Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§15.  Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§15.  Қазақстан аумағын мекендеген алғашқы 
адамдар мен ежелгі тайпалар 
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  алғашқы  адамдардың  өмірімен, 
еңбегімен  және  тұрмыс-салтымен  таныстыру.  Ертедегі  адамдардың  өмірі 
мен  тұрмыс-салты  туралы  тарихи  нақты  материал  адамның  адал  еңбегі 
туралы ұғымды қалыптастыра бастауға мүмкіндік береді. Сабақ материалы 
оқушылардың еңбек адамына деген сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.
Оқу  материалы  еңбек  адамдарына  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге 
септігін тигізеді. «Ру», «тайпа» ұғымдарын қалыптастыру жұмысы баста-
лады. Оқушылардың тарихи құбылыстарды сипаттау біліктерін дамытуда 
жұмыс жүргізу керек.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: алғашқы адамдардың өмірі мен 
тұрмыс-тіршілігі бейнеленген иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы қайталауға арнал-
ған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Адамның пайда болуы  және оның дамуы туралы. 
2. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдар.
3. Алғашқы адамдардың қоныстары.
4. Алғашқы адамдардың шаруашылығы (кәсібі).
5. Алғашқы адамдардың діни сенімдері.
Жаңа материалды оқып-үйрену иллюстрациялық материалды талдауға, 
мұғалімнің  алғашқы  адамдардың  өмірі  туралы  әсерлі  әңгімесіне,  «ойша 
саяхатқа»,  картамен  жұмысқа,  оқулық  мәтінін  оқу  және  талдауға,  жұмыс 
дәптерімен жұмысқа негізделіп өткізілуі мүмкін. Бірінші тақырыпша бойынша 
мұғалімнің түсінікті әңгімесі картамен ұштастырылады.
Алғашқы  адамдардың  қоныстары,  шаруашылығы  (кәсібі)  және  діни 
сенімдері  туралы  иллюстрациялық  материалды  пайдалану  сабаққа  өзіндік 
әсер етеді әрі оқушылардың жаңа материалды ойдағыдай меңгеруіне ықпал 
жасайды.
Мұғалім  оқушыларды  төрт  топқа  бөліп,  «Алғашқы  адамдар»  туралы 
материалмен таныстырады. Содан кейін әрқайсысына тапсырма береді.
Бірінші  топ  оқушылары  әңгімелесуге  дайындалады.  Алғашқы  адамдар 
дегеніміз  кім?  Олардың  өмірі  жайлы  мағлұматтарды  біз  қайдан  білеміз? 
Алғашқы  адамдар  қандай  аумақты  мекендеген?  Олар  жайлы  сендер  не 
білесіңдер?

36
Екінші  топ  оқушылары  мынадай  сұрақтарға  жауап  дайындайды: 
Алғашқы адамдардың өмір-тіршілігі қандай болған? Олардың сырт пішініне 
сипаттама  беріңдер.  Алғашқы  адамдар  мал  шаруашылығынан  басқа  тағы 
немен шұғылданған?  Олар немен тамақтанды деп ойлайсыңдар? 
Үшінші  топ  оқушылары  тақтаға  ілінген  иллюстрациялық  материал 
негізінде  алғашқы  адамдардың  тұрмыс-салты  бойынша  әңгімеге  дайын-
далады. Суреттерге қарай отырып, алғашқы адамдардың тұрған жайы қандай 
болғанын суреттеңдер. Алғашқы адамдар немен айналысып жатқанын айтып 
беріңдер (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, балық аулау, аңшылық кәсібі 
туралы). Олар қандай еңбек құралдарын пайдаланғанын айтып беріңдер.
Төртінші  топ  оқушылары  «Алғашқы  адамдардың  діни  сенімдері» 
деген  тақырыпта  сипаттама  дайындап,  тақырыпшаның  күрделі  жоспарын 
жасайды. 
Содан кейін оқушылар жауаптары талданып, толықтырылады. Мұғалім 
тапсыруы бойынша 3 оқушы бірінен соң бірі оқулықтағы мәтінмен танысып,  
дауыстап  оқып  шығады.  Оқулықта  берілген  тапсырмалар  негізінде  жұмыс 
жүргізіледі.  Оқушылар  «Қазақстан  жерін  ертеде  мекендеген  адамдар  мен 
тайпалардың  өмірі  мен  тұрмысы»  атты  кестені  оқулық  мәтіні  негізінде 
өздігінше толтыруды бастайды.
Кесте: «Қазақстан жерін ертеде мекендеген тайпалар дың өмірі мен 
тұрмысы»  
тайпалар  Шаруа-
шылығы
Қоғамдық 
құрылысы
ішкі, сыртқы 
саясаты
кәсібі
діни 
нанымдары
Сақтар
Ғұндар
Түрік 
тайпалары
Бұл  тапсырманы  орындауды  осы  сабақта  бастап,  келесі  сабақтарда 
жалғастырады.
Сабақты бекіту мақсатында жұмыс дәптерімен жұмыс жасалады.
Үйге  тапсырма:  §15.  «Қазақстан  аумағын  мекендеген  алғашқы  адам-
дар  мен  ежелгі  тайпалар»  тақырыбын  оқып  шығу  және  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға дайындалып келу. 

37
§16. сақтар 
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  сақ  тайпаларының  өмірімен, 
еңбегімен  және  тұрмыс-салтымен  таныстыру.  Ертеде  Қазақстан  аумағын 
мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да тайпалардың қазақ халқының 
арғы ата-тегі болғанын ашып көрсету. Ертедегі сақ тайпаларының өмірі мен 
тұрмыс-салты туралы тарихи нақты материал адамның адал еңбегі жайлы 
ұғымды қалыптастыра бастауға мүмкіндік береді.
Оқу  материалы  еңбек  адамдарына  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге 
септігін  тигізеді.  «Патша»,  «көсем»,  «ақсақал»  ұғымдарын  қалыптастыру 
жұмысы басталады. Оқушылардың тарихи құбылыстарды салыстыру білік-
терін дамыту жұмыстары.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: оқулық картасы, сақтардың өмі-
рі  мен  тұрмыс-тіршілігі  бейнеленген  иллюстрациялық  материалдар,  «Ал-   
тын адам» атты электронды оқулықтан үзінді.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы қайталауға арнал-
ған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Сақ тайпалары.
2. Сақтардың шаруашылығы (кәсібі).
Жаңа материалды оқып-үйрену иллюстрациялық материалды талдауға, 
мұғалімнің  сақтардың  өмірі  туралы  әсерлі  әңгімесіне,  «ойша  саяхатқа», 
картамен жұмысқа, оқулық мәтінін оқу және талдауға, жұмыс дәптерімен 
жұмысқа негізделіп өткізілуі мүмкін. 
Бірінші тақырыпша бойынша мұғалім оқушыларға сақтар қазақтардың 
ата-тегі  екендігіне  тоқталып,  олардың  мекендеген  аумағын  картадан 
көрсетіп, сақтар туралы деректерде не айтылғанын баяндайды.
«Сақтардың шаруашылығы» деп аталатын тақырыпшаны оқып-үйрену 
практикалық жұмыс негізінде жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, әрқайсысына тапсырма береді. 
Бірінші топ оқушылары оқулық картасы негізінде әңгімелесуге дайын-
далады.  Сақтар  дегеніміз  кім?  Олардың  өмірі  жайлы  мағлұматтарды  біз 
қайдан білеміз? Сақтар қандай аумақты мекендеген? Олар жайлы грек, парсы 
деректерінде не айтылады?
Екінші  топ  оқушылары  мынадай  сұрақтарға  жауап  дайындайды: 
сақтардың өмір-тіршілігі қандай болған? Олардың сырт пішініне сипаттама 
беріңдер.  Сақтар  мал  шаруашылығынан  басқа  тағы  немен  шұғылданған? 
Олар немен тамақтанды деп ойлайсыңдар?
Үшінші  топ  оқушылары  тақтаға  ілінген  иллюстрациялық  материал 
негізінде сақтардың тұрмыс-салты бейнеленген суреттер бойынша әңгімеге 

38
дайындалады.  Суреттерге  қарай  отырып,  сақтардың  тұрғын  жайы  қандай 
болғанын суреттеңдер. Киіз үй дегеніміз не? Киіз үйге сипаттама беріңдер. 
Сақтардың немен айналысатыны туралы айтып беріңдер (мал шаруашылығы, 
егіншілік, қолөнер, балық аулау, аңшылық кәсібі туралы). Олар қандай еңбек 
құралдарын пайдаланғаны туралы ойланып жауап беріңдер.
Оқулық мәтіні, карта, тақтада көрсетілген иллюстрациялық материалдар 
оқушылардың осы білім көздерінен өздеріне қажетті мәліметті алуға және 
білімдерін толықтыруға көмектеседі.
Мұғалімнің тапсыруы бойынша 3 оқушы бірінен соң бірі оқулық мәтінін 
дауыстап оқып шығады. Оқулықта берілген тапсырмалар негізінде жұмыс 
жүргізіледі. Оқушылар «Ертеде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың 
өмірі  мен  тұрмысы»  атты  кестені  оқулық  мәтіні  негізінде  өздігінше 
толтыруды жалғастырады.
Кесте: «Қазақстан жерін ертеде мекендеген тайпалардың өмірі мен 
тұрмысы»  
тайпалар Шаруашы-
лығы
Қоғамдық 
құрылысы
ішкі,
сыртқы 
саясаты
кәсібі
діни 
нанымдары
Сақтар
Ғұндар
Түрік 
тайпалары
Бұл тапсырманы орындау келесі сабақтарда жалғастырылады.
Сабақты бекіту мақсатында жұмыс дәптерімен жұмыс жасалады.
Үйге  тапсырма:  §16.  «Сақтар»  тақырыбын  оқып  шығу  және  сұрақтар 
мен тапсырмаларға дайындалып келу. 
§17. тұмар патшайым
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  ержүрек  сақ  тайпалары,  олардың 
жорықтары, сақ патшасы Тұмардың елін, жерін қорғаудағы ерлік істерімен 
таныстыру.  Шырақтың  ерлігі  және  парсылардың  сақ  жеріне  жорығымен 
таныстыру.  Сабақ  материалы  оқушылардың  отансүйгіштік  сезімін 
тәрбиелеуге көмектеседі. Оқушылардың тарихи қайраткерге сипаттама беру 
біліктерін дамытуда жұмыс жүргізу.

39
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  «Шығыс  коллекциясы» 
атты электронды оқулық, бейнефильмнен үзінді.
оқып-үйренген материалды қайталау §16-та берілген сұрақтар мен 
тапсырмалар негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ержүрек сақ тайпалары.
2. Парсы патшасы Кирдің сақ тайпаларына қарсы жорығы.
3. Ерлігі аңызға айналған қолбасшы әйел – Тұмар патшайым.
4. Шырақтың ерлігі.
Жаңа материалды оқып-үйрену барысында «Шығыс коллекциясы» атты 
электронды  оқулықтан  сақ  тайпаларының  қару-жарақтары,  киімдері  және 
ертедегі  қазақ  жерін  мекендеген  тайпалар  өмірінен,  олардың  жорықтары 
бейнеленген  сюжеттен  (бейнефильм  арқылы)  үзінді  пайдаланса,  сабақтың 
тәрбиелік-танымдық мәні арта түсер еді.
Электронды оқулық, бейнефильм болмаған жағдайда, «Қазақ тарихы» 
журналындағы  сақтардың  өмірі,  жорықтары,  жауынгерлері  бейне лен-
ген  иллюстрацияны  пайдалануға  болады.  Сонымен  қатар  «Аруна»  баспа-
сынан  шыққан  «Томирис»  атты  кітаптан  үзінді  және  иллюстрациялық 
материалдарды пайдаланған тиімді.
Осы үзінділер негізінде әңгіме өткізіледі.
1. Сендер сақтар туралы қандай жаңа, тың мәлімет алдыңдар? 
2. Сақтарды неліктен өнерлі де жеңілмейтін садақшылар деп атайды? 
3. Сақ патшайымы Тұмардың ерлігі туралы не білесіңдер?
Мұғалім  оқушылар  жауаптарын  толықтырып,  оларды  өз  қалауы 
бойынша үш топқа бөледі:
Мұнда оқушылардың электронды оқулық, бейнефильм, не иллюстра-
циялық  материалдар  арқылы  көргендерін,  өздері  сыныптан  тыс  қосымша 
әдебиеттен оқығандарын еске түсіріп, суреттеменің әсерлі баяндалуына қол 
жеткізілуі  тиіс.  Тақтаға  тарихи  қайраткерді  сипаттауға  арналған  жаднама 
ілінеді.  Оқушы  қиялының  дамуына  мүмкіндік  беру  қажет.  Сол  үшін 
қолдарынан  келсе  сақ  тайпалары,  жауынгерлері,  қару-жарақтары,  парсы 
патшасы  Кир,  оның  жауынгерлері,  Тұмар  патшайым  туралы  суреттерді 
өздері  салуына  жағдай  жасау  қажет.  Ал  мұндай  жұмыстар  оқушылардың 
осы  бейнелерді  не  образдарды  көздеріне  елестетуге,  оларды  салу  арқылы 
жаңа материалды естерінде жақсы сақтауға, шығармашылық қабілеттерінің 
дамуына  септігін  тигізері  хақ.  Түрлі  карта-схема,  кесте  жасау,  тарихи 
қайраткерлердің  портретін  салу  олардың  пәнге  деген  ынтасын  арттыруға 
көмектеседі.  Сақ  жауынгерінің,  Кир  мен  Тұмардың  рөлінде  ойнауға  да 
болады.

40
Бірінші топ оқушылары оқулықтың бірінші тақырыпшасымен (1–3 аб-
зацтар) танысып, «Ержүрек сақ тайпасының суреттемесін» жасайды.
Екінші  топтың  оқушыларына  «Кир  патшаға»  және  оның  жауынгер-
леріне сипаттама беру тапсырылады.
Үшінші  топ  оқушылары  «Тұмар  –  сақ  қолбасшысы,  патшайымы» 
деген  тақырыпта  сипаттама  дайындап,  тақырыпшаның  күрделі  жоспарын 
жасайды.
Бұл тапсырманы орындауға 7–8 минут уақыт беріледі. Әр топ белгіленген 
уақыт ішінде сипаттама жасайды. Оқушылар тарихи қайраткердің портретін 
жасауы,  сурет,  карта-схема,  кесте,  күрделі  жоспар  дайындауы  мүмкін. 
Олардың  рөлдерін  ойнауы  бағаланады.  Әр  топтан  бір-екі  оқушы  ауызша 
суреттемелер  жасап,  жоғарыда  берілген  тапсырманы  қалай  орындағанын  
көрсетеді.  Сыныптың  басқа  топтағы  балалары  қойған  сұрақтарға  жауап 
береді. Әр топ өз шамасы келгенше тапсырманы қалай орындағанын барлық 
сынып алдында талқылауға ұсынады.
Оқушылар  өздері  қай  топ  оқушыларының  тарихи  қайраткерге  берген 
сипаттамасы немесе портреті жақсы даярланғанын бағалап, сынып бойынша 
шешеді.
Содан  кейін  оқушылар  «Білімпаздар  үшін»  материалымен  әрқайсысы 
өздігінше  оқып танысады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Шырақтың ерлігі.
Бұл  материалды  оқып-үйрену  «Тарихи  тұлға»  сайысын  өткізуден 
басталады.  Оқушылар  үш  топқа  бөлінеді.  Бірінші  топтың  оқушылары 
«Шырақтық  ерлігі»  тақырыпшасының  1–2  абзацтарын  оқып  танысып, 
оның  жоспарын  жасайды.  Екінші  топтың  оқушылары  3–4  абзацты  оқып, 
жоспарын  жасайды.  Үшінші  топ  оқушылары  5–6  абзацтармен  танысып, 
оның  жоспарын  жасайды.  Тапсырмаларды  естерінде  жақсы  сақтап,  оны 
өзара  бір-біріне  айтып,  жоспарын  құрады.  Содан  кейін  балалар  өздерінің 
орындарын  ауыстырады,  яғни  үш  топтан  бір-бірден  үш  бала  бір  партаға 
келіп  отырады.  Олар  бір-біріне  бүкіл  үш  тапсырманың  мазмұнын  айтып, 
жоспарын талқылап үйренеді.
Мұғалім  бақылаушы  ретінде  оқушыларға  қосымша  сұрақтар  қояды, 
жаңа материалды қалай меңгергенін тексереді. Мұғалім:
1. Тұмар-Томиристің, Шырақтың ерлігі сендерге қалай әсер етті?
2. Отанды сүю деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. Қазіргі бейбіт заманда елін, жерін қорғайтын ерлік істер жасала ма? 
Күнделікті өмірден мысалдар келтір.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §17. «Тұмар патшайым», «Шырақтың ерлігі» әңгімелерін 
оқып танысу, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау.

41
§18. алтын киімді адам
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  сақтардың  наным-сенімдерімен  
және қолөнерімен таныстыру. «Алтын киімді адам» – сақ, сармат тайпалары-
ның  сол  көне  дәуірде-ақ  зергерлік  өнерді  жоғары  деңгейде  меңгергенін 
білдіретінін ашып көрсету. Оқушыларда осындай тамаша туындылар жасаған 
еңбек адамына деген құрметтеушілік сезім тәрбиелеу. Оқушылардың тарихи 
құбылысты салыстыра білу біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  «Алтын  адам»  атты 
электронды оқулықтан және бейнефильмнен үзінді.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  §17  әңгімелеріне  қатысты 
берілген сұрақтар мен тапсырмалар негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ертедегі сақ тайпаларының наным-сенімдері.
2. «Алтын адам» – тәуелсіздік символы.
Жаңа материалды оқып-үйрену оқушылардың бастауыш сыныпта және 
сабақтан тыс (күнделікті өмірлерінде) алған білімдері бойынша әңгімелесуге 
негізделеді.
«Алтын адам» туралы не білесіңдер? Ол қай жерден табылған?
Мемлекетіміздің елтаңбасында, Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» 
атты ескерткіште «Алтын адамның» көптеген белгілері бар. Неліктен деп 
ойлайсыңдар?
Мұғалім  оқушылар  жауаптарына  қажетті  түзетулер  енгізіп,  толық-
тырады.
Мұғалім қазақ жерін мекендеген ертедегі тайпалардың наным-сенімдері 
туралы түсіндіреді.
«Алтын адам» атты электронды оқулықтан үзінді пайдаланылады. 
Осы үзіндіден кейін «ми шабуылын» өткізген тиімді. Оқушыларға сұрақ 
беріледі: Неліктен «Алтын адам» – тәуелсіздік символы дейміз? Ойланып 
жауап беріңдер. 
Бұл тапсырманың ерекшелігі – оқушы өз идеясын ұсынады. Бірақ бұл 
идеялар бағаланбайды және талқыланбайды. Идеялар көп болса, соғұрлым 
жұмыс нәтижелі болады. Барлық идеялар бөлінген уақыт көлемінде тақтаға 
жазылады. Ойлардың қайталануы қалыпты құбылыс болғандықтан, уақыт 
аяқталған кезде қайталаулар сызылып тасталады.
Ми шабуылының басты мақсаты – оқушылардың ойын білу, мүмкін-
дігінше  көбірек  пікір  жинау,  олардың  көзқарастарын  анықтау  болып 
табылады.
«Ми  шабуылы»  тапсырмасы  оқушылардың  жаңа  материалды  мең-
гергенге дейінгі білгендерін анықтауға және мәліметтер алмасуға септігін 
тигізеді.

42
Содан  кейін  әр  оқушы  «Алтын  адам»  әңгімесінің  әр  абзацын  оқып, 
ондағы негізгі ойды тауып, дәлелдейді.
Оқулықта берілген қосымша құжат бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады. 
Үйге  тапсырма:  §18.  «Алтын  киімді  адам»  әңгімесімен  танысып, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§19. мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  ғұн  тайпасы,  мемлекеті,  шаруа-
шылығы,  өмірі  мен  тұрмысы,  мемлекет  билеушілері  Тұман,  Мөде  туралы 
түсіндіру.  Оқушылардың  еңбек  адамдарына  деген  құрметтеушілік  сезімін 
тәрбиелеуге  көмектесу.  Оқушылардың  тарихи  оқиғаларды  салыстыру 
біліктерін дамыту жұмыстарын жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бейнефильмнен  үзінді, 
иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  §18  тақырыбына  қатысты 
берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ғұндар.
2. Ғұн мемлекеті.
3. Ғұндардың шаруашылығы, өмірі мен тұрмысы.
4. Тұман – Ғұн мемлекетінің билеушісі әрі негізін салушы. Мөде – Ғұн 
елінің билеушісі.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  ғұндар  туралы  иллюстрациялық 
материалдан  үзінді  келтіруден  басталады.  Мұғалім  ғұндар,  олардың 
мекендеген жерлері, құрған мемлекеті туралы түсінікті тілмен баяндайды.    
Оқушылар  өздігінше  оқулықтың  «Ғұндардың  шаруашылығы,  өмірі 
мен  тұрмысы»  туралы  3-тақырыпшасын  оқып  танысады.  Содан  кейін  §16   
әңгімесін  оқып-үйренуде  бастаған  «Қазақстан  жерін  ертеде  мекендеген 
тайпалардың өмірі мен тұрмысы» атты кестені өздігінше толтыруды одан 
әрі жалғастырады.
Мұғалімнің  Тұман  мен  Мөде  сияқты  Ғұн  мемлекетінің  билеушілері, 
олардың  жүргізген  саясаты,  жорықтары  туралы  әсерлі  әңгімесі  карта 
бойынша жұмыспен ұштастырылады.
Қосымша материал:
«Мөде (б.з.б. 230–174) – Ғұн елінің билеушісі. Әкесі Тұман Ғұн мемле-
кетінің  негізін  салушы.  Б.з.б.  209  жылы  Мөде  Ғұн  мемлекетіндегі  билікті 
өз  қолына  алады.  Ол  билік  басына  келісімен  мемлекеттегі  бытыраңқы 
ұлыстардың басын біріктіріп, тұрақты әскер құрып, қатаң тәртіп орнатады. 

43
Мөде  басқарған,  жорыққа  жақсы  дайындалған  әскерлер  Ұлы  Қытай 
қорғанының  іргесіне  келіп  жетті.  Мөде  Байқал  көлінен  Тибетке  дейін, 
Шығыс  Түркістаннан  Хуанхэ  өзенінің  орта  ағысына  дейінгі  аумақтарды, 
көрші  көшпенді тайпаларының жерін де басып алды. Мөде Алтай өңірін де 
түгел өзіне қаратты. Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. 
Б.з.б. 200 жылы Хань империясының (Қытай) ұрпағы Лю Бан ғұндарға 
қарсы соғыс бастады. Алғашқы ұрыстардан кейін  Мөде өз әскеріне кейін 
шегінуге  бұйрық  береді.  Ал  Хань  әскері  ғұндардың  ізіне  түсіп,  негізгі 
күштерінен алшақтап, қол үзіп қалады. Сол сәтте ғұндар шегінуін тоқтатып, 
енді қытай әскерін төртке бөлінген атты әскермен тау аңғарында қоршауға 
алады.  Қытай императоры әскерімен жеті күн бойы ғұндардың қоршауында 
қалады. Ғұндар қытай әскерін ойсырата жеңеді. Хань патшасы өзінің жеңілісін 
мойындап,  соғысты  жалғастырмауды  өтінді.  Сөйтіп,  қытай  билеушісі  екі 
жақтық келісім бойынша қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын 
бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) мен алым-салық төлеп тұруға 
келіседі. Содан кейін де 177 жылы ғұндар мен қытай шекаралық әскерлерінің 
арасында қақтығыс болып, дипломаттық қатынастар орнатылады. Сонымен 
40 жылға ғұндар мен Ғұн мемлекетінің қуатын мойындаған Хань империясы 
арасында  тыныштық  орнайды.  Мөде  –  ұзақ  жылдар  бойы  өз  халқының 
тыныштығы мен бейбіт өміріне жағдай жасады. 
Б.з.б. 174 жылы Мөде 56 (57) жасында дүние салып, оның ұлы Лаушан 
ғұн мемлекетінің билеушісі болып тағайындалды».
Тұман, Мөде бейнеленген суреттер тақтаға ілінеді, не кадаскоп арқылы 
көрсетіледі. Оқушылар өз еркімен екі топқа бөлініп, осы қайраткердің бірін 
таңдап  алып,  оқулық  мәтінін  пайдаланып,  әр  топ  оқушылары  өздігінше 
кесте толтырады.
«Тұман  мен  Мөде  –  Ғұн  мемлекетінің  билеушілері»  деген  кестені  өз 
бетінше толтырыңдар.
Кесте: «тұман мен мөде – Ғұн мемлекетінің билеушілері»
Билеушінің  
аты-жөні
өмір сүрген 
уақыты
Қандай тарихи оқиғаға 
қатысты?
Оқушылардың бұл жұмысты орындауына 5 минут уақыт беріледі, оның 
нәтижесін ұжым не мұғалім бағалайды.
Оқулықтағы «Сен білесің бе?» деген мәтінді талқылай отырып ұжым 
болып оқиды.
Үйге  тапсырма:  §19.  «Мөде  –  Ғұн  мемлекетінің  негізін  қалаушы» 
әңгімесін оқып танысу, сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.

44
§20. еділ патша
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  ғұн  жорықтары  жайлы  әңгімелеу, 
Еділ-Аттиланы  –  ғұн  қолбасшысы,  саясаткер,  ел  билеушісі  ретінде 
таныстыру.  Оқушылардың  елжандылық  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу. 
Оқушылардың тарихи қайраткерді сипаттау біліктерін дамыту жұмысын 
жалғастыру.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильм, иллюстра циялық материалдар.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  §19  әңгімедегі  сұрақтар  мен 
тапсырмалар негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Еділ-Аттила.
2. Батыс ғұн ұлысы.
3. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
4. Еділдің жорықтары.
Жаңа материалды оқып-үйрену электронды оқулық, бейнефильмнен не 
иллюстрациялық материалдан үзінді пайдаланудан басталады.
Мұғалім  осы  үзінділерді  пайдаланған  соң,  төмендегідей  сауалдар 
бойынша  әңгімелесу  өткізіледі:  Еділ-Аттила  деген  кім?  Ол  қандай  адам 
болған? Аттила туралы қандай фильм, спектакль көрдіңдер? Қандай кітап 
оқыдыңдар? Оның жорықтарының мақсаты қандай? Оны неліктен ғұндардың 
атағын әлемге паш еткен атақты ғұн билеушісі, көреген саясаткер, қолбасшы, 
ержүрек жауынгер деп атайды?
Мұғалім осы сұрақтар арқылы оқушылардың Еділ, оның қолбасшылық 
қабілеттері, жорықтары туралы не білетінін айқындайды.
Мұғалім Еділге – тарихи тұлға ретінде жан-жақты сипаттама береді.
Мұғалім  Батыс  ғұн  ұлысы,  халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы  жайлы 
баяндайды.  Әңгіме  оқушылардың  картамен  жасайтын  жұмысымен 
ұштастырылады.
Қосымша  материал:
«Еділ-Аттила  (400–453)  –  адамзат  тарихында  ерекше  орны  бар  ұлы 
тұлға, атақты ғұн ұлысының билеушісі. 
1667  жылы  француз  драматургі  Пьер  Корнельдің  «Аттила»,  одан 
кейін  неміс  драматургі  Вернер  Цахарастың  «Ғұн  патшасы  Аттила»  деп 
аталатын  туындылары  сахнаға  шығарылған.  Онда  Аттила  құл  иеленуші 
Рим  империясының  іргесін  құлатқан  батыр  бейнесінде  сипатталады. 
Батыс елдерінде Еділ бейнесінде алтын, күміс ақшалар шығарылған. Оқу 
орындарына, көшелерге есімі берілген.
Балаәмірден  кейін  Батыс  ғұн  ұлысын  басқарған  билеушілер  жаңа 
мемлекеттің  іргесін  нығайтып,  Константинопольге  (қазіргі  Стамбул) 

45
дейін  шекарасын  ұлғайтты.  Ал  Руғила  отыз  жыл  патшалық  құрған  кезде 
бүкіл  Еуропаны  дүрілдетіп,  ғұндар  Византия  (Шығыс  Рим  империясы) 
мемлекетіне шейінгі елдерді бағындырды. Олар Батыс ғұн империясына көп 
мөлшерде алым-салық төлеп тұрған. Руғила 433 жылы қайтыс болған соң, 
оның орнына інісінің ұлы Бледа келеді.
Бледа  билік  жүргізіп  тұрған  кезеңде  Ғұн  империясы  ыдырай  бастап, 
бірлігі, тұтастығы бұзылып, ұсақ бірлестіктерге ыдырап-бөлініп кету қаупі 
төнген  болатын.  Міне,  осыған  орай  Еділ  еріксіз  434  жылы  өзінің  немере 
туысы Бледаны тақтан түсіріп, билікті өз қолына алып, елді 19 жыл жеке 
басқарады.
Еділ  билікке  келісімен  Ғұн  мемлекеті  бірлігі  мықты,  мызғымастай 
берік  те  күшті  мемлекетке  айналады.  Еділдің  әділ  патша  деген  аты  бүкіл 
Еуропаға таралды. 447 жылы Еділ Византияға шабуыл жасап, Балқан түбегін 
талқандап, астанаға қауіп төндірді. 448 жылы Дания ғұндардың қол астына 
көшті.  435–436  жылдары  Еділ  Бургунд  королі  Гундахарды  талқандады. 
Көптеген  батыс  халықтары  өз  еріктерімен  оның  жағына  шыға  бастады. 
Сонымен қатар вестгот пен остгот секілді герман тайпаларын ығыстырып, 
ғұндар Еділ мен Рейн арасындағы өңірді иеленді. 
Біраз уақыт өткен соң соғыс өрті қайта өршіп, Еділ Херсонос түбінде Рим 
империясын жеңіліске ұшыратты. Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейінгі 
аралық  ғұндардың  қол  астына  көшті.  Бүкіл  Еуропаны  дүр  сілкіндірген 
ғұндардың  қаһарлы  жорықтарында  Еділдің  қолбасшылық  қабілеттері 
ерекше байқалды.
448 жылы Рим империясы Еділге елші жіберіп, ғұндармен бітімге келу 
арқылы алым-салық төлемеу, білдірмей Еділге у беріп өлтіруді ойластырды. 
Рим  елшілігінің  астыртын  ұйымдастырған  Еділге  қастандығы  іске  аспай 
қалады. 
Біздің  заманымыздың  бірінші  ғасырында  құл  иеленуші  империялар 
көптеген  соғыстар  жүргізудің  нәтижесінде  өте  ұлғайды.  Мұндай  ірі 
мемлекеттерді  басқару  қиынға  түсті.  Осы  мемлекеттердің  өз  ішіндегі 
билеушілер  мен  қарапайым  халықтар  арасындағы  күрес,  жеке  аймақтар 
көтерілісі,  мыңдаған  құлдардың  қашып  кетуі,  қолбасшылар  арасындағы 
билік  үшін  талас  жүріп  жатты.  Құл  иеленуші  құрылыс  жойылу  алдында 
тұрды.  Рим  империясының  қол  астындағы  халықтар  қолына  қару  алып 
өздерінің азаттығы мен бостандығын қорғады. Дәл осы уақытта 451 жылы 
Еділдің Батысқа жорығы басталды. Ол Рейн өзенінен өтіп, қазіргі Миланды 
және  бірнеше  қалаларды  басып  алды.  Әлемде  теңдесі  болмаған  Каталун 
шайқасында екі жақтан 165 мыңға жуық ғұндар мен рим әскері қаза болды. 
Бұның нәтижесінде құл иеленуші Рим империясы құлады. Әбден ашынған 
Галлия,  Бельгия,  Лютецин,  Париждегі  құлдар  өз  бас  азаттығын  алу  үшін 

46
көтерілді. Сөйтіп, құл иленушілік құрылыс жойылды. Еділ мүмкіндігі бола 
тұрса да, Рим қаласын қиратуға жол бермейді.
Рим  империясының  үстемдігінен  азат  етілген  елдер    Еуропада  жеке 
мемлекеттерін  құрды. Әлем тарихында ортағасырлық дәуірдің басталуына 
ықпал жасады. Осындай жеңістен соң Еділ Рим императоры ІІІ Валентиннің 
қарындасы  Гонорийге  үйленді.  Содан  кейін  Бургундия  королінің  қызы 
Илдионаға үйленіп, соның қолынан 453 жылы қаза табады. Елі үшін туған  
әйгілі қолбасшының орнына оның ұлы Еллақ таққа отырады. 
Еділ  Еуропа  елдерін  түгел  бағындырған  әйгілі  ғұн  билеушісі 
ретінде  әлемге  танылды.  Еуропа  елдері  оның  дарынды  қолбасшылығын, 
ержүректілігін, ақылдылығын мойындап, бас иген. Еділ ғұндардың атағын 
әлемге паш еткен атақты ғұн билеушісі.
Оқушылар дауыстап «Білімпаздар үшін» материалынан Аттила туралы 
әңгімені сұрақ-жауап түрінде оқып, мәнін сынып оқушыларына түсіндіреді.  
Оқушыларға  бұның  алдында  өткен  сабақтарда  пайдаланған  жаднама 
бойынша  Еділ-Аттилаға  сипаттама  беру  тапсырылады.  Жаднама  плакатқа 
(ватманға) жазылып тақтаға ілінеді, не кадаскоп арқылы көрсетіледі. Енді 
осы жаднамаға назар аударайық.
Жаднама: 
тарихи қайраткерге сипаттама:
Осы адамның іс-әрекетіне қатысты тарихи жағдайды суреттеңдер.
Оның  қандай  ортадан  шыққанын,  оның  қандай  адамдармен  қарым-
қатынаста болғанын естеріңе түсіріңдер.
Оның бет-пішінін, келбетін, мінез-құлқын (оқулық, қосымша материал, 
иллюстрациялар  негізінде)  суретте.  Оның  мінезінде  саған  не  ұнайды,  не 
ұнамайды? Неліктен?
Ол  өзінің  ойлаған  мақсатына  жету  үшін  алдына  қандай  міндеттер 
қойды?
Оның (жазушы, ақын т.б.) еңбектерін ата. Не оның қандай ерлік істер 
жасағанын қысқаша айт.
Оның қызметіне қандай баға бересің? Өз ойыңды дәлелдеп, қорытынды 
жаса.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулыққа сүйеніп, «Еділ – 
ұлы жауынгер» атты әңгіме құрайды.  
Мұғалім  оқушыларға  тапсырманың  мақсатын  түсіндіреді  (не  істеуге 
тырысу қажет және оған қандай жолмен қол жеткізуге болады). 
Құрметті оқушылар! Сендер жұппен жұмыс істеп, тапсырманы дұрыс 
орындауларың  керек.  Ол  үшін  оқулық  мәтінін  мұқият  оқып  шығыңдар. 
Талдауға  10  минут  уақыт  беріледі.  Әр  топтың  пікірін  сынып  болып 
талдаймыз.

47
Мұғалім топтағы оқушылардың жұмысын бақылайды. 
Берілген  уақыт  біткен  кезде  әр  топтың  оқушылары  өз  тапсырмалары 
бойынша  көзқарастарын  білдіреді  (әңгімелейді).  Топтық  жұмыстың  нәти-
жесін баяндайтын оқушы өзінің жеке пікірін емес, топтағы оқушылардың 
көзқарасын жеткізуі тиіс. Мұғалім топтарға өздерінің жеке пікірін айтуды 
ұсынады.  Оқушылар  тапсырма  бойынша  өз  пікірлерін  дәлелдейді.  Содан 
кейін  оқушылар  сынып  болып  әр  топтың  пікірін  талдайды.  Мұғалім 
оқушылардың  жауаптары  негізінде  ортақ  қорытынды  шығаруға  бағыт 
береді. 
Үйге  тапсырма:  §19.  «Еділ  патша»  атты  тақырыппен  танысып,  оның 
күрделі жоспарын жасап келу.
              


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет