Б. Момышұлы – Ж. Шаяхметов
Баукең – үлкен адамгершіліктің, білімділіктің тұтқасын берік
ұстай білген тұлға. Өзі көтерілген биікке өзгені де көтеру үшін
ешнəрседен қаймықпай, тайынбай өрге құлашын сермей білген.
Əдетте, ұлы тұлғалар Отанға еңбегі сіңген айналасындағыларды
өзіне тарта біліп, олардың қызметін паш етіп көтере біліп, жұртқа
үлгі болсын дегендей оның құндылықтарын жариялап айтудан жа-
лықпаған. Кімнің болсын қоғамға, қара орман болған Отанға, еліне
сіңірген еңбегі мен қызметі келер ұрпақтың рухани азығы болсын
дегендей, оларға асқан жанашырлықпен қарау екі кісінің бірінің
қолынан келе бермеген. «Ешкім еш уақытта ұмытылмайды, ешнəрсе
естен шықпайды» деген қанатты сөз соғыс табиғатымен өлше-
нетін құндылық болғандықтан, оған Баукең аса жауапкершілікпен
қараған-ды. Соның бірегейі, əскери ұстазы, əрі қолбасшысы, əрі
досындай болып кеткен ағасы іспеттес генерал Иван Василье-
вич Панфилов туралы жанашырлық қамқорлығы еске түсе береді.
Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
секретары Жұмабай Шаяхметовке Москва түбіндегі шайқаста қай-
тыс болып кеткен генерал И.В. Панфиловтың есімін мəңгі етіп
қалдыруға байланысты үлкен жанашырлық, патриоттық сезіммен
жазған хаты туралы айтуға болады:
«Қадірлі Жұмеке! Я не сомневаюсь, что в правительственных
кругах Казахстана продолжают по сердцу отдавать должное делам
боевых гвардейцев – Казахстанцев Панфиловской дивизии. Я не
имею оснований сомневаться также, что «ЦК партии и Правитель-
ство Казахстана помнят, что в ноябре 1946 г. исполняется пяти-
летие боев под Москвой, пятилетие со дня гибели Ивана Василье-
вича Панфилова, пятилетие преобразование первой боевой дивизии
из казахстанцев в 8-гвардейскую дивизию».
Не распростронясь о значении и роли той дивизии в тогдаш-
ней оперативной обстановке, в решающим историческим сражении
под нашей Столицей, призванном общественным мнением и союз-
ным правительством как дастойный вклад Казахской Республики в
дело общей борьбы с врагом и имеющим право на достойное место
в истории Казахстана, в истории его участия в Великой Отечествен-
ной войне, считаю своим долгом (не целью вмешательство во вну-
тренние дела) поделиться по порядку следующим:
Дату – 17 ноября 1941 г. мы считаем днем проявления весо-
мого героизма личным составом дивизии, днем проявление высо-
кого патриотизма и творческой инициативы сынами Казахстана и
тяжелый час испытании. В эти дни, второго тура наступления
немцев на Москву, с особенной яркостью проявились тактическая
зрелость, большевисткая моральная стойкость офицерского состава
дивизии под руководством Ивана Васильевича Панфилова, выра-
зившиеся в искусстве умелого ведение маневренно-оборонитель-
ных боев против превосходящих сил противника и приведших кру-
шению его наступления на этом участке. Военные специалисты
продолжают призновать действия дивизии, как образец оборони-
тельных боев, сочетавших в себе основные принципы оператив-
но-тактических установок Верховного Главнокомандующего (И.
Сталина) в этот период войны – сковать, перемолоть живую силу и тех-
нику врага, обескровить его и выиграть время для последующего
контр-удара мощными резервами».
18 ноября 1941 года мужество бойцов и офицеров и полковед-
ческое искусство генерала Панфилова – нашли Правительственное
признание. Дивизия была преобразованно в гвардейскую и награж-
дена орденом Красного знамени, что принесло большую радость
и все лицо законную гордость в казахстанцев фронта и тыла, чему
свидетелем вы были сами.
В тот день в ореоле славы народного героя на поле боя погиб
Иван Васильеич Панфилов, оставив после себя, как боявое насле-
дие, благородные традиции боевого содружество сплоченности,
инициативы войнов братьев разных национальностей, объединен-
ных под гвардейским знамением его дивизии, что и порождало не-
однократно достойное поведение войнов и массовки герои и в
последующих боях за Родину, как выполнение боевого завещания
первого командира дивизии.
И наконец, в эти дни и с тех времен по всей Советской Земле
пронеслась слава о 28 панфиловцах, как о вершине проявление
массового героизма, установилась, как незримый символ высокого
патриотического чувства всех честно сражившихся войнов.
Надеюсь, что Вы, не сочтете излишним такое странное вступ-
ление. Короче говоря, я хотел в этом письме сделать некоторые
предложения по поводу предстоящего пятилетия вошедших в ис-
торию дней, обо долг нашей совести перед кровью и героическим
духом объязывает чтить память и на коленях произнести с серцем
за упокой души погибших – «Аумин».
116
117
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Для «Тіріге сəлем, өлгенге бата» следовало бы, уже теперь соз-
дать авторитетную комиссию по подготовке и проведению пред-
стоящего пятилетия.
Далее рекомендуются мероприятия состоявщиеся из 7 пунктов:
Это организация выстовок, посвященные боевым действиям панфи-
ловцев (карты подмосковных боев, фото-документы, газеты, письма,
телеграммы), выставить скульптурные портреты И.В. Панфилова,
его боевых соратников и героев дивизии; Слет демобилизованных
панфиловцев-ветеранов подмосковных боев, доклады, выступления
и т. д.; мероприятия по проведению как батырских айтысов, пред-
ставлений и жоктау по Панфилову и погибшим героям; организо-
вать просмотр документальных и художественных фильмов; работу
тыла, о людах вернувшихся к родному очагу, станку, полям, восста-
новления и т. д.; показ постановки в театрах и кинотеатрах посвя-
щенные многонациональному составу дивизии к Панфилову:
Издать: биографию генерала И.В. Панфилова, под названием
«Генерал Панфилов и его дивизия», «Люди Панфиловский диви-
зии», «Сборник стихов».
Далее Б. Момышұлы пишет, что со своей стороны, закончи-
вает хронику на казахском языке, «Хронику одного дня» (17 ноября
1941 г.) – отрывок из воспоминании под общим названием «Об-
лик воина» и работу над третьей книгой «Волоколамское шос-
се» (А. Бека).
О том что широко отмечанное пятилетие участия Панфилов-
ский дивизии в подмосковных боев и дня героически смерти
И.В. Панфилова, безусловно, весьма положительно повлияет на мо-
билизацию общественного мнения на выполнение задач, стоящих
сейчас перед нами»...
Бұл жерде тарихта теңдесі жоқ сұрапыл соғыстың халқымыз-
дың басына түскен адам айтқысыз ауыртпалы зардабын айта келіп,
Баукең Москва түбіндегі қиян кескі соғысқа бес жыл жəне гене-
рал И.В. Панфиловтың опат болғанына да бес жыл толуына байла-
нысты оларды есіне алу жағдайы сөз болады. Қаны кебе қоймаған
жаңа жараның тəрбиелік мəні ұрпаққа үлгі болу үшін, соғыстың
аса ауыр да тағдырлы болғанын еске алу үшін Орталық биліктің
еске алуы мақсатында жазылған-ды. Оның бергі жағында «Ұстазы
жақсының – ұстанымы жақсы» дегендей, бауыр басып кеткен
генерал Панфилов туралы естеліктер халық арасында кеңінен та-
расын деген ой мазалап оны бір минут та естен шығармауға мəжбүр
еткен сияқты. Генерал Панфилов жас офицер Б. Момышұлының
көзінен от жанып тұрғанын, өткірлігін, табандылығын, əділеттілі-
гін, сөзінің жүйелілігін байқап, оған қол астындағы жəй ғана ба-
ғынышты офицер-командир ретінде қарамай, керісінше, терезесі
тең тұлға ретінде бағалап сеніммен қарауы – Баукеңнің бойын-
дағы табиғат берген қабілеттіліктің толыққанды сыртқа тебуіне
бірден-бір шешуші себеп болғандай. Баукеңнің намысын жаныған
Отан қорғау коммунистік идеясына негізделген аса жоғары деңгей-
дегі жауапкершілігі, идея үшін қасық қаны қалғанша жаумен арпа-
лысып жағасын жыртуға дайын екендігі, туған елін, жерін қорғауға
патриоттық сезімінің құдіретті екендігін байқаған генерал Баукең-
нің соғыс тəсіліндегі тактикасы мен стратегиясын жоғары бағала-
ған, оның пікіріне басқаларға қарағанда көбірек құлақ түрген.
Баукең табиғатында əділеттілікті, «қара қылды қақ жарып» əділ
баға беретін, «бетің бар жүзің бар» демей, ащы шындықты бетке
айтатын өткір тұлға болғандығын білеміз. Ол əскерде қаталдық
пен əділеттілікті жауапкершілікті үйлестіре білген, өзіне сеніп тап-
сырылған офицерлер мен сарбаздарға асқан қамқорлықпен қарап,
ағалық ақылын айтып, түзу жолға сала білетін көшбасшы əрі ұс-
таз болғанын ол туралы жазылған көптеген естеліктерден білеміз.
Ол өз пікірін қандай лауазымды немесе мəні бар адам болса да тай-
салмай, бүкпесіз айтып салатын өткірлігімен көп адамға жақпай
қалатын жерлері де болған.
Соғыс қатал жүріп жатқанда, Баукеңнің ерлігіне қанық болған
генерал Рокоссовскийдің (Баукең əскери қызмет еткен армияның
қолбасшысы) келісімімен генерал И.В. Панфилов оны Совет Ода-
ғының Батыры атағына ұсынғанда, ол Москва тарапынан аяқсыз
қалған-ды.
Ал соғыстан кейін Қазақстан басшысы Д. Қонаев та, бұл мəсе-
лені бірнеше рет Москва алдында көтергенде, ол да нəтижесіз
аяқталған еді. Оған себеп сол кезде СССР Қорғаныс Министрі бо-
лып тұрған А. Гречконың кектенуі теріс ықпалын тигізсе керек.
Табиғатта, қоғам өмірінде себепсіз ешқандай құбылыс пайда бол-
майды. Б. Момышұлы 1950 жылы Москвада Совет Армиясы Бас
штабының жоғары əскери академиясын бітіріп, сонда дəріс береді.
Шынтуайтқа келсек, ұстаздардың ішінде басқа да ұлт өкілдерінің
ішінен дəріс берген жалғыз Б. Момышұлы болды. Оның дəрісіне үл-
кен шенді əскери офицерлер: генералдар, полковниктер, т.б. қа-
тысады. Газет беттерінен мынадай жолдарды оқыдық. Əдетте лек-
цияның соңында оның мазмұнын талқылау басталады. Пікірталасу
барысында бір тыңдаушы басқа ешнəрсе таппағандай, лекторға
сөйлеу тіліндегі акцентінің бар екендігі туралы бірнеше рет қайта-
лайды. Келесі талқылауда да əлгі мардымсыз ескерту қайталана
берсе керек. Мұнысына шыдамы таусылған Б. Момышұлы іркіліс
беріп, орыс тілінде мықтап тұрып балағатқа жақын сөздерді көсіл-
118
119
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
тіп айтып-айтып жіберіп, пауза жасап, жаңағы ескерту айта берген
тыңдаушыға қарап: «Айтқан сөздерімде акцент бар ма?» – деп шүй-
ліге жауап күтеді. Ол: «Акцент жоқ», – деп жауап береді. Б. Мо-
мышұлы: Олай болса, мəселе акцентте емес, лекцияның мазмұ-
нында, сіз формаға жармаса бермеңіз, егер, сіз, қазақша сөйлесеңіз,
сізде міндетті түрде акцент бұдан да көп болар еді, – деп баға-
лады. Сөйтсе, сұрақ қойып, өзінен-өзі қатты ыңғайсызданып ұял-
ған генерал, болашақ СССР қорғаныс министірі А. Гречко екен.
Империялық шовинизм тұрғысынан кемсітіп сөйлегенінің жаза-
сын тартқан-ды. Біз білетіндей, адами мінезде кектену феномені
болған жағдайда, əділеттілік өзінің арнасынан ауытқитындығының
да куəсіміз. Бұл бұрмалаушылықты, біз тəуелсіздік алып болғаннан
кейін, бертін келе, Елбасы Н. Назарбаев, əділдіктің ақ жолына қайта
түсіріп, Москва басшылығының алдында қайта қойып, Баукеңе
Жеңіске сіңірген шынайы еңбегін қайта бағалап, Совет Одағының
Батыры деген атақ берілді. Бір өкініштісі, əттең бұл атақтар, соның
ішінде генерал атағы – тарихи əділетсіздіктің болғаны өзінен-өзі
көзге ұрып тұр.
Баукеңнің көзінің тірісінде берілсе ғой, ол құндылық баға жет-
пес ұлттың абыройы болар еді. Мұндай əділетсіздіктің себептері-
нің Қаз ССР Халкомсовының жəне Министрлер Советінің пред-
седателі Н. Оңдасынов (1938-1951) пен Қазақстан ОК 1-секрета-
ры Ж. Шаяхметов кейін (1938-1945) екеуінен болғандығы кейін
Н. Оңдасынов Б. Момышұлынан екеуінің атынан кешірім сұрағанда
белгілі болады. Мұны Б. Момышұлы кейінірек өз естелігінде кел-
тіреді. Бірақ əділеттілікті сүйер қауым, оның ішінде кешегі көп
ұлтты Совет халқы, кезінде мұндай қиғаштықтың қайдан есіп
тұратындығын да көріп-біліп, сезіп отырады. Ұлы державалық шо-
винизм өзінің кері əсерлерін тигізбей қойған жоқ. Ол тарихи тағ-
дырдың ісі еді. Халқы оған Батыр деген атақты əлдеқашан-ақ беріп
үлгерген еді. Б. Момышұлы саспай: «Мен международный герой-
мын» деп, əділетсіздіктің пердесін бір-ақ ашқан еді. Олар тарих-
тың үлесіне тиді. Бұл бізге əрқашан да өмірдің қай саласында
болса да сақ болуды еске сала береді. Қазіргі Тəуелсіздік зама-
нында өзіміздің ішкі жəне сыртқы саясатымызға сергек болуға ша-
қырады, өмір соны талап етеді. Бұл жерде ұлы Пушкиннің мына сөзі
өзінің актуальділігімен тілге орала береді: «Гордиться славой своих
предков не только можно но и должно. Неуважать малодушие».
Қазақтың ұзын-қысқа тарихы батырлықпен, ұлылықпен, отан-
сүйгіштікпен, даналықпен, намыстылықпен өрілген. Намысты қолдан
бермеуде қасық қанын төге білген. Намыспен сусындаған тарихымыз
талай ғасырлардың рухани азығы болмақ.
* * *
Б. Момышұлы – Н. Оңдасынов
Н. Оңдасынов Қазақстан Министрлер Советінің председателі
болып 13 жыл (1938-1951) қызмет атқарды. Бұл уақыт ел тарихын-
да ауыр кезең еді. Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы елді күй-
зелтіп жатты. Қазақстанға орталық өңірден, Бас қолбасшының бұй-
рығымен, 140 завод пен фабрика көшірілді, іске қосып майданға
қажетті өнімді тез арада беру керек болды. Оңдасынов былай
əңгімелейді: «Огромная территория республики покрылась стро-
ительными лесами. Только в 1942 г. в Казахстане строилась около
150 крупных обьектов, в.т. ч. 40-сверхлемитные стройки союзного
значения».
1941 жылдың ноябрь айында генерал И.В. Панфилов өз қолы-
мен Момышұлын сол кездегі жоғарғы награда Ленин орденіне
ұсынған екен, араға біраз уақыт салып И.В. Панфилов Момыш-
ұлының ерліктеріне сүйіспеншілігінен кейін, Совет Одағының Ба-
тыры деген жоғарғы атаққа ұсынған. Алайда, Момышұлы осы ұсы-
нылған наградалардың бірде-біреуін алмайды. Нақты себебін дөп
басып айту қиын. Мүмкін оның сол кездері ешкімге ұнамайтын, фа-
милиясы ма, жоқ əлде шындықты тайсалмай бетке айтатын қайтпас
мінезі ме, əлде қызыл империяның кейбір шовинист адамдары ма,
əлде түркі тектес халықтардан шыққан жоғары шенді офицерлердің
шендерін полковниктен жоғары асырмау туралы саясат жасырын
түрде іске асырылып жатты ма, ол бізге беймəлім. Бірақ армян Баг-
рамяннан басқа бір кіші ұлттың өкіліне маршал атағы берілгенін
атай алмайсың. Дегенмен, Б. Момышұлының төмендегі бір естелі-
гіне назар аударуға тура келеді. Ə. Нұршайықовтың: «Сізге неге
Батыр атағы мен маршал атағы берілмеген?» – деген сауалына, ол:
«Бұған қосқан менің де үлесім аз емес» – деп өзінің қиқар мінезі,
мен фамилиясына меңзеген. ... Момышұлының бір сөзінде «Я пом-
ню их» (Көз алдымда бəріңсің) деген моя очередная книга нахо-
дится в производстве. Зависть, ревность – это присушие только глу-
пым людям. Қазақша айтқанда, көре алмаушылық, құдайға шүкір,
ол жағынан қазақтар бірінші орынды алады.
Лежу и работаю. Меня накануне праздника посетил Нуртас
Ондасынов. Я был приятно удивлен его визитом. Я лежал, он си-
дел. Мы с ним беседовали четыре часа. Но все подробности не-
возможно написать в этом письме. Как то я не выдержал:
– Нұреке, бұрын араласып жүрген кісі емес едік, қарым-қаты-
насымыз да жоқ еді. Мүмкін болса, шыныңызды айтыңызшы, неге
келдіңіз? – дедім.
120
121
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Он расхохотался. – Как раз батыр, ожидал этот вопрос дав-
ным-давно. Ал, енді жауап берейін. Келген себебім – баяғыда
марқұм Жұмекең (Шаяхметов – 1938-1954 жж. Қазақстан Орталық
комитетінің 3-і, 2-і, 1-і секретары) екеуміз саған қастық жасаппыз.
Генерал болсын деген ұсыныс болып еді, болмасын деппіз. Герой
Советского Союза болсын дегенде де болмасын деппіз, соған кейін-
нен түсініп қатты ұяламын. Кейін екінші түсінгенім сен бізді жең-
дің, жер жүзіне атағың жайылған, көрнекті Совет Одағының жа-
зушысы болдың.
– Рахмет, Нұреке, өкінбеңіз, сіздің жаман ініңіз (өзім ғой) меж-
дународный герой, – дегенімде, шал қызарып кетті. Уақыт өтіп
кетсе де Баукеңнің бұл сөзінің орны бар еді: 1963 жылы Москваға
келген сапарындағы сұхбатында: «Сіз үшін екінші дүниежүзілік
соғыстың басты қаһарманы кім?» деген сауалға Куба басшысы Фи-
дель Кастро Рус: «Александр Бектің «Волоколам тас жолының» ке-
йіпкері – қазақ Момышұлы» деп жауап қайтарған.
– Алтын жұлдыз алмадым деп өкініп жүргенім жоқ:
Сыр айтам саған халқым ұға білсең,
Дайынмын от пен суға маған сенсең,
Арымды ақ ниетпен ақтамасам,
Ризамын теріс қолмен бата берсең, –
деп əндетіп өлең айттым.
Старик расхохотал. Я, ему с автографом подарил русские и ка-
захские тома. «Шал қатты қуанып кетті. Орнынан тұрып келіп,
менің қолымды алып, бетімнен сүйді», – деп Бауыржан атамыз өз
естеліктерінде көрсетеді.
Сол кездегі Қазақстанның маңдай алды екі басшысы нендей
пиғылды басшылыққа алды екен, іс-əрекеттерінің арқауы не бол-
ды. Халқымыздың патриоттық сезіміне қайшы келетін кереғар ойға
неге келді екен, мұндай қадамға барғанда келер ұрпақ алдында бе-
рер жауабы нендей болар еді. Бұл пиғылдары туралы олар лəм-мим
деп ауыз ашпайды.
Бəлкім олар үшін біз болжамдар айтып, жауап беруге тырысу-
ға бел бусақ та болады.
Біріншіден, Баукеңнің майдандағы тіктеу, қиқар, бетің бар,
жүзің бар демей, тік айта салатын, қол астындағыларға қатал талап
қоятын, мүмкін болмайтын нəрселерді мүмкін ететін мінездері ту-
ралы орталыққа жетті ме екен. Мүмкін Баукеңнің Момышұлы де-
ген фамилиясынан ұлтшылдықтың желі есіп тұрды ма екен? Өйт-
кені «ов пен ев» ке аяқталатын фамилиялар орыс тілінен аста-
сып абсолютті түрде көп болды. Мүмкін айналасындағылар көре
алмағандықтан, немесе ұлтшылдықтың исі шығып тұр деп, орта-
лыққа мағлұмат беріп, жолын кес-кестеді ме екен. Генерал Панфи-
лов Б. Момышұлын генералдыққа да, Совет Одағының Батырлы-
ғына да ұсынғанда, реалдылық пен обьективтілікке, шындыққа сү-
йенсе керек. Өйткені сол кездің өзінде тұтқында қалған полкін, ба-
тальонын бір емес, бес рет немістердің шебін бұзып қоршаудан
шығару – асқан ерліктің айшықты белгілері іспеттес еді.
Амал нешік, егер жағдай солай болса. Мүмкін Орталық
(Москва) кешегі түземдіктерден қазақ батырдың шығуына күмəн-
дықпен қарады ма екен? Бірақ Совет Одағының Батыры атағын
М. Ғабдуллиннің жəне т.б. алғанын қалай түсіндіруге болады.
Сонда орыс генералы Панфиловтың пікірінің жерде қалғаны ма?
Екіншіден, əдетте өзбектер, орыстар адамдардың қадір-қасие-
тінің салмағын туған қаласына, қырғыздар – өлкесіне қарай, ал
қазақтар қай жүзге жататындығына қарай анықтаса керек. «Ұлы
жүзді – қолына қауға беріп малға қой, орта жүзді қалам беріп дауға
қой, ал кіші жүзді қолына найза беріп жауға қой» деп дифферен-
циялап жатады. Мұндай бөлшектеу қазақ тарихының ұзына бойы-
на тереңдеп кетеді. Бұл жерде шорқақ ойлайтын адамдар олардың
мағынасына тікелей үңілмей, мал, дау, жау деген ұғымдарды жəй
ғана тарқата салады. Түптеп келер болсақ, үш жүздің адамдары-
ның малға да, дауға да, жауға да тікелей қатынасы бар: байларды,
мəмлегерлерді, ақын-жырауларды, батырларды санап, олардың қай
жүзге жататындығын анықтап, қадір-қасиеттерінің ара салмағын
өлшеуге болмаса керек. Мысалы, дауға қою мен жауға қою онша
көп пікір, талас тудыра қоймайды. Ал қауға беріп малға қою ұғы-
мы ойландырса керек. Ə, дегенде мал феномені туралы айтыл-
ғанда, малға дегендегі көзқарастың жеңіл-желпілеу, малдың ой
мəселесіне емес, тамақ мəселесіне жақындау екенін, бірақ оның
мағынасының байлыққа қаратылғандығын байқау қиын емес. Фи-
лософиялық тұрғыдан қарар болсақ, адамның ой-санасының негі-
зінде тамақ, киім, баспана, көлік жатады. Сондықтан олар адамның
ойын, санасын билейді. Сананы тұрмыс билейді. Елбасы өзінің екі
сөзінің бірінде халықтың əл-ауқатын, қоғамның экономикалық қуа-
тын көтеру үшін түн ұйқысын төрт бөліп, жер шарын аралауда-
мын дейді. Дамыған 30 елдің санатына кіру мəселесін қарастыр-
ғанда, бірінші шепте қоғамдық сана тұрған жоқ, керісінше, ішкі
жалпы өнім, адам басына шаққандағы материалдық құндылықтар
еске алынады. Олай болса, материалдық жағдайдың болғаны сана-
ның дамуына үлкен жол ашады. Батыр да, мəмлегер де, ақын-жы-
рау да жəй ғана адам да ойланып, толғану үшін, ас – адамның ар-
122
123
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
қауы дегендей тамақтанып, киініп, төбесінің саңлауы жоқ үйде
тұру керек. Тоқ адам ғана ой-санасымен алысқа сермеп толық-
қанды саналы еңбек ете алады. «Ораза, намаз – тоқтықта» деген
мəтелдің маңызы осында.
Ұшқан құс, жүгірген аңға тамақ керек. Былайша айтқанда, бай-
лық, тамақ, киім, баспана сананы билеп, оның əрқилы дамуына
бағыт береді. Олай болса, өмірдің материалдық тұтқасы мал мен
нан екендігі дау туғызбайды, ал аталмыш тұтқа ойды, сананы билеп,
оған бағыт береді: адамдарды көбінесе ірі сөйлетуге, ерсілі-қарсы-
лы əрекет жасауға мұрындық болуға жол ашады.
Енді мəселенің екінші жағы: əлемдегі мемлекет пен адамдар
ауқатты, бай болуды ə, дегеннен армандайды, көздейді, ойланып-
толғанады, амалдарын қарастырады, дамылсыз еңбектенеді, нəтиже-
сінде, көзін тапса байлыққа кенеледі. Бай болу деген сөз білікті-
ліктің, көсемдіктің, əділеттіліктің, салмақтылықтың, еңбекқорлық-
тың, батылдықтың, имандылықтың, батырлықтың, мəмлегерліктің
тұтқасын ұстауға кең жол ашады. Былайша айтқанда, байлық кім-
нің қолына қонады деген сұраққа жауап табу қиын емес. Батыр-
лық пен сөз өнерінің түп-тамыры байлыққа келіп тіреліп, одан нəр
алып қуаттанса керек. Олай болса, қорыта келгенде олардың тұт-
қасын ұстау аға жүздің үлесіне көбірек жазылған десек қателес-
пейміз. Сондықтан үлкен жүзге байыптылық, парасаттылық, сал-
мақтылық, батылдық, мəмлегерлік қасиеттері кеңінен дарыған
сияқты. Қай мəселе болмасын шешуге келгенде ашуға, сөзбұйда-
лыққа салмай, таразының басын тең ұстап шешу екі кісінің бірінің
қолынан келмесе керек! Ұзын-қысқа тарих дəлелдегендей, аға бала-
сы екі інісіне ақыл беретіндей дəрежеде болу керек. Сондықтан да
екі інісінің бойына біткен ізгі қасиеттерін барынша бойынан сыртқа
тепкізіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел, мемлекет
игілігінің біртұтастығына ақылдаса отырып бағыттау жақсылыққа
əкеп соғатыны бесенеден белгілі. Бірақ реалды өмірде үш жүздің
ұрпақтары тату-тəтті тұруға белсенділік танытып, бір төбенің басы-
на жиналып, келелі мəселелерді шешуге соңғы тоқтам сөзді, дəстүр
бойынша, айтуға үлкен жүздің баласына бұрып отырған. Бұдан
біз ел ішіндегі би де, батыр да, қара да ел ағасының түйінді сөзіне
бас изеп мақұл көріп, қажетті шешім шығарып, іс-жүзіне асыруға
белсенділікпен кіріскен. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген халық
даналығын көбірек қолданған аға баласы елдің татулығына қызмет
етіп, болашаққа бастап отырған. Оған дəлел іздеп алысқа бар-
май-ақ қойсақ болады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей, сол түйін-
ді пікірге жол берелік.
Елбасы Н. Назарбаев жүзге бөлудің ел арасындағы бірлікке,
татулыққа, тұтастыққа салқын тигізуі мүмкін деген пікірмен «жүз-
ге бөлгеннің жүзі күйсін» деген Төле би бабаның сөзін басшы-
лыққа алып отырады. Билік үшін жүзге бөлу принципі емес еңбек
принципі, қолынан іс келу принципі ең бірінші орында тұру керек
дейді. Абай айтқандай, адамның жақсы қасиеттерінің қандай іс бол-
масын оны үлкен екпінмен бастауында десе, Елбасы оған қосып
жақсы табыспен аяқтап соңғы нүктені қоюында деп қортынды-
лайды. Бұл жүз-жүзге, ауыл-ауылға, ру-руға бөліп, бірін-бірі аяқтан
тартып-шалып шешуін табайын деп тұрған мəселеге кедергі кел-
тіріп, шешкізбей тастап, істің қорытындысына нұқсан келтіретін-
дігіне келіп саяды. Жоғарыда Баукеңнің батырлық пен генералдық
атақтарын Ж. Шаяхметов пен Н. Оңдасынов екеуінің бергізбей қой-
ғанында руға бөлушілік бар ма екен деген ойға қаласың. «Бұған
қосқан менің үлесім аз емес» – деген Баукеңнің де тік мінезі біраз
нəрсені аңғартқандай. Мейлі сұрапыл соғыс, қанды көріп қан кеш-
кен адамда бейне бір екпін болатындығы, керек болса еркелік, наз-
дық мінез пайда болатындығына көніп, еркіндік беріп көнуге де бо-
латын еді. Өйткені өлім мен өмір арпалысқан шақта адам этиканың
кейбір қырларын ұмытып кететіні де шындық. Мұндайда «біліп
тұрып білмегенді кешірмесең, білгендігің қайда» деген халық да-
налығы ойға орала береді. Сүйген ұлтына деген ыстық махаббаты
мен патриоттық сезімін жаудан қорғау үшін, жау оғына кеудесін
тосқан батырлық ерке-назын көтере алмасақ, несіне елміз. Сол
кезде билік тұтқасын ұстаған ел ағалары жағынан ерліктің белгі-
лерін іркіп қалуы, олардың отбасындағы жүз туралы майда өсек-
аяңнан көтеріле алмағаны ма деген ойдың шырмауында қаласың.
Шынтуайтқа келсек, Б. Момышұлы майданда мұз жастанып, от
кешіп жүргенде, жеке басының мүддесін күйттемей, сол аға буын-
ның балаларының, немерелерінің өмірін, елін, жерін жаудан қор-
ғады емес пе? Орайы келгенде айта кетелік. Б. Момышұлы мен
Д. Снегин əйелдерімен М. Əуезовтің үйінде қонақта отырғанда
(дастарқан басында Қалибек Қуанышбаев, Қаныш Сəтпаев, Сəбит
Мұқанов, Ғабит Мүсірепов бар) Қалибектің – «төбет, сырттан,
көкжал», Ғабиттің – «əскери бутофория» деп тіл тигізіп, кемсітіп
қорлағаны үшін Баукеңдер орнынан тұрып кетіп қалған. Мұқаң-
ның олар дəлізінде тұрғанда, «Бауыржан, сен үшін қой сойып едім,
аяғына дейін неге отырмадың», дегенде: «Мұқа, рахмет, қонақты
таңдап шақыра білмеген өзіңіз кінəлісіз. Мен сізден кешірім сұрай-
мын. Сау болыңыз», – дейді. Бұл оқиға туралы жоғарыда жазғанбыз.
Абай: «Көңілім қалды, достан да, дұшпаннан да», – деп мұңа-
йып айтқандай, қазақтың етектен тартып, аяқтан шалатын мінезін
124
125
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
қай уақытта еңсерер екенбіз. Түсіне білсек, батыр Баукең Москва-
ны, орыс халқын қорғағаннан бұрын өзінің халқын, елін, жер-суын,
тауын қорғады емес пе, Гитлердің жоспарын іс-жүзіне асырмау
үшін қасық қанын төккен жоқ па? Баукең бір сөзінде «халқымның
қалпына қара таңба бастырмаймын, еркіме ен салдырмаймын» де-
ген ниет арпалысқа медет те, қуат та болды... Мен тұла бойым-
мен халқымның құлымын дейді. Осындай ақ, ізгі, адал ниеттен
ауытқыған болсам: «теріс батаңды алуға даярмын», – деп қолын
кеудесіне тосып, басын иеді. Биліктегі кейбір адамдардың əділет-
тің ақ жолын көлеңкелетіп, аяқтан шалғанына Баукең іштей қапа-
ланады, буырқанады, қан майданның айдынында еркін жүзген
батыр тұлға өз елінде кейде шын бағасын таппағанына іштей қа-
паланатын сияқты. Осындайда Баукеңе бір орыс поэтессасының
(Ахмет Байтұрсынов аудармасы – Т. Ж.) өлең жолы есіне түсуі
заңдылық: «Су түбінде асыл тас, жел шайқаса шығады, ой түбінде
асыл сөз, шер қозғаса шығады». Сондықтан да Баукеңнің шы-
ғармаларында терең ойға қалу, халық даналығын кеңінен пайда-
лану шерлік мəні бар өлең жолдары мен қара сөздері дестеленіп
жатады.
«Бөлінгенді бөрі жемесін...»
Соғыстың аласапыран кезеңінде халқының болашақ тағдырын
ойлаған Б. Момышұлы 1943 сəуірде Н. Оңдасыновқа майданнан ха-
лықтың салт-дəстүрі, мəдениеті, тілі туралы ойымен бөлісу мақса-
тымен хат жазады: «Я убедился на своем опыте, что в воспитании
боевых качеств бойца имеет колоссальное значение военное прош-
лое народа и национальные традиции возрождения благородных
традиции казахского народа, воспитывающих боевые качества в джи-
гите». Б. Момышұлы приводит наброски: 1. Əдет пен əдеп: «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың
өссе қызы жақсымен ауылдас бол», «Тексізден тезек артық, Арсыз-
дан айуан артық», «Жаным арымнан садаға», «Өлімнен ұят күшті»,
«Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», т.б. Хатын былай аяқтайды:
«Возрождение благородных традиции нашего народа обогащаю-
щее вкладом своим систему воспитания молодежи, немыслимо без
вмещательства таких государственных мужей как Вы». Баукең сол
кездегі республикадағы екінші дəрежелі адамға неге хат жолдады
екен деген сұрақтың табиғатына үңілсек, уақыт кездейсоқ таңдал-
маған. 1943 жылы Соғыстың беті Батысқа, Берлинге қарай бағыттал-
ған кез еді. Қызыл армияның қолына көшкен инициативаны Бас қол-
басшы уысынан шығармайтын еді. Баукең Жеңістің иісінің шыға
бастағанын аңғарып, енді оны қазақ халқының тарихы мен мəде-
ниеті, дəстүрлерінің мəн-маңызы толғандыра бастағанын байқа-
тады. Соғыста барлығының – орыс тілінің, дəстүрінің басқаларға
қарағанда үстем болуы оны көп ойландырып, толғандырған болу
керек. Ұлы адамдардың алдын ала ойлануы олардың ұлылығынан
болса керек.
Бірде Жеңістің 20 жылдығы аталып жатады. Панфиловшыларға
арналған салтанатты жиынға ескерткіш маңына Қазақстан Ком-
партиясының бірінші секретары, қасында сол кездегі оңтүстік өңір-
дің əскери басшысы генерал Д. Язов бар, Д. Қонаев айналасындағы
билік иелерімен келеді. Жиын ашылар алдында Димекең елді тү-
гендейтін əдеті бойынша қатарда, ең басты герой, Баукеңнің жоқ-
тығына назар аударып, тез арада тауып əкелуді бұйырады. Димекең
ашылу салтанатын Баукең келгенше іркіп тастайды. Айтушылар-
дың сөзіне қарағанда, Баукең келгенше ұйымдастырушылардан дег-
бір кетіп, арасында нағыз топалаң, əбігершілік, ыңғайсыздық, ұят
орын алады.
Бұдан байқайтынымыз, егер Димекең Баукеңді іздемесе, шолақ
белсенділер, əйтеуір 20 жылдыққа арналған жиын өтті деп фор-
мальді түрде есеп бере салған болар еді. Тарихи маңызы бар жиын-
ға немқұрайлы қарай салып, активіне жазып лауазымын көтеруге
бір табан жақындадым деп ішінің жылынып қалғанын байқау қиын
емес. Карьеризм деп осыны айт. Жоғарыдағы жағымсыз адам қасие-
ті жөнінде, поляк жазушысы Б. Ясенский былай дейді:
«Дұшпаныңнан қорықпа, көп болса оның қолынан қаза табар-
сың, досыңнан да қорықпа, көп болса ол сатқындық жасар, бəрінен
де бұрын немқұрайлыдан (равнодушие) сақ бол, ол өлтірмейді, сат-
пайды, тек қана оның үнсіз келісімімен əлемдегі барлық қастан-
дық та, сатқындық та іс жүзіне асып жатады».
Сондықтан да Елбасы өзінің тарихи Стратегиялық Жолдаула-
рында Қазақстанның тағдырына, мəдениетіне, тіліне, рухани даму-
ына, экономикасына, бір сөзбен айтқанда, қоғам өмірінің қай сала-
сы болмасын барлығына немқұрайлы қарамай, шын патриоттық
сезімімен, жанашырлық таныту керек екендігіне басты назар ауда-
рады.
Мысалы, Елбасы соңғы Жолдауында (17.01.2014): «Мемлекет-
тік тіл жөнінде, тіл даудың обьектісі емес, керісінше бар ынтамен,
дамылсыз дамыту керек», – деді. Шындықты айтар болсақ, қазақ
тілі əлі жетім бұрышта тұр десек, ақиқаттан алшақтамаймыз. Ол
басқа этностар үшін өгей баланың ғұмырын кешуде. Өкініштісі, тіл
жанашыры болатын қазақ қауымы да немқұрайлылық танытып,
жүрген жерінде мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етуде немқұ-
райлылық танытады. Мұндай пассивтік көзқарас мемлекеттік тіл-
дің көсегесін көгертпесе керек.
126
127
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Сталин, Шаяхметов, Оңдасынов, Скворцов, т.б. Баукең қан май-
данда арпалысып жүргенде билік басындағы басшылар болатын-
ды. Барлығының да Ұлы Жеңісті жақындату үшін аянбай қызмет
еткенін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Бір Жеңіс үшін бар бол-
мысын, бойындағы талантын, ар-ұжданын жиып-төгіп майданға ба-
ғыттады. Ұрпақ сол үшін шексіз алғысын айтуда. Мысалы, 1938-
1945 жж. Қазақстан Компартиясының бірінші секретары Скворцов
өзінің естелігінде былай дейді: Соғыстың өршіп шегіне жетейін
деп, Москваның тағдырының қыл үстінде тұрған кез 1941 ж. Ста-
лин Москваға, Кремльге шақырып жатыр деген хабар келді. Мұн-
дай хабардың жəй емес екендігін болжау қиын емес еді. Кез кел-
ген қимыл іс-əрекет соғыс критериімен өлшенетін уақыт. Деген-
мен, бала-шағаммен қоштасқандай əсер қалдырдым. Кремльде Ста-
линнің секретары Поскребышев: өзіңізде бола беріңіз, өзіміз ша-
қырамыз деді. Мен номерімде күткен екі-үш күн, екі-үш жылдай
болып азапқа салды. Шақырып жатыр деген пəрмен келді. Сталин-
нің кабинетіне кірдім де, қол-аяғым дірілдеп, өзімді-өзім зорға ұс-
тап тұрдым. Сталин терезе алдында трубкасын тұтатып болып,
ұзын пауза жасап, мен жаққа бұрылып, өте жай басып, есік алдын-
да тұрған маған бетпе-бет келіп тұрып, грузинше акцентімен: «Жол-
дас Скворцов, қалай ойлайсыз, майдандағы солдатқа темекі ауадай
қажет пе?» – деді.
Мен: «Иə, жолдас Сталин, майдандағы солдатқа темекі ауадай
қажет», – дедім.
– Сіз боссыз, – деді де басқа ешнəрсе айтпады. Мен шығып кет-
тім. Өз жаным өзіме сыйланғандай қуандым. Елге келіп, Қазақстан-
дағы темекі плантациясының көлемін еселеп ұлғайтып, жоспарды
бірнеше есе артығымен орындадық.
Көсемге берген уəдемнің үдесінен осылай шығып, Жеңіске өз
үлесімді қосқаныма өзіме-өзім риза болдым. Қазақстанның Жеңіс
үшін, майдан үшін деген орасан зор басқа беретіндері де артығы-
мен орындалып жатты.
Г.К. Жуков – Б. Момышұлы.
Даңқты қолбасшы Г.К. Жуков туралы Б. Момышұлы кейіні-
рек (1948) былай еске алады: Генштаб Вооруженных сил Советской
Армии организовал стратегические учения по вопросу завоевания
Балканских стран. Руководителем большого учения был маршал
Советского Союза Василевский. Посредником от Главного коман-
дования (Сталина) был маршал Жуков. Командующим фронтом на
главном направлении был маршал Баграмян. Я был назначен ко-
мандующим 8-ой армии. Это стратегическая игра происходила на
территории южной Украины. В Умане меня вызвали в штаб фронта
и доложить обстановку, командующему. На карту были нанесены
возможные противники и наши силы. Мне было приказано доложить
обстановку об операционном направлении Армии командующим
мною. В армии было четыре корпуса. Взяв в руку указку, я докла-
дывал свои соображения. Остановившись на одном из корпусов,
я доложил:
– Я думаю, с этим корпусом ничего не выйдет.
Баграмян лысый, усатый армянин страшно обозлился и самым
грубым тоном бросил мне реплику:
– По вашему только вы думаете, а мы не думаем.
– Товарищ командующий, я докладываю маршалу Советского
Союза Василевскому, – дедім мен.
Баграмян көкпеңбек болып кетіп, тағы бір нəрсе айтайын деп
келе жатыр еді, Василевский өте мəдениетті, ұстамды адам екен:
– Иван Христофорович, потрудитесь молчать, – деп айқайлап
тастады. Содан соң маған қарап:
– Товарищ полковник, продолжайте, – деді.
Мен қанаттанып қалдым.
Жуков жүр еді сонда, осының бəрін ол естіп тұр екен. Мына
Құлый (Баукеңнің елі) енді не дер екен деп мені сынап жүр. Мен
баяндамамды аяқтап, əрқайсысына бағамды беріп тұрмын. 3-кор-
пустың жағдайына келгенде, Жуков мені сүріндіргісі келді. Сөзімді
бөліп жіберіп:
– Мұныңыз қалай, – деп тастады маған.
Мен ойланып тұрған нəрсемді бөліп жібергеніне түрім бұзы-
лып кетсе керек. Георгий Константинович Жуков соны сезе қойды.
Ол кісінің бойы менен кішкене, бəкене еді. Менің қасыма келіп:
– Ты на меня обиделся? – деді.
– Полковникам на маршала обижаться не пологается.
Жуков менің иығымнан қағып жіберді (он был простым чело-
веком).
– Тьфу, твою мать! Ты меня убил, – деді де, – Продалжай док-
лад, – деп докладымды аяғына дейін тыңдады.
Содан кейін Василевский: – Доклад полковника обставленный
и обоснованный. Как вы на это смотрите, Георгий Константино-
вич? – деп сұрау қойды.
– Я тоже такого же мнения, товарищ маршал, – деп жауап бер-
ді, Жуков. Баграмян көкпеңбек болып кетті. Жуков келіп тағы да
мені арқамнан қақты. Айтқан сөзі: Ты грамотный полковник. Из-
вини меня, пожалуйста за неуместный упрек, – деп менен кешірім
сұрады.
128
129
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
– Простите, товарищ маршал, Ваша реплика для меня учеба.
– Тьфу, ты опять меня убил, – деді.
«Тегін адам тас болмайды» дегендей, Баукеңнің маршалдар-
мен терезесі тең адамдай сөйлесіп диалог құруы, оның маршалдық
деңгейге көтерілумен бара-бар болса керек. Мəселе маршал, гене-
рал регалияда емес, мəселе маршылдық деңгейдегі, немесе одан да
жоғары тұратын білім құндылығында болса керек. Баукеңнің Ста-
линмен болған диалогында, оның орағытып қойған сұрағына кі-
шігірім ұлттан да асқан батыр мен дана адамдардың шығатыны
туралы пікірі Сталиннің ойынан шыққандай болды, көсем мен
Баукең бір толқынның жолында тұрған жоқ деп кім айтады.
Г.К. Жуков – Н.С. Хрущев.
Ағылшын жазушысы Самюэль Батлер былай дейді: «Өткенді
өзгертуге құдайдың құдіреті жетпесе де, тарихшылардың құдіреті
жетіп жатыр». Тарихты сыйлатуға бастайтын, шындыққа жана-
сатын келелі сөз. Кешегі Ұлы Жеңіске Сталиннен кейін өлшеусіз
үлес қосқан, Бас қолбасшының орынбасары болған, төрт рет Совет
Одағының Батыры атағын алған, даңқы жер жарған Жуковты да, сол
кездегі Одақтың басшысымағы Хрущев əлінің келгенінше бағынан
тайдырып бақты.
Осындай опасыздықтың авторы кім еді?
Н.С. Хрущев 1894 жылы дүниеге келген. Жас кезінде шошқа
баққан, шахтер болған. Партия қатарына алынып, Украина, Мос-
ква партия комитеттерін басқарып 1953-1964 жж. Совет Одағының
партия басшысы қызметін атқарған. Соғыс кезінде Кремльдің (Ста-
линнің) сайқымазағы болған, баласы сатқындық жасап, немістерге
тұтқындыққа түскен. Кремльде мемлекеттік төңкерістің нəтиже-
сінде билікке келген. Мемлекет байлығын талан-таражға салып, қа-
лыптасқан идеологияны түбірінен шайқалтып, халықты рухсыз
қалдырған. Елді бейберекет басқарып, Совет Одағының держава-
лық беделін оңдырмай түсірген адам ретінде тарихта қалды. Сталин
басқарған соғыстан кейінгі кезеңде халықтың ерні ақ нанға тиіп,
ол 1953 ж. дүниеден озғаннан кейін, елді Хрущев басқарған ал-
ғашқы 5-6 жылдың ішінде, халықтың қара нанға ерні тимей, оны
сатып алу үшін түнгі сағат екіден бастап кезекте тұрды. Мұндай
жағдайды төзгісіз деп бағалаған Л.И. Брежнев бастаған соратник-
тері 1964 ж. оны ЦККПСС бірінші секретары қызметінен босатты.
Хрущевтің авантюралық, субьективтік жəне волюнтаристік əре-
кеттерінің нəтижесінде халықтың əл-ауқатын шұғыл төмендеткені
былай тұрсын, кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың архитекторы
болған Сталиннің, соғыстың бас геройы Жуковтың беделдерін түсі-
ріп аяққа басты. «Сталинді жеке адамға табынушылықты дамыт-
ты» деп айдар тақса, Жуковқа «мемлекеттік төңкеріс жасап, Кремль-
де билік басына келуді жоспарлады» деген айып тағып, Совет
Одағының Қорғаныс министері қызметін атқарып жүрген жерінен
Югославияға жіберіп, орнынан босатты. Хрущевтің мотиві, АҚШ-
тың екінші дүниежүзілік соғыста бас генералы болған Д. Эйзен-
хауэр өткен ғасырдың 50 жылдары Американың президенті бо-
лып сайланған-ды. Сондықтан, Жуков та Совет Одағының бірінші
адамы болып кетуі мүмкін деген жорамалмен, оны Қорғаныс ми-
нистрінен босатып, партиядан шығарып тастаған еді. «Жақсылыққа
жамандық» деген осы екен. Бірақ К. Маркстің мына сөзін естен
шығармау керек: «Өзінің тарихын ұмытқан адам, өткен тарихын
қайталауға жол ашады». Хрущев соны құшты.
«Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, халық жадында Хру-
щев ең жағымсыз, дарынсыз басшы ретінде танылды. 1971 жылы
қайтыс болғаннан кейін, белгісіз бір зиратқа қойылды. Басына бел-
гі қою мүсінін жасаушы художник (суретші, мүсінші), кезінде «пе-
дераст» (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы) деп қорлап ба-
лағатталған – Э. Неизвестный деген художникке тапсырылады. Сол
кезде ол намысқа шыдай алмай, Америкаға кетіп, Хрущев тағынан
түскеннен кейін Совет Одағына оралған-ды. Художник Хрущевтің
мүсінінің басының жартысын (симметрия етіп) – ақ, ал жарты-
сын – қара етіп жасайды. Бұл рухани ишараттан қорытынды шы-
ғару қиын емес. Қорқау қасқыр сияқты көлеңкесінен қорқатын,
əйтеуір, билік қолында болған соң өз білгенін істеп, волюнтаристік
жəне субьективистік жолмен басқарып, елді бүлдіріп бара жатқан
соң, 1957 жылы соратниктері Хрущевты орнынан алайын деп жат-
қанда, Жуковтан жансыз Фурцева арқылы көмек сұрап, ол өзінің
беделімен Политбюроның мүшелеріне қаһарымен тоқтау салып,
Хрущевтің жанын алып қалған-ды. Хрущев сияқты дарынсыз адам-
дардың билік басына келуінің кездейсоқ болатыны туралы К. Маркс
былай дейді: «На гробне исторической волны могут оказаться скор-
лупы от яйцо или навоз» Бұдан артық айту қиынның қиыны.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |