З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


Слово произнесенное в палате общин 21.12.1959 г. У. Черчил-



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Слово произнесенное в палате общин 21.12.1959 г. У. Черчил-
лем  в  связи  с 80 летним  со  дня  рождения  Сталина  (выписно  и 
преведено из Британской энциклопедии).
«Большим  счастьем  было  для  России,  что  в  годы  тяжелейших 
испытаний  страну  возглавлял  гений  и  непобедимый  полководец 
Сталин. 
Он  был  самый  выдающейся  личностью  империзирующий  на-
шему  изменчивому  и  жестокому  времени  того  периода,  в  котором 
проходила его жизнь. 
Сталин  был  человеком  необычайной  энергий,  несгибаемой  си-
лой  воли,  резким,  жестким,  беспощадным  в  беседе,  которому  даже 
я  воспитанный  здесь  Британском  парламенте,  не  мог  ничего  про-
тивопоставить.
Сталин  прежде  всего  преобладал  большим  чувством  юмора  и 
сарказма  и  способностью  воспринимать  мысли.  Эта  сила  настоль-
ко была велика в нем, что Сталин казался неповторимым среди ру-
ководителей Государства всех времен и народов. 
Сталин  произвел  на  нас  величайщее  впечатление,  он  обладал 
глубокой лишенной всякой паники, логически осмысленной мудро-
стью.  Он  был  непоколебимым  мастером  находить,  в  трудные  ми-
нуты  путей  выхода  из  самого  безвыходного  положения.  Кроме 
того  Сталин  в  самые  критические  моменты,  а  также  моменты  тор-
жества был одинаково сдержан, никогда не поддавался иллюзиям.
Он был необычайно сложной личностью. Он создал и подчинил 
себе  огромную  империю.  Это  был  человек,  который  своего  врага 
уничтожал своим же врагом.
Сталин  был  величайшим,  не  имеющим  себе  ровного  мире  дик-
татором, который принял Россию с сохой и оставил ее оснащенной 
атомно-вооруженной».
Тарихтың  бір  өлмес  қасиеті  бар,  ол  кезінде  саясаттың  түрлі 
қатпарларына  (коньюктурасына)  байланысты  бұрмаланса  да,  та-

174
175
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
рихи  шындықтың  осі  қанша  уақыт  өтсе  де,  түрлі  қолдан  жасалын-
ған кедергілерді ысырып тастап, тесіп өтіп əділеттілікке негізделген 
өз мақсатына жетеді. Бұған Маркстің мына сөзі дөп келеді: «Тарих 
өтірікті  (фальшті)  кешірмейді,  ол  тек  қана  шындыққа  жүгінеді». 
Сталин өмірінің соңғы кезінде: «Мен өлгеннен кейін, менің мүрдем-
нің  басына  түрлі  қоқыстар  жағылады,  бірақ  жарты  ғасырдан  кейін, 
оның  күлін  тарихтың  желі  ұшырып  əкетеді».  Сол  əділеттіліктің  тө-
бесі  көрінген  сияқты.  Былайша  айтқанда,  Сталиннің  ұлы  тұлға  ре-
тінде  еңбегіне  тарихи  тұрғыдан  баға  беріп,  ақ-қарасын  ажыратып 
тарихтан  өз  орнын  берген  жөн.  Оның  атын  ылғи  қара  сиямен  бояу 
адами  əділеттілікке  жатпаса  керек.  Халық  бəрінен  бұрын  мынаны 
біледі:  Жеңістің  архитекторы  болған  Сталин!  Гитлердің  жеңіске 
жеткеннен  кейін  түрік  тектес  халықтарды  өртеп  тыңайтқышқа  ай-
налдырудан  құтқарған  Сталин  екенін  жадынан  шығаруға  сірə, 
болмас.
Рузвельттің  баласы  Элиот  Рузвельт  өзінің  «Его  глазами»  де-
ген  кітабында,  соғыс  кезінде  көптеген  əкесінің  кездесулерінде  қа-
сында  болып,  біраз  нəрселерді  қағаз  бетіне  түсірген.  Черчилльдің 
«батылдығы»  туралы  мынадай  эпизодты  келтіреді. 1945 ж.  апрель-
де  Ялтада  (Қырым)  өтіп  жатқан  конференцияда,  соғыстағы  одақтас 
мемлекеттердің  басшыларының  И.  Сталин  (СССР),  Ф.  Рузвельт 
(АҚШ), У. Черчилль (Ұлыбритания) қатысуымен Германияның сөз-
сіз  капитуляциялануы  туралы  жəне  соғыс  аяқталғаннан  кейінгі 
əлемнің  жаңа  пішімі  туралы  қатқыл  формада  келіссөздердің  жүр-
гізіліп  жатқан  кезі  болса  керек.  Протоколда  көрсетілгендей,  кон-
ференция залы үш басшы үш жақтан бір уақытта кіруге бейімделіп 
жасақталған  екен.  Залға  дəл  кіру  уақыты  болғанда  Черчилль  мен 
Рузвельт уақытында кіріп орналасады екен де, Сталин тура үш ми-
нут  кешігіп  келеді  екен.  Бұл  процесс  үнемі  қайталана  берсе  керек. 
Бəрін  көріп,  сезіп,  біліп  отыратын  Черчилль  Рузвельтке  Сталин 
кезекті  кешігіп  келгенде  намыстанып: «Сталин  соғыстан  қалжыра-
ған елдің өкілі, ол кіріп келгенде біз орнымыздан тұрамыз, керісін-
ше, біз орнымыздан тұрмай-ақ қарсы алайық», – деген, пікірін көр-
шісі  қабылдап  сөз  байласады.  Сол  кезде  Сталин  кіріп  келеді.  Зал-
дағылар  бірден  тұрады.  Рузвельт  келіскен  бойынша  басын  изеп 
(өйткені  ол  креслода  отыратын  болған)  қарсы  алады  да,  Черчилль 
еріксіз орнынан тұрып кеткенін білмей де қалады, сол кезде қолын-
дағы қаламсабы еріксіз сарт еткен дыбыс шығарып стол үстіне түсіп 
кеткенде, барлығы Черчилль жаққа назар аударып үлгерген екен. 
Бұған қарағанда, Сталиннің мысы Черчилльден басымдау болса 
керек.  Келіссөздер  кезінде  Сталин  мен  Черчилльдің  пікір  алмасу-
дағы  текетірестігі  сөз  сайысында  Сталиннің  ойлары  салмақтылау, 
уəжі  сенімділеу  шығып  Черчилль  көбінесе  тосылып  қалып  отыра-
ды  екен.  Оған  мына  бір  эпизод  дəлел:  гитлершіл  Германияның  əс-
кері  Қызыл  Армияны  қаусыратып,  Москваға  жақындап  қалған  кез. 
Соғыс  басталар  алдында  одақтас  үш  елдің  басшыларының  (Чер-
чилль, Рузвельт, Сталин) келісімі бойынша АҚШ пен Англия неміс 
əскерлерінің  аздаған  бөлігін  алаңдату  үшін  екінші  майданды  ашу 
туралы  уағдаласқан-ды.  Сталин  уəде  туралы  екеуінің  есіне  хат  ар-
қылы  қанша  салғанымен,  олардан  тұшымды  жауап  ала  алмайды. 
Бар  ауыртпалық  Совет  халқы  мен  Қызыл  əскерге  түсіп  жатты.  Не 
керек, 1941 ж.  ашылатын  майдан,  ана  екеуінің  құйтыртқы  саясаты-
ның  кесірінен 1944 ж.  жазда  ғана  ашылады.  Екінші  майданның 
ашылуының  бұлай  созылуы  Черчилльдің  мынандай  импералистік 
саясатына  сүйенді.  Черчилль  Германия  мен  Совет  Одағының  бас-
шыларын  екі  жолбарыстың  алысуы  деп  есептеп,  олардың  бірін-бірі 
қансыратып  əлсірегенін  күткен.  Одақтастардың  экспедициялық 
корпусы 37 дивизияны  құраған,  ал  Совет-Герман  соғысы  желісінде 
Гитлердің 507 дивизиясы (5,5 млн. адам) болған. 
Сталин  үш  ел  лидерлерінің  бас  қосқан  кездесуінде,  Рузвельт 
пен  Черчилльдің  екінші  майдан  туралы  сөзбұйдасын  қатты  сынға 
алып, бұлтартпай қойғанда, Черчилль боссөзге салып: «Біз соғысты 
Ла-Манш арқылы ашатын болсақ, солдаттардың шығыны көп бола-
ды», – деген  уəжіне,  Сталин  салқынқандылықпен: «Черчилль  мыр-
за,  соғыс  шығынсыз  болмаса  керек», – деп  бір-ақ  кеседі.  Қарсыла-
сынан қатты тосылған жері осы болады да, ол төмен қарап жұмған 
аузын  аша  алмай  отырып  қалады.  Сонда  дядя  Джомен  келіспеуге 
болмайды  деп  өзіне-өзі  келісім  айтады  екен.  Бұл  жерде  Сталиннің 
келіссөздерге  кешігіп  келуінде  қандай  саяси  немесе  адами  сыр  жа-
тыр деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бұған Сталиннен басқа ешкім-
нің  нақты  жауап  бере  алмасы  айдан  анық.  Бірақ  сырттай  көзбен 
болжам  айтуға  болатын  сияқты  (Ол  келесі  бір  сараптаманың  енші-
сінде болмақ).
Соғыстың  ауыртпалығы  мен  зардабын  тартқан  халықтың  еңсе-
сін көтеру үшін Жеңіс рас па, өтірік пе деп түс көргендей боп тең-
селіп  қалған  жағдайда,  оларды  бейбіт  еңбек  пен  жарқын  болашақ 
күтіп тұрғанына үміттендіру мақсатымен Сталин 1945 жылы 24 май-
да Кремльде Қызыл Армия басшыларының алдында сөз сөйледі. 
«Товарищи, разрешите мне поднять еще один последний тост. 
Я  хотел  бы  поднять  тост  за  здоровье  нашего  советского  народа 
и прежде всего, русского народа. 
Я  пью  прежде  всего,  за  здоровье  русского  народа  потому,  что 
он является наиболее выдающейся нацей из всех наций, входящих в 
состав Советского Союза.

176
177
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Я  поднимаю  тост,  за  здоровье  русского  народа  потому,  что  он 
заслужил  в  этой  войне  общее  признание,  как  руководящей  силы 
Советского Союза среди всех народов нашей страны. 
Я  поднимаю  тост,  за  здоровье  русского  народа  не  только  пото-
му,  что  он – руководящий,  но  и  потому,  что  у  него  имеется  ясный 
ум, стойкий характер и терпение. 
У  нашего  правительства  было  не  мало  ошибок,  были  у  нас  мо-
менты отчаянного положения в 1941-1942 годах, когда люди отсту-
пали  и  покидали  родные  нам  села  и  города  Украины,  Белоруссий, 
Молдави,  Ленинградской  области,  Прибалтики,  Карело-Финской 
республики  покидала,  потому  что  не  было  другого  выхода.  Иной 
народ  мог  бы  сказать  правительству:  Вы  не  оправдали  наших  ожи-
даний,  уходите  прочь,  мы  поставим  другое  правительство,  которое 
заключит мир с Германией и обеспечит нам покой. Но русский на-
род не пошел на жертвы, чтобы обеспечит разгром Германии.
И  это  доверие  русского  народа  Советскому  правительству,  ока-
залось  той  решающей  силой,  которая  обеспечила,  историческую 
Победу над врагом человечества над фашизмом. 
Спасибо ему, русскому народу, за это доверия! За здоровье рус-
ского народа!
Молотов: За здоровье нашего родного великого Сталина!...».
Жазушы А. Бек батальон командирі Б. Момышұлы туралы кітап 
жазу  мақсатымен  келгенде  «Соғыс  туралы  бір  өтірік  айтсаң  бір 
саусағыңды, екі өтірік айтсаң екі саусағыңды кесемін» деп келісім-
шарт  жасасуы  қысастық  емес,  шындығы  солай.  А.  Бекке  «Соғысты 
көрмей жазсаң, сөзің шындыққа жанаспайды» деп майдан даласын-
да  жан  алысып,  жан  берісіп  жатқан  шайқас  кезінде  соңына  ертіп, 
«Солдаттардың ерлігін, ержүректілігін, өлімін өз көзіңмен көр» деуі, 
əйтпесе жазбайсың деп, тік айтуы да тектіліктің белгісі болса керек. 
Баукең  айтқандай,  соғыс  майданын  көрмей,  соғыстағы  порохтың 
исін  сезбей,  мылтықтың  кезеңгенін,  жауға  оқтың  атылғанын  көр-
мей,  соғысты  шынайы,  объективті  жазу  мүмкін  емес.  Сол  себептен 
де, Б. Момышұлы М. Əуезовтің «Намыс гвардиясы» деген, соғысқа 
арналған кітабын сын тезіне алып, шындықты бетке ұстап айтқанын 
ұлы  жазушының  мойындауына  тура  келген.  Бұл  рас  та,  Баукең 
былай  дейді: «Некоторые  писатели,  поэты  пишут  о  войне,  не  зная 
даже запах порохо, где реальность». Сондықтан да «Арпалыс» атты 
кітаптың  бас  кейіпкері  Б.  Момышұлы  болғандықтан,  Баукең  жа-
зушы  А.  Бектің  айтқанымен  жүрмей,  кітаптағы  оқиғаларды  өзі 
баяндай отырып жаздырады. 
Ұлы  Отан  соғысы  Жеңіспен  аяқталғаннан  кейін,  Калининград 
(бұрынғы  Кенингсберг)  қаласындағы  жоғары  əскери  академияда 
аға оқытушы, кейін профессор атанды. Орыс генералдарымен қатар 
соғыс  тактикасы  мен  стратегиясы  туралы  дəріс  беруі  оның  соғыс 
өнерін  олардан  артық  білмесе,  кем  білмегендігін  көрсетеді.  Бау-
кеңді Совет армиясы Бас қолбасшысы Сталиннің бірінші орынбаса-
ры,  маршал  Жуков  бас  штабқа  шақыртады.  Жуковпен  бірге  келген 
маршал  Баграмян  мен  авиация  маршалы  отырады.  Жуков  бірден 
«Жолдас  Момышұлы,  Сталинград  майданы  жеңіліске  ұшырауда. 
Резервіңде  бір  ғана  əскери  бригадасы  бар  жауға  қарсы  қандай  əс-
кери  тактика  қолданар  едіңіз»  дегенде,  соғыс  картасы  алдында 
тұрып  ол  өз  ойын  баяндайды.  Сталинград  майданының  қолбасшы-
сы  Баграмян  менсінбей,  жақтырмаған  сыңай  танытқанда,  маршал 
Жуков «аяғына дейін тыңдаңыз» деп Баграмянды басып тастайды.
Нəтижесінде,  Баукеңнің  баяндаған  əскери  операциясы  жүзеге 
асырылады.  Маршал  Жуковтың  Б.  Момышұлының  пікірімен  сана-
суы  тегіннен-тегін  емес  еді.  Оның  соғыс  өнеріне  жетік  стратегия 
мен  тактиканы  ұштастыра  білуіне  көзі  жетіп  жоғары  баға  беруінің 
белгісі,  дəл  сол  жолы  полк  командирінен  дивизия  командиріне 
тағайындалады.  Соғыс  Жеңіспен  аяқталып,  əскер  қатарынан  боса-
ған  Б.  Момышұлы  Алматыға  келеді.  Сол  кездегі  СССР  Қорғаныс 
министрі  Жуков  Қазақстан  Орталық  комитетіне  қоңырау  шалып, 
«Б.  Момышұлы  Алматыда  болса  пəтері  бар  ма,  не  істеп  жүр,  жағ-
дайы  қалай»  деп  хабарласады.  Баукең  өзінің  туған  жері  Жуалыда 
екен.  Кейін  Жуковтың  қоңырау  шалғанын  естіп,  СССР  Қорғаныс 
министрі  маршал  Жуковқа  «Көңіл  бөліп  жағдайымды  білгеніңізге 
көп рахмет. Алматыда пəтерім бар, ешнəрсе қажет етпеймін» дейді. 
Ұлылардың бірін-бірі сөз төркінінен-ақ білуі, терезесі тең дəрежеде 
сөйлесуі мен қамқорлығы олардың ірілігін байқатса керек.
Бірде  Куба  Республикасының  президенті  Фидель  Кастро  Таш-
кентке  мемлекеттік  сапармен  келгенінде  «Куба  халқының  жеңісте-
ріне  үлкен  үлес  қосқан  (Куба  халқының  тəуелсіздігін  тұншықты-
руға  əрекет  жасаған,  Ф.  Кастроның  өміріне  əлденеше  рет  қастан-
дық  жасаған  АҚШ  туралы – Т.  Ж.)  яғни,  жауынгерлерге  патриот-
тық  рух  берген,  одақ  құрамында  үлкен  емес,  кішігірім  ұлттардан 
шыққан  адамның  атағының  жер-жерді  шарлап  кеткеніне  таң  қалып 
баға берген». Бұл – Баукеңнің көзі тірі кезінде аты аңызға айналға-
нының  куəсі.  А.  Бектің  «Арпалыс»  атты  кітабындағы  Баукеңнің 
Отанға,  адамға  деген  патриоттық  сүйіспеншілігі,  оның  тапқыр  ой-
лары,  тактика  мен  стратегиясының  əсерлері  мол  болғандығын  айта 
келіп, «Шынымен  Бауыржан  деген  болған  ба,  болса  қайда?» – деп 
сауал  тастаған.  Ташкенттегі  ағайындар: «Ол  Алматыда  кітап  жазу-
мен  шұғылданып  жатыр», – дейді.  Сонда  Куба  президенті: «Егер 
бар болса біздің Кубаға келсін», – деген екен.

178
179
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Ф.  Кастроның  Куба  Республикасына  шақырғанын  естігеннен 
соң,  Баукең  Жазушылар  одағынан  қаржы  сұрап  барса,  ондағылар 
қаржының  жоқ  екендігін  алға  тартады.  Сонда  Баукең  өз  қаражаты-
мен  туристік  сапармен  Куба  Республикасына  самолетпен  ұшып 
барады. «Самолеттен түсер кезімде оң қолымды алға созып «Қаһар-
ман  Куба  халқына  сəлем!», – дегенімде  журналистер  мен  кино-
репортерлер  қоршап  алып,  кім  екенімді  сұрайды.  Мен  мəн-жайды 
айттым  да,  туристік  базадағы  қонақ  үйіме  жол  тарттым.  Екі-үш 
күн  қаланы  араладым.  Кубаның  бір  ресми  адамы  Рауль  Кастро 
шақырып  жатқанын  айтып,  соған  алып  келді.  Онымен  тілмаш  ар-
қылы  сұхбаттасып  отырып,  Фидель  Кастроның  қайда  екендігін  сұ-
радым.  Оның  қазір  қалада  жоқ  екендігін,  бір  қалаларда  төңкеріс 
болғанын,  соны  басуға  кеткенін  айтып,  ол  маған  арнайы  тілмаш 
пен экскурсовод берді де, менің туристік сапарымды бір аптаға соз-
дырды...».
Ұлы  Отан  соғысында  көзсіз  батырлығы,  əскери  стратегиялық-
тактикалық  білгірлігі  үшін  Жоғары  қолбасшылық  атына  (Ставка-
да)  Совет  Одағының  батыры  атағына  бір  емес,  үш  рет  ұсынылып, 
ол  нəтижесіз  қалып  жатады.  Оның  себебін  орыс  генералдарының 
шовинистігінен  іздеген  жөн.  Қазақ  болғандықтан,  генерал  атағын 
да  ала  алмауы  түсінікті.  Екінші  себебі  туралы,  Қазақстан  басшы-
лары  Н.  Оңдасынов  пен  Ж.  Шаяхметовтың  қарсылығынан  болғаны 
туралы жоғарыда айтылды.
Ұлы  державалық  шовинизмнің  Ресейде  де,  Қытайда  да,  Ұлы-
британияда  да,  Германияда  да  табиғаты  бірдей.  Олар  бұратана  ха-
лықтардың  дамуын,  сауаттануын,  интелектуалдық  деңгейінің  өсуін 
қаламайды,  əйтеуір  амалын  тауып  ылғи  тежеп  отыруды  негізгі 
мақсаты, өзінің ұлттық мұраты деп есептейді. Сөйтіп ол халықтарды 
оқытпай  надандықта  ұстауды  дөрекі  жоспарлы  түрде  жүргізеді. 
Өйткені  сауаты  ашылған  халық  ғылымға,  демократияға,  бостан-
дыққа,  сөз  еркіндігіне  ұмтылады.  Сондықтан  бұратана  халықтарға 
надандықтың ноқтасын мəңгі кигізіп қоюға тырысып бағады.
Осы  бұғаудың  киімін  шығыс,  оның  ішінде,  қазақ  халқы  бірне-
ше  ғасыр  киді.  Ғылыми  түрден  алып  қарағанда  адамдар  дүние 
есігін  ашқанда  олардың  табиғаты  (он  екі  мүшесі,  миы,  санасының 
қалыптасуының  алғышарты,  əлеуметтік  ортасы – Т.  Ж.)  бірдей  бо-
лады.  Өсе  келе  шовинистік  империяның  саяси  ықпалына  байла-
нысты  жаулап  алған  ұлт,  екінші  бұратана  болған  ұлтты  басып 
шаншып,  о  баста  табиғат  берген  қабілеттілікті  қолдан  тежеп  артқа 
қалуына  жол  ашады.  Бұл  бір  расаның  екінші  расаға  қарағанда  ар-
тықшылығын  дəріптейтін  расистік  концепция – Евроцентризм  деп 
аталады.  Аталмыш  концепциямен  ең  соңында  Гитлер  қаруланды. 
Оның  тұжырымы  бойынша,  шығыстан  айтулы  ғалымдардың 
шығуы екіталай, тіпті мүмкін емес екен. Айта кеткен жөн, бұл тео-
рия  емес,  тек  қана  концепция.  Теория  бір  дəлелденгеннен  кейін, 
ешқашан  өзгермейді,  заманалар  тегінен  сүрінбей  өтеді,  өзінің  ақи-
қаттығын ылғи дəлелдеп отырады. Ал концепция (латын – көзқарас, 
жүйелі түсінік қандай да бір нəрсені, құбылысты түсіну жолы, зерт-
теліп отырған затты, процесті түсінудегі басты көзқарас, оны баян-
даудың  басты  идеясы)  дəуірдің  өзгеруіне  байланысты  өзгеріп  оты-
рады. Мысалы, евроцентризм концепциясы бірнеше ғасыр бойы бір 
елдің  немесе  бір  ұлттың  екінші  ұлтты  бағындырып  езіп-жаншуы-
ның  идеялық  құралы  болды.  Еуропалықтар  шығыс  елдерін  осы 
концепция  арқылы  қанады,  кемсітті, «бөліп  ал  да,  билей  бер»  сая-
сатын жүргізді. Қазіргі евроцентризм концепциясы құрдымға кетіп, 
тарихтың үлесіне тиіп, архаизмге айналуда.
Бұл  жолды  алғашқы  болып  талқандаған  Шығыс  елі  жапондық-
тар  болды.  Соғыстан  кейінгі  олардың  ғылымы  мен  экономикасы-
ның  аса  қарқынмен  дамуы,  Еуропа  мен  АҚШ-ты  өкшелеп  састыр-
ды. Жапон ғалымдары ғылыми-техникалық революцияның шыңына 
шықты. Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия елдері – жолбарыстар, бола-
шақ  цивилизацияның  тұтқасын  қолына  мықтап  ұстауға  бел  буды. 
Евроцентризм  бірнеше  ғасыр  қолмен  қағытып  отырған  Шығыс 
оянып,  Маркстың  «Будущее  принадлежит  Востоку»  деп  айтқа-
нындай, прогресс пен байлықтың тізгінін қолына алды. Оған дəлел-
дер  келтірсек  те  болады. 2014 жылы  əлемдік  экономикалық  додада 
ІЖО (ішкі жалпы өнім) (ВВП): АҚШ – 17 трл. доллар салмағы 22%, 
Қытай – 10 трл. – 13% (2010 жылы  АҚШ 15 трл.  болғанда  Қытай 
1 трл. еді). Байқағанымыздай, олардың арасы қарқынды түрде қыс-
қаруда. ІЖӨ бойынша жоғары он елдің қатарына кіретіндер: Жапо-
ния (6,8%) – үшінші  орын,  Германия (4,7%), Франция (3,6%), Бра-
зилия (3,4%), Ұлыбритания (3,2%), Россия (3,05%), Индия (2,74%), 
Италия (2,7%). Қытай  АҚШ-ты  өкшелеп,  оның  желкесінен  қарап 
ыстық демін алуда. Бұл жерде Қытай алға қарап ұмтылса, АҚШ ар-
тына жалтақтап қарауда.
Ертеректе  евроцентристік  расистік  идея  батыстың  лидерлері-
нің  миын  тұмандандырып,  шығыс  лидерлеріне  миығынан  қарау 
заңдылық  деп  есептелді.  Оларды  қомсытып,  өздерінің  «артықшы-
лығын»  ашық  айтып  көрсетпесе  де,  іс-əрекетінен,  қатынастарынан, 
дипломатиялық  сөздерінен,  ойларынан  байқалып  тұрды.  Шешуші 
іс-əрекеттерде,  соғыс  қимылдарында  міндетті  түрде  жеңіп  шыға-
тындарына  кəміл  сенді.  Мысалы  жаңа  тарихтың  лидерлері  Ф.  Руз-

180
181
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
вельттің  (АҚШ  президенті),  У.  Черчилльдің  (Ұлыбритания  пре-
мьер-министрі),  Гитлердің  (Германия  канцлері)  санасын  ұлықтық 
маниясы  (мания  величия)  билеп  уландырып,  Совет  Одағының  ли-
дері  Сталиннің  төбесінен  қарап,  оны  екінші  сортқа  балайтындай 
се-зінді,  оны  өздерінің  деңгейіне  көтеріп,  қатар  қойғысы  келмеді. 
Мұның  барлығы  іштей  берілген  баға  іспеттес  еді.  Большевизмді 
бесігінде  тұншықтыратын  уақыт  келсе,  күшпен  жеңіп  шығатында-
рына  да  сенді.  Расистік  идея  оларды  жалған,  асыра  сілтеушілікке 
ұрындырды,  елі  мен  жерін,  əділеттілікті  қару  етіп  қорғаудың  құ-
діреттілігіне мəн бермеді, сенбеді де. Баяғы жаулап алып құлдыққа 
айналдыруды,  нəсілдік  тұрғыдан  келіп  қанауды,  кембағал,  кедей-
лерді  кемсітуді  əдетке  айналдырды.  Бір  сөзбен  айтқанда,  олардың 
расистік  санасында  Шығыс  лидерлерінің  бағасының  рейтингісі 
осындай төмен болды.
Сталиннің  əділеттілікті  қасық  қаны  қалғанша,  бар  жан-тəнімен 
қорғайтынын,  оған  халықтың  қалқан  болатынын,  мұндайда  халық-
та  өлшеусіз  құдіретті  күштің  пайда  болатынынан,  одан  басшы  нəр 
алып,  табиғат  берген  рухани  болмысын  мобилизация  жасап  олар-
дан  асып  түсетіндігін  олар  байқаса  да,  жете  мəн  бермесе  керек. 
Адам  дүниеге  келгенде,  ол  ана  жатырындағы  эмбрионда  жазылған 
қабілеттілік  бойынша  қалыптасады.  Онда  баланың  болашағы  мате-
матикамен,  физикамен,  химиямен,  гуманитариямен,  т.б.  байланыс-
тылығы  программа  ретінде  жазылады.  Өсе  келе  баланың  табиғат 
берген  қабілетін,  ата-ана,  мектеп  бірлесе  отырып  ертерек  анықтап 
бағыттаса,  одан  толық  өнім  шығатыны  дəлелденген.  Сол  сияқты 
Сталиннің  табиғат  берген  лидерлік  қабілеті  мен  Отанын  қорғауда-
ғы  əділеттіліктің  қатал  талабы  асқан  намысқорлықпен  будандасып, 
Совет  халқының  қолына  Жеңісті  ұстауға  шешуші  роль  атқарды. 
Кешегі  соғыста  бейбітшілік  пен  əділеттіліксүйгіш,  прогресшіл 
адамзат  баласы  тағдырын  Сталиннің  алақанына  салып  бергендей 
болып,  оған  үлкен  сенім  артты.  Ол  нардың  жүгін  арқалап,  жауап-
кершілікті  мойнына  алды.  Бұл  жерде  Совет  халқы  мен  мемлекеті-
нің  тағдыры – өз  алдына  бір  төбе.  Агрессивтікті  немесе  əділетті-
лікті  қорғаған  лидердің  іс-əрекет,  қимылдарында  айырмашылық-
тың  болуы  тарихта  дəлелденген.  Аргессор – басқыншы  қара  күш 
болғандықтан,  қарапайым  қара  халық  оны  қолдамаған,  тек  қорық-
қанынан ғана айтқанын орындап, айдауына жүрген, іштей жек көр-
ген  (қазақтар  оны  иттің  етінен  жек  көрген  дейді),  реті  келсе  орын-
дамауға,  бүлдіруге,  тайқып  шығып  кетуге  дайын  тұрған.  Агрессор-
дың  берген  бұйрығы,  нұсқауы,  пəрмені  осалдау,  талабы  қорқаулау, 
арғы  жағы  бос  психология  жағынан  дəрменсіздеу  болған.  Əділет-
тілігі  шынайы  түрде  болмағаны  көзге  көрініп  тұрған.  Оны  халық 
білген.  Мысалы,  Гитлердің: «Қарсы  келген  адамды  өлтіре  бер,  өл-
тіре  бер,  сонда  ұлы  Германияға  шын  берілгендігіңді  дəлелдейсің, 
шын  патриотсың», – деді.  Черчилльдің  Гитлер  мен  Сталинді  екі 
жолбарысқа  теңеуі  немесе  Рузвельттің  Сталиннің  шарттары  бо-
йынша  екінші  майдан  ашу  мəселесіндегі  Черчилльдің  сөзіне  еріп 
солқылдақтық танытуы өз алдына бір басқа. Екінші майданды ашу-
ға  олар  құлықты  болмады.  Өйткені  əділетсіздікті  жақтады,  нəтиже-
сінде берген уəделерін бұзды, өз мүдделеріне қызмет етті. Прогрес-
шіл  адамзат  баласының  талабын  орындамай  отырғанын  жақсы  се-
зінді,  біле  тұрып,  екінші  майданның  ашылу  мерзімін  əдейі  кеше-
уілдетті.  Мұның  барып  тұрған  əділетсіз  екенін  білсе  де,  құйтұрқы 
Черчилльдің  айтқанынан  шықпады.  Мұны  дипломатия  тілінде 
«қорқаулық» деп атайды.
Керісінше,  өз  халқының  жəне  бүкіл  жер  шарын  мекендеген 
адамдардың  атынан,  əділеттілік  пен  бейбіт  өмірді  жақтаған  елдер-
дің үмітін арқалаған Сталиннің екінші майданды ашу шарты орын-
далу  үшін,  одақтас  АҚШ  пен  Ұлыбритания  лидерлеріне  қойған  та-
лаптары,  оларды  имандылыққа  шақырып,  олардың  позициясының 
осал  болып  жатқандығын  сынға  алуы  дəлелдейді.  Сталиннің  ба-
тыл  сөйлеуінің,  іс-қимылының  артында  халықтардың  сенімі  мен 
үміті  жатыр  еді.  Бұл  Рузвельт  пен  Черчилльдің  өз  мемлекеттерінің 
тар  мүддесін  ғана  қорғайтын  айла-əрекеттерін  батыл  əшкерелеу, 
əлем  алдында  олардың  қулығының  құйрығының  біртұтам  екендігін 
беттеріне  басу  Сталиннің  міндеті  болды.  Бұған  көз  жеткізу  үшін 
сол  кездегі (1941-1944 жж.)  Сталиннің  екінші  майданды  ашу  ту-
ралы  оларға  жазған  хаттарының  мазмұнынан  толық  байқауға  бо-
лады.  Бұл  хаттардың  мазмұнында  əлем  тағдырының  қыл  үстінде 
тұрғандығын  бейнелейтін  толқулары,  тебіреністері  дəлел  бола  ала-
ды.  Бұл  айтуға  оңай  болғандығымен, 1941 жылы  октябрьдегі  төн-
ген  қауіпті  тілге  тиек  ете  отырып,  оған  көсемнің  соратниктерінің 
Москваны  тастап  Куйбышевте  дайындалған  штабқа  көшуі  туралы 
үгіттегені,  бір  сəт  оның  бұл  идеяны  құптауға  аз-ақ  қалғаны,  өзіне 
ұқсас  киінген  он  адаммен  Курск  вокзалына  барып,  екі  сағаттан 
кейін  Кремльге  қайта  оралып,  Москваны  қорғауды  қолына  алып, 
үш пукттен тұратын бұйрық беруі былай болды: 
1. «Москваны қоршаудағы қала» деп жариялау;
2. Қаланың айналасына радиусы 15 км. окоп қазу;
3.  Москваны  қорғауды  Жуковқа  тапсыру.  Бұл  оқиғаны  Жуков 
былай  баяндайды:  Политбюроның  отырысы  түнгі  сағат 3-те  бітті, 
ал  сағат 5-те  біз  қаланы  қоршаған  немістердің  шебін  бұзу  мақса-

182
183
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
тымен  шабуылға  шығып,  немістерді 5 км  артқа  түріп  тастадық, 
кішкентай  ғана  Жеңіс  болса  да  үлкен  Жеңістің  (Берлинді  алып,  ту 
тігу – Т.  Ж.)  символындай  болды.  Жеңілмейтін  гитлершілдердің 
жеңілуі  мүмкін  екендігі,  солдаттар  мен  офицерлерді  рухтандыр-
ды,  қанағаттандырылды.  Жуковтың  «Естеліктер  мен  толғаныстар» 
деген  кітабында  ол: «Аталмыш  кішкентай  Жеңісті,  Берлинге  дейін 
қолдан  шығармай,  нəтижесінде  үлкен  Жеңіске  ұластырдық», – 
дейді. Бұл – тарихтың бұлтартпас фактісі. Сол кезде москвалықтар-
дың  аспай-саспай  «Сталин  барда,  не  қам  бар», – деп  үлкен  сенім 
артып  күнделікті  бейбіт  тіршіліктерімен  шұғылданып  жатты.  Ста-
линнің  Кремльде  қозғалмай  отыруы  үлкен  моральдық  тіреу  бол-
ды.  Бұлай  етпеуге  де  оның  правосы  жоқ  еді.  Москваны  бергеннен 
кейін əлемдік карта бетінен Совет Одағы сияқты алып мемлекеттің 
өшетіндігін,  халқы  да  тоз-тоз  боп  жоғалып  кететіндігін,  сөйтіп 
əлемдік қауіпсіздікке қатер төнетіндігін ол əсте естен шығармады.
Біз  бұл  жерде,  Шығыс  халқының  өкілі,  кішігірім  этнос-грузин 
халқынан  шыққан  тұлғаның  əлем  тағдырына  жауап  беруге  бел 
буғанын  байқаймыз.  Бұл  жерде  таяз  евроцентристік-расистік  идея-
ның  күл-талқанының  шыққанын  байқау  қиын  емес.  Оның  бұл-
тартпас  дəлелі  Жеңіс  байрағын  Совет  халқының  қолына  ұстатуы 
болды. Сол біздің заманда евроцентристік идеяның ауқымының тар, 
жалған  идея  екендігін,  оның  қоғамдық  жалпыхалықтық  құнды-
лықтарға  зиян  екендігін,  заңдылыққа  жатпайтындығын  дəлелдейді. 
Аталмыш  концепция  өзінің  құлдық  дəуірінің  үстемдігін  дəлелдеу 
үшін  батыстың  қолдан  ойлап  тапқан  жасанды  амалдары  оның 
уақытша құбылыс екендігін, Шығыстың ұзақ уақыт ұйқыдан оянып, 
буырқанған қарқынмен дамуы толық дəлел болуда. Байқап қарасақ, 
Батыс  аталмыш  концепциясымен  Шығыстың  аяғына  əлденеше 
ғасыр  бойы  тұсау  салған  екен.  Тамырланып  кеткен  евроцентризмді 
əрі  қарай  бұзып  талқандау  Шығыстың  өкілдерінің  еншісіне  əрі 
қарай  көшуде:  айталық,  Д.  Неру,  М.  Ганди,  Мао  цзе  дун,  Дин  сяо 
пин  сияқты,  т.б.  тұлғалардың  даналық,  қайраткерлік  іс-əрекеттері 
Шығыстың  тарихи  артықшылықтарын  бұлтартпай  дəлелдеуде. 
Олардың  ісін  əрі  қарай  жалғастырушы,  қазақтан  шыққан  аса  да-
рынды, ойшыл, қайраткер Н. Назарбаев əлемдік аренаға шықты. Ол 
өзінің  көрегенділігімен,  білімділігімен,  табандылығымен  Шығыс-
тың,  оның  ішінде, «Қазақстанның  даму  Моделін»  дүниеге  келтір-
ді.  Бұны  Қазақстанның  ерекшелігіне,  жеріне,  этносаралық  қаты-
настарына,  мəдениетіне  сəйкестендірді.  Бұл  модельді  əлем  «Назар-
баев феномені» деп тануда.
*  *  *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет