Б. Момышұлы – М. Əбдіхалықов
Əбдіхалықов Мұқамеджан (1938-1947) – Оқу комиссары, КПК
секретары.
Тіл – ұлттың өзегі. Тіл бар жерде ұлт бар. Жалпы ұлт болып
қалыптасу үшін бес нəрсе қажет: территория, экономика, тіл, мə-
дениет, психология. Дағыстанның ұлы ақыны Расул Гамзатов бы-
130
131
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
лай деген: «Егер авар тілі ертең өлетін болса, мен бүгін өлер едім».
Сондықтан да Қазақстан тəуелсіздік алғаннан да бұрын «Тіл ту-
ралы заң» қабылданғаны кездейсоқ емес еді. Өйткені қазақ тілі
көпе-көрнеу көзден ғайып бола бастаған кез болатын. Бұл импе-
рияның түпкілікті саясатының басты мақсаты, халқымыздың тілін
жойып, сонан соң оның өзін этнос ретінде тарих сахнасынан бір-
жола ығыстыру еді. Бұл басымдылық соғыс кезінде əскери ко-
мандалардың, тапсырмалардың, əскери стратегиялар мен тактика-
лардың, соғыс жүргізу амалдарының барлығы бірыңғай орыс тілі-
нің арнасына бағытталғандарынан тайға таңба басқандай байқалып
тұратын. Оған қарсы тұру мүмкін емес еді. Бұл, əсіресе, орыс тілін
білмей ауылда өскен, кейін əскер қатарына шақырылғаннан кейін
орыс тілінде берілетін командаларға түсінбей қиналған орыстан
басқа этностарға қырын қаралуы кездейсоқ емес-тін. Өйткені тіл
білмеген солдаттардың ойлау қабілеті төмендеу деген лақаппен,
оларды көбінесе қара жұмысқа жегу, жауапты тапсырмалардан қа-
шықтау ұстау, атакаға алдыңғы шепте жау оғының өтіне бірінші
бағыттау сияқты кемсітушіліктер өте көп орын алған-ды. Осылар-
дың бəрін байқап, ой елегінен өткізген Б. Момышұлын тіл мəселе-
сінің мазалай бергені көрініп-ақ тұрды. Оның сол кезде фамилия-
сын «ов» емес, «ұлы» деп атауы, оның тілге аса патриоттық маңыз
бере отырып, ұлттың болашақ тағдырына шешуші реңк беретініне
толық сенді. Тілге күресті соғыс майданында жүріп-ақ бастап кетті.
Б. Момышұлы зер салған мəселелер аз емес еді. Соның ішінде ең
өзектісі, əрі жоғарыда айтқандай ең маңыздысы тіл деп тауып,
1944 жылы ол майданнан аз уақытта Алматыға келгенде тіл мəсе-
лесін бір сəтте ұмытпау керектігін айтып дабыл қағады.
Баукең өз хатында: «Менің көзқарас, ұғымдарымның бəрі бір-
дей дұрыс бола бермес деп» алдын ала ескертеді. Былай дейді:
«Ежелден, атам заманнан тіл – елдің мəдениеті, əдебиеті өсіп-өніп,
отбасындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың,
жалпы мəдениеттің арнаулы құралы – ғылымның атаулы саласы
екендігі даусыз... Тілсізді хайуан дейді. Тілі кедей елді мəдениет-
сіз, анайы, надан халық деп санайды».
Қазақ тілінің өзімен көршілес жатқан елдердің тілінен сорлы
еместігін атай келіп, Баукең бəрібір алаңдаушылық білдіретін сияқ-
ты. Өйткені, армияда болсын, Алматыда болсын, т.б. қазақ тілінің
ахуалының ойдағыдай еместігін байқап жүрген əскери адам, тіліміз-
дің көрші өзбек тілінен олқы екенін іштей сезетін сияқты. Тіл тау-
сылып құрыса, ұлттың мəнісінің болмайтынын, Ресейдің солтүс-
тігіндегі халықтардың тағдырынан, өзінің сергектігімен байқаған.
Бізге алып империялық тілдің (орыс тілінің) қауіптілігін Баукең
о бастан байқап сезген-ді. Жұтып жібермей, ұлт дербестігін қалай
сақтап қаламыз деген қомақты сұрақты келер ұрпаққа бағыттаған-
дай. Біз, Ресеймен кіндіктесіп жатқандықтан, империяның құра-
мындағы қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр екені шындық еді. Мен
немістерді өлтіргенде, тілімді қорғаштап өлтірдім, егер бұл тілді
көрші алып, тілді жұтып қоятын болса, мен оны босқа қорғадым
ғой деп, шынтағымды шайнамаймын ба?
Баукеңнің бұл сұрағына тарихтың заңдылығы, Тəуелсіздік ға-
на дұрыс жауап берді!
Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев: «Тілі өлмеген халықтың өзі де
өлмейді, ол Мəңгілік Ел болуға құлаш сермейді», – деп сөзді қадап
айтты. Енді, біз, тілі мəңгі Мəңгілік Елге айналдық. Сол кездегі тіл
тағдырының мүшкіл екендігіне Баукең мынадай мысал келтіреді:
Февральдің 15 күні кеселханаға түсе салысымен, көңілімді сұ-
рағалы көптен көрмеген бір таныс орыс əйелі Н.А. Сахарова дейтін
келіп отырып, қазақша жазылған бір парақ қағазыма көзі түсіп:
– «Бауыржан, почему вы пишете по казахский?», – деп таңғала
сұрақ қояды.
– Вы меня удивляете, Нина Александровна, почему я не дол-
жен писать по казахский на родном языке? – дедім мен.
– «Ведь многие казахи не пишут и не разговаривают, потому
что не выразишь свои мысли-то что хочешь, сказать не скажешь...
До того говорят ваш язык бедный...», – деп түйеден түскендей ұял-
май-қызармай айтып отыр.
Не дерсің, сөзі өңменімнен өтіп кетті. Ол кісіге, əлімнің кел-
генінше, теріс ұғымын дұрыстап түсіндірдім. Кейіннен білдім,
Н.А. Сахарова осындағы бір Халық комиссарының бірінші орын-
басары екен. Қазақстанға келгеніне он жылдан асқанын бұрыннан
білуші едім. Жəй орыстың шүйкебас қыздары емес, көзқарасы,
ұғымы қазақ тілі туралы осындайлығына ішімнен қапаланып «жа-
рыған екенбізді» қалай айтпассың, қалай ойламассың?...
Осы қағаздағыларды жазуыма қамшы болғанның біреуі сол он
жыл тұрып, Қазақстанның нанына семіргеннен басқадан хабарсыз,
ел басқарушылардың қатарына кіріп қалған (не арқылы екенін
құдай білсін), надан, хабарсыз «замнаркомша» елдің сорына біткен
кейбіреулердің уəкілі болған соң, оларға сондай ұғым тудыруда
алдымен өзіміз жазықты екенімізді мойынға ала отырып, бүгіп
қалуды қажетсіз деп тауып мысалға келтіріп отырмын».
Империя қазақ ұлтын этнос ретінде жер бетінен жою үшін
қазақ тілін нашарлата, жансыздандыра отырып, оның болашағының
132
133
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
бұлыңғыр екендігін қазақтардың өзіне мойындату күн тəртібінде
тұрды. Ол тарихи шындық та еді. Мысалы, қазақ мектептерінің
жаппай жабылуы қолға алынған, бұған дəлел Тəуелсіздік алған
жылы Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі қалған еді. Мұны қазақ
зиялыларының көзін бақырайтып қойып, орталық (Москва) күшпе-
нен, қазақ мектептерінің санын жоспарлы түрде қысқартып отырған.
Қазақ тілінің баяу дамуының өзіндік себептері болды:
Қазақ тілі кеңсе тілі емес, мемлекет іс-қағаздарын жүргізуге
қауқарсыз, салмағы шамалы, дөрекі, тіл байлығы таяз, сөз қоры
аз, икемсіз, онымен өз ойыңды еркін айта алмайсың деп өтірік жала
жауып, адамдардың өзінің қазақ тіліне дегендегі сенімсіздігін арт-
тырды.
Орыс тілі екі өкпесінен қысқан кезеңде нан тауып жеу, қызмет-
те көтерілу, қарым-қатынаста орыстармен ортақ тіл табу үшін,
қазақтың үлкен-кішісі, бала-шағасы орыс тілінде шүлдірлеуге
мəжбүр болды. Жұмысқа, қызметке орналасу үшін өтінішті орыс
тілінде жазу, қате жазса оны түзету немесе орыс тілін білетіндерге
жалынып жазғызу қазақ тілін менсінбеушілікке əкеп соқтырды.
Орыс тілін білмесе де шүлдірлеп сөйлеп нан тауып жеу қазақтар
арасында өмір сүру нормасына айналған. Жас немесе кексе жазу-
шыларымыз, журналистеріміз, т.б. қалам тартып жүрген зиялы
қауым өкілдерінің де кейде, байқамай қалса да сөйлемдерінде бас-
тауыш, баяндауыштардың қайда екенін анықтау қиынға соқты.
Көсемсіп жүрген тіл мамандарының өзі немере-шөберелері-
нің қазақ тілін ана тілім деп танымай, қазақша дұрыс сөйлеп, жа-
зып, оқып өсуді міндетім деп білмейтін, оны əуес көрмейтіндерді
көшелерде, дүкендерде, мемелекеттік кеңселер мен орындарда, тіпті
лауазымды адамдардың кабинеттерінде тілді бұзатындарды табан
астынан көруге болады. С. Торайғыров былай дейді:
Қаланың соты құрсын шүлдірлеген,
Түсіне алмай құлағым дүңгірлеген.
Ақ-қараңды тексеріп бермек түгіл,
Қазақша жалғыз ауыз тіл білмеген.
Б. Момышұлының пайымдауынша, бұқаралық ақпарат құрал-
дары, газет-журнал, радио – халыққа етене жақын жаңалықтарды
лезде халыққа жеткізіп тұратын сөз құралы. Үгіт-насихат та, ха-
лықты тəрбиелеу де осы құралдардың еншісінде. Сондықтан газет
бетіндегі мақалалардың сапасы жақсы болу керек. Өйткені күнде
халық оны оқудан, радионы тыңдаудан қалып, ол олма, қойшы
соны тəйірі деп бір-ақ қол сілтеуден тайынбайды. Кейде бір нəрсе
орауға қағаз керек болса: «Ана қазақша газетті бере тұршы, ақыры
оқылмайды ғой», – деп қазақ газеттерін мысқылдайды, қадірін ке-
тірген жайдың бірнеше рет куəсі болдық. Бертін келе өткен ғасыр-
дың 60-жылдары қызыл империяның қолдан жасалған қысымы-
нан қазақ басылымдарының («Қазақ əдебиеті» мен «Социалистік
Қазақтан») жабылу қаупі төнгенін білеміз. Сонда сол кездегі Ми-
нистрлер Советінің Председателі Жұмабек Ташенов табан тіреп:
«Этих газет открывали не вы, и не вам закрывать», – деп жапқыз-
бай қойған-ды. Міне, қазақша басылымдар мен радионың, кейінірек
тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде қазақтардың саны елі-
мізде 27%-ке дейін төмендеген. Керісінше Октябрь революция-
сынан кейін қазақ халқының үлес саны 94% болған. Сол кездегі
империя басшысы Н. Хрущевтің құйтырқы «тың игеру» деген сая-
саты Қазақстанды тоз-тоз етіп, əншейін алғашқыда республиканың
формасын жасап, кейініректе қазақ халқын этнос ретінде жою күн
тəртібінде тұрды. Ол үшін қазақ тілін қолданыстан əдейі ығыстыру
қажет болды. Жазушы Бауыржан Момышұлы сол кездегі баспа
басшыларының қорқақтығын, жүрексіздігін, табан тіреп тұра ал-
майтындығын сынға алады. Кім біледі, мұндай қорқақтыққа реп-
рессияның салқыны тиді ме деп ойлайсың. Барлығы бір-бірімен
байланысты дүние ғой.
Бауыржан Момышұлы сонымен қатар аударма мəселесіне тоқ-
тамай өтпейді. Классик, ақын-жазушылардың орыс тілінен аудар-
масының «мазмұнын бұзбаймын» деген жасқаншақтық пен қор-
қақтықтың кесірінен қазақ оқушыларына ұнамсыз «сложное пред-
ложениемен» аударылып, бүкіл жұртшылыққа сіңімді болып
кетпей отырғандығы өзіңізге мəлім, – деп М. Əбдіхалықовтың на-
зарын аударады:
Көркем əдебиет, өлеңдер аудармаларында бірнеше сорақы мы-
салдарды кездестіруге болады. Лермонтовтың 1836 жылы Еврей-
ская мелодиясы негізінде Абайдың 1893 жылғы аударуымен са-
лыстырып дəлелдейді.
Б. Момышұлы тіл туралы тағы бір бұрмалаушылыққа жол бе-
рілгендігіне назар аударады. Қазақтың тілін орысшамен байыта-
мыз деген мақсатпен қазақша іркілмей айтатын сөздердің орнына,
жан қиналмайтын орысшаны жаңбырдай жауғызып жіберіп сөйлеу
əдеті болып кеткен.
Район – дейді «аудан» деудің орнына
Село – қыстақ
Плен – тұтқын
Доклад – баяндама
Компания – науқан
134
135
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Пропоганда – насихат
Дисциплина – тəртіп
Герой – батыр
Наступление – шабуыл жəне т.б.
Б. Момышұлы ауылы Жуалыға барғанда, егде тартқан колхоз-
шылар: «Шырағым, біз уəкілдер мен оқымысты балалардың сөзіне
түсінбейміз, жартысы орысша, жартысы қазақша, тіліміз не болып
бара жатыр?» – дейді. Шамасы, орысшалау дерті бүкіл Қазақ-
станды жайлап алған болу керек. Сайып келгенде, жазушы Б. Мо-
мышұлы тілдің тағдыры дегендегі патриоттық сезімі намысқа то-
лып, партияның секретарына тілді жаңғырту мақсатында 13 пункт-
тен тұратын ұсыныс жасайды. Кейіннен белгілі болғандай, Б. Мо-
мышұлының тіл туралы ұсыныстарына қарай Қазақстан КП ОК-
де қарар жазылып, оны бекіту мəселесі күн тəртібінде тұрғанда,
біреулердің көреалмаушылық немесе керітартпалық қарсы пікірле-
рінің нəтижесінде қарар қабылданбай қалыпты.
Халқымыздың басына күн туған шақта, тұлпарлар ауыздықпен
су ішіп, елін, жерін жаудан қорғаған батырлар етігімен су кешкен
кезеңдер болса да, Б. Момышұлы бір сəт соғыстан толастап елдегі
биліктің, əдебиеттің, ғылымның, т.б. тұтқасын ұстаған тұлғалармен
тіл тағдыры туралы хат алысуды жөн көрген. Өйткені оның да-
рындылығы, жоғары патриоттық рухы, қамқорлығы білімділігімен
сабақтасып, арнасынан шығып тасып жатқан жайы бар еді. Сондық-
тан хаттарында Қазақстан үшін, халқының тағдыры үшін үлкен
рухани, əлеуметтік жəне саяси мəселелерді көтеріп оны шешудің
жолдарын іздеп ақылдасып отыратын-ды.
Б. Момышұлы хаттарының тақырыбы əртүрлі мəселерге арнал-
ған, мəселен, К. Смаиловқа («Қазақфильм» киностудиясының ди-
ректоры) «Волоколам тас жолы» фильмін түсіру жөнінде М. Бе-
галиннің сценариін оқып, біраз ескертулер жасайды. Ал, А. Бектің
«Волоколам тас жолын» болашақ киноның негізі етіп алуға бол-
майды, өйткені А. Бек автор ретінде оның ойлау масштабы, терең-
дігі жетіспейді дейді. Ол соғысты əншейін əскери еліктеу жағын
басым етіп көрсеткісі келеді. Ол соғысты басынан өткермеген
адамның тірлігі, сценарийі жай ғана адамның азаматтық көзқарасы
сияқты. А. Бектен басқа бұл əскери тақырыпқа жазған авторлар
баршылық. Соғыс тақырыбы аса маңызды, əрі саяси мағынасы
терең болғандықтан, оған жан-жақты зерттелген тұрғыдан келген
оңды болмақ. Сондықтан мен осы сценарийге нақты мынадай ескер-
тулер айтамын, жетіспейтін ең негізгі мəселелер: а) тема «За нами
Москва», ... Он смущенно согласился мною».
Сондай-ақ Баукеңнің 200-ге тарта хат алысып беріскені бар
екен. Соның ішінде: Н. Оңдасынов (председатель СНК КазССР),
Қ. Сатпаев, Д. Қонаев, М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ж. Та-
шенов (Қаз Министрлер Советінің председателі), М. Қаратаев
(Қазақ Совет Энциклопедия бас редакторы) жазушы, мемлекет жə-
не т.б. қайраткерлердің қатары бар.
Батыр жазушы қазақ тілін байыту, былайша айтқанда, оны
əлемдік тілдік кеңістікке көтеру мəселесіне де тоқталады.
Қазақтың біртуар, қайталанбас ұлы Б. Момышұлы отты жыл-
дарда жүріп, халқына деген патриоттық сезімін бір толастатқан
емес. Халқымыздың тілі, салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы мəңгілікке ша-
қыратын құндылықтар екенін бағалай біліп, оны ылғи қастерлеп
отырған. Елге қайтқанда оларды еселеп жандандыруға атсалысты.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары елімізде айтыс өнері
қанат жая бастаған кезең болатын. Сол жылдарда белгілі ақын, тегі
орыс, жаны, дүниетанымы қазақ Надежда Лушникова алға суыры-
лып шығып, маңдайы жарқырап, сахнаға шығып, қалың жанашыр
көрерменді тамсандырған-ды. Оңтүстік өңірдегі Қызылорда, Шым-
кент, Жамбыл облыстары ақындарының айтысы аяқталғаннан кейін,
қазылар алқасының ұйғарымымен, ақындарға жүлделер таратыла-
ды. Əртүрлі бағалы заттар: кілем, шапан, сағат, т.б. беріледі. Осы
жерде Б. Момышұлы да қатысып отырады.
Айтыс соңынан түрлі марапаттар иесін тауып, кезегі келгенде
қазылар алқасы Надеждаға ерлердің «Маяк» сағатын сыйға ұсына-
ды. Осы мезетте залдың алдыңғы қатарында əлдекімнің саңқ еткен
қаһарлы үні залды селт еткізеді.
– Жоқ, Надя, алмайды бұл сағатты! Ұзын бойлы, офицерлік
киімде, қара-сұр мұртты адам орнынан тұрып, батыл сөйлеп кетеді.
– Менің ана тілімде асыл сөздерді маржандай теріп, жұрттың
жүрегін тербеген шүйкедей сары қыз! – деді ол жұртқа Лушнико-
ваны нұсқап. Зал сілтідей тынып, демін ішіне тартып тына қалады.
– Сенің тіліңді біліп, сайрап, жəй сөзіңді сөйлей беретін орыс,
неміс, өзбек, чечен, қырғыз толып жатыр, – деді ол енді төрешіге
қадалып. – Бірақ сенің тіліңді өз тіліңнен артық білетін осы Надеж-
дадан басқа кімді көрдің, айтшы кəне? Кешегі Мариям Жагорқы-
зының жөні бір басқа. Дəл бүгінгі бас бəйге біздің тілімізде бұл-
бұлдай сайраған осынау кішкентай қызға берілуі тиіс! Сыйлық
үлестіріп болғаннан кейін, Баукең əйелі Кəмəш екеуі Надяны орта-
ларына алып, зергерлік бұйымдар сататын дүкенге барады. Дүкен-
нен таңдап жүріп, «Лира» маркалы алтын сағатты сатып алады да,
Баукең зергерге апарып, оның қақпағына мынадай сөздер жаз-
136
137
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
дырады: «Надя, шеберлігің үшін. Б. Момышұлы. 25.02.64 ж.». Са-
ғатты Лушникованың қолына тағып жатып, Бауыржан тебіреніп
былай дейді: «Мұны саған Бауыржанның бергені деме, адал жү-
рек, асыл өнерің үшін саған қазақ халқының сыйлағаны деп біл, игі-
лігіңе тақ, қарағым...».
Отаншылдықтың, ұлтын сүюдің шынайы бір символы – осы
болса керек!
Халықаралық терминдегі псевдопатриотизм.
Алдыменен мемлекеттік тілдің жағдайы туралы. Осыдан бір-
неше жыл бұрын: «Қазақ тілінің функционалды қызметі жоқ»
(Н. Масанов), «Қазақ тілі жарлылардың тілі» (М. Қабанбаев), «Қа-
зақ тілінің болашағы жоқ» (А. Тажутов) деген пікірлер орын алған
еді. Əрине, бұл сияқты келте қойылған пікірлер тəуелсіз тіліміздің
даму болмысы мен барысына тежеу салғаннан басқа пайдасы жоқ.
Елімізде титулды ұлт қазақ болғандықтан, оның тілінің үстемдік
өмір сүруі заңдылық. Ерте ме, кеш пе мемлекеттік тіл өз мəртебе-
сіне ие болатындығына дау жоқ. Əйтсе де, мемлекеттік тіл баяу
болса да, еңсесін тіктеуге тырысуда. Дегенмен, ол «тар жол, тайғақ
кешу» процесін бастан кешіруде. Жоғарыдағы аталмыш кереғар
пікірлер ұлттық намысты қамшылауға бағытталған деп түсінсек те
болады. Мемлекеттік тілдің бауырын баяу жазуының объективтік
жəне субъективтік себептері баршылық.
Қазақ тілінің ұзына ғұмырында орыстандыру саясатынан едə-
уір зардап шеккені баршаға мəлім. Бұл орыс тілінің қуаттылығын
сипаттайтын жағы. Одан əрі тереңдесек, бүгінде орыс тілі Біріккен
Ұлттар Ұйымында əлемдік тілдердің қатарына жатады да, ол тілде
жүздеген миллион адам қарым-қатынас жасайды. Ал, 10 миллион
халықты қамтитын қазақ тілі өте шағын этностардың тіліне жата-
ды. Былайша айтқанда, орыс тілі қазақ тілін бірнеше рет орап алып
жатқандай жағдайы бар. Олай болса, жалпы тіл – оның ішінде, тер-
мин мəселесінде солтүстік көршімен бəсекелесудің қажеті шамалы.
(Бұл орыс тілінен енген терминдерді жаппай аударудың пайдасы
жоқ деген ұғымға саяды). Керек болса, қазақ мектептерінің өзінде
балалар орысша сөйлеуге бір табан жақын тұратынының себебі де
орыс тілі қолданыстағы терминдерімен оралымға тез келеді. Біздің
Ресеймен шекарамыз 7,5 мың км, бұл бүкіл шекарамыздың жар-
тысынан астамын құрайды. Бұл жөнінде Ресеймен кіндігіміз бір
екендігі тарих болмысында солай шешілген. Ал, олардан келетін
технологиялық жағынан дəстүрлі сапалы товарлар, телехабарлар,
мəдени іс-шаралар, баспахана өнімдері жəне т.б. біздің тұтынушы-
лардың көкейінен шығып, психологиялық жағынан ұтымдырақ кө-
рінеді, керек болса, моральдық-психологиялық тұрғысынан көзге
көрінбейтін «қысым» жасайды. Ал, Ресейдің ғылымы, техникасы,
əскери искусствосы, т.б. əлемдегі көшбасшылардың бірі болып
есептелетіндігінде дау жоқ. Оған ұзақ уақыт санамызда орын ал-
ған «солтүстік көршінің» не істесе де «артықшылығы» көрініп тұ-
ратындығы (əсіресе, тілде), уақытша болса да, құлдық психология-
мен жалғасады. Міне, осылар жəне тағы басқа аргументтер мем-
лекеттік тілдің қанатын кеңінен жаюға объективті түрде кедергі
жасауда. Бұларды «орыс факторы» деп жинақтап айтуға əбден
болады.
Бұған қосар болсақ: экономикамыздың шарықтап, дамып, Қа-
зақстанның тілдік патриотизмінің қалыптасуына шешуші ықпал жа-
сай алмай отырғандығы; демографиялық өсудің əлі түбегейлі түрде
титулды этностың пайдасына шешілмей жатуы; титулды ұлттың
əлі де болса ұлт болып қалыптасуының баяу дамуы, соның нəтиже-
сінде ұлттық намыстың шыңдалуының кешеуілдеуі (мысалы, ауыл-
дан келген қазақи автобус жүргізушілердің салонда отырғандардың
дені өз ұлтымыздан болса да, аялдаманы орыс тілінде хабарлауы,
құлаққа жақпайтын орыс музыкасын қоюы, «асфальтта туғандар-
дың» қазақ тілінде сөйлеуге арлануы, т.б.); терминдерге псевдо-
патриоттардың қырғидай тиіп, жөнсіз қазақшаға аударуы сияқ-
ты т.б. субъективтік жағдайлар мемлекеттік тілдің мəртебесін
тежеп бағуда.
Көтеретін мəселелердің басын ашар болсақ, басқа этностар-
дың ұлтымыздың көркем əдеби тілін білуге үйренуге ынталы екен-
дігі, бірақ мəселе терминдердің айналасында болып отырғанды-
ғына басты назар аудармақпыз.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіліміздің еңсесін тіктей алмауының
өзіндік себептерімен бетпе-бет келіп отырмыз. Саралай келсек, ха-
лықаралық терминдердің ғылымды, əдебиетті, мəдениетті, тілді, т.б.
дамытудағы ролінің зор екендігін байқаймыз. Біздің пайымдауы-
мызша, мемлекеттік тілге зор кедергі келтіріп жатқан терминдегі
псевдопатриотизм (жалған патриотизм) болса керек. Тілдің баяу
дамуының обьективтік жəне субьективтік себептері бар.
Объективті себептер:
Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Жа-
сыратыны жоқ, алып тіл. Қазақ тілі оның қасында – карлик тіл.
Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7,5 мың км
(барлық шекарасының 52%). Бұл біздің Ресеймен барлық жағы-
нан кіндігіміздің бір екендігінің айғағы болып есептелетін геосая-
саттық жағдайды ескермеуге болмайды.
138
139
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
10 млн. қазақ халқының тілін орыс пен ағылшын тілдері екі
өкпеден қысып демін алдырмай «шабуылдауда»:
а) қалыптасқан пікір бойынша, Ресейден шығарылатын жоғары
сапалы тауарлар орыс тілін кереметтей «насихаттауда»;
б) орыс тіліндегі мəдениеттің, ғылымның, өнердің, əскери қуат-
тың, техника-технологияның, дипломатияның, юриспруденцияның
əлемдік деңгейден көрінуі;
в) Ресейдің əлемдік дипломатиядағы тегеурінді ықпалы, т.б.
Оның үстіне санамызға ғасырлар бойы сіңіп кеткен орыс тілі-
нің «құдіреттілігі», байлығы, оралымдылығы, икемділігі оның ар-
тықшылығын айқындап біздің психологиямызға «қысым» жасап
жатқаны тағы бар. Тіпті, қазақ мектептерінде балалардың өзі орыс-
ша шүлдірлеп кететіндігін ескерсек, «орыс тілінің мысы қазақ тілін
желкесінен басып тұр» дегенді аңғартады. Сондықтан қазақ тіліне
бетбұрыс жасау орасан қиындықтарды туындатуда. Бұларды «орыс
факторы» деп жинақтап айтуға əбден болады. Біздің жағдайы-
мызда заманында «орыс факторынан» нəр алып мəдениетіміз бен
ғылымымызды дамытуға зор ықпал жасалғаны тарихи шындық.
Өйткені, ғылымы еуропаша дамыған Ресеймен біз кіндіктесіп жа-
тырмыз. Бұл жөнінен этикалық мəні бар К. Маркстің сөзі тілге
оралады: «Кто забывает свою историю, тот рискует её заново пе-
режить». Сондықтан біз тіл мен ғылым жөнінен Ресейден қанша
іргемізді аулақ саламыз десек те, «орыс факторы» мемлекеттік
тілдің етегінен тартып бой жаздырмауда.
Сондықтан орыстардың халықаралық терминдерді намыстан-
бай сөздік қорына енгізіп ұтымды пайдалану практикасын ескере
отырып, біз де соны байыппен іс жүзіне асыруымыз керек. Бұдан
біз ұтқанбыз, ұтамыз да.
Демек, біз көрсеткен факторлар бізден тəуелсіз, объективтік
шындық болып есептелінеді.
Субъективтік себептер деп адамдарға, өзімізге байланысты мы-
надай жəйттерді айтуға болады:
1. Экономиканың ойдағыдай дамымауы қазақстандық тілдік
патриоттық сезімді қалыптастыруда шешуші ықпал жасай ал-
май отыр, былайша айтқанда, біздің адамдардың əсіресе, басқа
этностардың өкілдерінің жер шарының қай түкпірінде жүрсе де,
менің Қазақстаным деген отансүйгіштік сезімінің баяу қалып-
тасуы. Ал керісінше, дамыған, əл-ауқаты жоғары елдердің азамат-
тарында мұндай жоғары сезім қанына сіңген, оларды өзектесең де
шет жаққа кетпейді, нəтижесінде тілді еріксіз үйренуге мəжбүр
болады.
2. Демографиялық ситуацияның əлі түбегейлі түрде, титулды
этносымыздың пайдасына шешілмей жатуы (біз үшін оның саны
70-80% жету керек);
3. Титулды қазақ ұлтының рухани-психологиялық намысының
баяу қалыптасуы (мысалы: ауылдан келген қазақы автобус жүргі-
зушісі мен оның көмекшісі, салонда отырғандардың дені титул-
ды ұлттан болса да, аялдаманы бұрмалап орыс тілінде хабарлауы,
өзімізді қойып батыс-орыс музыкасын шулатып қоюы, «асфаль-
тта туғандардың» қазақ тілінде сөйлесуге немесе музыка тыңдауға
арлануы. Мұндай жағдай Ресей тарихында XIX ғ. бас кезінде бол-
ған. Л.Н. Толстой жəне басқалардың романдарын еске алсақ, орыс-
тардың француз тілінде сөйлесуі өзінше «мода» болған);
4. Халықаралық терминдерді сол күйінде қолданудың мемле-
кеттік тілді дамытудағы ролінің маңызы мен терминдегі жалған
патриотизмнің (псевдопатриотизм – pseudos – грек сөзі жалған)
тілді дамытудағы кедергілері өз алдына. Біздің əңгімеміздің ар-
қауы осы төртінші тармақшаның төңірегінде болмақ.
Бүгінде қазақ тіліндегі интернационалдық терминдердің бары-
сы туралы пікірталас əрі қарай жалғасуда. Біріншілері, ғасырлар
бойы қалыптасқан əлемдік мəні бар тұрақты қолданыста жүрген
терминдерді «жаппай аударып, адамдардың басын қатырудың қа-
жеті жоқ, терминнің қазақша аудармасы оның адекватты толық
мағынасын бере бермейді, сондықтан терминнің басым көпшілігін
сол күйінде пайдалану керек, мағынасы бұрмаланған терминдер
басқа этнос өкілдерін шошындыруда» десе, екінші жағы халық-
аралық терминдерді сол күйінде пайдаланғаннан тіл шұбарланады
деп кертартпалық, псевдопатриоттық позицияны ұстануда. Кері-
сінше, тіліміз орыс, ағылшын тілдері сияқты халықаралық термин-
дермен байитынын еске алмауда. Өкінішке орай, псевдопатрио-
тизм бүгінде мемелекеттік тіл проблемасының, тіл мамандығының
құзырының шеңберінен шығып, саясатқа айналып кеткенін білмеу-
де немесе білгісі де келмеуде. Былайша айтқанда, тіл мамандары
қазақ тілінің шеңберінің сыртында қалған түрлі этностарды мем-
лекеттік тілде сөйлету мүддесінің тұрғандығын еске алмауда. Тар
ведомстволық мүдде мемлекеттік тілдің дамуына орасан зор ке-
дергі келтіріп жатқанын байқағысы келмейді.
Қазіргі тəуелсіздік жағдайымызда, Елбасы айтқандай, біздің
100 жылдық дамуды 15-20 жылдың ішінде өтуіміздің ғылыми жол-
дары:
- біріншіден, əлемдік терминдерді жаппай аудармаламай сол
күйінде пайдаланып, ғылымымызды шарықтатуымыз керек;
140
141
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
- екіншіден, еліміздегі басқа этностардың мемлекеттік тілді
тездетіп меңгеруіне, былайша айтқанда, терминдерді барлық эт-
ностарға ортақ күйінде пайдалануға қалдыра отырып даңғыл жол
ашқанда ғана мемлекеттік тілдің көсегесі көгеретіні хақ.
Айта кететін бір жəйт, советтік дəуірде халықаралық терминді
пайдалануда проблема жоқ еді. Нəтижесінде, Қазақстан ғылымы
мен техникасы дамып, айтарлықтай алдыңғы қатарда болды десек
қателеспейміз. Тəуелсіздік алғаннан кейін псевдопатриотизм тіл тə-
уелсіздігін мемлекетіміздің саяси тəуелсіздігімен шатастырып алған
тəрізді. Тіл, оның ішінде термин, əлемдік консервативтік құбылыс
қатарына жатады. Үш тұғырлы тіл аясында, мақала ағылшын тілі-
нен орыс тіліне аударылса, мақаладағы барлық терминдер сол кү-
йінде сақталады да, ал сол мақала қазақ тіліне аударылса, термин-
дер жосықсыз жұлмаланып, бұрмаланып мақала не туралы айтыл-
ғандығы көбінесе түсініксіз күйде қалады. Мұнда аударылған тер-
миндерді басқа этностың өкілдері түгілі, титулды ұлт қазақтар-
дың да түсінуі екіталай болуда. Жай қарапайым халық түгілі, мем-
лекет қайраткерлерінің де «процент» деген терминнің «қазақша»
формасын бірден таба алмай, ойланып барып «пайыз» деп айта-
тындығының куəсіміз.
Бүкіл өркениеттің келелі дамуына сүбелі үлес қосып келген,
халықаралық терминдердің өзгертілмей пайдаланылуының маңызы
өте зор. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдарға созылады, əлем-
дік прогресте халықтар оларды сол күйінде өзгертпей қолданып,
өз қоғамының кəдесіне жаратып бағуда. Дүниеге келген термин
өзінің колоритін оның алғашқы табиғатына қол сұқпай, өзгертпей
пайдаланса ғана сақтайды, қоғамға толыққанды қызмет етеді. Оны
əрбір ұлт өз қажетіне ыңғайлап аударып берекет таппаған, таппай-
ды да, олай болған жағдайда, ол ұлт дамудың ең соңғы көшінен
орын алып қалуы ықтимал.
Əлемдік тіл тарихында псевдопатриоттар ұлттық тілдің жана-
шыр «патриоты» ретінде терминдерді оңды-солды тəржімəлаған,
бірақ əлемдік тілдік прогресс ондайларға тосқауыл қойып, ұлт ті-
лін изоляцияланудан сақтап отырған. Айтылған пікір дəлелді болу
үшін тіліміздің басты жанашыры, əлемдік тіл тағдырларынан ха-
бардар (мысалы, Малайзия тілінің қалыптасуы туралы), кішігірім
тілдердің даму заңдылықтарын қаперде ұстайтын Президент Н. На-
зарбаевтың терминдер туралы классикалық қалыпта айтылған ғы-
лыми пікіріне мəн берелік. 2006 ж. мамырда, «Ана тілі» газетіне
берген сұхбатында, Елбасы былай дейді: «Егемендік алған алғаш-
қы жылдары мемлекеттік терминком мүшелерінің тым асығыс ше-
шім қабылдауы себепті кейбір «əттеген-айлар» кезікпей қалмады.
Мəселен, дипломат сөзі. Бұл халықаралық терминді ғалымдары-
мыз «мəмлегер» деп бекітті. Сонда «дипломатия» деген қорғасын-
дай салмақты сөз жеңіл-желпі «мəміле» болып шыққан. Мəмілені
тура мағынасында аударсақ – «сделка». Сонда «дипломатичес-
кие отношения», «дипломатический паспорт» дегенді қалай тəржі-
малауымыз керек? Сондықтан «дипломатты» – дипломат күйінде
қайта бекітіп, жоғарыдағы тіркестерді «дипломатиялық қатынас-
тар», «дипломатиялық қарым-қатынастар», «дипломатиялық пас-
порт» күйінде терминдер тізіміне енгіздік.
Ілкі кездегі мемтерминкомның үстірттігінен бекіп кеткен сөз-
дер кейін нормативтік-құқықтық актілерге еніп, əбден сіңісті бо-
лып кетті де, қатені түзете алмай өкінген жайттар да аз емес. Сол
тұста паспортты – төлқұжат, архивті – мұрағат, музейді – мұражай
деп жаңаша атау еншіледік. Мəселен дүниежүзінің қай еліне бар-
саңыз да «паспорт» паспорт. Маған салса, осының бəрін қайтадан
өз қалпына келтіру керек деп ойлаймын!
Жақында менің қабылдауымда болған Еркеғали Рахмадиев аға-
мыз «композитор» деген халықаралық терминнің мəндік деңгейін
төмендетіп, сазгер-мелодист, барлық тілде бірдей «пианино» деп
аталатын сөзді «күйсандық» қып жібергендерге өкпе-назын білдір-
ді. Дұрыс айтады. «Класс» деген сөзді «сынып» деудің, «тоңазыт-
қышты» – «мұзсандық» деудің ыңғайы қиын. Айта берсе, біраз
сөздерді келтіруге болады. Ендігі жерде, асықпай, аптықпай осы-
ларды қарауымыз керек.
Демек, түбірі латын, грек тілдерінен алынып, Еуропа тілдері-
нің бəріне сіңісті болып кеткен термин сөздерді орынсыз қозғау-
дың реті жоқ.
Демек, талай ғасырдан бері тарихы бар, қолданыс аясы əлем-
нің түгелге жуық елдерін қамтыған... халықаралық терминдерге
абай болайық!
Жоғарыда айтқандай орыс тілі (сол тіл арқылы енген термин-
дер – Т. Ж.) дəл бүгін бізге қажет қазына. Дүниедегі өркениетті
елдердің білім технологиясына біз осы тіл арқылы шығып отырмыз!
Дүниеде қазір ағылшын тілі бизнестің, ең жоғарғы технология-
ның тілі болды. Ал, біз ағылшынның орысшаға аударған білімі-
мен жүрміз. Қазақ тілін сол дəрежеге жеткізуге уақыт жоқ» (цитата-
ның соңы).
Елбасы бұл мəселеге соңғы Жолдауында тағы қайта оралды,
бірақ мемтерминком құлықсыздық танытуда. Сөзінің соңында Ел-
басы «орыс факторының» ықпалдылығына, салмақтылығына да на-
142
143
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
зар аударған. Абайдың ойын өңдеп айтсақ: дүниенің кілті оры-
ста екенін Елбасы əрі қарай жалғастырғандай. Өйткені, ол мемле-
кет биіктігіндегі тіл, оның ішінде халықаралық термин мəселесіне
тереңнен, ауқымды перспектива тұрғысынан келуде. Оның дəлелі
де бар: Ресей бүгінгі таңда ғылымы мен технологиясын бір арнаға
бағыттап əлемдегі құдіретті елдердің қатарына жедел ене бастады.
Біз болсақ, саяси тəуелсіздігімізді сақтай отырып, тіл жөнінен Ре-
сеймен барлық жағынан қоян-қолтық тірлік жасауымыз керек. Та-
рихи шындықты бүркелемей Елбасы: «Орыс тілі арқылы қазақтар
əлемдік ғылым, əдебиет, мəдениет деңгейіне көтерілді» (Е. Ертыс-
баев «Казахстан и Назарбаев», Астана. 2001. cтр. 251).
Аса көрнекті ел зиялыларының көбі (М. Əуезов, Қ. Сəтбаев,
А. Жұбанов, т.б.) Москва, Санк-Петербург, т.б. сияқты орталықтың
шекпенінен шыққанын жасыру қиын. «Өзі болған қыз төркінін
танымайдының» кері келмегей. Оның бергі жағында Елбасы Жол-
дауында: «Мемлекеттік тілмен бірдей мемлекеттік органдарда
ресми түрде орыс тілі пайдаланылады», – деп қадап айтты.
Елбасының шет елдерде орыс тілінде сөйлеуі қазақ тілінің дип-
ломатиялық жағынан əлі қауқарсыздығының дəлелі болса керек.
Елбасының тек қана толғағы пісіп жетілген мəселені дөп басып
көтеретіндігін ескерсек, аталмыш интервьюінде термин мəселесін
дер кезінде көтерген-ді. Бұл мəселені шешуді одан əрі қарай ке-
шеуілдету, қазақ болмысын (тілі, ғылымы, технологиясы, т.б.) қол-
мен кенжелетумен барабар деген пікірге саяды. Оның салдары айт-
паса да түсінікті.
Елбасының пікірлерін топтасақ, ХXІ ғасырдың ширек мезгілі
Қазақстанның ғасыры болмақ. Осындай амбициялық мəні бар «қа-
зақстандық арманды» іс жүзіне асырудың бірден-бір жолы ғылым
мен жаңа технологияға салмақ салу болып табылады. Бұл «Мəңгі-
лік Ел» болудың алғы шарты болса керек. Оның негізгі тетіктерінің
бірі – əлемдік тілдік бəсекелестікке төтеп бере алатын аударылма-
ған терминдермен байытылған мемлекеттік тілімізді Қазақстанды
мекендеген барлық этностар өз тілі ретінде қабылдауы керек. Бұл
мемлекеттік тілдің көсегесін көгертетін бірден-бір даңғыл жол.
Өкінішке орай, Елбасының термин туралы салиқалы пікіріне
«горе» аудармашылар, терминком құлақ асар емес. Елбасының
баяндауынша, термин барлық этностарға ортақ айтылып-жазылуы
керек.
Елбасының қоғам алдында тек іс жүзіне асыра алатын, қордалан-
ған мəселелер мен міндеттерді қоя біліп, оның баянды шешілуіне
мұрындық болатындығын, табандылығын еске алсақ, термин мəсе-
лесінің өз орнымен шешілетіндігінде күмəн жоқ. Өйткені, жаhан-
дану жағдайында термин мəселесін тұмшалау, еліміздегі прогрес-
тің аяғына тұсау салумен барабар. Елбасының жауапкершілікке
толы пікірінен артық псевдопатриоттарға қандай тосқауыл керек.
Оның бұл пікірін, ғасыр адамы атанған, О. Сүлейменов те толығы-
мен қолдайды: «На вопрос, что языковой патриотизм порой пере-
ходит такие границы… сейчас происходит бурный процесс каза-
хизации международных терминов, он ответил: «русский словарь
еще в XIX веке прошел период, который только сейчас переживает
казахский. Один из самых важных вопросов-как пополняется род-
ной словарь терминами... Термин надо перевести или надо принять
как есть. Русские патриоты, боровшиеся против засорения родной
речи, не пожелали впустить в словарь итальянскоех слова – форте-
пиано, буквально перевели его тихогромом. В итальянском форте –
сильно, громко, пиано – тихо. В русском языке такой термин не ус-
тоял. Не прижились и мокроступы. Удержалось иностранное сло-
во – калоши. Наши лингвисты – сочинители из терминкома как буд-
то неслышали об этих примерах, высмеянных во всех учебниках
языкознания. Или учебников этих не читали. Потому не стали пе-
реводить, а решили передать «адекватно, образно». Официально
ввели в современный русско-казахский словарь: фортепиано – күй
сандығы. Буквально сундук кюев. А как тогда назвать пианино, кла-
весин, синтезатор? Тоже ведь в какой-то степени сундуки...
Такие кальки – признак невежественного вмешательства в про-
цессы межкультурного обмена, идущие с древнекаменного века.
Заимствование обогащает язык. Английский, признанный языком
мирового общения, на 70% состоит из заимствований. Потому и
великий» («Cвобода слова» 13/XI/2008 г.). Əрі қарай жалғастыр-
сақ, оның айтуынша: «Тап-таза тілді табу мүмкін емес. Корей тілі-
нің 75% қытай сөздері, француз тілінің 25% араб сөздері құрайды
екен. Солардың соған намыстанып жатқанын көрмеппін. Өркен
жайған мəдениет – өзгелермен ұдайы жүздеген жылдар бойы ара-
ласып-құраласудың жемісі! Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің
белгісі емес, бұл оның даму (баю – Т. Ж.) үстіндегі тіл еркіндігі-
нің белгісі… Қазақ тілінің 85 проценті парсы, араб, монғол, қалмақ
тілін құрайды. Сіз айтқан сөздікке (О. Сүлейменовтың еңбегі
«1001 сөз» туралы оған С. Абдрахмановтың сауалы) кіріскеніме
40 жылдан асты! Оның басты тақырыбы – орыс тіліндегі туркизм-
дер». «Тіл этностардың тарихи жолда тоғысуы, табысуы туралы
таным білімнің ең шыншыл шежіресі» (Ег. Қаз., 12.03.2010).
Осыған орай, мəдениет жəне тіл алмасуы осы заманда жалға-
сын табуда. «Милиция» деген орыс сөзі, енді əлемдік термин «по-
144
145
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
лициямен» алмастырылды. Бұл əлемдік термин заңдылығының ая-
сында өмір сүрудің белгісі. Сондықтан əлемдік тілдердің қалып-
тасу үрдісі қазақ тілін де айналып өткен жоқ. Қазақ тіліне енген
араб, парсы, монғол, орыс тілдеріндегі сөздер шамамен жоғарғы-
дай процентті көрсетсе керек. Өйткені, О. Сүлейменов айтқандай,
бұл əлемдік мəдениеттердің ықпалдасуының айқын көрініс екені
анық. Бұл – аксиома.
Кезегінде айта кеткен дұрыс, ағылшын тілі 70-80%, орыс тілі 60-
70% кірме сөздерден тұрады екен. Қазақ тілі де 80% араб, монғол
сөздерінен құралған.
Меніңше, бұл мəселеге нүкте қойылатын уақыт жетті. Прин-
ципиалды түрде терминдердің еркін өмір сүруіне жол ашу керек.
Терминдердің басым көпшілігінің қолданылуын халықтың құзы-
рына еркін қалдырған жөн. Мысалы, дамыған елдердің архитек-
турасында үлкен ғимарат салынып болғаннан кейін, жалғыз аяқ
жол (тротуар) халықтың өзі жүріп із қалдырғаннан кейін салынады.
Былайша айтқанда, таңдауды халықтың өзі жасайды.
Енді Елбасының тезис ретінде термин туралы идеяларының дұ-
рыстығын одан əрі тереңдететін уəждерге жүгінелік. Тарқатпас
бұрын айтарымыз, тіл тарихында кейбір елдерде термин туралы
псевдопатриотизмнің іс-əрекеттері бұрын да болғандығын білеміз.
Сондықтан біздің елде ғана псевдопатриотизм əрекеттері орын
алды деп айту жаңсақтық. Мұндай келеңсіз жағдай орыс тіл тари-
хында да болған. Авторлар И. Голубь пен Д. Розентальдың «Зани-
мательная стилистика» деген кітабынан үзінді келтірелік (орысша
нұсқасы сақталады – Т. Ж.): «Еще в пушкинскую эпоху много спо-
рили о возможности использовать заимствованные слова (термины).
Первым, кто тогда выступал против иностранных слов был адми-
рал А.С. Шишков, маститый литератор, член Российской импе-
раторской Академии, одно время он был даже министром Просве-
щения. Это его упомянул А.С. Пушкин в «Евгений Онегине», упот-
ребив одно из «гонимых» слов: «Шишков, прости! Не знаю, как
перевести...». Адмирал упражнялся в словотворчестве, изобретая
замены для заимствованных слов. Так, он предлагал говорить вме-
сто слова «аллея» – «просад», вместо биллиард – «шарокат», сло-
во кий заменял «шаротыком», а библиотеку называл «книжницей».
Для замены не понравившегося ему слова калоши он придумал дру-
гое – «мокроступы». Рвение А. Шишкова избавить русский язык
от заимствований раздражало молодежь, и он был зло осмеян в по-
пулярной тогда эпиграмме: «Хорошилище грядет по гульбищу в
мокроступах на позорище», что следовало понимать как: «Франт
идет по тротуару в калошах на спектакль (или театр)». Как видим,
в этой шутке все ненавистные А.Шишкову заимствованные слова
заменены искуственно созданными, которые были очень на них
похожи.
Стремление оградить язык от всяких заимствовании и веяний
называется пуризмом, а сторонники его – пуристами. В России
пуристы, как правило, были люди консервативные, как и вдохно-
витель их А. Шишков (правда, он не признавал и слова «пурист»
предлагая вместо него свое – чистяк»). Конечно, Пушкин не раз-
делял пуристских взглядов, и отстаивал право поэта употреблять
те заимствованные слова, которые необходимы для точного выра-
жения смысла. Он исходил из убеждения, что «истинный вкус сос-
тоит не в безответственном отвержении какого-либо слова, такого-
то оборота, но в чувстве соразмерности и сообразности». Сам
поэт, конечно, никогда не злоупотреблял непонятными словами.
Давайте и нам поступать также» (цитатаның соңы) .
Басқа жерде А.С. Пушкин: «Г. Лемонте напрасно думает, что
владычество татаро-монгол оставило ржавчину на русском языке.
Чуждый язык распространяется не саблею и пожарами, но собст-
венным обилием и превосходством». С. Абдрахманов былай дейді:
«Ең бастысы А.С. Пушкин бір тілдің сөзі (термині – Т. Ж.) екінші
тілге өзінің байлығының, артықшылығының арқасында ғана сіңі-
седі, – деп кесімді пікір айтқан… Сонымен, бір Пушкиннен 200-
дей түркизм шығып отыр. Бұдан біз орыстардың тілінің басқа тіл-
дерден енген терминдердің өміршеңдігін түсініп, өзінің сөз қо-
рын байытқанының куəсіміз» (цитатаның соңы) (Егемен Қазақ-
стан, 4.10.06).
Украинада туып-өсіп, одан кейінгі бүкіл тағдырын Қазақстан-
мен байланыстырған «Қыпшақ жазба мұраларын» зерттеуші А. Гар-
кавец былай дейді: «Осы сөздіктерден байқағаным, тілдер дамитын
болса, оның 50% -ін кірме сөздер құрайды екен. Мəселен, қазіргі
орыс тілі мен украин тілінің 80%-і кірме сөздер (соның ішінде
көптеген қыпшақ сөздері де бар). Бұл тіл үшін қалыпты жағдай. Мы-
салы: биологиялық, медициналық терминдерді алайықшы, «клетка»,
«оболочка», «ядро» деген сөздер ғана орыстікі, қазақшасы да солай.
Қалғаны грек, латын сөздері… Қазір тілді (мемлекеттік тіл – Т. Ж.)
кім қалай жасағысы келсе, солай жасап жатыр!.. Бұл мəселе бір
орында тұрған сияқты көріне береді» (Ег. Қаз., 31.01.07.)
Профессор Е. Жұбановтың пікірінше «… біз терминді емес,
сөзді аударып жүрміз, көп жағдайда термин болып жүрген сөздің
атауы аударылады да, терминдік мағынасы қалып қояды. Терминді
146
147
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
аударуға болмайды. Ыңғайымен тілімізге сіңіру керек. Терминдік
атаулардың лексикалық мағынасы мен термин сəйкес келмейді.
Айталық, «атомды» бөлінбейтін деп аудардық. Ол бөлініп кетті.
Бөлінген бөлшектеріне не деп ат қоямыз? Немесе «тексті» мəтін
деп алдық, текстолог, текстология, контекстерді қайда қоямыз? Мы-
салы контексті – конмəтін дейміз бе? Жалпы түбірден шығатын бас-
қа мағыналарды қатаң ескеріп отыру керек». (Ег. Қаз., 21.05.99.)
немесе «миграция» деген терминнің қазақшасын «көші-қон» деп ау-
дардық. Ол жөнінде Заң қабылдадық. Ол орысша «Закон о мигра-
ции» деп аталынды. Ал, миграция (лат. migratio – переселение). Бұл
термин төрттен аса мағынаны қамтиды: 1. адамдардың; 2. жануар-
лардың; 3. геологиялық элементтердің, судың, жердің; 4. капитал-
дың жəне т.б. миграциялары. Ал, біз болсақ, осыншама ауқымы
кең терминнің аясын тарылтып адамдардың бір жерден екінші
жерге орын ауыстыруына ғана қолданып, оны «Көші-қон туралы
заң» деп қабылдадық. Осы жерде қай тілде қабылданған заңның
формасы мен мазмұны ұтты деген сұраққа жауап беру қиын емес.
Осыған орай, (Ег. Қаз., 20.02.07) газеті: «көші-қон» термині де
оңып тұрмағаны белгілі деп жазды.
Жуырда шет елдерден жұмыс іздеп келген (гастарбайтер) адам-
дарды еліне қайтару операциясын «мигрант» деп атады. Бұл екі
термин де халықаралық болып есептелінеді.
Ал, «класс» терминін алсақ, (ол лат. – разряд) оны ортақ класс
деп қалдырмай, арабтардың шашбауын көтеріп псевдопатриоттар
«сынып» деп өзгертіпті. Зерттесек, класс термині он мағынада ай-
тылады. Бұл жерде арабтарға жалтақтадық делік, сонда классика-
лық музыканы – сыныптық музыка, классикалық күресті – сынып-
тық... кластық вагондарды, каюталарды да сыныптық деп атаймыз
ба? Немесе классик жазушыны сыныптық жазушы дейміз бе? «Про-
цент» деген терминнің латынша тарихы (заттың жүзден бір бөлігі)
мыңдаған жылға созылады. Оны «пайыз» деген сөзді еске қайта
оралтып айту үшін, адамдар біраз уақыт ойланып тұрады, өйткені
оның мағынасы түсініксіз. Немесе «коррупция» терминін (лат.
corruptio – подкуп) – «жең ұшынан жалғасу», «сыбайлас жемқор-
лық», т.б. басқалар басқаша айтады, мұның да оңып тұрғаны ша-
малы. Орысша – «подкуп» деген сөздің өзі коррупцияның толық
мағынасын бермейді, сондықтан орыс тілінде «коррупция» де-
ген сөздің салмақтылығы сақталынып қалынған, ол одан ұтпаса,
ұтылған жоқ. Бұл терминді кеңінен қолдана отырып орыс тілі
əлемдік кеңістікке батыл енді. Керісінше қарапайым халық пас-
порт, ракета, коррупция, миграция, душ... деп қолдануда. Орыс-
тар «удобно» сөзін қолданбай комфорт деп айтады. Ең сорақысы
псевдопатриоттар терминдерді аударуда этикалық нормаларға на-
зар аудармай шектен шығуда. Мысалы, олар «ядро» деген терминді
«қыздық» (Б. Айтманбетов. «Жалпы физикалық сөздік»), 3 класс
оқулығында баклажанды «жертатақ», сондай-ақ техникалық термин
лебедка – аққудың ұрғашысы... деп аударылған. Осындай келеңсіз
аудармалар жалғаса береді.
Ата-бабаларымыз ұлы тіліміздің ХХІ ғасырда осылай күлкіге
айналарын ойламаған да болар. Пайымдасақ, бұл бізге сын. Термин
мемлекеттік шекараны мойындамайды, ол ғылымның бір құралы
жəне құрамдас бөлігі. Тарихтан білетініміз еш уақытта «псевдо»
прогреске қызмет етпеген. Ал, душ деген сөзді «шаптырма», бал-
кон – «қылтима», стюардесса – «аспансерік» деп құндылығы ша-
малы балама ат қойғаннан не ұттық? Оның бергі жағында ертерек-
тегі қазақ тарихында душ, балкон, стюардесса цивилизациямыз-
дың жемісі ретінде болмаған, керек болса киіз үйдің құлпы да бол-
маған. Б. Қалиұлы сияқты псевдопатриоттар пленканы – жұқалтыр,
клетканы – жасуша, анатомияны – тəнтану, косметиканы – диал,
функцияны – мəнді, фактіні – берне, т.б. деп атауды ұсынады. Бұл
сөздерді қайдан тауып алды екен деп таңданасың!?
Клетка құбылысын ағылшын микроскопшысы Р. Гук 1665 ж.
ашып, «клетка» терминін енгізген. Ал, егер қазақ ғалымы бұл құ-
былысты зерттеп, ашып «жасуша» деп атаса бір сəрі. Өкініштісі оны
орта жолдан бұрып алып, «жасуша» деп атауға қақымыз да жоқ не-
месе витамин (лат. Vita – жизнь) құбылысын орыс ғалымы В.И. Лу-
нин (1888 ж.), поляк ғалымы К. Функ (1912 ж.) ашып витамин деп
терминдеді. Ал, оны дəрумен деп өзімізді жəне басқа этнос өкіл-
дерін қинап шатастырудың орны жоқ, тіпті этикаға жатпайтын
дəрумен сөзін псевдопатриоттар былай тудырған: «Алтайдың ар
жағынан келген ару, жалт етіп қарағаны дертке дəру» деген шу-
мақтан «дəру» сөзін алған, ал витаминнен «мин»-ді алып оған
«и» əрпінің орнына «е» əрпін енгізіп «дəрумен» сөзін жасаған.
Бұл сөздің ғылымдағы салмағы жоқ. Ал, витамин термині ғылы-
ми мазмұнға толы. Адвокат (лат. Аdvocatus – заң мəселесіндегі
консультант) – терминін қорғаушы деп аударуда. Бұл юриспруден-
ция практикасын шатастыру деп айтса да болады. Шын мəнінде
бізде барлық сот процесі орыс тілінде жүреді, ең өкініштісі, басқа-
рып отырған қазақтар болса да, қатысушыларды орыс тілінде сөй-
леуге мəжбүрлейді. Олай болса адвокат сияқты ежелден қалыптас-
қан терминдерді аудармай, заң ісін күрделендірмей өзімізге де,
басқа этностарға «жеңілдік» жасауға болар еді. Сол сияқты мысал-
148
149
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
дар жетіп артылады. Ағылшын, француз, неміс, орыс тілдері ортақ
əлемдік терминдердің игілігін көріп жатқанда біздегі псевдопат-
риоттар сол терминдерді жұлмалап аударып берекесін қашыруда,
ол аз болғандай басқа этностарға күшпен аударылған сөздерді
жаттауға мəжбүрлеудеміз. Сөйте отырып мемлекеттік тіл дамымай
жатыр деп байбалам салудамыз.
Ғылымдағы атаудың авторы оны зерттеп ашқан ғалым немесе
ел болып саналады. Мысалы: орыс ғалымдары 1959 жылы жердің
серігі ретінде спутникті орбитаға шығарды. Бүкіл əлем «спутник»
терминін мойындады. М. Əуезов «Ғылым тілі» (научный термин)
атты мақаласында: «Қай жұрттың білгіші бір жаңалық ашса, сол
нəрсеге өз тілінде ат қояды, бұл атты өзге жұрттың бəрі сол тілде
қолданады», – деп жазған. Терминдерді қазақшаға жөнсіз аудару
практикасына көптеп мысалдар келтіруге болады. Шынтуайтқа кел-
сек, қазақ ғалымдарының халықаралық терминдердің пайда болуын-
да үлесі жоқ деп айтса да болады. Жапонияда болғанымда (Т. Ж.)
жапондықтардың ағылшын тілін екінші тіл деп есептейтіндігін бай-
қадым. Олар тіл жөнінде намыстанбай, заманауи талапқа сай ағыл-
шын тілінің мүмкіндіктерін жете пайдалана отырып өркениеттілік-
тің əлемдік деңгейіне көтеріліп АҚШ, Қытайдан кейінгі үшінші
елге айналғанын білеміз, тағы да байқағаным, ағылшын тіліндегі
халықаралық терминдерді жапон тіліне сол күйінде енгізіп алып,
140 млн. халық сөйлейтін жапон тілі құдіретті құбылысқа айнал-
ған. Тура осындай жағдай біздің де басымызда бар. Бұдан тіл мен
тілдің, мəдениет пен мəдениеттің жаhандануын байқау қиын емес.
Осындай əлемдік құбылыс кезінде термин тілімізге еніп кететін
болды деп қалтырап-дірілдеу заңдылыққа қайшы екендігі бесене-
ден белгілі.
Псевдопатриотизм терминді қолдан жасап, пікірталастың аре-
насына айналдыруда. Орыс тілінен енген терминдерден тəуелсіз-
дік іздеп жүргенде, қаптап келе жатқан əлемдік терминдердің қақ-
панынан құтыла алуымыз екіталай. Ал, орыс тілінен енген термин-
дер əлемдік терминдердің сілемдері.
Кейбір терминдердің о бастан қазақша баламасы болса, оған
дау жоқ. Мысалы, демонстрация – шеру, конкуренция – бəсеке,
фонд – қор, аптека – дəріхана, т.б. Мəселе толықтай аударылмай-
тын, аударылғанның өзінде толықтай мағынасы берілмейтін тер-
миндерде болуда.
Міне, біз байқап отырғандай, мемлекеттік тілдің аяғына қолдан
салынған «тұсаудың» алынуы саяси мəселеге айналаып отыр, оның
осындай күрделі мəселеге душар болғандығына, оларды (басқа
этнос өкілдерін) емес, псевдопатриоттарды кінəлаған жөн сияқты.
Басқа этностардың əдеби, оның ішінде тұрмыстық, сөзімізді
үйренуге селқостық танытып жатқанда, толық мағынасын бермей-
тін, əрі жаттауға қиын аударылған сөздерді үйренудің қажеттігін
алға тартып, психологиялық қысымға алу – онсыз да еңсесін тік-
тей алмай жатқан мемлекеттік тілге ауыр соғуда. Орыс тілі – тари-
хи қуатты дəстүрі бар, халықаралық терминдермен байытылған əрі
икемді, əрі оралымды халықаралық қатынастардың құралы. Ал,
қазақ тілі болса, терминдердің аудармасымен шимайланған, сөй-
леуге қолдан күрделендірілген қолданыста қуатының шеңбері та-
рылып келе жатқан, тек қазақтар үшін қажетті қатынас құрал бо-
лып қалуда. Басқа этностар мен «асфальтта» туғандар бұл күрде-
ленген қазақ тілін айналып өтіп, ресми орыс тілімен өмір сүруде.
О. Сүлейменов: «Қажеттіктен туындаса, қазақ тілінде орфог-
рафиялық өзгерістерді қарастыруға болады. Бұл жерде тілдік стра-
тегияға мəн беру орынды сияқты. «Кириллицаны өз алфавитіміз
емес қой деп қуыстанудың тіпті жөні жоқ. Қазақтың алфавиті
кириллицамен жазылатын орыс алфавитінің негізінде, соған қа-
зақ дыбыстарын бейнелейтін жаңа əріптер қосу арқылы жасалған
(42 қаріп). Əлемде төл алфавиті бар елдер қазір өте аз. Былайша
айтқанда, тіл қатып қалған догма емес, ол да заман талабына сай
ішінара өзгеріп отырады. Қазақ тілі, салыстырмалы түрде жас тіл,
ол ұлы тілдер сияқты қалыптасып үлгерген жоқ. Оның формасы-
ның өзгеріп тұруы диалектикалық заңдылық» (Ег. Қаз., 12.03.2010).
Шынтуайтқа келсек, қазақ тілі екі əлемдік тілмен бəсекеге тү-
суге қауқарсыз. Замана ағымына қарай, елімізде адамдар орыс тілін
былай қойғанда, ағылшын тілін үйренуді маңызды деп санауда.
Сондықтан өмір диалектикасын ескере отырып, замана талабына
сай ішінара орфографиялық, грамматикалық, морфологиялық өзге-
рістер енгізе отырып (мысалы, вагон сөзін – багон деп айтудың қа-
жеті жоқ), керек болса «жеңілдетіңкіреп», басқа этностар мен «ас-
фальтта туғандарға» режим жасай отырып қазақ тілін тезірек үй-
ренуге жол ашу керек сияқты.
О. Сүлейменов өзінің көптеген сыйлық алған «Тюрки в до исто-
рии» деген еңбегінде кириллицаның жалпы түркі, славян тарихы-
ның мұрасы екендігін дəлелдей отырып, мұның керісінше латын
тарихында жоқ екендігін айтады. Ол өзінің Президент Н. Назарбаев-
тың қабылдауында болып, тіл мəселесі туралы болған əңгімесін
былай жалғастырады: «Речь шла большой частью о языковой по-
литике. О письменный реформе. Речь уже не идет о замене казахс-
кой кириллицы на латиницу: Президент изучив материалы дискус-
сии, ясно высказал свою позицию на встрече с Ассамблеей наро-
150
151
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
дов Казахстана. В моей книге «Тюрки вдо истории» (2002) рефор-
ма Петра I и Ленинская избавили алфавит от «сингармонических»
букв. Мы вполне можем считать кириллицу наследием нашей об-
щей тюркославянской истории. Чего о латинице не скажешь» («Сво-
бода слова», 13/XI/08).
Бүгінде өз колоритін сақтап, сөз қорымызды байытқан термин-
дер аз емес. Мысалы: парламент, сенат, спикер, департамент, кон-
гресс, т.б. Ал, аударыла бермейтін аударылғанның өзінде қолда-
нысқа енбейтін: Спид (қазақшасы өте күрделі), ОБСЕ, ДНК, РНК,
НАТО, БТА банкі, КВН, т.б. сияқты қаптап келе жатқан термин-
дерден қалай қорғанамыз, оларды аударып нендей берекет таба-
мыз. Біз өзімізді өзіміз тұмшаламай, мемлекеттік тілімізді тежемей,
əлемдік сөздік қорға ДНК, РНК деп енуіміз керек. Телеарналардың
өздері де ДНК, БТА деп хабар беруде. Тіл тарихында үңілер
болсақ, ұлы Шекспир өз туындыларын – 29 мың, Пушкин – 25 мың,
М. Əуезов – 19 мың сөздің көлемінде дүниеге келтірген. Олай
болса, біздің тіліміздің қоры халықаралық терминдердің аз болған-
дығынан қауқарсыздау. Ол аз болғандай, сарапшылардың пайым-
дауынша, қазақшаға аудару үшін кезегін күтіп əртүрлі салалар-
дан (ғылым, технология, медицина, дипломатия, құрылыс, т.б.)
240-300 мыңдай халықаралық терминдер тұр екен.
Мемлекеттік тілдің бір орында табандап тұрғанын сезіне баста-
ған «бунаковшілдер» («Лад» орыс қауымдастығы, «Начнем с по-
недельника», 16-22.02.07), екі мемлекеттік тілдің қатарласып өмір
сүруін көксейді. Бұл тіл мəселесі жөніндегі жаңа толқынның (ре-
цидив) төбе көрінісі.
Мен автор ретінде мемлекеттік тілдің бүгінгі таңда үлкен сая-
сатқа айналғанын Елбасының пікірлерімен сабақтастыруға тыры-
стым, ал псевдопатриоттар болса, бұл мəселеге тіл мамандары-
ның тар ведомостволық тұрғысынан келуде.
Шынтуайтқа келсек, Совет дəуірінде, термин туралы пробле-
ма жоқ еді, ал қазір тəуелсіздік алғаннан кейін псевдопатриоттарға
ерген мемтерминкомның тілімізді қолдан күрделендіріп жіберген-
дігінің куəсіміз. Ол кезде мемтерминкомсыз-ақ Қазақстанның ғы-
лымы мен экономикасы жаман дамыған жоқ еді. Осыған орай,
аталмыш ұйымның (мемтерминком) қажеті бар ма, ал егер бар
болса, ол Президент əкімшілігінің жанында орналасса құба-құп
болар еді.
Сайып келгенде, мемлекеттік тілдің тағдыры ұлт тағдыры деп
есептесек, оны басқа этностардың жедел игеруіне халықаралық
терминдерді қазақшаға тəржімаламай, сол күйінде қалдырып, сөздік
қорымызды байытуымыз керек.
Мемлекеттік тілдің бауырын жаза алмай жатуының объектив-
тік жəне субъективтік себептерін қарастырдық. Мемлекеттік тіл-
дің өз мəртебесіне көтерілуі үшін субъективтік факторлардың өзі-
мізге тікелей байланысты екендігіне уəждер келтірдік. Солардың
ішінде тек қана терминдерге тоқталдық. Ендігі жағында псевдо-
патриоттар райынан қайтып, тілдегі əлем жүріп бара жатқан жол-
ға түседі, келеңсіз өзгертілген терминдер қайта қалпына келтірі-
леді деп сенім білдіреміз.
Қорыта келе, қазақ тілі əлемдік тілдер сияқты терминдермен
байытылуы керек, бұл заңдылық. Бұл терминдермен байытылған
мемлекеттік тілді меңгеруге басқа этностардың жаппай бет бұруы-
на септігін тигізу хақ. Олай болса іске сəт!
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |