З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Янинаның тағдыры
Б.  Момышұлы  шығармаларына  талдау  жасай  оқысақ,  оның  сол 
кездегі  басым  болған  социалистік  реализмнің  тақырыптарына  елік-
теп жазғанын байқау қиын емес. Өйткені не жазса да оқиғаны бүк-
пе-шікпесіз  етіп  суреттей  отырып,  жалпы  түрде  мазмұнын  баян-
дайды.  Автор  өзінің  мақсатын  нысанасы  етіп  алады.  Некелесу 
барысында  екі  жақ  жанұя  құрудың  басты  факторы  материалдық 
жағдай  деп  айтқанмен,  алайда  материалдық  негізге  құрылған  неке-
нің  барысы  ұзақ  болмайды,  керісінше  көбінесе  өкінішті  жағдай-
лармен  аяқталатындығына  меңзейді. «Өзіне  өмірлік  серік  іздеген 
кезде  махаббатты  жүректің  түбіне  жатқызып,  материалдық  пайда 
басым  болып  шыға  келеді  де,  есеппен  үйлену,  пайда  жағын  іздес-

74
75
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
тіру  басталады.  Бұл  бассыздықты  көбісі  «өтпелі  кезең»  деп,  біраз 
жүре тұрсын, өз серігін тапқан соң қояды, – дейді кейбіреулер. Бұл 
жастарды  надандыққа,  өнегесіздікке,  бұзақылыққа  тəрбиелеу  бо-
лып табылады» (Б.М. Музей апа, 211-б.).
Сол  кездегі  жастар  арасында  кең  тараған  мораль,  ол  отбасы 
құрудың  ең  басты  талабы,  екі  жастың  арасында  рухани  келістілік, 
сəйкестік  жəне  үлкен  ұғым – махаббаттың  негізгі  жетекші  роль 
атқаруы  негізгі  шарт  болатын.  Рухани  жарастылық  екі  жастың 
арасындағы  қарым-қатынасты  шынайы  етпек.  Бұл  жерде  ол  кезде 
мемлекеттің,  адамдардың  материалдық  жағдайын  өз  мойнына  ала-
тындығы  негізгі  факторға  айналған.  Былайша  айтқанда,  қоғамдағы 
адамдардың  материалдық  жағдайының  жаман  болмайтындығына, 
жұмыссыздыққа  алаңдаушылықтың  реті  жоқ  екендігіне  баса  на-
зар  аударылатын.  Жастарға  дегендегі  мемлекеттің  қамқорлығы, 
олардың  материалдық  жағдайына  қам  жемеуіне  кепіл  болғандай 
болды.  Сондықтан  да  адамдар  арасындағы  рухани  сəйкестік,  жас-
тардың  бір-біріне  сүйіспеншілікпен  қарауы  негізгі  талаптардың 
бірі  болған  еді.  Автордың  пайымдауынша,  екі  жастың  арасындағы 
махаббат  деп  аталатын  рухани  сүйіспеншілік  баянды,  ұзақ  уақыт 
бақытты ғұмыр кешудің кепілі іспеттес болды. Мұны ғашықтық деп 
аталатын ұғыммен түсіндіруге болады. Мұндай бас қосу екі жақтың 
қатынасында  материалдық  есептің  жүрмейтіндігін  айғақтайды.  От-
басынан  тарайтын  ұрпақтардың  болашағына  сенімділігі  артып, 
олардың  қай  жағынан  болса  да  мықты,  қуатты  болашағынан  үлкен 
үміт  күттіретіндей  болып  қалыптасуына  кепіл  болмақ.  Рухы  күшті 
ұрпақтың отансүйгіштік, парасаттық сезімі де берік болмақ. Өйткені 
олардың  аяғынан  нық  тұруына  мемлекет  негізгі  қамқорлықты  өз 
мойнына  алатын-ды.  Сондықтан  олардың  рухында  ана  мен  Отан-
ның  біртұтастығы,  бір-бірінен  ажыратылмастай  қалыптасуы  заңды-
лықтай  еді.  Содан  барып  адамдардың  Отанға  деген  айнымас  құр-
метімен  астасып  жататын-ды.  Автордың  идеясын  əрі  қарай  сабақ-
тастырсақ,  кешегі  сұрапыл  соғысты  Совет  адамдарының  идеяға  бе-
рік  отансүйгіштік  ұрандар  олардың  табандылығын,  жауға  дегендегі 
өшпенділігін,  еркіндікке  дегендегі  жанкештілігін  анық  көрсетіп  ай-
ғақтайды.
Басқа  бір  эпизодта  автор  ананың  балаға  дегендегі  көзсіз  махаб-
батын жəне жанындай сүйгені сонша – баласының Отан қорғау сезі-
мін  ұмытып  кетеді: «Сібірде  əскери  борышымды  атқарып  жүрге-
німде,  көзінің  жасын  көл  қылып  бір  əйел  баласын  əскерге  шақыр-
мауымды  өтінді.  Себебін  былай  түсіндірді.  Ол  келесі  жылы  инс-
титутқа емтихан тапсырмақшы жəне сүйген қызы бар көрінеді. Осы 
жылы үйленбекші.
–  Сіздің  балаңыз  əскерге  барғысы  келмейді  ме,  əлде  сіз  өзіңіз 
сұранып тұрсыз ба?
–  Сүйген  қызы,  егер  сен  əскерге  кететін  болсаң,  мен  сені  күт-
пеймін депті.
– Ал оған сіздің ұлыңыз не деп жауап беріпті?
– Ол мені сізге жіберді.
–  Мен  əскери  адаммын,  əрбір  сылтауды  айтып  əскерге  барғы-
сы  келмейтіндерді  жек  көремін.  Əскерде  жүрген  жігіттерін  күткісі 
келмейтін қыздарды одан əрмен жек көремін.
– О, не дегеніңіз? – деп шошып кетті əйел.
Осы  кездесуден  кейін 10 айдан  соң,  біреулерден  еркетотай,  əрі 
мансапқұмар  қыздың  бухгалтердің  жанұясын  менсінбей,  ақшасы 
көп 40 жастағы  өлкелік  партия  қызметкеріне  екінші  əйелі  болып 
күйеуге шығып кеткенін естідім. Бірақ та оның жақсы əйел болаты-
нына күмəнім бар» (Сонда, 211-212-бб.).
Пайымдасақ,  əңгімеде  арқаулық  роль  атқаратын  екі  кейіпкер 
бар.  Біріншісі – ана,  екіншісі – Б.  Момышұлы.  Екеуінің  арасында-
ғы  əңгіменің  желісін  өрбітетін  ананың  баласы  жəне  оның  алайын 
деп жүрген уəде бекіткен қызы.
Ана баласының махаббатын ойлап, баласының Отанға дегендегі 
борыштылығын  естен  шығарғандай,  бұл  мəселе  оны  қызықтыр-
майды. Оның ойында тек бір-ақ нəрсе бар, ол – баласына қыз алып 
беру.  Ана  соғыс  қаупі  Отанымыздың  басына  төніп  тұрғандығы, 
оған  адам  əскери  күшінің  қажет  екендігі,  баланың  алдын  ала  əс-
кери  дайындықтан  өту  керектігі,  оның  патриоттық  сезімінің  ұш-
талу  кезеңінен  өтуі  сияқты  əрекеттерді  екінші  жоспарға  ығысты-
рады.  Ал  командир  Б.  Момышұлының  артқан  жүгі  нардай,  мораль 
жəне  əскери  жағынан  ауқымды,  үкімет  пен  партия  қойған  талап-
тар – Отан  қорғау  жұмыстарын  бірінші  орынға  қойып,  əскери  жағ-
дайға байланысты мобилизациялау процесін өте қатаң, əрі тез тəртіп-
пен  іске  асыру  керек.  Сол  кезде  мынадай  қанатты  сөз  болған: «Ең 
алдымен  самолет,  содан  кейін  қыздар».  Олай  болса  əскери  қатаң 
тəртіпті  орындау  міндетті  түрде  жүзеге  асырылуы  қажет  бұны  екі 
етуге  болмайтын  Бұйрық! – деп  қабылдау  лəзім.  Оның  бергі  жа-
ғында  Б.  Момышұлы  берілген  əскери  тапсырманы  бұлжытпай 
орындайтын, айтқан сөзін екі етпейтін, қатаң тəртіптің адамы еді.
Дегенмен,  өмірдің  аты  өмір,  қасаң  тəртіп  өзгермейтін  құбылыс 
емес,  баланың  анасы  айтып  отырған  соң  командир  ережені  бұзуға 
тура  келді.  Өйткені  Б.  Момышұлының  анасы  есіне  түсті  ме,  əлде 
ана құдіретінің алдына тұра алмады ма əйтеуір ананың тілегіне жа-
уап  ретінде  былай  деді: «Сабыр  етіңіз!  Мен  военкомға  сіздің  ба-
лаңызды биыл шақырмау туралы бұйрық беремін».

76
77
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Біздің  пайымдауымызша,  осы  жерде  Б.  Момышұлы  дұрыс  ше-
шім  қабылдаған  сияқты.  Өйткені  екі  фактор  есепке  алынған,  бі-
ріншісі,  соғыс  қаупінің  жақындап  келе  жатқанынан  гөрі  ана  тілегі-
нің  құдіреттілігі,  ана  тілегі;  екіншісі,  жалпы  махаббаттың  алмай-
тын  қамалының  жоқтығы.  Осы  жерде  тауды-тасты  қопаратын,  ал-
дында қандай да болса кедергілерді бұзып жаратын, қарым-қатынасы 
өршеленген  елдер  мен  мемлекеттерді  махаббат  арқылы  татулас-
тыратын  құдіретті  күш – махаббат  ұғымы  іске  қосылады.  Ананың 
баласы  мен  болашақ  келінінің  арасындағы  махаббаттың  алдында 
қатал ережені сақтайтын офицердің шегінуі, жалпы азаматтық құн-
дылықтың аясындағы құбылыс еді.
Бірақ  өмірді  барынша  тереңірек  түсінетін,  махаббат  заңын  мей-
лінше  кеңінен  сақтайтын  Б.  Момышұлының  секем  алған  пікірінің 
жаны  бар  болып  шықты.  Қыздың  егер  жігіт  əскерге  кететін  бол-
са,  оның  басқа  күйеуге  шығатындығы  туралы  мəлімдемесін  естіген 
Б.  Момышұлы  əскерден  баланы  да,  əскерде  жүрген  жігіттерін  күт-
кісі  келмейтін  қыздарды  да  жек  көретіндігі  туралы  кесіп  айтуға, 
мұндайда  олардың  болашақ  махаббатының  тұрақсыз  болатынды-
ғына  шешім  айтқандай  болды.  Айтқандай-ақ,  сол  келте  ойлайтын 
қыздың кейін бір ауқатты адамның екінші əйелі болып күйеуге шы-
ғып  кеткенін  естіген  Б.  Момышұлы  оның  түбі  жақсы  əйел  болаты-
нына  күмəн  келтіреді.  Автордың  бұл  пікірінде  терең  ойлар  мен 
қомақты идеялардың жатқанын байқау қиын емес. 
Өйткені, ықылым заманнан бері қарай махаббат нəзік сезім қыз 
бен əйелдің символына айналып кеткен. Əйелдің құдіреттілігі оның 
нəзіктілігінде, сымдай тартылған қасында, ботадай көзінде, қыр мұ-
рынында,  биязы  мінезі  мен  ақылында,  кейде  ер  адамға  бергісіз 
батылдығы  мен  батырлығында  болса  керек.  Осы  қасиеттері  адам-
дарды  өзіне  еріксіз  тартып,  оның  мақтаныш  сезімін  оятады,  қуат 
береді.  Өзінің  сұлулығы  мен  батырлығының  арқасында  тарих  бет-
терінде  алтын  əріппен  жазылған  қыздарымыз  бен  əйелдеріміз  қан-
шама,  өйткені  елін,  жерін,  су-тауын  жаулардың  аттарының  тұяғы-
нан қорғау ерлер мен бірге батыр əйел-қыздарымыздың пешенесіне 
о  бастан  жазылған.  Ұлан-байтақ  жерді  қорғау  ерлер  мен  əйел-қыз-
дарға жүктелген-ді. Оны ақын Қ. Мырзалиев былай суреттеген: 
Тағдыр сенің жиғызбады есіңді,
Төзім сауыт тауқыметтен тесілді. 
Жауға шаптың азаматтың жанында, 
Орамалмен тартып тастап төсіңді. 
Өздеріңнің бастарыңда қазақтың 
Жазылмаған азабы мен ерлігі, – 
деп тебіреніс білдіреді. 
Ұлы  ойшыл  М.  Əуезов  өзінің  жерін,  елін  жаулардан  қорғауға 
жəне  ұлт-азаттық  көтерілісін  зерттеуге  арналған  еңбектерінде  ер-
кіндік  жолында  күрескен  қайраткерлерді  «қол  батыры», «ой  ба-
тыры»  деп  екі  топқа  бөлген.  Осы  тұжырымға  негізделе  отырып 
қорытынды  жасағанда  тəуелсіздігімізді  сақтауға  зор  үлес  қосқан 
əйел-қыздардың  көпшілігі  күш-қайраты,  жауынгерлік  машықта-
нуындағы  қасиеттері  жағынан  ер  адамдармен  теңесе  алмаса  да, 
оларға  ақылшы  болуымен,  адалдық  танытуымен,  сабырлылығымен 
септігін  тигізу  арқылы  «ой  батырының»  іс-əрекеттерімен  орасан 
зор пайдасын тигізді. Бұл жөнінен Елбасы былай дейді: «Қоғамның 
даму барысын – өмірде нəзік, көңілде – биік, ал істе – мығым əйел-
дер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес». 
Аталмыш  пікірдің  жанының  барлығын  адамзат  тарихында  бол-
ған  көптеген  тұрақсыз  махаббаттың  болғандығын  да  білеміз.  Шы-
найы  махаббат  уақытпен,  кеңістікпен  өлшенбесе  керек.  Қазақ  та-
рихында  Томирис,  Ақжүніс,  Гүлбаршын,  Қарлыға,  Назым  сияқты 
əйелдердің  өшпес  жұлдыздар  сияқты  махаббаты  ұрпақтан-ұрпақ-
қа  үлгі  боларлықтай.  Олардың  асыл  қасиеттері  арқылы  ғасырлар 
бойы қаншама қыздар тəрбиеленді.
Батырлар  жырындағы  əйелдердің  барлығы  дерлік  ер-азаматына 
сенімді  серік  жəне  ел  қорғаны – батыр  ұлдарына  қамқоршы  əрі 
ақылшы  болуымен  көзге  түседі.  Мейлі  ол  ел  бастаған  хан  болсын, 
сөз  ұстаған  би  болсын,  қол  бастаған  батыр  болсын,  жанындағы 
жары, ақ сүт берген анасы ер-азаматын бірде сабырға шақырып, бір-
де  намысын  ұштап,  ақылына  ақыл  қосып,  мақсатына  қуат  беріп 
отырған.
Мəдениеттің,  жалпы  азаматтық  құндылық  екендігі,  оның  қо-
ғамдағы  ұл-қыздардың  еңбегінің,  ерліктерінің  жемісі  екендігі  ту-
ралы  Елбасы  былай  дейді: «Мəдениет – ұлттың  бет  бейнесі,  ру-
хани болмысы, ақыл ойы, парасаты. Өркениетті ел, ұлт ең алдымен 
тарихымен,  мəдениетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы  тұлғаларымен, 
əлемдік  мəдениеттің  алтын  қорына  қосқан  үлкенді-кішілі  үлесімен 
мақтанады.  Сөйтіп  тек  өзінің  төл  мəдениеті  арқылы  ғана  басқаға 
танылады».  Бұл  ойды  əрі  қарай  сабақтастырсақ,  біздің  ата-бабала-
рымыздың текті болғаны, олардың өмірі, Отанын қорғау мен дамы-
тудағы əрбір ісі ерлік пен өжеттіліктен өрілген өнеге болғаны тари-
хымыздан табылып, танылып жатуы тарихи заңдылық, елінің еркін-
дігі  үшін  ерлермен  бірге  атқа  қонып,  қайсарлық  танытқан  қазақ-
тың  батыр  қыздарының  есімдері  жайлы  бүгінгі  ұрпақ  бірі  білсе, 
бірі  білмейді.  Кең  байтақ  қазақ  даласының  тыныштығын  қорғай 
білген  қайсар,  ержүрек  қыздар,  тарихи  тұлғалар  туралы  жазылған 

78
79
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
құнды деректерге, қолжазбалар мен хикаяларға бір сəт көз жүгіртер 
болсақ,  талай  таңдай  қақтырар,  мақтаныш  сезіміне  бөлейтін  ерлік-
терге куə боларымыз хақ.
Б.  Момышұлы  қазақ  қыздары  мен  əйелдерінің  тумысынан  ақыл 
мен  сұлулықтың  иесі,  намысшыл,  ерін  құдайдай  сыйлайтын,  өзін 
ер  адамнан  артық  санамайтын  ерекше  қасиеттеріне  меңзесе  керек. 
Өйткені  қазақ  əйелдері  мен  қыздарының  мінез-құлқының  ерекше 
жағдайды  ұлан-ғайыр  елін-жерін  сыртқы  жаулардан  үнемі  қорғау-
дан  қалыптасқанын  байқау  қиын  емес.  Мұндай  асыл  қасиеттер  қа-
зақтың əйел қыздарына жаратылысынан тəн деп баға беруге болады. 
Тарих  беттерінен  мысал  келтірейік.  Біздің  дəуірімізге  дейінгі 
VI  ғ.  өмір  сүрген  Тұмар  ханым  (Томирис)!  Ол  жүрек  жұтқан  ба-
тырлығымен ғана емес, елінің ертеңін тереңнен ойлай білетін дана-
лығымен,  ділмар  шешендігімен  аты  аңызға  айналған  тұлға.  Жазу-
шы-ғалым  Тұрсын  Жұртбаевтың  «Дулыға»  атты  кітабындағы  мағ-
лұматтарға  жүгінсек,  кезінде  талай  елді  басып  алып,  көп  жұртты 
қан қақсатқан қаһарлы парсы патшасы Кир Тұмар ханымға елші жі-
беріп: «Маған  тұрмысқа  шықсын.  Екеуміз  екі  елдің  басын  қосып, 
бірігіп  билейік», – деп  алдаусыратады.  Кирдің  мақсаты  сақ  елін 
жаулап  алу  екенін  түсінген  Тұмар  ханым: «Мен  елімнің  падиша-
сымын.  Мен  иілсем – елімнің  иілгені.  Кир  көзін  маған  емес,  менің 
еліме  салып  отыр.  Ал,  мен  еліме  бұғау  салдыртпаймын,  ата-баба 
аруағы  жатқан  жерді  жаттың  табанына  таптатқызбаймын,  қорлат-
паймын.  Соны  есінде  сақтасын», – деп  жауап  береді.  Батыр  апа-
мыз  айтқанын  істеді  де.  Сөзге  тоқтамаған  Кир  патшаны  қанға  тұн-
шықтырды.
Тұмар ханымның ел арасында сүйіспеншілікпен «ер апалар» деп 
аталып  кеткен  қыз-келіншектерден  тұратын,  жастайынан  əскери 
өнермен  тəрбиеленген  жасағы  болыпты.  Жанкешті  ұрыста  сақтар-
дың  қиналған  тұсында  Тұмар  ханым  сол  ерекше  жасағына: «Еркін 
сақ  елінің  арулары!  Ар-намысыңды  қорғайтын  кезің  келді.  Бірің-
нің  əкең,  біріңнің  жарың,  біріңнің  бауырлырың  мына  қанды  қыр-
ғынның  ішінде  жүр.  Жалғыз  ұлды  аналардың  боздағы  да  осында. 
Біз  оларды  қырғызып  қоямыз  ба?  Жанымыз  олардан  ардақты  емес. 
Кіріңдер майданға», – деп өзі бастап соғысқа араласады екен.
Аяулы  апаларымыз  елінің  еркіндігін  өз  мүддесінен  жоғары  қоя 
білген. Оған 25 ғасыр бұрын өмір сүрген Заринаның тағдыры дəлел. 
Зарина  мен  Мидия  ханзадасы  Стриангей  арасында  шынайы  сүйіс-
пеншілік  сезім  болса  да,  ол: «Армысың,  сүйіктім  Стриангей!  Мен 
сені  шынымен  жақсы  көрем.  Бірақ  сен  екеуміз  қосыла  алмаймыз. 
Себебі,  мен  саған  тұрмысқа  шықсам,  сен – хан,  мен – ханым  бола-
мын.  Менімен  қоса,  елім  де  саған  бағынышты  болады.  Сондықтан 
жеке  басымның  бақытын  елімнің  еркіндігіне  айырбастай  алмай-
мын.  Таққа  ие  болар  аға-ініні  бермеген  тағдырға  налиық.  Махаб-
баттан  да  күшті  нəрсе  бар,  ол – елімнің  тəуелсіздігі.  Қош,  сүйік-
тім!» – деген  қоштасу  сөзіне  Стриангей: «Біздің  махаббатымыз 
еліміздің  татулығының  белгісі  болсын!  Қош  Зарина!» – деп  жауап 
берген екен. 
Сарғайған  тарих  беттерінен  бізге  жеткен  өзінің  отансүйгіштігі-
мен,  жарына  дегендегі  адалдығымен,  асқан  көріктілігімен,  батыр-
лығымен  терең  із  қалдырған – Сүзге  сұлу.  Ол XVI ғ.  Бүкіл  Сібірді 
билеген  Шыңғыс  ханның  ұрпағы  Көшім  ханның  зайыбы.  Ол  кезде 
Қазақстанның  Тұран  деп  аталатын  жерінің  көлемі 6,5 млн.  шаршы 
км  болатын.  Ресей  мемлекеті  орталықтандырылып,  күшейген  кез-
де Сібірді жаулап алу күн тəртібінде тұрды. Оны іске асыру атақты 
баскесер Ермакқа тапсырылады.
Сүзге  ханымға  арнап  Көшім  хан  «Сүзге  Тура»  қалашығын  са-
лады. Көшім хан жасақтарымен Ермактың қысымына шыдай алмай 
шығысқа  беттегенде,  Сүзге  өзі  билеген  қалада  қоршауда  қалады. 
Орыс  əндерінде: «на  всей  земле  Сибирской  нет  прекрасней  Суз-
гуна»  деген  жолдар  бар.  Егер  Сүзге  берілер  болса,  тəнін  маған 
сипатар  болса,  өлтірмей  жанын  алып  қаламын  деп  Ермак  елші  жі-
берсе  де,  Сүзге  жан  аямай  жауға  қарсы  тұрады.  Ақыры  жаудың 
қаланы  аларына  көзі  жеткен  Сүзге  ханым: «Жақсы  айтқаның  бол-
сын», – деп  тілегін  айтады.  Қала  халқы  сыятын  кеме  бер,  сол  хал-
қымды  қоршаудан  босатайын  дейді.  Бəрі  Сүзгенің  айтқанындай 
болғаннан кейін: «Мен қара тасты жарып шығатын гүлмін, қош бол 
қимас мекенім, қош бол арысым – Көшім, қош бол сынбаған намы-
сым деп, өзі соққан мұнараның басына шығып, дұға оқып, қанжар-
ды  жарқ  еткізеді!»  Жансыз  жатқан  Сүзге  сұлуды  көрген  Ермак: 
«Өлсе  де  Сүзге  сұлу  бізді  жеңді!» – дейді.  Үлгі  етіп  өр  рух  пен 
сұлулықты, нəзіктік осылай зұлымдықты жеңді. Осылай тарих сұлу-
лық пен намысты мəңгілікке шақырады.
Міне,  осындай  ерлігімен,  шешендік  сөзімен  сан  ұрпақты  отан-
шылдыққа тəрбиелеген батыр аруларымыз аз ба? 
Қабанбай  батырдың  қызы  жоңғарларға  атойлап  шапқан  Назым, 
батырдың жары, бірнеше шешуші жорықтарда көзге түскен Гауһар, 
Абылай  ханның  қызы,  талай  ақтық  шайқастарда  ерен  ерлік  көрсет-
кен  Айтолқын,  найман  жұртының  батыр  қызы  Жаңқай,  Бұланбай 
батырдың жары Айбике, Кенесарының қарындасы, Ресей отаршыл-
дарына қарсы соғыста ғажап ерлік көрсеткен алты ұлдың анасы Бо-
пай.  Осылардың  ішінде,  əсіресе,  хан  Кененің  қарындасы,  Əбілқа-

80
81
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
йыр  сұлтанның  келіні  Бопай  ханым  үлде  мен  бүлдеге  оранып,  ты-
ныш  отырса  да  болар  еді  ғой.  Ол  үшін  оны  ешкім  кінəлəмас  еді. 
Бірақ еркіндігін жоғары қойыпты. «Оның (Бопайдың) қасында арғын 
қызы  Алтыншаш  пен  табынның  қызы  Ақбөкен  де  өзі  сияқты  ерге 
ердей, серіге серідей жолдас бола білетін қайратты да, айбатты қыз-
дар  еді», – деп  жазады,  қазақ  ханымдарының  өмірін  зерттеп  жүр-
ген белгілі жазушысы С. Ақтаев. 
Қазақ  қызының  ұлтжандылығы,  намысқойлылығы,  өткірлігі  ту-
ралы сонау ықылым заманда-ақ ауыз əдебиетінде аңыз, қисса, жыр-
дастан  болып  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  қоймай,  ол  əлем  тарихшы-
ларының  назарынан  тыс  қалмапты.  Ең  бастысы,  халық  жадында 
мəңгілік орын алған. 
Қызыл  империяның  тарихындағы  қасіретті  отызыншы  жылдар-
дағы  наубет  кезінде  талай  жанның  атылғаны  туралы  жұртшылық 
хабардар  болып  жатыр.  Қитұрқы  саясаттың  құрбаны  болған  сол 
жазықсыз  жандардың  арасында  қазақ  қыздары  да  болған  екен. 
Ақмола  іргесінде  орналасқан  Алжирде  бас  бостандығынан  айрыл-
ған  əзіз  аналар  тағдырдың  тауқыметін  тартты.  Олар  С.Қожановтың 
жары  Күлəнда  Қожанова,  Т.  Рысқұловтың  жан  жары  Əзиза  Рысқұ-
лова,  Т.  Жүргеновтың  зайыбы  Дəмеш  Жүргенова,  С.  Сейфулиннің 
өмірлік жолдасы – Гүлбаһрам апай, Қ. Сармолдаевтің əйелі – Май-
нұр  Сармолдаева,  Б.  Майлиннің  əйелі – Күнжамал  Майлина.  Сон-
дай-ақ,  көне  дəуірден  жалғасқан  осынау  ұлы  ерліктің  дəстүрі  Ұлы 
Отан  соғысында  да  ерекше  байқалып,  қазақ  қыздары  керемет  қай-
сарлықтың  үлгісін  көрсеткені  белгілі.  Қазақстаннан  майданға 
5183 қыз-келіншек қатысты. Осы соғыста Орта Азия елдерінің іші-
нен  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған  да  қазақ  қыздары  Əлия 
Молдағұлова мен Мəншүк Мəметова болатын. ҚР Мемлекеттік Ор-
талық  музейі  мұрағатының  тарихи  қорында  Мəншүктің  майданға 
сұранып, 1941 жылы 7 тамызда  жазған  өтініші  сақталыпты.  Онда 
қай  жылы  туғанын,  əке-шешесі  қайтыс  болғанын  көрсетіп,  əрі  қа-
рай  былай  дейді: «Хочу  просить,  чтобы  Вы  меня  направили  на 
фронт  для  уничтожения  фашистов,  разбойников,  так  как  послать 
на  фронт  у  меня  нет  ни  брата,  ни  сестры.  Прошу  просьбу  удовлет-
ворить. Комсомолка с 1939 г.».
Бұл жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. Өз əулетінен ешкім-
нің  болмағанын  намыс  көріп, 19 жасар  өрімдей  жас  қыз  өзі  қан 
майданға сұранып тұр. Осының өзі асқан ерлік еді. Осы қатарға абы-
рой болғанда көзінің тірісінде ресми түрде «Батыр» деп мемлекеті-
нің,  халқының  ұлықтағанын  көріп  кеткен  Хиуаз  Доспанова  апа-
мызды  қосыңыз.  Сондай-ақ  аты-жөндері  соңғы  кездері  ғана  айты-
лып  жүрген  Рахима  Жəнібекова,  медициналық  қызметтің  капита-
ны  Мəриям  Сырлыбаева,  майдан  дəрігері  Роза  Момынова,  радис-
тер – Орынкеш Мысырова, Шəкира Ботақанова, Бикен Сəдуақасова, 
Шағала  Құсанова,  барлаушы  Рахима  Ералина,  капитан  Құралай 
Натулаева,  пулеметші  Зинат  Оңайбаева,  мерген  Мəлике  Тоқтамы-
сова,  медбикелер – Рəзия  Ысқақова,  Мая  Ғабитова  сияқты  қазақ-
тың  қаһарман  қыздарының  есімін  əрі  қарай  жалғастыра  беруге  бо-
лады. Отан үшін жанқиярлықпен шайқасқан əйел жауынгерлер есімі 
мəңгі  ел  есінде  қалары  хақ,  əрине.  Бірақ,  тіпті  Жеңіс  күні  батыр 
екі  қыздың  ескерткішіне  ағылып  барып  жатқан  жастарды  көрмей, 
жүрегің сыздайды. Ұлты мен ұрпағы үшін қан майданда қайсарлық 
танытып,  иманды  ісімен  халқының  қадір-қасиетін  иеленген  батыр 
қыздарымыздың  ерлік  рухы  ел  тарихымен  бірге  қайнап,  бірге  жа-
сай берері анық.
Қазақ  қыздарының  қайсарлығын,  отансүйгіштігін  көрсеткен  та-
ғы  бір  оқиға – дүниені  дүр  сілкіндіріп,  тəуелсіздік  рухын  əуелет-
кен 1986 жылдың  желтоқсаны  болды.  Үстемдік  саясатқа  мойын 
ұсынып,  ұлттық  санасы  қалғи  бастаған  халықты  оқыс  оятқан  оқи-
ғада  саяси  белсенділік  танытқан  тағы  да  Əлия  мен  Мəншүктің 
сіңлілері  болды.  Мұрағат  деректері  бойынша  желтоқсан  көтерілі-
сіне 60 мыңнан  астам  кісі  қатысты, 8 мыңнан  астам  адам  қамауға 
алынып, 200 қатысушы  сотталды, 1,5 мыңнан  астам  адам  қуғын-
сүргінге ұшырап, əкімшілік жазалауға тартылды. 
Сол  трагедияға  толы  күндерді  қатысушылар  былай  еске  алады: 
«Алаңға  жиналғандар  үш  күн  аязға  шыдай  алмаған  ер  балалар,  ал 
қыздар  біздің  діттеген  адамдарымыз – Д.  Қонаев,  О.  Сүлейменов 
алаңға  шықпады,  үмітіміз  ақталмады,  аштық  пен  аяз  қысты  ендігі 
жерде  тарқайық  деген  пікір  айтқанда,  қыздар  қайсарлық  танытып: 
біз  қайтпаймыз,  тіпті  болмаса  шалбарларыңды  бізге  қалдырып, 
қайта берулеріңе болады деп ұлдардың намысын қайрайды. Осыдан 
бірер  сағаттан  кейін-ақ  жастарды  ұрып-соғу,  бастарынан  қан  ағызу 
трагедиясы басталып кетеді... 
Шынтуайтқа  келсек,  қыздардың  өжеттілігінің  арқасында  жел-
тоқсан  оқиғасы  халықаралық  баға  алып,  империяның  бет  пердесі 
ашылып,  əшкереленіп,  іргесі  сөгіліп,  шаңырағы  ортасына  түсті. 
Бұдан  біз,  əдетте  көзге  көріне  бермейтін,  сабырлы,  нəзік  жанды 
қыздардың  империяны  таратуға  шешуші  үлес  қосқан  ролін  айқын 
байқаймыз. Олай болса, ерліктің қайнар көзі мен қуаты бос көкірек 
соққан айғайда емес, керісінше, біліктілікте, керек кезде, керек жер-
де намыс отын маздатып жағуда болса керек. Сондай тарихи кезеңді 
қазақ  қыздары  дөп  баса  білді.  Мұны  тəуелсіздігіміздің  жаршысы, 

82
83
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
соны  іске  асырушылардың  бірі  деп  ұғу  қажет.  Сол  кездегі  құрбан 
болған қыздардың атын тарих мəңгі есте қалдыруға шақырады. 
Коммунистік-тоталитарлық  жүйенің  əлемде  алғаш  рет  іргесін 
шайқалтқан,  Тəуелсіздікке  жол  ашқан  Желтоқсандағы  жастардың, 
əсіресе,  қазақ  қыздарының  қаһармандығы  кезінде  ақын  Исраил 
Сапарбайдың  «Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам»  деген  өлеңі-
мен əрленгені белгілі.
Ертеден-ақ  қазақ  қызының  болмысы  ұлы  даламызда  болған 
басқа  ұлт  өкілдерін  таңдандырған.  Жұртшылыққа 4 томдық  орыс 
тілі  түсіндірме  сөздігінің  авторы  ретінде  кең  танымал  этнограф  ға-
лым,  жазушы,  саяхатшы  В.  Даль  қазақ  даласында  болған  екен. 
Бірнеше  тілді,  соның  ішінде  қазақ  тілін  білген.  Өзінің  қазақ  əйел-
дері  туралы  жазған  естеліктерінде  қазақ  қызын  былай  суреттейді: 
«Откуда  в  этой  красавице,  в  этой  степной  певице  сверкающий 
острый  ум,  тонкая  музыкальность,  высокий  поэтический  дар?  Ей 
не  нанимали  гувернанток,  ее  не  держали  в  модном  пансионе,  да 
знает ли она, что такое книга!» Шынында да, қазақ қызының таби-
ғаты  ерекше.  Оның  сыры  неде?  Дөп  басып  айту  қиын.  Дегенмен, 
меніңше,  біздің  халықтың  ешкімге  ұқсамайтын  ерекше  педагоги-
калық  мəдениеті,  поэзияға  сұранып  тұрған  шұрайлы  тілі,  бай  ауыз 
əдебиеті,  əдемі  əн  өнері,  дархан  даласы – бəрі  тəрбие  факторлары. 
Əсіресе,  қыз  тəрбиесіне  бүкіл  ұлт  болып  мəн  беріп  қана  қоймай 
жауапкершілікті  сезінуі.  Қызын  соншама  еркелету,  қонағына  ба-
лап, төрге отырғызу (мұндай ғұрып тек қазақ дəстүрінде кездесетін 
сияқты) тек қазақ халқында. 
Ең  əдемісін  қызына  арнаған  біздің  қазақ.  Қазақтың  ең  кедейі 
қызына  мал  бақтырмаған,  ауыр  жұмысқа  тартпаған.  Қазақ  пəктік 
пен тазалықты, ашылмаған жұмбақ-сырды, мөлдір махаббат пен ыс-
тық мейірді қыз бойынан көргісі келгенін «қыз бойында қырық пе-
ріште  бар»  деген  мақалдан  көресіз.  Ал, «Қызда  қырық  көліктік  ба-
қыт  бар»  дегені  қыз  бала  бақыт  үшін,  отау  тігіп,  ұрпақ  өсіріп,  ана 
тілін,  салт-дəстүрімізді  дамытатын  тəрбиеші  деп  түсінетінін  көр-
сетеді. «Қыз еркем, қылығымен көркем», «Қыз өссе елдің көркі», т.б. 
толып жатқан мақалдар да қазақ болмысында көптеп кездеседі. 
«Шығыс халықтарында əйел затын бөлекше бағалайтын, қарын-
дасты  қатты  қастерлейтін  халықтың  бірі  де,  бірегейі  де  біздің  қа-
зақ», – дейді Елбасы. 
Бүкіл  ел  үшін  жасалатын  тірлікті  «Қарындастың  қамы  ғой» 
дейтін қазақтан дара қыздар, дана қыздар, батыр қыздар, қайраткер 
қыздар  шығуы  заңды  құбылыс  жəне  олар  бір  отбасының  емес,  ха-
лықтың  қыздары.  Себебі  олар  ұлт  мақтанышына  айналған.  Оларды 
бүгінгі  жастар  білуі  һəм  еске  тұтуы  ұлттық  құндылықтармыздың 
біртұтастығы  болып  табылады.  Кезінде,  ұлы  М.  Əуезовтің  сөзімен 
айтқандай, «апаларына қарап сіңлілері өссін» деген мақсатпен, «Ұлы 
даланың  ұлы  қыздары»  атты  лекторий  ұйымдастырылған-ды.  Апа-
ларының  өмір  тəжірибесі  сабақ  болсын,  ұлтжандылығы,  іскерлігі, 
білімпаздығы, қайраткерлігі, парасаттылығы үлгі болар қыздарымыз 
баршылық.  Атап  айтсақ,  Сара  Назарбаева,  ғалым  Рабиға  Сызды-
қова,  Еңбек  Ері  Кəмшат  Дөнентаева,  Халық  қаһарманы  Аягүл  Ми-
разова,  сондай-ақ  ақын  Фариза  Оңғарсынова,  Күлəш  Ахметова, 
Ақұштап  Бақтыгереева  жəне  т.б. «Ана  бір  қолымен  əлемді,  екінші 
қолымен  бесікті  тербейді»  деп  нақылдасақ,  бұл  Елбасының  «бір 
ананы тəрбиелеу бір ұлтты тəрбиелеумен бірдей» деген сөзімен ас-
тасып жатыр. 
Біздіңше,  Б.  Момышұлы  шығармаларында  негіз  еткен,  ұрпақ-
тарға  ұсынған  үлгі  боларлық  əйел-қыздарымыздың  табиғаты  осын-
дай  болмақ.  Автор  соған  ұмтылуға  шақырады.  Əсіресе,  қазақ  қыз-
дары  қоғамымыздың  əлеуметтік  тобындағы  іргетасы  болғандық-
тан,  оның  жауапкершілігі  нардың  жүгіндей  екені  айдан  анық. 
Б.  Момышұлының  тілейтіні – бəрін  де  биік  парасатымен,  ерен  ең-
бегімен,  əке  беделін  асқақтатып,  ананың  сүт  ақысына  адалдық  та-
нытып,  өз  ұлтының,  өз  мемлекетінің  мерейін  үстем  етуге  атсалы-
сып  жүрген  ұлдарымыз  да,  қыздарымыз  да  көп  болғай.  Сондықтан 
бірінен-бірін  кем  көрмей  «Ұл  өсіргенің – ұрпақ  өсіргенің,  қыз 
өсіргенің – ұлт өсіргенің», – деген халқымыздың ежелден келе жат-
қан ұстанымын ту етіп көтеру баршамыздың ұлы мақсатымыз. 
Баукеңнің өзі де, ол тербеген қыз-келіншектер де тарихта терең 
із  қалдырған,  нəзіктілігі  мен  батырлығы  жарасқан  іс-əрекеттері 
əйелдердің  Лао  Цзыдың  VІ  ғ.  мына  сөзіне  сиятын  сияқты: «Дана 
адам...  өзін  жарыққа  шығара  бермейді,  сондықтан  жүзі  жарқын;  ол 
өзі  туралы  айтпайды,  сондықтан  ол  атақты;  ол  өзін  дəріптемейді, 
сондықтан  ол  сыйлы;  ол  өзін  өзі  асқақтатпайды,  сондықтан  ол  өз-
гелер арасында биік болып табылады».
Б.  Момышұлы  өз  əңгімесінде  Янинаның  өмірін  екі  кезеңге  бө-
ліп қарастырады: майдан мен бейбіт кезең.
Біріншіні  автор  былай  суреттейді: «Майданда  Я.Ш.  деген  түр-
сипатымен,  əрі  ақыл-айласымен  сүйкімді  бір  хирург  əйел  болды. 
Мені  көрген  кезде  ол  өзге  қыздар  секілді  қуанатын.  Ол  менің  май-
дандағы сопылығымды құрметтейтін. Менімен сөйлескенде өзін ер-
кін,  ашық  ұстайтын.  Жазған  əңгіме,  өлеңдерімді  қызығып  оқитын. 
Бірде  мен  ауырып  медсанбатқа  түскенімде,  Яна  өте  жиі  келіп,  қы-
зықты  əңгімелер  айтып,  орманнан  жинап  алған  жеміс-жидектерін 

84
85
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
əкеліп  беріп  тұрды.  Ол  мені  ауру  ағасын  күткен  қарындастай  қам-
қорлыққа алды.
Менің  естуімше,  Янинаны  Панфилов  дивизиясынан  басқа  бө-
лімге  ауыстырған  (Б.  Момышұлы.  Музей  апа, 212-б.).  Бұл  жерде 
қып-қызыл соғыс жүріп, село қолдан-қолға өтіп жатқан кезеңдерде, 
адамдарда  тек  бір-ақ  ғана  проблема  мен  тілектің  болары  хақ.  Бар-
лығы  да  Ұлы  Жеңіске  қызмет  ету!  Бірақ  Яна  деген  хирург  əйелдің 
балалық  мінезімен,  қарапайымдылығымен  Б.  Момышұлын  ерек-
ше  аға  тұтып  құрметтейтіні  ұғымды  суреттеледі.  Автор  қиян-кескі 
соғыс бір толастаған сəтте қойын дəптерін суырып алып өлең, көр-
ген  білгендерін,  сағынышпен  еліне,  отбасына,  шешесіне  хат  жаза-
тын-ды.  Соның  ішінде  оның  өлеңдерін  үлкен  ілтипатпен,  қызығу-
шылықпен, құмарлықпен оқитынын байқаймыз. Бауыржан Момыш-
ұлының  айтуынша,  ол  ауырып  қалған  кезде  Яна  өте  жиі  келіп,  қы-
зықты  əнгімелер  айтып,  орманнан  жинап  алған  жеміс-жидектерін 
əкеліп  беріп,  оның  кеселден  тезірек  айығып  кетуіне  материалдық 
жəне  рухани  қолдау  көрсетіп  отырды.  Сөздің  қысқасы,  екеуінің 
арасында  аға-қарындастық  қатынас  қалыптасып,  өте  үлкен  сыйлас-
тықта  болады.  Бірге  тумаса  да  аға-қарындас  болып  жүру  майданда 
жауға  дегендегі  өшпенділікті  күшейтіп,  Отанға  деген  патриоттық 
сезімді  қуаттандырғандай  еді.  Оның  бергі  жағында,  елден  алыс 
жырақта  жүргенде  адамдардың  арасындағы  шынайы  қарым-қаты-
настық  сирек  болған  кезіндегі  қатынастың  құндылығы  адам  айтса 
жеткісіз дүние еді. Бұл жердегі бауырластық, адамдардың бір-біріне 
қамқорлығы,  оның  ішінде,  командир  Бауыржан  Момышұлының 
өзінің  қол  астындағы  жауынгерлерге  дегендегі  басшылық,  ағалық, 
кейде  інілік  қамқорлығы  ерекше  болғандығы  байқалады.  Мұндай 
ізгі  іс  ұлы  қолбасшылардың  өзінің  қол  астындағы  адамдардың 
хал-жағдайынан,  тұрмыс-тіршілігінен,  көңіл  күйінен,  есімдерінен 
хабардар  бола  отырып,  олардың  жағдайын  түзеу  үшін  тиісті  шара-
лар қолданып, тапсырмалар беріп отырғаны тарихтан белгілі. Мыса-
лы, А. Македонский армиясындағы əр солдаттың, əр қолбасшының 
аты-жөнін  жатқа  айтып,  сырт  киім  пішініне  мұқият  назар  аударып, 
оны  түзеуге  жедел  пəрмен  етіп  отырған.  Сарбаздары  демалып  не-
месе  тамақ  ішіп  жатқанда,  олармен  қарапайым  қатардағы  адам  ре-
тінде  сұхбаттасуы  олардың  адами  рухын  жандандырып,  шайқас-
тарда  керемет  ерліктердің  үлгісін  көрсетіп,  ұлы  қолбасшының  бас-
қару  мəселесінде  жеңіске  жетуіне  үлкен  үлес  қосып  отырған. 
Ставканың  жоғарғы  қолбасшысы  И.  Сталин  де  өзінің  қарамағын-
дағы  адамдарға  қолынан  келген  қамқорлығын  аямаған.  Қарапайым 
Совет  халқы  оның  атқарып  жатқан  істерінің  барлығы  қоғамның 
тұрмыс-тіршілігін  жақсартуға  бағыттылғанын  бағалай  біліп,  оны 
көсем  ретінде  бағалауы  соғыста  Сталиннің  басшылығымен  неміс-
фашист  басқыншыларын  жеңетінімізге  Совет  халқы  шексіз  сенді 
оған дегендегі сүйіспеншілігін аяған жоқ.
Соғыста  солдаттар  мен  офицерлер  «Отан  үшін,  Сталин  үшін!» 
деп  шабуылға  шығып,  өшпенділікпен  жауды  жеңу  үшін  қасық 
қанын  аямаған.  Гитлеризм  халықаралық  империализмнің  қолшоқ-
пары  болды.  Сондықтан  большевизмді,  сонымен  қатар  Совет  Ода-
ғын  жер  бетінен  жою  Гитлердің  түпкі  стратегиялық  мақсаты  бол-
ды.  Ол  үшін  Совет  халқына  жан  түршігерлік  айуандықты:  мүлкін 
талан-таражға  салу,  əйел-қыздарын  аяусыз  қорлап-зорлау,  оқ  жет-
кенінше  бейбіт  халықты  үлкен-кішісіне  қарамай  жаппай  қырып-
жою,  қолы  жеткен  қалаларды,  завод-фабрикаларды  өртеу,  т.б.  ай-
уандықтың жоғары үлгілерін қолдану күн тəртібінде тұрды. Өйткені, 
олар  жеңетіндеріне  сенімді  еді.  Бірақ  Сталин  басшылық  еткен 
Қызыл армия мен Совет халқы, гитлершілдерді Москваның түбінен 
Берлинге  жеткенше  қуып,  Советтік  территориямен  бірге  бүкіл  Еу-
ропаны  азат  етіп,  оларды  Берлиндегі  алаңына  қуып  тыққанда,  мар-
шал К.Г. Жуковтың солдаттары жəне офицерлері немістердің біздің 
адамдарға  істегенін  өздеріне  көрсете  бастады.  Осындай  əңгіменің 
шет  жағасынан  хабардар  болған  И.  Сталин  Жуковқа  мынадай  ма-
ғынада  телеграмма  береді: «Үкімет  басына  гитлерлер  келіп,  гит-
лерлер  кетеді,  ал  неміс  халқы  қалады,  олардың  ешқандай  кінəсі 
жоқ.  Сондықтан  гитлершілдердің  бізге  істегенін,  неміс  халқына 
көрсетуге болмайды. Тоқтатыңдар, мынадай етек алып бара жатқан 
тəртіпсіздікті», – деп  қатаң  бұйрық  береді.  Бұдан  біз,  немістер  біз-
дің  жерімізге  басып  кіріп,  халқымызға  шексіз  азап  көрсетсе  де, 
И.  Сталин  олардың  əскери  басшыларын  ғана  жазалаудың  қажетті-
гін меңзеп, қарапайым неміс халқына гуманизмнің, адамгершіліктің 
үлгісін  көрсетуге  шақырып  пəрмен  берді.  Бұл  гуманизмге,  əділет-
тілікке  толы  мазмұны  бар  шешім  халықтар  арасында  жағымды  ре-
зонанс тудырды.
Кейде  тарихшылар  Гитлер  мен  Сталиннің  тарихта  алатын  орны 
туралы  баға  беріп,  екеуінің  сіңірген  еңбектері  мен  жіберген  қате-
ліктерінің ара салмақтары шамалас деп сараптауға тырысады. Шын-
дыққа  келсек,  екеуінің  басшылық  іс-əрекеттерінің  мазмұндары  мен 
айырмашылықтары  жер  мен  көктей.  Екеуінің  əлемдік  прогресс  пен 
жалпыазаматтық  құндылыққа  қосқан  немесе  алған  үлестері  де  əр-
түрлі.
Гитлерді алар болсақ, ол біріншіден, агрессор, əділетсіз басқын-
шылық  соғыстың  ұйымдастырушысы,  қылмыскерлікпен  опасыздық 

86
87
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
танытып,  соғыс  жарияламай  тұтқиылдан  шабуылдап  басқа  елдің 
территориясына басып кірді; 
Екіншіден,  басып  алған  елдерінің  халықтарын  қынадай  қы-
рып, қанын судай шашқан қанішер; 
Үшіншіден,  тұтқынға  түскен  адамдарды  қыруға,  өлтіруге  оқ-
дəрісі мен уақытын үнемдеу мақсатымен, өлтірудің өнімділігін арт-
тыру  үшін  миллиондаған  адамдарды  газ  камераларына  тоғытып  са-
лып  тұншықтырып  қырды;  өлі  денелерді  орға  бульдозермен  ысы-
рып тастап отырған. 
Төртіншіден,  ол  неміс  халқының  тамырларында  ерекше  көгіл-
дір  қан  айналымы  бар  «Құдіретті  адамдар»  деген  Ф.  Ницшенің 
расистік  теориясымағын  басшылыққа  алып  əлемдік  үстемдікке  қол 
созған  реакцияшыл  тұлға.  Сондықтан  олар  əлемде  басқару,  билеу 
үшін  жоғарғы  күш  арнайы  жаратты  деген,  жалған  идеологияның 
реакцияшыл авторы. 
Бесіншіден,  барып  тұрған  ұлтшыл  ретінде,  жазықсыздан-жа-
зықсыз  еврей,  поляк  жəне  тағы  басқа  этностарды  үлгергенінше  газ 
камерасына,  ал  қалғандарын  əртүрлі  əдіспен  қырғынға  ұшыратқан 
қандықол жауыз.
Сталин,  біздің  пайымдауымызша,  екі  қателік  жіберді:  Бірінші-
сі,  тұтқынға  түскен  солдаттар  мен  офицерлерді  Сібірге  еріксіз  ең-
бек  етуге  бұйырды.  Бұл  былай  болған  еді:  Немістер  үш  айдың 
ішінде  шабуылдай  отырып,  Москваның  түбіне  бір-ақ  жеткен  еді. 
Бұл  біздің  армияның  үнемі  шегінуінің  нəтижесі  деп  білген  Ста-
лин: «Бір адымда шегінуге жол жоқ» («Ни на шагу назад») атты та-
рихи  бұйрық  қабылдады.  Осыдан  кейін  барып  біздің  шегінуіміз 
тыйылды.  Одан  да  бұрын  соғыс  барысында  «тұтқынға  түсуге  бол-
майды,  ал  егер  түскен  жағдайда  бір  оқты  өзіңе  сақтап  қой»  деген 
бұйрық  болған.  Бірақ  əртүрлі  себептермен  солдаттар  мен  офицер-
лер  тұтқынға  түсіп  жатты.  Бірақ  біздің  пайымдауымызша,  олардың 
көбісі  тұтқынға  түсейін  деп  түспеген,  шамасы  жағдай  солай  бол-
ғандықтан,  оларды  жаппай  Сібірге  қара  жұмысқа  салу  үшін  айдау-
дың  ыңғайы  жоқ  сияқты  еді.  Бұл  қаталдықтың  нəтижесі  деп  білу 
қажет. 
Екіншіден,  репрессияға  түскен  адамдардың  зайыптарын  бала-
ларымен  қоса  түрлі  лагерлерге  тоғыту  Совет  басшылығы  жағынан 
барып  тұрған  əділетсіздік  еді,  оны  жəй  сөзбен  түсіндіру  мүмкін 
емес  сияқты.  Бірақ  Сталин  де  анадан  туды  ғой.  Ол  мұндай  жағым-
сыз қадамға неге барды екен деген орынды сауал туады. Дегенмен, 
асыра сілтеушіліктің орын алғаны сөзсіз. Оның себебін де іздеп та-
буға болатын сияқты. Кешегі алапат соғыс басталғанда, Сталин үш 
күн  үйден  шықпай,  соратниктерін  де  қабылдамай  қояды.  Өйткені 
себепсіз  ешқандай  құбылыстың  болмайтынын  еске  алсақ,  ол  осы 
себепті  Лениннің  «Барлық  күшті  Деникинмен  күреске  жұмсау  ке-
рек» («Все  силы  на  борьбу  с  Деникиным»)  деген  еңбегін  ой  тал-
қысынан  саралап  өткізген  көрінеді.  Мұнда  былай  делінген: «Аса 
күшті  жау  қоғам  өміріне  қауіп  төндірген  шақта,  барлық  билікті  бір 
адамның  қолына  шоғырландыру  қажет,  былайша  айтқанда  жауап-
кершілікті  бір  адам  ғана  атқарса  өнімді  болмақ».  Лениннің  осы 
ұйымдастырушылық  принципін  қаперге  ала  отырып,  политбюро 
оны  мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  төрағасы,  КССР  Қорғаныс 
күштерінің  бас  қолбасшысы  (Бас  қолбасшылықтың  Ставкасы)  қыз-
меттеріне  тағайындайды.  Мұндай  қаруланған 5,5 млн.  Гитлердің 
армиясына  қарсы  тұру,  Совет  билігін  осы  қадамға  барғызды.  Несін 
айтамыз,  Совет  Одағының  тағдыры  қыл  үстінде  тұрған  шақ  туды. 
Ел  тəуелсіздігін  сақтап  қалу  үшін  қоғамдағы  барлық  мүмкіндікті 
соған  бағындырды.  Бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығаратын, 
аса  ауыр  кезеңнің  бір  көрінісі  еді.  Соғыс  кезінде  тұтқынға  түсуге 
болмайтындығы,  одан  да  өзің  жалғыз  оқ  қалдырып  өзіңе  жұмсау-
дың қажеттігі, соғысқа деп 18 сағаттан жұмыс істеудің, соғыста арт-
қа  қарай  бір  адым  шегінуге  тыйым  салудың,  т.б.  шаралары  қолда-
нылды.  Тұтқынға  түскендердің  бала-шағаларын  кепілдікке  алу  ша-
ралары  да  осы  кезде  пайда  болды.  Мұндай  жазалаудың  формасы 
əлемдік барлау процесінде бар. Бірақ əкенің балаға немесе, керісін-
ше,  баланың  əкеге,  отбасындағы  əйелдің  отағасына,  отағасының 
əйеліне жауап беруі үшін жауапқа тарту өте сирек кездесетін жəйт-
тер.  Немесе  өз  еркімен  емес  еріксіз  тұтқынға  түскендерді  жазалау 
да  аса  қаталдықтың  формасына  жатса  керек.  Сондықтан  Сталиннің 
жазықсыз  бала-шағаларға  тиісуі,  немесе  тұтқынға  түскендерді  ақ-
қарасын  ажыратпай  Сібірге  жаппай  жұмысқа  жегу  аса  қаталдық-
тың  нышаны  деп  есептелсе  керек.  Бұл  Сталиннің  жеке  басының, 
Ленин  айтқандай,  субъективтік  қателеріне  жатқызу  əділетті  бола-
тын сияқты.
Енді  əлемдік  «рухани  сот»  алдында,  аталмыш  екі  тұлғаны  кі-
нəластыра  отырып  жауап  берер  болса,  Гитлерге  дүниежүзі  халық-
тарына,  оның  ішінде,  Совет  халқына  жасаған  əскери,  саяси  жəне 
моральдық  өлшеусіз  қылмысы  үшін  өлім  жазасы  лайық  болар  еді. 
Сталин бүкіл адамзат өркениеттілігін фашистік құлдықтан азат ету-
дегі  шешуші  ролі  үшін,  Совет  халқын  Ұлы  Жеңіске  жеткізіп  Тə-
уелсіздігін  сақтап  қалғаны  үшін,  бірақ  субъективтік  кемшілікте-
рінің  нəтижесінде  біраз  жазықсыз  адамдардың  өмірінің  қиылуына 
себеп болғаны үшін, оған қатаң сөгіс жариялағаны орынды болатын 

88
89
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
сияқты. «Соғыс  шығынсыз  болмайды», – деп  Сталиннің  Черчильге 
берген  жауабын  еске  алсақ,  соңғы  алапат  соғыс  та  шығынсыз  бол-
ған  жоқ.  Сондықтан  соғыс  алдындағы  дайындық  та,  соғыстың  өзі 
де  көптеген  ауыртпалықты  ала  келді.  Жəне  оның  қайнар  көзі  бол-
ғанының  куəсіміз.  Соңғы  соғыс  та  кемшіліксіз  болған  жоқ.  Ленин 
айтқандай,  тек  екі  қолын  қусырып  отырған  адам  ғана  кемшіліксіз 
болмақ.  Кемшіліктің  екі  түрі  болады.  Біріншісі,  біле  отырып  сана-
лы  түрде  өзіне  есеп  бере  отырып  жасалынған.  Бұл – аса  ауыр  ке-
шірілмейтін, салдары өлшеусіз қылмысты арқалау. Мысалы, Гитлер, 
бəрін біле отырып адамзат өркениетіне орасан зор шығын келтірді, 
ал  Сталин  Гитлердің  əділетсіз  əрекетіне  асқан  əділетті  əскери-дип-
ломатиялық  шеберлік  жасап  адамзат  баласын  қара  обадан  (чума) 
сақтап  қалды.  Нəтижесінде  адамзаттың  тілегі  орындалып  əділет-
тілік  жеңді.  Бауыржан  Момышұлы  да  əділеттілік  жеңу  үшін  жан 
аямай күресті. 
Екіншісі, білмей, түбегейлі анық-қанығына жетпей, кейде білім-
сіздігінің  нəтижесінде,  кейде  тосыннан  автоматты  түрде  сөйлей  са-
лады  немесе  артын  ойламай  іс-əрекетке  бара  салады.  Көбінесе  нə-
тижесінде  өкінішке  ұрынады.  Былайша  айтқанда,  оның  ойланбай 
істеген  қылығында  бəлелік  байқалмайды.  Көбінесе  бұлар  кешірім-
ділікке келіп саяды.
Бұл  жерде  соғыстың  бел  ортасында  түн-күн  қатып  жүрген  Мо-
мышұлы  да  осы  жазаларды  қолдауы  мүмкін  сияқты.  Өйткені,  жау-
дан  біз  өз  жерімізді,  елімізді,  Тəуелсіздігімізді  жанкештілікпен,  қа-
сық қанымыз қалғанша қорғадық.
Екінші,  автор  соғыстан  кейінгі  бейбіт  кезеңдегі  Янинаның  өмі-
ріне  тоқталады. «Соғыс  аяқталды.  Менің  штабым 70 шақырымдық 
Каунастың қасындағы Мариямполе қаласында орналасқан еді.
Күздің  күні  мені  Ригадағы  əскери  Майдандық  Кеңеске  шақыр-
ды.  Қайтып  келе  жатып  əдемі  қыз  бала,  көңілді,  əрі  ақылды  Яна 
есіме түсті. Оны қатты көргім келді.
Шоссенің  бір  бұрышында  «Тельзить 150 км»  деген  тақтайша 
тұр  еді,  мен  жүргізушіге  солға  бұрыл  дедім.  Жүргізушім  маған 
таңырқай қарап: – Бізге тіке жүру керек емес пе? – деді.
– Солға! – дедім өз бұйрығымды қайталап.
Өз жолымыздан бұрылдық. Жүргізушім де, адъютантым да, мен 
де үнсізбіз.
Күзгі  Литва  табиғаты  қандай  əсем,  бірақ  мен  оған  көңіл  аудар-
мадым.  Мотор  ызыңы  мен  дөңгелек  тақылынан  менің  есіме  Янина 
түсті» (213-б.) .
Момышұлы  адами  тақырыпты  қозғайды.  Адам  табиғатында  жа-
ғымды  этика  мен  эстетикасы  жарасқан,  өзі  ұнатқан  образдарды 
еске  алып,  онымен  қайта  жүздесуге  бейім  болып,  аңсап  тұратыны 
анық.  Неге  десеңіз,  аға-қарындастай  болып  сыйластықта  болған, 
кесел  жаныңа  батыңқырыған  шақта  дəрігерлік  қолының  ұшын  бе-
ріп,  шипагерлік  еткен  мейірімді  жанды  көріп  неге  сəлемдеспеске, 
жағдайын  білмеске?  Жырақта  жүрген  адам  мұндайда  бір  жасап 
қалатыны  сөзсіз.  Осы  үміт  Б.  Момышұлын  жетелеп  Яна  тұрған 
жаққа  бағыттауда.  Бұл  жерде  автордың  Литва  табиғатын  суреттеуі 
көңілді  бір  жадыратып  жібергендей.  Автор  оған  бəрібір  көңіл  ау-
дара  қоймағанын  айтады.  Өйткені  жаны  жайсаң,  бірақ  өмір  жа-
бырқатқан Янамен сəлемдесу жоспары басты нысана еді.
Бауыржан  Момышұлы  əңгімелерінің  кейде  желісі  үзіліп,  орта-
сынан,  уақыт  тарапынан  шегініс  тауып  баяндай  салатын  стилінің 
бар  екенін  байқаймыз.  Мысалы:  Бауыржан  Момышұлы  Янаның 
үйіне  бағыт  алып  келе  жатқан  жерін  үзіп,  соғыс  кезіндегі  Янаның 
қызмет бабындағы басынан өткен оқиғаларды баяндауға кіріседі. 
«Бірде  медсанбат  командирі  майор  Варвара  Ивановна  Велика-
нованың  блиндажында  кешкі  шайды  ішіп  отырғанда,  Янина  өзінің 
көңілін  тапқысы  келген  еркектердің  қалай  меселін  қайтарғаны  ту-
ралы  айта  отырып,  олардың  қылықтарын  келемеждеп,  келеке  тү-
рінде өте дəл жеткізіп берді.
Бірде  менің  танысым 45 жастағы  генерал  онымен  танысу  жо-
лын іздеп, жақындасуды ойлап ауырып қалады. Жағымпаз əрі жең-
гетай  начсандив  терапевті  емес,  хирург  Янинаны  шақырады.  Гене-
рал  төсекте  аһілеп-уһілеп  жатыр.  Яна-терапевт  ауруды  өте  тиянақ-
ты  түрде  тексереді.  Тамақ,  ауыз,  өкпені  тыңдаған  кездерін  айтып 
жатқанда,  Варвара  Ивановна  ішек-сілесі  қата  күлді.  Медициналық 
терминдерді  түсінбесем  де,  Янинаның  дене  қимылына  қарап,  біраз 
нəрсені  ұққандай  болдым.  Менің  түсінігімше,  бұл  оқиға  былай 
болған.
«Ауру»  дəрігерді  алдамақ  болған,  ал  білімді,  əрі  ақылды  тера-
певт өз ролін жақсы ойнап шығады. Генералға сізде «ангина», «ате-
росклероз», «гастрит», «холецистит»  жəне  «бронхыңызға  қатты 
суық  тиген»,  т.б.  деп  жазуын  аяқтап,  Яна  орнынан  тұрады  да,  сізге 
тез арада емханаға жату керек дейді.
–  О  не  дегеніңіз,  жолдас  капитан,  бөлімшеде  шиеленіскен 
жағдай..
– Мен сізге дəрігер ретінде айтып тұрмын!
– Сіздің өзіңіз емдесеңіз қалай болады?
–  Мені  операциядан  кейінгі  аурулар  күтіп  отыр.  Госпитальға 
жатыңыз, жолдас генерал, – дейді де блиндаждан шығып кетеді.
– Генерал қандай? – деп сұраған начсандивке ол:

90
91
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Бүгін болмаса, ертең өледі, – дейді.
– Не?
–  Мен  терапевт  емеспін,  хирургпін.  Екінші  рет  мұндай  ауру-
ларға  шақырушы  болмаңыз.  Сіз  жеңгетай  емес,  дəрігерсіз, – дейді. 
Сонан соң медсанбатқа қалай жеткендігі туралы айтты.
– Бұл туралы ешкімге айтушы болма, – дедім мен.
Жолымыздан  бұрылып,  оған  қарай  келе  жаттым.  Есіме  Янина-
ның бір мойындауы түсті. Мен одан: 
– Дмитриймен дос екенің шындық па? – деп сұрадым.
– Ха! Ха! Ха! Сізге де жеткен бе?
– Маған бүкіл дивизияны шарлап біткен соң жетеді.
–  Ха!  Ха!  Ха!  Сізге  менің  Бауыржанның  көңілдесі  екенім  ту-
ралы өсек жеткен жоқ па?
– Жоқ.
–  Бұл  онда  дəлелдеуді  қажет  етпейтін  аксиома  болғандықтан, 
сізден  жасырған  ғой.  Ха!  Ха!  Ха!  Не  істесем  екен?  Сіз  не,  мені 
Дмитрийден қызғанып тұрсыз ба?
– Қызғаныш – қарсыласыңның басымдығын мойындау.
– Қалай, қалай?
Мен қайталадым жəне қостым.
–  Ол – менің  окоптық  досым,  жауынгерлік  жолдасым,  маған 
өте қымбат адам. 
–  Иə,  Дмитрийден  де  осыны  естіп  едім.  Сонымен  сіздер  бір-
бірлеріңізге қарсыластыққа жарамайсыздар.
– Иə, жарамаймыз.
– Ол да осылай деген.
Ары  қарай  ол  майор  Сорокиннің  көңілін  тапқысы  келгендігін, 
біз  туралы  екеуі  де  үйленген,  екі-екіден  балалары  бар,  ал  ол  болса 
бойдақ деген əңгімелер айтқанын баяндады.
– Несі бар, меніңше, жақсы, сүйкімді, ақылды, батыл жігіт. 
–  Дұрыс,  мұның  бəрі  шындық.  Бірақ  онымен  əңгімелесу  қы-
зық  емес  сияқты.  Ол  бізде 10 күн  жатты.  Екеуміздің  көзқарасымыз 
əртүрлі  ме,  түсінісе  алмадық  па,  білмеймін,  əйтеуір  бірдеме  етіп 
түсіндірдім-ау деймін майорға.
– Қандай адамға бұйырар екенсің? – дедім тісімді шықырлатып.
– Ашуланбаңыз, полковник. Бұл сізге де, маған да зиян.
– «Еще  принадлежат  к  причинам  болезней  и  пристрастия  души 
наши: поныне довольно известно, что за вред нечаянное испуганье, 
гнев,  печаль,  боязнь  и  любовь  нашему  телу  нанести  могут».  Бұны 
кім айтқан, табыңызшы, – деді күлімсіреп Яна.
– «О,  діндарлар,  жаман  сөз,  артық  ас  пен  судан  сақтаныңыз-
дар!» – бұны кім айтты?
– Ломоносов.
– Жоқ, Магомет. 
Екеуміз де күлдік.
Жолдан бұрылып оған бара жаттым.
Бірде  жесір  қалған  қамқор  Янинаға  Москвадағы  үш  бөлмелі 
үйінің  иесі  болуын,  өзінің  оған  ғашық  екендігін,  аспандағы  айды 
əперетіндігін айтып хат жазады.
Янина  оған: «Мен  сіздің  қызыңызбын,  өзіңізге  басқа  бір  адам 
тауып алыңыз», – дейді.
Бірде оның маған айтқан мына бір сөзі есіме түсті.
– Егер де мен дəрігер болмай, соғысқа келмегенде, күйеуге шы-
ғып,  сүйікті  жарымның  жанында  бала  туып,  жанұямның  қасында 
отырар едім.
– Бəрібір де сен өз тағдырыңнан қашып құтыла алмайсың ғой, – 
дедім мен.
– Солай болар, – деді көңілсіз күліп.
Оның  сұр  көздері  жылулық  пен  соңына  дейін  айтылмаған  мұң-
ды шашып тұратын. Оның сырт бейнесі өзіне магнитше тартатын.
Менің  есіме  Дмитрий  түсті.  Ол  минаға  жарылған  болатын. 
Досы,  инженер-архитектор  Латиф  Князь  Норыманбеков  снаряд  жа-
рықшақтарынан Дмитрийдің қолында қаза табады. Дмитрий Князь-
дің  миын  бір  шөкімдеп,  аққан  қанынан  жиіркенбей  жинайды.  Еңі-
реп  жылап  жүріп,  Князьдің  басын  көтереді.  Князьдің  тіріліп  келуін 
тілейді.  Осы  кезде  Янина  жүгіріп  келіп,  алғашқы  көмек  береді.  Өзі 
ол  кезде  хирург  болғандықтан,  Дмитрийдің  аяғын  кесуге  келісім 
бермей,  Янина  оның  аяғы  үшін  күреседі.  Дмитрийдің  адъютантын 
маған  жібереді.  Мен  Қорғаныс  министрлігінің  медицина  басқарма-
сына  телефон  соқтым.  Дмитрийді  Москва  госпиталіне  алып  кетті. 
Янина да қасында болды.
Арада біраз уақыт өтті, мен оны кездестірдім, бірақ та танымай 
қалдым.  Ол  өте  арықтап  кетіпті.  Дмитрийдің  аяғынан  басқа  еште-
мені  ойламайды.  Ол  маған  алғыс  айтты,  мен  болсам  қызғана  қара-
дым. Ол менің көзқарасымды байқап қалды.
– Біз екеуміз де Дмитрийді сүйеді екенбіз ғой!
– Иə, Янина, менің көзімді дұрыс оқыдың.
– Сіз оны ағасындай жақсы көресіз.
– Ал, мен, мен əйелмін.. – деп айқайлап жіберді.
–  Сен  Хауасың,  əйел  емессің.  Сен  əскери  адамсың.  Жап  аузың-
ды! Мен саған бұйырамын.
– Құп болады, жолдас гвардия полковнигі!» (216-б.).
Бауыржан  Момышұлы  сөз  желісін  əрі  қарай  жалғастырады. 
Минаға  жарылған  Дмитрий  екі  аяғынан  айырылатын  болады,  бы-

92
93
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
лайша  айтқанда  кесу  (ампутация)  мəселесі  күн  тəртібінде  тұр.  Яна 
өзі хирург болғандықтан, Дмитрийдің аяғын кесуге келісім бермей, 
оның  аяғы  үшін  күреседі.  Яна  Бауыржан  Момышұлынан  көмек  сұ-
райды.
Б. Момышұлы Қорғаныс министрлігінің медицина басқармасына 
телефон  соғып,  рұқсат  алғаннан  кейін,  Янина  Дмитрийді  Москва 
госпиталіне алып кетеді.
Сөздің  қысқасы,  Б.  Момышұлының  айтуынша,  ауру  Дмитрий-
мен  алысып  жүріп,  Янина  қатты  арықтап,  қу  сүйегі  қалғандай 
халге  жетіпті.  Дмитрийдің  аяғынан  басқа  ешнəрсе  ойламайды.  Ма-
ған алғысын жаудырып жатты.
Табиғатында  ер  адамның  махабаты  мен  əйелдің  махабатты-
ның  құдіреттілігін,  тереңдігін,  пəктігін,  нəзіктігін,  сенгіштігін,  сез-
гіштігін  таразының  екі  басына  салғанда  тең  түседі  деп  тұжырым-
дау  қателік.  Еркектің  əйелге  деген  махаббаты  дөрекілеу,  астам-
шылдықтау,  əлімжеттіліктеу  болса,  əйел  баласының  махаббаты 
ыққыштау, құпиялау, нəзіктеу, бірақ тереңдеу болары хақ. Өйткені, 
еркекте  таңдау  болса,  əйелде  таңдау  болғанмен,  ол  құпия  күйінде 
қала  береді.  Өзін  еркекке  ұсына  алмай  ішінен  тынады.  Бірақ  таң-
дауды  (іштей)  қыз-əйелдің  жасайтыны  көбінесе  тарихи  қалыптас-
қан  жəйт  бұл  жөнінен  дағыстанның  ұлы  ақыны  Р.  Гамзатов  былай 
дейді: «Еркек  көкиіп  қызды  мен  таңдадым  деп,  көкірегін  ұрған-
ның  өзінде,  шынтуайтқа  келгенде,  қыз  оны  əлдеқашан-ақ  ұнатып 
үлгерген», – дейді.  Онысы  шындыққа  жанасатын  сияқты.  Қыз  ер 
баланың  ұсынысын  қабылдаудан  бұрын  өзінің  сыры,  талғамымен 
ақылдасып  барып  оған  мақұл  деген  жауап  беретіні  шындыққа  жа-
насады. Ол егер ішкі дүниесі, адами табиғаты қаламаса, теріс те жа-
уап  беруі  мүмкін.  Мұндай  қылықты  жалпы  заңдылық  деп  те  айту 
қиын.  Кейде  қыз  іші  қаламаса  да  жігіт  жетегінде  кете  беруі  əбден 
мүмкін.  Мұндайға  қыздың  ішкі  жəне  сыртқы  тəртібін  қалыптасқан 
жағдайдың  билеп  кететіні  де  болады.  Еркектің  де  жағдайы  осын-
дай болып қалыптасуы мүмкін, бірақ бұл болса заңдылық емес. Кө-
бінесе  еркектің  əйелмен  қарым-қатынасын,  махаббатын  қалыптас-
тыруда  жетекші  роль  атқаратыны  дəлелденген.  Себебі  күш,  қаржы, 
лауазым  көбінесе  еркек  жағында  басым  болғандықтан,  еркек  тара-
пынан əділетсіз шешім де орын алып қалып отырады.
Б.  Момышұлының  баяндауынша,  дəл  осындай  жағдай  Янина-
ның  да  басынан  өткен.  Мынаған  қараңыз:  өзі  майданда  айтулы 
дəрігер-хирург,  сұлу,  ерке,  ақылды,  мейірімді  жəне  т.б.  қасиеттері 
жетіп  артылады.  Сөйтіп  жүріп  сезімнің  жетегінде  кетіп,  өз  еркімен 
Дмитрийдің  артынан  еріп,  майдан  даласын  тастап  кеткені  үшін 
қатты  жазаланыпты.  Бұл  жерде  осының  бəріне  бағаны  əскери  қи-
мылдар  жүріп  жатқан  кезең  берген.  Соғыста  адамдардың  іс-əреке-
тінің  критериін  майдан  анықтайды.  Бұл  жерде  бейбіт  кезең  емес. 
Бұл екі кезеңнің салмағы екі түрлі болғандықтан, Дмитриймен еріп 
кетемін деп, өзі араласып жүрген қыздарының алдында беделі шай-
қалған.  Жетекші  хирургтігінен  төмендетіліп,  жай  дəрігерлік  қыз-
мет  беріліпті.  Өзі  үйренген,  қалыптасып  кеткен  батальоннан  қуы-
лып,  əр  батальонда  бір  болып,  тұрақтамай,  санитар-дəрігер  дəре-
жесінде жүреді.
Міне,  осылайша  тамаша  хирургтың  намысы  тапталып,  қорла-
нып,  терең  психологиялық  депрессия  алады.  Əрине,  нəзік  сезімді 
əйел баласы үшін мұның үлкен соққы боп тигені білініп-ақ тұр.
Б. Момышұлының баяндауынша оның Янинаны көруге құштар-
лығы артып, жеделдетіп келеді.
«Алакөбеде  Тильзиттің  шетіне  келдік.  Янина  тұратын  үйді  тез 
тауып алдық.
Аулада  Янина  үш  офицердің  қоршауында  көңілді  əңгіме  айтып 
тұр  екен.  Офицерлер  мені  көріп,  қолдарын  шекесіне  апарды.  Яни-
на теріс қарап тұрған еді, бері бұрылды. Қуанып, əрі абыржып қал-
ды.  Барлығымен  амандасып  болғаннан  соң,  Янинаның  басынан 
сипадым.
– Жолдас полковник, күтпеген едім, қайдан келесіз?
– Саған келдім.
–  Өте  қуаныштымын,  жолдас  полковник.  Менің  бөлмем  жи-
налмаған еді, рұқсат болса, жылдам жинастырып шығайын.
– Бара ғой»...
Янина  полковник  Б.  Момышұлынан  рұқсат  сұрап  үйін  бір  тəр-
тіпке  келтіргенен  кейін,  жүріңіз  деп  ишарат  білдіреді.  Үйі  шағын-
дау  екен,  шамасы  жаудан  қолға  түскен  мүлікпен  жабдықталған. 
«Еденге  түкті  кілем  төселінген,  ортада  дөңгелек  үстел,  диван, 
кресло,  вен  орындықтары,  айна,  үлкен  сағат,  алтындатқан  рама-
да  табиғатты  бейнелейтін  картина,  екі  адамдық  төсек,  кішкене  сер-
вантта  сервиздер  мен  статуэткалар.  Мен  креслоға  отырдым  да,  те-
мекі  шектім.  Янина  маған  күлсалғышты  берді  де,  менің  аяғым-
ның  жанына  еденге  отырды.  Менің  сұраулы  көзқарасыма  ол  ерке-
лей жауап берді.
–  Медсанбатта  тапшанда  отырып,  сізді  жеміс-жидекпен  тамақ-
тандырғаным есіме түсіп кетті.
– Екі сағат бұрын мен де соны есіме түсіріп, саған бұрылдым.
– Шын ба?
– Шын.

94
95
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Ары  қарай  фронттағы  достар  мен  жолдастарымыз  жайлы  сұра-
сып, қысқаша бұрынғы өткен күндерді еске алдық.
Яна  арықтап  кетіпті.  Көзінде  терең  мұң  бар,  жағы  солып,  мұр-
ны сүйірленіп, иегі үшкірленіп кетіпті.
– Сіз мен туралы не ойлайсыз?
– Мен сен туралы дауыстап ойлаймын....
Яна менің тіземді құшақтады да, жəймен ғана былай деді:
– Сізге бар сырымды ақтаруыма болады ма?
– Жоқ, керек емес, Яна... Одан да əміршіңді шақыр.
Бұл  жерде  полковник  көптен  бері  қарай  Янинаны  көрмей,  оны 
сағынып  жүздескеннен  кейін,  біраз  фронттағы  көп  жағдайлар  есте-
ріне  түседі.  Янина  оның  қарындасынай  алдына  еркелейтін,  оның 
басы  ауырып,  балтыры  сыздаған  кезде  қасынан  табылып  қол-аяғы 
жерге тимей жүріп емдейтін.
Уақыт  бір  құдіретті  құбылыс  қой.  Біреуді  ұшпаққа  ұшырса,  ал 
енді  біреулердің  ерін  мойнына  түсіріп,  жігерін  құм  етіп  жібереді. 
Янаның  өңінде  мұңның  ізі  бар  сияқты  көрінеді.  Ашаңданып  кет-
кен.  Өмірден  өзі  қалаған  үлесін  ала-алмай  қалған  сияқты  боп  көрі-
неді.  Бəлкім  полковникке  бір  сыр  ашқысы  келді  ме,  немесе  қолдау 
іздегісі келді ме, əйтеуір соған ыңғайлана бергенде, оған Б. Момыш-
ұлы ырық бермей, жоқ ондай сырдың қажеті жоқ деп, оның ниетін 
кері  қайтарғаны  əскери  дөрекілеу  тəртіпке  бой  алдырғаны  болса 
керек. Өзі алыстан сағынып іздеп келген соң қыз көңілін су сепкен-
дей  баспау  керек  еді.  Мүмкін  ұзақ  жол  жүріп  келгенде,  Янаның 
үйін  зорға  дегенде  тапқанда,  ер  адамдардың  арасында  тұрғанын 
жақтырмады  ма,  əлде  қатал  соғыс  қанын  мұздатып,  бойындағы 
жан-жағындағы адамдарға, оның ішінде əйел адамына дегендегі се-
зімталдығын  басып  кетті  ме,  əлде  батырлық  мінезін  ұстай  алмады 
ма, кім білсін, əйтеуір қыздың ағасын сағынғандай қуанышына сол 
мезетте сызат түскені хақ.
Б.  Момышұлы  байқағанда,  ол  Брелаукс  деген  капитанмен  отба-
сын құрған секілді. 
«–  Яна  орнынан  атып  тұрып,  терезеге  барып, – Коля,  сені  пол-
ковник шақырады, – деп айқайлады.
–  Жолдас  полковник,  Сіздің  бұйрығыңыз  бойынша  капитан 
Брелаукс келіп тұр, – деді ол.
–  Міне,  сенің  бар  сырың  осы, – дедім  күліп  Янинаға.  Ол  ұя-
лып басын жерге түсірді.
– Ал ішетін бірдемелерің бар ма?
– Ондай ештеме болмай тұр.
–  Онда  менің  адъютантыма  бар  да  айт,  мұнда  кішкене  қобди-
шаны  əкелсін,  Ригадан  екі  бөтелке  коньяк  əкеле  жатырмын  (Ди-
визиядағы жолдастарыма сыйға тартсам ба деп едім).
– Керек емес, – деді Янина.
– Бар!
– Құп болады! – Брелаукс жылдам бұрылды.
– Ана екі майорды да ертіп кел, жүргізушіме кешкі ас ұйымдас-
тыр, – дедім мен артынан.
Үстел бетіне ақ дастархан төселді.
–  Егер  Николай  əскерден  босанса,  мамандығы  жоқ.  Ал  əскер-
де  қалатын  болса,  тағы  да  қаңғырыс.  Мен  болсам,  ары  қарай  бі-
лімімді  жетілдіруім  керек.  Соғыс  маған  үлкен  тəжірибе  болды, – 
деді Янина.
– Ал ол қалай ойлайды?
–  Ол  болса: «Сен  өз  жұмысыңды  тастай  алмайсың,  ал  менің 
мамандығым жоқ», – дейді.
–  Біздің  елде  мамандық  деген  күрделі  нəрсе  емес.  Үш  ай  оқы 
да,  жүргізушінің,  трактористің,  каменщиктің,  комбайнердің  немесе 
үш-төрт жыл сырттай оқы да инженердің дипломын ал.
– Міне, бұл тамаша идея! – деді Янина қуанып. – Мен оған сіз-
дің осы сөзіңізді айтамын.
–  Мен  сіздерді  Ұлы  Жеңіспен  құттықтаймын, – деп  бастадым 
өз  сөзімді. – Осы  Жеңіс  күніне  аман-сау  жеткенімізге  біз  өте  ба-
қыттымыз. Соғыстың аяқталғанына үш ай болмай жатып, кейбіреу-
лер  бастықтарының  рұқсатынсыз  үйленіп  жатыр...  Жарайды,  осы-
лай  шешкен  екенсіздер,  семьяларыңыз  берік  болып,  жастық  жа-
лындарыңыз  лапылдап  жанып,  махаббаттарыңыз  мəңгілік  болсын. 
Бақытты болыңыздар!
Қорытынды  сөзді  кексе  майор  айтты.  Алдымен  мені  мақтап 
алды да, былай деді:
–  Біздің  маңдайымызға  өте  қиын  кезеңде  өмір  сүру  жазылған 
екен.  Соғыс  кезінде  адамдар  бірін-бірі  жақсы  тани  алады.  Бір 
ұрыстың  өзі  сенің  қандай  адам  екеніңді  көрсетеді.  Соғыс  көптеген 
адамдарды  бір-бірінен  ажыратса,  кейбіреуін  мəңгілікке  қосып  жа-
тыр.  Сендердің  сезімдерің  темірдей  қатты  болсын.  Аңғал,  жылдам 
жалындап  өшетін  махаббат  өмір  өткелдерінен  өте  алмай,  жарым 
жолда  қалып  жатады.  Ал  сендер  болсаңдар,  жанұя  атты  кішкентай 
мемлекеттің  желкенін  дауылдарда  да,  ашық  күндерде  де  құлатпай 
тік  ұстайсыңдар  деген  сенімдемін.  Ыдыс-аяғы  сылдырламайтын 
жанұя  жоқ,  əрбір  үйдің  өзінің  ішкі  түсініспеушіліктері  болады. 
Сендер барлық қиындықтарды жеңе алады деп ойлаймын.

96
97
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Брелаукс  түнгі  бірде  мені  машинамның  алдына  дейін  шыға-
рып салып тұрып: 
–  Өткенім  үшін  де,  бүгінім  үшін  де  сізге  үлкен  рахмет, – 
деді» (222-224-бб., 6 том).
Б.  Момышұлы  ұзақ  сапардан  кейін  бірақ  демалып,  есін  жиған-
нан  кейін,  кешкі  асқа  өз  достары  Г.  Шляпин  мен  В.  Великанова-
ны шақырады.
Шляпинның  ұқыпты  күзелген  шоқша  сақалы  бар-тын.  Оған 
дивизиядағылар  «Жирен  сақал»,  ал  Великановаға  санитарлық  ми-
нимумды  əрқашан  сақтауды  талап  еткені  үшін  «қатал  дəрігер»  деп 
лақап ат берген.
Б.  Момышұлы  əңгімелесе  отырып  жолда  көрген-білгендерін 
баяндайды.  Қасындағылар  үлкен  ыждахаттықпен  тыңдап,  жолай 
сұрақтар қойып, жауап алып отырады.
Əңгіменің  желісі  енді  Янинаға  ауысады.  Осы  кезде  Варвара 
Ивановна  бозарып  шыдамсыздана  темекісін  шеге  бастайды.  Əңгі-
месін,  Б.  Момышұлы  аяқтап  болған  соң,  Варвара  Ивановна,  бір 
рюмка арақты ішіп алып, қолдары дірілдеп, абыржи бастайды.
–  Мен  Янина  туралы  көрген,  естігендерімді  сізге  айтуға  мін-
деттімін, себебі ол – біздің ортақ досымыз, əрі сіздің оқушыңыз.
–  Айтқаныңыз  өте  дұрыс  болды.  Оның  соғыстан  кейінгі  жос-
парлары  мүлдем  басқа  еді...  Жарайды,  ол  туралы  сосын  айтамын. 
Қобалжып,  абыржыған  қалпы  келесі  бөлмеге  барып  пианинода 
Бетховен  сонатасын  ойнай  бастады.  Шляпин  мен  дивизияда  бол-
маған кездегі оқыс оқиғалар туралы айта бастады.
Бұрыштан  атқан  оқтан  екі  солдат  өліп,  төртеуі  жарақат  алып-
ты.  Аиспуттан  Каунасқа  келе  жатқанда  оның  машинасын  автомат-
пен атқылапты. Пренеде екі офицер метил спиртімен уланса, бесеуі 
триперді, үшеуі сифилисті жұқтырыпты.
–  Иə,  сіздің  баяндамаңыз  құлаққа  жағымсыз  екен, – деп  қайғы-
ра  күрсіндім  де,  Шляпинмен  стақанымды  соғыстырып,  бір  рюм-
ка  арақты  ішіп  салдым.  Ал  Варвара  Ивановна  əлі  пианинода  ойнап 
жатты» (236-б., 6 том).
Аталмыш  əңгімеден  кейін  бе,  күндізгі  əңгіме  əсерлерінен  кейін 
бе, «түс  түлкінің  боғы»  дегендей,  Б.  Момышұлы  түнде  қолайсыз 
ұйықтап,  мынадай  шатасқан  түс  көреді: «... Көшеде  ұрыс  жүріп 
жатыр,  маңдаймен  жер  тірей  құлаған  солдаттың  танауынан  қан 
құйылып ағып жатты... Варвара Ивановна шашы қобырап, санитар-
лық  дорбасымен  өртеніп  жатқан  үйден  жүгіріп  шықты.  Шляпин 
сұр атпен шоқырақтап шауып, өзіміздікілерді де, өзгелерді де атып 
келеді.  Янина  шаршап-шалдыға  Брелаукстың  жансыз  денесін  сүй-
реп  келеді.  Удай  мас  капитан  Ложкин  тұрпайы  боянған  жартылай 
жалаңаш  əйелді  төсекке  сүйреп  жатыр.  Аспанда  найзағай  ойнап, 
күн батарда шөп жалындап жана бастады. Мариямполе монастыры-
ның  бастығы  апостолдардың  жалауын  қолына  ұстап,  негізгі  көше-
нің  ортасында  монахтар  алдында  өлі  денелерден  аттап  келе  жат-
ты.  Мен  оны  атып  едім,  өлген  солдаттардың  үстіне  тас  болып  құ-
лады.  Монахтар  мен  ту  жоқ  болып  кетті».  Оянып  кеттім.  Денем 
сыздап,  біреу  ұрғандай  болып  ауырады.  Кəдуəлгі  дивизияның  əс-
кери  өмірі  басталып  кетеді.  Екі-үш  күн  өткеннен  кейін  полков-
ник  Варвара  Ивановнаны  шақырып  алып: «Сіз  Янинаны  өзіңіздің 
туған сіңліңіздей жақсы көретініңізді жақсы білемін. Оның тағдыры 
сізді  алаңдатпай  қоймайды.  Соғыс  жағдайындағы  операция  мен 
хирургтардың  қиын  жұмысы  сіздерді  өте  қатты  жақындастырды. 
Сондықтан  да  сіздің  оның  өз  жоспарынан  ауытқуына  қатты  қа-
паланғаныңыз  түсінікті.  Менің  машинамды  алыңыз  да,  екі-үш  күн-
де барып, өз көзіңізбен көріп қайтыңыз», – дедім.
Үшінші  күні  Варвара  Ивановна  қайтып  келді.  Кешкі  ас  үстінде 
мен  оған  монастырь  бастығымен  кездескенімді  жəне  басқа  да  жа-
ңалықтарды айттым.
–  Сіз  осы  əңгімелеріңізді  бекер  айтып  отырған  жоқсыз  ғой, 
Янина  туралы  нені  айтып,  нені  айтпау  керек  екенін  ойлансын  деп 
маған  мүмкіншілік  беріп  отырсыз-ау  деймін, – деп  күлді. – Неге 
оның əңгімесін тыңдамадыңыз?
–  Менің  оған  қонаққа  келуім  күтпеген  жəне  кенеттен  болған 
келіс  еді.  Бөлмесіне  кіргеннен  бұл  қыздың  бөлмесі  емес  екенін  тү-
сіндім де, күйеуге қалай шыққандығы жайлы сұрамадым.
Янина жаңа бөлімшеге келген соң бір майорды кездестіріп, əде-
мілігіне  қызығып  тұрмысқа  шығады.  Ал  майор  болса  қызқұмар, 
есерсоқ екен. Бір айдың ішінде оны күңіне айналдырып алады.
«Янина,  жылдам  аяқ  киімімді  тазала», «планшеткамды  əкел», 
«лейтенант  Н-ді  шақыр», «суға  барып  кел», «аяғымды  жу»,  т.б. 
бұйрықтар  беруден  бір  шаршамайды.  Көпшілік  жиналған  жерде 
Янинаға  көңіл  бөлмек  тұрмақ,  боғауыз  сөздер  айтып  қорлайды.  Ол 
оның соңынан көңілсіз, қорланып жүре береді. Ал ол болса, көлде-
нең  кездескен  қыздардың  бəрімен  ойнап-күліп,  ойына  келгенін  жа-
сайды.  Шыдамның  да  шегі  бар  демекші,  Янина  одан  кетіп  тына-
ды.  Басқа  полкке  ауысқысы  келсе  де,  басшылар  рұқсат  етпейді.  Ал 
майор  болса,  оққағарын  оған  күнде  жіберіп,  түнде  кел  деп  маза-
сын алады.
– Əлсіз, тəжірибесіз жас əйелге не істеу керек?
– Комдивке айту керек еді, ол оны басқа бөлімге ауыстырар еді.

98
99
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
–  Ол  комдивке  барыпты.  Генерал  болса: «Қызым,  мен  сендерді 
қосқан  жоқпын,  ажырата  да  алмаймын», – депті.  Күйеуінен  қатты 
көңілі  қалған,  ар-намысы  тапталған  жалғызбасты,  қам  көңілді  жас 
əйелді  осылайша  өмір  Брелаукстің  құшағына  итереді.  Оған  кімге 
де  болса  күйеуге  шығу  керек  болады.  Өз  бақытын,  сүйген  адамын 
дұрыс  таңдамай,  алдамшы  сезімге  берілген  Янина  осылайша  ты-
ғырықтан  шығудың  жолы  бірінші  кездескен  адамға  күйеуге  шығу 
деп  шешеді.  Өмірде  бұдан  да  сорақы  жағдайлар  кездесіп  жатады 
емес  пе?  Мені  қуантатыны – Брелаукс  оны  өте  қатты  сүйеді. 
Əйел  бақыты  үшін  бұл – өте  маңызды  фактор.  Ол – өте  əдемі,  əрі 
ақылды  жігіт.  Жақында  дүниеге  жас  нəресте  келеді.  Олар  бақытты 
өмір  сүріп  кетеді, – деп  аяқтады  Варвара  Ивановна  əңгімесін.  Ары 
қарай  Варвара  Ивановна  жалпы  əңгімеге  көшті.  Міне,  қараңызшы, 
соғыс  көп  жанұяларды  бұзды,  миллиондаған  жүректерді  жарала-
ды.  Миллиондаған  жесірлер,  миллиондаған  жігіттерін  жоғалтқан 
қыздар  осы  тығырықтан  шығу  жолын  іздейді.  Олар  бірінші  кездес-
кен  жігіттерге  тұрмысқа  шығады,  ал  кейбіреулері  жеңіл  жүріске 
түседі. Еркектер өздерінің аздығын пайдаланады. Соғыс адамгерші-
лік негіздерінің тас-талқанын шығарды. Адамдар тазалық, адалдық, 
адамгершілік  туралы  айтады,  ал  бірақ  өздері  белдеріне  дейін  бат-
пақта  отыр.  Көбісі  махаббатты  өткінші  құштарлықпен  шатасты-
рады.  Соғысқа  дейін  есеппен,  бір  көрген  танысына  тұрмысқа  шығу 
немесе  үйлену,  əдепсіздік  таныту  деген  сияқты  қылықтар  бірен-
саран  еді.  Ал,  енді  ақша  мен  шен,  адамның  азғындауымен  на-
мыс, арын сатуына, таза да тұнық сезімді лайлап, адамгершілік пен 
өмірге  деген  махаббаттың  быт-шытын  шығарып,  жарымжан,  мүге-
дек  етіп  отыр.  Соғысқа  дейін  қыз  бен  жігіт  бір-бірімен  ұзақ  уақыт 
таныс  болып,  сезімдерін  тексеріп,  ғашық  болып,  онсыз  тұра  ал-
маймын деген уақытта тұрмыс құратын. Ал, қазір болса асығыс та-
нысып, үйленіп жатқандары. Соғысқа дейін өзінен 10-15 жас үлкен 
адамға  күйеуге  шығу  деген  мүлдем  болмаған,  оғаш  қылық  деп 
саналған.  Болған  күннің  өзінде  есеппен  үйленгендер  деп  саналған. 
Бірге  қартаюдың  өзгеше  бір  əсемдігі  бар.  Біртіндеп  өшетін  құмар-
лық  пен  достық  сезімінің  нығаюы,  бір-біріне  əбден  беріліп,  үйре-
нісуі,  əкелік,  аналық  парызды  атқару,  жарға  деген  жанашырлық 
сезім.  Қазіргі  кезде  болса  еркегі  елуде  болса,  əйелі  жиырма  бесте, 
қырық  бесте  болса,  жиырмада.  Кіші  қатын,  кісі  қатын.  Керісінше, 
ақшалы  əйелдер  өздеріне  жас  жігіттерді  күйеу  етіп  алады.  Қыздың 
арын  сақтауы – оның  болашақта  жақсы  жанұя  құратынының  ке-
пілі.  Соғысқа  дейін  де  моральдық  жағынан  азғындаған,  мінездері 
үйлеспей  ажырасқан  жанұялар  болды,  бірақ...  олар  аз  болатын. 
Əркім – өз  бақытының  иесі.  Қозғалғанда  сылдырламайтын  аяқ-та-
бақ  болмайды.  Өмір  жолы  қиындық  пен  кездейсоқтықтардан  тұ-
рады.  Тек  аңқау  адам  ғана  некеден  тек  қуаныш  пен  лəззат  алуды 
ойлайды.  Міне,  осылар  өмір  өткелдерінің  сынынан  өте  алмайды. 
Адамдардың  барлығы  бірдей  махаббаттың  құдіретін  өз  бастары-
нан  өткермейді.  Көбісі  ақша,  шен,  арзан  лəззат  құшағында  жү-
реді.  Бұның  бəрі – уақытша,  алдамшы  нəрселер.  Біраз  уақыт  өткен 
соң  ішің  пысып,  жиіркеніш  сезімі  пайда  болады.  Нағыз  адам  бар-
лық  жақсылық,  əдемілік  атаулыны  жақсы  көреді.  Адамға  сəулесін 
шашқан  күн,  батып  бара  жатқан  ай,  жымыңдаған  жұлдыздар, 
шуылдаған  қамыс,  үнсіз  мүлгіп  тұрған  орман,  жаңбыр,  қар,  ұйт-
қымалы  жел,  кең  дала,  сылдырап  аққан  бұлақ,  буырқанған  көл, 
əнші  құстар,  кітап,  музыка,  театр,  кино,  алыс  қалалар,  елдер,  бүкіл 
əлем  керек.  Барлық  мақсат,  арман  күрес  арқылы  келеді.  Махаб-
бат,  материалдық  жағдай,  бірдей  көзқарас,  сенім,  адалдық,  достық, 
өмірге  тура  қараушылық – бəрі  бір-бірін  түсінушілік,  өзара  қаты-
нас, бірінің кемшілігін бірі толтыру арқылы табысқа жетеді. Жанұя-
ның  беріктігі – моральдық  деңгей  мен  өнегелі  жетілу,  адал  махаб-
бат,  парыз,  жауапкершілік  бəрі  қосылып  келіп,  отбасындағы  қара-
ма-қайшылықтарды жеңуге көмектеседі. Махаббат күші мен махаб-
бат беріктігі адамдардың ішкі жан дүниесінің қарқыны мен мораль-
дық  жəне  эстетикалық  жетілуіне  байланысты.  Өмірлік  жар  таңдау 
өте  қиын.  Бет  əлпетін  көреміз,  ал  жүрегін  ұғына  алмаймыз.  Жар 
таңдауда  ішкі  себептер  ақырында  қиратып  жібереді  немесе  бір-
деме  жасап  шығарады.  Өмірде  бірдеме  жасап  шығару  бəрі  жақсы-
лық  болатынына  сендіреді.  Адамға  керекті  нəрселерді  жинайды, 
оянады,  күресе  жүріп  оқиды,  шынығады,  ес  кіреді,  жарық  сəуле 
шашады.  Ешкім  бұзық  болып  тумайды.  Ешкім  мейірбан  болып  ту-
майды.  Өмір,  жағдай,  орта  бірінен  соң  бірі  адамды  тұңғиыққа 
батырады немесе аспанға көтереді.
– Қыз кезінде бəрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?
– Жігіт кезінде бəрі жақсы, жаман күйеу қайдан шығады? – деп 
Варвара Ивановнаның сөзін бөлдім. Ол күліп жіберді.
– «Мен  барлығын  ұмытқым  келеді»  деді  Янина  қоштасарда, – 
деп  Варвара  Ивановна  қайғыра  күрсінді» (241-б., 6 том).  Біздің  па-
йымдауымызша,  жазушының  ойы  тереңде  жатыр.  Ол  адам  тағды-
рын  тебіреніп,  оның  өміріне  үңіліп,  сол  тар  жол,  тайғақ  кешкен 
трагедияға  баланатын  жəй  ғана  қатардағы  əйелдің  өмір  өткелдері, 
соғыста  өткен,  қан  кешкен  азапты  күндері  арқылы  бүкіл  əйел  қа-
уымының  жолын  суреттейді.  Түн  қатып  ер  адамдармен  бірге  жа-
раланған адамдардың жанына арашашы болам деп, ешқандай қиын-

100
101
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
дықтан  тайсалмай,  қорықпай  емдеп,  қайта  қатарға  тұрғызу  адамға 
қайта  жан  салғанмен  бірдей  болса,  жазушы  сондай  əйелдердің  бірі 
Янинаның  өмірін  екіге  бөледі.  Соғыс  кезінде  ақылы,  көркі,  ісі, 
имандылығы,  қамқорлығы  бір  басына  жарасқан  əйелдің  соғыстан 
кейінгі  тағдыры  үйлеспей,  кейбір  əйел  жанын  сыйламайтын  еркек-
тердің  добына  айналғанын  іштей  қынжылып  суреттейді.  Адал  өте 
көнбіс,  тіршілікте  бəрін  мойнына  салып  көтере  береді.  Нелер  ауыр 
тауқыметті  сүйретіп  жүріп  өмірін  ұзартуға,  жаңғыртуға  тырысады, 
үміт  сəулесінен  нəр  алып,  бақытқа  əні  жетем,  міне  жетем  деп  алға 
қарай  ұмтыла  береді.  Кейде  жетеді,  кейде  жетпейді.  Адал  ниетті 
əйелдің үзіле салатын сезімін жалғап, оған бақыт сыйлап, алақанына 
салып  аялайтын  болса  сөніп  бара  жатқан  бақыт  оты  қайта  жанады. 
Мұндай  жағдайда  дүниеде  бұл  əйелден  бақытты  адам  жоқ.  Əйел 
баласына,  оның  көңіл  күйін  көтеру  үшін  көп  нəрсенің  қажеті  ша-
малы. Əйтеуір ерінің көңілі, ниеті түзу болса болғаны.
Жазушы  Янинаның  өмірінің  бірінші  күйеуінің  кезінде  ауыр-
лау  болғанын,  оның  қиын  да  қилы  тағдырын  жете  суреттейді.  Ол 
дөрекі,  əйелге  деген  көзқарасы  ескіліктің  қалдықтарымен  өрілген, 
əйелді  екінші  сорт  деп  есептейтін,  оның  нəзіктігін  əлсіздік  деп 
бағалайтын  еркектердің  қатарынан  болды.  Адам  дүниеге  иманды-
лық  пен  моральдің  ішінде  табиғатына  жат  əділетсіздіктен  қорқады, 
бойын тасалайды. Əйелдің нəзіктігі оның күші мен қуаты екендігін 
түсінбейтін  еркектерді  мəдениетті  адамдардың  қатарына  қосу 
артық.  Əйелдердің  нəзік  жанын  түсінбей  таптау,  соның  есесінен 
мен күштімін, бақыттымын дейтін еркектер оңбай қателеседі. Адам 
тағдырының  бір  түні  болса,  бір  сəулелі  күні  болады  дегендей  Яни-
на  өзінің  сəулелі  бақытын  өзімен  майдандас  Брелаукс  деген  еркек-
тен  табады.  Оның  өзін  де  майданда  жүргенде  əйелдермен  жеңіл-
желпі  жүргені  үшін  полковник  Б.  Момышұлы  қатал  тəртіпке  сал-
ған  екен.  Содан  барып  ол  жалпы  əйелге  дегендегі  қөзқарасын  жа-
ғымды жаққа өзгертіп, ол да өз бақытын Янинаға қосылып тапқандай.
Жазушы  Б.  Момышұлының  еркек-əйел  отбасылық  диалогында 
ұрпаққа қалдырған өсиеті, намысы осындай болса керек.
*  *  *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет