аудиофильмдерден, электронды оқулықтан үзінді  

7
пайдаланылады, қосымша әдебиеттермен танысады, мұғалім дәстүрлі және 
интерактивті әдістерді қолданады. Тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақта 
оқушылардың  белсенділігін  арттыруға  жағдай  туғызады.  Оқушылар 
өздігінен жауап іздеп, талдайды, қорытындылайды, өз пікірін еркін білдіруге, 
оны  күнделікті  өмірінде  қолдануға  ұмтылады.  Міне,  осындай  оқытудың 
нәтижесінде  оқушыларға  өмірге  қажетті  дағдылар  мен    біліктіліктерді 
меңгеруге мүмкіндік беріледі.
Оқулықта  жоғарыда  атап  көрсеткендей  тарихи  қайраткерлердің  өмірі 
мен  қызметі,  ерлік  істері  баяндалады.  Іріктеп  алынған  материалдардың 
мазмұны  оқушылардың  танымын  кеңейтіп,  тарихтағы  адамның  рөлін 
түсінуге көмектеседі. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи 
оқиғалар туралы түсініктерін нақтылай түседі.
5-сыныптағы оқу материалының мазмұны онда берілген ұғымдардың 
белгілі бір жүйесі арқылы ашып көрсетіледі. Бұл сыныпта арнаулы термин-
дердің,  тарихи  ұғымдардың  ғылыми  толық  анықтамасы  айтылмайтыны 
белгілі.  Мысалы,  «ғасыр»,  «біздің  заманымыздан  бұрынғы»,  «біздің  зама-
нымыз», «тарихи карта», «топонимика», «этнография», «археология», «қазақ» 
атауы,  «тәуелсіздік»  және  басқа  ұғымдар  10–11  жастағы  оқушылардың 
көкейіне  қонымды  түрде  жеткізіледі.  Сонымен  қатар  ғылыми  негіздегі 
мәтіннің  түсінуге  қажетті  белгілері  ғана  ашылады.  Бұлар  сол  ұғымды 
басқа  бір  жеке  не  қарама-қарсы  ұғымдармен  салыстыру  арқылы  тарихи 
құбылыстың анағұрлым нақты, айқын жағын ашып көрсетуге көмектеседі.
Бағдарлама бойынша «Тарих әлемі» атты бірінші бөлімін оқып-үйренуге 
14 сағат бөлінген. Оқулықта тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи карта 
туралы алғашқы түсініктерді одан әрі тереңдете түсуге мүмкіндік берілген. 
Бірінші  бөлімде  сонымен  қатар  білімдік,  тәрбиелік  және  дамытушылық 
жағынан  маңызды  фактілер  мен  идеяларды  сұрыптап  алуға  ерекше  назар 
аударылған.  Мұнда  әсіресе  «Отан»,  «туған  өлке»,  «Қазақстан  –  менің 
Отаным», «халықтар арасындағы татулық пен түсіністік, адамгершілік», т.б. 
ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға баса мән берілген. 
Жалпы  түсініктердің  мағынасы  жүйелі  түрде,  тарихи  оқиғалар 
мен  құбылыстарды  жай  баяндау,  әңгімелеу,  суреттеу  арқылы  ашылып 
көрсетіледі.
Курстың  мазмұны  бастауыш  білім  беру  сатыларында  «Дүниетану», 
«Ана  тілі»  пәндерінен  алған  білімдерін  пайдаланып,  тарих  сабағында 
оқушылардың білімін одан әрі тереңдете түсуге жағдай жасалған.
Оқулық  мазмұнының  екінші  бөлімі  «Тарихқа  саяхат»  деп  аталады, 
оны оқып-үйренуге 24 сағат берілген. Бұл бөлімде сақ тайпаларының өмір-
тіршілігі,  Түрік  қағанатының  құрылуы,  белгілі  билеушілер,  ұлы  ғалым 
Әбу Насыр әл-Фараби, ортағасырлық қалалардың пайда болуы, өркендеуі, 
құлдырауы,  қазақ  халқының  қалыптасуы,  Қазақ  хандығының  құрылуы, 

8
қазақ  хандары  Абылай,  Әбілқайыр,  батырлар  мен  билер,  тәуелсіздік 
жолындағы  күрес  басшылары:  Сырым  Датұлы,  Исатай  мен  Махамбет, 
Кенесары Қасымұлы және қазақ ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай 
Алтынсарин, Абай Құнанбайұлының өмірі мен қызметі туралы оқушылар 
білімін тереңдете түсуге назар аударылған.
Тарихтың бастапқы курсында тарихи үрдісті барынша толық әрі жан-
жақты көрсету мүмкін  болмаса да, бұл үрдістің  кейбір жақтары: мысалы, 
материалдық  және  рухани  мәдениет  дамуының  ең    маңызды,  ең  елеулі 
әңгімелерін  ғана  оқып-үйрену  қарастырылады.  Сондықтан  «Ғажайыптар 
әлемінде»  деп  аталатын  үшінші  бөлімді  оқып-үйренуге  8  сағат  уақыт 
бөлінген.  Онда  архитектуралық  ескерткіштер,  қазақ  халқының  әдет-
ғұрыптары, шешендік өнері, наным-сенімі, Наурыз мерекесі, дала музыкасы 
туралы әңгімелер баяндалған.
«ХХ ғасырдағы Қазақстан» атты  төртінші бөлім мен «Тәуелсіз Қазақ-
стан» атты бесінші бөлімді оқытып-үйретуге 22 сағат бөлінген. Бұл бөлімде 
Кеңес  өкіметінің  орнауы,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан, 
соғыстан  кейінгі  кезең,  мәдениеті  мен  ғылымының  дамуы,  Қазақстанның 
тәуелсіздік  алуы,  еліміздің  Конституциясы,  мемлекеттік  рәміздері, 
Қазақстан және оның дүниежүзіндегі орны туралы мәселелер оқушылардың 
жасына  сай,  жеткілікті  ғылыми  дәрежеде  толық  әрі  терең  түсіндірілуі 
қарастырылған.
Оқулықтағы  әрбір  параграф  бір  сабақ  ішінде  өтілуге  арналған.  Жыл 
бойына бөлінген 68 сағатқа 68 параграф берілген.
Оқу құралының авторы ұстаздарға шығармашылық табыс тілейді.
і Бөлім. тарих Әлемі
Бірінші бөлімде дүниежүзі тарихынан алғашқы түсінік беріледі. Тарихи 
деректер, жазбаша, заттай деректер, археология, этнография және өлкетану 
туралы түсініктер қалыптастыруда жұмыс жүргізіледі.
Тарихи  уақыт,  тарихи  оқиғалар,  мыңжылдық,  «біздің  заманымыздан 
бұрынғы»,  «біздің  заманымыз»  жайындағы  түсініктердің  мәні  ашып 
көрсетіледі.
Тарихи карта, Қазақстан Республикасының аумағы, шекарасы, жер-су 
аттары – топонимика туралы 3–4 сыныптарда «Дүниетану» пәнінен алған 
білімдері одан әрі толықтырыла түседі.
«Қазақстан  –  менің  Отаным»  тақырыбын  оқып-үйрену,  оқушылар-
дың  «Отан»,  туған  өлке,  «Қазақстан  –  менің  Отаным»  деген  түсінік терін 
қалыптастыруға  бағытталады.  «Ана  тілі»,  «Дүниетану»  пәндерінен  алған 
білімдері  кеңінен  пайдаланылады.  Еліміздің  табиғаты,  қазба  байлықтары, 

9
көп  ұлтты  халықтары,  олардың  арасындағы  түсіністік  қатынастардың 
маңызы,  қалалары  мен  мәдениеті  туралы  материалдар  оқушы  жасына 
сай  ашып  көрсетіледі.  Осы  тақырыптарды  оқып-үйрену  оқушылардың 
Отанына, туған еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін, республикада 
тұратын басқа халықтардың тарихы мен салт-дәстүрлерін құрметтеу сезімін 
тәрбиелеуге үлес қосады.
Қайталау  сабағының  мақсаты  –  тарих  пәніне  деген  оқушылардың 
қызығушылығын  арттыру.  Осы  мақсатта  оқушылардың  материал  таңдау, 
картамен жұмыс жасау, өзіндік қорытынды жасау біліктерін дамытуға көңіл 
бөлінеді.
«Тарих  әлемі»  тақырыбын  оқытуда  сан  алуан  оқыту  әдіс-тәсілдерін: 
оқулық,  құжат,  қосымша  материалдармен  жұптасып  және  жеке  өзіндік 
жұмыс  жасау,  бейнефильмдер  мен  электронды  оқулықтардан  үзінді 
пайдалану,  проблемалық  сұрақ-тапсырмалар  қою,  оны  шешу,  көркем 
әдебиеттен әсерлі үзінділер келтіру, оны талдау, түрлі таным белсенділігін 
арттыратын  тапсырмаларды  орындау,  пікірсайыс  өткізу,  т.б.  қолданған 
тиімді.  Оқытудың  сан  алуан  әдістері  мен  тәсілдерін  шебер  ұштастыру 
оқушылардың оқу материалын жақсы меңгеруіне, ой-өрісін кеңейтуге және 
есте сақтау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
§1. «Қазақстан тарихы» пәні
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  алғаш  рет  «Қазақстан  тарихы» 
пәнімен  таныстыру.  Тарих  дегеніміз  не?  «Қазақстан  тарихы»  пәні  нені 
оқытып-үйретеді,  оны  оқудың  маңызы  қандай  деген  сауалдарға  жауапты 
оқушылар жасына сай көңілге қонымды түрде түсіндіру. 
Қазақстан тарихын оқып-үйрену – еліміздің тарихын, әдет-ғұрпы мен 
салт-дәстүрін құрметтеуге септігін тигізетін мектептегі ең қажетті пәндер-
дің бірі екенін ашып көрсету.
Оқушыларды өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқушылармен «тарих», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан тарихы– дүние 
жүзі  тарихының  құрамдас  бөлігі»  деген  алғашқы  түсінік  қалыптастыру 
бағытында жұмыс жүргізу.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: Қазақстанның саяси-әкімшілік 
картасы,  оқулықтағы  иллюстрация,  «Оқулықты  қалай  пайдалану  керек?» 
жаднамасы.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Тарих не туралы баяндайды?
2. Тарихты білу не үшін керек?
3. Қазақстан тарихы – дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі.

10
Жаңа материалды оқып-үйрену түсіндірмелі оқуға, картамен жұмысқа, 
мәтін, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмысқа негізделеді. 
Жаңа  сабақты  оқып-үйрену  оқушыларға  сұрақ  қоюдан  басталады. 
Сұрақ тақтаға жазылады.
1. Өзіміз оқып-үйрене бастаған пән қалай аталады?
2. Тарих қандай пән? Ол нені зерттейді?
3. «Қазақстан тарихы» пәні не жайлы әңгімелейді?
4. «Қазақстан тарихы – дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі» деген 
сөзді қалай түсінесіңдер?
Бұл сұрақтарға жауап беруге оқулықтағы тақырып мазмұны, «Оқулықты 
қалай пайдалану керек?» деген жаднамамен жұмыс жүргізу көмектеседі.
Жоғарыда берілген сауалдар бойынша оқушылармен әңгімелескеннен 
кейін, мұғалім «Тарих дегеніміз не, тарихты білу не үшін керек?» – деген 
сауалдар  бойынша  оқу  материалын  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сай 
қарапайым тілмен түсіндіреді.
Оқушылар «Қазақстан тарихы» оқулығын ашып, ондағы тақырыпшалар 
мазмұнына мұқият назар аударады. Оқулық мәтіні, карталар, иллюстрация-
лар  және қосымша әдебиет тізімімен танысады.
Оқушылар дәптерлеріне тақтаға мұғалім жазған  «Тарих», «Қазақстан 
тарихы» пәніне берілген анықтаманы жазып алады.
«Тарихтың  атасы»  аталған  Геродот,  Сыма  Цянь,  Рашид  ад-Дин, 
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы алғашқы түсінік беріледі. 
Содан  соң  жоспардағы  үшінші  мәселе  «Қазақстан  тарихы  –  дүние 
жүзі  тарихының  құрамдас  бөлігі»  туралы  материалды  оқушыларға 
күрделендірмей, түсіндірмелі баяндау арқылы көңілге қонымды жеткізген 
жөн.  Мұнда  Қазақстан  аумағы,  астанасы,  алыс  және  жақын  мемлекеттер 
туралы картамен жұмыс жүргізіледі.
Мұғалім қайтадан сабақ бастамастан бұрын оқушылар назарын тақтада 
жазылған 4 сұраққа аударып, олар сауалдарға жауап қайтарады. Оқушылар 
тарихтың не екеніне анықтама береді. Оқулық мәтінінен «Қазақстан тарихы» 
және «Қазақстан тарихы – дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі» туралы 
жазылған абзацты тауып оқиды. Оқушылар жауаптарында бесінші сыныпта 
өз Отанының тарихын оқып-үйрене бастағанын атап көрсетеді.
Тақтаға не плакатқа жазылған «оқулықты қалай пайдалану керек?» 
жаднамасына  оқушылардың  назары  аударылады.  Оқушылар  жаднамада 
жазылған мәтінді дауыстап оқып танысады. Мұғалім оқушыларды оқулық  
құрауыштары құрылымымен таныстырады.
Оқулық  құрылымы:  мәтін,  сұрақтар  мен  тапсырмалар,  карталар, 
иллюстрациялар, қосымша мәтіндерден тұрады.

11
Оқулық бөлімдерге, бөлімдер параграфтарға, ал параграфтар тақырып-
тарға  бөлінген.  Әр  параграфтың  соңында  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
енгізілген.
Сабақты қалай әзірлеу қажеттігі жайлы оқушыларға кеңес береміз.  
Жаднама:
1. Үйге берген сабақты асықпай түгел оқып шығып, мазмұнын түсінуге 
тырысыңдар.
2. Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап дайындаңдар.
3.  Оқулықпен  жұмыс  істеуде  қара  әріппен,  курсивпен  жазылған 
терминдер мен ұғымдарға, сандық мәліметтерге, даталарға, адам аттарына 
назар аударыңдар.  
4. Иллюстрацияларға, суреттерге назар аударыңдар, оларға байланысты 
сұрақтарға жауап беріңдер.
5. Оқулықтың карталарын зер сала оқыңдар. Географиялық атауларды, 
шекараларды,  оқиға  болған  жерлерді,  тарихи  ескерткіштерді  және  басқа 
объектілерді табыңдар.
6.  Тарихи  оқиғалар  жылнамасын  білу  тарихты  түсіну  үшін  маңызды. 
Тарихи  оқиғалар  жылнамасы  оқулықтың  соңында,  218–223  беттерде 
берілген.
7. Оқулықтың мәтінін жақсы ұғып алу керек, оны жаттаудың керегі жоқ. 
Оқыған тақырыптың мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге үйренгендерің 
дұрыс.
Кітап – халықтың мәдени игілігі.
Оқулық  –  білім  көзі,  адал  дос,  көмекші,  ақылшы.  Кітапқа  деген 
сүйіспеншілік, оған ұқыпты қарау ғасырлар бойы қалыптасты. Ол сендердің 
қолдарыңда,  жас  достар.  Оның  өмірін  ұзарту,  өз  орындарыңды  басатын 
жеткіншектерге  жыртылмаған,  шимайланбаған,  таза  күйінде  табыс  ету 
сендерге байланысты. Сондықтан оны құрметтей білейік, күтіп ұстайық.
Оқулық туралы жаднамамен танысып болған соң, оқулық жазу күрделі 
де жауапты жұмыс екенін, ол әр азаматтың қолынан келе бермейтінін айту 
керек.  Бір  ғана  кітапты  шығару  үшін  көптеген  ғалымдардың  еңбектері 
зерттеліп,  іріктелетіндігі,  мұғалімдердің  озат  тәжірибесі,  табандылығы, 
үлкен білімділігі мен жауапкершілігі талап етілетіні атап көрсетіледі.
Оқушыларда ғалым, ұстаз және еңбек адамдарына деген құрмет, білім 
алуға құштарлық сезімдерін қалыптастыру және кітапқа деген құрмет пен 
сүйіспеншілік сезімдеріне баулу маңызды.  
Жаңа  материалдарды  қорытындылай  келе,  оқушылар  төмендегі-
дей ой жинақтайды.
Қазақстан Республикасы – Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың 
Отаны.  Әр  оқушы  өзін  ең  алдымен  өз  халқының  бөлшегі,  Қазақстан 

12
Республикасының  азаматы  ретінде  сезінуі  қажет.  Елінің  бүгінгі  және 
ертеңгі болашағына, оның қандай болатынына жауапты және өзі өмір сүріп 
отырған қоғамды одан әрі жетілдіруге үлес қосуы тиіс. Олай болса, әрбір 
адамның тарихты, өз Отанының тарихын білуінің маңызы зор. Отан тарихы 
халқымыздың өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін және ертеңгі болашағын 
оқытып-үйретеді.  Қолдарыңдағы  Қазақстан  тарихының  құндылығы  да 
сонда. Онда Отанымыздың күрделі тарихы, ұзақ жүріп өткен жолы, маңызды 
фактілері мен оқиғалары объективті, яғни ол қандай болса нақ сондай, алуан 
түрлі, тұтас күйінде баяндалған деп мұғалім сөзін қорытындылайды.
Үйге тапсырма: §1. «Қазақстан тарихы пәні» тақырыбын оқу, сұрақтар 
мен тапсырмаларға дайындалып келу.
          


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет