З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Назарбаев феномені
Ел басқарған адамға қойылар басты талаптың, тіпті басты шарт-
тың  бірі – ойшылдық, «ой  оңды  болмайынша,  іс  оңды  болмайды» 
дегенді  тарих  сөресінен  білеміз.  Назарбаевты  əлемдік  ауқымдағы 
саңлақ  саясаткер  ретінде  танытып  отырған  факторлардың  бірі  –
Елбасымыздың  ойшылдығында  жатыр.  Оның  ойшылдығы  қай 
кезде  де  ең  алдымен  істің  мəн-жайына  қанығуға,  кез  келген  құбы-
лысты  салқын  саналық  сарабына  салуға,  өзінің  өзегінен  өткізуге, 
содан  кейін  ғана  белгілі  бір  байламға  келуге,  сол  байламын  жұрт-
шылықтың жүрегіне жететіндей етіп өрнекті сөзбен өруге, ең қиын 
деген мəселелердің өзін барша жұрт түсіне алатындай, түйсіне ала-
тындай  қарапайым  етіп  ұғындырып  беруге  ұмтылатынын  тамаша 
танытады.  Бұл  принцип, «тоғыз  рет  өлшеп,  бір  рет  кесу  керек»  де-
ген  халық  даналығымен  үндесіп  жатады.  Елбасының  сөздері  мен 
идеяларының  құндылығы  олардың  дер  кезінде  айтылуымен  де  арта 
түседі.  Оның  басты  ерекшелігі  ол  бірде-бір  оқиғаға  орай  уақыт  өт-
кізіп  алып  сөйлемегеніне,  бірде-бір  құбылыс  жөнінде  алдын  орай-
мын  деп  асығыс  ой  айтпайтынына  көз  жеткізу  қиын  емес.  Қазақ-
стан  Ресей  империясы  құрамында  үш  ғасыр  бұратаналық  күн 
кешіп, көптеген адам айтқысыз қиыншылықтарды басынан кешіріп, 
артқа тартпай, Тəуелсіздік дəуіріне аяқ басты. Алғашқы кезеңде Елі-
мізде қазақ этносының ара салмағы ұлт болудан қалатын ең төмен-
гі көрсеткішке жетті.
1991  жылдың 16 желтоқсанда  жарияланған  тəуелсіздік  тəңірдің 
берген  сыйы  деп  айтуға  толық  правомыз  бар.  Қазақ  халқы  бұған 
тұрарлық.  Ол  үшін  халқымыз 3,5 мың  жыл  жанкешті  жолдарды 
басынан  кешірді.  Оны  ғылымда 7 алапат  һəм  азапты  иірімдер  деп 
атайды: 1. Парсы; 2. Қытай; 3. Араб; 4. Моңғол; 5. Жоңғар-қалмақ; 
6. Ресей империясы; 7. Қызыл империя. 
Тəуелсіздікті  алудың  өзі  оңай  болмағандығын,  ал  оны  баянды 
ету  одан  да  қиын  екендігін,  Тəуелсіздіктің  оңай  жолмен  келмей-
тіндігінің  бір  эпизодын  Н.  Назарбаев  былай  еске  алады: 1991 ж. 
16  августа  құрамында  тарай  бастаған  Орталықтан 8 лауазымды 
адамы  бар  Вице-президент,  КГБ,  Қорғаныс  министрі,  Ішкі  істер 
министрі,  т.б.  өздерін  ГКЧП-истер  (государственный  комитет  че-
резвычайного  происшествия)  деп  атаған,  мемлекеттік  төңкеріс  жа-
сап,  Одақ  президенті  М.  Горбачев  тақтан  тайдырылды.  Онымен 
қатар ,  одақтас  республикалардың  да  президенттері  лауазымдары-
нан  айырылып,  билікті  ГКЧП-истер  қолына  алды,  мақсаты  одақты 

184
185
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
таратпау.  Келесі  күні  Москваның  жарлығымен  президенттік  лауа-
зымынан  түскен  Н.  Назарбаев,  кезекті  уақытта  кабинетіне  кірейін 
деп  келіп,  есік  алдында  тұрған  екі  күзетшінің  біріншісіне: «Сендер 
мені  жібересіңдер  ме?»  деген  республика  президентінің  сауалына: 
«Сізді  жібермегенде  кімді  жібереміз?»  деп  баяғыша  рапорт  беріп, 
есік  ашады,  ал  екіншісіне  келгенде,  ол: «Кешіріңіз,  Сізді  жібере 
алмаймын,  өйткені,  Москвадан  бұйрық  келді», – дейді.  Осы  сəтте 
«Əлсіз,  жаңа  туған  нəрестедей,  республиканың  Тəуелсіздігіне,  қа-
тердің төнгенін бірден байқадым», – дейді Н. Назарбаев. «Армияның 
тізгінін  алған  ГКЧП-истер  танкілермен  президент  сарайын  қор-
шап  алмасына  кім  кепіл  еді.  Аңсап  жүрген  Тəуелсіздік  көзден  ға-
йып  болып,  империяның  үстемдігі  қайтадан  ғасырларға  созыла-
тын  болды-ау,  орталықтан  бағыныштылық  қара  түнекті  халқым-
ның  басына  қайта  жамылатын  болды-ау,  деген  уайым-қайғы  ойым-
нан  бір  кетпей  қойды», – дейді.  Осыдан  кейін  Тəуелсіздіктің  сəті 
қай уақытта оралады, оны ешкім болжап айта алмаса керек. Бұл сол 
кездегі  драмалық-трагедиялық  шындық  еді.  ГКЧП-истер  жеңгенде, 
империяның  үстемдігі,  қанды  шеңгелінен  босану  мүмкін  емес 
сияқты  еді.  Мысалы,  Қытай  империясының  құрамындағы  ұйғыр 
халқының  бостандық  үшін  күресі  ғасырларға  созылуда,  ал  шешен 
ұлтының  Тəуелсіздік  үшін  күресі  екі  ғасырға  жуықтады,  айта  бер-
се  мысалдар  жетерлік.  Қолда  тұрған  Тəуелсіздік  құсынан  айыры-
лу – қазақ  халқының  мəңгілікке  тұншығуымен  барабар  еді.  Укра-
ин  халқының  əлі  күнге  дейін  бүлініп  жатқаны  сол  империяның 
шовинистік саясатының салдары десек қателеспейміз.
Империяның  тоғышар  саясаткерлері,  басқа  республикалар  емес, 
Қазақстаннан империяның айырылып қалғанына бүгінгі күнге дейін 
кешірмейді. «Керуен көшеді, ит үреді», – дегендей анда-санда есіне 
түскенде,  Жириновский  сияқты  есерсоқтар  үріп  қоюдан  жалық-
пайды. Қазақстанды Ресейдің ішкі айылы («подбрющье») деп есеп-
теген  Солженыцин  сияқты  империяшыл  саясаткерлер  не  үшін  Қа-
зақстанды  империя  уысынан  шығармауды  мақсат  етіп  жанталаса 
күресті, оның себептері де баршылық:
1. Тарих төріне шолу:
XII–XIII  ғғ.  Шыңғысхан  дəуірінде,  оның  армиясының 60-70% 
қазақтардан  (найман,  керей,  үйсін,  қаңлы,  қоңырат,  қыпшақ,  т.б.) 
құралды. Орыс княжестволарының орталықтандыруына А. Невский-
дің  (Батыйдың  өкіл  баласы)  сұрауымен,  Батый  хан  шешуші  ықпал 
жасады.  Орыстар  моңғол  империясына  бодан  болды,  оның  үстем-
дігін  мойындады,  нəтижесінде  өте  үлкен  мөлшерде  алым-салық 
төледі.
Ұлы  Петр  патшаның  кезінде,  Еуропаға  «терезе»  ашып,  оның 
техникалық,  қару-жарақтарына  қол  жеткізіп,  армиясын  күшейтіп, 
найзамен,  семсермен,  шоқпармен,  т.б.  жасақталған  моңғол-қазақ-
тарды жеңіп, қазақ даласын империяның ыңғайына дайындады. Та-
рихтың  аз-кемді  өлшемімен,  үш  ғасырдай  бағындырған  моңғол-қа-
зақ үстемдігі шайқалып, ыдырап, нəтижесінде кейін үш ғасыр бойы 
орыс  империясының  үстемдігі  жүрді.  Мұны  тарихтың  кек  алу  сая-
саты  демеске  амал  жоқ.  Сондықтан  да  империя  қазақ  жеріне  ерек-
ше  өшпенділік,  кек  алу  саясат  көзімен  қарады.  Кеткен  есесін  қайта 
қайтару керек болды. Сол үшін қазақтарды:
а) сауатсыз надандықта ұстады, сауатты етуден жүрексінді;
б)  қазақ  халқының  санын,  жасанды  түрде  аяусыз  қысқартуға 
тырысты;
в)  əскери  салада  жоғарылап  келе  жатқан  қазақтарды  əртүрлі 
себептермен шен (чин) бермей тұсаулады;
г)  құнарлы  жерлерге  орыс  мұжықтарын  орналастырып,  тағы 
басқа  амалдар  қолданып,  түбегейлі  орыстандырып,  христиан  дініне 
енгізуді  үлкен  саясатқа  айналдырды.  Мұндай  практика  империя 
тарихында  баршылық,  мысалы,  сібір  халықтарын  орыстандырып, 
дінін,  фамилиясын,  тілін,  өмір  салтын  өзгертіп,  дəстүрлеріне  өзге-
рістер  енгізіп  (арақ  ішуге  машықтандыру)  тағы  басқа  амалдар 
қолданып, нəтижесінде орыс халқының оларды жұтып қоюы (ғылым 
тілімен айтқанда слияния) мемлекеттің жасанды саясаты еді.
д)  тың  жəне  тыңайған  жерді  игеру  дегенді  желеу  етіп,  одақтың 
жан-жағынан түрлі сотталғандарды, рецидивистерді, хулигандарды, 
тағы  басқа  шеттен  шыққандарды  амнистия  жасап,  қазақ  даласына 
лап  еткізіп  бағыттады.  Сол  жылдары  қазақ  халқының  саны 27 па-
йызға  дейін  төмендеп,  республиканың  Қазақстан  атауы  да  қыл  үс-
тінде  қалған-ды.  Қазақ  халқы  этнос  ретінде  тарихтан  өшіп  кетуге 
аз-ақ қалғанының куəсі де болдық; 
2.  Қазақстан  мен  Ресей  империясының  шекарасы 7,5 мың  км 
(жалпы 14 мың км.) созылып, онымен кіндіктесіп жатуы;
3.  Орыс  тілінің  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  дендеп  еніп 
кетуі. (Тəуелсіздіктің  тізгіні  қолға  тигелі 24 жыл  болса  да,  орыс 
тілінің мұрты бұзылмай қоймауы);
4.  Орыстандырылуға  бет  бұрған  қазақ  халқын  жер  асты  байлы-
ғымен, 2,7 млн  км  территориясымен  Ресей  құрамына  қосып  алуға 
мақсаттануы, т.б.
Қаржы,  экономика,  кадрларды  шешу,  жер,  мəдениет  тағы  басқа 
мəселелердің барлығының кілті орталықта (Москва) болды. Одақтас 
республикалар,  оның  ішінде,  əсіресе,  Қазақстан  өз  мəселелерін  им-

186
187
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
перияның  талабымен  өлшеп  барып  шешті.  Горбачевтың  қайта 
құру  идеясы. XX ғ. 80 жылдары  М.  Горбачев  билік  басына  келіп, 
«қайта  құру»  атты  демократиялық  мəні  бар  процесс  белең  алды. 
М.  Горбачевтың  қайта  құру  демократиялық  жел  ескен  іс-əрекетте-
рінің  нəтижесінде,  Одақ  қожырай  бастап,  одақтас  республикалар-
дың  лидерлері  өз  республикасының  президенттері  болып  сайлана 
бастады.  Бұл  одақтың  тарауының  алғашқы  симптомдары  болатын-
ды.  Былайша  айтқанда,  Одақ  сол  күйінде  қалмай  тарауы  объек-
тивтік  процесс  еді.  Оны  ешкім  де  тоқтата  алмас  еді.  Горбачев 
одақты сақтап қалу үшін түрлі амалдар қолданып бақты. Соның бірі 
одақтас республика басшыларының ішінде ең беделдісі, ықпалдысы 
Н.  Назарбаев  еді,  сондықтан  оған  Горбачев  үміт  артты.  Оған 
Н.  Рыжковтың  орнына  премьер-министрлік  қызметін  ұсынды.  Сон-
дағы  мақсаты  Одақты  таратпай  ұстап  қалатын  бірден-бір  тұлға 
Н. Назарбаев қана болмақ деген, жан-жақтан айтылған пікірлер бол-
са керек.
Бірақ Н. Назарбаев өзінің естеліктерінде көп ойланып, Одақтың 
перспективасының  бұлыңғыр  екендігіне  көзі  жетіп,  одан  бас  тарта-
ды. «Өзге  елге  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол»  дегендей,  ол 
өз  елі  Қазақстанның  Тəуелсіз  мемлекет  болып  гүлденуін  таңдады. 
1990  жылы 24 апрельде  Н.  Назарбаев  Қазақ  ССР  Президенті  бо-
лып  сайланды.  Бірақ,  бұл  қуаныш  ұзаққа  созылмаған  еді.  Себебі, 
1991  жыл 16 августағы  ГКЧП-истердің  мемлекеттік  төңкеріс  жа-
сауына  байланысты  бұрынғы  сайланған  республикалық  президент-
тердің өкілеттіліктері уақытша тоқтатылған-ды. 1991 жылы 16-17 ав-
густа  ГКЧП-истер  Одақты  сақтап  қалу  үшін,  оны  бұрынғыдан  да 
қатал  империялық  диктаторлық  режимге  бейімдеу  мақсатында 
билікке  келгеннен  кейін,  ондаған  қарарлар  қабылдап  үлгерген-ді. 
Одақ  бұл  күндері  траур  жамылғандай  еді,  ызыңдаған  музыкадан 
басқа  ешнəрсе  жоқ,  жалпылама  тыныштықтан  халық  мүлгіп  қалды. 
Бұл  тыныштықты  Ресей  Президенті  бұзды. 18 августа  Б.  Ельцин 
асқан жүректілік танытып, көшені жайлаған танкілердің біріне шы-
ғып,  москвалықтарды  сроксыз  ереуілге  шақырып,  халық  оны  қол-
дап, ГКЧП-лықтарды тұтқындап, жалпы Тəуелсіздікті қорғап қалды. 
Одақтың  шаңырағы  ортасына  түсіп,  ыдырады.  Сол  сын  сағатта 
Б.  Ельциннің  іс-қимылының  дұрыс  екендігін  қолдап  сөйлеген  адам 
Н. Назарбаев қана болды.
Қазақстан 1991 жылы 16 декабрьде  Тəуелсіздігін  кештеу  жа-
риялады.  Бірақ  тəуелсіздікті  басқа  республикалардан  кейін,  ең  со-
ңында жариялаудың да себебі де бар еді. Əліптің артын күт деп, бұл 
жерде  де  Н.  Назарбаев  сабырлылық  пен  болжамдылық  танытты. 
Қазақстан  Ресей  үшін  аса  қызығушылық  танытып,  біз  сияқты  бай 
əрі  стратегиялық  маңызы  бар  өлкені  уысынан  шығармау  үшін, 
М.  Горбачев  бастаған  (ол  кезде  ол  президентік  лауазымды  атқа-
рып  отырған  еді)  империяның  авантюраға  баруы  реалды  қауіпті 
еді.  Оған  дəлел,  Қырғызстан  астанасы  Фрунзе  қаласының  аспа-
нында  əскери  самолеттер  жиі  шарпып,  ұшып  жүрді.  Бұл  Қырғыз-
стан  емес,  Қазақстанға  көрсеткен  қыр  (доқ)  еді.  Бұл  жерде  Н.  На-
зарбаевтың  саяси  ептілігі,  жүректілігі  қажет  болды.  Сол  күндері 
Назарбаевтың  қасында  жүрген,  юриспруденция  академигі,  заңгер 
С. Сартаев былай еске алады: «16 декабрьде ертеңгі сағат 10-да Тə-
уелсіздікті  жариялаймыз»  деп  шештік.  Бірақ  таңертеңгі  сағат 9-да 
Н.  Назарбаев  маған  телефон  соқты  да: «Горбачев  Тəуелсіздікті  жа-
риялауды  кейінге  қалдыруды  салқын  түрде  өтінді», – деп  қобал-
жыған  дауыспен  келуімді  сұрады.  Əрине,  империя  басшысының 
өтінішін орындамауға болмайтын еді. Депутаттарға хабарланып қо-
йылған, «енді  не  істейміз»?  деген  сұрақ  тұрды.  Мен  айттым,  басқа 
республикалар  Азербайжан,  Грузия,  т.б.  Тəуелсіздігін  əлдеқашан 
жариялап  үлгерді,  біз-ақ  қалдық,  біз  Тəуелсіздікті  іркілтсек,  елге 
не  дейміз  деген  əрі  күйініш,  əрі  қорқыныш  сезімі  бойымды  билеп 
алды.  Тəуелсіздіктің  тағдырының  қыл  үстінде  тұрғанын  енді  шын 
сезіндім.  Сол  кезде  Нұрекең  кенеттен: «Сұлтеке,  баста  деп,  сөзін 
бір-ақ  түйіндеді.  Нұрекеңнің  осы  жүректілігімен  қанаттанған  мен 
сағат 10-да  депутаттар  алдында  Тəуелсіздікті  жариялап  жібердім. 
Бірақ  байқасам,  дауысым  қалтырап,  денем  дір-дір  етіп  тұр  екен. 
Тəуелсіздікті жариялауым мұң екен, депутаттар орнынан тұрып кет-
кенін  білмей  де  қалды,  ұзақ  қол  шапалақтады. 30 минуттан  кейін 
Тəуелсіздігімізді Түрік мемлекеті мойындап хабарлады. Сонда ғана 
Тəуелсіздігіміздің  ғұмыры  ұзақ-мəңгі  болатындығын  шын  сезін-
дім», – дейді.  Шет  мемлекет  Тəуелсіздікті  мойындады  деген  сөз – 
енді  Ресей  империясы  бізге  тиісе  алмайды  деген  дипломатиялық 
вердикт  еді.  Тəуелсіздік  осылай  драматизмге  толы  əрі  ұлы  бақыт-
ты күнмен басталды.
Енді  оны  реалды  мазмұнмен  толтырып,  баянды  етіп  құру  перс-
пективадағы аса күрделі де, аса қиын проблема еді. Бізді солар күтіп 
тұрды. Қазақстан Тəуелсіздікті алғаннан кейін, бұрын-соңды болып 
көрмеген, құлақ естімеген үлкен жолдың айырығында тұрдық. Даму 
жолын  таңдау  да  оңай  болған  жоқ.  Бірақ  ұзақ  ойлап  толғаныстан 
кейін, бұл ұлы көшті Н. Назарбаев «Қазақстандық жол» деп атады. 
Н.  Назарбаев  Қазақстанның  жаңа  дəуір  тарихының  архитекторы 
болды  деп  зор  мақтанышпен  айта  аламыз.  Мұндайда  ырғалып-
жырғалуды  уақыт  көтермейді,  аса  қажетті  заңнамаларды  қабылдап, 

188
189
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
халықтың  əл-ауқатын,  мəдениетін,  əлеуметтік  ахуалын  жедел  кө-
теру  үшін  саяси-экономикалық  реформаларды  тез  іс  жүзіне  асыру 
орасан  зор  іскерлікті  талап  етті.  Олар:  қалыптасып  қалған  социа-
листік  сананы  (бəрін  мемлекет  қамтамасыз  ету  керек),  рыноктық 
санаға қарай (жеке-меншікті икемді істетіп табыс табу) бұру қиын-
ның қиыны болғаны өмір шындығы.
Сол  кезеңде  «Қазақстан  өз  күнін  өзі  көре  алмай,  қол  қусырып 
Ресейге  қайтып  оралады»  деген  мақсатпен  бізді  «рубль»  кеңісті-
гінен  шығарып  тастады.  Осындай  мəселенің  боларын  болжаған 
Н.  Назарбаев  ертерек  қамданып,  Англияға  ұлттық  валютаға  тап-
сырыс  беріп  үлгеріпті.  Бұрынғы  тығыз  экономиялық  байланыстар 
шарт  үзілді,  ел  ауыр  жағдайлармен  бетпе-бет  келді.  Жұмыссыздық 
лезде  жайлап  кетіп,  отбасының  асыраушысы  болған  ер-азаматтар 
үйде  отырып  қалып,  əйелдер  күнделікті  напаха  табу  үшін  базар 
аралап  кезді,  зейнеткерлер  (пенсионерлер),  көп  балалы  аналар, 
мүгедектер тиісті ақшасын айлап ала алмай, биліктің назарын ауда-
ру  үшін  пойыздар  мен  көліктерді  торуылдап  жиі  тоқтата  бастады. 
Шахтерлар,  металлургтер  тағы  басқалар  ереуілге  шығуды  жоспар-
лады, бір сөзбен айтқанда, бұлар билікке оңай тимей сын сағаттар-
ды  басынан  кешіріп  жатты.  Мұндайда  уақыт  та  тез  өтпейді  ғой. 
Осы  кезеңде  ел  тамырын  ұстап  бəрін  көріп,  байқап  отырған  Н.  На-
зарбаев  аса  сабырлылық,  салмақтылық,  көрегендік,  болжамдылық 
танытып,  төніп  тұрған  күрделі  кезеңнің  уақытша,  өтпелі  екендігіне 
кəміл  сеніп,  халқына: «ашынған  қарын  тойынар,  ашылған  етек  жа-
былар,  сабыр  сақтаңыздар», – деп,  билік  барлық  іргелі  амалдарды 
жасауда,  əлі-ақ  дамудың  даңғыл  жолына  түсетіндігімізге  сендірді. 
Халық  басшысының  салиқалы,  білімділікпен  айтқан  уəждері  мен 
уəделеріне үлкен сеніммен қарап еңбек етуден танбады.
Күткеніміздей,  Тəуелсіздік  үлкен  саяси  жəне  экономикалық  ре-
формаларға  еркін  жол  ашты.  Н.  Назарбаев  сол  ұлы  ізгілік  істерге 
мұрындық  болды,  тың  мəселелерді  көтеріп  болашаққа  жарқын  жол 
ашты. Халықтың күткені де осы еді, үміттің ақтала бастағанын сез-
ген  ел,  жаппай  билікті  қолдап  іске  қызу  кірісті.  Н.  Назарбаев  ең 
алдымен  экономиканың  белін  жазып  еркін  дамуына  кеңінен  жол 
ашып,  саяси  мəселелерді  шешті:  демократиялық  үрдістерді  реалды 
түрде іс-жүзіне асыратын биліктің үш тармағын: парламент, үкімет, 
сот  жүйесін  қалыптастырды;  Ата  заң  жаңа  қалыптағы – Конститу-
ция  қабылданды,  экономиканың  күре  тамыры  болып  есептелетін, 
рыноктық  қатынас, «Жеке  меншік  туралы», «Тіл  туралы»  тағы 
басқа ондаған заңдар қабылданып, елдің əрі қарай дамуы бір жүйеге 
түсе бастады.
Н.  Назарбаев  тамыры  терең  мына  мəселелерге  халықтың  на-
зарын  жиі  аударды.  Мемлекет  бұрынғыдай  барлық  мəселелерді 
шешіп  береді  деп  қамсыз  отыруға  болмайды,  осы  қамсыздық  бізді 
тығырыққа  тірегенін  естен  шығармауымыз  керек,  меншік  иесі 
болғаннан  кейін  күн-түн  демей  тынымсыз  еңбек  ету  керек,  Маркс 
айтқандай  «Əлемнің  əміршісі  еңбек  болмақ»  деген  қағидамен 
қарулану  үшін  халықтың  санасына  түбегейлі  өзгеріс  енгізуге  ты-
рысты.  Өйткені  адамның  материалдық  жағдайы  өзгеріп  жақсарған-
мен,  оның  санасына  өзгеріс  енгізу  –  аса  қиын  да,  ұзақ  уақытты  та-
лап  ететін  процесс.  Сана  –  өте  концервативті  құбылыс.  Ол  жай 
қалыптасып,  баяу  тарқайды.  Мысалы:  ескі  қоғам  кезіндегі,  бəрін 
мемлекет  шешіп  береді  деген,  масылдық  психология  мен  сана, 
рыноктық  қатынас  кезінде  көптеген  кедергілерді  туғызады,  прог-
рессивтік  идеяларға  тосқауыл  болады.  Сол  масылдық  психология 
адамдарды  рыноктық  қатынас  кезінде  жаппай  еңбекке  бет  бұруы 
аса  қиындықтар  туғызды.  Міне, 23 жылдан  астам  уақыт  өтсе  де, 
əл-ауқат  жақсарғанмен,  сол  масылдық  психологияның  сарыны  əлі 
кездеседі
Н.  Назарбаев  феномені  аса  біліктілік  пен  табандылық  танытып 
өзі көтерілген рухани биіктікке халық тағдырын нар жүгіндей арқа-
лап  өрге  қарай  сүйреді.  Бұдан  бөлек  шешуші  кезек  күттірмейтін 
Қазақ  елінің  мəңгілігі  үшін,  тағдырлы  мəселелер  күн  тəртібінде 
тұрды:  біріншіден,  түйіні  ғасырлар  қойнауына  кететін,  шиеленісіп 
қалған  алып  жəне  шағын  көршілермен  шекара  мəселелерін  шешу 
қажет болды. Бұл оңай шаруа болмағанын біз білеміз, өйткені əлем-
дегі қайшылықтар, соғыс өрті əрқашан да жер дауынан, территория-
ны  кеңейту  саясатынан  туындаған.  Өйткені  біздің  географиялық 
жағдайымызға  алып  елдер  үнемі  көз  тігумен  болды,  əлі  де  көз 
алартуда.
Екіншіден,  капиталистік  жəне  социалистік  жүйелердің  текеті-
ресуінің  нəтижесінде  АҚШ  пен  СССР  мемлекеттерінде  қордалан-
ған  ядролық  қару-жарақ  жер  бетіндегі  тіршілікті  мыңдаған  рет  жо-
йып  жіберуге  жарайтын  еді.  Одақ  тараған  кезде  ядролық  ракеталар 
Ресей  Федерациясында,  Қазақстанда,  Украинада,  Белоруссияда  шо-
ғырланған еді. Бұлардың қауіптілігі сонша – бір ракетаның басында 
20  боеголовка  болды.  Қазақстан  территориясында 104 ракета  ор-
наласқан  еді.  Бір  ракета  батыс  елдеріне  (АҚШ)  жіберілсе, 4-5 ми-
нут  ішінде  америка  жағалауларына  барып, 20 км  биіктікке  жары-
лар болса, Нью-Йорк сияқты 20 мега қала жер бетінен тып-типыл бо-
лып  жоқ  болар  еді.  Міне,  ядролық  қарудың  қуаты  осымен  өлшене-
тінін  білеміз.  Оның  бергі  жағында  ядролық  сəуленің  радиациясы-

190
191
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ның қауіптілігі өз алдына. Екіншіден, Семей жерінде 500-ден астам 
ядролық  атом  бомбасы  сыналып,  халқымызға  орасан  зор  зардап 
əкелген,  полигон  президент  Н.  Назарбаевтың  жарлығымен  жабыл-
ды. Бұл теңдесі жоқ саяси акция еді. Өйткені əлемде бірінші болып 
ядролық  қаруды  ауыздықтап,  одан  бас  тартқан  Қазақ  мемлекеті 
ғана  болды.  Бұл  оқиға  бейбіт  өмір  сүруді  армандаған  əлем  халқын 
қуанышқа  бөледі  де,  əлемді  шарлап  кетті.  Əлем  көз  алдында 
Назарбаевтың  саяси  рейтингісі  бірден  шарықтап  кетті.  Былайша 
айтқанда, дүние жүзі халықтарының мүддесіне қызмет ету  Н. На-
зарбаев феноменінің басты адами қасиеттерінің бірі еді.
Көп  жылдар  бойы  Ұлыбританияның  премьер-министрі  болған 
«Темір леди» деп аталып кеткен, əлемдік деңгейдегі саясаткер Мар-
гарет  Тэтчер  Нұрсұлтан  Назарбаевты  «Қалыпқа  сыймайтын  тұлға, 
ол  болашақты  болжай  алады»  деп  ерекше  бағалаған.  Бұдан  артық 
баға беру қиынға түсер.
Алдына  амбициялық  мəні  бар  ауқымды,  бірақ  қолынан  келетін 
проблемаларды  қою  аса  зор  қайраткерлердің  еншісінде  ғана  бол-
са  керек.  Халқының  нардай  арман-тілегін  арқалаған,  Тəуелсіздікті 
реалды, баянды мазмұнмен, өлшеп берілген аз уақыттың ішінде тол-
тыру,  Назарбаевтың  жатпай-тұрмай  ылғи  жадында  болды.  Н.  На-
зарбаевтың  еліміздің  саяси-экономикалық  тарихында  баға  жетпес 
орын алатын халыққа жолдауларын жылда дəстүрге айналдыруында.
1995  жылы  бірінші  Жолдауы  халық  даналығына  сүйене  оты-
рып, «үш  күндігін  ойламаған  əйелден  без,  үш  жылдығын  ойлама-
ған  еркектен  без»  деген  терең  перспективалы  құндылығы  бар 
ұлағатты сөздерден басталады. Бұл Қазақстанды дамыған елу, одан 
кейін  отыз  елдің  қатарына  енгізу  жоспары  еді.  Бұның  оңай  шаруа 
еместігін  өзі  де,  елі  де  білді.  Бірақ  өзіне-өзі  сенімді  əрі  пəрменді 
дауысы  халықты  үйіріп  алып  кетіп,  оның  ойына  оптимистік  мəні 
бар  іске  асатын  идеяларды  ұялатты.  Əр  Жолдау  ағымды  жылда 
іске  асырылатын  саяси-əлеуметтік,  экономикалық  маңызы  бар,  ха-
лықтың  əл-ауқатын  көтеретін  мəселелерді  шешуге  бағытталды. 
Халық  басшысының  көтерген  мəселелерді  міндетті  түрде  шешетін-
дігіне  кəміл  сенді,  Президенттің  артынан  ерді.  Қандай  күрделі  мə-
селе  болса  да, «жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»,  дегендей  демокра-
тиялық  жолмен,  халықпен  ақылдаса  отырып  шешті.  Оның  дəлелі 
халықтың əл-ауқаты жылдан-жылға еселеніп дамып, үлкен қарқын-
мен  аз  уақыттың  ішінде  Жалпы  ішкі  өнімді  (ЖІӨ)  адам  басына 
шаққанда 700 доллардан 2014 жылы 13 мың  долларға  дейін  көте-
рілді.  Адамзат  тарихында  мұндай  қарқын  санаулы  елдерде  ғана 
болды десек қателеспейміз.
Н.  Назарбаев  рыноктық  экономиканың  алғашқы  қиындықтары 
90-жылдары  бас  көтере  бастаған,  сол  бір  қиын-қыстау  кезеңнің 
өзінде  Қазақстанды  түбінде  жарыққа  алып  шығуға  тиісті  аса  үлкен 
мəселелерге  мəн  берілген  еді.  Солардың  бірі – осыдан  бес  ғасыр-
дай  бұрын  біздің  сайын  даламызды  басып  өтетін  көне  «Жібек  жо-
лын»  қайта  жаңғырту,  Елбасымыздың  перспективадағы  жоспарын-
да  бар  еді.  Оған  дəлел 2015 жылы  құрылысы  аяқталатын  «ғасыр 
құрылысы»  деп  аталатын,  жалпы  ұзындығы  шамамен 8,5 мың  ки-
лометр (Ресей – 2300, Қазақстан – 2800, Қытай – қалғаны) болатын 
Батыс  Европа – Батыс  Қытай  автобаны  дəлізі,  парсы  шығанағына 
Қазақстан – Түркменстан – Иран  арқылы  теміржол  желісімен  Пар-
сы  шығанағы  арқылы  əлемдік  сауда  кеңістіктеріне  шығу,  Каспий, 
Қара  теңіздері  арқылы  Еуропаға  «Терезе  ойып  ашу»,  Қазақстан 
ішінде Астананы ірі қалалармен темір жол жəне жоғарғы деңгейдегі 
стандартқа  сай  тас  жолдармен  қосу,  тағы  басқа.  Елін  сүйген  Елба-
сына  сеніп,  тағдырын  алақанына  салған  халық,  оның  айналасына 
топтасын  үлкен  қолдау  танытты,  екпінді  еңбектің  жаңа  үлгілерін 
көрсетті.  Ел  сенімімен  қанағаттанған  Елбасы  өзіне  жүктелген  мін-
деттердің  үдесіне  шығу  үшін  жедел  дамудың  əлемдік  тəжірибеле-
рін  қолдана  отырып,  оның  жолдары  мен  тəсілдерін  генерациялап 
іске  асырды.  Елбасының  идеялық  тұғырларын  көтеріп  халықпен 
жұмыс  атқаратын  «Нұр  Отан»  партиясы  шеттен  инвестиция  тар-
ту,  Орта  Азияға  тартылған 240 миллиард  долларлардың 80% Қа-
зақстанның үлесіне тиеді. Соңғы жаңалықтарын ескере отырып ин-
новациялық  технологияның  озық  үлгілерін  енгізу,  адам  капиталын 
рационалды  пайдалану,  инфрақұрылымды  əлемдік  стандартқа  сай 
жүргізу,  қоғам  дамуының  локомативі  атанған,  əлемді  таңғалдыру-
дан  тайынбаған  Астана,  Еуроазиялық  экономикалық  одақ,  Қазақ-
стан  халық  Ассамблеясы  тағы  басқа.  Президент  əкімшілігінің  ай-
туына қарағанда Елбасының жұмыс графигінің тығыздығы сонша – 
олар минутпен есептеледі екен.
Н. Назарбаевтың əлемдік тарихта ойып алатын орны «Қазақстан 
халқы  Ассамблеясын»  дүниеге  келтіруімен  айқындалады.  Бұл  – 
практикалық  мəні  бар  консультативтік  институт,  еліміздегі  қыруар 
қоғамдық  құбылыстардың  қақ  ортасында  жүріп  «Мəңгілік  ел» 
құру  бастамаларының  басы-қасында  жүрді.  Ассамблеяның  рөлі 
оның  қоғамдағы  тыныштық  пен  тұрақтылықтың  басты  кепілдікте-
рінің  бірі  емес,  бірегейі  болып  табылады.  Бұл  орган  Н.  Назарбаев-
тың о бастан бел баласы деп айтуға болады. Өйткені, оның пайым-
дауынша, «бақыт  қайда  барасың,  деген  сұраққа,  бірлігі  мен  ты-
ныштығы  жарасқан  елге  барам»  деген  қағиданы  əсте  естен  шы-
ғармауды басты принципке айналдыру керек дейді.

192
193
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Одақ  кезіндегі  тыныштық,  ұлттар  арасындағы  келісімділік  қол-
мен,  мемлекет  қысымымен  ұйымдастырылған  жасанды  түрде  бо-
латын.  Ол  тарағаннан  кейін  шетіне  жете  қордаланған,  жер,  су,  өн-
діріс,  этностар  арасындағы  діни,  тіл  қайшылықтары  бірден  тұта-
нып,  үлкен  қан  төктірген  қақтығыстарға  əкеп  соқтырды.  Демок-
ратияның  желі  ескен  кезеңде  халықтардың  еркін  пікір  айтуы, 
іс-əрекет  қимыл  (конституцияның  шеңберінде)  жасауы, (шетел 
аралауы, т.б.) заңдылық. Сондықтан президенттің бастамасымен Қа-
зақстанда  Отаным  деп  тұрып  жатқан  түрлі  этностардың  мəдени 
орталықтары  ашылып,  өздерінің  ұлттық  тілдерін,  салт-дəстүрле-
рін,  əр  алуан  мəдениеттерін  дамытып  ұлтаралық  тыныштықта  өмір 
сүруде.  Олар  титулды  мемлекет  іргесін  қалаушы  қазақ  ұлтының 
айналасында  топтасуда.  Конституцияның  принципі  мен  талабы 
бойынша олар тең праволы, терезесі тең бейбіт өмір сүруде. Батыс-
Шығыс  елдерінің  өкілдерінің  айтуынша,  Қазақстандағы  Ассамблея 
моделінің  үлгісін  зерделеп,  тəжірибесін  өз  елдерінде  пайдалануға 
бейімдеуде.  Əртүрлі  дін,  тіл,  этнос  тағы  басқа  өкілдерінің  қатар 
бейбіт  өмір  сүруі  мүмкін  емес  сияқты  деп  таңғалуда.  Бұлай  өмір 
кешу конституцияға негізделген.
Ассамблея  мүшелері  биліктің  үш  тармағында  да,  түрлі  қызмет 
орындарында,  ғылымда,  тағы  басқа  қоғамның  барлық  салаларында 
толыққанды  өмір  сүруде.  Төрде  басы,  төскейде  малы  араласып,  бір 
адамның  баласындай,  бір  қолдың  саласындай  өмір  кешуде.  Олар-
дың  көбісі  кезінде  жер  аударылып  келгенде  баспанасымен  бөлісіп, 
дархан  қонақжайлық  танытып,  өгейсітпей  төбесінен  жəй  берген 
қазақтарға  шексіз  риза.  Сондықтан  олар  қазақтар  десе  ішкен  асын 
жерге  қояды,  өле-өлгенше  сыйлап  өтетіндігін  айтып,  жүрегінен  ақ 
жарылады. Татулық пен үйлесімділікке не жетсін.
Мемлекеттер  тарихында  астананы  басқа  жерге  ауыстыру  – 
əлемдік  практикада  бар  құбылыс.  Тəуелсіз  Қазақстанның  астана-
сының  ел  жүрегі  Сарыарқаның  төсінде  орналасуы  заңдылық.  Бұл  – 
Н.  Назарбаевтың  дəуірлік  оқиғасы,  оның  айнасы.  Бұлай  ету  Н.  На-
зарбаевтың  о  бастан  жоспарлаған  арманы  іспеттес  еді.  Оның  қалай 
парламентте  қабылданғаны,  қандай  қиын  кедергілер  болғаны,  пре-
зиденттің  ол  туралы  келтірген  уəждері,  Алматыдан  көшірілуі,  ай-
даладай  Целиноградқа  орналасуы,  тұрмыстық  қиыншылықтардың 
күтіп тұруы сияқты проблемалар болды. Бұл – объективтік процесс 
еді. Ол еліміздің жарқын болашағы үшін қабылданған дұрыс шешім 
еді.  Н.  Назарбаевтың  басшылығымен  біздің  мемлекетіміздің  өткен 
жолы – Астанамен бірге, өркендеу мен жасампаздықтың жолы. Ас-
тананың  бас  архитекторы  жəне  жетекшісі  Елбасының  өзі  болды. 
Оның  айтуынша,  астананың  əр  кірпіші  оның  ой  елегінен  өткендей, 
Н. Назарбаев астананың кіндік шешесі десек, қателеспейміз. Бүгінгі 
таңда  Астана – кербез,  сұлу  қала.  ЮНЕСКО-ның  шешімімен  Аста-
наға  «Əлем  қала»  мəртебесі  берілді. 2001 жылы  Астанаға  ресми 
сапармен  келген  Рим  папасы  Иоани  Павел 2: «Сіздердің  мемлеке-
тіңізді  көру  көптен  бергі  арманым  еді.  Міне,  бүгін  сол  арманыма 
жетіп,  осы  жердің  топырағын  басып  тұрмын.  Мен  Қазақстандағы 
өзара  достық  қарым-қатынасын  сақтаған  дін  өкілдеріне  ризашы-
лығымды  білдіремін.  Еуропа  мен  Азияның  кіндігінде  орналасқан 
осындай  қонақжай,  кеңпейіл  елдің  бас  қаласы – Астананы  көруді 
жазған  құдайға  мың  да  бір  алғысымды  айтамын», – деген  еді  те-
біреніп.
Адамзат  тарихының  ерекшелігі  сонда – ол  адам  баласының 
жеңушілер  мен  жасаушыларды,  яғни  қиын  тарихи  бетбұрыстарға 
халық  үшін  өзіне  нардың  жүгіндей  жауапкершілікті  арқалауға 
жəне  халықты  соңынан  ертуге  дайын  тұлғалардың  есімдерін  есінде 
сақтайды.
Тек,  біздің  Қазақстан  емес,  сонымен  қатар  Совет  Одағынан 
кейінгі  күрделі  экономикалық  жəне  саяси  əлеуметтік  дағдарыс  ке-
зеңінде,  дағдарысты  болжай  білетін,  оны  жүзеге  асыру  үшін  кере-
мет  дарынды  қасиеті  бар  тұлғалар  қажет  еді.  Күдіктілікті,  əлсіздік 
пен  өз  күшіне  сенбеушілікті  жоя  отырып,  адамдарға  деген  сенім 
мен үміт отын ұялату қажеттіліктің қажеті еді, сондықтан да Н. На-
зарбаев  қоғам  алдына  дағдарыстан  қатайып  шығып,  экономиканы 
қалпына  келтіріп  қана  қоймай,  табысты  да  болашаққа  ұмтылған 
мемлекет  болу,  халықаралық  қауымдастықтардың  сенімінен  шығу, 
саяси-экономикалық  жəне  мəдени  процестердің  толыққанды  қаты-
сушылары  болып  қана  қоймай,  алдыңғы  орындарға  қол  жеткізу 
мақсатын қойды.
Халқымыздың  көз  алдында  гүлденіп,  халықаралық  қатынастар-
дың  ордасы,  ғылымның,  мəдениеттің  озық  үлгісі  болып  келе  жат-
қан  жас  Астана  сəулет  өнерінің  бірегей  тəжірибе  алаңына  айна-
лып,  прогрестің  символы  Астана  –  мəңгілікке  көз  жүгірткен  мəң-
гілік елдің жүрегі, орасан жетістіктеріміздің қозғаушы күші, Қазақ-
станды  əлемдік  деңгейге  көтерген  тəуелсіздік  ұлылығымыздың 
байрағы. 
Мəңгілік  ел – идеясы.  Артқа  тастаған  Тəуелсіздік  алған  жылда-
рымызды  еске  алсақ,  ұлттық  идея  мəселесі  туралы  көптеген  ұсы-
ныстар  алға  тартылды,  ол  күн  тəртібінен  ешқашан  түспеді.  Олар 
əртүрлі  аталынды: «Қазақстандық  арман», «2050 стратегиясы», 
«Қазақ  елі»  тағы  басқа.  Бұлардың  ешқайсысын  халық  қабылдама-

194
195
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ды,  қолдайтын  пікірлер  айтылмады.  Елбасы  да  өз  тарапынан  тіс 
жарып ешнəрсе айтпады. Өйткені жоғарғы сөздердің халық жадын-
да өмірлік қызмет атқармайтындығы байқалды. Мысалы, 2050-стра-
тегиясы.  Ол  жоспар  бойынша,  оған  қол  жеткізгеннен  кейін,  жаңа-
дан идеяға ат беріп дүниеге келтіру қажет болар еді.
Сондықтан  Елбасы  ұзақ  уақыт  ойланып-толғанып,  өткен  ғасыр-
лардағы бабалар даналығымен ақылдасудың нəтижесінде «Мəңгілік 
ел»  ұлттық  идеясына  тарихи  таңдау  жасады.  Өйткені  бұл  идея – 
қазақстандық  мемлекетіміздің  көне  тарихынан  бастау  алатын  жал-
пы ұлттық құндылық. Оның тамыры тереңге кетеді. VIII ғ. Тоныкөк 
бабамыз: «Түнде  ұйықтамадым,  күндіз  отырмадым,  төрт  бұрыш-
тағы  халықтың  бəрін  бейбіт  еттім,  басты  еңкейттім,  тізені  бүктір-
ді!», – деп, «Мəңгілік  Ел»  құрсақ  деген  асыл  мұратын  тасқа  қашап 
жазып  кеткені  баршаға  мəлім.  Ата-бабаның  сол  асқақ  арманы 
бүгінгі  өркен  жайған  Тəуелсіз  мемлекетімізде  Елбасының  көреген 
саясатының  арқасында  орындалуда.  Айтқандай-ақ,  Елбасының  тың 
сөзін халық өртке тиген дауылдай қаулатып алып кетті. Өйткені ол 
халық жүрегінің тереңінен бір-ақ шықты десек қателеспейміз.
Елбасы: «Адам  өмірі  ондаған  жылдармен  шектеледі.  Осы  өмірі 
оның  келесі  ұрпағымен  жалғасып  отырады.  Сондықтан  халық 
Мəңгілігі  туралы  арманнан  жоғары  арман  жоқ.  Мəңгілік  Ел – бұл 
ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенім арттыратын идея, бұл – 
кері  қайтпайтын  жəне  берік  тұрақтылықтың  символы.  Қазақстан – 
2050  Стратегиясы – бұл  біздің  ұрпағымыздың  көптеген  буыны 
жүру  маңдайына  жазған  миллиондар  жолы».  Классик  айтқандай, 
«егер  идея  халықты  баурап  алса,  ол  зор  материалдық  күшке  ай-
налмақ»,  олай  болса  халық  Мəңгілік  ел  идеясын  қабылдады.  Сана-
сына  сіңіре  бастады,  болашаққа  жетелейтін  теорияға  айналмақ.  Бұ-
ған Н. Назарбаевтың «Тəуелсіздік толғауындағы» Нұрлы жол идея-
сы  толық  дəлел  бола  алады.  Елбасы  айтқандай,  Қазақстанның  бо-
лашағы – қоғамның идеялық бірлігінде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет